Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған жаһандық техникалық ережелерді енгізу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында
орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен
бөлшектерге арналған жаһандық техникалық ережелерді енгізу
туралы келісімді ратификациялау туралы
1998 жылғы 25 маусымда Женевада жасалған Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған жаһандық техникалық ережелерді енгізу туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
ДОҢҒАЛАҚТЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА, ДОҢҒАЛАҚТЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНДА
ОРНАТЫЛУЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ МҮМКІН ЖАБДЫҚТАУ ЗАТТАРЫ МЕН
БӨЛШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҺАНДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ
ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ДОҢҒАЛАҚТЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА, ДОҢҒАЛАҚТЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНДА
ОРНАТЫЛУЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ МҮМКІН ЖАБДЫҚТАУ ЗАТТАРЫ МЕН
БӨЛШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҺАНДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ
ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ КІРІСПЕ
УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР,
қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, энергияны пайдалану тиімділігі мен айдап әкетуден қорғау саласында доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектердің жұмыс сипаттамаларының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін жаһандық техникалық ережелердің әзірленуін ынталандыру процесіне бастамашы болу мақсатында Келісімді қабылдауды шеше отырып;
ұлттық деңгейден жоғары тұрған, ұлттық және өңірлік билік органдарының жаһандық деңгейде енгізілген ережелерге қарағанда анағұрлым, қатаң сипатқа ие, денсаулық сақтау, қауіпсіздікті, қоршаған ортаны қорғау, энергияны тиімді пайдалану және айдап әкетуден қорғау саласындағы техникалық ережелерді қабылдау және жаңартып отыру құқығын мойындай отырып, мұндай процестің қолданыстағы техникалық ережелерді келісуге ықпал ететінін шеше отырып;
БҰҰ-ның ЕЭК-ты жүргізу ортасы туралы ереженің 1 а) тармағына және БҰҰ-ның ЕЭК рәсімдері ережелерінің XIII тарауында жазылған 50-ережеге сәйкес осындай Келісімге қосылуға уәкілетті бола отырып;
осы Келісімнің денсаулық сақтау, қауіпсіздікті, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы халықаралық келісімдерге сәйкес Уағдаласушы Тараптардың құқықтары мен міндеттеріне нұқсан келтірмейтінін мойындай отырып;
осы Келісімнің Саудадағы техникалық кедергілер туралы келісімді (СТК) қоса алғанда, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) шеңберіндегі келісімдерге сәйкес Уағдаласушы Тараптардың құқықтары мен міндеттеріне нұқсан келтірмейтінін мойындай отырып және өздерінің техникалық ережелерінің негізі ретінде олардың осы келісімдерге сәйкес болатындай етіп осы Келісімнің шеңберінде жаһандық техникалық ережелерді енгізуге ұмтыла отырып;
осы Келісімнің Уағдаласушы Тараптарының осы Келісімге сәйкес енгізілген жаһандық техникалық ережелерді өздерінің техникалық ережелерінің негізі ретінде пайдаланғаны жөн деп есептей отырып;
қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, энергияны тиімді пайдалану және айдап әкетуден қорғау саласында доңғалақты көлік құралдарының, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектердің жұмыс сипаттамаларының жоғары деңгейін ұдайы жақсарту жөніндегі күш-жігердің және оларды қамтамасыз етуге ұмтылыстың қоғамдық денсаулық сақтау, қауіпсіздік және игілік үшін маңыздылығын және халықаралық сауда-саттыққа, тұтынушылық таңдау мен бұйымдардың қолжетімділігіне арналған қолданыстағы және болашақтағы техникалық ережелердің және олармен байланысты стандарттардың жиі ұшырасатын сәйкестіктерінің әлеуетті маңызын мойындай отырып;
үкіметтердің денсаулық сақтау, қоршаған ортаны және қауіпсіздікті қорғау деңгейін арттыру үшін ұмтылыс жасауға және іс жүзінде осындай арттыруға қол жеткізуге, сондай-ақ осы Келісімнің негізінде енгізілген жаһандық техникалық ережелердің өз тұтынушылары үшін тиімді не тиімсіз болуын айқындауға құқығы бар екенін мойындай отырып;
1958 жылғы Келісімге сәйкес жүргізілген келісу жөніндегі маңызды жұмысты мойындай отырып;
әртүрлі географиялық өңірлердегі қауіпсіздік, қоршаған орта, энергия және айдап әкетуден қорғау проблемаларымен және осы проблемаларды шешу әдістерімен байланысты мүдделілік пен тәжірибені, сондай-ақ мұндай жақсартудың мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында жаһандық техникалық ережелерді әзірлеу және сәйкессіздіктерді мейлінше азайту үшін осындай мүдделілік пен тәжірибенің маңыздылығын мойындай отырып;
енгізілген жаһандық техникалық ережелерді дамушы елдерде осы елдердің, әсіресе, даму деңгейі мейлінше төмен елдердің ерекше проблемалары мен жағдайларын ескеріп қабылдауға жәрдемдесу ниетін білдіре отырып;
Уағдаласушы Тараптар қолданатын техникалық ережелердің жаһандық техникалық ережелерді әзірлеу кезінде транспаренттік рәсімдер негізінде тиісті түрде қарау нысанасы болып табылуына және бұл ретте артықшылықтардың салыстырма талдауы мен шығындар тиімділігі нәтижелерінің ескерілуіне ниет білдіре отырып;
қорғаудың жоғары деңгейлері көзделетін жаһандық техникалық ережелерді енгізудің осы ережелердің қажетті қорғауды және олардың юрисдикциясы шеңберінде жұмыс сипаттамаларын қамтамасыз ететіні жөнінде жекелеген елдердің түсіністігін ынталандыратынын мойындай отырып;
автомобиль отынының сапасы көлік құралдарын экологиялық бақылаудың тиімділігіне, адам денсаулығына және отын үнемділігіне әсер ететінін мойындай отырып; және
транспаренттік рәсімдерді пайдаланудың осы Келісімге сәйкес жаһандық техникалық ережелерді әзірлеу үшін айрықша маңызды екенін және мұндай әзірлеу процесінің осы Келісімнің Уағдаласушы Тараптары жүзеге асыратын ережелер әзірлеу процестерімен үйлесімді болуға тиіс екенін мойындай отырып;
төмендегілер туралы УАҒДАЛАСТЫ:
1-БАП МАҚСАТЫ
1.1. Осы Келісімнің мақсаты:
1.1.1. әлемнің барлық өңірлерінен қатысатын Уағдаласушы Тараптар осы процесс шеңберінде қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, энергияны тиімді пайдалану және айдап әкетуден қорғау саласында доңғалақты көлік құралдарының, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектердің жұмыс сипаттамаларына қатысты жаһандық техникалық ережелерді бірлесіп әзірлей алатындай жаһандық процесті қамтамасыз етуді;
1.1.2. жаһандық техникалық ережелерді әзірлеу кезінде Уағдаласушы Тараптар пайдаланатын қолданыстағы техникалық ережелерді, сондай-ақ БҰҮ ЕЭК Ережелерін тиісті және объективті түрде есепке алуды қамтамасыз етуді;
1.1.3. тиісті жағдайларда, жаһандық техникалық ережелерді әзірлеу кезінде қолда бар ең үздік технологияларды, салыстырмалы артықшылықтар мен шығындар тиімділігін бағалауды объективті түрде есепке алуды қамтамасыз етуді;
1.1.4. жаһандық техникалық ережелерді әзірлеу кезінде пайдаланылатын рәсімдердің транспаренттілігін қамтамасыз етуді;
1.1.5. әлемдік қауымдастық шеңберінде қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, энергияны тиімді пайдалану және айдап әкетуден қорғау саласындағы жұмыс сипаттамаларының жоғары деңгейлеріне қол жеткізуді және осы Келісімге сәйкес қабылданатын шаралар бұл деңгейлердің Уағдаласушы Тараптардың юрисдикциясы шеңберінде, деңгейден жоғары тұрған деңгейде төмендеуін ынталандырмайтындай не соған әкеп соқпайтындай етіп қамтамасыз етуді;
1.1.6. Уағдаласушы Тараптар пайдаланатын қолданыстағы техникалық ережелерді және БҰҰ ЕЭК-ның Ережелерін келісу арқылы халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді төмендетуді және қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, энергияны тиімді пайдалану және айдап әкетуден қорғау саласында доңғалақты көлік құралдарының, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектердің жұмыс сипаттамаларын реттейтін және қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейлеріне қол жеткізу мақсаттарына, сондай-ақ жоғарыда санамаланған басқа да мақсаттарға жауап беретін жаңа жаһандық техникалық ережелер әзірлеуді; және
1.1.7. кейбір елдердің нормативтік қызметін жеңілдету үшін міндетті талаптардың баламалы деңгейлері қажет болған жағдайларда, жаһандық техникалық ережелерді әзірлеу және енгізу кезінде осындай қажеттіліктерді есепке алуын қамтамасыз етуді қамтиды.
1.2. Осы Келісім олардың кез келгенінің институционалдық автономиясына нұқсан келтірмей, 1958 жылғы Келісіммен қатар жұмыс істеуге тиіс.
2-БАП УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР ЖӘНЕ КОНСУЛЬТАТИВТІК МӘРТЕБЕ
2.1. Еуропалық экономикалық комиссияның (БҰҰ ЕЭК) мүшелері болып табылатын елдер, ЕЭК-ке мүше елдер құрған өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары және ЕЭК-ті жүргізу ортасы туралы ереженің 8-тармағына сәйкес консультативтік мәртебесі бар, ЕЭК жұмысына қатысуға жіберілген елдер осы Келісімнің Уағдаласушы Тараптары бола алады.
2.2. Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелері болып табылатын және ЕЭК-ті жүргізу ортасы туралы ереженің 11-тармағына сәйкес ЕЭК-тің белгілі бір қызмет түрлеріне қатысатын елдер және осындай елдер құрған өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары осы Келісімнің Уағдаласушы Тараптары бола алады.
2.3. Үкіметаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі консультативтік мәртебе берген кез келген мамандандырылған мекеме және кез келген ұйым осы мекеме немесе ұйым үшін айрықша мүддесі бар кез келген мәселені қарау кезінде кез келген жұмыс тобының кеңестеріне осындай мәртебеде қатыса алады.
3-БАП АТҚАРУШЫ КОМИТЕТ
3.1. Осы Келісімнің Атқарушы комитетінің құрамына Уағдаласушы Тараптардың осы тұрғыдан жылына кемінде бір рет жиналатын өкілдері кіреді.
3.2. Атқарушы комитеттің рәсім ережелері осы Келісімнің В қосымшасында жазылады.
3.3. Атқарушы комитет:
3.3.1. осы Келісімге сәйкес қызметтің басым бағыттарын айқындауды коса алғанда, осы Келісімнің жүзеге асырылуына жауап береді;
3.3.2. жұмыс топтарының осы Келісімге сәйкес жаһандық техникалық ережелерді енгізуге қатысты барлық ұсынымдары мен баяндамаларын қарайды; және
3.3.3. осы Келісімге сәйкес қажет болуы мүмкін кез келген басқа да функцияларды орындайды.
3.4. Атқарушы комитет ережелерді Әлеуетті жаһандық техникалық ережелер компендиумына қосу туралы мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдауға және жаһандық техникалық ережелерді осы Келісімге сәйкес енгізуге құқылы.
3.5. Атқарушы комитет өз функциясын жүзеге асыру кезінде қажет деп есептеген жағдайда, барлық тиісті дереккөздерден ақпараттарды пайдаланады.
4-БАП ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨЛШЕМДЕР
4.1. 5-бапқа сәйкес қосылатын немесе 6-баптың негізінде енгізілетін техникалық ережелер мынадай өлшемдерге жауап беруге:
4.1.1. осы ережелер қолданылатын доңғалақты көлік құралдарының, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттардың және/немесе бөлшектердің нақты сипаттамасын қамтуға;
4.1.2. мыналарды:
4.1.2.1. қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, энергияны тиімді пайдалану немесе айдап әкетуден қорғау саласындағы жұмыс сипаттамаларының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін; және
4.1.2.2. тиісті жағдайларда, бейнелеу сипаттамалары емес, жұмыс сипаттамалары түрінде құрастырылған талаптарды қамтуға;
4.1.3. мыналарды:
4.1.3.1. ережелердің сақталуы сол арқылы айқындалуға тиіс сынау әдісін;
4.1.3.2. тиісті жағдайларда, 5-баптың негізінде қосылатын ережелер үшін ресми бекітуді таңбалаудың немесе сертификаттаудың және/немесе түрін ресми бекіту үшін қажетті белгілердің және өндіріс сәйкестігінің не дайындаушының өзін өзі сертификаттауына қойылатын талаптардың нақты сипаттамасын; және
4.1.3.3. бұл қолданылатын жерде, қисынды болуы мен іс жүзінде жүзеге асырылуы ескеріле отырып, жаңа өнімді игерудің ұсынылған барынша қысқа кезеңін қамтуға тиіс, оны Уағдаласушы Тарап сақтау туралы талап күшіне енгенге дейін белгілеуге тиіс.
4.2. Жаһандық техникалық ережелер міндетті талаптардың немесе жұмыс сипаттамаларының баламалы жаһандық емес деңгейлерін және олар кейбір елдердің, атап айтқанда дамушы елдердің нормативтік қызметіне ықпал ету үшін қажет болғанда, тиісті сынау рәсімдерін көрсетуі мүмкін.
5-БАП ӘЛЕУЕТТІ ЖАҺАНДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ КОМПЕНДИУМЫ
5.1. БҰҰ ЕЭК-ның ережелері болып табылмайтын Уағдаласушы Тараптардың техникалық ережелерінің компендиумы құрылады және жаңартылады, олар келісу немесе жаһандық техникалық ережелер ретінде қабылдану мәніне қарастырылуы мүмкін (бұдан әрі Әлеуетті ережелер компендиумы деп аталады).
5.2. Техникалық ережелерді Әлеуетті ережелер компендиумына қосу
Кез келген Уағдаласушы Тарап Атқарушы комитетке осы Уағдаласушы Тарап енгізген, қолданатын немесе келешекте қолдану үшін қабылдаған кез келген техникалық ережелерді Әлеуетті ережелер компендиумына қосуға арналған сұрау салу ұсынуы мүмкін.
5.2.1. 5.2-тармақта көрсетілген сауал мыналарды:
5.2.1.1. осындай ережелердің бір данасын;
5.2.1.2. қолда бар ең үздік технологияға қатысты құжаттаманы, салыстырмалы артықшылықтарды және шығындар тұрғысынан тиімділігін коса алғанда, осындай ережелер бойынша қолда бар кез келген техникалық құжаттаманы; және
5.2.1.3. ерікті түрде қолданылатын, кез келген мәлім болатын қолданыстағы не күтілетін тиісті халықаралық стандарттардың көрсетілуін қамтуы тиіс.
5.2.2. Атқарушы комитет 4-баптың және осы баптың 5.2.1-тармағының талаптарын қанағаттандыратын барлық сауалдарды қарайды. Техникалық ережелер В қосымшасының 7-бабының 7.1-тармағына сәйкес «жақтап» дауыс берген жағдайда Әлеуетті ережелер компендиумына қосылады. Қосылған техникалық ережелерге осы ережелерді қосуға арналған сұрау салумен бірге ұсынылған құжаттама қоса беріледі.
5.2.3. Сұрау салуда көрсетілген ережелер Бас хатшы осы баптың 5.2.2-тармағына сәйкес «жақтап» дауыс беру арқылы шешім қабылданған күні Компендиумға қосты деп есептеледі.
5.3. Техникалық ережелерді Әлеуетті ережелер компендиумынан алып тастау
Қосылған техникалық ережелер Әлеуетті ережелер компендиумынан:
5.3.1. не бұйымдарға қойылатын талаптар қамтылған Техникалық ережелер компендиумына қосылғандар сияқты жұмыс немесе құрастыру сипаттамаларының элементтеріне қатысты жаһандық техникалық ережелер Жаһандық тізбеге енгізілгеннен кейін;
5.3.2. не егер Атқарушы хатшы техникалық ережелерді Әлеуетті ережелер компендиумына қосуды В қосымшасының 7-бабының 7.1-тармағына сәйкес «жақтап» дауыс беру арқылы растамаса, ережелер осы баптың негізінде қосылғаннан кейін бес жылдық кезең өткен соң және әрбір келесі бес жылдық кезең аяқталғаннан кейін; не
5.3.3. техникалық ережелер бастапқыда соның өтініші бойынша қосылған Уағдаласушы Тараптың жазбаша сұрау салуына жауап ретінде алып тасталады. Мұндай сұрау салу ережелерді алып тастауға негіз болады.
5.4. Құжаттардың қол жетімділігі
Атқарушы комитет осы бапқа сәйкес қараған барлық құжаттар жалпыға қол жетімді болуға тиіс.
6-БАП ЖАҺАНДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР ТІЗІЛІМІ
6.1. Осы баптың негізінде әзірленіп, енгізілген жаһандық техникалық ережелер тізілімі құрылады және жаңартылады. Бұл тіркелім Жаһандық тіркелім деп аталады.
6.2. Жаһандық техникалық ережелерді қолданыстағы ережелерді келісу арқылы Жаһандық тіркелімге енгізу
Кез келген Уағдаласушы Тарап не Әлеуетті ережелер компендиумына енгізілген техникалық ережелер, не болмаса БҰҰ ЕЭК-тың кез келген Ережелері, не болмаса осы және басқа да ережелерді қозғайтын жұмыс сипаттамаларының немесе құрастыру сипаттамаларының элементтеріне қатысты келісілген жаһандық техникалық ережелерді әзірлеу туралы ұсыныс беруі мүмкін.
6.2.1. 6.2-тармақта көрсетілген ұсыныс мыналарды:
6.2.1.1. ұсынылып отырған жаһандық техникалық ережелердің мақсатын түсіндіруді;
6.2.1.2. егер ол бар болса, ұсынылып отырған жаһандық техникалық ережелердің сипаттамасын немесе мәтінінің жобасын;
6.2.1.3.осы баптың 6.2.4.2.1-тармағына сәйкес талап етілетін есепте қарастырылатын мәселелерді талдауға ықпал ете алатын қолда бар құжаттаманы;
6.2.1.4. жұмыс сипаттамаларының немесе құрастыру сипаттамаларының сол элементтеріне қатысты болатын, ұсынылып отырған жаһандық техникалық ережелерде қарастырылуға тиіс Әлеуетті ережелер компендиумында қамтылған барлық техникалық ережелердің және БҰҰ ЕЭК-тың кез келген Ережелерінің тізбесін; және
6.2.1.5. ерікті түрде қолданылатын кез келген мәлім болған қолданыстағы тиісті халықаралық стандарттардың көрсетілуін қамтуға тиіс.
6.2.2. осы баптың 6.2.1-тармағында көрсетілген әрбір ұсыныс Атқарушы комитетке ұсынылады.
6.2.3. Атқарушы комитет бірде бір жұмыс тобына алдын ала белгіленгендей, 4-баптың және осы баптың 6.2.1-тармағының талаптарын қанағаттандырмайтын ешқандай ұсыныс бермейді. Ол тиісті жұмыс тобына барлық басқа ұсыныстарды беруі мүмкін.
6.2.4. Келісу негізінде жаһандық техникалық ережелерді әзірлеу үшін жұмыс тобына берілген ұсыныстарды қарау кезінде бұл жұмыс тобы:
6.2.4.1. жаһандық техникалық ережелерге қатысты ұсынымдарды:
6.2.4.1.1. ұсынылып отырған жаһандық техникалық ережелердің мақсатын және міндетті талаптардың немесе жұмыс сипаттамаларының баламалы деңгейлерін белгілеудегі қажеттілікті ескеру,
6.2.4.1.2. жұмыс сипаттамаларының сол элементтеріне жататын, Әлеуетті ережелер компендиумына енгізілген барлық техникалық ережелерді және БҰҰ ЕЭК-ның кез келген Ережелерін зерделеу,
6.2.4.1.3. осы баптың 6.2.4.1.2-тармағында көрсетілген ережелерге коса беріліп отырған кез келген құжаттаманы зерделеу,
6.2.4.1.4. тиісті стандарттарды бағалауды қоса алғанда, ұсынылып отырған жаһандық техникалық ережелерді қарауға қатысы бар кез келген қолда бар функционалдық барабарлықты бағалауды зерделеу,
6.2.4.1.5. әзірленетін жаһандық техникалық ережелердің 4-бапта жазылған ережелер мен өлшемдердің аталған мақсатына сәйкестігін тексеру, және
6.2.4.1.6. техникалық ережелерді 1958 жылғы Келісімге сәйкес енгізу мүмкіндіктерін тиісті түрде ескеру арқылы әзірлеу үшін транспарентті рәсімдерді пайдаланады;
6.2.4.2. Атқарушы комитетке:
6.2.4.2.1. жаһандық техникалық ережелерге қатысты ұсынымын қамтитын, өз ұсынымын әзірлеу кезінде қарастырылған барлық техникалық деректер мен ақпаратты қамтитын, өзінің осы баптың 6.2.4.1-тармағында көрсетілген ақпаратты қарау барысын көрсететін және кез келген қаралған баламалы нормативтік талаптар мен тәсілдерден бас тартудың себептерін түсіндіруді қоса алғанда, өз ұсынымдарының қажеттілігін негіздейтін жазбаша жауапты, және
6.2.4.2.2. кез келген ұсынылған жаһандық техникалық ережелердің мәтінін ұсынады.
6.2.5. Атқарушы комитет транспаренттік рәсімдерді пайдалану негізінде:
6.2.5.1. жаһандық техникалық ережелерге қатысты ұсынымдардың және есептің осы баптың 6.2.4.1-тармағында көрсетілген іс-шараларды жеткілікті түрде тиімді әрі мұқият жүзеге асыруға негізделгенін немесе негізделмегенін анықтайды. Егер Атқарушы комитет бар болатын болса, ұсынылған жаһандық техникалық ережелер ұсынымдарының, есебінің және/немесе мәтінінің белгіленген талаптарға сай емес екенін анықтаса, ол ережелер мен есепті жұмыс тобына қайта қарау немесе пысықтау үшін қайтарады;
6.2.5.2. ұсынылған жаһандық техникалық ережелерді В қосымшасының 7-бабының 7.2-тармағында жазылған рәсімдерге сәйкес енгізу мүмкіндігін қарайды. Ережелер Атқарушы комитеттің «жақтап» дауыс беру арқылы консенсуспен қабылданған шешімінің негізінде Жаһандық тіркелімге енгізіледі.
6.2.6. Жаһандық техникалық ережелер Атқарушы комитеттің «жақтап» дауыс беру арқылы осы шешімді консенсуспен қабылдаған күні Жаһандық тіркелімге енгізілді деп есептеледі.
6.2.7. Атқарушы комитет жаһандық техникалық ережелерді енгізгеннен кейін хатшылық бұл ережелерге осы баптың 6.2.1-тармағына сәйкес берілген ұсынысты, сондай-ақ осы баптың 6.2.4.2.1-тармағының ережелеріне сәйкес талап етілетін ұсынымдар мен есепті қоса алғанда, барлық тиісті құжаттама даналарын қоса береді.
6.3. Жаңа жаһандық техникалық ережелерді Жаһандық тіркелімге енгізу
Кез келген Уағдаласушы Тарап Әлеуетті ережелер компендиумына қосылған техникалық ережелер немесе БҰҰ ЕЭК-ның Ережелері қозғамайтын жұмыс немесе құрастыру сипаттамаларының элементтеріне қатысты жаңа жаһандық техникалық ережелерді әзірлеу туралы ұсыныс беруі мүмкін.
6.3.1. 6.3-тармақта көрсетілген ұсыныс:
6.3.1.1. мүмкіндігінше объективті деректерге негізделген ұсынылатын жаңа жаһандық техникалық ережелердің мақсатын түсіндіруді;
6.3.1.2. егер бар болса, ұсынылатын жаңа жаһандық техникалық ережелердің сипаттамасын немесе мәтінінің жобасын;
6.3.1.3. осы баптың 6.3.4.2.1-тармағына сәйкес талап етілетін есепте қарастырылатын мәселелерді талдауға ықпал етуі мүмкін қолда бар кез келген құжаттаманы; және
6.3.1.4. ерікті түрде қолданылатын, кез келген мәлім болған қолданыстағы тиісті халықаралық стандарттардың көрсетілуін қамтуға тиіс.
6.3.2. Осы баптың 6.3.1-тармағында аталған әрбір ұсыныс Атқарушы комитетке ұсынылады.
6.3.3. Атқарушы комитет бірде бір жұмыс тобына алдын ала белгіленгендей, 4-баптың және осы баптың 6.3.1-тармағының талаптарын қанағаттандырмайтын ешқандай ұсыныс бермейді. Ол тиісті жұмыс тобына барлық басқа ұсыныстарды беруі мүмкін.
6.3.4. Жаңа жаһандық техникалық ережелерді әзірлеу үшін жұмыс тобына берілген ұсыныстарды қарау кезінде бұл жұмыс тобы:
6.3.4.1. жаңа жаһандық техникалық ережелерге қатысты ұсынымдарды:
6.3.4.1.1. ұсынылып отырған жаңа жаһандық техникалық ережелердің мақсатын және міндетті талаптардың немесе жұмыс сипаттамаларының баламалы деңгейлерін белгілеудегі қажеттілікті ескеру,
6.3.4.1.2. техникалық тұрғыдан жүзеге асыруды ескеру,
6.3.4.1.3. экономикалық негіздемені ескеру,
6.3.4.1.4. кез келген қаралған баламалы нормативтік талаптар мен тәсілдердің артықшылықтарын қоса алғанда, артықшылықтарды зерделеу,
6.3.4.1.5. қаралған баламалы нормативтік талаптар мен тәсілдерді салыстырғанда ұсынылған ережелердің әлеуетті мүмкіндіктерін шығындардың тиімділігі тұрғысынан салыстыру,
6.3.4.1.6. әзірленетін жаңа жаһандық техникалық ережелердің 4-бапта көрсетілген ережелер мен өлшемдердің аталған мақсатына сәйкес келуін тексеру, және техникалық ережелерді 1958 жылғы Келісімге сәйкес енгізу мүмкіндіктерін тиісті түрде ескеру арқылы әзірлеу үшін транспарентті рәсімдерді пайдаланады;
6.3.4.2. Атқарушы комитетке:
6.3.4.2.1. жаңа жаһандық техникалық ережелерге қатысты ұсынымын қамтитын, өз ұсынымын әзірлеу кезінде қарастырылған барлық техникалық деректер мен ақпаратты қамтитын, өзінің осы баптың 6.3.4.1-тармағында аталған ақпаратты қарау барысын көрсететін және кез келген қаралған баламалы нормативтік талаптар мен тәсілдерден бас тартудың себептерін түсіндіруді қоса алғанда, өз ұсынымдарының қажеттілігін негіздейтін жазбаша жауапты, және
6.3.4.2.2. кез келген ұсынылған жаңа жаһандық техникалық ережелердің мәтінін ұсынады.
6.3.5. Атқарушы комитет транспаренттік рәсімдерді пайдалану негізінде:
6.3.5.1. жаңа жаһандық техникалық ережелерге қатысты ұсынымдардың және есептің осы баптың 6.3.4.1-тармағында көрсетілген іс-шараларды жеткілікті түрде тиімді әрі мұқият жүзеге асыруға негізделгенін немесе негізделмегенін анықтайды. Егер Атқарушы комитет егер олар бар болса, ұсынылған жаңа жаһандық техникалық ережелер ұсынымдарының, есебінің және/немесе мәтінінің белгіленген талаптарға сай емес екенін анықтаса, ол ережелер мен есепті жұмыс тобына қайта қарау немесе пысықтау үшін қайтарады;
6.3.5.2. ұсынылған жаңа жаһандық техникалық ережелерді В қосымшасының 7-бабының 7.2-тармағында жазылған рәсімдерге сәйкес қабылдау мүмкіндігін карастырады. Ережелер Атқарушы комитеттің «жақтап» дауыс беру арқылы консенсуспен қабылданған шешімінің негізінде Жаһандық тіркелімге енгізіледі.
6.3.6. Жаһандық техникалық ережелер Атқарушы комитеттің «жақтап» дауыс беру арқылы осы шешімді консенсуспен қабылдаған күні Жаһандық тіркелімге енгізілді деп есептеледі.
6.3.7. Атқарушы комитет жаңа жаһандық техникалық ережелерді енгізгеннен кейін хатшылық бұл ережелерге осы баптың 6.3.1-тармағына сәйкес берілген ұсынысты, сондай-ақ осы баптың 6.3.4.2.1-тармағының ережелеріне сәйкес талап етілетін ұсынымдар мен есепті қоса алғанда, барлық тиісті құжаттама даналарын қоса береді.
6.4. Жаһандық техникалық ережелерге түзетулер енгізу
Жаһандық тіркелімге енгізілген кез келген жаһандық техникалық ережелерге осы бапқа сәйкес түзетулер енгізу рәсімі Жаһандық тіркелімге жаңа жаһандық техникалық ережелердің енгізілуіне байланысты осы баптың 6.3-тармағында көрсетілген.
6.5. Құжаттарға қол жетімділік
Жаһандық техникалық ережелер бойынша осы бапқа сәйкес ұсынымдар беру процесінде жұмыс тобы қараған немесе жинаған барлық құжаттар жалпыға қол жетімді болуға тиіс.
7-БАП ЕНГІЗІЛГЕН ЖАҺАНДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ
7.1. Жаһандық техникалық ережелерді енгізу үшін дауыс беретін кез келген Уағдаласушы Тарап осы Келісімнің 6-бабына сәйкес осы Уағдаласушы Тарап мұндай техникалық ережелерді өз заңнамасына немесе ережелеріне қосу үшін пайдаланатын рәсім шеңберінде техникалық ережелерді ұсынуға міндетті және түпкілікті шешімнің дереу қабылдануын талап етеді.
7.2. Енгізілген жаһандық техникалық ережелерді өз заңнамасына немесе ережелеріне қосатын кез келген Уағдаласушы Тарап Бас хатшыға ол осы ережелерді қолдана бастайтын күн туралы жазбаша түрде хабарлайды. Осы хабарлама ол бұл ережелерді қосу туралы шешім қабылдағаннан кейін 60 күн ішінде жіберіледі. Егер енгізілген жаһандық техникалық ережелер міндетті талаптардың немесе жұмыс сипаттамаларының бір деңгейінен көп болса, онда хабарламада осы Уағдаласушы Тараптың мұндай міндетті талаптар немесе жұмыс сипаттамалары деңгейлерінің қайсыларын таңдағаны көрсетіледі.
7.3. Осы баптың 7.1-тармағында көрсетілген және енгізілген жаһандық техникалық ережелерді өз заңнамасына немесе ережелеріне қоспау жөнінде шешім қабылдаған Уағдаласушы Тарап Бас хатшыға өз шешімі туралы және оны қабылдаудың негіздері туралы жазбаша хабарлайды. Мұндай хабарлама шешім қабылданған сәттен бастап алпыс (60) күн ішінде жіберіледі.
7.4. Осы баптың 7.1-тармағында көрсетілген, ережелерді Жаһандық тізілімге енгізу күнінен кейін бір жылдық кезеңнің аяғына қарай осы техникалық ережелерді қабылдамаған не ережелерді өз заңнамасына немесе ережелеріне қоспау жөнінде шешім қабылдаған Уағдаласушы Тарап мұндай ережелердің өзінің ішкі рәсімдеріндегі мәртебесі туралы есеп ұсынады. Мәртебесі туралы есеп, егер осы кезеңнің аяғына қарай мұндай іс-әрекеттердің бірде-бірі қабылданбаса, әрбір келесі бір жылдық кезең бойынша ұсынылады. Осы тармаққа сәйкес талап етілетін әрбір есепте:
7.4.1. ережелерді ұсыну үшін өткен жыл ішінде қабылданған қадамдар сипаттамасы қамтылады, түпкілікті шешім мазмұндалады және мұндай шешімді қабылдаудың болжамды күні көрсетіледі; және
7.4.2. есеп ұсынылған бір жылдық кезең аяқталғаннан кейін 60 күннен кешіктірілмей Бас хатшыға ұсынылады.
7.5. енгізілген жаһандық техникалық ережелерді өз заңнамасына немесе ережелеріне қоспай, осы ережелердің өкімдеріне жауап беретін бұйымдардың пайдаланылуына рұқсат ететін кез келген Уағдаласушы Тарап Бас хатшыға ол мұндай бұйымдарды пайдалануға рұқсат ете бастаған пайдалану рұқсат етілгеннен кейін алпыс (60) күн ішінде хабарлама ұсынады. Егер енгізілген жаһандық техникалық ережелер міндетті талаптардың немесе жұмыс сипаттамаларының бір деңгейінен көп болса, онда хабарламада осы Уағдаласушы Тараптың мұндай міндетті талаптар немесе жұмыс сипаттамалары деңгейлерінің қайсыларын таңдағаны көрсетіледі.
7.6. енгізілген жаһандық техникалық ережелерді өз заңнамасына немесе ережелеріне қосқан кез келген Уағдаласушы Тарап қабылданған ережелердің күшін жою жөнінде шешім қабылдауы не оларға түзетулер енгізуі мүмкін. Мұндай Уағдаласушы Тарап осындай шешім қабылдағанға дейін Бас хатшыға өз ниеті туралы және бұл іс-әрекеттердің себебі туралы жазбаша түрде хабарлауға тиіс. Хабарлама беру туралы осындай ереже 7.5-тармаққа сәйкес бұйымды пайдалануға рұқсат еткен, бірақ мұндай бұйымдарды пайдалануға рұқсат етуді тоқтату ниеті бар Уағдаласушы Тарапқа да қолданылады. Уағдаласушы Тарап мұндай шешім қабылданғаннан кейін 60 күн ішінде кез келген осындай ережелерді қабылдау жөніндегі өз шешімі туралы Бас хатшыға хабарлайды. Тиісті жағдайларда мұндай Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптарға олардың өтініші бойынша түзетулер енгізілген ережелердің не жаңа ережелердің бір данасын дереу ұсынады.
8-БАП ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
8.1. Енгізілген жаһандық техникалық ережелерге қатысты мәселелер шешу үшін Атқарушы комитетке беріледі.
8.2. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты екі немесе бірнеше Уағдаласушы Тарап арасындағы даулар мүмкіндігінше өзара консультациялар немесе келіссөздер жолымен шешіледі. Егер даулар осылайша шешілмесе, онда мүдделі Уағдаласушы Тараптар дауды В қосымшасының 7-бабының 7.3-тармағында жазылған рәсімге сәйкес дауды шешу туралы өтінішпен Атқарушы комитетке жүгіну жөнінде шешім қабылдауы мүмкін.
9-БАП УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАП МӘРТЕБЕСІНЕ ИЕ БОЛУ
9.1. 2-бапта көрсетілген елдер мен өңірлік экономикалық
интеграция ұйымдары:
9.1.1. ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы ескертпесіз қол қою;
9.1.2. ратификациялағаннан, қабылдағаннан немесе мақұлдағаннан кейін ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы ескертпемен қол қою;
9.1.3. қабылдау; немесе
9.1.4. қосылу жолымен осы Келісімнің Уағдаласушы Тараптары мәртебесіне ие бола алады.
9.2. Ратификациялық грамота, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжат Бас хатшының сақталуына тапсырылады.
9.3. Уағдаласушы Тарап мәртебесіне ие болғаннан кейін:
9.3.1. осы Келісім күшіне енгеннен кейін әрбір ел немесе өңірлік экономикалық интеграция ұйымы, егер оның қабылдау ниеті болса, 6-баптың негізінде енгізілген жаһандық техникалық ережелердің қайсысын қабылдайтынына қатысты 7-бапқа сәйкес, сондай-ақ жаһандық техникалық ережелерді өз заңнамасына немесе ережелеріне қоспай, осы ережелердің кез-келген жауап беретін бұйымды пайдалануға қабылдау жөніндегі кез келген шешімі туралы хабарлама ұсынады. Егер енгізілген жаһандық техникалық ережелер міндетті талаптарының немесе жұмыс сипаттамаларының бір деңгейінен көп болса, онда хабарламада осы Уағдаласушы Тараптың мұндай міндетті талаптар немесе жұмыс сипаттамалары деңгейлерінің қайсысын қабылдайтыны немесе мақұлдайтыны көрсетіледі;
9.3.2. әрбір өңірлік экономикалық интеграция ұйымы өз құзыреті мәселелерінде мүшелері болып табылатын мемлекеттер үшін міндетті шешімдер қабылдау өкілеттіктерін коса алғанда, мүшелері болып табылатын мемлекеттердің осы Келісімде қамтылған салалардағы өкілеттіктерді бергенін мәлімдейді.
9.3.3. Уағдаласушы Тараптар болып табылатын өңірлік экономикалық интеграция ұйымдары осы баптың 9.3.2-тармағына сәйкес жарияланған өкілеттіктер алып тасталғаннан кейін Уағдаласушы Тарап мәртебесін жоғалтады және ол туралы Бас хатшыға хабарлайды.
10-БАП ҚОЛ ҚОЮ
10.1. Осы Келісім 1998 жылғы 25 маусымнан бастап қол кою үшін ашық.
10.2. Осы Келісім күшіне енгенге дейін қол қою үшін ашық болады.
11-БАП КҮШІНЕ ЕНУ
11.1. Осы Келісім және Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын қосымшалар кемінде бес (5) ел және/немесе өңірлік экономикалық интеграция ұйымы 9-бапқа сәйкес Уағдаласушы Тарап мәртебесіне ие болған күннен кейін отызыншы (30) күні күшіне енеді. Бұл барынша ең аз сан бес (5) - Уағдаласушы Тарап - Еуропалық қауымдастықты, Америка Құрама Штаттарын және Жапонияны қамтуға тиіс.
11.2. Алайда, егер осы баптың 11.1-тармағының ережелері 10.1-тармақта көрсетілген күннен кейін он бес (15) ай ішінде орындалмаса, онда осы Келісім және Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын қосымшалар кемінде сегіз (8) ел және/немесе өңірлік экономикалық интеграция ұйымы 9-бапқа сәйкес Уағдаласушы Тарап мәртебесіне ие болған күннен кейін отызыншы (30) күні күшіне енеді. Бұл 10.1-тармақта көрсетілген күннен кейін он алты (16) айдан ерте іске асырылмауға тиіс. Осы сегіз (8) Уағдаласушы Тараптың кемінде біреуі (1) не Еуропалық қауымдастық, не Америка Құрама Штаттары, не Жапония болуға тиіс.
11.3. Келісім күшіне енгеннен кейін оның Уағдаласушы тарабы мәртебесіне ие болатын кез келген ел немесе өңірлік экономикалық интеграция ұйымы үшін осы Келісім мұндай ел немесе өңірлік экономикалық интеграция ұйымы ратификациялық грамотада, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатта сақтауға тапсырған күннен кейін алпыс (60) күн өткен соң күшіне енеді.
12-БАП КЕЛІСІМНЕН ШЫҒУ
12.1. Кез келген Уағдаласушы Тарап Бас хатшыға жазбаша хабарлама жіберу жолымен осы Келісімнен шыға алады.
12.2. Кез келген Уағдаласушы Тараптың осы Келісімнен шығу туралы шешімі осы баптың 12.1-тармағына сәйкес Бас хатшы хабарлама алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін күшіне енеді.
13-БАП КЕЛІСІМГЕ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ
13.1. Кез келген Уағдаласушы Тарап осы Келісімге және осы Келісімнің қосымшаларына түзетулер ұсына алады. Ұсынылатын түзетулер Бас хатшыға жіберіледі, ол түзетулерді барлық Уағдаласушы Тараптарға жолдайды.
13.2. Осы баптың 13.1-тармағына сәйкес жолданған ұсынылып отырған түзетуді Атқарушы комитет өзінің кезекті жоспарланған отырысында қарайды.
13.3. Егер дауыс беруге қатысушы және дауыс беруші Уағдаласушы Тараптар түзетуді енгізу туралы шешімді дауыс беру арқылы консенсус негізінде қабылдаса, Атқарушы комитет оны Бас хатшыға жібереді, соңғысы бұл түзетуді барлық Уағдаласушы Тараптарға таратады.
13.4. Осы баптың 13.3-тармағына сәйкес таратылған түзету, егер бірде-бір Уағдаласушы Тарап ол таратылған күннен кейін алты (6) ай ішінде оған қарсылық білдірмесе, оны барлық Уағдаласушы Тараптар қабылдаған болып есептеледі. Егер мұндай қарсылық білдірілмесе, онда бұл түзету барлық Уағдаласушы Тараптар үшін осы бапта айтылған алты (6) айлық кезең еткеннен кейін үш (3) айдан соң күшіне енеді.
13.5. Бас хатшы қысқа мерзімде барлық Уағдаласушы Тараптарды ұсынылған түзетуге қарсы әрбір қарсылық туралы хабардар етеді. Егер ұсынылған түзетуге қарсылық білдірілсе, ол қабылданбаған болып есептеледі және оның ешбір күші болмайды.
14-БАП ДЕПОЗИТАРИЙ
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Келісімнің депозитарийі болып табылады. Депозитарийдің баска да функцияларына толықтыру ретінде Бас хатшы Уағдаласушы Тараптарды:
14.1. 5-бапқа сәйкес техникалық ережелерді қосу немесе алып тастау;
14.2. 6-бапқа сәйкес жаһандық техникалық ережелерді енгізу немесе оларға түзетулер енгізу;
14.3. 7-бапқа сәйкес алынған хабарламалар;
14.4. 9 және 10-баптарға сәйкес қол қоюлар, қабылдаулар және қосылулар;
14.5. 9-бапқа сәйкес алынған хабарламалар;
14.6. 11-бапқа сәйкес Уағдаласушы Тараптар үшін осы Келісімнің күшіне ену күндері;
14.7. 12-бапқа сәйкес алынған, осы Келісімнен шығу туралы хабарламалар;
14.8. 13-бапқа сәйкес осы Келісімге кез келген түзетудің күшіне ену күні;
14.9. аумақтарға қатысты 15-бапқа сәйкес алынған хабарламалар туралы мүмкіндігінше жылдам хабардар етеді.
15-БАП КЕЛІСІМ ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ АУМАҚТАРҒА ТАРАЛУЫ
15.1. Егер Уағдаласушы Тарап осы Уағдаласушы Тарап үшін Келісім күшіне енгенге дейін өзге туралы мәлімдемесе, осы Келісімнің қолданысы мұндай Уағдаласушы Тарап соның сыртқы қарым-қатынастары үшін жауапты болып табылатын кез келген Уағдаласушы Тараптың аумағына немесе аумақтарына таралады.
15.2. Кез келген Уағдаласушы Тарап 12-бапқа сәйкес осы Келісімнің күшін кез келген осындай аумақ немесе аумақтар үшін бөлек жоя алады.
16-БАП ХАТШЫЛЫҚ
БҰҰ ЕЭК-ның Атқарушы хатшысы осы Келісімнің хатшылығы болып табылады. Атқарушы хатшы хатшылық қызмет көрсетудің мынадай функцияларын атқарады:
16.1. Атқарушы комитеттің және жұмыс тобының Кеңестерін дайындайды;
16.2. Уағдаласушы Тараптарға осы Келісімнің ережелеріне сәйкес алынған есептер мен басқа да ақпараттарды жолдайды; және
16.3. Атқарушы комитет айқындаған функцияларды атқарады.
А қосымшасы Анықтамалар
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай анықтамалар қолданылады:
1. Осы Келісімге сәйкес әзірленген жаһандық техникалық ережелерге қатысты, «рұқсат ету» термині Уағдаласушы Тараптың жаһандық техникалық ережелер нұсқамаларына сай келетін бұйымдарды осы жаһандық техникалық ережелерді өз заңнамасы мен ережелеріне қоспай, өзінің рыногына кіргізуге рұқсат ету туралы шешімін білдіреді.
2. Осы Келісімге сәйкес әзірленген жаһандық техникалық ережелерге қатысты, «қосу» термині жаһандық техникалық ережелерді Уағдаласушы Тараптың заңнамасы мен ережелеріне енгізуді білдіреді.
3. Осы Келісімге сәйкес әзірленген жаһандық техникалық ережелерге қатысты, «қолдану» термині жаһандық техникалық ережелерді Уағдаласушы Тараптың белгілі бір күннен бастап сақтау қажеттігі туралы шешімді білдіреді; басқаша айтқанда, ережелерді Уағдаласушы Тараптың юрисдикциясы шегінде қолдану күні.
4. «бап» термині осы Келісімнің бабын білдіреді.
5. «консенсус негізінде дауыс беру» термині мәселе бойынша дауыс беруді білдіреді, дауыс беру барысында дауыс беруге қатысушы және дауыс беруші бірде-бір Уағдаласушы Тарап В қосымшасының 7-бабының 7.2-тармағына сәйкес қаралатын мәселе бойынша қарсылық білдірмейді.
6. «Уағдаласушы Тарап» термині осы Келісімнің Уағдаласушы тарабы болып табылатын кез келген елді немесе өңірлік экономикалық интеграция ұйымын білдіреді.
7. «доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектер» термині қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, энергияны пайдалану тиімділігі немесе айдап әкетуден қорғау саласында, сипаттамалары жұмыс сипаттамаларына қатысы бар жабдықтау заттары немесе бөлшектерді білдіреді. Мұндай жабдықтау заттары мен бөлшектерге шығару жүйелері, шиналар, қозғалтқыштар, акустикалық қорғау құрылғылары, айдап әкетуге қарсы белгі беру құрылғылары, ескерту белгісін беру құрылғылары және балаларға арналған тежеу жүйелері, алайда олар осылармен шектелмейді.
8. «енгізілген жаһандық техникалық ережелер» термині осы Келісімге сәйкес Жаһандық тіркелімге енгізілген жаһандық техникалық ережелерді білдіреді.
9. «қосылған техникалық ережелер» термині осы Келісімге сәйкес Әлеуетті ережелер компендиумына енгізілген ұлттық немесе өңірлік техникалық ережелерді білдіреді.
10. «дайындаушының өзін-өзі сертификаттауы» термині Уағдаласушы Тараптың заңнамасында көзделген заңды талапты білдіреді, осыған сәйкес доңғалақты көлік құралдарын, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттарын және/немесе бөлшектерді дайындаушы өзі сатуға шығаратын әрбір көлік құралының, жабдықтау заттары немесе бөлшектің нақты техникалық талаптарға сай екенін куәландыруға тиіс.
11. «өңірлік экономикалық интеграция ұйымы» термині егемен елдер құратын және солардан құрылатын, осы Келісімде қамтылған мәселелерге қатысты барлық оған мүше елдер үшін міндетті шешімдер қабылдау өкілеттіктерін қоса алғанда, осы мәселелерге қатысты құзыреті болатын ұйымды білдіреді.
12. «Бас хатшы» термині Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын білдіреді.
13. «транспарентті рәсімдер» термині осы Келісімге сәйкес ережелер әзірлеу процесі туралы жұртшылықты хабарландыруға және оның осындай процеске қатысуына ықпал етуге арналған рәсімдерді білдіреді. Олар:
1) жұмыс топтарының және Атқарушы комитеттің кеңестері туралы хабарламаларды; және
2) жұмыс және қорытынды құжаттарды қамтиды.
Олар:
1) консультативпен мәртебе берілген ұйымдар арқылы жұмыс топтарының кеңестерінде; және
2) Уағдаласушы Тараптардың өкілдерімен отырыстар өткізу басталғанға дейін алдын ала консультациялар жолымен жұмыс топтарының және Атқарушы комитеттің кеңестерінде өз пікірлері мен дәлелдерін айту мүмкіндігін де қамтиды.
14. «типін ресми түрде бекіту» термині Уағдаласушы Тараптың (немесе Уағдаласушы Тарап тағайындаған құзыретті органның) көлік құралының және/немесе көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін кез келген жабдықтау затының және/немесе бөлшектің нақты техникалық талаптарға сай екенін және осы көлік құралын, жабдықтау затын немесе бөлшекті сатуға шығару үшін алдын ала шарт ретінде пайдаланатынын жазбаша түрде растауын білдіреді.
15. «БҰҰ ЕЭК-ның ережелері» термині Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық зкономикалық комиссиясының 1958 жылғы Келісімге сәйкес қабылданған Ережелерін білдіреді.
16. «жұмыс тобы» термині ЕЭК-ның мамандандырылған техникалық көмекші органын білдіреді, оның функциясы Жаһандық тіркелімге қосу үшін келісілген немесе жаңа жаһандық техникалық ережелерді енгізуге қатысты ұсынымдар әзірлеуден және Жаһандық тіркелімге енгізілген жаһандық техникалық ережелерге түзетулерді қараудан тұрады.
17. «1958 жылғы Келісім» термині доңғалақты көлік құралдары, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектер үшін біркелкі техникалық өкімдер қабылдау туралы және осы өкімдер негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара танудың шарттары туралы Келісімді білдіреді.
В қосымшасы АТҚАРУШЫ КОМИТЕТТІҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ РӘСІМДЕРІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ 1-бап
Уағдаласушы Тараптар ғана Атқарушы комитеттің мүшелері бола алады.
2-бап
Барлық Уағдаласушы Тараптар Атқарушы комитеттің мүшелері болып табылады.
3-бап
3.1. Осы баптың 3.2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір Уағдаласушы Тараптың бір дауысы болады.
3.2. Егер бір өңірлік экономикалық интеграция ұйымы және бір немесе бірнеше оған мүше мемлекеттер осы Келісімнің Уағдаласушы Тараптары болып табылса, онда өңірлік экономикалық интеграция ұйымы өз құзыретіне қатысты мәселелерде өзінің дауыс беру құқығын осы Келісімнің Уағдаласушы Тараптары болып табылатын оған мүше мемлекеттердің саны на тең болатындай дауыстар саны бойынша жүзеге асырады. Егер өз құқығын кез келген оған мүше мемлекет жүзеге асыратын болса және керісінше жағдайда, мұндай ұйым өзінің дауыс беру құқығын жүзеге асырмайды.
4-бап
Дауыс беруге қатысу үшін кез келген Уағдаласушы Тарап қатысуға тиіс. Ол үшін өңірлік экономикалық интеграция ұйымы дауыс беретін Уағдаласушы Тараптың дауыс беру кезінде қатысуы міндетті емес.
5-бап
5.1. Дауыс беруді өткізу үшін барлық Уағдаласушы Тараптардың кемінде жартысын құрайтын кворум қамтамасыз етілуге тиіс.
5.2. Осы бапқа сәйкес кворумды айқындау және дауыс беруге қатысушы және дауыс беруші Уағдаласушы Тараптардың үштен бірін қамтамасыз ету үшін қажетті Уағдаласушы Тараптар санын айқындау мақсаттары үшін осы қосымшаның 7-бабының 7.1-тармағына сәйкес өңірлік экономикалық интеграция ұйымы бір Уағдаласушы Тарап болып есептеледі.
6-бап
6.1. Атқарушы комитет өзінің бірінші сессиясында әрбір күнтізбелік жылда өз құрамына кіретін мүшелер қатарынан Төрағаны және Төрағаның орынбасарын сайлайды. Төраға және Төрағаның орынбасары барлық дауыс беруге қатысушы және дауыс беруші Уағдаласушы Тараптардың үштен екісінің «жақтап» дауыс беруімен сайланады.
6.2. Төраға да, Төрағаның орынбасары да қатарынан екі жылдан астам уақыт бір ғана Уағдаласушы Тараптың өкілдері болмауға тиіс. Кез келген жылда Төраға да, Төрағаның орынбасары да бір ғана Уағдаласушы Тараптың мүддесін білдірмеуге тиіс.
7-бап
7.1. Ұлттық немесе өңірлік ережелер Әлеуетті ережелер компендиумына не барлық дауыс беруге қатысушы және дауыс беруші Уағдаласушы Тараптардың кемінде үштен бірінің «жақтап» дауыс беруі арқылы (осы қосымшаның 5.2-бабында айқындалғандай), не осы көрсеткіштердің қайсы бірінің «жақтап» дауыс беруге көп ықпал етуіне байланысты дауыстардың жалпы санының үштен бірінің негізінде қосылады. Қандай жағдайда да дауыстардың үштен бірінің санына, егер солардың қайсы бірі Уағдаласушы Тарап болып табылса, не Еуропалық қауымдастықтың, не Америка Құрама Штаттарының, не Жапонияның дауысы кіруге тиіс.
7.2. Жаһандық техникалық ережелерді Жаһандық тіркелімге енгізу, енгізілген жаһандық техникалық ережелерге түзетулер енгізу және осы Келісімге түзетулер енгізу дауыс беруге қатысушы және дауыс беруші Уағдаласушы Тараптардың консенсусы негізінде дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Консенсус негізінде дауыс беру қажет болатын мәселе бойынша қарсылық білдірген кез келген дауыс беруге қатысушы және дауыс беруші Уағдаласушы Тарап дауыс беру күнінен бастап алпыс (60) күн ішінде Бас хатшыға өз қарсылығының себептерін түсіндіруді жазбаша түрде ұсынады. Егер мұндай Уағдаласушы Тарап осындай түсіндіруді осы кезең ішінде ұсынбаса, онда дауыс беру жүргізілген мәселе бойынша ол «жақтап» дауыс берді деп есептеледі. Егер осы мәселе бойынша қарсылық білдірген барлық Уағдаласушы Тараптар мұндай жазбаша түсіндірулер ұсынбаса, онда дауыс беруге қатысқан және дауыс берген барлық тұлғалар осы мәселе бойынша консенсус негізінде «жақтап» дауыс берді деп есептеледі. Бұл жағдайда, дауыс беру күні осы 60 күндік кезең өткеннен кейінгі бірінші күн болып есептеледі.
7.3. Реттеуді талап ететін барлық басқа да мәселелер Атқарушы комитеттің қарауы бойынша осы баптың 7.2-тармағында жазылған дауыс беру рәсімі арқылы шешілуі мүмкін.
8-бап
Дауыс беруден қалыс қалған Уағдаласушы Тараптар дауыс беруге қатыспады деп есептеледі.
9-бап
Атқарушы хатшы Атқарушы комитет осы Келісімнің 5, 6 немесе 12-баптарына сәйкес дауыс беруді өткізу талап етілетін кез келген жағдайда немесе осы Келісімге сәйкес қандай да бір іс-әрекет қолдану қажет болған кез келген жағдайда шақырады.
Осы мәтін Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған жаһандық техникалық ережелерді енгізу туралы келісімінің куәландырылған көшірмесі болып табылатынын растаймын.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Жол полициясы комитеті
Үйлестіру және құқықтық
жұмыстар басқармасының бастығы
полиция полковнигі Қ.С.Сәдуақасов