"Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 970 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық
Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат
санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. 2010 жылғы 1 қазаннан бастап осы Жарлықтың 5-тармағында (құпия) көрсетілген органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының:
      Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі аппаратының;
      Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның аумақтық органдарының (соттардың кеңселері);
      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының;
      Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың;
      Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің;
      орталық атқарушы органдардың, олардың ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің;
      жергілікті атқарушы органдардың;
      Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының;
      Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының;
      сондай-ақ облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының, аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларының штат санының лимиттері 15 пайызға қысқартылсын.
      2. Осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар:
      1) 2010 жылғы 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерге хабарлау мен штат санын қысқарту бойынша жұмыс жүргізсін;
      2) өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдар басшыларының осы Жарлықта көзделген іс-шаралар жүргізілгеннен кейін «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы дербес шешім қабылдауға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті мен Ұлттық Банкі сметасының (бюджетінің) осы штат санын қысқарту нәтижесінде босаған қаражатын пайдалануға құқығы бар деп белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 320-құжат; № 30, 320-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараты» деген жолдағы «437» деген цифрлар «371» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» деген жолдағы «139» деген цифрлар «118» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты» деген жолдағы «30» деген цифрлар «25» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты» деген жолдағы «101» деген цифрлар «86» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» деген жолдағы «39» деген цифрлар «33» деген цифрлармен ауыстырылсын; «Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)» деген жолдағы «6563» деген цифрлар «5579» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      оның ішінде «аумақтық органдары (соттардың кеңселері)» деген жолдағы «6357» деген цифрлар «5403» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі» деген жол алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі соның ішінде аумақтық органдар» деген жолда:
      «253» деген цифрлар «215» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «204» деген цифрлар «173» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық» деген жолдағы «14» деген цифрлар «12» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік каржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» деген жолдағы «100» деген цифрлар «85» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы» деген жолдағы «6281» деген цифрлар «5338» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Бас прокуратура» деген жолдағы «338» деген цифрлар «287» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Прокуратура органдары» деген жолдағы «5171» деген цифрлар «4395» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет» деген жолдағы «118» деген цифрлар «100» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеттің аумақтық органдары» деген жолдағы «654» деген цифрлар «556» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымшада:
      «Облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьялары» деген жолдағы «574» деген цифрлар «488» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары» деген жолдағы «1945» деген цифрлар «1653» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлыққа 4-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары» деген жолдағы «3970» деген цифрлар «3375» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)» деген жолдағы «363» деген цифрлар «309» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «қаржы полициясының аумақтық органдары» деген жолдағы «3447» деген цифрлар «2930» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Қаржы полициясы академиясы» деген жолдағы «160» деген цифрлар «136» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      2) «Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын және әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штат санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 30 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 419-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:
      «Орталық органның аппараты» деген жолдағы «62» деген цифрлар «53» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Республикалық ұланның госпиталі» деген жолдағы «54» деген цифрлар «46» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Барлығы» деген жолдағы «1750» деген цифрлар «1733» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2006 ж., № 2, 10-құжат; № 17, 156-құжат; 2007 ж., № 15, 171-құжат, 2008 ж., № 19, 167-құжат):
      3-тармақтағы «490» деген цифрлар «416» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      4) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат, 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж. № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат, № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; 2009 ж., № 55, 446-құжат):
      2-тармақтағы «3580» деген цифрлар «3043» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      5) «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығына:
      2-тармақта:
      1) тармақша алып тасталсын;
      2) тармақшада:
      «осы Жарлықтың 2-тармағының 1) тармақшасына» деген сөздер «бекітілген штат санының лимиттеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «2008» деген цифрлар «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) (құпия);
      7) (құпия);
      8) (өте құпия).
      5. (құпия).
      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      7. Осы Жарлық 2010 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н.Назарбаев

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О мерах по оптимизации штатной численности органов, содержащихся за счет государственного бюджета и сметы (бюджета) Национального Банка Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 сентября 2010 года № 970

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О мерах по оптимизации штатной численности органов, содержащихся за счет государственного бюджета и сметы (бюджета) Национального Банка Республики Казахстан".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Указ Президента Республики Казахстан О мерах по оптимизации штатной численности органов,
содержащихся за счет государственного бюджета и сметы (бюджета)
Национального Банка Республики Казахстан

      В целях дальнейшего совершенствования системы государственного управления в Республике Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Сократить с 1 октября 2010 года на 15 процентов лимиты штатной численности органов Республики Казахстан, содержащихся за счет средств государственного бюджета и сметы (бюджета) Национального Банка Республики Казахстан:
      аппаратов Палат Парламента Республики Казахстан;
      аппарата Конституционного Совета Республики Казахстан;
      Департамента по обеспечению деятельности судов (Аппарат Верховного Суда Республики Казахстан), его территориальных органов (канцелярии судов);
      аппарата Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан;
      Национального центра по правам человека;
      государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, их ведомств, территориальных подразделений;
      центральных исполнительных органов, их ведомств, территориальных подразделений;
      местных исполнительных органов;
      органов финансовой полиции Республики Казахстан;
      органов внутренних дел Республики Казахстан;
      органов по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций, государственной противопожарной службы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан;
      а также судей областных и приравненных к ним судов, районных и приравненных к ним судов Республики Казахстан,
      за исключением органов, перечисленных в пункте 5 (секретно) настоящего Указа.
      2. Государственным органам, перечисленным в пункте 1 настоящего Указа:
      1) до 1 октября 2010 года провести работу по уведомлению работников и сокращению штатной численности согласно законодательству Республики Казахстан;
      2) привести свои акты в соответствие с настоящим Указом.
      3. Установить, что руководители органов, содержащихся за счет государственного бюджета и сметы (бюджета) Национального Банка Республики Казахстан, после проведения мероприятий, предусмотренных настоящим Указом, имеют право самостоятельно принимать решения о сокращении штатной численности работников государственных органов, их территориальных подразделений и использовать средства государственного бюджета и сметы (бюджета) Национального Банка Республики Казахстан, высвободившиеся в результате данного сокращения штатной численности, в порядке, установленном Указом Президента Республики Казахстан от 29 марта 2007 года № 304 "О некоторых мерах по дальнейшему проведению административной реформы".
      4. Внести изменения в следующие указы Президента Республики Казахстан:
      1) в Указ Президента Республики Казахстан от 22 января 1999 года № 29 "О мерах по дальнейшей оптимизации системы государственных органов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 1, ст. 2; 2000 г., № 54, ст. 593; 2001 г., № 1-2, ст. 2; № 4 - 5, ст. 43; 2002 г., № 26, ст. 272; № 45, ст. 445; 2003 г., № 12, ст. 130; № 16, ст. 160; 2004 г., № 13, ст. 166; № 21, ст. 267; № 27, ст. 344; № 48, ст. 590; 2005 г., № 16, ст. 189; № 27, ст. 329; № 30, ст. 380; № 49, ст. 623; 2006 г., № 7, ст. 50; № 26, ст. 264; № 28, ст. 320; № 30, ст. 320; 2007 г., № 30, ст. 330; № 33, ст. 361; 2008 г., № 10, ст. 105, 2009 г., № 5, ст. 13):
      в приложении 1 к вышеназванному Указу:
      в строке "Аппарат Палат Парламента Республики Казахстан" цифры "437" заменить цифрами "371";
      в строке "Управление Делами Президента Республики Казахстан" цифры "139" заменить цифрами "118";
      в строке "Аппарат Конституционного Совета Республики Казахстан цифры "30" заменить цифрами "25";
      в строке "Аппарат Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета" цифры "101" заменить цифрами "86";
      в строке "ХОЗУ Парламента Республики Казахстан" цифры "39" заменить цифрами "33";
      в строке "Департамент по обеспечению деятельности судов (Аппарат Верховного Суда Республики Казахстан)" цифры "6563" заменить цифрами "5579";
      в строке "в том числе: территориальные органы (канцелярии судов)" цифры "6357" заменить цифрами "5403";
      строку "Агентство по стратегическому планированию Республики Казахстан   31" исключить;
      в строке "Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы" цифры "253" заменить цифрами "215";
      в строке "в том числе территориальные органы" цифры "204" заменить цифрами "173";
      в строке "Национальный центр по правам человека" цифры "14" заменить цифрами "12";
      в строке "Агентство Республики Казахстан по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы" цифры "100" заменить цифрами "85";
      в приложении 2 к вышеназванному Указу:
      в строке "Прокуратура Республики Казахстан" цифры "6281" заменить цифрами "5338";
      в строке "Генеральная прокуратура" цифры "338" заменить цифрами "287";
      в строке "Органы Прокуратуры" цифры "5171" заменить цифрами "4395";
      в строке "Комитет по правовой статистике и специальным учетам" цифры "118" заменить цифрами "100";
      в строке "Территориальные органы Комитета по правовой статистике и специальным учетам" цифры "654" заменить цифрами "556";
      в приложении 3 к вышеназванному Указу:
      в строке "Судьи областных и приравненных к ним судов" цифры "574" заменить цифрами "488";
      в строке "Судьи районных и приравненных к ним судов" цифры "1945" заменить цифрами "1653";
      в приложении 4 к вышеназванному Указу:
      в строке "Органы финансовой полиции Республики Казахстан" цифры "3970" заменить цифрами "3375";
      в строке "Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция)" цифры "363" заменить цифрами "309";
      в строке "территориальные органы финансовой полиции" цифры "3447" заменить цифрами "2930";
      в строке "Академия финансовой полиции" цифры "160" заменить цифрами "136";
      2) в Указ Президента Республики Казахстан от 22 января 1999 года № 30 "Об определении организационной структуры и общей штатной численности военнослужащих, рабочих и служащих Республиканской гвардии" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 31, ст. 419):
      в приложении к вышеназванному Указу:
      в строке "Аппарат центрального органа" цифры "62" заменить цифрами "53";
      в строке "Госпиталь Республиканской гвардии" цифры "54" заменить цифрами "46";
      в строке "Итого" цифры "1750" заменить цифрами "1733";
      3) в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1270 "О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 50, ст. 640; 2006 г., № 2, ст. 10; № 17, ст. 156; 2007 г., № 15, ст. 171, 2008 г., № 19, ст. 167):
      в пункте 3 цифры "490" заменить цифрами "416";
      4) в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 "Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 50, ст. 640, 2005 г., № 39, ст. 555; 2006 г. № 35, ст. 373; 2007 г., № 42, ст. 479; 2008 г., № 3, ст. 38, № 35, ст. 364; 2009 г., № 15, ст. 106; № 55, ст. 446):
      в пункте 2 цифры "3580" заменить цифрами "3043";
      5) в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2007 года № 304 "О некоторых мерах по дальнейшему проведению административной реформы" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 9, ст. 98):
      в пункте 2:
      подпункт 1) исключить; в подпункте 2):
      слова "подпунктом 1) пункта 2 настоящего Указа" заменить словами "утвержденными лимитами штатной численности";
      цифры "2008" заменить словом "соответствующий";
      6) (секретно);
      7) (секретно);
      8) (совершенно секретно).
      5. (секретно).
      6. Правительству Республики Казахстан принять меры, вытекающие из настоящего Указа.
      7. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания, за исключением пункта 4, который вводится в действие с 1 октября 2010 года.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев