Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 139 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.08.12 N 139 Жарлығымен.

Республикалық баспасөзде 
жариялануға тиіс     

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-119-баптарына сәйкес қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесін бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
      2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.

      3. Алып тасталды - ҚР 2011.04.18 N 61 (2011.04.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2008.04.23 N 575 Жарлығымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2010.09.27 N 1072 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.04.18 N 61 (2011.04.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
      1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекеменің штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
      2) Агенттікке оның қызметін қамтамасыз етуге қажетті мүлік беруді жүзеге асырсын;
      3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      5. Агенттік төрағасының үш орынбасары болады деп белгіленсін.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.05.08. N 326 жарлығымен.

      6. Осы Жарлық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң       
2003 жылғы 31 желтоқсандағы 
N 1270 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН         

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi туралы
ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.

      2. Агенттiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлдегi атауы жазылған мөрi және мөртабаны, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ банктерде шоттары болады.
      Агенттiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі" мемлекеттік мекемесi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.12.10. N 1495 Жарлығымен.

      4. Агенттiктi қаржыландыру және ұстау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) бюджетiнiң (шығыстар сметасының) қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Агенттiктi қаржыландырудың жалпы сомасын бекiтудi Ұлттық Банктiң Басқармасы Агенттiк Төрағасының ұсынымы бойынша жүзеге асырады.

      4-1. Агенттiк қаржы жылы iшiнде шығыстарды өтеумен байланысты өзге де қаржылық түсiмдердi:

      1) заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiндегi;

      2) қайта ұйымдастырылуға орай Агенттiкке құқықтар мен мiндеттер берумен байланысты;

      3) қаржы ұйымдарының қызметкерлерi үшiн Агенттiк ұйымдастырған оқыту шығыстарын өтейтiн;

      4) қызметтiк емес сипаттағы көлiктiк қызмет, қалааралық және халықаралық сөйлесулер үшiн өтем ретiнде Агенттiк қызметкерлерiнен алынған;
      5) шығыстарды өтеумен байланысты өзге де қаржылық түсiмдердi жинақтайды.
      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2006.01.18. N 20 Жарлығымен.

      4-2. Қаржы жылының нәтижелерi бойынша, Ұлттық Банкпен келiсiлген мерзiмде, Агенттiк Төрағасының не оның орнындағы адамның шешiмi негiзiнде осы Ереженiң 4-1-тармағында көзделген қаржылық түсiмдер Ұлттық Банктiң бюджетiне аударылады.
      Ескерту. 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2006.01.18. N 20 Жарлығымен.

      5. Агенттiк өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кiредi.

      6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, Агенттiктiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабын бiтiруге құқығы бар.

      7. Агенттiктiң құрылымын және жалпы штат санын Агенттiк Төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

      8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.

      9. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би, 67.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2004.12.10. N 1495 , өзгерту енгізілді - 2006.01.18. N 20 Жарлықтарымен.

      9-1. Агенттік өзiнiң құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдары негізiнде және оларды орындау үшiн барлық қаржы ұйымдарының, қаржы қызметтерiн тұтынушылардың, басқа да заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшiн мiндетті нормативтік құқықтық актiлердi шығарады.
      Агенттіктің нормативтік құқықтық актiлерi оның "Қаржы хабаршысы", "Финансовый вестник" ресми басылымында мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жарияланады.
      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2004.12.10. N 1495 Жарлығымен.

2-тарау. Агенттiктiң мақсаттары, мiндеттерi және
функциялары

      10. Агенттіктiң мақсаттары:

      1) қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;

      2) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiсiнше деңгейiн қамтамасыз ету;

      3) қаржы ұйымдарын қаржы нарығындағы адал бәсекенi қолдау, бағытталған қызметi үшiн тең құқылы жағдайлар жасау болып табылады.

      11. Агенттіктің мiндеттерi:

      1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтарды болдырмау жөнiндегi шараларды iске асыру;

      2) адал бәсеке принциптерiнде қаржы ұйымдарының тиiстi түрлерiнiң жұмыс iстеуi үшiн тең жағдайлар жасау;

      3) қаржы ұйымдарының қызметiн реттеу мен қадағалаудың стандарттары мен әдiстерiнiң деңгейiн арттыру, олар қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды пайдалану;

      4) қаржы ұйымдары қызметінiң стандарттарын белгiлеу, қаржы ұйымдарын корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру шараларын жасау;

      5) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы рыногының және қаржы ұйымдарының мониторингi;

      6) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының неғұрлым тәуекелге бейiм салаларындағы қадағалау ресурстарын шоғырландыру;

      7) қазiргi заманғы технологияларды ендiрудi ынталандыру тұтынушылар үшiн қаржы ұйымдары мен олар көрсететiн қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толық және қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.

      12. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мемлекеттiк реттеу мен қадағалау жөнiндегi негізгi функцияларды, соның iшiнде шоғырландырылған негiзде, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда банктiк, сақтандыру қызметiн, жинақтаушы зейнетақы қорларының, инвестициялық қорлардың, кредиттiк бюролардың қызметiн, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау жөнiндегi негізгі функцияларды орындайды.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.05.22. N 119 Жарлығымен.

      13. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалауды, соның iшiнде шоғырландырылған негiзде жүзеге асыру мақсатында, Агенттiк:

      1) өзi белгiлеген тәртiппен банктер ашуға және оларды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға , банктерге еншiлес ұйым құруға және сатып алуға, банктiң ұйымның жарғылық капиталына қомақты  қатысуына рұқсат бередi не рұқсат беруден бас тартады, сондай-ақ банктiң және банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм бередi;

      2) өзi белгiлеген тәртiппен банктердiң басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм бередi (қайтарып алады);

      3) өзi белгілеген тәртiппен банктердiң құрылтай құжаттарына (соның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтыруларға) келiсiм бередi;

      4) өзi белгiлеген тәртiппен банк операцияларының жекелеген түрлерiн және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге операцияларды жүргiзуге, соның iшiнде Ұлттық Банктiң оң қорытындысы болған кезде, сондай-ақ банк қызметiнiң аудитiн жүзеге асыруға лицензия бередi, беруден бас тартады, Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтату туралы шешiм қабылдайды;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өкiлеттiктер шегiнде банктiк қызмет және банктердi тарату мәселелерi жөнiнде барлық банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, соның iшiнде ипотекалық ұйымдар және олардың клиенттерi орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалayды жүзеге асырады; 

      5-1) салымдарға (депозиттерге) мiндетті ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) тәртібiн белгiлейдi;

      5-2) банктердiң банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, соның iшiнде ипотекалық ұйымдардың және банктерге аудит жүргізуге лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізедi; 

      6) банктердiң iрi қатысушыларын және банктiк холдингтердi анықтау мақсатында банктердiң тiкелей немесе жанама қатысушыларының, жеке және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын және өзге де ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда банктермен аффилиирленген тұлғалардың қаржылық есептi және өзге ақпаратты ұсынуын талап етедi;

      7) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, соның iшiнде ипотекалық ұйымдардың және олардың аффилиирленген тұлғаларының шоғырландырылған негiздегі есеп беруiн қоса алғанда (қаржылық және статистикалық есеп берудi қоспағанда), есеп берудi ұсыну тiзбесiннысандарын, мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейдi

      8) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, соның iшiнде ипотекалық ұйымдардың және олардың филиалдарының қызметiн, соның iшiнде мемлекеттік органдарды және өзге де ұйымдарды тарта отырып тексередi және Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда банктерден, мемлекеттiк органдардан және азаматтардан ол өзiнiң бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажетті деп санайтын ақпаратты алады, алынған ақпарат бойынша түсiндiрудi талап етедi; 

      9) банктiк конгломераттардың қызметiн реттейдi және банктердiң аффилиирленген тұлғаларының, банктердiң қызметiне олардың әсер ету дәрежесiн және сипатын айқындау мақсатында нормативтік құқықтық актiлерге сәйкес олардың қызметiн, соның iшiнде мемлекеттік органдарды және өзге де ұйымдарды тарта отырып тексередi; 

      10) банктерге, банктiк конгломераттарға , банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға, соның iшiнде ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi және сақталуға мiндеттi өзге нормалар мен лимиттердi белгiлейдi

      11) үмiтсiз және күмәндi активтердi қамтамасыз ету үшiн провизиялар қалыптастырудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды; 

      12) банктер және олардың аффилиирленген тұлғалары, банктердiң iрi қатысушыларының аффилиирленген тұлғалары, банктiк холдингтер, сондай-ақ банктiк конгломераттың құрамына кiретiн ұйымдар, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, соның iшiнде ипотекалық ұйымдар оның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнама және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын бұзған жағдайда, оларға шектеулi ықпал ету шараларын, санкцияларды, мәжбүрлеу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де ықпал ету шараларын қолданады; 

      13) банктердiң, банктердiң iрi қатысушыларының, банктiк холдингтердiң, банктiк iрi қатысушысының немесе Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктiк холдингтiң белгiлерiне сәйкес келетiн жеке және заңды тұлғалардың және олардың лауазымды тұлғаларының, соның iшiнде тарату комиссиялары төрағаларының және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, соның iшiнде ипотекалық ұйымдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерiн қарайды, оларға Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес жаза қолданады; 

      14) банктерден, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғаларынан, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан, соның ішінде ипотекалық ұйымдардан қаржылық және өзге де есептi және өзiнiң бақылау мен қадағалау функцияларын қамтамасыз етуi үшiн қажеттi басқа ақпаратты алады; 

      15) алынып тасталды

      16) банктердi консервациялау және банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (банктiң уақытша басқарушысын) тағайындау туралы шешiм қабылдайды

      17) банк қызметiнiң аудитiн жүргiзуге өкiлеттi аудиторлық ұйымның (аудитордың) есеп жасау тәртiбiн айқындайды; 

      18) олардың банктiң iрi қатысушысына және (немесе) банктiк холдингке тиесiлi банктiң акцияларын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыруы туралы, ал Yкiметпен келiсiм бойынша - банктiң кредиторларының мүдделерiн қорғау және Қазақстан Республикасының банктiк жүйесiнiң орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында және кейiннен жедел түрде меншiктi капиталының керi мөлшерi бар екiншi деңгейдегi банктердiң акцияларын жаңа инвесторларға сату шартымен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды, банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейiннен инвесторларға сату тәртiбiн белгiлейдi

      18-1) банк акционерлерiнiң жалпы жиналысына қатысу үшiн өз өкiлiн жiбередi; 

      18-2) қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде өз өкiлiн ұстай алады; 

      19) уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) қызметiне бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:
      банк операцияларын жүргiзуге лицензиялар қайтарылып алынғаннан кейiнгi кезеңге уақытша әкiмшiлiктi (уақытша басқарушыны) тағайындау тәртiбiн және өкiлеттіктерiн белгiлейдi ;
      уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) есебiн және өзге де ақпарат ұсынуына қойылатын талаптарды белгiлейдi ;
      құжаттар мен мүлiктi уақытша әкiмшiлiктен (уақытша басқарушыдан) тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу актiсiн бекiтедi; 

      20) тарату комиссияларының төрағаларына және мүшелерiне кандидатураларға қойылатын талаптарды белгілейдi

      21) мәжбүрлеп таратылатын банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссияларын тағайындайды; 

      22) өзi белгiлеген тәртiппен тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:
      мәжбүрлеп таратылатын банктiң аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн, ерiктi немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердiң кредиторлар комитетiнiң құрамын бекiтеді ;
      тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат ұсыну нысандарын, мерзiмдерiн және кезеңділiгiн белгiлейдi ;
      мәжбүрлеп таратылатын банктi тарату туралы есептi және тарату балансын келiседi;
      тарату комиссияларының қызметiн тексередi және олар орындауға мiндеттi нұсқамалар шығарады;
      таратылатын банктiң кредиторлар комитетiн қалыптастырудың және қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi ;
      тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекiту ерекшелiктерi мен тәртiбiн белгiлейдi ;
      тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кiрiс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу ережелерiн орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегi талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерiн, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткiзу мерзiмдерiн айқындайды; 

      22-1) мәжбүрлеп таратылатын банктiң таратылу тәртібiн және тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды

      22-2) ерiктi таратылатын банктердiң тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерiн айқындайды

      23) алынып тасталды  

      24) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.12.10. N 1495 , 2006.05.22. N 119 Жарлықтарымен.  

      14. Агенттiк сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында: 

      1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтанушылардың және сақтандыру нарығының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзедi; 

      2) өз құзыретi шегiнде сақтандыру нарығының барлық қатысушылары, тарату өндiрiсiнiң қатысушылары орындауға мiндеттi сақтандыру қызметi және оны қадағалау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды; 

      3) трансшекаралық сақтандыруды және қайта сақтандыруды жүргізудiң шарттары мен тәртiбiн айқындайды; 

      4) сақтандыру брокерi қызметiнiң шарттарын айқындайды, оның iшiнде сақтандыру брокерiнің жарғылық капиталының ең аз мөлшерiне қойылатын талаптарды белгілейдi;

      5) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы үшiн жарғылық капиталдың, кепiлдiк беру қорының, төлем қабiлетi маржасының ең төменгi мөлшерiн қоса алғанда, пруденциалдық нормативтердi және сақтауға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;

      6) актуарлық қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн және оған, сондай-ақ мiндеттi актуарлық есептердi жүргiзуге қойылатын талаптарды айқындайды;

      6-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлерi) бойынша сақтандыру тарифтерiн бағалау әдiстерiне және есептеу қағидаттарына талаптарды қояды

      6-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентiн есептеу тәртiбiн айқындайды

      7) сақтандыру портфелiн беру тәртiбiн айқындайды;
      8) алынып тасталды  

      9) өзi белгiлеген тәртiппен сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, сақтандыру нарығындағы актуарийлердiң және уәкiлетті аудиторлардың қызметiн лицензиялайды;

      9-1) сақтандыру қызметіне аудиттi жүзеге асыруға қойылатын талаптарды белгілейдi

      10) өзi белгiлеген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ашуға, оларды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына еншiлес ұйым құруға және сатып алуға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат бередi не рұқсат беруден бас тартады, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен мәмiлелер жасауға келiсiм, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм бередi; 

      11) өзi белгiлеген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм бередi (қайтарып алады); 

      12) сақтандыру қызметiнiң субъектiлерiн, сақтандыру брокерлерiн, сақтандыру қызметiнiң субъектiлерi мен сақтандыру брокерлерiнiң оқшауланған бөлiмшелерiн тексередi

      13) сақтандыру нарығының субъектiлерiнен өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алады; 

      13-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң жалпы жиналысына қатысу үшiн өз өкiлiн жiбередi; 

      14) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнің өздерiнiң бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшiн шоғырландырылған негіздегі есеп беруiн қоса алғанда (қаржылық және статистикалық есеп берудi қоспағанда), есеп берудi ұсыну тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейдi;

      15) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, олармен және олардың құрылтайшыларымен аффилиирленген тұлғалардың, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қатысуымен консорциумдарға және жай серiктестiктерге қатысатын ұйымдардың қызметiн шоғырландырылған қадағалау ережесiн айқындайды; 

      16) сақтандыру статистикасын, сақтандыру нарығының жағдайын экономикалық талдауды дайындау үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қауымдастықтарынан, одақтарынан және бiрлестiктерiнен, мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпарат алады; 

      17) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру брокерлерiне, актуарийлерге және уәкiлеттi аудиторларға берiлген лицензияларды қолдануды тоқтата тұру, жаңарту және қайтарып алу туралы шешiм, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша сот тәртiбiмен тоқтату жөнiнде шаралар қолданады; 

      17-1) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокерiне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына қатысты шектеулi ықпал ету шараларын, мәжбүрлеу шараларынсанкцияларды және өзге де ықпал ету шараларын қолданады; 

      18) алынып тасталды 

      19) уақытша әкiмшiлiктiң қызметiне бақылауды жүзеге асырады, оның iшiнде:
      уақытша әкiмшiлiктi тағайындау тәртiбiн және өкiлеттіктерiн белгілейдi;
      уақытша әкiмшiлiктiң есеп және өзге ақпарат ұсынуына қойылатын талаптарды белгiлейдi;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу актiсiн бекiтедi; 

      20) тарату комиссияларының төрағаларына және мүшелерiне кандидатураларға қойылатын талаптарды белгiлейдi

      21) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерiн ескере отырып тарату комиссияларын тағайындайды; 

      22) өзi белгiлеген тәртіппен тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:
      мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізiлiмiн бекiтедi;
      таратылатын сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының кредиторлар комитетiнiң құрамын бекiтедi;
      тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат ұсыну нысандарын, мерзiмдерiн және кезеңдiлiгін белгiлейдi;
      мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есептi және тарату балансын қарайды және келiседi;
      тарату комиссиясының қызметiн тексередi және олар орындауға мiндетті нұсқамалар шығарады;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиялары төрағаларының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерiн қарайды, оларға Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жаза қолданады;
      таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi;
      тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекiту ерекшелiктерi мен тәртiбiн белгiлейдi;
      тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кiрiс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргiзу ережелерiн орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерiн, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткiзу мерзiмдерiн айқындайды;

      22-1) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылу тәртiбiн және тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды;

      22-2) ерiктi таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерiн айқындайды;

      23) сапасы және өтiмдiлiгi бойынша жiктелуiн ескере отырып есептелген активтердiң құны және мiндеттемелер арасында терiс айырма белгiленген жағдайда сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының оның акционерлерiндегi акцияларды мәжбүрлеп сатып алу және осы акцияларды сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары жөнiндегi барлық мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру шартымен сатып алуға ниет бiлдiрген жаңа инвесторға сату туралы шешiм қабылдайды;

      24) басқа мемлекеттердiң орталық сақтандыруды қадағалау органдарымен қатынастарда, халықаралық және өзге сақтандыру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi; 

      25) алынып тасталды

      25-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасайтын бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркейдi, өзiнiң мүлкiн кепiлге қою шарттарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепiлдiктерiнiң (кепiлдемелерiнiң) және теңгерімде көрсетiлмейтiн өзге де мiндеттемелерiнiң тiзiлiмдерiн жүргiзедi;

      26) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнама актiлерiне сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның өзге де функциялары мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырады.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.12.10. N 1495, 2006.05.22. N 119 Жарлықтарымен.  

      15. Агенттiк бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында: 

      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды; 

      2) Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен Қазақстан Республикасының заңнама актілерімен қорғалатын мүдделерiн қорғау жөніндегi мемлекеттік саясатты жүргiзедi; 

      3) өзiнiң құзыретi шегiнде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды; 

      4) қаржы нарығының активтерiн бағалы қағаздар ретiнде таниды; 

      5) мемлекеттік емес бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар шығару және айналысының шарттары мен тәртiбiн айқындайды; 

      6) мемлекеттiк емес бағалы қағаздардың, соның iшiнде туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады , оларға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн бередi, бағалы қағаздарды, соның iшiнде туынды бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердi қарайды, осындай есептердi бекiтедi не бекiтуден бас тартады, сондай-ақ мемлекеттiк емес бағалы қағаздардың, соның iшiнде туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарының күшін жояды; 

      7) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiнiң, облигациялық бағдарламаның және облигациялық бағдарлама шеңберiнде облигациялар шығарылымдарының құрылымын, оларды жасау және ресiмдеу тәртiбiн, сондай-ақ бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердiң құрылымын белгiлейдi; 

      8) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiн, бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар тiзiлiмiн және бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу шарттары мен тәртiбiн белгілейдi; 

      9) бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн беру тәртiбiн белгiлейдi

      10) эмитент пен өкiл арасында жасалған облигациялар ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды, өкiлдiң функциялары мен мiндеттерiн орындау тәртiбiн, өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату тәртiбi мен жағдайларын, сондай-ақ ипотекалық облигациялардың эмитентi таратылған жағдайда облигациялар ұстаушылар өкiлiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi

      11) алынып тасталды - ҚР Президентінің 2006.01.18. N 20 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.  

      12) қаржылық агенттiк мәртебесiн бередi, қаржылық агенттiк мәртебесiн жоғалту шарттары мен тәртібiн белгiлейдi

      13) банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар шығарған облигациялар қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыста болған кезде олар облигациялар шығаруға ниеттi болған жағдайда сақталуы тиiстi талаптарды белгiлейдi; 

      14) бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi, сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында лицензиялауға жататын басқа қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензия беру шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi және лицензия бередi, лицензия беруден бас тартады, осындай лицензияларды қолдануды тоқтата тұрады және қолдануын жаңартады әрi оларды қайтарып алады, Қазақстан Республикасының заңнама актілерiнде көзделген жағдайларда берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтату туралы шешiм қабылдайды; 

      15) бағалы қағаздар нарығында жұмыс iстеу үшiн жеке тұлғаларға аттестация жүргiзу және бiлiктiлiк куәлiктерiн беру, сондай-ақ бiлiктiлiк куәлiктерiнiң қолданылуын тоқтата тұру немесе қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi; 

      16) лицензиаттардың аудитiн жүргiзу ерекшелiктерiн белгiлейдi;

      17) алынып тасталды - ҚР Президентінің 2006.01.18. N 20 Жарлығымен.  

      18) бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқару шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi

      19) алынып тасталды - ҚР Президентінің 2006.01.18. N 20 Жарлығымен.  

      20) жеке тұлғаларды бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыру құқығына аттестациядан өткiзедi, бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленушiлердi қайтадан аттестациядан өткiзедi, аттестациядан өткен тұлғаларға бiлiктiлiк куәлiктерiн бередi және қайтадан аттестациядан өткен тұлғалар үшiн оларды қолдану мерзiмiн ұзартады, бiлiктiлiк куәлiктерiн қолдануды тоқтата тұрады және жаңартады, бiлiктiлiк куәлiктерiн қайтарып алады; 

      21) лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған немесе ол қайтарып алынған жағдайда клиенттер алдындағы лицензиаттың мiндеттемелерiн орындау тәртiбiн белгiлейдi; 

      22) эмиссиялық бағалы қағаздарды және туынды бағалы қағаздарды орналастыруды және айналысқа жiберудi тоқтата тұрады және жаңартады; 

      23) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi кәсiби деп таниды; 

      24) пруденциалдық нормативтердiң және өзге де көрсеткiштердің түрлерiн немесе лицензиаттардың қаржылық тұрақтылығының критерийлерiн (нормативтерiн) және оларды есептеу тәртiбi мен әдiстемесiн белгiлейдi

      25) бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi және лицензияланатын басқа қызмет түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн, соның iшiнде бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау шарттары мен тәртібiне, осы мәмiлелердi есепке алуға және олар бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды айқындайды; 

      26) бағалы қағаздар нарығындағы төлем агентiнiң қызметiн жүзеге асыру шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi; V032632

      27) Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, сондай-ақ оларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептi ұсыну шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi;  V032646

      28) бағалы қағаздар нарығында лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың аффилиирленген тұлғаларының есеп беруiн ұсыну (қаржылық және статистикалық есеп берудi қоспағанда) тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерi мен тәртібiн белгiлейді;

      29) лицензиаттардың бағалы қағаздар нарығындағы қызмет туралы есептер беру кезеңдiлiгiн, сондай-ақ есеп беру нысандарын және оларды ұсыну тәртiбiн белгiлейді; 

      30) Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң мемлекеттік eмес бағалы қағаздарын, туынды бағалы қағаздарын және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздарын шығару және айналысының шарттары мен тәртібiн белгiлейді; 

      31) Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының шығарылымы шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген Қазақстан Республикасының резидентi емес ұйымдарының мемлекеттiк емес бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының ұйымдасқан нарығында айналысқа жiберу тәртiбiн белгiлейдi;

      32) өзi белгiлеген тәртiппен лицензиаттардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм бередi (қайтарып алады); 

      33) эмитенттердiң, лицензиаттардың, өзiн-өзiн реттейтiн ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының, сондай-ақ бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленушiлердiң қызметiн, соның iшiнде сол жерде тексеру және бағалы қағаздар нарығының мәселелерi жөнiндегi мамандарды консультанттар ретiнде тарту арқылы қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады;

      34) зейнетақы активтерiн инвестициялау тәртiбiн белгiлейдi

      35) алынып тасталды - ҚР Президентінің 2006.01.18. N 20 Жарлығымен.  

      36) өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдардан және бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнен қажеттi ақпаратты сұратады және алады; 

      37) бағалы қағаздардың, оның iшiнде туынды бағалы қағаздардың бағаларымен айла-шарғы жасауға қызметтік, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпаратты пайдалану арқылы бағалы қағаздар нарығында мәмiлелер жасауға бақылауды жүзеге асырады; 

      38) заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн бередi, сондай-ақ оны беру және жоғалту тәртiбiн белгiлейдi; V032633

      39) бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi туралы онда бар мәлiметтерді пайдалана отырып бағалы қағаздар нарығының мәселелерi жөнiндегi ақпаратты (коммерциялық, банктiк, қызметтiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiне қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялайды; 

      40) бағалы қағаздар нарығын реттейтiн шетелдiк органдармен бағалы қағаздар нарығын реттеу жөнiнде қолданатын шараларды үйлестiру, бағалы қағаздар нарығындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мәселелерi және өзара мүдденi бiлдiретiн өзге де мәселелер бойынша өзара iс-әрекет жасайды; 

      41) қоғамның дауыс беретiн акцияларының отыз және одан көп процентiн бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алу ниетi туралы хабарлама ұсыну тәртiбiн белгiлейдi; V032560

      42) акционерлiк қоғамдардың қаржылық есебiн баспасөз басылымында жариялау мерзiмдерiн айқындайды; V032456

      43) акционерлердiң жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердiң тiзiмi болуы тиiс мәлiметтердi айқындайды

      44) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн бағалау тәртiбiн айқындайды; 

      44-1) арнайы қаржы компаниясын ерiктi қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат алу тәртiбiн айқындайды

      44-2) арнайы қаржы компаниясының бөлiнген активтерi бойынша уақытша бос түсiмдердi инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесiн белгiлейдi;

      44-3) арнайы қаржы компаниясының жаңа басқарушы агентке берiлетiн активтерiн салыстыру тәртiбiн белгiлейдi;

      44-4) үлгi кастодиан шартын әзiрлейдi және оның нысанын белгiлейдi; V032320

      44-5) кастодиан банктiң арнайы қаржы компаниясының активтерiн мақсатына лайық орналастыруға бақылау жасау тәртiбiн айқындайды

      44-6) арнайы қаржы компаниясының активтерiн жаңа кастодиан банкке беру тәртiбiн айқындайды

      45) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеу жөнiндегi өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.12.10. N 1495 , 2006.01.18. N 20 , 2006.05.22. N 119 Жарлықтарымен.  

      16. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Агенттiк: 

      1) жинақтаушы зейнетақы қорын құруға, оның ерiктi қайта ұйымдастырылуына және таратылуына рұқсат беру шарттары мен тәртiбiн белгілейдi;

      2) өзi белгiлеген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы aктивтерін тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялайды, сондай-ақ лицензияны қолдануды тоқтата тұрады және жаңартады немесе оны қайтарып алады; 

      3) үлгi кастодиан шартының және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;  V032320 V095603

      4) жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
      5) алынып тасталды  

      6) өзi белгiлеген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм бередi (қайтарып алады); 

      7) пруденциалдық нормативтердiң тiзбесiн, олардың нормативтiк мәнiн, есептеу әдiстемесiн белгiлейдi

      8) жинақтаушы зейнетақы қорларының және олардың аффилиирленген тұлғаларының есеп беруiн ұсыну (қаржылық және статистикалық есеп берудi қоспағанда) тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерi мен тәртібiн белгiлейдi; 

      8-1) жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында есеп берудi (қаржылық және статистикалық есеп берудi қоспағанда) және өз қызметі туралы ақпаратты жариялау тәртiбiн белгiлейдi

      9) жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен аффилиирленген тұлғалардың және жинақтаушы зейнетақы қорымен бiрге шоғырландырылған негiзде консорциумдарға және жай серіктестіктерге қатысатын ұйымдардың қызметiн реттеудi жүзеге асыру ережесiн белгiлейдi; 

      10) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы ережелерiн келiседi; 

      11) жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, жарғылық капиталды қалыптастырудың тәртiбiн және құрамын белгiлейдi

      12) агенттің жинақтаушы зейнетақы қоры алдындағы салымшылардың аударылған зейнетақы жарналары туралы есеп беру нысанын белгілейдi; 

      13) өзiнiң құзыретi шегiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу және оларды тарату мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды; 

      14) өзiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарынан және өзге ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан қажеттi құжаттарды сұратады және алады; 

      15) кастодиан банктiң жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн мақсатты орналастыруын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;

      16) салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу тәртiбiн айқындайды және зейнетақы жарналарын есепке алудың дұрыс жүргiзiлуiн және жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарында инвестициялық кiрiстiң есептелуiн бақылауды жүзеге асырады

      17) жинақтаушы зейнетақы қорларының сақталатын негiзгi құжаттарының тiзбесiн және оларды сақтау мерзiмдерiн айқындайды

      18) жинақтаушы зейнетақы қорының аудитiн жүзеге асыруға қойылатын талаптарды белгiлейдi; 

      19) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс iстеп тұрған кезеңде оның дауыс беру құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын тiкелей немесе жанама түрде иелену, билiк ету және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібiн белгiлейдi; 

      19-1) өзi белгiлеген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына еншілес ұйым құруға және сатып алуға, жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат бередi не рұқсат беруден бас тартады, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм бередi; 

      20) өзi белгілеген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыруға және ерікті түрде таратуға рұқсат береді; 

      21) жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау туралы шешiм қабылдайды; 

      22) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезiнде уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн реттейдi

      23) қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, оның зейнетақы шарттары бойынша мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртiбiн белгiлейдi

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына, оның аффилиирленген тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген ықпал ету шараларын мәжбүрлеу шараларын қолданады; 

      25) уақытша әкiмшiлiктiң қызметiне бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:
      уақытша әкiмшiлiктi тағайындау тәртiбiн және өкiлеттiктерiн айқындайды ;
      уақытша әкiмшiлiктiң есеп және өзгe ақпарат ұсынуына қойылатын талаптарды белгiлейдi ;
      жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу актiсiн бекiтедi; 

      26) мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып тарату комиссияларын тағайындайды; 

      27) тарату комиссияларының төрағаларына және мүшелерiне кандидатураларға қойылатын талаптарды белгiлейдi

      28) мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларын тарату тәртiбiн және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды

      28-1) ерiктi таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерiн айқындайды

      29) өзi белгiлеген тәртiппен тарату комиссиясының қызметiн бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:
      мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тiзiлiмiн бекiтедi;
      ерiктi немесе мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiнiң құрамын бекiтедi;
      тарату комиссияларының есеп беру және қосымша ақпарат ұсыну нысандарын, мерзiмдерiн және кезеңдiлiгiн белгiлейдi ;
      мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы есептi және тарату балансын қарайды және келiседi ;
      тарату комиссиясының қызметiн тексередi және олар орындауға мiндеттi нұсқамалар шығарады;
      зейнетақы қорының тарату комиссиялары төрағаларының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерiн қарайды, оларға Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жаза қолданады;
      таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiн қалыптастыру және қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi ;
      тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекiту ерекшелiктерi мен тәртiбiн белгiлейдi ;
      тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кiрiс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргiзу ережелерiн орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерiн, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткiзу мерзiмдерiн айқындайды

      29-1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң жалпы жиналысына қатысу үшiн өз өкiлiн жiбередi; 

      30) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi туралы ақпарат жариялау тәртiбiн белгiлейдi; 

      31) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн тексередi; 

      32) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу жөнiндегi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.12.10. N 1495 , 2006.05.22. N 119 Жарлықтарымен. 

3-тарау. Агенттiктiң Басқармасы

      17. Басқарма Агенттiктiң жоғары органы болып табылады.
      Агенттiктiң Басқармасы тоғыз адамнан тұрады.
      Агенттiк Басқармасының құрамына Агенттiктiң Төрағасы және Агенттiктiң лауазымды тұлғалары, Қазақстан Республикасының Президентiнен, Ұлттық Банктен және Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінен бiр-бiрден, Қазақстан Республикасының Yкiметiнен екi өкiл кiредi.
      Агенттік Басқармасының Қазақстан Республикасы Президентінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінен, Ұлттық Банктен, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінен және Агенттіктен мүшелерін тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банк, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі және Агенттіктің төрағасы тағайындайды және босатады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.12.10 N 1495 , 2006.01.18 N 20 , 2007.05.08 N 326 , 2008.04.23  N 575 Жарлықтарымен.  

      18. Агенттiк Басқармасының құзыретiне қаржы ұйымдарының қызметiн реттеу мен қадағалауды жүзеге асырудың мынадай мәселелерi кiредi: 

      1) қаржы нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау; 

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өкiлеттiктер шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту; 

      3) қаржы ұйымдарын ашуға, ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға рұқсаттар бepу не беруден бac тарту және оларды қайтарып алу туралы шешiм қабылдау; 

      4) осы Жарлықтың 21-тармағының 15-1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржы нарығындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияларды беру, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың, қызметiн жаңартудың, қайтарып алудың тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ осы лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, қызметiн жаңарту және қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдау; 

      4-1) осы Жарлықтың 21-тармағының 15-1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттiк бюролар қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды беру, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың, қызметiн жаңартудың тәртiбiн белгiлеу , сондай-ақ осы лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, қызметiн жаңарту туралы шешiмдер қабылдау ; 

      5) актуарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру, қолдануды тоқтата тұру, жаңарту және қайтарып алу тәртiбiн белгiлеу , қаржы ұйымдары қызметiнiң аудитiн жүргiзу

      6) банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беру туралы шешiм қабылдау; 

      6-1) банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, жинақтаушы зейнетақы қорларына еншiлес ұйымдарды құруға және сатып алуға, банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдау; 

      7) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының оның акционерлерiндегi акцияларды мәжбүрлеп сатып алу және осы акцияларды жаңа инвесторға сату туралы шешiм қабылдау; 

      8) Агенттiктiң банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерiмен банктiк холдингке және (немесе) банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысына тиесiлi осы қаржы ұйымдарының акцияларын сенiмгерлiкпен басқару шартын жасасуы туралы шешiм қабылдау; 

      8-1) Агенттік төрағасының не оның орынбасарының құзыретiне жатқызылған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көздемеген жағдайларда қаржы ұйымдарына санкциялар қолдану туралы шешiм қабылдау; <*> 

      9) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын консервациялау және қаржы ұйымының (қаржы ұйымы) уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау туралы шешiм қабылдау;

      10) мынадай:
      қаржы нарығының активтерiн бағалы қағаздар деп тану;
      бағалы қағаздар нарығындағы белгiлi бiр қызмет түрлерiн кәсiби қызмет ретiнде тану;
      ашық жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс iстеп тұрған кезеңде оның дауыс беру құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын тiкелей немесе жанама түрде иелену, билiк ету және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат беру туралы шешiмдер қабылдау;
      қаржы агенттiгi, өзiн өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру және жоғалту туралы шешiмдер қабылдау; 

      10-1) көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімшесінің жұмысын үйлестіру және бақылау; 

      11) алынып тасталды  

      12) Агенттiктiң құрылымы, жалпы штат саны және Агенттiк туралы ереженi қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсыну; 

      13) Агенттiк қызметкерлерiнiң еңбекақы жағдайларын, ақы төлеу жүйесi мен мөлшерлерiн, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етiлуiн айқындау және бекiту.
      Басқарма Агенттiктiң құзыретiне кiретін кез келген мәселенi қарауға және ол бойынша шешiм қабылдауға құқылы.
      Агенттiк Басқармасының отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өтедi. Басқарманың отырысын Агенттiктiң Төрағасы, ал ол болмаған жағдайда - оның орнындағы адам өткiзеді.
      Агенттiк Басқармасының отырысы демалыс және мереке күндерiн қоса алғанда кез келген күнi және тәулiктiң кез келген уақытында өтуi мүмкiн. Агенттiк Басқармасының отырысы өткiзiлетiн орынды Агенттiктiң Төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам айқындайды.
      Басқарманың отырысы қажеттiлiгiне қарай бiрнеше күн бойы жүргiзiлуi (жалғасуы) мүмкiн. Бұл жағдайда Басқарма отырысының соңғы күнi шешiм қабылдау күнi болып саналады.
      Агенттiктiң Төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам не Басқарма мүшелерiнiң кем дегенде үштен бiрi неғұрлым шұғыл және маңызды мәселелердi талқылау үшiн Басқарма отырысының кезектен тыс отырысын өткiзудi талап етуге құқылы.
      Нақты мәселе бойынша Басқарманың отырысына қатысатын тұлғалар тобын (Басқарма мүшелерiнен басқа) Агенттiктiң Төрағасы айқындайды.
      Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң, оның iшiнде Агенттiктiң Төрағасының, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адамның қатысу шартымен Басқарма мүшелерiнiң жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар саны тең болған кезде Агенттiк Төрағасының, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адамның даусы шешушi болып табылады. Агенттiк Басқармасының шешiмi сауалнама арқылы да қабылдануы мүмкiн.
      Агенттiктiң Төрағасы Басқарманың шешiмiн қайтадан талқылау және дауыс беру үшiн өзiнiң келiспеушiлiктерiмен бiрге бiр аптадан кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма оның жалпы санының үштен екiсiмен бұрын қабылданған шешiмдi растаса, Агенттiктiң Төрағасы шешiмге қол қояды.
      Басқарманың жекелеген мүшелерiнiң тұрақты жұмыс орны Агенттiк орналасқан жермен сәйкес келмейтiн орын болып табылуы мүмкiн екенiн назарға ала отырып, сондай-ақ Басқарма мүшелерiнiң кейбiр мүшелерi қызметтiк iссапарларда болған немесе өзге дәлелдi себептермен болмаған жағдайларда, талқыланатын мәселелер олармен Агенттiк Төрағасының телефон бойынша не басқа да байланыс құралдарын пайдаланумен сөйлесуi арқылы келiсiлуi мүмкiн. Олардың қабылданған шешiм бойынша позицияларын кейiннен растау Басқарманың қаулысына қол қою кезiнде ресiмделедi.
      Басқарма оның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
      Басқарма мүшелерiнде Басқарманың отырысында талқыланатын мәселе бойынша, сондай-ақ Агенттiк Төрағасының, ол болмаған жағдайда, оның орнындағы адамның шешiмi бойынша Басқарманың отырысы басталғанға дейiн жазбаша түрде бiлдiрген және осы отырыс басталғанға дейiн алынып тасталмаған нақты келiспеушiлiктер болған жағдайда хаттама жасалады. Бұл жағдайда Агенттiк Төрағасы, ол болмаған жағдайда, оның орнындағы адам Басқарма мәжiлiсi хатшысының функциясын Агенттiк Басқармасының кез келген мүшесiне не Агенттiктiң өзге қызметкерiне жүктеуi мүмкiн.
      Басқарманың отырысына енгiзiлген мәселелер бойынша материалдар Агенттiктiң Басқарманың отырыс басталғанға дейiн кемiнде он күн бұрын кешiктiрмей алдын ала қарау үшiн Басқарманың мүшелерiне жiберiлетiн қаулыны тiкелей шығаруға (ресiмдеуге) жауап беретiн бөлiмшесiне ұсынылады. Басқарманың Төрағасы материалдарды алдын ала қараудың барынша қысқа мерзiмдерiн белгiлеуге құқылы.
      Агенттiк Басқармасының жұмыс тәртiбiн оның регламентi айқындайды.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.12.10. N 1495 , 2006.01.18. N 20 , 2006.05.22. N 119 , 2007.05.08. N 326 жарлықтарымен.

4-тарау. Агенттіктiң қызметiн ұйымдастыру

      19. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және босататын Төраға басқарады. 

      20. Төраға Агенттiктiң атынан iс-әрекет жасайды және мемлекеттiк органдармен, қаржы, халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастарда сенiмхатсыз Агенттiктiң мүддесiн бiлдiредi.
      Агенттiктiң Төрағасы Агенттіктiң қызметi үшiн жауап бередi. 

      21. Агенттiктiң Төрағасы Агенттiктiң Басқармасы үшiн осы Ережеде айтылған өкiлеттiктердi қоспағанда, Агенттік қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша жедел және атқарушы-өкiмдiк шешiмдер қабылдау өкiлеттіктерiне ие, соның iшiнде: 

      1) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi, Агенттiк Басқармасының қаулылары негiзiнде және/немесе оларды орындау үшiн Агенттiк қызметiнiң мәселелерi бойынша бұйрықтар мен өкiмдер шығарады, Агенттiк Басқармасының қаулыларына қол қояды; 

      2) өз құзыретi шегiнде Агенттiктi республикада және шет елде бiлдiредi;

      3) Агенттiктiң атынан Агенттiк Басқармасының мүшелерiн тағайындайды және босатады; 

      4) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындау үшiн Агенттiктiң Төрағасы орынбасарларының кандидатураларын ұсынады; 

      5) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Агенттiктiң жалпы штат саны және құрылымы негiзiнде Агенттiктiң штаттық кестесiн бекiтедi; 

      6) өз орынбасарларының мiндеттерiн айқындайды; 

      7) Агенттiктiң лауазымды тұлғаларын тағайындайды және оларды жұмыстан босатады, көзге түскен қызметкерлердi ынталандырады, тәртіптік жаза қолданады; 

      8) Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 

      9) Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес құрылатын Агенттiк комиссиясының құрамын бекiтедi; 

      10) Агенттік қызметкерлерiнiң соттарда және басқа ұйымдарда iстердi қарау кезiнде қатысу үшiн, сондай-ақ өзінің құзыретi шегiнде өзге мәселелер бойынша сенiмхаттар береді; 

      11) Агенттіктiң атынан шарттар жасайды; 

      12) Агенттiктiң қаржы және өзге есептерiне қол қояды; 

      13) жоғары кәсiби бiлiктiлiгi бар және аса маңызды функцияларды орындайтын жекелеген қызметкерлерге жеке лауазымдық жалақылар белгiлейді;

      13-1) қаржы нарығындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияларды, кредиттiк бюролар қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды беру туралы шешiмдер қабылдайды; 

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген лицензияларды қайта ресiмдеу туралы шешiмдер қабылдайды. 

      15) актуарлық қызметті жүзеге асыруға, қаржы ұйымдарының аудитiн жүргізуге лицензиялар беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, оларды жаңарту және қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдайды

      15-1) қаржы ұйымдары, кредиттiк бюролар ерiктi қайта ұйымдастырылғанерiктi таратылған жағдайларда, сондай-ақ олар уәкiлеттi органға лицензияларды ерiктi қайтарған жағдайларда уәкiлеттi орган берген лицензиялардың қолданылуын тоқтату туралы шешiм қабылдайды; 

      15-2) арнайы қаржы компанияларын ерiктi қайта ұйымдастыруға немесе ерiктi таратуға рұқсат бередi не оларды беруден бас тартады; 

      16) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалау мақсатында:
      банктiң тиiсті органы осы мәселенi қарағанға дейiн банктiң басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылдарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейдi деп тану үшін жеткілікті деректердiң негізiнде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында көрсетiлген адамдарды қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттету туралы шешiм қабылдайды;
      мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 

      17) сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау мақсатында:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиiсті органы осы мәселенi қарағанға дейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерiнiң іс-қимылдарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейдi деп тану үшін жеткiлiктi деректердiң негізiнде "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көрсетiлген адамдарды қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттету туралы шешiм қабылдайды;
      мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 

      18) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу мен қадағалау мақсатында:
      жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда акционерлердiң алдына жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерiн шеттету туралы мәселенi қояды;
      мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Агенттiктiң Төрағасы (не Агенттiк Төрағасының орынбасары) қаралуы Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес Агенттiктiң құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану жөнiнде шешiм қабылдайды.
      Агенттіктiң Төрағасы (не Агенттiк Төрағасының орынбасары) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде белгiленген мерзiмде лицензия беруден дәлелдi бас тартады.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.12.10. N 1495, 2006.01.18. N 20, 2006.05.22. N 119 Жарлықтарымен.

      22. Агенттiк Төрағасының үш орынбасары болады. Агенттік Төрағасының орынбасарларын Агенттiк Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды. Агенттiк Төрағасының орынбасарлары Агенттiктiң мүддесiн сенiмхатсыз бiлдiредi, құжаттарға қол қояды және Агенттiк қызметкерлерiнiң соттарда және басқа ұйымдарда iстердi қарау кезiнде қатысу үшiн, сондай-ақ өзінiң құрызеті шегінде өзге мәселелер бойынша сенiмхаттар бередi.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.05.08. N 326 жарлығымен.  

      23. Агенттiктiң Төрағасы оның құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi шешудi өзiнiң орынбасарларына, Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларына тапсыруға құқылы.
      Агенттiк Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және олардың функционалдық мiндеттерiнiң бөлiнуi негiзiнде мәселелердi қарайды және шешiмдер қабылдайды. 

      24. Агенттiктiң Төрағасы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Төрағаның бұйрығы бойынша оның орынбасарларының бipeуi атқарады. 

      25. Агенттiктiң Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн ұсына отырып қызметтен кетуге құқылы.
      Агенттiк Төрағасының орынбасарын Агенттiк Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметтен босатады. Төрағаның орынбасары өзiнiң жазбаша өтiнiшiн Агенттiктiң Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсына отырып қызметтен кете алады. 

      26. Агенттiк әкiмшiлiк-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебiн, Ұлттық Банктен алған мүлiктi есепке алуды, салықтар бойынша есептi дербес жүзеге асырады. 

      27. Агенттік Төрағасының және оның орынбасарларының жеке жалақыларының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

      28. Агенттік Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерiн қаржы ұйымдарына тексерулер жүргізу үшін тартуға құқылы.

5-тарау. Агенттiктiң есеп беруi

      29. Агенттiк жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентiне жылдық есептi бекiтуге ұсынады.
      Агенттiк Ұлттық Банкке есептi және Агенттiктiң қызметiн қаржыландыруға байланысты өзге құжаттаманы Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде бередi.

6-тарау. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату

      30. Агенттiктiң қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң     
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1270 Жарлығымен  
БЕКIТIЛГЕН      

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң
құрылымы

      Басшылық
      Стратегия және талдау департаментi
      Заң департаментi
      Банктердi қадағалау департаментi
      Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi
      Сақтандыру нарығының субъектiлерiн және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті
      Қаржы ұйымдарын тарату департаментi
      Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
      Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi
      Бухгалтерия
      Лицензиялау департаментi
      Ақпараттық технологиялар департаментi
      Өңiрлiк өкiлдер басқармасы
      Үйлестіру басқармасы - өкілдік (Астана қаласы)
      Көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасы
      Ескерту. Құрылымға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.12.10. N 1495, 2007.05.08. N 326, 2008.04.23 N 575 Жарлықтарымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады