Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
6, 7, 8-тармақтардағы "Еуро-2 экологиялық кезеңінде", "Еуро-3 экологиялық кезеңінде", "Еуро-4 экологиялық кезеңінде" деген сөздер тиісінше "2-экологиялық кезеңде", "3-экологиялық кезеңде", "4-экологиялық кезеңде" деген сөздермен, 14 және 15-тармақтардағы "Еуро-2 экологиялық кезеңі", "Еуро-3 экологиялық кезеңі", "Еуро-4 экологиялық кезеңі" деген сөздер тиісінше "2-экологиялық кезең", "3-экологиялық кезең", "4-экологиялық кезең" деген сөздермен, 16-тармақтағы "Еуро-2 экологиялық кезеңінің" деген сөздер "2-экологиялық кезеңнің" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
"17. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, бұрын пайдаланылған автокөлік құралдарының 3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкестігін растау Техникалық регламентке 5-қосымша ескеріле отырып жүзеге асырылады.";
Техникалық регламентке 4-қосымшада:
тақырыбындағы "Еуро-2 экологиялық кезеңі" деген сөздер "2-экологиялық кезең" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Олардың шығарылу жылына байланысты Еуро-2 талаптарына сәйкестігі" деген бағандағы "Еуро-2" деген сөз "2-экологиялық кезеңнің" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Техникалық регламентке 5-қосымшамен толықтырылсын;
2) күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30 № 1004 (2012.12.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30 № 1004 (2012.12.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші, бесінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 № 737 Қаулысымен.Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 977 қаулысымен бекітілген Техникалық регламентке 5-қосымша |
Автокөлік құралдары мен іштен жану қозғалтқыштарының
шығарылу жылына қарай 3-экологиялық кезең бойынша
техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі
Автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштарының шығарылған елі | 3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылы |
Еуропалық Одаққа кіретін,* бензин қозғалтқыштары | 2001 жылдан бастап және одан кейінгі |
Еуропалық Одаққа кіретін,* дизельдер | 2002 жылдан бастап және одан кейінгі |
АҚШ | 2001 жылдан бастап және одан кейінгі |
Жапония | 2005 жылдан бастап және одан кейінгі |
Канада | 2004 жылдан бастап және одан кейінгі |
Үндістан | 2010 жылдан бастап және одан кейінгі |
Қытай | 2008 жылдан бастап және одан кейінгі |
Корея | 2003 жылдан бастап және одан кейінгі |
Ескертпе:
* Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония кіреді;
осы қосымшаны сәйкестікті растау рәсімін өткізу кезінде сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар қолданады.