"Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 қыркүйектегі № 979 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы
№ 861 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерінде:
      бүкіл мәтін бойынша:
      «дамуы мен бюджеттік параметрлерінің», «дамуы мен бюджет параметрлерінің» және «дамуының және бюджеттік параметрлерінің» деген сөздер «даму» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «стратегиялық жоспарларының жобаларын», «стратегиялық жоспарларының жобалары», «стратегиялық жоспарлардың жобалары», «Стратегиялық жоспарлардың жобалары», «стратегиялық жоспарлардың жобаларын», «стратегиялық жоспарлардың жобаларымен» деген сөздерден кейін «немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын», «немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары», «немесе стратегиялық жоспарлар өзгерістер мен толықтырулардың жобалары», «немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары», «немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын», «немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта:
      бірінші бөлік пен екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлауда өзара байланыс орнату мақсатында стратегиялық және бағдарламалық құжаттар ескеріле отырып, жыл сайын жылжымалы негізде бесжылдық кезеңге әзірленеді және мыналарды:
      жылдар бойынша бөліп көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бес жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын, әлеуметтік параметрлердің болжамын, әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін қамтиды;»;
      екінші бөліктің үшінші абзацындағы:
      «бюджеттердің» деген сөзден кейін «негізгі параметрлерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      «болжамдарын;» деген сөзден «болжамдарын қамтуы тиіс.» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзац алып тасталсын;
      5-тармақтағы, 13-тармақтың бірінші бөлігіндегі, 18-тармақтың екінші бөлігіндей, 20, 21-тармақтардағы, 22 және 23-тармақтардың бірінші бөлігіндегі «мемлекеттік» деген сөз «бюджеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      бірінші абзацта «айқындау» деген сөз «айқындауды Республикалық бюджет комиссиясының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша ұсынысын ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады және» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «айқындауды қамтиды.» деген сөздер «айқындауды қамтиды;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемі тиісті Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады және ол мақұлдағаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізеді.»;
      7-тармақтың үшінші абзацындағы «мемлекеттік» деген сөз «үкіметтік» деген сөзбен ауыстырылсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейін стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын әзірлейді әрі тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 1 маусымына дейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын табыс етеді.
      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тек бюджеттік өтінімдер ұсынады.
      Нәтижелерге бағалау жүргізілген жағдайда, Ереженің осы тармағында көрсетілген құжаттарға бағалау нәтижелері қоса беріледі.
      Республикалық бюджеттің шығыстарын жоспарлау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 126-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есептердің деректерін ескереді.»;
      11-тармақта:
      «жоспарлы кезеңге арналған» және «мақұлданған» деген сөздер алып тасталсын;
      «болжамы негізінде» деген сөздерден кейін «әр үш жыл сайын бес жылдық кезеңге» деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақтың төртінші абзацындағы «мемлекеттік қызмет көрсетулер тізіліміне сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінімдері және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген стратегиялық жоспарларының жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары түскен күннен бастап оларды қарайды және ағымдағы қаржы жылының 15 маусымына дейін олар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытындылар дайындайды.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін бюджеттік және өзге заңнамаға, қолданыстағы заттай нормаларға, мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкестігі, қаржы қаражатымен қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарайды, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерін олардың стратегиялық бағыттардың стратегиялық мақсаттарымен, міндеттерімен өзара байланысына қарайды.
      Қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік өтінімдер осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көзделген құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда, оларды республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне пысықтауға қайтарады.
      Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.»;
      18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінімдер мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары қайтарылған жағдайда оларды пысықтайды және қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі.
      Республикалық бюджет комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген стратегиялық жоспарлардың жобаларымен немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен өзара байланысы тұрғысынан республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары бойынша шығыстардың болжамдық көлемдерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы негізінде қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.»;
      21-тармақтағы «стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттік өтінімдерді» деген сөздер «бюджеттік өтінімдерді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады