Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 1215-1 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 18 қарашадағы
№ 1215-1 қаулысымен 
мақұлданған     

Жоба

Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      үшінші елдермен саудада арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын келісіп қолдану және арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есепке алу мен бөлу тәртібін айқындау мақсатында,
      ұлттық өндірісті қорғауды, ұлттық және шетелдік тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестікті дамытуға, сондай-ақ ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыруға ықпал ететін жағдай жасауды қамтамасыз етуге тілек білдіре отырып,
      2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші мемлекеттерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісім, 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімнің ережелерін және Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын өзге де құжаттарды, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормалары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына үшінші елдерден әкелінетін тауарлар импортына қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қолданылатын арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары Кеден одағына мүше мемлекеттер өндірісінің жалпы көлемінде залал не залал қаупі белгіленген ұлттық өндірушілердің ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерулердің мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарлардың (арнайы қорғауды тексерулердің мақсаттары үшін) өндіріс үлесін белгілеу тұрғысынан қайта қарауға жатады.
      Ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерулердің мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарлардың (арнайы қорғауды тексерулердің мақсаттары үшін) өндіріс көлемі осы Келісімге қол қою күнінің алдындағы тікелей күнтізбелік 3 жылда өндірілген тауарлар көлемі ретінде айқындалады.
      Осындай қайта қарауды барлық мүдделі тұлғаларға бір мезгілде хабарлай отырып, аумағында тиісті шара енгізілген Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүргізеді.
      Осы Келісімнің мақсаттары үшін Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануды енгізу алдындағы тексеру жүргізуге жауапты ұлттық органдар Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары деп ұғынылады.

2-бап

      Егер осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты қолданылатын арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қайта қарау нәтижелері бойынша ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерулердің мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды (арнайы қорғауды тексерулердің мақсаттары үшін) ұлттық өндірушілердің Кеден одағына мүше мемлекеттер өндірісінің үлесіне едәуір бөлігі тиесілі болса, бірақ оның жалпы көлемінің 25 пайызынан кем болмайды деп белгіленсе, онда мұндай шара Кеден одағы комиссиясының тиісті шешімі негізінде мұндай шараны қабылдаған Тарап белгілеген, шараның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үшінші елдерден тауар импортына қатысты Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына қолданылады.
      Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шарасын енгізу туралы Кеден одағы комиссиясының шешімі күшіне енген күннен бастап мұндай шараға қатысты қайта қарау нәтижелері бойынша құзыретті органның бастамасы немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші мемлекеттерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге сәйкес қайта тексеру жүргізілуі мүмкін.
      Осы баптың 2-абзацында көрсетілген қайта тексерулерге қатысты ең аз мерзімді айқындайтын және ол аяқталғаннан кейін демпингке қарсы немесе өтемақылық қайта тексеру жүргізілуі мүмкін 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші мемлекеттерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімнің 17-бабының 4-тармағының және 27-бабының 4-тармағының ережелері қолданылмайды.
      Қайта қарау нәтижелері бойынша Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында енгізілген шараға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық қайта тексеру жүргізу тиісті ұлттық шара бойынша қайта қарауды жүргізген Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы жүзеге асырады.

3-бап

      Кеден одағына мүше мемлекеттің осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген осы мемлекеттің аумағына үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты қолданылатын арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қайта қарауды жүргізетін уәкілетті органы Кеден одағына мүше мемлекеттердің басқа уәкілетті органдарына осындай қайта қарау нәтижелерін қарауға ұсынады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы осы мемлекеттің аумағына үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты қолданылатын арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қайта қарауды жүргізу кезінде бұл мәселе жөніндегі оның жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді және барлық мүдделі тұлғаларға осы қайта қарауды уәкілетті органы жүргізген Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өз түсіндірмесін ұсынуға мүмкіндік береді.

4-бап

      Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шарасын қолдану туралы Кеден одағы комиссиясының шешімі күшіне енген күннен бастап тиісті ұлттық шара өз қолданысын тоқтатады.

5-бап

      Егер осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қайта қарау жөніндегі нәтижелері бойынша ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерулердің мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды (арнайы қорғауды тексерулердің мақсаттары үшін) ұлттық өндірушілердің үлесіне Кеден одағына мүше мемлекеттер өндірісінің жалпы көлемінің 25 пайызынан кемі тиесілі болғаны белгіленсе, онда мұндай шара ұзартылмай Кеден одағына мүше тиісті мемлекеттің заңнамасына сәйкес оның қолданылу мерзімі өткенге дейін әрекет етуі мүмкін.

6-бап

      Осы Келісімге қол қойылған күнге дейін аяқталған тексерулердің нәтижелері бойынша арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес енгізіледі және осы Келісімнің 1, 2, 3, 5-баптарына сәйкес қайта қарауға жатады.
      Тараптар осы Келісімге қол қойылған күнге дейін аяқтамаған тексерулерді 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші мемлекеттерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімнің ережелеріне сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары аяқтайды.
      Тексеру өткізетін Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы өтінішті қолдаған Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерулердің мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды (арнайы қорғау тексерулерінің мақсаттары үшін) өндірушілердің Кеден одағына мүше мемлекеттер өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесін белгілеуді жүзеге асырады. Егер нәтижесінде ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерулердің мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды (арнайы қорғау тексерулердің мақсаттары үшін) осындай өндірушілердің Кеден одағына мүше мемлекеттер өндірісінің жалпы көлемінің кемінде 25 пайызы тиесілі болғаны белгіленсе, тексеру жалғасады.

7-бап

      Осы Келісімнің 1, 2, 3-баптарының ережелеріне сәйкес қайта қарауды жүргізу барысында және/немесе Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында шара енгізілгеннен кейін:
      Тараптар ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерулердің мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды (арнайы қорғауды тексерулердің мақсаттары үшін) ұлттық тұтынушылармен және өндірушілермен консультациялар жүргізеді;
      Тараптар Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында шаралар енгізумен байланысты мәселелер бойынша тұтынушылар мен өндірушілер арасында консультациялар жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
      Тараптардың әрқайсысы Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің тұтынушыларына мұндай Тарап мемлекетінің аумағында өндірілетін, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында бірыңғай шаралар енгізілетін тауарларға қол жеткізудің кемсітпейтін шарттарын қамтамасыз етеді.
      Кеден одағының комиссиясы мүдделі Тараптың ұсынысы бойынша осы бапты қолдануға байланысты мәселелерді қарайды және Кеден одағы комиссиясының қағидалары мен рәсімдеріне сәйкес қажетті шешімдерді қабылдайды.

8-бап

      Осы Келісімнің 1, 2, 3-баптарының ережелеріне сәйкес қайта қарауды жүргізу барысында Кеден одағының комиссиясы қайта қараумен байланысты мүдделері қозғалатын және экспорттаушылар мен шет мемлекеттермен, консультациялар өткізуді қамтамасыз етеді.

9-бап

      Тексерулерді, оның ішінде қайта тексерулерді, Кеден одағының комиссиясы тиісті шешім қабылдағанға дейін Келісімнің осы бабында көрсетілген ережелерге сәйкес 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші мемлекеттерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімнің ережелеріне сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, оның ішінде өз бастамалары бойынша жүргізеді. Бұл ретте тексеру жүргізу туралы өтініштер, Кеден одағы мемлекеттерінің экономикасы саласының атынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ұсынылады.
      Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық қайта тексеру жүргізу туралы өтініш аумағында ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғауды тексерулердің мақсаттары үшін) немесе ұқсас (демпингке қарсы және өтемақылық тексерулердің мақсаттары үшін) өндірушілер тіркелген Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органына беріледі.
      Егер өндірушілер Кеден одағы мүше біреуден артық мемлекетте тіркелсе, онда мұндай өтініш аумағында үлесіне өтінішті беретін немесе олардың атынан өтініш берілетін, тиісінше ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар немесе ұқсас тауар өндірушілер өндірісінің жиынтық көлемінің қолақты бөлігі тиесілі өндірушілер тіркелген Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органына беріледі.
      Кеден одағының комиссиясы Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерулер жүргізуі мен тексеру нәтижелері бойынша Кеден одағының комиссиясына ұсыныстар енгізуі регламентін бекітеді.
      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерулердің мақсаттары үшін пайдаланылатын мәліметтерді қалыптастыру тәртібін Тараптар жеке айқындайды.
      Тексерулер мен Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында енгізілген қайта қарауларды жүргізу кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүргізілетін рәсімдердің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші мемлекеттерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге сәйкес өз түсіндірулерін Кеден одағына мүше мемлекеттің тексеру жүргізген уәкілетті орган ұсыну мүмкіндігін береді.

10-бап

      Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден ісі, мемлекеттік статистиканы жүргізу, салық салу және заңды тұлғаларды тіркеу саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік билік (басқару) органдары, Кеден одағына мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік билік (басқару) органдары мен мемлекеттік биліктің (басқарудың) аумақтық (жергілікті) органдары үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты тексеру жүргізуде жәрдем көрсетеді және Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына тексеру жүргізу мақсатында қажетті мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді береді.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органына берілетін ақпарат осындай ақпарат сұратылған мақсаттар үшін ғана пайдаланылуы мүмкін.

11-бап

      Мүдделі тұлғаның Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органына беретін ақпараты осы тұлға мұндай ақпаратты ашу үшінші тұлғаға бәсекелестік артықшылық беретінін не мұндай ақпарат берген тұлға үшін немесе олар осындай ақпаратты алған тұлға қолайсыз салдарға әкеп соқтыратынын растайтын негіздемелерді берген жағдайда құпия ретінде қаралады.
      Құпия ақпарат Тараптар әрбір мемлекетінің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны берген тұлғаның рұқсатынсыз жария етілмейді.
      Тексеру жүргізу барысында алынатын құпия ақпарат Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес қорғалуға жатады.
      Құпия ақпаратты беретін мүдделі тұлғалар онымен бірге мұндай ақпараттың құпия емес нұсқасын беріге міндетті. Құпия емес нұсқа құпия түрде берілген ақпараттың мәнін түсіну үшін жеткілікті түрде толық болуы тиіс.
      Ерекше жағдайларда мүдделі тұлғалар құпия емес нұсқасын берудің мүмкін еместігінің себебін жазып, құпия ақпаратты құпия емес түрде берудің мүмкін еместігінің негіздемесін беруі мүмкін.
      Егер Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органы мүдделі тұлға берген негіздеме берілген ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызуға мүмкіндік бермейтінін белгілесе не құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын бермеген мүдделі тұлға құпия ақпаратты құпия емес түрде берудің мүмкін еместігінің негіздемесін бермесе немесе құпия ақпаратты құпия емес түрде берудің мүмкін еместігінің негіздемесі болып табылмайтын мәліметтер берсе, Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органы бұл ақпаратты есепке алмауы мүмкін.
      Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамдары және құпия ақпаратқа рұқсаты бар басқа адамдар құпия ақпараттың жария болуына уәкілетті орган орналасқан мемлекеттің заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.

12-бап

      Кеден одағының комиссиясы Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына үшінші елдерден тауарлар импортына қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізгенге дейін Кеден одағына мүше мемлекеттер егер осы Келісімде және Кеден одағының комиссиясының шешімдерінде өзгеше көзделмесе, Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бұрын енгізілген арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданады.

13-бап

      Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждарын, оның ішінде ұлттық деңгейде белгіленген алдын ала (уақытша) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу шешімі бойынша осы баждар қолданылатын Кеден одағына мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

14-бап

      Кеден одағы комиссиясының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шарасын қолдану туралы шешімі күшінен енген күннен бастап арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының (алдын ала арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын қоспағанда) сомасы Кеден одағының Кеден кодексінде және 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімде айқындалған және кедендік әкелу баждары үшін көзделген тәртіппен есепке жатқызуға және бөлуге жатады.
      Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу шотына салықтар мен алымдар, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекет бюджетінің атқарылуына кассалық қызметтер көрсететін мемлекеттік органның бірыңғай шотына түскен өзге де төлемдер (кедендік әкелу баждарын қоспағанда) есепке жатқызылуы мүмкін.
      Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу Кеден одағына мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Кеден одағы комиссиясының тиісті тексерулердің нәтижелері бойынша арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шарасын қолдану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап алдына ала арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы бажының төленген сомасы (2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші мемлекеттерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімде белгіленген жағдайларда толық немесе ішінара) Кеден одағының Кеден кодексінде және 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімде айқындалған және кедендік әкелу баждары үшін көзделген тәртіппен есепке жатқызуға және бөлуге жатады.
      Егер тексеру нәтижелері бойынша арнайы, демпингке қарсы немесе  өтемақы шарасын енгізу үшін негіздеменің жоқ екендігі белгіленсе, алдына ала арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы бажының төленген сомасы төлеушіге қайтарылуға жатады.
      Тексерудің алдын ала нәтижелеріне сәйкес қабылданатын алдын ала арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу үшін енгізілетін ақша қаражатын қайтару (2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші мемлекеттерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімде белгіленген жағдайларда толық немесе ішінара) кеден органдары алдын ала арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарын өндіріп алған Кеден одағының мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Егер демпингке қарсы немесе өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тексеру жүргізу шеңберінде тиісті шараны қолдану уақытша ұзартылса, осындай қайта тексеру аяқталғанға дейін қолданылады демпингке қарсы және өтемақы баждары осы Келісімде белгіленген тәртіппен алдын ала демпингке қарсы және өтемақы шараларын төлеу үшін төленеді.
      Егер жүргізілу уақытына демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану ұзартылған қайта тексеру нәтижелері бойынша тиісті шараның қолданылу мерзімін ұзарту үшін негіздеменің жоқ екендігі белгіленсе, тиісті шараны қолдану ұзартылған мерзім ішінде өндіріп алынған демпингке қарсы немесе өтемақы бажының сомасы алдын ала демпингке қарсы және өтемақы баждарын қайтару үшін белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.
      Төлеушіге артық төленген (артық өндіріп алынған) арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын қайтару Кеден одағына мүше мемлекет бюджетінің атқарылуына кассалық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын органның бірыңғай шотынан кедендік әкелу баждарын қайтару үшін 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждар, балама әрекеті бар салықтармен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімде белгіленген ерекшелік) ескеріле отырып, кеден органдары арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы бажын өндіріп алған Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында кедендік баждардың артық төленген сомасын қайтару үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

15-бап

      Тараптар Кеден одағы комиссиясының тексерулер, оның ішінде Кеден одағы комиссиясының тиісті органын құру және (немесе) айқындау жолымен жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруы тәртібін және құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

16-бап

      Уәкілетті органдар мен үшінші елдердің шаруашылық субъектілерінің, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілерінің талап арыздарын қарау үшін өкілеттіктер берілген соттар жеке халықаралық шартпен айқындалады.
      Тараптар арасындағы осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар мен келіспеушіліктер мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері жолымен шешіледі. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау мүдделі тараптардың кез-келгенінің бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беріледі.

17-бап

      Тараптардың уағдаластықтары бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

18-бап

      Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады, ратификациялауға жатады және депозитарий соңғы ратификациялау грамотасын алған күннен бастап күшіне енеді.

      ____________ қаласында 2010 жылғы «___» ________ орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі болып табыла отырып, оның куәландырылған көшірмесін әрбір Тарапқа жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.

         Беларусь             Қазақстан            Ресей
      Республикасының      Республикасының     Федерациясының
       Үкіметі үшін          Үкіметі үшін       Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады