Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 93 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Жұмағұлов                       - Қазақстан Республикасының Білім
Бақытжан Тұрсынұлы                және ғылым министрі, төраға,

Байжүнісов                      - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерік Әбенұлы                      сақтау вице-министрі,

Мыңжанов                        - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Қайрат Тұрсынайұлы                министрлігі Штабтар бастықтары
                                  комитеті төрағасының орынбасары,
                                  полковник,

Дауылбаева                      - Қазақстан Республикасы Білім және
Ләззат Жұматайқызы                ғылым министрлігі Балалардың
                                  құқықтарын қорғау комитеті
                                  Балалардың құқықтарын қорғау
                                  басқармасының бастығы, хатшы,

О`Брайен                        - Халықаралық еңбек ұйымының бала
Дина Талғатқызы                   еңбегін жою жөніндегі
                                  бағдарламасының (ИПЕК)
                                  үйлестірушісі (келісім бойынша);

      мына:

«Жаңабай                        - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Самат Қуанышбекұлы                министрлігінің Консулдық қызмет
                                  департаменті директорының міндетін
                                  атқарушы»

      деген жолдағы «департаменті директорының міндетін атқарушы» деген сөздер «департаментінің директоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген құрамнан Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Салидат Зекенқызы Қайырбекова, Болат Қаскенұлы Сембинов, Гауһар Айтжанқызы Саймасаева, Дана Шайханқызы Жандаева шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады