Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 106 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 224 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 111-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2006 жылғы 4 сәуірдегі
№ 237 қаулысымен   
бекітілген     

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы облыс мәслихатының шешімімен бекітілген қаражат есебінен және шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – су пайдаланушы) суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын жергілікті бюджеттен субсидиялау тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) су беруші – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелерінің қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      2) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
      3) суармалы суды беру жөніндегі қызметтер – су көздерінен (өзен, су қоймасы, арна және тағы басқа) су алу арқылы су пайдаланушыға суды жеткізу, су тартқыштар бойынша (арна, құбыржолдар) тасымалдау және бөлу, су пайдаланушылардың су бөлу орындарына жеткізу;
      4) су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативі (САТК) – ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды бірлесіп басқару үшін мүшелік негізінде жүктелген аумақта жер учаскелерін иеленуші (пайдаланушы) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі;
      5) ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) – суармалы суды беру жөніндегі қызметтер құнының бір бөлігін жергілікті бюджеттен субсидиялауға жататын су пайдаланушылар тізімін, және су пайдаланушылар бойынша субсидия сомаларын қарау және оларды бекіту жөнінде ұсыныстар енгізу үшін аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия.
      3. Субсидиялар су пайдаланудың бекітілген лимиті шегінде ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы суды беру жөнінде алынған қызметтер үшін су пайдаланушылардың шығындарын iшiнара өтеуге (көрсетілген қызметтердің құнын арзандатуға) арналады.
      4. ВАК өз қызметінде әкім бекіткен ережені, жұмыс регламентін, суармалы суды беру жөніндегі қызметтер құнының бір бөлігі субсидияланатын су пайдаланушыларды таңдау өлшемдерін басшылыққа алады.
      ВАК төрағалық ететін аудан әкімінің орынбасары және қатысушылар – жергілікті атқарушы органдардың, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның мамандары, қоғамдық ұйымдардың, су пайдаланушылар қауымдастықтарының өкілдері және басқалар құрамында құрылады.
      Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
      Бөлім ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден құжаттарды қабылдау мерзімі мен басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс тәртібін жергілікті БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.
      5. Су пайдаланушыларға берілген судың көлемі су бөлетін орындарда анықталады.
      6. Берілген судың бір текше метріне бөлінетін субсидиялар мөлшері осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес суармалы суды беру және суару әдістерін ескере отырып, су пайдаланушылар үшін табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тарифтерге пайыздық ара қатынаста сараланған түрде белгіленеді.
      Бұл ретте, егер субсидиялауды ескергенде қызметтің құны осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес құнынан төмен болса, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтер субсидиялауға жатпайды.
      7. Субсидия алатын кезде САТК-ға бірлескен (су берушінің арнасынан жалғыз су пайдаланушы болып табылатындардан басқа), суды есептеу құралы және су пайдаланудың белгіленген лимиті айларға бөлінген су берушімен суармалы суды беру жөніндегі шарты бар су пайдаланушыларға басымдық беріледі.
      8. Субсидиялар тікелей су пайдаланушылардың және САТК шоттарына аударылады (САТК мүшелерінің шешімі негізінде).
      Жалпы облыс бойынша субсидия көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы облыстың тиісті мәслихатының шешімімен анықталады. Аудандар бойынша субсидиялар көлемі облыс әкімінің тиісті шешімімен айқындалады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары субсидиялар көлемін ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде аудан әкімдерінің назарына жеткізеді.

2. Субсидиялар төлеу тәртібі және су пайдаланушыларға суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау шарттары

      9. Субсидиялар алу үшін су пайдаланушылар (су берушінің арнасынан жалғыз су пайдаланушы болып табылатындардан басқа) құжаттарды САТК арқылы ВАК-қа ұсынады.
      10. САТК берілген су үшін қызметтер құнын арзандатуға субсидиялар алу үшін ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейінгі мерзімде ВАК-қа осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      САТК жарғысының көшірмесі;
      САТК-ның өтінім беру және субсидиялар алу жөніндегі өкілеттіктерін беру туралы САТК мүшелері жиналысының хаттамасы;
      су берушінің тарифін бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі;
      осы Қағиданың 7-қосымшасының үлгі нысанына сәйкес САТК-ның су берушімен әрбір су пайдаланушылар үшін айлар бойынша су пайдаланудың лимиті көрсетілген, алдағы суармалы маусымға суармалы суды беру  туралы шартты;
      әрбір су пайдаланушының жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері;
      әрбір су пайдаланушының суаруға арналған құрылыстарының, жабдығы мен құрылғыларының техникалық паспорттарының бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
      әрбір су пайдаланушының суаруға арналған суды есептейтін аттестатталған құралдардың бар екені туралы құжаттардың көшірмелері;
      заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі (ақшаны су пайдаланушының шотына аударатын кезде оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесі);
      клиенттің салық есебінде тұрғанын растайтын, салық органы берген құжаттың көшірмесі;
      деректемелері көрсетілген банк шотының болуы туралы анықтама.
      Егер су пайдаланушы осы Қағиданың 5-тармағына сәйкес САТК мүшесі болмаса, онда ол субсидия алу үшін жоғарыда көрсетілген САТК жарғысының көшірмесі мен САТК мүшелерінің өкілеттік беру туралы жиналыстың хаттамасынан басқа құжаттарды өз бетінше ұсынады.
      11. ВАК ағымдағы жылдың 25 ақпанына дейінгі мерзімде ұсынылған өтінімдерді қарайды және тиісті хаттамаға қол қойып, суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын арзандату бойынша субсидия алуға САТК бөлінісінде су пайдаланушылардың тізімі мен осы Қағиданың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес ставкалар бойынша субсидиялар сомасын аудан әкіміне бекітуге ұсынады.
      Аудан бойынша субсидиялардың жалпы сомасы берілген субсидиялар сомасының көлемінен аспауға тиіс.
      САТК және жекелеген су пайдаланушылар бөлінісінде су пайдаланудың лимитін су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу саласындағы уәкілетті органның су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары анықтайды.
      Су пайдаланушылар өтінімдерінің саны субсидиялар сомасының көлемінен асып кеткен жағдайда неғұрлым прогрессивті суармалы суды беру технологиялары бар су пайдаланушылардың өтінімдері басым тәртіппен қанағаттандырылады.
      12. Су пайдаланушылар тізімі бекітілгеннен кейін аудан әкімі ағымдағы жылдың 28 ақпанына дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша САТК бөлінісінде су пайдаланушылар тізімін ұсынады.
      13. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы су пайдаланушылар тізімін алғаннан кейін уәкілетті орган белгілеген су пайдаланудың лимитімен аудан бойынша субсидиялаудың жалпы сомасының сәйкестігін салыстырады. Одан кейін бір апта мерзімде жылдық субсидия сомаларын көрсете отырып, су берудің құнын арзандатуға арналған бюджеттік субсидия алушылар – су пайдаланушылар тізімін бекіту жөнінде аудан әкімдері қабылдаған шешімдер туралы су пайдаланушылар мен САТК-ны жазбаша түрде хабардар етеді.
      14. САТК әр айдың 20-күніне дейін бөлімге мыналарды беріп отырады:
      осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес су берушілермен суармалы суды беру жөнінде қызмет көрсету актісі;
      су берушіге суармалы суды беру жөніндегі қызметтер үшін қаражат аударылғанын растайтын төлем құжаттарының көшірмесі. Бұл ретте тараптардың уағдаласуы бойынша су пайдаланушы (су пайдаланушының атынан САТК) қалған бөлігін субсидия алғаннан кейін төлеу жөнінде өзіне қосарлама міндеттеме ала отырып, су беруші көрсеткен қызметтер құнының кемінде 50 %-ын төлей алады.
      15. Бөлім осы Қағиданың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тексергеннен кейін, ағымдағы айдың 25-күніне дейінгі мерзімде Басқармаға осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша су пайдаланушылар бойынша жиынтық тізілімді жібереді.
      16. Басқарма ұсынылған құжаттардың осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және үш жұмыс күні ішінде бюджеттік субсидияларды төлеуге ведомость пен төлем шоттарын қалыптастырады.
      Төлемді жүргізген кезде Басқарма екі жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және екі данада төлем шоттарын ұсынады.

Ауыл шаруашылығы тауар  
өндірушілерге су жіберу  
бойынша қызметтің құнын  
жергілікті бюджеттерден  
субсидиялау қағидасына  
1-қосымша       

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеткізілген судың бір текше метріне бөлінетін субсидиялар мөлшері

Суландыру (суару) түрлері бойынша өлшемдер

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге берілген судың 1 (бір) текше метріне субсидиялау мөлшері (бекітілген тарифке %-бен)

1.

Механикалық су көтерусіз әдеттегідей үстіңгі суландыру

20%

2.

Механикалық су көтерусіз жаңбырлату немесе өзіндік тегеурінді суландыру

30%

3.

Механикалық су көтерусіз суландырудың дискреттік технологиясы

40%


Күріш жүйесі үшін әдеттегідей суару

50%

4.

Механикалық су көтерумен әдеттегідей үстіңгі суландыру

60%

5.

Механикалық су көтерумен жаңбырлату немесе суландырудың дискреттік технологиясы

70%

6.

Екі есе механикалық су көтерумен немесе тамшылата суландыру

80%

7.

Тік дренаждың ұңғымаларынан суландыру үшін дренажды суды пайдалану

90%

Ауыл шаруашылығы тауар  
өндірушілерге су жіберу  
бойынша қызметтің құнын  
жергілікті бюджеттерден  
субсидиялау қағидасына  
2-қосымша       

Субсидиялауды ескере отырып, суару үшін суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің бұдан төмен субсидиялауға жатпайтын құны
(суару тәсіліне қарамастан)

Жеткізілетін судың көлемі, текше метр

Субсидиялауды ескере отырып қызмет құны
(тариф сияқты шығарылады* осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес субсидиялау мөлшері), теңге

1 (бір)

0,03

Ауыл шаруашылығы тауар  
өндірушілерге су жіберу  
бойынша қызметтің құнын  
жергілікті бюджеттерден  
субсидиялау қағидасына  
3-қосымша       

Нысан

Суармалы суды беру жөніндегі 
қызметтерге бюджеттік субсидиялар
алушы су пайдаланушылардың   
тізімін бекіту жөніндегі   
ведомствоаралық комиссияның  
төрағасы           
_______________________    
(Т.А.Ә)           

201__ жылы суландыру үшін суармалы суды беру
жөніндегі қызметтерге субсидиялар алуға
ӨТІНІМ

1. САТК және су пайдаланушы:_____________________________________
                             (САТК пен су пайдаланушының атауы)
2. Орналасқан жері:______________________________________________
                              (облыс, аудан, кент, көше)
3. Суландыратын жер____________________________________га.
   оның ішінде пайдалану межеленген____________________га.
4. Су көзінің атауы (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, бөлуші, су
бөлшегі) ________________________________________________________
5. Суармалы суды жеткізу бойынша шарт жасалған су берушінің атауы:
_________________________________________________________________
6. Су беруші үшін бекітілген тариф:_____________________________
                            (тариф, ТМРА бұйрығының № және күні)
7. Егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша суармалы суды тұтыну көлемі (су пайдаланушылар бөлінісінде):    

п/с

Егілетін дақыл

Егістік көлемі, га

Суландыру нормасы, м3/га

Су тұтыну көлемі, мың м3 (лимит)

Суару тәсілі

Су пайдаланушы 1





1






2







БАРЛЫҒЫ


Х


Х

Су пайдаланушы 2





1






2







БАРЛЫҒЫ


Х


Х

Су пайдаланушы 3





1






2







БАРЛЫҒЫ


Х


Х


ЖИЫНЫ


Х


Х

8. Су тұтыну көлемін айларға бөлу (су пайдаланушылар бөлінісінде):

Айлар

Суландыру алаңы, га

Суару нормасы бойынша су тұтыну көлемі, мың м3

Бекітілген тариф бойынша қызмет құны, мың теңге

Субсидиялау көлемі, %

Субсидия құны, мың теңге

Субсидиялау есебімен 1 м3 құны, теңге/м3

Су пайдаланушы 1













БАРЛЫҒЫ

Х



Х


Х

Су пайдаланушы 2













БАРЛЫҒЫ

Х



Х


Х

Су пайдаланушы 3













БАРЛЫҒЫ

Х



Х


Х

Су пайдаланушы 4













БАРЛЫҒЫ

Х



Х


Х

ЖИЫНЫ

Х



Х


Х

      9. ЖИЫНЫ: бір жылға _________ мың теңге төлеу.

      Ескертпе: Айлар бойынша есептелген су тұтыну көлемі су берушімен жасалған шарт бойынша суармалы судың көлемінен (су пайдалану лимитінен) аспауға тиіс.
      Осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес субсидиялау құнының көлемін ескере отырып беру жөніндегі қызметтер құны асып кеткен жағдайда субсидия төленбейді.

      САТК: _________________      ________________
               (қолы)                   (Т.А.Ә)

201__жылғы «__»__________

Ауыл шаруашылығы тауар  
өндірушілерге су жіберу  
бойынша қызметтің құнын  
жергілікті бюджеттерден  
субсидиялау қағидасына  
4-қосымша       

       «КЕЛІСІЛДІ»                            «БЕКІТЕМІН»
Қазақстан Республикасы                   _________________облысы
Ауыл шаруашылығы министрлігі             ________________ауданы
Су ресурстары комитеті                     ауыл шаруашылығы
_____________ бассейндік                 басқармасының бастығы
су шаруашылығы
инспекциясының бастығы
_____________________________            _________________________
      (Т.А.Ә.)                                    (Т.А.Ә.)

20__жылғы «__»_______                    20__жылғы «__»___________

_____________________                    _________________________
      (қолы)                                      (қолы)

____________________________облысы
______________________ ауданы бойынша
ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін суармалы суды жеткізу
жөніндегі қызметтер құнын арзандатуға бюджеттік субсидия алушы
су пайдаланушылар
ТІЗІЛІМІ

Р/с

Су берушінің/су пайдаланушының атауы (айлар бөлінісінде)

Су тұтыну көлемі
(суды беру лимиті), мың м3

Бекітілген тариф бойынша қызметтер құны мың теңге

Субсидиялау көлемі, %

Субсидия сомасы мың теңге

САТК 1





Суды тұтынушы 1






сәуір






маусым






тамыз






БАРЛЫҒЫ





Суды тұтынушы 2






сәуір






маусым






тамыз






БАРЛЫҒЫ





Суды тұтынушы 3






сәуір






маусым






тамыз






БАРЛЫҒЫ





САТК 2





Суды тұтынушы 1











Суды тұтынушы 2











Суды тұтынушы 3






БАРЛЫҒЫ





САТК 3






және т.б.

















Су пайдаланушылар тізілімі бойынша субсидия сомасы аудан бойынша барлығы________теңгені құрайды.

Аудан әкімі:__________  ___________
              (қолы)       (Т.А.Ә.)

Ауыл шаруашылығы тауар  
өндірушілерге су жіберу  
бойынша қызметтің құнын  
жергілікті бюджеттерден  
субсидиялау қағидасына  
5-қосымша       

Суландыру үшін суармалы суды жеткізу жөніндегі қызмет көрсету актісі

________________________ауылы           20__жылғы «__»_________
  (елді мекеннің атауы)

_________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Су беруші» деп
(құжаттың атауы)

аталатын_____________________________________________________________
                                 (ұйымның атауы)

атынан_________________________және_______________________________
      (аты, әкесінің аты, тегі)           (құжаттың атауы)

негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Су пайдаланушы» деп аталатын
______________________________ төмендегілер туралы осы актіні жасады:
               (Т.А.Ә.)

      Осы акт 201__жылғы__________айына «Су беруші» «Су пайдаланушымен» жасалған 201__жылғы «_» _________№___суландыру үшін суармалы суды жеткізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт негізінде белгіленген орынға______текше метр суармалы суды жеткізгендігі, ал «Су пайдаланушы» белгіленген орында жоғарыда көрсетілген су көлемін алғандығы туралы жасалды.
      Акт су есептеу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес берілген суды күн сайын есептеу журналының деректері негізінде жасалған.
      Бекітілген тариф бойынша суландыру үшін суармалы суды жеткізу бойынша «Су пайдаланушыға» көрсетілген қызметтің жалпы сомасы _____________теңгені құрады, оның ішінде ҚҚС__________теңге.
      «Су беруші» мен «Су пайдаланушы» екеуінің арасында жасалған 20__жылғы «__»___________№____шартқа сәйкес толық көлемде актіге қол қойылған күннен бастап суармалы суды жіберу кестесіне сәйкес қызмет көрсетті. Қызмет көрсеткен кезде шағымдар болған жоқ.

«Су беруші» үшін:                  «Су пайдаланушы» үшін:
_____________________                _______________________
     (Т.А.Ә.)                                (Т.А.Ә.)
_____________________                _______________________
    (қолы, мөр)                             (қолы, мөр)

20__жылғы «__»_______                20__жылғы «__»_________

Ауыл шаруашылығы тауар  
өндірушілерге су жіберу  
бойынша қызметтің құнын  
жергілікті бюджеттерден  
субсидиялау қағидасына  
6-қосымша       

«БЕКІТЕМІН»        
Облыс (республикалық маңызы бар
қала, астана) ауыл шаруашылығы
басқармасының бастығы    
__________   ____________  
  (қолы)       (Т.А.Ә.)    
20__жылғы «__»__________  

20__жылғы_____________________
      (ай)
________________________ облысы
________________________ ауданы
бойынша суару үшін суармалы суды жеткізу жөнінде нақты
көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі

Р/с

Су пайдаланушы атауы

Су берілді мың м3

Бекітілген тариф, 1 м3 теңге

Көрсетілген қызмет құны, теңге

Субсидия көлемі, теңге

Суармалы маусым басынан төленген субсидия, теңге

Төлеуге жатады, теңге

Суармалы маусым басынан бері

О.і. есептік кезең

Суармалы маусым басына

О.і. есеп тік кезеңге

Суармалы маусым басы на

О.і. есеп тік кезеңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы
____________   __________________
   (қолы)          (Т.А.Ә.)

20__жылғы «__»____________

      Ескертпе: 2-бағанда Су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қала, Астана) ауыл шаруашылығы басқармасы бекіткен Суды пайдаланушылар тізбесіндегі тәртіппен келтірілген.
      Субсидиялар мөлшері теңгемен (8-баған) қызмет құны осы Қағиданың 2-қосымшасында көрсетілгеннен төмен субсидиялауды ескере отырып төленбейтінін ескеріп есептеледі.

Ауыл шаруашылығы тауар  
өндірушілерге су жіберу  
бойынша қызметтің құнын  
жергілікті бюджеттерден  
субсидиялау қағидасына  
7-қосымша       

Суландыру үшін суармалы суды жеткізу жөніндегі қызметтер
көрсету туралы ұсынылатын шарттың үлгі нысаны

_____________________ ауылы (қаласы) 20__жылғы «__»__________

Кәсіпорын жарғысы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Су беруші» деп
аталатын______________________________атынан_____________________
         (заңды тұлғаның атауы)

бір тараптан, __________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Су
пайдаланушы» деп аталатын__________________________________атынан
                         (заңды немесе жеке тұлғаның атауы)

_________________________________________________ екінші тараптан
бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар осы Субсидиялауды ескере отырып тарифтер бойынша су беру бойынша қызметтер көрсету шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
      Осы Шартта төменде келтірілген ұғымдар мынадай түсініктеме береді:
      1) «Шарт» – барлық қосымшаларымен және оған толықтырулармен, сондай-ақ Шартта сілтемесі бар барлық құжаттамалармен бірге осы шарт;
      2) «Қызметтер» – Шарт шеңберінде Су беруші Су пайдаланушыға көрсетуі тиіс, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша суармалы суды жеткізу жөніндегі қызметтерді анықтайды;
      3) «Су беруші» – Шартта көрсетілген жағдайларда суару суын жеткізу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      4) «Су пайдаланушы» – қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру үшін суармалы жерлерді пайдалануға байланысты заңды немесе жеке тұлға;
      5) «Тариф» – табиғи монополияларды реттеу жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен суару суын жеткізу жөніндегі қызметтерге тариф.

1. Шарттың мәні

      1. Осы Шарт бойынша суармалы суды жеткізу жөнінде қызметтерді Су беруші тариф бойынша көрсетуге, ал Су пайдаланушы қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.

2. Тараптардың міндеттері

      Су беруші:
      2.1. Барлық суару маусымы ішінде_____жылға белгіленген_______ мың текше метр суды пайдалану лимиті шегінде декадалық шығыстар кестесіне сәйкес су шаруашылығы жүйесінің анықталған орындарында Су пайдаланушыға су беруге,
      2.2. Су пайдаланушыға суармалы суды берудегі межеленген өзгерістер туралы екі тәуліктен кешіктірмей хабарлауға,
      2.3. Су көзінде су ресурстары тапшылығы болған кезде әр су пайдаланушы үшін белгіленген кестелер бойынша суармалы судың көлемдерін төмендетуге,
      2.4. Қолда бар су есептеу құралының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге,
      2.5. Вегетациялық кезең басталғанға дейін суармалы дренаж желісінің су қабылдауға әзірлігін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      Су пайдаланушы:
      2.6. Шаруашылық ішіндегі суару желісін жұмысқа жарамды жағдайда ұстауға және оларды жиі тазалауды жүргізуге,
      2.7. Су берушіге су қабылдау кестесіндегі межеленген өзгерістер туралы 2 тәуліктен кешіктірмей хабарлауға,
      2.8. Берілген суармалы судың мақсатты тағайындалуы бойынша тиімді яғни суару үшін ғана пайдалануға,
      2.9. Суармалы суды мақсатсыз пайдаланған жағдайда субсидиялар сомасын бюджетке қайтаруды және мақсатсыз пайдаланғаны үшін_______ мөлшерінде айыппұл төлеуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.

3. Қосымша талаптар

      3.1. Суды тапсыру-қабылдау суармалы суды берудің бекітілген кестесіне сәйкес су бөлу орындарында жүзеге асырылады. Суды беру-қабылдау белгіленген нысанда екі данадағы журналда тіркеледі (біреуі Су берушіде, екіншісі Су пайдаланушыда сақталады). Жазу қара немесе көк сиямен шарикті немесе қаламсапты қаламмен жазылады.
      3.2. Суды қабылдау-тапсыру келісілген мерзімде тәуілігіне кемінде 2 рет тараптардан ресми түрде уәкілетті өкілдердің бірігіп қадағалауымен жүргізіледі, нәтижелері журналдарға тіркеледі.
      Тараптардың бірі келмеген жағдайда екінші тараптың жазуына дау айтылмайды.
      3.3. Өзендер мен шаруашылықаралық каналдарда сорғыларды орнату міндетті түрде Су берушімен келісілуге тиіс.
      Судың жеткізілген көлемін суарудан басқа мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілмейді. Бұлай болмаған жағдайда су алу суармалы суды өз бетінше басып алу болып саналады.

4. Есеп айырысу тәртібі

      4.1. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен суармалы суды жеткізу жөніндегі қызметтерге тарифтер ҚҚС-ны ескере отырып__________жылға мың текше метрге_________теңге көлемін құрайды.
      (Су пайдаланушы көрсетілген қызметтерге тариф бойынша толық көлемде ақы төлейді) немесе (Су пайдаланушы көрсетілген қызметтің 50 %-ына ақы төлейді, ал қалған 50 %-ына - субидиялар алғаннан кейін) немесе (Су пайдаланушы осы Шартқа қол қойғаннан кейін жылдық көлемнің ________%-ы көлемінде аванс төлейді және Су берушімен авансқа жұмысты істегеннен кейін ай сайын нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлейді) (қажетін уағдаласу бойынша қалдыру керек)
      4.2. Су пайдаланушының жылдық лимиті, барлығы_______________ мың текше метр.
      4.3. Тариф бойынша су пайдаланудың жылдық лимитінің құны ____________ теңге, ҚҚС есебімен.
      4.4. Осы Шартқа қол қойылмаған жағдайда суару маусымы басталғанға дейін Су беруші Су пайдаланушыға су беруді жүзеге асырмайды.

5. Төлем шарты

      5.1. Осы Шарт бойынша төлем теңгемен жүргізіледі.
      5.2. Қызметтер толық немесе ішінара көрсетілмеген жағдайда Су беруші осы Шарттың мерзімі өткен сәттен бастап _____ күннен кешіктірмей аванстық төлемнің тиісті сомасын кері қайтарады және Су пайдаланушыға _________ мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс.
      5.3. Жазылған есептерге Су пайдаланушыға тапсырылғаннан кейін 20 күн мерзімде ақы төленуге тиіс.

6. Айыппұл санкциялары

      6.1. Тарифтер бойынша уақтылы ақы төленбеген кезде Су пайдаланушы Су берушіге кешіктірілген әр күнге төлем сомасының _______ мөлшерінде өсімпұл төлеуге тиіс. Айыппұл санкцияларының (өсімпұлдың) жалпы сомасы төлем сомасының ____ %-ынан аспауы тиіс.

7. Дауларды реттеу тәртібі

      7.1. Осы Шарт бойынша туындаған немесе оған байланысты барлық келіспеушіліктер мен даулар Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешілуге тиіс.
      7.2. Егер Тараптар келісімге келе алмаса, онда келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес реттелуге тиіс.

8. Тараптардың жауапкершілігі

      8.1. Осы Шарт бойынша міндеттерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

9. Форс-мажорлық жағдайлар

      9.1. Егер осы Шарт бойынша су көлемі Су пайдаланушыға суару көзіндегі суармалы судың тапшылығы, дүлей апаттар сияқты еңсерілмейтін күш жағдайлары салдарынан түгел жеткізілмесе, Су беруші ол үшін жеткізбеуіне жауап бермейді.
      9.2. 9.1-тармақта көрсетілген жағдайларда тиісті мемлекеттік орган тиісті түрде растаса, олар заңды болады.
      9.3. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ Тарап ______ күн мерзімде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың басталғаны және тоқтағаны туралы басқа Тарапқа хабарлауға міндетті.

10. Басқа да жағдайлар

      10.1. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалса және оларға Тараптардың құқылы өкілдері қол қойса, қолданыста болып табылады.
      10.2. Осы Шарт _______ тілдерінде ____ данада Тараптардың әрқайсысына бірдей заңды күші бар бір данадан жасалған.
      10.3. Шарт өзара келісім бойынша бұзылуы және тоқтатылуы мүмкін. Ол үшін бұны қолдайтын Тарап Шартты бұзудың болжамды мерзіміне дейін _______ ай бұрын екінші Тарапқа хабарлайды.

11. Шартқа қоса берілетін құжаттардың тізбесі

1. Арнайы су пайдалануға рұқсат (су көзінен суды өз еркімен алғанда).

3. Суару үшін су алуға өтінім Бекітілген тариф бойынша.

4. Су тұтынушыға су берудің онкүндік кестесі.

2. СТН, жеке басының куәлігі, банктік деректемелері.

5. Күн сайын су беру есебінің журналы.

6. Жерге құқық беретін құжаттың көшірмесі.

12. Қорытынды ережелер

12.1. Осы Шарт оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
12.2. Шарттың қолданылу мерзімі:
20___жылғы «__»_________басталады
20___жылғы «__»_________аяқталады

Тараптардың мекенжайлары:

            Су беруші                      Су пайдаланушы
______________________________      ______________________________
индекс, облыс, аудан, ауыл                  (толық атауы)
______________________________      ______________________________
          республика                         (мекенжайы)
______________________________      ______________________________
    банктің атауы, және.б.                   (тел. факс)
______________________________      ______________________________
             е./шот                              СТН
______________________________      ________________________е./шот
________________________            ____________________
Қол қоюшының лауазымы, Т.А.Ә.
жұмыс телефоны

Басшы:                              Басшы:
______________________________      _____________________________

Бас бухгалтер:                      Бас бухгалтер:
______________________________      _____________________________

      Ескертпе: Шарт нөмірі облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы) бекіткен субсидия алатын су пайдаланушылар тізбесіндегі Су пайдаланушының реттік нөміріне сәйкес келуі тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады