Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 08.09.2017 № 553 қаулысымен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1724 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен құрылған Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
мыналар енгізілсін:
Сұлтанғазиев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Марат Елеусізұлы Салық және кеден саясаты, талдау және
болжамдау департаментінің директоры,
хатшы,
Әшімбаев - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Самат Бағдатұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігі (қаржы полициясы)
төрағасының орынбасары (келісім
бойынша),
Paу - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Альберт Павлович жаңа технологиялар бірінші
вице-министрі,
Бишімбаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қуандық Уәлиханұлы даму және сауда вице-министрі,
Өтенов - "KazEnergy" Қазақстан мұнай-газ және
Нұрлан Қалиоллаұлы энергетика кешені ұйымдарының
қауымдастығы" заңды тұлғалар
бірлестігінің атқарушы директоры
(келісім бойынша);
мына:
"Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі",
"Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы вице-министрі",
"Мағауов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Әсет Маратұлы және минералдық ресурстар
вице-министрі",
"Әубәкіров - "KazEnergy" Қазақстан мұнай-газ және
Асқар Әкімбайұлы энергетика кешені ұйымдарының
қауымдастығы" заңды тұлғалар
бірлестігінің атқарушы директоры
(келісім бойынша)"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі, төрағаның орынбасары",
"Бекетаев - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы министрлігінің жауапты хатшысы",
"Мағауов - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Әсет Маратұлы вице-министрі",
"Әубәкіров - "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас
Асқар Әкімбайұлы директорының корпоративтік даму және
активтерді басқару жөніндегі орынбасары
(келісім бойынша)";
көрсетілген құрамнан Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Толқын Сағынбекқызы Баймұханова, Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев, Нұрбек Тұрарбекұлы Раев, Тимур Мұратұлы Сүлейменов, Серік Әбілмәжінұлы Өзіханов, Орын Мұратұлы Сұлтан, Рүстем Әнуарұлы Ыбырайымов шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
6-тармақтың екінші бөлігіндегі "Экономика және бюджеттік жоспарлау" деген сөздер "Қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |