"Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 190 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов      

Жоба   

Қазақстан Республикасының Заңы
Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімді ратификациялау туралы

      Мәскеуде 2010 жылғы 9 желтоқсанда жасалған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
      Тараптардың экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ниетін растай отырып,
      Осы Келісім негізінде Тараптардың мемлекеттік және (немесе) муниципалдық сатып алу саласындағы заңнамаларын үндестіру қажеттілігін сезіне отырып;
      мемлекеттік және (немесе) муниципалдық сатып алу саласында келісілген саясатты жүргізуге ұмтыла отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Осы Келісімде қолданылатын ұғымдардың анықтамасы

      1. Осы Келісімде қолданылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
      1) «сатып алу» – мемлекеттік және муниципалдық (олар болған кезде) сатып алу – тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы және Тарап мемлекетінің мемлекеттік және муниципалдық сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты, сондай-ақ өзге қаражаттың есебінен өзге сатып алу, сондай-ақ сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) орындауға байланысты қарым-қатынастар;
      2) «веб-портал» – бірыңғай сатып алу веб-порталы (бірыңғай ресми сайт) – егер бұл Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген жағдайда, сатып алу туралы ақпаратқа қол жеткізудің бірыңғай орнын және көрсетілген ақпаратты орналастыруға, сондай-ақ электрондық қызметтерге (сатып алуға) қол жеткізудің бірыңғай орнын беретін әрбір Тараптың Интернет желісіндегі сайты (ақпараттық жүйе және электрондық ақпараттық ресурс);
      3) «тапсырыс беруші» – мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, бюджеттік ұйым, оның ішінде мемлекеттік және муниципалдық мекемелер, сондай-ақ Тарап мемлекетінің заңнамасында анықталған жағдайларда Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын өзге де тұлғалар. Тараптар Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында мемлекеттік және муниципалдық біртұтас кәсіпорындарға және мемлекеттің немесе муниципалдың қатысуы бар заңды тұлғаларға қатысты осы Келісімнің қолданылуын алып тастауды көздеуге құқығы бар. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында қызметі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алуды ұйымдастырушының құрылуы (жұмыс істеуі) көзделуі мүмкін;
      4) «сатып алу туралы ақпарат» – хабарлама, құжаттама, хабарламаның және (немесе) құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын, сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жобасы, сатып алу процесінде жасалған хаттамалар, тізбесі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында анықталған сатып алу туралы шарт (келісімшарт) туралы мәліметтер, сондай-ақ осындай шартқа (келісімшартқа) жасалған қосымша келісімдер туралы мәліметтер және тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беру-қабылдап алу актілері туралы мәліметтер. Сатып алу туралы ақпарат Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген көлемде веб-порталда міндетті түрде орналастыруға жатады. Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осы Келісімде көзделген Тараптың веб-порталында орналастырылатын сатып алу туралы ақпараттың тізбесін кеңейтуге құқылы;
      5) «ұлттық режим» – әрбір Тарап Тараптар мемлекеттерінің аумақтарынан шығарылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу мақсаттары үшін тараптар мен осындай тауарлар ұсынатын, жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететін өнім берушілері мен әлеуетті өнім берушілер үшін өз мемлекетінің ұлттық тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне), осындай тауарлар ұсынатын, сондай-ақ жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін өнім берушілері мен ықтимал өнім берушілеріне ұсынылатын режимнен кем емес қолайлы режимді қамтамасыз етеді деп көздейтін режим. Тауардың шыққан елі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында әрекет ететін тауарлардың шығу елін анықтау қағидасына сәйкес анықталады;
      6) «электрондық сауда алаңының (электрондық алаң) операторы» – ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан заңды тұлға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, мемлекеттік тіркелуі Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған, Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес электрондық сауда алаңы (электрондық алаңы), оның жұмыс істеуі үшін қажет бағдарламалық-аппараттық құралдары бар және (немесе) оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке тұлға;
      7) «әлеуетті өнім беруші» – әлеуетті өнім беруші (мердігер, орындаушы) – ұйымдастыру-құқықтық нысанына, меншік нысанына, орналасқан орнына немесе капиталдың шығу орнына қарамастан кез келген заңды тұлға немесе жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер. Тараптардың кез келгені Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында Тараптардың барлық мемлекеттерінің жеке тұлғаларының және (немесе) мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және бюджеттік ұйымдарының, оның ішінде мекемелерінің сатып алуға қатысу мүмкіндігін шектеуге құқылы;
      8) «өнім беруші» – өнім беруші (орындаушы, мердігер) – сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасалған тұлға;
      9) «неғұрлым қолайлылық режимі» – Тараптар мемлекеттерінің аумақтарынан шығарылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің осындай тауарлар ұсынатын, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін өнім берушілеріне және әлеуетті өнім берушілеріне үшінші елдердің аумақтарынан шығарылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), сондай-ақ үшінші елдердің осындай тауарлар ұсынатын, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін өнім берушілеріне, ықтимал өнім берушілеріне ұсынылатын режимнен кем емес қолайлы режим ұсыну;
      10) «үшінші елдер» – мемлекеттері, үкіметтері осы Келісімнің қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттер;
      11) «электрондық сатып алу нысаны (форматы)» – Интернет желісін, веб-порталды және (немесе) электрондық сауда алаңын (электрондық алаңды), сондай-ақ бағдарламалық-аппараттық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын сатып алу рәсімі;
      12) «электрондық сауда алаңы (электрондық алаң)» – электрондық нысанда (форматта) сатып алу жүргізу үшін Интернет желісіндегі сайт. Бұл ретте Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында электрондық сауда алаңы (электрондық алаң) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген сайт болып табылуы мүмкін деп белгіленеді.
      2. Осы Келісімді қолданған кезде, егер Тарап мемлекеті заңнамаларының ұғымдары мен ережелерінен осы Келісімде белгіленгеннен өзге мағына туындамаса, Тарап мемлекетінің заңнамасын осы Келісімге сәйкес келтіру талап етілмейді.

2-бап
Келісімнің әрекет ету саласы

      1. Осы Келісімнің әрекеті сатып алу саласындағы қарым-қатынастарға қолданылады.
      2. Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын сатып алуға қолданылмайды.

3-бап
Сатып алу саласына қойылатын талаптар

      Тарап мемлекетінің заңнамасы, сондай-ақ сатып алу осы Келісімге және мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) сатып алу саласындағы қарым-қатынастарды Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында тікелей реттеу;
      2) Тарап мемлекеттерінде сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттың ұтымды және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;
      3) ұлттық режим ұсыну;
      4) неғұрлым қолайлылық режимін ұсыну;
      5) сатып алудың, оның ішінде:
      әрбір Тараптың ақпаратты барынша кең іздеуді қамтамасыз ететін сатып алу туралы ақпаратқа кедергісіз және ақысыз қол жеткізе отырып веб-портал құруы;
      веб - порталда Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін жариялауы арқылы жүзеге асырылатын сатып алудың ақпараттық ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету;
      6) сатып алу жүргізілуі мүмкін электрондық сауда алаңдарының (электрондық алаңдардың) шектеулі санын белгілеу;
      7) сатып алуды осы Келісімде көзделген тәсілдермен жүргізу;
      8) электрондық форматта (нысанда) жүргізілетін сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге электрондық цифрлық қолтаңбаны кедергісіз беруді қамтамасыз ету;
      9) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына, сондай-ақ сатып алу шарттарына өнім берушілерге және әлеуетті өнім берушілерге қойылатын сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілік етілмейтін кез келген талаптарды енгізуге тыйым салуды белгілеу, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерді сатып алуға ерікті түрде жіберуге тыйым салуды белгілеу;
      10) әлеуметті өнім берушілердің оларды беру туралы талап сатып алу туралы хабарламада және (немесе) құжаттамада белгіленбеген құжаттар мен мәліметтерді осындай өнім берушілердің бермеу негіздері бойынша сатып алуға жіберуден бас тартуына тыйым салуды белгілеу;
      11) сатып алу шарттарын, оның ішінде өнім берушілер және әлеуетті өнім берушілер санын шектеуге әкеп соқтыратын сатып алу туралы шарттардың (келісімшарттардың) талаптарын белгілеуге тыйым салу;
      12) тапсырыс берушілер мен өнім берушілердің шарт міндеттемелерін орындаудан бір жақты бас тартуына тыйым салуды белгілеу;
      13) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт міндеттемелерінің орындалу талаптарын өзгертуге, оның ішінде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасын өзгертуге тыйым салуды белгілеу. Тараптар өз мемлекетінің заңнамасынан шарт міндеттемелерінің орындалу талаптарын өзгертуге, оның ішінде көрсетілген өзгерістерге жол берілетін нақты жағдайларды белгілей отырып, сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасын өзгертуге рұқсат ететін ережелерді алып тастауға ұмтылады. Бұл ретте инфляциялық өзгерістерге, валюталық бағамның өзгеруіне және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құнының өзгеруіне байланысты сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасының өзгеруіне жол берілмейді, сондай-ақ сатып алу туралы шарт (келісімшарт) бағасын тепе-тең төмендетусіз тауарлардың санын (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемін) азайтуға жол берілмейді;
      14) бағалау критерийлерін, сондай-ақ жеңімпазды объективті емес және (немесе) әкімшілік етусіз анықтауға әкеп соқтыратын конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау және салыстыру тәртібін белгілеуге тыйым салу;
      15) өнім берушілердің және әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
      16) сатып алу саласындағы ұлттық бақылаушы органды құру (анықтау);
      17) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу;
      18) сатып алу саласында бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен басқа да теріс пайдаланушылықтарға қарсы іс-қимыл жасау.

4-бап
Ұлттық режимді қамтамасыз етудің ерекшеліктері 

      Ерекше жағдайларда Тараптар 2 жылдан аспайтын мерзімге біржақты тәртіппен Тарап мемлекетінің заңнамасымен ұлттық режимнен алуларды белгілей алады.
      Бұл ретте Тарап мемлекетінің сатып алу саласында нормативтік құқықтық реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік билік органы немесе Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы ұлттық бақылаушы органы, немесе тиісті мемлекеттің жоғары атқарушы билік органы уақтылы, олар енгізілгенге дейін 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша нысанда Кеден одағының комиссиясын және басқа да Тараптарды осындай алуларды белгілеу қажеттілігін негіздей отырып, осындай алуларды белгілеу туралы хабардар етеді.
      Мұндай хабарлама алған Тараптар оны жіберген Тарапқа осы бапта көзделген алуларды белгілеуге қатысты консультациялар жүргізу туралы ұсыныспен жүгіне алады.
      Осы бапқа сәйкес алулар белгілеген Тарап басқа Тарапқа осындай консультациялар жүргізуден бас тарта алмайды.
      Кеден одағының комиссиясы Тарап алуды енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні қабылдаған күннен бастап бір жыл ішінде Келісімнің кез келген Тарапы белгілеген ұлттық режимнен алуды жою туралы шешім қабылдауға құқылы. Егер Кеден одағының комиссиясы ұлттық режимнен белгіленген алуды жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, осындай алуды белгілеуге бастамашылық еткен Тарап 2 ай мерзімде алуды белгілеген нормативтік құқықтық актіні жоюды қамтамасыз етеді. Бұл ретте Кеден одағының комиссиясы ұлттық режимнен алуларды жою туралы шешім қабылдаған жағдайда мұндай ұлттық актінің әрекет етуі қолдануға жатпайды.

5-бап
Сатып алуды жүргізу тәсілдері

      1. Сатып алу мынадай тәсілдердің кез келгенімен жүргізіледі:
      1) конкурс (ашық);
      2) егер бұл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайда, баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату);
      3) аукцион (ашық);
      4) егер бұл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайда, биржа сауда-саттығы;
      5) бір көзден не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) не егер бұл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайда, Тарап актісі негізінде нақты сатып алуды орналастыру ерекшеліктерін қолдана отырып алу.
      2. Осы баптың 1-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген сатып алу, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген рәсімдерді өткізусіз сатып алу 13-бапқа және № 1 қосымшаға сай тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

6-бап
Өнім берушілерге және әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптар

      Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген өнім берушілерге және әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптар осы Келісімнің ережелеріне қайшы келмеуге тиіс.
      Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, Тараптың жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілген мәліметтердің негізінде, егер көрсетілген тізілімді жүргізу Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген және оны Тараптың уәкілетті органы жүзеге асыратын жағдайларда әлеуетті өнім берушілердің сатып алуда қатысуы шектелуі мүмкін. Әлеуетті өнім берушілердің сатып алуда қатысуы сондай-ақ осы Келісімнің 15-бабында көзделген жағдайларда шектелуі мүмкін. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерден сатып алуға қатысқаны үшін ақы алуға жол берілмейді.
      Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында тапсырыс берушінің сатып алу жүргізген кезде сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету туралы әлеуетті өнім берушілерге талап қоюы, сондай-ақ сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету туралы талап белгілеуге құқығы немесе міндеті көзделген болуы мүмкін.
      Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мөлшері мен сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету мөлшері белгіленуі мүмкін. Бұл ретте сатып алу туралы шартта (келісімшартта) аванс төлемі көзделген жағдайды қоспағанда, сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз ету мөлшері - сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасының 5 пайызынан, ал сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету - шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасының 30 пайызынан аспайды. Бұл жағдайда сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз ету мөлшері кем дегенде аванстың мөлшерін құрауға тиіс. Бұл ретте сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз етудің артық мөлшері аванс мөлшерінен 30 пайыздан аспайды.
      Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) орындалуын қамтамасыз етудің кемінде 2 тәсілі (түрі) белгіленген болуға тиіс.

7-бап
Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) қойылатын талаптар

      Сатып алу туралы құжаттама және өзге де құжаттар сатып алу жүргізген кезде, егер мұндай талаптар өнім берушілер, әлеуетті өнім берушілер санын шектеуге әкеп соқтыратын болса, онда сатып алынатын тауар тапсырыс беруші пайдаланатын тауармен сәйкес келмеген және мұндай тауарлардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қажеттігі жағдайларын қоспағанда, тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге қойылатын талаптарды қамтымауға тиіс, оның ішінде тауар өндірушіге қойылатын талаптар белгілеуге жол берілмейді.

8-бап
Конкурс

      1. Тапсырыс беруші сатып алуды электрондық форматта (нысанда), оның ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді электронды құжат нысанында беруді көздейтін конкурс өткізу жолымен жүзеге асырады.
      Сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең үздік орындау талаптарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады.
      Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында конкурсты өткізудің өткізілетін конкурстың аяғына дейін әлеуетті өнім беруші туралы ақпараттың құпиялылығы туралы талапты сақтау қажеттігіне байланысты ерекшеліктер белгіленуі мүмкін.
      2. Конкурс мынадай талаптарды ескере отырып өткізіледі:
      1) конкурстық құжаттаманы бекіту;
      2) конкурстық комиссия құрамын бекіту;
      3) конкурс өткізу туралы хабарламаны және конкурстық құжаттаманы Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген мерзімдерде, бірақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді берудің соңғы күніне дейін кемінде 20 күн бұрын веб-порталда орналастыру. Тапсырыс беруші конкурс өткізу туралы хабарламаға және (немесе) конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу жағдайында конкурста қатысуға арналған өтінімдерді берудің мерзімі, енгізілген өзгерістер веб-порталда жарияланған (орналастырылған) күннен бастап конкурста қатысуға арналған өтінімдерді берудің соңғы күніне дейін мұндай мерзім кемінде 15 күнді құрауға тиіс. Бұл ретте сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) мәнін өзгертуге жол берілмейді;
      4) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі және Тараптың сатып алу туралы ұлттық заңнамасында белгіленген санда және тәртіппен мұндай түсіндірулерді веб-порталда жариялау (орналастыру);
      5) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді электронды құжат нысанында беру;
      6) өтінімдерді ашу және (немесе) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өтінімдерді айқындау үшін конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен конкурстық құжаттаманы қарауы, сондай-ақ конкурста қатысуға арналған өтінімдерді ашудың және (немесе) әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға рұқсат берудің тиісті хаттамаларын веб-порталда жариялау (орналастыру) және (немесе) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес әрбір әлеуетті өнім берушіні конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашу нәтижелері және (не) осындай өнім берушінің конкурсқа қатысуына рұқсат алғаны (рұқсат беруден бас тартылғаны) туралы уақтылы хабардар ету;
      7) әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін (ұсыныстарын), оның ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған электронды құжат нысанындағы баға ұсыныстарын бағалау, салыстыру, конкурс жеңімпазын анықтау және конкурс қорытындыларының хаттамасын веб-порталда жариялау (орналастыру);
      8) конкурс қорытындылары бойынша сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасатын әлеуетті өнім берушімен әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерінде және конкурстық құжаттамада көрсетілген шарттармен, Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу немесе Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда конкурсты өтпеді деп тану. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында сондай-ақ, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім берушімен сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу қажеттігіне сүйене отырып, тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім берушінің арасындағы сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу тәртібі мен кезектілігі, сондай-ақ конкурсты өтпеді деп тану жағдайында тапсырыс берушінің іс-қимылдар тәртібі белгіленген.

9-бап
Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату)

      1. Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату) тәсілімен сатып алу, егер осындай тәсіл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген болса, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын бастапқы (ең жоғарғы) бағасынан аспайтын жағдайларда, оның ішінде осы Келісімге №2 қосымшада көзделген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде жүзеге асырылады. Айрықша жағдайларда Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасына қарамастан, баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату) тәсілімен сатып алу анықталған болуы мүмкін.
      2. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең аз бағасын ұсынған әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату) жеңімпазы деп танылады.
      3. Баға ұсыныстарын сұрату (баға белгілеуді сұрату) тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде оны өткізу туралы хабарлама Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде, бірақ баға ұсыныстарын сұратуда (баға белгілеуді сұратуда) қатысуға арналған өтінімдерді (ұсыныстарды) берудің соңғы күніне дейін кемінде 4 жұмыс күні бұрын веб-порталда жарияланады (орналастырылады).
      4. Тараптардың кез келгені баға ұсыныстарын сұратудан (баға белгілеуді сұратудан) артықшылығы бар электрондық форматта (нысанда) аукциондар өткізуге көшуге тырысатын болады.

10-бап
Аукцион

      1. Аукцион тәсілімен сатып алу, осы Келісімге №2 қосымшаға сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің ең аз тізбесі бойынша электрондық форматта (нысанда) жүзеге асырылады. Бұл ретте әрбір Тарап өз мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында аукцион жолымен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің неғұрлым кеңірек тізбесін белгілеуге құқылы.
      Сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең аз бағасын ұсынған әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылады.
      2. Аукциондарда қатысу мақсатында әлеуетті өнім берушілер, Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, кем дегенде 3 жылға веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) міндетті түрде аккредиттелуге жатады.
      3. Аукцион мынадай талаптарды ескере отырып өткізіледі:
      1) аукцион туралы құжаттаманы бекіту;
      2) аукциондық комиссия құрамын бекіту;
      3) аукцион өткізу туралы хабарламаны және аукциондық құжаттаманы Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда), бірақ аукционға қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде 20 күн бұрын мерзімде орналастыру. Тапсырыс беруші аукцион өткізу туралы хабарламаға және (немесе) аукциондық құжаттамаға өзгерістер енгізу жағдайында аукционға қатысуға арналған өтінімдерді берудің мерзімі, енгізілген өзгерістер веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) жарияланған (орналастырылған) күннен бастап аукционда қатысуға арналған өтінімдерді беру аяқталатын күнге дейін кемінде 15 күнді құрайтын мерзімге ұзартылуы тиіс. Бұл ретте сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) мәнін өзгертуге жол берілмейді. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында аукционды қысқа мерзім ішінде өткізуге мүмкіндік беретін сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасы көзделген болса, Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осы тармақта белгіленген мерзімге қарағанда неғұрлым қысқа мерзімдерді қолдануды белгілеуге болады;
      4) тапсырыс берушінің аукционға туралы құжаттаманың ережелерін түсіндіруі және Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген санда және тәртіппен мұндай түсіндірулерді веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) жариялау (орналастыру);
      5) электронды құжат нысанындағы аукционға қатысуға арналған өтінімдерді Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес веб-порталға және (немесе) электрондық сауда алаңына (электрондық алаңға) беру;
      6) аукционды өткізудің аяғына дейін әлеуетті өнім беруші туралы ақпараттың құпиялылығы туралы талапты сақтай отырып, Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өтінімдерді айқындау үшін аукциондық комиссияның аукционға қатысуға арналған өтінімдер мен аукциондық құжаттаманы қарауы (бұл ретте өтінімдер мен аукцион туралы құжаттаманы Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бөлігінде қарау аукцион аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады);
      7) әрбір әлеуетті өнім берушіні осындай өнім берушінің аукционға қатысуға рұқсат алғаны (рұқсат беруден бас тартылғаны) туралы хабардар ету, сондай-ақ Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, аукционға қатысуға өтінімдерді қарау хаттамасын веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) жариялау (орналастыру);
      8) аукционды сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасын төмендету жолымен өткізу. Егер аукционды өткізу кезінде сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасы нөлге дейін төмендейтін болса, ондай жағдайда аукцион егер бұл Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген болса, сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу құқығына сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) бастапқы (ең жоғарғы) бағасын көтеру жолымен жалғасады;
      9) Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, аукцион хаттамасын веб-порталда және (немесе) электрондық сауда алаңында (электрондық алаңда) жариялау (орналастыру);
      10) аукцион қорытындысы бойынша, онымен шарт (келісімшарт) жасалатын әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінде және осындай әлеуетті өнім беруші ұсынған баға бойынша аукциондық құжаттамада көрсетілген шарттармен Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу немесе Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында анықталған жағдайларда аукционды өтпеді деп тану. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында сондай-ақ, сатып алу туралы шарттың (келісімшарттың) ең аз бағасын ұсынған әлеуетті өнім берушімен сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу қажеттігіне сүйене отырып, тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім берушінің арасындағы сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасу тәртібі мен кезектілігі, сондай-ақ аукцион өтпеді деп тану жағдайында тапсырыс берушінің іс-қимылдар тәртібі белгіленеді.

11-бап
Комиссия мүшелеріне қойылатын талаптар

      Сатып алуға жеке мүдделілігі бар жеке тұлғалар (оның ішінде конкурсқа, аукцонға немесе баға белгілеуді сұрауға қатысуға өтінім берген жеке тұлғалар), конкурсқа, аукцонға немесе баға белгілеуді сұрауға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің қызметкерлері, не әлеуетті өнім берушілердің оларға ықпал етуге қабілеті бар жеке тұлғалар (оның ішінде әлеуеті өнім берушілердің қатысушылары (акционерлері), олардың басқару органдарының қызметкерлері және әлеуетті өнім берушілердің кредиторлары болып табылатын жеке тұлғалар), сондай-ақ сатып алу саласында тікелей бақылауды жүзеге асыратын осы саладағы бақылау органының лауазымды адамдары комиссия мүшелері (оның ішінде конкурстық, аукциондық және баға белгілеу) бола алмайды.

12-бап
Биржалық сауда-саттық жүргізу жолымен сатып алу

      Биржалық тауарларды сатып алу Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауар биржасында жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жағдайда Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осындай, оның ішінде осы Келісімге №2 қосымшада көзделген тауарды сатып алу жүзеге асырылуы мүмкін тауар биржаларының шектеулі саны белгіленуі тиіс (не бір тауарлық биржа анықталған). Сатып алынуы тауар биржасында жүзеге асырылуы мүмкін болған тауар Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасымен анықталады.

13-бап
Бір көзден алу тәсілімен (жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан,
мердігерден) осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағында көрсетілген
рәсімдерді өткізбестен, сондай-ақ Тарап актісінің негізінде
нақты сатып алуды орналастыру ерекшеліктерін қолдана отырып сатып алу

      Егер осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағында көрсетілген рәсімдерді өткізбей, сондай-ақ Тарап актісінің негізінде нақты сатып алуды орналастырудың екершеліктерін қолдана отырып, бір көзден (жалғыз берушіден (орындаушыдан, мердігерден)) тәсілімен сатып алу Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайда, осындай сатып алу осы Келісімге № 1-қосымшада көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
      Егер Тарап осы Келісімге №1 қосымшада көзделген тізбені толықтыру қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, сондай-ақ осы Келісімге №1 қосымшаның 26-тармағында көзделген актіні қабылдау қажет болған жағдайда Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік билік органы, не Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы ұлттық бақылау органы, не Тараптың тиісті мемлекетінің атқарушы билігінің жоғарғы органы алдын ала, бірақ оларды қабылдағанға дейінгі 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша нысанда Кеден одағының комиссиясын және Тараптардың әрқайсысын хабардар етеді.
      Егер осы Келісімге №1 қосымшаның 11 және 12-тармақтарында көрсетілген актіні қабылдаған жағдайда, Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік билік органы, не Тарап мемлекетінің сатып алу саласындағы ұлттық бақылау органы, не көрсетілген актіні қабылдайтын Тараптың тиісті мемлекетінің атқарушы билігінің жоғарғы органы оны қабылдаған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей бұл туралы Кеден одағының комиссиясын және Тараптардың әрқайсысын хабардар етуге міндетті.
      Осы Келісімге №1 қосымшада көзделген тізбеге толықтырулар енгізу, сондай-ақ осы Келісімге №1 қосымшаның 11, 12 және 26-тармақтарында көзделген актілерді қабылдау Тарап оны қабылдаған күннен бастап 1 жыл ішінде ұлттық режимнен алып тастау бөлігінде осы Келісімнің 4-бабында көзделген тәртіппен жойылуы мүмкін. Бұл ретте осы Келісімге №1 қосымшада көзделген тізбені қысқартуды, сондай-ақ осы Келісімге №1 қосымшаның 11, 12 және 26-тармақтарында көзделген актілерді жоюды Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында әрбір Тарап бір жақты тәртіппен жүзеге асыруы мүмкін.
      Осы Келісімге №1 қосымшаның 11, 12 және 26-тармақтарында көзделген актілерді қабылдау ерекше жағдайларда жүзеге асырылады. Сатып алу бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындаудың өндірістік циклының ұзақтығы 2 жылдан астам уақытты құрайтын жағдайды қоспағанда, мұндай актілердің қолданылу мерзімі 2 жылдан астам бола алмайды.
      Әрбір Тарап өз мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осы Келісімге №1 қосымшада көзделген сатып алуды жүргізу тәртібін белгілеуге құқылы.

14-бап
Сатып алу туралы шарт (келісімшарт)

      Сатып алу туралы шарт (келісімшарт) сатып алу туралы осындай шартпен (келісімшартпен) көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін барлық тараптардың жауапкершілігі туралы міндетті шартты қамтуы тиіс.
      Сатып алу туралы шарт (келісімшарт) ақы төлеудің, сондай-ақ тапсырыс берушінің сатып алу нәтижесінің оның осындай шартта (келісімшартта) белгіленген талаптарға, оның ішінде саны, жасақталуы, көлемі және сапасы бойынша сәйкестігіне қабылдап алуды жүзеге асыру тәртібі туралы міндетті шартты қамтуы тиіс.
      Тараптың веб-порталында, оның ішінде сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай шарттарға (келісімшарттарға) жасалған қосымша келісімдер туралы мәліметтер мен Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында тізбесі анықталған сатып алу нәтижелерін тапсыру-қабылдау актілері туралы мәліметтерді қамтитын сатып алу туралы шарттардың (келісімшарттардың) тізілімі жариялануы (орналастырылуы) тиіс.
      Тараптар сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды) электрондық форматта (нысанда) жасауға көшуге, сондай-ақ сатып алу туралы шарттарды (келісімшарттарды), қосымша келісімдерді, сатып алу нәтижелерін төлеу және оларды тапсыру-қабылдау актілері туралы мәліметтерді сатып алу туралы шарттардың (келісімшарттардың) тізіліміне қосуға тырысады.

15-бап
Жосықсыз өнім берушілер тізілімі

      1. Әрбір Тараптың уәкілетті органы жосықсыз өнім берушілер тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыруы мүмкін, онда осы Тараптың сатып алуы бойынша жосықсыз деп танылған өнім берушілері, әлеуетті өнім берушілері және өзге де адамдар туралы мәліметтер енгізіледі.
      2. Жосықсыз өнім берушілер тізілімі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылады және жүргізіледі, сондай-ақ осы Тараптың веб-порталында жарияланады (орналастырылады).
      3. Тараптың жосықсыз өнім берушілерінің тізіліміне мынадай:
      1) сатып алу туралы шарт (келісімшарт) жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер туралы;
      2) олармен жасасқан сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.
      4. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасымен Тараптың жосықсыз өнім берушілер тізіліміне осы Тараптың сатып алу бойынша жосықсыз деп танылған өзге де адамдары туралы мәліметтерді енгізу көзделуі мүмкін.
      5. Жосықсыз өнім берушілер тізілімі Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес соттың және (немесе) ұлттық бақылау органының шешімі негізінде осы баптың 3-тармағында көзделген мәліметтер расталған (фактілер айқындалған) кезде қалыптастырылады.
      Осы бапта көзделген мәліметтер жосықсыз өнім берушілер тізіліміне Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасымен белгіленген, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге енгізіледі.
      6. Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында Тараптың тапсырыс берушісінің осы Тараптың жосықсыз өнім берушілер тізілімінде қамтылған мәліметтерге сүйене отырып, сатып алуда қатысуға рұқсатты жүзеге асыруға құқығы немесе міндеті көзделуі мүмкін.
      7. Тарап мемлекетінің заңнамасында Тараптың тапсырыс берушісінің басқа да барлық Тараптардың жосықсыз өнім берушілер тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сүйене отырып, сатып алуға рұқсатты жүзеге асыруға құқығы (немесе тиісінше міндеті) белгіленуі мүмкін.
      8. Ол туралы мәліметтер жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілген адам осы тізілімге енгізілгенін сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

16-бап
Сатып алуға қатысу кезінде адамдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қамтамасыз ету

      Тараптардың әрқайсысы Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдайды.
      Адамдардың осы бапқа сәйкес қамтамасыз етілетін сатып алу саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің көлемі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасымен анықталады.
      Адамдардың сатып алу саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында Тараптардың әрқайсысы Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұлттық бақылау органын құрады (анықтайды), оның құзыретіне мыналар, оның ішінде:
      сатып алу саласында, оның ішінде тексерулер жүргізу жолымен бақылауды жүзеге асыру;
      тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың, электрондық сауда алаңдары операторларының (электрондық алаңдар), веб-портал операторларының, (сондай-ақ шарттар (келісімшарттар) тізілімі), тауар биржаларының, комиссияның және өзге де адамдардың сатып алу кезінде Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасын бұзатын іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты шағымдар мен өтініштерді қарау. Бұл ретте тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың, электрондық сауда алаңдары операторларының (электрондық алаңдар), веб-портал операторларының (сондай-ақ шарттар (келісімшарттар) тізілімі), тауар биржаларының, комиссияның және өзге де адамдардың сатып алу кезінде сатып алуға қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталғанға дейін жасаған іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) кез келген әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысуға өтінім беру-бермеуіне қарамастан шағымдануға құқылы;
      Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және анықтау, сондай-ақ көрсетілген бұзушылықтарды тоқтату бойынша, оның ішінде Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою және осындай бұзушылықтар үшін кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы нұсқаманы орындау үшін міндетті түрде беру жолымен шаралар қабылдау;
      жосықсыз өнім берушілер тізілімін Тарап мемлекетінің заңнамасымен көзделген жағдайда жүргізу.

17-бап
Келісімді іске асыру

      1. Осы Келісімнің іске асырылуы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
      1-кезең (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы үшін) Тарап мемлекеттерінің заңнамаларына әрбір Тарап мемлекеттерінің заңнамаларын осы Келісімге сәйкес келтіруге бағытталған өзгерістер енгізу, сатып алуды электрондық форматта осы Келісімге сәйкес жүргізу процесін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу және Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы үшін ұлттық режим енгізу – 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін.
      2-кезең – (Қазақстан Республикасы үшін) Тарап мемлекетінің заңнамасына Тарап мемлекетінің заңнамасын осы Келісімге сәйкес келтіруге бағытталған өзгерістер енгізу, сатып алуды электрондық форматта осы Келісімге сәйкес жүргізу процесін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу - 2012 жылғы 1 шілдеге дейін.
      3-кезең – (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы үшін) Тараптардың барлық мемлекеттері үшін ұлттық режим енгізу - 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін.
      2. Әрбір кезеңнің аяқталуы туралы әрбір Тарап Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (Кеден одағының жоғары органы) Мемлекетаралық кеңесін дереу хабардар етеді.
      3. Егер Тараптардың бірі Келісімді іске асыру бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, басқа Тараптар осы мәселені Кеден одағы комиссиясының отырысында қарау үшін Кеден одағының комиссиясына жүгінуге құқылы. Кеден одағының комиссиясы қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      а) іске асыру бойынша міндеттемелерді бұзу фактісінің жоқтығы;
      б) Келісімді іске асыру бойынша міндеттемелердің бұзылу фактісін тану және Тараптың айқындалған бұзушылықты жою қажеттігі.
      4. Егер осы баптың 3-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін оған қатысты тиісті шешім қабылданған Тарап Кеден одағы комиссиясының шешімін орындамаған болса, ондай жағдайда басқа Тараптардың әрбірі бір жақты тәртіпте осы баптың 5-тармағында көзделген жауап қайтару шараларын қабылдауға құқылы.
      5. Тараптар, бұл туралы басқа Тараптарға және Кеден одағының комиссиясына дереу хабарлама жібере отырып, осы Келісімде көзделген міндеттемелерді Келісім бойынша міндеттемелерді орындамайтын Тарапқа (Тараптарға) таратпауға құқылы.

18-бап
Дауларды шешу

      Осы Келісімді қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар бірінші кезекте мүдделі Тараптардың консультациялары және (немесе) келіссөздері жолымен, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, даудың бір Тарапы даудың екінші Тарабына оларды жүргізу туралы жазбаша ресми өтініш жіберген күнінен бастап 1 жыл өткен соң шешіледі, даудың кез келген Тарапы осы дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының қарауына беруі мүмкін.

19-бап
Қосымшалардың мәртебесі және осы Келісімге өзгерістер енгізу тәртібі

      1. Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге және оған қосымшаларға өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, Тараптардың Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамаларымен ресімделеді.
      2. Егер осы Келісімге №1 қосымшада көзделген тізбеге толықтырулар Тарап мемлекетінің нормативтік құқықтық актісімен бір жақты тәртіппен енгізілген және Кеден одағының комиссиясы осы Келісімнің 13-бабында көзделген тәртіппен осындай нормативтік құқықтық актіні жою туралы шешім қабылдамаған болса, ондай жағдайда осындай толықтыру автоматты түрде осы Келісімге №1 қосымшаға өзгеріс болып табылады және жеке хаттамамен ресімдеуді талап етпейді. Осы Келісімге №1 қосымшада көзделген тізбеге толықтырулар осы тармақта белгіленген тәртіппен енгізілген жағдайда депозитарий бұл туралы барлық Тараптарды дереу хабардар етеді.

20-бап
Қорытынды ережелер

      Осы Келісім, оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың барлығы орындағаны туралы хабарламаларды оның алғаны туралы депозитарийдің ақпараты болған жағдайда Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесі (Кеден одағының жоғары органы) үкімет басшылары деңгейінде оның күшiне енуi туралы шешімді қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім оған Кеден одағының мүшелері болған басқа да мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.
      Осы Келісім Тараптарға осы Келісімнің Тараптары болып табылмайтын мемлекеттермен сатып алу саласындағы халықаралық шарттарды жасасуға кедергі жасамайды.

      2010 жылғы «9» желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы оның депозитарийі болып табылатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінде сақталады.
      Депозитарий осы Келісімге қол қойған Тараптардың әрқайсысына оның расталған көшірмесін жібереді.

      Беларусь                  Қазақстан                   Ресей
  Республикасының           Республикасының            Федерациясының
   Үкіметі үшін               Үкіметі үшін              Үкіметі үшін

Мемлекеттік (муниципалдық)
сатып алу туралы келісімге
№ 1 ҚОСЫМША      

Бір көзден тәсілімен не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан,
мердігерден) не Тараптың актісі негізінде нақты сатып алуды
орналастырудың ерекшеліктерін қолдана отырып сатып алу,
сондай-ақ Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы
келісімнің 5-бабының 1-тармағында көрсетілген рәсімдерді
өткізбей сатып алу жағдайларының
ТІЗБЕСІ


І. Сатып алу

1.

Сұйытылған газды сату бойынша қызметтерді қоспағанда, сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау қызметтері, Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес реттелетін баға (тариф) бойынша инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылу (бірігу), электрмен жабдықтау немесе электр энергиясын кепілдік берушімен электр энергиясын сатып алу-сату қызметтері, сондай-ақ табиғи монополиялар қызметі саласына жататын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу

2.

Мемлекеттік мұражай, кітапхана, мұрағат қорларын, кино-, фотоқорды және өзге де ұқсас қорларды толықтыруға арналған, тарихи, көркем немесе өзге де мәдени маңызы бар көшірмелерді қоса алғанда, мәдени құндылықтарды, оның ішінде мұражайлық заттар мен мұражайлық коллекцияларды, сондай-ақ сирек кездесетін және бағалы басылымдарды, қолжазбаларды, мұрағаттық құжаттарды жеткізу

3.

Жұмылдыру дайындығы жөніндегі жұмыс

4.

Орындауды немесе көрсетуді тек атқару билік органды, олардың өкілдіктеріне сәйкес немесе оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, тиісті өкілеттіктері Тарап мемлекетінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленетін мемлекеттік біртұтас кәсіпорындар жүзеге асыра алатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер

5.

Еңсерілмес күштің, оның ішінде төтенше жағдайдың (төтенше жағдайлардың салдарын оқшауландыру және/немесе жою), аварияның, шұғыл медициналық араласу қажеттілігі салдарынан нақты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, осыған байланысты уақыт шығынын талап ететін өзге сатып алу тәсілдерін қолдану орынсыз

6.

Қылмыстық-іс жүргізу жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындарының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, осындай тауарларды өндіруді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындарынан сатып алуы

7.

Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген жағдайларда сатып алу рәсімдерінің нәтижелері бойынша өтпеген деп танылған сатып алу

8.

Елдің қорғанысы, мемлекеттің қауіпсіздігі және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мұқтаждықтары үшін байланыс қызметтері

9.

Тарап мемлекетінің заңнамасында бір көзден (жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) сатып алуды жүзеге асыруға рұқсат етілетін мәмілелердің шекті сомасы (не шекті тоқсандық немесе жылдық көлемі), бұл ретте көрсетілген мөлшер жеке сипатта болмауы тиіс (осы Келісімнің Тараптары сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қолжетімділігін барынша кеңейту мақсатында көрсетілген шекті барынша азайтуға ұмтылуда)

10.

Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жалғыз өнім берушіден қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуге тапсырыс орнату

11.

Тарап мемлекеті Президентінің жарлығымен немесе өкімімен анықталған әлеуетті өнім берушіден нақты сатып алу

12.

Тарап мемлекеті Президентінің шешімі немесе тапсырмасы бойынша Тарап мемлекетінің атқарушы билік жоғарғы органының өкімімен анықталған әлеуетті өнім берушіден нақты сатып алу

13.

Прокат мақсатында киножобаларды сатып алу жағдайларын қоспағанда, нақты авторлардың әдебиет және өнер шығармаларын, нақты орындаушылардың орындауларын және нақты өндірушілердің фонограммаларын, егер жалғыз тұлғаға осындай шығармаларға, орындауларға және фонограммаларға айрықша құқығы тиесілі болған жағдайда, сатып алу

14.

Мерзімді баспа және электрондық басылымдарын анықтауға жазылу, сондай-ақ, егер көрсетілген басып шығарушыларға осындай басылымдарды пайдалануға тікелей құқық тиесілі болған жағдайда, нақты авторлардың баспа және электрондық басылымдарын сатып алу, мемлекеттік және муниципалдық білім беру мекемелерінің, мемлекеттік және муниципалдық кітапханалардың, мемлекеттік ғылыми ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету үшін электрондық басылымдарға қолжетімділікті беру бойынша қызмет көрсету

15.

Хайуанаттар паркіне, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге, спорттық іс-шараға баруға тапсырыс орналастыру

16.

Көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысуға төлеу

17.

Жеке тұлғалардан оқытушылық қызметтерін сатып алу

18.

Концерттік қызметті жүзеге асыратын театр, мекеме, оның ішінде концерттік ұжым (би ұжымы, хор ұжымы, оркестр, ансамбль), телерадио тарату мекемесі, цирк, мұражай, мәдениет үйі, мәдениет сарайы және клуб, Тарап мемлекетінің әрқайсысының мемлекеттік және муниципалдық сатып алу туралы заңнамаларына сәйкес нақты жеке тұлғадан немесе нақты жеке тұлғалардан, жалғыз өнім берушіден тапсырысты орналастыру тізбесіне енгізілген әдебиет немесе өнер туындыларын жасауға тапсырыс орналастыру – сценарий авторы, орындаушы артист, балетмейстер, теле немесе радио бағдарламаны жүргізуші, дизайнер, дирижер, драматург, қолға үйретуші, цирк нөмірлерінің инженері, композитор, концертмейстер, либреттист, кино-бейне, дыбыс жазба операторы, жазушы, ақын, режиссер, репетитор, мүсінші, хореограф, хормейстер, суретші не орындаушыға;

19.

Күрделі құрылыс объектілерінің жобалық құжаттамаларын әзірлеуді авторлық бақылау, тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, қайта жаңартуды және күрделі жөндеуді авторлық қадағалауы бойынша қызметтерді сатып алу

20.

Тарап мемлекеті халқының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткіші) сақтау бойынша жұмысты жүргізуді техникалық және авторлық қадағалауды жүргізуге тапсырыс орналастыру

21.

Қызметкерді қызметтік іссапарға жіберуге байланысты қызметтерді (қызметтік іссапар орнына және кері жол жүру, тұрғын үй-жайды жалдау, көліктік қызмет көрсету, тамақты қамтамасыз ету) сатып алу, сондай-ақ өкілдік шығыстарды жүзеге асыру

22.

Шетел мемлекеттері басшыларының, шетел мемлекеттері үкімет басшыларының, халықаралық ұйымдар, парламенттік делегациялар, үкіметтік делегациялар, шет мемлекеттер делегациялары басшыларының сапарларын қамтамасыз етуге байланысты қызметтерді көрсетуге (қонақ-үй, көліктік қызмет көрсету, компьютерлік жабдықты пайдалану, тамақпен қамтамасыз ету) тапсырыс орналастыру

23.

Тарап мемлекетінің Президенті, заңнамалық жиналыс палаталары, тікелей Тарап мемлекетінің атқарушы билік жоғарғы органы өткізетін көшпелі іс-шараларды қамтамасыз етуге байланысты қызметтер көрсетуге (қонақ үй, көліктік қызмет көрсету, компьютерлік жабдықты пайдалану, тамақпен қамтамасыз ету) тапсырыс орналастыру

24.

Тарап мемлекетінің олимпиядалық және параолимпиядалық спорт түрлері бойынша спорт құрама командаларын дайындау, сондай-ақ Тарап мемлекетінің спорт құрама командаларының олимпиядалық ойындарда және параолимпиядалық ойындарда қатысуы үшін қажетті спорт мүкәммалын және жабдықтарын, спорт киім-кешегін жеткізуге тапсырысты орналастыру

25.

Жазаларды орындайтын мекемелер, тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қажет көрсетілген шикізат, материалдар және жинақтаушы заттарды сатып алу көрсетілген азаматтық-құқықтық шарттарда көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда заңды тұлғалармен жасалған азаматтық құжаттар негізінде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін осындай мекемелер шикізат, материалдар және жинақтаушы заттарды сатып алса, мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды жеткізуге жалғыз өнім берушіге тапсырысты орналастыру

26.

Нақты тапсырмаларды орналастырудың ерекшеліктерін Тарап мемлекетінің атқарушы билік жоғарғы органының нормативтік құқықтық актісімен белгілеу

27.

Материалдық резервтердің мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінен іске асырылатын материалдық құндылықтар

28.

Белгілі бір өнім берушіден сатып алуды жүзеге асыратын тапсырыс берушіде, ұйымдастырушыда, уәкілетті ұйымда осындай тауарлардың қосымша санына қажеттіліктің туындауы, бұл ретте қосымша сатып алынатын тауар саны келісімшартта көзделген тауарлар санының он пайызынан аспайды (қосымша жеткізілетін тауар бірлігінің бағасы келісімшартта көзделген осындай тауар санына келісімшарттың бастапқы бағасын бөлуден жеке меншік ретінде анықталуы тиіс)

ІІ. Ресей Федерациясы үшін
бір көзден тәсілімен не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) не Тараптың актісі негізінде нақты сатып алуды орналастырудың ерекшеліктерін қолдана отырып сатып алу, сондай-ақ осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағында көрсетілген рәсімдерді өткізбей сатып алу жағдайлары

29.

Егер көппәтерлі үйдегі үй-жайлар жеке меншікте және мемлекеттік меншікте немесе муниципалдық меншікте болса, басқарушы ұйымның тұрғын үй заңнамасына сәйкес көппәтерлі үйде үй-жайлардың меншік иелерінің немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының таңдауы негізінде көппәтерлі үйді басқару жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру

30.

Егер осы қызметтер басқа тұлғаға немесе өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген үй-жайлар орналасқан ғимараттағы тұрғын үй емес үй-жайларды пайдаланатын тұлғаларға көрсетілген жағдайда, мемлекеттік немесе муниципалдық тапсырыс берушіге қайтарусыз пайдалануға берілген бір немесе бірнеше тұрғын үй месе үй-жайларды техникалық ұстау, күзету және оларға қызмет көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүзеге асырылады.

ІІІ. Қазақстан Республикасы үшін
бір көзден тәсілімен не жалғыз өнім берушіден (орындаушыдан, мердігерден) не Тараптың актісі негізінде нақты сатып алуды орналастырудың ерекшеліктерін қолдана отырып сатып алу, сондай-ақ осы Келісімнің 5-бабының 1 тармағында көрсетілген рәсімдерді өткізбей сатып алу жағдайлары

31.

Егер мұндай сатып алу Тарап мемлекетінің заңнамасымен белгіленген тізбе бойынша алғашқы ай ішінде жүзеге асырылған жағдайда конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайын және (немесе) апта сайын қажетті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болады. Осы жағдайда сатып алудың көлемдері сатып алуды өткізу мерзімі ішінде тапсырыс берушінің тұтынушылығын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің санынан аспайды

32.

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу

33.

Табиғат пайдалану құқығын сатып алу

34.

Қызметкерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу

35.

Рейтингтік агенттіктер көрсететін қызметтерді, қаржылық қызметтерді егер жеке тұлға өз бетімен кредиттік (банктік) ұйымды анықтаған жағдайда алушылардың (жеке тұлғалардың) шоттарына жалақы төлеуді есептеу үшін қызметтер көрсету бөлігінде, сондай-ақ қолма-қол ақша қаражаты бойынша операциялар бөлігінде сатып алу

36.

Зағип және нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кітапханалардың қызметтерін сатып алу

37.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздармен үлестерді сатып алу

38.

Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген осы қосымшамен анықталған тәсілдермен сатып алу тізбесін, сайлау туралы заңнамада көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу

39.

Тарап мемлекетінің атқарушы билік жоғарғы органы бекіткен тізбе бойынша Тараптардың халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Тараптар мүшесі болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу

40.

Тарап мемлекеті ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны, оларды жасау, сақтау, жеткізіп беру жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олардың дизайны мен дайындалуына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу

41.

Мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметтері қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Тарап мемлекетінің атқарушы билік жоғарғы органы, Тарап мемлекетінің Ұлттық Банкіне өтеусіз негізде ұсынатын грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келісімдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге рәсімдері көзделген жағдайларда осы гранттарды бірлесіп қаржыландыруға бөлінген ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу

42.

Жеке тұлғалар үшін (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өз бетімен таңдаған жағдайда) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу

43.

Тарап мемлекетінің азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау әрі олармен бірге жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу

44.

Сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу

45.

Тарап мемлекетінің шетелдегі мекемелерінің, сондай-ақ олардың атынан жұмыс істейтін тапсырыс берушілердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы

46.

Халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөнінде көрсетілетін қызметтерін сатып алу

47.

Монетарлық қызметті, сондай-ақ Тарап мемлекетінің Ұлттық қорын басқару жөнінде көрсетілетін қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу

48.

Тарап мемлекетінің Президентін, өзге де күзетілетін тұлғаларды және күзетілетін тұлғалардың келуіне арналған объектілерді күзетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Тарап мемлекеті Президентінің қызметіне бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу

49.

Халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушінің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу

50.

Тарап мемлекетінің заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу

51.

Тарап мемлекетінің заңдарында анықталған нақты тұлғаның тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін (оның ішінде, егер тұлға мемлекеттік монополия болып табылған жағдайда және Тарап мемлекеті заңының мемлекеттік монополиясымен анықталған жағдайда), сондай-ақ орындалуы немесе көрсетілуі атқарушы билік органдарымен олардың өкілеттіктеріне немесе оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге, мемлекеттік (біртұтас) кәсіпорындарға, акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға сәйкес айрықша жүзеге асырылуы мүмкін болатын, тиісті өкілеттіктері (жоғарыда аталған барлық ұйымдардың) Тарап мемлекетінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленетін жұмыстар немесе қызметтер сатып алынған жағдайда сатып алу

52.

Статистикалық бақылаулар деректерін өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу

53.

Тараптар мемлекетінің әрқайсысының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары Тараптар мемлекеттерінің банкроттық туралы заңнамасына, жер заңнамасына және мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сататын мүлікті (активтерді) сатып алу

54.

Адвокаттардың Тараптар мемлекеттерінің заңдарына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететін қызметтерін сатып алу

55.

Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген жағдайда нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу

56.

Осы жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымнан жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу

57.

Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген жағдайда ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу

58.

Мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу

59.

Мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық) мен жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін, азаматтық ахуал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғарғы атқарушы билік органы анықтаған өнім берушілерден Қазақстан Республикасының жоғарғы атқарушы билік органы бекіткен тізбе бойынша арнайы қорғаныс дәрежесін талап ететін баспа өнімдерін сатып алу

IV. Беларусь Республикасы үшін
бір көзден алу тәсілімен, не жалғыз берушіден (орындаушыдан, мердігерден), не Тарап актісінің негізінде нақты сатып алуды орналастыру ерекшеліктерін қолдана отырып сатып алудың, сондай-ақ осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағында көрсетілген рәсімдерді өткізбей сатып алудың жағдайы

60.

Көркем кәсіпшілік бұйымдарын сатып алуға Ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі ұйымдарының (қосымша атқарушылар тартылмаған жағдайда), емдеу-өндірістік (еңбек) профилакторийлерінің және Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу-өндірістік (еңбек) шеберханаларының, сондай-ақ мүгедектер саны қызметкерлерінің тізім санының кемінде 50 пайызын құрайтын ұйымдардың (қосымша атқарушылар тартылмаған жағдайда), «Белхудожпромыслы» мемлекеттік өндірістік сауда бірлестігі мен оның құрамына кіретін ұйымдардың (қосымша атқарушылар тартылмаған жағдайда) жеке өндіріс тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) сатып алу

61.

Мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарды президенттік, үкіметтік, жедел, арнайы байланыстың басқа да түрлерімен қамтамасыз ету, Тараптар мемлекеттерінде және Тараптар мемлекеттерінің одан тысқары жерлердегі ұйымдарында осындай байланыстың қауіпсіздігін, ақпаратты жасырын алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету мақсатында тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алу

62.

Алып қойылған, тыйым салынған, тәркіленген немесе өзге тәсілмен мемлекеттің кірісіне айналдырылған мүлікті, оның ішінде орындалмаған салықтық міндеттемелер мен төленбеген өсімпұлдар есебінен өндіріп алуға айналдырылған мүлікті сатып алу

63.

Егер көп пәтерлі үйдегі үй-жайлар жеке меншікте және мемлекеттік меншікте немесе муниципалдық меншікте болса, көп пәтерлі үйде үй-жайларды иемденушілердің немесе басқарушы ұйымның тұрғын үй заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органының таңдауы негізінде көп пәтерлі үйді басқару жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу

64.

Мемлекеттік немесе муниципалдық тапсырыс берушінің өтеусіз пайдалануына берілген бір немесе бірнеше тұрғын үй емес үй-жайларды техникалық күтіп ұстау, қорғау және қызмет көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтерді, егер осы қызметтер өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген үй-жайлар орналасқан ғимаратта тұрған тұрғын үй емес үй-жайларды пайдаланатын басқа адамға немесе адамдарға көрсетілген жағдайда сатып алу

65.

Егер мұндай сатып алу Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тізбе бойынша жылдың 1 айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда сатып алу қорытындыларын жасағанға және сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы мұқтаждықты сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік. Бұл жағдайда сатып алу көлемі сатып алуды өткізу, бірақ 2 айдан аспайтын мерзімде тапсырыс берушінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер санынан аспайды.

66.

Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу

67.

Табиғатты пайдалану құқығын сатып алу

68.

Шетелде қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу

69.

Егер жеке тұлға кредиттік (банктік) ұйымды, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақшалай қаражаты бойынша операциялар бөлігінде дербес анықтаған жағдайда алушылардың (жеке тұлғалар) шоттарына жалақыны есептегені үшін қызметтер көрсету бөлігінде рейтингтік агенттіктердің қызметтерін және қаржы қызметтерін сатып алу

70.

Бағалы қағаздарды немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесті сатып алу

71.

Осы қосымшада анықталған тәсілдермен сатып алу тізбесі Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында көзделген сайлауға байланысты қызметтерді сатып алу

72.

Тараптардың халықаралық шарттарына сәйкес Тарап мемлекетінің жоғары атқару билік органы бекіткен тізбе бойынша, сондай-ақ Тарап оның мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу

73.

Тарап мемлекетінің ұлттық валюта банкноттары мен монеталарының дизайны, оларды дайындау, сақтау, жеткізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олардың дизайны мен дайындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу

74.

Мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметі қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусіз негізде Тарап мемлекетінің жоғары атқару билік органына, Тарап мемлекетінің Ұлттық Банкіне беретін гранттар ақшаларын, сондай-ақ оларды ұсыну туралы келісімдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге рәсімдері көзделген жағдайларда осы гранттарды бірлесіп қаржыландыруға бөлінетін ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу

75.

Тарап мемлекетінің азаматтарын шетелде емдеу жөніндегі, сондай-ақ оларды тасымалдау және сүйемелдеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу

76.

Зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқығы бар тұлғадан сатып алу

77.

Халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсынуы жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу

78.

Монетарлық қызметті, сондай-ақ Тарап мемлекетінің Ұлттық қорын басқару жөнінде көрсетілетін қызметті жүзеге асыруға қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу

79.

Тарап мемлекеті Президентінің, өзге де күзетілетін тұлғаларды және күзетілетін тұлғалардың келуіне арналған объектілерді күзетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Тарап мемлекеті Президентінің қызметіне бейнемұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу

80.

Халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушінің мүдделерін қорғау және білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу

81.

Статистикалық қадағалау деректерін өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу

   Мемлекеттік (муниципалдық)
сатып алу туралы келісімге
№ 2 ҚОСЫМША        

Аукцион тәсілімен электрондық форматта жүзеге асырылатын
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай ең аз
тізбесі

1.

Ауыл шаруашылығы өнімі, аңшылық кәсіпшілігі өнімі, аңшылыққа, жабайы құс кәсіпшілігі мен оны өсіруге байланысты тірі жануарлардан, өнімдерден және қызметтерден, сондай-ақ аңшылық өнімі мен жабайы құс кәсіпшілігінен басқа, ауыл шаруашылығы мен аңшылық қызметтері

2.

Орман шаруашылығы және ағаш дайындау өнімдері, орман өсіру және ағаш дайындау қызметтері

3.

Балық аулау, балық питомниктері мен балық фермаларының өнімдері, балық аулауға байланысты қызметтер

4.

Таскөмір және лигнит, торф

5.

Шикі мұнай және табиғи газ, іздестіру жұмыстарынан басқа, оларды өндіру жөнінде көрсетілетін қызметтер

6.

Металл рудалары

7.

Тас, саз, құм және минералды шикізаттың басқа да түрлері

8.

Тамақ өнiмдерi және сусындар

9.

Темекі бұйымдары және темекі өнеркәсібі өнімдері, басқалар

10.

Тоқыма бұйымдары

11.

Киім, тері және бала киімдерін қоспағанда, теріден жасалған бұйымдар

12.

Былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар, қайыс-ер бұйымдары, аяқ киім

13.

Жиһаздан басқа, сүрек, сүректен жасалған бұйымдар, тығындар, шығыр және өрімдер

14.

Целлюлоза, қағаз, картон және олардан жасалатын бұйымдар

15.

Жарнама материалдары, суреттер, сызбалар, басып шығарылған фотосуреттер, кәдесый және сыйлық жиындарынан (қойын дәптер және жазба кітапшалары), сайлаулар мен референдумдарда дауыс беруге арналған бюллетендерден басқа полиграфиялық және баспа өнімдері

16.

Кокс пештерінің өнiмдерi

17.

Мұнайды қайта өңдеу өнiмдерi, мұнайды қайта өңдеу газы мен пиролиза, газды қайта өңдеу зауыттарының өнiмдерi

18.

Органикалық және бейорганикалық синтез өнiмдерi

19.

Резеңке және пластмасса бұйымдары

20.

Шыны шаруашылық-тұрмыс және интерьерге арналған бұйымдардан, сондай-ақ керамикалық құрылыстық емес отқа төзімсіз бұйымдардан басқа, металл емес минералды өнімдер

21.

Металлургия өнеркәсібінің өнімі

22.

Машиналар мен жабдықтардан басқа, металды қайта өңдеу өнiмдерi (ядролық реакторлардан басқа)

23.

Қару-жарақтан, оқ-дәрі мен олардың бөлшектерінен, халықтық-шаруашылық мақсатындағы жарылғыш қондырғылар мен жарылғыш заттардан басқа, өзге топтамаларға енгiзiлмеген машиналар мен жабдықтар

24.

Кеңселік, бухгалтерлік және электрондық-есептеу техникасы

25.

Басқа топтамаларға енгiзiлмеген электр қозғалтқыштары мен электротехникалық аппаратура

26.

Радио, теледидар және байланыс үшін жабдық және аппаратура

27.

Медициналық жабдық және аппаратура, өлшеу құралдары, фото- және киноаппаратура, сағаттар

28.

Автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, автомобильдерге арналған қораптар, автомобильдерге бөлшектер мен керек-жарақтар, гараж жабдығы

29.

Сауда және жолаушылар кемелерінен, әскери корабльдерден, әуе және ғарыштық ұшу аппараттарынан, ұшу аппараттарының жабдықтары мен бөлшектерінен басқа, өзге көлік құралдары

30.

Зергерлік бұйымдар мен олармен аралас тауарлардан, музыкалық аспаптардан, ойындар мен ойыншықтардан, еңбек процесін оқытуға арналған жабдықтан, мектеп оқу құралдары мен жабдықтарынан, көркем кәсіпшілік бұйымдарынан, өнер туындылары мен коллекциялау заттарынан, экспозицияланған кинопленкалардан, адам, жануарлар шашынан, синтетикалық материалдардан және одан жасалатын бұйымдардан басқа, дайын бұйымдар

31.

Жаңа шикізат ретінде пайдалану үшін жарамды нысандағы қалдықтар мен сынықтар

32.

Табиғи су және мұз

33.

Күрделі құрылыстың аса қауіпті, техникалық күрделі объектілерінен, егер Тарап мемлекетінің сатып алу туралы заңнамасында осы ерекшеліктер белгіленген және Тарап мемлекетінің заңнамасында осындай объектілердің толық тізбесі берілген жағдайда автомобиль жолдарының құрамына енгізілген жасанды жол құрылыстарынан басқа, күрделі жөндеу мен ағымдағы жөндеуді қоса алғанда, құрылыс қызметтері мен құрылыс объектілері

34.

Автомобильдер мен мотоциклдер саудасы, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтер

35.

Автомобильдер мен мотоциклдер саудасы жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, көтерме және комиссиялық сауда қызметтері

36.

Бөлшек сауда жөнінде көрсетілетін қызметтер

37.

Қонақ үйлер мен мейрамханалардың қызметтері

38.

Темір жол көлігі қызметтерінен, метрополитен қызметтерінен, құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерінен басқа, құрлықтағы көлік қызметтері

39.

Су көлігі қызметтері

40.

Көліктік көмекші және қосымша қызметтер, саяхат бюросы мен туристік агенттіктердің қызметтерінен, туристерге көмек көрсету жөніндегі өзге де қызметтерден басқа, туризм және экскурсия саласындағы қызметтер

41.

Ұлттық пошта қызметтерін, электр байланыс қызметтерін қоспағанда, курьерлік қызметтерден басқа байланыс

42.

Сақтандыру мен зейнетақымен қамсыздандырудан, облигациялық қарыздарды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, қаржы делдалдығы жөнінде көрсетілетін қызметтер

43.

Бағалау қызметтерін қоспағанда, қаржы делдалдығына қатысты көмекші болып табылатын қызметтер

44.

Жылжымайтын мүлікке байланысты қызметтер

45.

Кеңселерге арналған ұйымдастыру техникасына, электрондық есептеу машиналарына және олармен бірлесіп пайдаланылатын перифериялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтер

46.

Ғимаратты жинау жөнінде көрсетілетін қызметтер

47.

Орау жөнінде көрсетілетін қызметтер

48.

Кәріз, қоқыстарды жою, санитарлық өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер және осыған ұқсас қызметтер

49.

Шаштараз, косметикалық салондар мен емдік косметикалық ұйымдардың қызметтерінен, жерлеу, көму және кремациялауды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері

50.

Осы тізбеге енгізілмеген коксты, мұнай мен ядролық отынды қайта өңдеу өнімдерін өндіру қызметтерінен, жиһаз өндіру қызметтерінен, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, өңдеуші өнеркәсіптің қызметіне байланысты қызметтер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады