Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2017 № 595 қаулысымен.
"Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 288 қаулысымен бекітілген |
"Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссияның мақсаты "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республиканың Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеттері ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
1) "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру бойынша экспорттық импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін рұқсат беру құжаттарын беру функцияларына кіретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) қызметін үйлестіру бойынша;
2) "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның негізгі функциялары
5. Комиссияның негізгі функциялары:
1) "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру бойынша;
2) "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4. Комиссияның құқықтары
6. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары басшыларының және лауазымды адамдарының "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру бойынша олар жүргізіп жатқан жұмыс туралы есептерін тыңдауға;
3) мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпарат сұратуға;
4) уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сараптау және жұмыс топтарын құруға құқылы.
5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта немесе оның тапсырмасы бойынша оның функцияларын орынбасар орындайды.
Комиссияның мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады. Бұл ретте, Комиссияның отырыстарына шақырылған адамдар қатыса алады.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.9. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.10. Жұмыс жоспарын, отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орыны мен уақытын Комиссияның төрағасы бекітеді.
11. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
12. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігі қатысса, заңды болып саналады.
13. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссия отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.14. Комиссия отырысы хаттамаларының орындалуын бақылауды оның жұмыс органы жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.14-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Ескерту. Ереже 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.6. Комиссияның қызметін тоқтату
15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 288 қаулысымен бекітілген |
"Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе"
иитеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссияның құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі