Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
3. Осы қаулыға 1, 2-қосымшаларда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне республикалық бюджетте және жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 304 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Ақтөбе әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Орал әскери тергеу бөлімі.
2. Алматы әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Қапшағай әскери тергеу басқармасы.
3. Қостанай әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Петропавл әскери тергеу бөлімі.
4. Шымкент әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Қызылорда әскери тергеу бөлімі.
5. Ақтау әскери тергеу бөліміне қосу жолымен Атырау әскери тергеу бөлімі.
6. Семей әскери тергеу басқармасына қосу жолымен Павлодар әскери тергеу бөлімі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 304 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта аталатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Степногор қаласының ішкі істер бөлімі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Степногор қаласының Ішкі істер басқармасына.
2. Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті Жаңаөзен қаласының ішкі істер бөлімі Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті Жаңаөзен қаласының Ішкі істер басқармасына.
3. Павлодар облысының Ішкі істер департаменті Екібастұз қаласының ішкі істер бөлімі Павлодар облысының Ішкі істер департаменті Екібастұз қаласының Ішкі істер басқармасына.
4. Ақмола әскери тергеу басқармасы Астана әскери тергеу басқармасына.
5. Аягөз әскери тергеу бөлімі Аягөз әскери тергеу басқармасына.
6. Ақтау әскери тергеу бөлімі Ақтау әскери тергеу басқармасына.
7. Семей әскери тергеу басқармасы Шығыс әскери тергеу басқармасына.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 304 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
реттік нөмірлері 21, 169, 177-жолдардағы «бөлімі» деген сөз «басқармасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 257-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«257. Астана әскери тергеу басқармасы.»;
реттік нөмірі 261-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 265, 270-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«265. Шығыс әскери тергеу басқармасы.»;
«270. Ақтау әскери тергеу басқармасы.»;
реттік нөмірі 271-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 272-жолдағы «бөлімі» деген сөз «басқармасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 273, 274, 275, 276-жолдар алып тасталсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 113 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).