Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз шешімдерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы «__» _____
№ __ Жарлығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің
күші жойылған кейбір жарлықтарының
тізбесі
1. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 7, 73-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 наурыздағы № 1323 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 14, 173-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы № 127 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 20, 194-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 444 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 497-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 15 шілдедегі № 1027 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 394-құжат).