Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 наурыздағы N 1323 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 63 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.04.18 № 63 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының  
ПҮАЖ-ында жариялануға тиіс 

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 7, 73-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтағы ", ақпарат және қоғамдық келісім" деген сөздер алынып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
      1-бөлімнің үшінші абзацында ", ақпарат және қоғамдық келісім" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-бөлімнің "Тіл - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында" деген тарауының бірінші абзацында "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жанындағы Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту" деген сөздер "Мәдениет министрлігінің Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады