Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 15 шілдедегі № 1027 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 63 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.04.18 № 63 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 7, 73-құжат; 2004 ж., № 14, 173-құжат; 2006 ж., № 20, 194-құжат; 2007 ж., № 43, 497-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақта «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
      1-бөлімнің үшінші бөлігінде «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын;
      5-бөлімнің 5.1-кіші бөліміндегі «Тіл - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында» деген тарауының бірінші бөлігінде «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады