Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 374 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 603 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 73-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінде:

      1-тармақта:

      "2005 жылғы 8 шілдедегі" деген сөздерден кейін "Заңына" деген сөзбен толықтырылсын;

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Бюджеттік кредиттер облыстардың жергілікті атқарушы органдарына мынадай жағдайларда:

      кейіннен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, олардың тұрғын үй сатып алуы үшін теңгемен 15 (он бес) жыл мерзімге жылдық 0,01 % мөлшеріндегі сыйақы ставкасы бойынша бере отырып кредиттік шарттар жасасу арқылы беріледі;

      кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 22 (жиырма екі) айды құрайды;

      бюджеттік кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар кредиттік шартта белгіленеді.";

      4, 7, 8-тармақтардағы "жұмыс органы", "Жұмыс органы" және "жұмыс органынан" деген сөздер "Әкімші" және "Әкімшіден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандары үшін тұрғын үй сатып алуға кредит беру сенім білдірілген өкілмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін кредит беру жөніндегі бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша сенім білдірілген өкілмен (агентпен) тапсырыс шартын жасасады.

      Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін кредит беру жөніндегі бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша операциялық қызметтер көрсетуге арналған шығындарын өтеу үшін қаражат 095 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасы бойынша тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделеді.";

      6-тармақтың бірінші бөлігіндегі "жұмыс органына" деген сөздер "Әкімшіге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10-тармақтағы "аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі" деген сөздер "Әкімші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11-тармақта:

      1) тармақшада:

      "жұмыс органы" деген сөздер "Әкімші" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "2009 жылғы 1 шілдеден бастап" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) тармақшадағы "2010 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) 2-қосымшада:

      екінші абзацта "әкімінің аппараты" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-тармақтың 1), 2) тармақшаларындағы, 6-тармақтың 3) тармақшасындағы "қарыз алушымен", "қарыз алушылардың", "қарыз алушылардан" деген сөздер "Алушымен", "Алушының", "алушылардан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады