Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 378 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы «өтемақы төлеудің» деген сөздерден кейін «және оларға куәлік берудің» деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақ «өтемақы төлеу» деген сөздерден кейін «және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру» деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақта:
      1) тармақша «есепке алу» деген сөздерден кейін «және оларға жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) қажеттілікті ескере отырып, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушілердің жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәліктерді дайындауға жыл сайын қаражат көздесін;»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесінде:
      тақырыбы «өтемақы төлеу» деген сөздерден кейін «және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру» деген сөздермен толықтырылсын;
      кіріспе «төлеудің» деген сөзден кейін «және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік (бұдан әрі - куәлік) берудің» деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтың 5) тармақшасы «есепке алу» деген сөздерден кейін «, оларға жеңілдіктер және өтемақы алу құқығын растайтын куәлікті беру» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-бөлімнің тақырыбы «тіркеудің» деген сөзден кейін «және оларға куәлік берудің» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бұрын берілген куәлікпен және осы Ережеде белгіленген тәртіппен берілген куәлікпен қатар, мыналар тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін және кезеңін растайтын құжаттар болып табылуы мүмкін:»;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Арнайы комиссия комиссия төрағасы растаған тізімге сәйкес бес жұмыс күні ішінде азаматқа осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік береді.»;
      17-тармақтағы «Заңда» деген сөз «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 24, 25, 26-тармақтармен толықтырылсын:
      «24. Бұрын куәлік алмаған азаматтар оны арнайы комиссияға тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін және кезеңін растайтын құжаттарды қоса отырып, осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы алуға құқылы.
      Азаматтардың тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісі және кезеңі расталған жағдайда арнайы комиссия бес жұмыс күні ішінде азаматқа өтемақы алу құқығын іске асыру туралы белгісі бар куәлікті береді.
      25. Куәлігі жоғалған жағдайда, оның иесі арнайы комиссияға жоғалту және телнұсқасын беру туралы осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін және кезеңін растайтын құжаттар қоса беріледі. Арнайы комиссия өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей азаматқа «Телнұсқа» деген мөртабан басылатын куәліктің телнұсқасын береді.
      26. Куәлікті, оның ішінде оның телнұсқасын беруді арнайы комиссия жүзеге асырады және осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтарға куәлік беруді есепке алу журналына белгілейді.»;
      осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 6-1, 8, 9-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 6 сәуірдегі 
№ 378 қаулысына    
1-қосымша       

Семей ядролық сынақ полигонындағы 
ядролық сынақтардың салдарынан  
зардап шеккен азаматтарды тіркеу,
оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай
өтемақы төлеу ережесіне    
6-1-қосымша           

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер мен өтемақы
алу құқығын растайтын
КУӘЛІК

Сериясы_____________________________________№________________________
Тегі_________________________________________________________________
Аты__________________________________________________________________
Әкесінің аты_________________________________________________________
Туғаны жылы__________________________________________________________
____19____ж. бастап_____ж. аралығында________________________________
қатер аймағында орналасқан___________________________________________
_______________________________________________________________тұрды,
____19____ж. бастап_____ж. аралығында________________________________
қатер аймағында орналасқан_____________________________________тұрды,
_____________________________________________________________________
                      (куәлікті берген мекеме)

Берілген күні                   М.О.             Қолы

      Куәлік мерзімсіз және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін жеңілдіктер туралы («Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңынан) қысқаша мәліметтер

      Заңның 5, 6, 7, 8, 9-баптарында көрсетілген аймақтарда тұрған және тұратын азаматтарға сараланған біржолғы ақшалай өтемақыға кепілдік беріледі.
      Сонымен қатар, бұл азаматтар Заңда белгіленген шеңберде:
      жеңілдікті шарттармен зейнетақы;
      стажды есептеу бойынша жеңілдіктер;
      қосымша еңбекақы, зейнетақы төлемі, стипендия мен жәрдемақы;
      жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын алуға құқылы.
      ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен аумақтарда тұратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер санаториялық-сауықтыру мекемелерінде тегін сауығуға (медициналық көрсеткіштер бойынша) құқылы.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________________сома
мөлшеріндегі біржолғы өтемақы төлеуді________________________________
_____________________________________________________________жүргізді
                 (ұйымның атауы, күні, мөртаңба)

      Алушының жеке қолы_______________________

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің             
2011 жылғы 6 сәуірдегі      
№ 373 қаулысына         
2-қосымша            

Семей ядролық сынақ полигонындағы 
ядролық сынақтардың салдарынан  
зардап шеккен азаматтарды тіркеу,
оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай
өтемақы төлеу ережесіне    
8-қосымша              

Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тіркеу және есепке
алу және оларға жеңілдіктер алу құқығын
растайтын куәлікті беру жөніндегі арнайы
комиссияның төрағасына__________________
________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
______________________________________,
_______________________________________
жеке басын куәландыратын құжат

Өтініш

      Маған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын.
      _______________бастап_______________ қоса алғанда_______________ радиациялық әсер аймағының аумағында тұрдым.
      Өтінішке жоғарыда көрсетілген аумақтарда тұру фактісін растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:_______________
      Ұсынылған құжаттар үшін толық жауапты боламын.

Күні__________________________ Қолы___________________
_____________________________________________________________________
                            (кесу сызығы)

Азамат____________________________өтініші қоса берілген құжаттарымен
«__»___________ 20___ жылы_______ данада қабылданды.
_____________________________________________________________________
         (құжаттарды қабылдаған адамның қолы, лауазымы, Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2011 жылғы 5 сәуірдегі  
№ 373 қаулысына     
3-қосымша         

Семей ядролық сынақ полигонындағы  
ядролық сынақтардың, салдарынан   
зардап шеккен азаматтарды тіркеу, 
оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай 
өтемақы төлеу ережесіне      
9-қосымша                

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәлік (куәліктің телнұсқасын) беруді есепке алу журналы
_____________________________________________________________________
                  куәлік берген органның атауы

р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты

Мекенжайы

Берілген күні

Куәлікті (куәліктің телнұсқасын) алушының қолы

Куәлікті (куәліктің телнұсқасын) берген адамның қолы

1

2

3

4

5

6



















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады