Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден кызметтерінің біріккен алқасы туралы шартқа қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 389 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасы туралы шарттың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасы туралы шартқа қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 389 қаулысымен 
мақұлданған   

жоба   

Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің
біріккен алқасы туралы
шарт

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты, 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты негізге ала отырып, төмендегілер туралы уағдаласты.

1-бап

      Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің (бұдан әрі - Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері) өзара іс-қимылын үйлестіру, Кеден одағының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету, Тараптар мемлекеттерінің кеден органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеден заңнамасы мен кедендік реттеудің қолданылуын біріздендіру мақсатында Тараптар Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасын (бұдан әрі -  Біріккен алқа) құрады.

2-бап

      Біріккен алқа өзінің қызметін осы Шартта, Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін басқа халықаралық шарттарында, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) және Кеден одағы комиссиясының шешімдерінде көзделген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.

3-бап

      Біріккен алқаны Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері басшыларының арасынан Біріккен алқа мүшелері сайлайтын Төраға басқарады. Төраға білдіретін Тараптан орынбасарды қоспағанда, Біріккен алқа Төрағасының Біріккен алқа мүшелері сайлайтын Кеден одағына мүше мемлекеттердің саны бойынша орынбасарлары болады.
      Біріккен алқа Төрағасы және оның орынбасарлары лауазымға бір жылға сайланады. Біріккен алқаның шешімі бойынша бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.
      Біріккен алқаның жұмыс істеп отырған Төрағасының Біріккен алқа отырысын жүргізу бойынша міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оның функцияларын Біріккен алқа Төрағасы орынбасарларының бірі орындайды.
      Біріккен алқа құрамына Төраға, оның орынбасарлары, сондай-ақ әрбір орталық кеден органынан тең өкілдікпен Тараптар мемлекеттері орталық кеден органдарының алқалары мүшелерінің арасынан Тараптар мемлекеттері орталық кеден органдарының басшы (лауазымы бойынша) қызметкерлері кіреді.
      Біріккен алқа жұмысының тәртібі Біріккен алқаның қарау және бекіту қорытындысы бойынша Төраға бекітетін Рәсімдер қағидасында айқындалады.

4-бап

      Біріккен алқа отырыстары тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі. Тараптар мемлекеттері орталық кеден органдарының кемінде біреуінің өтінуі бойынша Біріккен алқаның кезектен тыс отырыстары өткізілуі мүмкін.

5-бап

      Біріккен алқаның негізгі міндеттері:
      Кеден одағы шеңберінде Тараптар мемлекеттері кеден қызметтерінің іс-әрекетін үйлестіру;
      кеден ісі мәселелері бойынша Тараптар мемлекеттері кеден қызметтерінің құзыретіне қатысты бөлігінде Кеден одағының бірыңғай құқықтық базасын қалыптастыруға қатысу;
      өз құзыреті шегінде Кеден одағының кеден заңнамасын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету;
      Кеден одағының аумағында тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды ұйымдастырудың біріздендірілген тәртібін қамтамасыз ету;
      бірыңғай кедендік аумақта кеден саясатын іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

6-бап

      Біріккен алқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      Кеден одағының кеден заңнамасы нормаларының орындалуын мониторингілеу;
      Кеден одағында кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау және оларды Кеден одағы органдарының қарауына енгізу;
      бірыңғай кедендік аумақты қалыптастыру мен оның жұмыс істеуі үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай жасауға қатысу;
      ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі (Кеден одағының жоғары органы) және Кеден одағының комиссиясы қабылдаған шешімдерді іске асыруға жәрдемдесу;
      сақталуын бақылау Тараптар мемлекеттерінің кеден органдарына жүктелген Кеден одағында кедендік реттеу нормаларының біркелкі сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жоспарлар мен шараларды дайындау және қабылдау;
      Тараптар мемлекеттері кеден қызметтерінің Кеден одағындағы кедендік реттеу саласында өзара іс-қимыл жасауының негізгі мәселелерін шешу;
      Кеден одағының кеден заңнамасын түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулы мәселелерді талқылау;
      Кеден одағындағы кедендік қатынастарды реттейтін актілердің іске асырылу барысын талдау және қарау;
      Тараптар алдында белгіленген тәртіппен бастамашылық жасау және Кеден одағындағы кедендік реттеу саласында Кеден одағын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      Кеден одағындағы кедендік реттеуді жетілдіру, кедендік қағидаларды және кедендік құжаттардың нысандарын біріздендіру бойынша ұсыныстар дайындау және Кеден одағы органдарының қарауына енгізу;
      тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметті үйлестіру;
      Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтеріне шығарылған елін айқындау қағидасын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды қарау және дайындау;
      Кеден одағының органдары үшін декларациялау, тауарлардың кедендік құнын және кедендік төлемдердің төленуін бақылау тәртібін әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарау және дайындау;
      кедендік бақылаудың біріздендірілген тәртібінің сақталуын, Кеден одағына мүше мемлекеттерде біріздендірілген кедендік рәсімдердің біркелкі және тиімді қолданылуын мониторингілеу;
      кедендік бақылаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
      жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізуінің біріздендірілген қағидасын және осындай тауарларды декларациялау тәртібін Тараптар мемлекеттері кеден қызметтерінің қолдануын мониторингілеу;
      Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының біркелкі қолданылуын мониторингілеу;
      Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды қарау және ұсынымдар әзірлеу;
      валюталық құндылықтарды әкелу және әкету тәртібін реттейтін заңнаманың сақталуын бақылауды Тараптар мемлекеттері кеден органдарының жүзеге асыруын, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің валюталық заңнамасында көзделген өзге функцияларды жүзеге асыруын ұйымдастыру;
      Тараптар  мемлекеттері кеден қызметтерінің контрабандаға, Кеден одағындағы кедендік реттеу саласындағы, өзге қылмыстарға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
      Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері қолданатын ақпараттық жүйелерді және ақпараттық технологияларды әзірлеуді, жетілдіруді және  енгізуді үйлестіру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      есірткі құралдары мен психотроптық заттардың, қару-жарақтың, Тараптар мемлекеттері халықтарының және шет елдер халықтарының көркем, тарихи және археологиялық игілігі заттарының, зияткерлік меншік объектілерінің, жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің, олардың бөліктері мен дериваттарының, тыйым салулар мен шектеулерге жататын басқа да тауарлардың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша Тараптар мемлекеттері кеден қызметтерінің бірлескен шаралар жүйесін әзірлеу және іске асыру;
      Тараптар мемлекеттері кеден қызметтерінің құзыреті шегінде Кеден одағының сыртқы шекарасы арқылы тауар айналымын жылдамдатуға мүмкіндік беретін, сондай-ақ кедендік инфрақұрылымның дамуын қоса алғанда, Тараптар мемлекеттерінің сыртқы экономикалық байланыстарын, Тараптар мемлекеттерінің кәсіпорындарын, мекемелерін, ұйымдарын және азаматтарын дамытуға жәрдемдесетін шараларды әзірлеу және жағдай жасау, осы шараларды іске асыруды қамтамасыз ету;
      өз құзыреті шегінде кеден мәселелері жөнінде халықаралық ынтымақтастыққа қатысу, Тараптар мемлекеттері орталық кеден органдарының оған қатысуын үйлестіру;
      тәуекелдерге қатысты Тараптар оларды азайту жөніндегі шараларды міндетті түрде әзірлейтін және қолданатын олардың саласын айқындау бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
      тәуекелдерді басқару жүйесінің бірыңғай стандарттарын қалыптастыру үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуінің әдістемелік негіздерін әзірлеу және оларды Кеден одағы шеңберінде біркелкі қолдануды қамтамасыз ету.

7-бап

      Біріккен алқаның:
      өз құзыреті шегінде кедендік баждардың, өзге баждардың, салықтар мен Кеден одағы жағдайында баламалы қолданылатын алымдардың сомасын есепке алу тәртібін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеуге;
      өз құзыреті шегінде Тараптар мемлекеттері кеден қызметтерінің ынтымақтастығын, өзара іс-қимылын дамытуға бағытталған шешімдер қабылдауға;
      Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында тиімді кедендік әкімшілендіруді қамтамасыз ету үшін шешімдер қабылдауға;
      белгіленген тәртіппен Кеден одағындағы реттеу саласындағы мәселелерді дайындау үшін қажетті тұрақты немесе уақытша жұмыс топтарын құруға;
      Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтеріне Кеден одағының кеден заңнамасы нормаларының іске асырылу барысы туралы және Біріккен  алқа қабылдайтын шешімдердің орындалу барысы туралы баяндауды тапсыруға;
      кеден органдары тәуекелдерге қатысты міндетті түрде оларды төмендету бойынша шараларды әзірлейтін және қолданатын олардың саласын айқындауға;
      кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) төлеуге байланысты ақпарат алмасуды  және ақпарат берудің бірыңғай тәртібін айқындауға;
      2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімге сәйкес кедендік әкелу баждарының есебін жүргізудің бірыңғай  қағидаттарына негізделген келісілген қағидалардың қолданылуын қамтамасыз етуге;
      Кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) және Кеден одағы комиссиясының шешімдеріне сәйкес өзге де құқықтарды пайдалануға құқығы бар.      

8-бап

      Біріккен алқа мүшесінің:
      Біріккен алқа құзыретінің шеңберінде кез келген мәселелерді талқылауға шығаруға және қарастырылатын мәселелер мен Біріккен алқа қабылдаған шешімдердің орындалуы туралы қажетті ақпаратты алуға;
      Біріккен алқаның отырыстарын өткізу орны мен уақыты туралы ұсыныстар енгізуге;
      Біріккен алқаның жұмыс топтарының қызметі туралы қажетті ақпаратты алуға құқығы бар.
      Біріккен алқа мүшесі:
      Біріккен алқаны кедендік ынтымақтастықтың қарастырылатын мәселелері бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттің ұстанымы туралы хабардар етуге;
      Біріккен алқа қабылдаған шешімдерді Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарына жеткізуге және олардың орындалуына ықпал етуге;
      Біріккен алқа қабылдаған шешімдердің толық және уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

9-бап

      Біріккен алқаның шешімдері дауыс берумен (консенсуспен) қабылданады, бұл ретте Кеден одағына мүше әрбір мемлекеттің бір шешуші дауысы болады. Егер Кеден одағына мүше мемлекеттердің біреуі де осы шешімге қарсы дауыс бермесе, шешім қабылданды деп саналады.
      Біріккен алқаның шешімдеріне Төраға және Тараптар мемлекеттерінің қалған кеден қызметтерінің басшылары (олар Біріккен алқаның отырыстарына қатысқан кезде) қол қояды. Біріккен алқаның отырыстарында Тараптар мемлекеттері кеден қызметтерінің басшылары болмаған кезде Біріккен алқаның шешіміне Төраға және оның орынбасарлары қол қояды.
      Біріккен алқаның шешімдері қабылданған сәтінен бастап жеті күн мерзімде Тараптар мемлекеттерінің орталық кеден органдары басшыларының Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларында белгіленген өкілеттіктері шегінде өздері шығаратын бұйрықтарымен орындау үшін жарияланады.

10-бап

      Біріккен алқа Хатшылығының функциялары Федералдық кеден қызметіне (Ресей Федерациясы) жүктеледі.
      Біріккен Алқа Хатшылығының функцияларын орындау бойынша Ресейдің Федералдық кеден қызметінің шығыстарын қаржыландыру Ресей ФКҚ-ны қаржыландыруға бөлінетін Ресей Федерациясының бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Хатшылық Біріккен алқаның қызметін ұйымдастыруды және ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Хатшылық орындайтын өзге де функциялардың тізбесі Төраға бекітетін Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері Біріккен алқасының Хатшылығы туралы ережеде айқындалады.
      Біріккен алқаның мүшелерін немесе олардың уәкілетті өкілдерін отырыстарға қатысу үшін іссапарға жіберу жөніндегі шығыстарды жіберетін Тарап көтереді.

11-бап

      Біріккен алқаның жұмыс тілі орыс тілі болып табылады.

12-бап

      Біріккен алқа Хатшылығының орналасқан жері Мәскеу қаласы болып табылады.

13-бап

      Осы Шартқа ескертпелерге жол берілмейді.

14-бап

      Осы Шартқа жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

15-бап

      Осы Шарттың ережелерін талқылауға және (немесе) қолдануға байланысты даулар Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.

16-бап

      Осы Шарт ратификациялауға жатады және қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
      Осы Шарт дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың осы Шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.
      2011 жылғы «__» _______ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Шарттың түпнұсқа данасы осы Шарттың депозитарийі болып табылатын және әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.

      Беларусь                 Қазақстан                    Ресей
  Республикасының           Республикасының            Федерациясының
    Үкіметі үшін              Үкіметі үшін               Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады