Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 және 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 418 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 592 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.02.2015 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2) "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):

      "Материалдар, химикаттар, "микроорганизмдер" және "токсиндер" деген 1-санат бөлімінде:

      "Мыналар секілді токсинді химиялық заттарды жасау үшін пайдалануы мүмкін химикалийлер:" деген 1С350 бөлік мынадай мазмұндағы 55, 56, 57, 58, 59-тармақтармен толықтырылсын:

      "55. Этилдиэтаноламин;

      56. О,О-диэтил-фосфоротиоат;

      57. О,О-диэтил-фосфородитиоат;

      58. Натрий гексафторосиликаты;

      59. Метилфосфонотионды дихлорид.";

      "Мыналар секілді адам және жануарлар үшін қауіпті патогендер және токсиндер:" деген 1С351 бөлік мынадай мазмүндағы d, e, f тармақшаларымен толықтырылсын:

      "d. WB1, WB2, WB3 түрлерінің бактериялары;

      e. F1 Coccidiodes immitis және F2 Coccidiodes posadasii саңырауқұлақтары;

      f. Генетикалық түрлендірілген ағзалар;";

      "Мыналар секілді жануарларға қауіпті патогендер:" деген 1С352 бөлік мынадай мазмұндағы с, d тармақшаларымен толықтырылсын:

      "с. АВ2 mycoplasmacapricolum (штамм F38) бактериялары;

      d. Тізімге қосылған микроағзалардың кез келгенінің патогендігіне байланысты нуклеин қышқылының тізбектерінен құралатын AG2 генетикалық түрлендірілген ағзалары.";

      "Мыналар секілді өсімдіктерге қауіпті патогендер:" деген 1С354 бөлік мынадай мазмұндағы d, е тармақшаларымен толықтырылсын:

      "d. PV1 және PV2 вирустары;

      e. Генетикалық түрлендірілген ағзалар.";

      "Материалдарды өңдеу" деген 2-санат бөлімінде:

      "Мыналар секілді химиялық өндірістік қондырғылар мен жабдық:" деген 2В350 бөлік мынадай мазмұндағы k, l, m, n, о тармақшаларымен толықтырылсын:

      "k. Реакциялык түтікшелер, реакторлар;

      l. Сақтауға арналған бактар, контейнерлер немесе қабылдағыш резервуарлар;

      m. Жылу алмастырғыштар немесе конденсациялық аппараттар;

      n. Ректификациялық немесе сіңіргіш бағаналар;

      о. Қалпақшалар.";

      "Мына секілді биологиялық материалдарды өңдеуге арналған жабдық:" деген 2В352 бөлік мынадай мазмұндағы b, с, d, e тармақшаларымен толықтырылсын:

      "b. Тозаңдату немесе ұсақ тамшы бүрку жүйелері және олардың құрамдауыштары;

      с. Фазааралық поликонденсаторлар;

      d. Фазалық бөлгіштер;

      e. Кәдімгі үй-жайлар немесе турбулентті ауа ағыны бар үй-жайлар.".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.02.2015 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады