"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 455 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба    

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат, № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 29 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 25 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 23 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 581-баптың 1) тармақшасы «жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін,» деген сөздерден кейін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 615-баптың 1) тармақшасының екінші бөлігіндегі «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздерден кейін «, міндетті әлеуметтік сақтандыру» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат, № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат, 123-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат):
      1) 1-бапта:
      15) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «38-1) міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек - есептелген, ұстап қалған (есептеп қосылған) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылмаған міндетті зейнетақы жарналары;»;
      2) 5-баптың 2, 3-тармақтарындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен», «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
      3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
      «6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің зейнетақымен
                қамсыздандыру саласындағы құзыреті
      Қазақстан Республикасының Үкіметі зейнетақымен қамсыздандыру саласында:
      1) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттарын әзірлейді;
      2) салымшылар өз қаражаты есебінен олардың пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын кәсіптердің тізбесін бекітеді;
      3) бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін төлеудің тәртібін айқындайды;
      4) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері мөлшерінің жыл сайынғы арттырылуын бекітеді;
      5) орындалу уақыты денсаулық сақтау мекемелері медициналық қызметкерлерінің жекелеген санаттарының еңбек стажына зейнетақы тағайындау үшін бір жарым есе мөлшерде есептелетін жұмыстардың тізбесін бекітеді;
      6) толық маусым ішіндегі жұмысы зейнетақы тағайындау үшін стажға бір жұмыс жылы ретінде есептелетін өнеркәсіптің маусымдық салаларының тізімін бекітеді;
      7) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1, 2 тізімін бекітеді;
      8) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау, қайта жаңарту және жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
      9) міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру тәртібін айқындайды;
      10) жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аудару кезінде туындаған міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысу тәртібін айқындайды;
      11) 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердің (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кеткен, хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кірісінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібін айқындайды;
      12) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есептеп қосу) және аудару тәртібі мен мерзімін айқындайды;
      13) судья қызметінен келеңсіз себептер бойынша босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және республикалық бюджетке аудару тәртібін айқындайды;
      14) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысты айқындау тәртібін айқындайды;
      15) міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіру тәртібін айқындайды;
      16) агенттің банк шоттары және шығыс операцияларын тоқтата тұрудың тәртібін айқындайды;
      17) жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді кесте бойынша жүзеге асыру әдістемесін айқындайды;
      18) салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа жинақтаушы  зейнетақы қорына электрондық құжат арқылы аудару тәртібін айқындайды;
      19) зейнетақы жинақтарының нақты құны төмендеген жағдайда корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары акционерлерінің инвестициялық кіріс шығынын өтеу тәртібін айқындайды;
      20) жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақысын өндіріп алу тәртібін айқындайды;
      21) әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақ, сыныптық шен иелену және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібін айқындайды;
      22) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      4) 11-баптың 2-тармағында:
      8) тармақшадағы «- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмыс тізбесі бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
      10) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен» деген сөздер алып тасталсын;
      5) 13-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен» деген сөздер алып тасталсын;
      6) 14-баптың 1-тармағындағы «тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін» деген сөздер алып тасталсын;
      7) 15-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
      8) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік
               монополия
      1. Орталық мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік, біржолғы төлемдерді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар беру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, әлеуметтік аударымдарды төлеушілердің орталықтандырылған дербестендірілген есебін қалыптастыру;
      4) міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара іс-қимыл жасау;
      5) Орталық қызметінің түрлеріне сәйкес ақпараттық қызметтерді, Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтары құпиясының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын ескере отырып ұсыну;
      6) Орталықты мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы болып табылатын орталық атқарушы органның бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру және қызмет көрсету.
      2. Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      9) 19-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      10) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
      «21-1-бап. Артық (қате) аударылған зейнетақы төлемдерін
                 Орталыққа қайтару
      1. Артық (қате) аударылған зейнетақы төлемдерін банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан қайтару Орталықтың сұратуы бойынша мынадай жағдайларда:
      1) алушы қайтыс болғанда;
      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты тіркеуден шыққанда жүргізіледі.
      2. Орталық артық аударылған зейнетақы төлемдерін қайтаруға сұрауды алушының қайтыс болуы не Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты тіркеуден шығу фактісін растайтын құжатты қоса отырып жібереді.
      3. Бұрын Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындалған адамдар Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін қайта оралған жағдайда, егер кеткен кезеңде зейнетақыларды арттыру жүргізілсе, арттыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасында бұрын тағайындалған зейнетақыны Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткен сәтте белгіленген мөлшерде қайтадан жаңартуға не осы Заңға сәйкес жаңадан тағайындау рәсімінен өтуге құқылы.»;
      11) 22-баптың 7-тармағында:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердің (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кеткен, хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кірісінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналары 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін өсімпұлымен қоса, республикалық бюджетке аударылады. Республикалық бюджетке аударылған міндетті зейнетақы жарналары мен есімпұл сомаларын бұрынғы қызметкерлер, ал олар қайтыс болған жағдайда мұрагерлері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаға сәйкес талап ете алады.»;
      12) 22-1-бапта:
      1-1-тармақтың екінші бөлігі «республикалық бюджетке алынады» деген сөздерден кейін «алынады және республикалық бюджетке аударылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      13) 22-3-бапта:
      1-тармақта «кәсіптердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармағының екінші сөйлемі алып тасталсын;
      14) 22-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «22-4-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы
                 ұсталмағаны және аударылмағаны үшін жауапкершілік
      1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда, агенттер оларды әрбір кешіктірілген күнге (Орталыққа төлейтін күнді қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиіс.
      2. Міндетті зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, салық органы агентке міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама жібереді.
      Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш сомасынан аспаған жағдайда, мұндай хабарлама жіберілмейді.
      3. Агент хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына аударылатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін ұсынуға міндетті.
      4. Агент өзіне осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама тапсырылған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтемеген жағдайда, салық органы:
      мұндай агенттің банк шоттары бар болса - бір мезгілде агенттің банк шоттары (корреспонденттіктерді қоспағанда) мен кассасы бойынша;
      мұндай агенттің банк шоттары болмаса - касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      5. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық органдарының өкімі бойынша агенттердің банк шоттарындағы (корреспонденттіктерді қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен орындауға міндетті.
      Салық органының банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға мұндай өкімді жіберу тәсілі салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
      6. Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, оларды кейін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ақша тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.
      Салық органының агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін агентке жіберу тәсілі салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
      7. Салық органының агенттің банк шоттары (корреспонденттіктерді қоспағанда) мен (немесе) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осы өкімдерді шығарған салық органы агенттің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтеген күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
      8. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердің банк шоттарынан есептен шығаратын күні Орталыққа аударуға міндетті.»;
      15) 22-3-баптың 2-тармағындағы екінші сөйлем алып тасталсын;
      16) 23-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) еркектер елу бес жасқа толғанда және әйелдер елу жасқа толғанда зейнетақы жинақтары осы Заңның 31-1-бабының 2-тармағына сәйкес ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болған жағдайда;»;
      5) тармақшаның екінші сөйлемі алып тасталсын;
      17) 23-3-бапта:
      4-тармақтың бірінші сөйлемі алып тасталсын;
      5-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Жинақтаушы зейнетақы қоры алушының деректемелері оның зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішінде көрсетілген, банк шотына зейнетақы төлемдерін аударады.
      Зейнетақы жинақтарын айырбастау сомаларын қоспағанда, оларды аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу жинақтаушы зейнетақы қорының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
      18) 24-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары бойынша есеп салық органдарына осы Заңның 22-бабының 3, 3-1, 3-2-тармақтарына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдар бойынша ұсынылмайды.»;
      19) 25-баптың 2-тармағы:
      «алушының,» деген сөзден кейін «Орталықтың,» деген сөзбен толықтырылсын;
      «қарыздары бойынша» деген сөздерден кейін «міндетті зейнетақы жарналарына, өсімпұлға,» деген сөздермен толықтырылсын;
      20) 27-бапта:
      2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзім мен тәртіп бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
      21) 27-1-баптағы:
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
      22) 31-2-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Осы Заңның 31-1-бабының 1, 2, 4-тармақтарында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы сомасынан артық болған жағдайда, бұл адамдар бірнеше сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасауға құқылы.»;
      23) 31-3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған кезде зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін жетіспейтін соманы қосымша төлеуді ерікті, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын біріктіру есебінен және (немесе) жеке қаражатынан жүзеге асыруға;»;
      24) 31-4-баптың 1-тармағындағы «күнтізбелік отыз күн ішінде» деген сөздер «бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 31-5-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері мерзімдік сақтандыру төлемдерінен тұрады.
      Мерзімдік сақтандыру төлемдері ай сайын, тоқсан сайын немесе зейнетақы аннуитеті шарты сәйкес тараптарының келісімі бойынша өзге де тәртіппен, бірақ жылына кемінде бір рет, осы Заңның 31-1-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      26) 36-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
      27) 41-баптың 2-тармағының 1), 11-1) тармақшаларындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
      28) 48-баптың 1-тармағының екінші бөлігінің екінші сөйлем алып тасталсын;
      29) 62-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «62-бап. Еңбек сіңірген жылдарды есептеу
      Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақ, сыныптық шен иелену және нысанды киім киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, күнтізбемен есептеледі.»;
      30) 66-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын.
      3. «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат, 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 14, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат):
      14-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
      4. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат, 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат):
      1) 1-бапта:
      2) тармақшада:
      «жинауды» деген сөз «шоғырландыруды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «жүргізетін» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қор активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек - әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылмаған сомалары;»;
      7) тармақша «қатысушының» деген сөзден кейін «жалпы» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) еңбекке жарамсыз күндер санының коэффициенті - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген күндердің санына қарай айқындалатын коэффициент;»;
      11) тармақшадағы «не оларды» деген сөздерден кейін «өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      «өзі үшін» деген сөздерден кейін «әлеуметтік қатер туындағанға дейін» деген сөздермен толықтырылсын;
      14) тармақшадағы «ай сайынғы» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 6-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар әлеуметтік төлемдерді алу құқығын Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең пайдаланады.»;
      3) 7-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшадағы «, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын» деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақша алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қор активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде сақтау және есепке алу;»;
      8) тармақша алып тасталсын;
      4) 8-бапта:
      «Жұмыс істейтін зейнеткерлерді» деген сөздер «Орталықтан зейнетақы төлемдерін алушыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) мынадай мазмұндағы 8-1- баппен толықтырылсын:
      «8-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік
                сақтандыру саласындағы құзыреті
      Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында:
      1) Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілейді;
      2) Қор активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін бекітеді;
      3) Қордың инвестициялық қызметінің тәртібін айқындайды;
      4) жыл сайын Қор активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық ставкасының шекті шамасын белгілейді;
      5) әлеуметтік аударымдарды есептеудің және аударудың тәртібі мен мерзімін айқындайды;
      6) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың, есептеудің (айқындаудың), қайта есептеудің және мөлшерін арттырудың тәртібін айқындайды;
      7) еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайда Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы шешім қабылдайды;
      8) әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның, Орталықтың және (немесе) Қордың кінәсінен уақтылы не толық алынбаған әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеу тәртібін айқындайды;
      9) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      6) 10-бапта:
      1-тармақта:
      3) тармақшадағы «алуға құқығы бар.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) осы Заңға сәйкес жаңартылуға тиіс құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталған кезде, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталған кезде әлеуметтік төлемді тоқтата тұруға құқығы бар.»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) әлеуметтік жеке код базасында әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдердің дербестендірілген, орталықтандырылған есебін жүзеге асыруға және мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті органға төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдар тізілімін ұсынуға;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) қате есептелген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлды төлеушіге қайтаруды жүзеге асыруға;»;
      7) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      «10-1-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия
      1. Орталық және оның құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік монополияға жататын қызметтердің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
      1) әлеуметтік төлемдерді алушылардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру;
      2) әлеуметтік төлемдерді алушылардың дербестендірілген есебін жүргізу;
      3) әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасау.
      2. Мемлекеттік монополия субъектісі көрсететін қызметтердің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      8) 11-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға келісім береді;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамада белгіленген тәртіппен Қордың қызметіне ішкі бақылау жүргізеді»;
      9) 12-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «сақтауға міндетті.» деген сөздер «сақтауға;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) әлеуметтік төлемдерді алу кезеңінде Қордың әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осы өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Орталықтың құрылымдық бөлімшелерін хабардар етуге міндетті.»;
      10) 13-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «сомаларын» деген сөзден кейін «және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақытылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды» деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 15-бапта:
      2-тармақта:
      екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының заң актілерінде» деген сөздер республикалық бюджет туралы заңда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қызметкерге күнтізбелік айда есептелген табыстың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін жалақының ең төмен мөлшерінен кем болған жағдайда, әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі жалақының ең төмен мөлшері негізінде айқындалады.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      12) 17-бапта:
      1-тармақта:
      «Қорға» деген сөз «Орталыққа» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «Қордың шотына» деген сөздер «Орталықтың банк шоты арқылы Қорға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әлеуметтік аударымдар толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, салық органдары төлеушіге әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама жібереді.
      Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш сомасынан аспаған жағдайда, мұндай хабарлама жіберілмейді.
      Төлеуші әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін салық органына ұсынуға міндетті.»;
      2-1-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Төлеуші өзіне осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтемеген жағдайда, салық органы:
      мұндай төлеушінің банк шоттары бар болса — бір мезгілде төлеушінің банк шоттары (корреспонденттіктерді қоспағанда) мен кассасы бойынша;
      мұндай төлеушінің банк шоттары болмаса - касса бойынша шығыс операцияларды тоқтата тұрады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын алымдар төлеушілердің банк шоттарындағы (корреспонденттіктерді қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті әлеуметтік аударымдарды аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен орындауға міндетті.
      Салық органының банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға мұндай өкімді жіберу тәсілі салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
      Салық органының төлеушінің банк шоттары (корреспонденттіктерді қоспағанда) және (немесе) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін, шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді шығарған салық органы төлеуші әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
      Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдар сомаларын осы сомалар төлеушінің банк шоттарынан есептен шығарылған күні Орталықтың банк шоты арқылы Қорға аударуға міндетті.»;
      4-тармақ алып тасталсын;
      13) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және/немесе есімпұлды қайтару
      Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар және/немесе әлеуметтік аударымдарды уақытылы және/немесе толық төлемегені үшін өсімпұл сомалары кейіннен оны Орталық төлеушінің банктік шотына банктік үш күн ішінде аударуы үшін төлеушінің өтініші Қорға келіп түскен күннен бастап банктік он күн ішінде Орталықтың банктік шотына аударылуға тиіс»;
      14) 20-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш білдіру өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне өтініш беру арқылы жүзеге асырылады. Өтінішке тізбесі осы Заңмен белгіленетін құжаттар қоса тіркеледі.»;
      6-тармақта:
      екінші бөлікте:
      екінші абзац «сақтандыру жүйесіне қатысушының» деген сөздерден кейін «жалпы» деген сөзбен толықтырылсын;
      төртінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің үлесін бөлу құқығы оны бөлуге өтініш берген күннен бастап туындайды;»;
      бесінші және алтыншы абзацтар «еңбекке» деген сөзден кейін «уақытша» деген сөзбен толықтырылсын;
      жетінші абзац «күнінен бастап» деген сөзден кейін «, ал бір жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайда - баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күнінен бастап» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлікте:
      «Бұл орайда, жұмысынан» деген сөздер «Жұмысынан» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «әлеуметтік төлемдер» деген сөздер «әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш беру мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «, бірақ оны тағайындауға өтініш берілген күнге дейінгі он екі айдан аспайтын мерзімнен бастап тағайындалады» деген сөздер «он екі айдан аспауға тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
      15) 21-бапта:
      2-тармақта:
      3) тармақшада «еңбек ету қабілетінен» деген сөздердің алдынан «жалпы» деген сөзбен толықтырылсын;
      «мәліметтер қоса тіркеледі.» деген сөздер «мәліметтер;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) банктерде және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің арнайы шоты туралы мәліметтер қоса тіркеледі»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін куәландыруды және белгілеуді әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамаға сәйкес жүргізеді. Құжаттарды ресімдеу мерзімі өтініш берілген күннен бастап бір айдан аспауға тиіс»;
      4-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      5-тармақта:
      бірінші бөлігінде:
      «әлеуметтік төлемдердің» деген сөздер «әлеуметтік төлемнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі» деген сөздер алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасының заң актілерінде» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлем алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болуына қарамастан) табыс сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем:
      1) алушыға Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған күннен бастап;
      2) алушының (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) қайтыс болуына байланысты. Әлеуметтік төлем қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) айды қоса төленеді;
      3) әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган оны еңбек етуге қабілетті деп тану туралы шешім шығарған күннен бастап тоқтатылады.»;
      мынадай мазмұндағы 7, 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем:
      1) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты тоқтатыла тұрады. Әлеуметтік төлем кеткен айды қоса төленеді;
      2) алушының еңбек ету қабілетінен айрылуының белгіленген кезеңі аяқталған күннен бастап еңбек ету қабілетінен айрылуының кезекті кезеңі белгіленгенге дейін тоқтатыла тұрады.
      8. Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және қайта оралған алушыларға еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем Орталыққа өтініш берген күнінен бастап қайта басталады.
      Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасынан тыс жерге кету сәтіне белгіленген мөлшерде қайта басталады, егер кеткен кезеңде еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру жүргізілген болса, онда оның мөлшері осы арттырулар ескеріле отырып белгіленеді.»;
      16) 22-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақшада көрсетілген он сегіз жастан асқан, орта, күндізгі нысандағы техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беретін ұйымдарда оқитын адамдардың, оқу орнын бітіргенше, жиырма үш жастан аспайтын шекте әлеуметтік төлем алуға құқығы бар.»;
      4-тармақта:
      7) тармақшадағы «жағдайда) қоса тіркеледі.» деген сөздер «жағдайда);» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) банктерде және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің арнайы шоты туралы мәліметтер қоса тіркеледі.»;
      7-тармақтың екінші бөлігі «санына қарай» деген сөздерден кейін «өтініш берген күннен бастап» деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Асыраушысынан айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының сексен проценті шегерілген орташа айлық мөлшерін табысты алмастыру, асырауындағылар санының және қатысу стажының тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлем алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістер болуына қарамастан) табыс сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 10, 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:
      «10. Асыраушысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады:
      1) алушының не қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адамның асырауында болған адамдардың Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты. Әлеуметтік төлем кеткен айды қоса төленеді;
      2) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адамның асырауында болған бала кезінен I және II топтағы мүгедек деп танылған адамдардың мүгедектігін белгілеу мерзімі аяқталған күннен бастап - мүгедектікті кезекті белгілегенге дейін;
      3) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамның он сегіз жасқа толған күнінен бастап;
      4) отбасы мүшелерінің оқушы немесе күндізгі оқу бөлімінің студенті болып табылатыны туралы оқу орнының анықтамасының қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап. Әлеуметтік төлем анықтаманы кезекті ұсынған кезде тоқтатқан сәттен бастап қайта басталады.
      11. Асыраушысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем мынадай жағдайларда тоқтатылады:
      1) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамның қайтыс болуына байланысты. Әлеуметтік төлем қайтыс болған айды қоса төленеді;
      2) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамның мүгедектігін белгілеу мерзімі аяқталған күннен бастап;
      3) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адам орта, күндізгі нысандағы техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беретін оқу орындарында оқып жүрген жағдайда, жиырма үш жасқа толған күнінен бастап;
      4) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адам жиырма үш жас шегінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқу орнын бітірген күнінен бастап.
      12. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адамның асырауында болған, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және қайта оралған адамдарға асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін әлеуметтік төлем Орталыққа өтініш берген күнінен бастап қайта басталады.
      Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасынан тыс жерге кету сәтіне белгіленген мөлшерде қайта басталады. Егер кеткен кезеңде асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру жүргізілген болса, онда оның мөлшері осы арттырулар ескеріле отырып белгіленеді.»;
      17) 23-бапта:
      2-тармақта:
      3) тармақшадағы «анықтамасы қоса тіркеледі.» деген сөздер «анықтамасы;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) банктерде және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің арнайы шоты туралы мәліметтер қоса тіркеледі»;
      3-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      «әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістер болуына қарамастан) табыс сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айрылуы бойынша берілетін әлеуметтік төлемдер:
      бір айға - ол үшін алты айдан он екі айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда;
      екі айға - ол үшін он екі айдан жиырма төрт айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда;
      үш айға - ол үшін жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда;
      төрт айға - ол үшін отыз алты айдан бастап және одан көп айларға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда төленеді.»;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Жұмысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган алушыны есептен шығарған ай аяқталғаннан кейін тоқтатылады.»;
      18) 23-1-бапта:
      2-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары);»;
      6) тармақшадағы «қоса беріледі.» деген сөзден кейін «(анықтамалар);» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «қоса беріледі.» деген сөздер «(анықтамалар);» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7) банктерде және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің арнайы шоты туралы мәліметтер;
      8) әлеуметтік төлемдер өзін-өзі жұмыспен айналысушы адамдардан келіп түскен жағдайларда қосымша:
      дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      салық органдары берген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша салыстырып тексеру актісі қоса беріледі.»;
      3-тармақ «еңбекке» деген сөзден кейін «уақытша» деген сөзбен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жүктілігі және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері орташа айлық табысты еңбекке жарамсыз күндердің тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
      Әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлем алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болуына қарамастан) табыс сомасын он екіге бөлу жолымен айқындалады.
      Еңбекке жарамсыз күндер санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу жолымен айқындалады.»;
      19) 23-2-бапта:
      1-тармақ:
      «әлеуметтік төлем» деген сөздерден кейін «бала күтімін нақты жүзеге асыратын және бала күтімі жөніндегі демалыстағы және» деген сөздермен толықтырылсын;
      «құқығы бар қатысушысына» деген сөздерден кейін (анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға)» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      6) тармақшадағы «мәліметтер қоса беріледі.» деген сөздер «мәліметтер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен ауыстырылсын:
      «7) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыру фактісін растайтын құжат: жалдамалы қызметшілер үшін - бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш берген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушысының бала күтімі жөніндегі ақысы төленбейтін демалыста екені туралы жұмыс берушінің бұйрығынан үзінді көшірме, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін - өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның қызметін тоқтата тұруы туралы салық органына берген өтінішінің көшірмесі;
      8) банктерде және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің арнайы шоты туралы мәліметтер;
      9) бір жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда - тиісті органның баланы асырап алу немесе балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме қоса тіркеледі.»;
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстын орташа айлық мөлшері, әлеуметтік төлем алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы жиырма төрт айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс болуына қарамастан) жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алушы қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқығынан айрылған, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген жағдайларда, бала толық мемлекет қамқорлығына алынған жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік төлем бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адамға мынадай құжаттардың:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алушының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
      3) тиісті органның баланы асырап алу немесе балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешімінің үзінді көшірмесі негізінде
жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Бала (балалар) бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем:
      1) бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң;
      2) бала толық мемлекет қамқорлығына берілген ай өткен соң;
      3) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналар ата-ана құқығынан айрылған немесе шектелген, асырап алу заңсыз деп танылған немесе күші жойылған, қорғаншылар (қамқоршылар) өз міндеттерін орындаудан босатылған немесе шеттетілген ай өткен соң тоқтатылады.»
      20) 24-бап алып тасталсын;
      21) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:
      «27-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
      1. Қордың: атқарушы органның бірінші басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер Қордың басшы қызметкерлері болып танылады.
      2. Қордың басшы қызметкерлеріне мынадай талаптар қойылады:
      1) атқарушы органның бірінші басшысы мен оның орынбасарлары үшін:
      білімі - жоғары кәсіптік (заңгерлік, қаржы-экономикалық);
      құнды қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметпен тікелей байланысты және қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бес жыл еңбек стажының не халықты әлеуметтік қорғау саласында басшы лауазымдарда кемінде алты жыл еңбек стажының болуы;
      2) бас бухгалтер үшін:
      білімі - жоғары кәсіптік (қаржылық, экономикалық);
      кемінде бес жыл қаржы-бухгалтерлік, оның ішінде басшы лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс стажының болуы.
      3. Мыналар:
      1) жоғары кәсіптік білімі жоқ;
      2) осы баптың 2-тармағында көзделген салаларда ең аз қажетті жұмыс стажы жоқ;
      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      4) бұрын осы адамның осы заңды тұлғаның бірінші басшы, бірінші басшының орынбасары, бас бухгалтер лауазымында болған кезеңінде банкрот деп танылған немесе санацияға, консервацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болып табылған тұлға Қордың басшы қызметкері болып сайлана алмайды.»;
      22) 28-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
      23) 29-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;»;
      5) тармақшадағы «алуға құқығы бар.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) төлеушілерге артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтаруды жүзеге асыруға құқығы бар»;
      24) 30-бапта:
      тақырыбы мен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30-бап. Қордың инвестициялық қызметі және активтерді есепке алу
      1. Қор инвестициялық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.»;
      25) 31-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы «тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Қордың активтерін өндіріп алуға жол берілмейді.».
      2-бап.
      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 11) тармақшасының үшінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады