Керосинді әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 180 және 2011 жылғы 31 наурыздағы № 331 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 456 Қаулысы

      Мұнай өнімдерінің ішкі нарығында күрделі тапшылық пен бағаның өсуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арнайы бензиндерден (КО СЭҚ ТН коды 2710 11 210 0 - 2710 11 250 0) басқа, 2011 жылғы 7 мамырдан бастап 2011 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзіммен керосинді (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 210 0 - 2710 19 250 0) әкетуге тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының аумағынан газойлдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 180 қаулысында:
      1-тармақтағы «2011 жылғы 1 мамырға дейінгі» деген сөздер «2011 жылғы 1 шілдеге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «Ауғанстан Ислам Республикасына» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесінде:
      «қолданылу мерзімі» деген бағанда «2011 жылғы 1 мамырға дейін» деген сөздер «2011 жылғы 1 шілдеге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) «Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистилляттар мен өнімдерді, газойлдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 331 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесінде:
      «қолданылу мерзімі» деген бағанда «2011 жылғы 1 мамырға дейін» деген сөздер «2011 жылғы 1 шілдеге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Кеден одағына қатысушы мемлекеттерді, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының Хатшылығын хабардар етсін;
      2) Кеден одағы комиссиясының қарауына Кеден одағына қатысушы басқа да мемлекеттердің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды қолдануы туралы ұсыныс енгізсін.
      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы күнтізбелік он төрт күн ішінде хабарласын.
      6. Осы қаулы 2011 жылғы 7 мамырдан қолданысқа енгізілетін 1-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады