"Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы" Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін орындау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 457 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы" Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін орындау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және
Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу
туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың
Мемлекетаралық Кенесінің (Кеден одағының жоғары органы)
2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін орындау
жөніндегі шаралар туралы

      «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) жоғарыда көрсетілген Шешіммен бекітілген Бағалы металдарды, асыл тастарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағынының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ережені іске асыруды қамтамасыз етсін;
      2) Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен Өңделмеген табиғи алмасты әкелу және әкету қағидасын айқындау жөнінде шаралар қабылдасын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                           Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады