Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 461 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Көкшетау» кедені және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Қызылорда» кедені - мемлекеттік мекемелері құрылсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) 5-1-тармақтың 6) тармақшасындағы «аумақтық органдары -» деген сөздер алып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақтың 127) тармақшасы алып тасталсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күйінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Пpeмьep-Министpi                           K. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 461 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдарының - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Астана - жаңа қала» кедені Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіне бірігу жолымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіне бірігу жолымен.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік  бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша Кедендік бақылау департаментіне бірігу жолымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 461 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша)

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      8.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті
      9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті
      10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.

2. Кедендер

      14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Байқоңыр» кедені.
      15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Достық» кедені.
      16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Қаржы-шаруашылық кедені».
      17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Көкшетау» кедені.
      18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Қызылорда» кедені».

3. Мамандандырылған кеден мекемелері

      19. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Кинология орталығы».
      20. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Орталық кеден зертханасы».
      21. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласындағы оқу-әдістемелік орталығы.
      22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Атырау қаласындағы оқу-әдістемелік орталығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады