Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағиданы бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 532 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 782 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.09.2015 № 782 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабынын 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағида бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 532 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағида

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағида (бұдан әрі — Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Қағида азаматтық авиацияда ұшу жұмысын ұйымдастыру тәртібін анықтайды және әуеде тасымалдауды және авиациялық жұмыстарды, жалпы мақсаттағы авиация мақсатында сертификатталған ұшып көтерілу массасы 5700 килограмм және одан да астам әуе кемелерімен және ұшып көтерілу массасынан тәуелсіз газтурбиналық қозғалтқыштары бар әуе кемелерімен ұшуды жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар үшін міндетті болып табылады.
      3. Ұшу жұмысын ұйымдастыру мыналардан тұрады:
      1) ұшу жұмысын жоспарлау;
      2) ұшу құрамының кәсіби даярлығы;
      3) ұшу құрамына ұшуға рұқсат беру;
      4) әуе кемелерінің экипаждарын қалыптастыру;
      5) ұшу құрамын біліктілік тексерістері;
      6) ұшу құрамын жаттықтыру;
      7) ұшуды талдау;
      8) ұшу жұмысын және ұшу қауіпсіздігін бақылау және талдау;
      9) ұшу-әдістемелік жұмысы мен құжаттаманы жүргізу.
      4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) авиакомпания - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
      2) авиация персоналы - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;
      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      4) алдын ала даярлық - оның процесінде материалдарды зерделеу, құжаттарды дайындау, іс-әрекеттерді пысықтау және ұшуға тапсырманы орындауға экипаждың даярлығын бақылау жүргізілетін экипажды ұшуға (ұшуға) дайындаудың негізгі түрі;
      5) аса маңызды ұшу - Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдарын әуемен тасымалдау кезінде әуе кемелерінің ұшуына, сондай-ақ олардың ұшатын маршруттарына (рейстеріне) беретін мәртебе;
      6) әуе кемесінің командирі - белгіленген тәртіппен тиісті оқудан өткен, ұшқыштың куәлігі және аталған әуе кемесінің түрінде өз бетімен басқару құқығына рұқсаты бар, міндетіне ұшуды ұйымдастыру мен орындау жөніндегі экипаждың қызметін басқару кіретін жеке адам;
      7) кабиналық экипаж мүшесі - қауіпсіздік мүддесіне орай  және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында пайдаланушы немесе әуе кемесінің командирі өзіне тапсыратын міндеттерді орындайтын, авиация персоналына жататын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын тұлға;
      8) командалық-ұшу құрамы - инструкторлық жұмысқа рұқсаты және азаматтық авиацияның авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар командалық ұшу лауазымын атқаратын авиация персоналының лауазымды тұлғалары;
      9) командалық-басқарушы құрам — азаматтық авиацияның авиация персоналының лауазымды тұлғалары;
      10) лауазымды тұлға — ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді орындауға байланысты лауазымды тұрақты немесе уақытша атқаратын тұлға;
      11) ұшу алдындағы даярлық — әуеаймақтық диспетчерлік пунктке (авиациялық жұмыс кезінде - жұмыс әуеайлағына) келген сәттен бастап әуе кемесінің қозғалтқышын ұшу үшін іске қосқан сәтке дейінгі операциялардан тұратын алдағы ұшуды орындауға экипажды дайындау кезеңі;
      12) ұшу бөлімшесі - ұшу жұмысын ұйымдастыру, ұшуды дайындау мен орындау міндеті болып табылатын азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі;
      13) ұшу жаттығуы - ұшу жұмысының дағдыларын алу (қалпына келтіру) және қолдау мақсатында ұшу құрамын оқыту процесі;
      14) Ұшу жұмысы — ұшу тапсырмаларын орындау бойынша ұшу құрамы жүргізетін жұмыс;
      15) ұшу жұмысын ұйымдастыру - ұшудың қауіпсіздігін, тұрақтылығын және экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету үшін ұшу жұмысын жоспарлау және ұшу бөлімшелері мен азаматтық авиацияның әуе кемелерінің экипаждарын басқару бойынша іс-шаралар жүйесі;
      16) ұшу жұмысын жоспарлау - азаматтық авиация ұйымдары ұшу құрамының перспективалы, ағымдағы және жедел жұмыс жоспарларын белгіленген мерзімдерде орындаудың тәртібін, кезектілігін және тиімді әдістерін әзірлеу;
      17) ұшу қауіпсіздігі - ұшудың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар кешені, бұл ретте адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру немесе мүлкіне залал келтіру тәуекелі шекті деңгейге дейін төмендетіледі және қауіптілік көздерін анықтаудың және тәуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осындай не бұдан да төмен деңгейде сақталады;
      18) ұшу құрамы - арнайы даярлығы және аталған әуе кемесінің түрінде және (немесе) оның жабдығын ұшуға пайдалану құқығына куәлігі бар ұшу экипажының мүшелері;
      19) ұшу-инструкторлық құрам — мамандығы, әуе кемесінің түрі бойынша инструкторлық жұмысқа рұқсаты және азаматтық авиацияның авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар инструктор лауазымын атқаратын азаматтық авиацияның авиация персоналының тұлғалары;
      20) ұшу тексерісі — осы Қағидада белгіленген мақсатта және мерзімде экипаждың (экипаж мүшелерінің) білімі мен дағдыларының деңгейін айқындау процесі;
      21) ұшу экипажының мүшесі — авиация персоналына жататын, авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар, ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген тұлға;
      22) экипаж мүшесі - авиация персоналына жататын, ұшу уақыты ішінде әуе кемесінің бортында белгілі бір міндеттерді орындау үшін тағайындалған тұлға;
      23) экипажда ұшуды тексеру - экипаж мүшелерінің кәсіби даярлығын жетілдіру, экипаждың әрбір мүшесінің баяндамасынан кейін жұмыстағы ауытқушылықтарды жою және алдын алу мақсатында әуе кемесі командирінің (тексерушінің) экипаждың әрбір мүшесінің ұшуға арналған тапсырманы орындау сапасын талдауы

2. Ұшу жұмысын жоспарлау

      5. Ұшу жұмысын жоспарлаудың мақсаты ұшудың қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
      6. Ұшу жұмысын жоспарлау мына мақсаттарда жүзеге асырылады:
      1) ұшу жұмысын ұйымдастыру процесін қалыптастыру және жетілдіру;
      2) ұшу құрамының кінәсынан болатын авиациялық оқиғаларды және инциденттерді алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмысты жүргізу;
      3) талап етілетін деңгейдегі кәсіби дайындығы бар қажетті мөлшерде ұшу құрамын дайындау;
      4) оқу-әдістемелік базасын дамыту және оны ұшу құрамын кәсіби даярлау жүйесінде пайдаланудың тиімділігін арттыру.
      7. Ұшу жұмысын жоспарлау азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, бұйрықтар, нұсқаулар мен ұсынымдарының талаптарына, сондай-ақ авиакомпанияның (пайдаланушының) өткен кезеңдегі ұшу жұмысын ұйымдастыруды және ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдау деректерін ескере отырып перспективалы, ағымдағы, жедел жұмыс жоспарларына (айлық, тәуліктік) сәйкес жүзеге асырылады.
      Авиакомпанияда (пайдаланушы) ұшу жұмысын жоспарлау кезінде мынадай іс-шаралар толық әзірленеді:
      1) ұшу жұмысын ұйымдастыру және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралардың жылдық жоспары;
      2) бөлімшелерді (экипаждарды) тексерудің жылдық жоспар-кестесі.
      8. Жоспарларды қажетті мамандарды тарта отырып, ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі басшы әзірлейді және авиакомпанияның (пайдаланушының) басшысы бекітеді.
      9. Негізгі іс-шаралар жоспарында мыналар көзделген:
      1) ұшу жұмысын ұйымдастыру процесін қалыптастыру және жетілдіру;
      2) ұшу құрамының кінәсынан болатын авиациялық оқиғаларды және олардың алғы шарттарын алдын алу бойынша мақсатты профилактикалық жұмысты жасау;
      3) оқу-әдістемелік жұмысты дамыту және оны ұшу құрамын кәсіби даярлау жүйесінде пайдаланудың тиімділігін арттыру.
      10. Базалық әуеайлақтан тыс жұмыс істейтін бөлімшелерді (экипаждарды) тексерудің жоспар-кестесі жұмысты орындау кезеңіне жасалады.
      11. Авиакомпанияның (пайдаланушының) ұшу қызметінде:
      1) негізгі іс-шаралардың жылдық жоспары;
      2) ұшу қызметінің командалық-ұшу құрамының дайындалу, жаттығу мен тексерудің және бөлімшелерді (экипаждарды) тексерудің жоспар-кестесі;
      3) ұшу қызметінің ай сайынғы жұмыс жоспары әзірленеді.
      Жоспарларды қажетті мамандарды тарта отырып, ұшу қызметінің басшысы әзірлейді және оны жоғары тұрған басшы бекітеді.
      12. Ұшу қызметінің негізгі іс-шаралар жоспарында мыналар көзделеді:
      1) ұшу жұмысын ұйымдастыру процесін жетілдіру;
      2) оқу-әдістемелік базасын дамыту және оны ұшу құрамын кәсіби даярлау процесінде пайдалану;
      3) авиациялық оқиғалар мен инциденттердің алдын алу бойынша мақсатты профилактикалық жұмыс бағыттарын әзірлеу;
      4) талап етілетін деңгейдегі кәсіби дайындығы бар қажетті мөлшерде экипаждарды даярлауды ұйымдастыру.
      13. Дайындау, жаттығу және тексерудің жоспар-кестесінде:
      1) ұшу бөлімшесінің басшысы;
      2) ұшу қызметі басшысының орынбасары;
      3) ұшу қызметінің аға авиациялық мамандары;
      4) тексеру күні (кезеңі) бар тексерілетін бөлімшелердің (экипаждардың) орналасқан орны.
      Азаматтық авиация ұйымдарында басқа ұшу бөлімшелерінсіз бір ғана ұшу қызметі болған жағдайда қосымша қалған ұшу және ұшу-инструкторлық құрам туралы мәліметтер ескеріледі.
      14. Ұшу қызметінің жұмыс жоспары әрбір айға жасалады және ұшу қауіпсіздігі мен ұшу жұмысын ұйымдастырудың сапасын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру және ұшу-әдістемелік іс-шараларды өткізуді көздейді.
      15. Жоспарлардың орындалуын бақылауды ұшу қызметінің басшысы жүзеге асырады.
      16. Ұшу бөлімшелерінде:
      1) дайындалу, жаттығу және тексерудің жылдық жоспар-кестесі;
      2) бөлімшелердің жұмыс жоспар-кестесі;
      3) ұшу құрамының жұмыс және демалысының ай сайынғы жоспар-кестесі.
      Жоспарларды қажетті мамандарды тарта отырып, ұшу бөлімшесінің командирі әзірлейді және авиакомпанияның (пайдаланушының) ұшу қызметінің басшысы бекітеді.
      17. Дайындау, жаттығу және тексерудің жоспар-кестесінде келесі
командалық-ұшу, инструкторлық және бөлімшенің ұшу құрамы туралы
мынадай мәліметтер бар:
      1) ұшу бөлімшесінің командирі;
      2) ұшқыш-инструкторлар;
      3) экипаж командирлері мен мүшелері.
      18. Авиациялық бөлімше жұмысының бір айлық жоспар-кестесінде ұйымдастыру, ұшу-әдістемелік іс-шаралар және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар көзделген.
      19. Жоспарлардың орындауын бақылауды ұшу-әдістемелік жұмысы жөніндегі ұшу бөлімшесі командирінің орынбасары жүзеге асырады.
      20. Ұшуды жедел жоспарлауды ұшу қызметінің жоспарлау (ұшуды қамтамасыз ету қызметі) бөлімі әуе кемелері қозғалысының кестесі, авиациялық жұмыстарды орындау үшін және арнайы рейстерді, жаттығу мен басқа да ұшуды орындау үшін өтінімдер негізінде жүзеге асырады және жедел жиынтық жоспарды құруға қажетті деректер авиакомпанияның (пайдаланушының) орталық диспетчерлік қызметіне ұсынылады.
      21. Авиациялық жұмыстардағы ұшуды жедел жоспарлау авиациялық жұмыстарға тапсырыс беруші ұйымның өтініміне сәйкес әуе кемелерінің, экипаждардың, инженерлік-техникалық персонал мен авиациялық жұмыстарда ұшуды қамтамасыз ететін басқа да қызметтердің дайындығына байланысты жүзеге асырылады.
      22. Ұшудың жедел жоспары ұшуды қамтамасыз ететін қызметтердің басшыларымен келісіледі және авиакомпания (пайдаланушының) басшысы бекітеді.
      23. Жедел жоспардың орындалуын бақылауды және қызметтердің өзара іс-қимылын ұйымдастыруды авиакомпанияның (пайдаланушының) ұшуды қамтамасыз ету қызметінің басшысы жүзеге асырады.

3. Ұшу құрамын кәсіби даярлау

      24. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіби даярлау қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Ұшу құрамын кәсіби даярлау болжанатын жағдайлар мен ерекше жағдайларда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін экипаж мүшелерінің уақтылы және дұрыс іс-қимылдарын орындау үшін қажетті кәсіби білімдері мен дағдыларын алу, қолдау мен арттыру мақсатында жүргізіледі.
      25. Ұшу құрамын кәсіби даярлау:
      1) бастапқы даярлықты;
      2) әуе кемесінің (бұдан әрі — ӘК) басқа түріне қайта даярлауды;
      3) біліктілікті арттыруды;
      4) ұшу құрамының біліктілігін қолдауды қамтиды.
      26. Бастапқы даярлық авиациялық мамандарға куәліктерді (сертификаттарды) беру кезінде ұсынылатын талаптарға сәйкес келетін кәсіби білімдер мен дағдыларды алу мен бекіту мақсатында жүргізіледі.
      27. Ұшу құрамын қайта даярлау ӘК жаңа түрінде экипаж мүшесі ретінде функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті кәсіби білімдер мен практикалық дағдыларды алу мен бекіту мақсатында жүргізіледі.
      28. Ұшу құрамын қайта даярлау, соның ішінде уәкілетті орган таныған шетелдік мемлекеттің сертификатталған авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі. Коммерциялық әуе тасымалдарына тартылмаған жеңіл және аса жеңіл авиацияның ұшу құрамын қайта даярлау уәкілетті орган бекіткен ӘК түрі бойынша пайдаланушының ұшу құрамын қайта даярлау бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
      29. Ұшу құрамының біліктілігін арттыру кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында жүргізіледі. Командалық-ұшу, инспекторлық, инструкторлық және ұшу құрамы біліктілікті арттыру курстарынан (бұдан әрі - БАК) өтеді және куәліктерді қолдану мерзімін ұзарту кезінде авиакомпанияның (пайдаланушының) аттестациялық комиссияларында арнайы пәндерде білімді бақылаудан жыл сайын өтеді.
      30. Командалық-ұшу, инспекторлық, инструкторлық және ұшу құрамы Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіби даярлау қағидасында белгіленген мерзімдерде БАК өтеді.
      Кезекті БАК-ты өтуден мынадай тұлғалар босатылады:
      1) ұшу жұмысы процесінде авиациялық мамандық бойынша жоғары білімі бар;
      2) ӘК басқа түріне қайта даярлауды өткендер.
      31. Осы Қағиданың 30-тармағының талаптарына сәйкес мерзімдерде БАК өтпеген командалық-ұшу, инспекторлық, инструкторлық және ұшу құрамы ұшуға жіберілмейді.
      32. Осы Қағиданың 30-тармағының талаптарына сәйкес мерзімдерде ұшу-әдістемелік (инструкторлық) курсын өтпеген командалық-ұшу, инспекторлық және инструкторлық құрам тексеруші және (немесе) инструктор ретінде ұшуға жіберілмейді.
      33. Командалық-ұшу, инспекторлық және инструкторлық құрамға ӘК түрі бойынша БАК-ты және ұшу-әдістемелік курстарын алмастыруға рұқсат етіледі.
      34. Біліктілікті арттыру курстарында алынған бағалар бір жыл ішінде авиациялық персонал куәлігінің (сертификатының) қолданылу мерзімін ұзарту үшін жарамды.
      35. Ұшу құрамының біліктілігін қолдау:
      1) теориялық даярлықты;
      2) авиациялық техникада практикалық сабақтарды;
      3) тренажерлық даярлықты;
      4) ұшу даярлығын қамтиды.
      36. Теориялық даярлық:
      1) ұшу жұмысын ұйымдастырудың жай-күйі мен ұшудың қауіпсіздігін талдауды;
      2) ұшуды пайдалану қағидасын өзгертуге әкелетін ӘК мен оның жүйелерінің конструкциясын пысықтау және өзгерту туралы ақпаратты;
      3) авиациялық техникадан сипаттық бас тарту мен ақаулықтарын, оларды анықтау мен алдын алу әдістерін талдауды;
      4) әртүрлі маусымдық, географиялық, жер бедері және вулкандық іс-әрекет - жағдайларында ұшу ерекшеліктері мен авиациялық техниканы пайдалануды талдауды;
      5) ұшуды орындау (ұшу ақпаратын жинау құралдарының деректері бойынша) және тренажерлердегі жаттығулар кезіндегі жіберілген өзіндік ауытқулар мен қателерді талдауды;
      6) күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы кезеңдерде ұшуға даярлық материалдарын талдауды қамтиды.
      37. ӘК практикалық сабақтар кәсіби оқытудың жоспарына сәйкес жүргізіледі. Сабақтарды қамтамасыз ету авиакомпанияның (пайдаланушының) ұшу және инженерлік-авиациялық қызметінің басшысына жүктеледі.
      38. Ұшу құрамын тренажерлік даярлық экипаждың түрлі жағдайлардағы, оның ішінде ұшудың ерекше жағдайларындағы іс-қимылдары бойынша практикалық дағдыларды алу, қолдау және жетілдіру мақсатында жүргізіледі.
      39. Тренажерлік даярлық тренажерлардың мынадай түрлерінде жүзеге асырылады:
      1) функционалдық жүйелердің мамандандырылған тренажерлары;
      2) экипаж мүшелерінің мамандандырылған тренажерлары;
      3) кабиналық рәсімдердің тренажерлары;
      4) кешенді пилотаждық тренажерлар;
      5) авариялық түсу тренажерлары.
      40. Функционалдық жүйелердің мамандандырылған тренажері:
      1) әртүрлі пайдалану жағдайларында ӘК жүйелерінің жұмысын зерделеу;
      2) әртүрлі пайдалану жағдайларда ӘК жүйелерін ұшу алдында және ұшу үшін пайдалану үшін дағдылар мен білімдерді жетілдіру мақсаттарында қолданылады.
      41. Экипаж мүшесінің мамандандырылған тренажері алынған білімдерді бекіту, ӘК жүйелерін пайдалану дағдылары мен білімін пысықтау, сондай-ақ экипаж мүшесінің жұмыс орнындағы әртүрлі пайдалану жағдайларында өзара іс-қимыл үшін қолданылады.
      42. Пилоттың мамандандырылған тренажері әртүрлі радиотехникалық жүйелерді пайдаланумен, бағыт бойынша ұшар кезде, ұшқанда және отырғызу қажетті білімді бекіту және практикалық дағдыларды жетілдіру үшін қолданылады.
      43. Штурманның мамандандырылған тренажері ұшақты жүргізу мен навигация қағидалары бойынша рәсімдерді орындау бойынша білімді бекіту және практикалық дағдыларды жетілдіру үшін қолданылады.
      44. Бортинженердің мамандандырылған тренажері пайдаланудың әртүрлі жағдайларында білімдерді бекіту және ӘК жүйелерін ұшу үшін пайдаланудың практикалық дағдыларын жетілдіру үшін қолданылады.
      45. Кабиналық рәсімдердің тренажері:
      1) экипаж мүшелерін старт алдындағы даярлық, ӘК жүйелерін қозғалтқыштарды қосу алдында даярлау мен тексеру кезінде өзара іс-қимыл элементтерін пысықтау;
      2) бақылау парақтары мен бақылау тексеру картасына сәйкес операцияларды орындау мен бақылау кезінде экипаждағы өзара іс-қимыл элементтерін өңдеу;
      3) қозғалтқышты қосу, қосқаннан кейін, рульді түзету алдында жұмыстарды орындау кезінде, алдын ала және орындау стартта, отырғызғаннан кейін, қозғалтқыштарды сөндіру алдында және оларды сөндіргеннен кейін экипаждағы дағдыларды және өзара іс-қимыл элементтерін пысықтау мақсаттарында қолданылады.
      46. Авариялық түсу экипажы авариялық-құтқару жабдықты пайдалану бойынша білімді бекіту және дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ оқытылатынның экипаждың басқа мүшелерімен мәжбүрлі отырғызу және ӘК авариялық түсу кезінде өзара іс-қимыл бойынша дағдыларды жетілдіруге арналған.
      47. Тренажерлық даярлық жылына 12 сағаттан кем емес көлемде, алты айда бір рет кезеңділігімен жүзеге асырылады және мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) жер үстіндегі даярлық;
      2) тренажерде даярлық элементтерін пысықтау;
      3) ұшудан кейін тексеру.
      Тренажердегі жаттығуды тренажердегі емтиханмен ауыстыруға жол берілмейді.
      48. Белгіленген мерзімдерде тренажерда жаттығудан өтпеген және жаттығудың бағдарламасын толық көлемде орындамаған тұлғалар тиісті жаттығудан өткенге дейін ӘК осы түрінде ұшуды одан әрі орындау құқығын жоғалтады.
      49. Әуе кемелерінің екі түрінде ұшуды орындайтын тұлғалар оларды кезекпен алмастыра отырып, тренажерлардың тиісті түрлерінде жаттығудан өтеді.
      50. Әуе кемелерінің үш (төрт) түрінде ұшуды орындайтын тұлғалар тренажерлардың тиісті түрлерінде, оларды мынадай тәртіппен алмастыра отырып, жаттығудан өтеді:
      1) 1 және 3-тоқсандарда ӘК жоғарғы түрі бойынша;
      2) 2 және 4-тоқсандарда әуе кемесінің басқа түрлерінде.
      51. Қазақстан Республикасының аумағында әуе кемелерінің түріне сәйкес кешенді тренажерлар болмаған жағдайда, авиакомпанияның (пайдаланушылардың) ұшу құрамы басқа елдердегі кешенді тренажерларда жаттығады, ал олар болмаған жағдайда уәкілетті органмен келісілген пайдаланушының әдістемесі бойынша жердегі ажыратылған ӘК кабинасындағы жаттығумен ауыстырылады.
      52. Ұшу дайындығы ұшудың әртүрлі жағдайларында ӘК басқару дағдыларын қолдау және жетілдіру мақсатында орындалады және мыналарды қамтиды:
      1) әуе кемесі командирінің (бұдан әрі - ӘКК) күрделі метеорологиялық жағдайда немесе кешенді тренажерда алты ай ішінде дербес немесе борттағы инструктормен бірге үш реттен кем емес қонуға бет алуды орындауы;
      2) нақты метеорологиялық жағдайда берілген минимумге сәйкес келетін немесе көрінімді елестететін жүйені қолдана отырып, ӘК немесе кешенді тренажерда минимумды беру күнінен немесе минимумды қалпына келтіруге (растауға) арналған бақылау-тексеру күнінен он екі ай ішінде ӘКК үштен кем емес қонуды орындауы. Қонуға бет алудың жалпы санынан бір қону автоматтандырылған режимде орындалады (автоматтандырылған жүйелермен жабдықталған әуе кемелерінде);
      3) ӘКК көрінім бойынша ӘКК минимумына сәйкес келетін нақты метерологиялық жағдайда үш сағаттан кем емес көлемде он екі сағат ішінде маршрут бойынша екі ұшуды орындауы (шектелген-шағын және шағын биіктіктерде визуалды ұшу қағидалары бойынша ұшуды орындайтын ұшу кемелерінде).
      53. 200 метр және одан кем көрінім бойынша ұшуға арналған минимумы бар ӘКК, минимумды растау үшін 400 метр көрінім кезінде немесе нақты жағдайда немесе кешенді тренажерда көрінімді елестететін жүйесін қолдана отырып, он екі ай ішінде біреуден кем емес ұшуды орындауы қажет.
      54. Командалық-ұшу, инспекторлық, ұшу-инструкторлық тұлғалар және бірнеше әуе кемелері түрлерінде ұшуға жіберілген әуе кемелерінің командирлері:
      1) күрделі метеорологиялық жағдайда немесе әуе кемесінің әр түріндегі кешенді тренажерде, оларды жыл ішінде ауыстыра отырып, белгіленген үш қонуды орындауы;
      2) ӘК-тің әр түрінде ӘКК-не берілген минимумды растау.
      55. Көрінімді имитациялайтын жүйені қолдана отырып, күрделі метерологиялық жағдайда немесе кешенді тренажерда үш рет қону болмаған кезде экипаж құрамындағы инструктормен әуеайлақтық немесе рейстік жағдайда жаттығу орындалады. Бұл ретте командалық-ұшу (инспекторлық, инструкторлық) құрамының тұлғасы ӘКК ретінде ұшуды орындайды.
      56. Қонудың белгіленген санын орындамаған ӘКК ұшуға жіберілмейді.
      57. Оған берілген минимумды растамаған, ӘКК бір сатыға артық, бірақ бастапқы рұқсат минимумынан жоғары емес минимум бойынша ұшуға жіберіледі.
      58. Қонуға автоматтандырылған бет алу және қону жүйесімен жабдықталған, шетелде өндірілген әуе кемелерінде ұшуды орындайтын ұшу құрамы күрделі метеорологиялық жағдайда басқарып ұшу техникасының дағдыларын ұстанады және тұрақты және маусымдық тренажерлық дайындықтан өту кезінде кешенді пилотаждық тренажерда (Full Flight Simulator) берілген минимумды растайды.
      59. Ұшу құрамын маусымдық дайындау мыналарды қамтиды:
      1) теориялық дайындықты;
      2) тренажерлық дайындықты;
      3) алдын ала дайындықты;
      4) ұшу-техникалық конференцияны өткізу.
      60. Теориялық дайындық кәсіби оқумен ұштастырылады. Теориялық дайындық әуе кемелерін, навигацияны пайдалану мәселелерін, алдағы маусымдық кезеңде ұшуды орындау және қамтамасыз ету ерекшеліктерін кездейді.
       61. Тренажерда жаттығу алдағы маусымдық кезең жағдайына байланысты жоспарлы жаттығу бағдарламасы бойынша өткізіледі.
      62. Алдын ала дайындықта әуе кемелерін күзгі-қысқы немесе көктемгі- жазғы кезеңде пайдалану мәселелері және нақты әуеайлақтар мен әуе трассаларындағы метеорологиялық жағдайдың ерекшеліктері нақтыланады. Алдын ала дайындық қорытындысы - командалық-ұшу, инспекторлық және инструкторлық құрамның экипаждың білімін бақылау және алдын ала дайындық журналында оның қорытындыларын ресімдей отырып, алдағы кезеңдегі жұмысқа дайындығын жүргізуі.
      63. Экипажды маусымдық дайындаудың қорытынды кезеңі ұшу-техникалық конференциясы болып табылады, онда ұшу жұмысын ұйымдастырудың талдауы және өткен кезеңдердегі ұшу қауіпсіздігінің жай- күйі тыңдалады, алдағы кезеңдегі жұмыс бойынша ұсынымдар беріледі және ұшу құрамын ұшуға жіберу туралы бұйрық шығарылады.

4. Ұшу құрамына ұшуға рұқсат беру

      64. Командалық-ұшу, инспекторлық және инструкторлық құрам тұлғалары әуе кемелерінде ұшуды орындауға жіберіледі:
      1) ұшқыштар - әуе кемесінің үш түрінен көп емес;
      2) штурмандар - әуе кемесінің төрт түрінен көп емес;
      3) бортинженерлер, бортмеханиктер - әуе кемесінің үш түрінен көп емес;
      4) ұшу мамандығынан басқа авиациялық персонал - әуе кемесінің үш түрінен көп емес, «В» санатты және одан жоғары әуе кемелерінде - екі түрінен көп емес.
      65. Әуе кемелерінде ұшуды орындауға жіберілетін әуе кемелерінің экипаж мүшелері:
      1) ұшқыштар - әуе кемелерінің екі түрінде;
      2) штурмандар, бортинженерлер (бортмеханиктер), бортрадисттер, бортоператорлар - әуе кемелерінің екі түрінде.
      66. Ұшқыштар мен бортинженерлердің (бортмеханиктер) әуекемелерінің екі түрінде ұшуына рұқсат әрбір түрінде 200 сағаттан кем емес ұшқан кезде беріледі. Алдында игерген ӘК типінде ӘКК ретінде коммерциялық әуе тасымалдарын орындау осы әуе кемесінің түрінде 1000 сағаттан астам дербес ұшуы болған кезде рұқсат беріледі.
      67. Ұшқыштарға ӘК-те дисплейлік аспаптық жабдықта және ӘК-тегі бағдарлық аспаптық жабдықтарды бірлестіруге рұқсат етілмейді.
      68. Ұшу жұмысына 30-дан 90 күнге дейінгі үзілістен кейін рұқсат беру мынадай жағдайларда:
      1) оқу материалдарын және талдау материалдарын, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі бойынша ақпараттарды зерттеу;
      2) алдын ала дайындық жүргізу;
      3) әуе кемелерінің командирлері және командалық-ұшу мен инспекторлық құрам (ұшу мамандығы) үшін - тренажерлерде үш сағат дайындалу немесе қонуға төмендеу және түсу сызбасы бойынша немесе екі рет түсуден кейін жүзеге асырылады.
      69. Ұшу жұмысына 90 күннен 180 күнге дейінгі үзілістен кейін рұқсат беру мынадай жағдайларда:
      1) алдын ала дайындықты өткізу;
      2) ӘК-тің осы ӘК түрінің конструкциясындағы және пайдаланудағы өзгерістерді зерттеу;
      3) осы Қағиданың 68-тармағында көрсетілген көлемде тренажерлерде жаттығуларын өткізуден кейін жүзеге асырылады.
      70. Ұшу жұмысына 180 күннен бір жылға дейінгі үзілістен кейін рұқсат беру мына жағдайда:
      1) дербес дайындықты өткізу;
      2) алдын ала дайындықты өткізу;
      3) ӘК-тің осы түрінің конструкциясындағы және пайдаланудағы өзгерістерді зерттеу;
      4) маусымдық дайындықты өткізу;
      5) жоспарлы дайындық көлемінде тренажерлерде жаттығуды өткізу;
      6) осы Қағиданың 68-тармағында көрсетілген көлемде өндірістік жағдайларда ұшу жаттығуларын өткізуден кейін жүзеге асырылады.
      71. Ұшуда бір жылдан артық үзіліс болған кезде:
      1) осы Қағиданың 70-тармағының 1) - 4) тармақшаларына сәйкес теориялық және практикалық дайындық;
      2) тоқсан сайынғы дайындық көлемінде тренажерлерде жаттығу;
      3) уәкілетті орган бекіткен авиакомпанияның (пайдаланушының) ӘК-тің түрі бойынша ұшу құрамын даярлау бағдарламасына (бұдан әрі - ҰҚДБ) сәйкес ӘКК үшін - бекітілген инструктормен бірге қатарға енгізу бағдарламасының 50%-дан кем емес көлемдегі ұшу жаттығуы, ал екінші ұшқыштар - үшін әуеайлақтық немесе өндірістік жағдайларда кемінде бес  ұшу көлемінде жаттығу;
      4) ұшу кезінде ұшу техникасын және практикалық жұмысын тексеру өткізулерді.
      72. Авиациялық жұмыстар түрлері бойынша алты айдан артық үзіліс кезінде ұшу құрамына ұшуға рұқсат ету осы Қағиданың 40-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      73. Ұшуда үш жыл не одан артық үзіліс болған кезде:
      1) ұшуға немесе ӘК басқа түріне рұқсатты болған авиациялық маман ӘК - тің түріне қайта даярлану курстарында оқу;
      2) ҰҚДБ-ға сәйкес осы ӘК-тің осы түрінде ұшқан мамандар үшін тренажерлік және ұшу дайындық бағдарламасын 50% қысқарта отырып, ұшу жаттығуды және ұшу техникасын тексеру жүргізіледі.
      74. Ұшуда бес жылдан артық үзіліс болған кезде маман ұшуға рұқсат құқығынан айырылады. Ұшу жұмысына қайта келу ӘК белгілі түрінде ұшу құрамын бастапқы дайындық көлемінде жүзеге асырылады.

5. Экипажды қалыптастыру

      75. Экипаждың сандық құрамы ӘК ұшу пайдалану жөніндегі нұсқаудың (бұдан әрі - ҰПН) талаптарына сәйкес анықталады. Авиакомпанияларда экипаждың бекітілген, сондай-ақ бекітілмеген құрамын қалыптастыру әдістері қолданылады.
      76. ӘКК қатарына енгізілген экипажды қалыптастыру кезінде ӘК-тің осы түрінде жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар және ұшуды қауіпсіз орындау үшін сауатты және дұрыс шешім қабылдауда практикалық көмек көрсете білетін экипаж мүшелерін таңдау қажет.
      77. Ұшуды орындау үшін құрамына ӘКК ретінде ұшуға жіберілген, бірдей біліктілігі және әуе кемесінің командирі минимумы бар екі ұшқыш кіретін экипаж қалыптастырылады.
      Оң жақтағы ұшқыш құқығы бар ұшуға рұқсаты жоқ әуе кемесінің командирлерімен қосымша дайындық ұшу дағдыларын және экипажда оң жақтағы ұшу орындығына өзара іс-қимыл технологияларын жетілдіру үшін кемінде үш сағат көлемінде тренажерде жаттығу өткізіледі.
      78. Экипаж мүшелерін ауыстырған кезде ұшуға рұқсат беру:
      1) экипаждың бір мүшесін ауыстырған кезде - экипажбен алдын ала дайындықты өткізгеннен кейін;
      2) екі не одан да көп экипаж мүшелерін ауыстырған кезде, сондай-ақ жаңадан жинақталған экипаж кезінде - экипажбен алдын ала дайындық және ӘК соңғы бақылап ұшу немесе тренажерде екі-үш ұшу өткізілгеннен кейін;
      3) бекітілмеген құрамда ұйымдастырылатын экипаж үшін - қосымша дайындықсыз авиакомпанияның (пайдаланушының) ұшу қызметі басшысының шешімі бойынша.
      79. Экипаждың орындау үшін жоспарланған тапсырмасын пайдалану мүмкін болмаған кезде ол резервтегімен ауыстырылады. Резервтік экипаж болмағанда ұшу экипажы мүшелерінің бірін уақытша ауыстыруға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ауыстыратын экипаж мүшесінде ӘК осы типінде 200 сағаттан кем емес дербес ұшуы болады. Ұшатын күнінде ӘКК ӘК осы типінде кемінде 500 сағат дербес ұшуы бар экипаж мүшесін ауыстыруға рұқсат етілмейді.

6. Ұшу құрамын ұшуға рұқсат беру алдында тексеру

      80. Ұшу құрамын ұшуға рұқсат беру алдында тексеру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      1) ӘК жаңа игерілген түрінде бірінші рет ұшу алдында;
      2) бірінші рет дербес ұшу алдында (авиациялық жұмыстардың түрлері бойынша);
      3) қиын метеорологиялық жағдайларда және тәулік уақытына
байланысты ұшу алдында (минимумды төмендету және түнгі ұшуға рұқсат
алу);
      4) ӘК белгіленген жаңа жабдықтар мен жүйелерді пайдалану арқылы ұшу алдында;
      5) біліктілігін растағанда;
      6) халықаралық ұшуға рұқсат алар алдында.
      81. Халықаралық әуе желісінде халықаралық ұшуды орындауға рұқсаты бар екендігін нақтылау үшін мамандарды тексеру жылына бір реттен кем емес өткізіледі (шетел мемлекетінің аумағындағы авияциялық жұмыстар ауданында).
      82. Біліктілігін растауды тексеру жылына бір реттен кем емес өткізіледі. ӘК осы түрінде бірінші жылы жұмыс істеген кезде жарты жылда бір реттен кем емес.
      83. Бортинженерлер мен бортмеханиктерді тексеруді тек осы мамандық бойынша инструкторлық және командалық-ұшу құрамы өткізеді.
      84. Бірінші үлгідегі неше әуе кемелерінде ұшқан кезде ұшуға рұқсатты тексеру ӘК әрбір үлгі бойынша бөлек өткізіледі.
      85. ӘК осы үлгідегі түрінде 1000 сағаттан кем емес ұшқан ӘКК дербес ұшуға, отырғызу алаңын әуеде қарастыратын трассадан тыс ұшуға жіберілген ӘКК және 1000 сағаттан кем емес ұшқан штурмандарды жүргізу міндетті болған арнайы тізімде көрсетілген таудағы әуеайлақтарды қоспағанда, рұқсат беру алып жүзеге іске асырылады.

7. Ұшу құрамын жаттықтыру

      86. Ұшу құрамын жаттықтыру мақсаты - ұшу жұмысының дағдыларын үйрену (қалпына келтіру) және сақтау.
      87. Ұшу құрамын жаттықтыру мына түрде жүзеге асырылады:
      1) күрделі метеорологиялық жағдайларға, ұшудағы ерекше жағдайларға ұшыраған кезде әртүрлі жүйелерді және қонуға кіру режимдерін пайдалана отырып, экипаждың іс-қимылын жаттықтыру мақсатында тренажерлік жаттығулар;
      2) ұшу құрамының белгілі бір рұқсат түрін (ұшу жұмысындағы үзілістен кейінгі қоса алғанда) алу (қалпына келтіру) және растау мақсатында ұшу жаттығулары;
      3) авариялық жағдайдағы экипаждың іс-қимылын жаттықтыру
мақсатында маусымдық дайындық кезінде авариялық-құтқару жаттығулары.
      88. Ұшу құрамының жаттықтыру ұшуын ұйымдастыру және өткізу кезінде командалық-ұшу немесе инспекторлық құрамнан (ұшу мамандығынан) тексеруші (жаттықтырушы) тұлға тағайындалады.
      89. Құжаттамаларды ресімдеу:
      1) біліктілікті арттыру курстарын аяқтағаннан кейін куәлік (сертификат) беріледі;
      2) тренажердегі жаттығу жаттықтыруға берілген тапсырмада ресімделеді;
      3) ұшу дайындығы ҰҚДБ-ға сәйкес ресімделеді;
      4) ұшу құрамын тексеру және рұқсатты беру нәтижелері ұшу кітапшасында жазылады;
      5) ұшу құрамының берілген рұқсаттары сондай-ақ маманның куәлігіне (сертификатына) жазылады.

8. Ұшуды тексеру

      90. Ұшуды тексеру ұшу қауіпсіздігінің деңгейін, ұшу құрамының кәсіби дайындығының, ұйымның бөлімшенің, азаматтық авиация экипажының  ұшу жұмысының тиімділігін және сапасын арттырудың негізгі түрлерінің бірі болып табылады.
      91. Ұшуды талдау мынадай мақсатта жүргізіледі:
      1) ұшудың қауіпсіздігінің және жиілігінің жағдайын бағалау;
      2) әр экипаждың және тұтастай ұшу бөлімшесінің жұмысын бағалау;
      3) ұшуды қамтамасыз ететін қызметтермен өзара әрекеттесу жағдайын бағалау;
      4) ұшу және командалық-ұшу құрамының кәсіби дайындығын жетілдіру;
      5) авиациялық оқиғалар мен олардың алғы шарттарының алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеу;
      6) командалық-ұшу құрамының ұйымдастырушылық, тәрбиешілік және ұшу-әдістемелік жұмысын жетілдіру.
      92. Ұшуды талдау бөлінеді:
      1) экипаждағы ұшудан кейінгі талдау әрбір ұшудан кейін, авиациялық жұмыстарда - ұшу күні аяқталғаннан кейін жүргізіледі;
      2) пайдаланушының командалық-басшылық құрамымен талдау апта сайын өткізіледі;
      3) пайдаланушының құрылымдық бөлімшелерінде талдау айына бір реттен кем емес өткізіледі;
      4) авиациялық оқиғалардың (уәқиғалардың) жағдайлары мен себептерін жедел зерттеу және олардың қайталануының алдын алудың нақты іс- шараларын дайындау мақсатында ұшуды жоспардан тыс талдау;
      5) бөлімшенің командалық-ұшу құрамының әдістемелік дайындығын арттыру мақсатында ұшуды әдістемелік талдау.
      Жоспардан тыс және әдістемелік (көрсетімдік) талдаулар бөлімше командирінің немесе жоғары тұрған басшының не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның жарлығы бойынша өткізіледі.
      93. Ұшуды талдауға барлық командалық-басшылық, командалық-ұшу, нұсқаушылық және бөлімшенің ұшу құрамы, қажет жағдайда - басқа бөлімшелер мен қызметтердің авиациялық мамандары тартылады. Авиациялық жұмыстарды орындайтын бөлімшелерде, бұдан басқа қажет болған жағдайда авиациялық жұмыстарды орындау тапсырыс беруші ұйым мамандары, сондай-ақ осы жұмыстарды қамтамасыз етумен байланысты тұлғалар тартылады.
      94. Бөлімше командирі ұшуды талдауды дайындауды ұйымдастырады  және өткізеді. Әдістемелік талдауды тек қана жоғары тұрған басшы өткізеді.
      95. Әрбір ұшуды талдау өткізер алдында барлық командалық-ұшу  және басшылық құрам мұқият және жан-жақты дайындалуы қажет.
      96. Ұшуды талдау, жоспардан тыс және кәсіпорынның командалық-басшылық құрамының талдауынан өзге, талдаудың жалпы (ақпараттық), әдістемелік және бекіту бөліктерін ескерілген бірыңғай сызба бойынша өткізіледі.
      Талдаудың жалпы бөлігі ұшу жұмысының негізгісі болып табылады, онда ұшу жұмысының талдауы және талдау алдындағы кезеңдегі ұшу қауіпсіздігінің жағдайы туралы командалық-ұшу құрамының баяндамасы тыңдалады.
      Әдістемелік бөлігіне экипаждың анағұрлым сипатты жіберген қателері мен бұзушылықтарының толық талдау кіреді, осы бұзушылықтарды жою және алдын алу бойынша іс-шаралар белгіленеді.
      Бекіту бөлігінде талдаудың қорытындысы шығарылады, қол астындағы бөлімшелердің (экипаждың) жұмысы бағаланады және ұшудың қауіпсіздігі мен жиілігін қамтамасыз ету және алдағы кезеңнің ерекшеліктерін ескере отырып өндірістік жоспарды орындау бойынша міндеттер қойылады.
      97. Ұшуды талдаудың мазмұны талдауда болмаған барлық командалық-ұшу, инструкторлық және ұшу құрамына жеткізіледі. Осы мақсатта тексерудің мазмұны арнайы журналға (бланкқа) немесе магнит таспаға жазылады. Тексеру материалдары ұшу-әдістемелік сыныпта сақталады және олардың сақталуына ұшу қызметінің басшысы жауапты болып табылады.

9. Ұшу жұмысын ұйымдастыруды бақылау және талдау

      98. Ұшу жұмысын ұйымдастыруды талдау мақсаты ұшу жұмысында ауытқуларға әкелетін немесе әкелуі мүмкін және ұшудың қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне әкелетін себептерді анықтау болып табылады.
      99. Талдауға мыналар жатады:
      1) ұшу жұмысын жоспарлау;
      2) ұшу құрамын кәсіби даярлау;
      3) әуе кемелерінің экипаждарын қалыптастыру;
      4) ұшу құрамына ұшуға рұқсат беру;
      5) экипаждарды алдын ала және ұшудың алдында даярлау;
      6) ұшу құрамының жұмысын тексеру;
      7) экипаждың құрамында тексерушімен бірге ұшу;
      8) ұшуды тексеру;
      9) ұшу-әдістемелік жұмыс;
      10) ұшу-штабтық құжаттама.
      100. Ұшу жұмыстарын ұйымдастыру мен ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдауды пайдаланушылар - тоқсан сайын және жылына бір рет, авиациялық оқу орталықтары (мекемелері) - бірінші жарты жылдықта және жылына бір рет жасайды және уәкілетті органға береді.
      101. Ұшу жұмыстарын ұйымдастыруды бақылау ұшу жұмыстарын одан әрі қарай жетілдіру бойынша іс-шараларды өткізу мақсатында жүргізіледі. Бақылауға мыналар жатады:
      1) ұшу жұмыстарының жоспарлары;
      2) ұшу-штабтық құжаттама;
      3) ұшу және метеорологиялық құжаттама;
      4) ұшу құрамын тексеру материалдары;
      5) командалық-ұшу құрамының ұшу нәтижелері;
      6) қозғалыс қызметінің, инженерлік-авиациялық қызметтің және басқа да ұшуды қамтамасыз ететін қызметтердің ақпараты;
      7) әуе кемелерін инспекторлық және таңдап қарау және авиациялық техниканы пайдалануды талдау нәтижелері;
      8) ұшу ақпараты, ұшу параметрлерін тіркейтін борттағы және жердегі құралдар мен сөзбен алмасуларды талдау материалдары;
      9) ұшудың қауіпсіздігі бойынша инспекторлардың тексеріс материалдары.

10. Ұшу-әдістемелік жұмыс

      102. Ұшу-әдістемелік жұмыс ұшу қауіпсіздігін, тұрақтылығын және тиімділігін жоғары деңгейге жеткізу мақсатында командалық және ұшу құрамын кәсіби дайындаудың тиімді жүйесін құруға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.
      103. Ұшу-әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) ұшуды орындаудың, инженерлік психология және авиациялық эргономика талаптарының негізінде әуе кемесі экипажының мүшелерін оқытудың тиімді әдістерін, құралдары мен тәсілдерін әзірлеу және енгізу;
      2) ғылымның, техниканың жетістіктері мен кәсіпорынның практикалық жұмыс тәжірибесі негізінде азаматтық авиацияда ұшу жұмыстарын ұйымдастырудың және жүргізудің неғұрлым жетілдірілген нысандары мен әдістерін жасау;
      3) ұшу экипаждарының мүшелерін оқыту және тәрбиелеу бойынша командалық-ұшу және инструкторлық құрамның теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын және ұшу-әдістемелік шеберліктерін жетілдіру;
      4) авиациялық техника мен оны пайдаланудың практикалық тәжірибесін ескере отырып, әуе кемесінің жаңа түрлерін пайдалануды зерттеу және практикалық игеру жүйелерін жетілдіру;
      5) азаматтық авиация ұйымының оқу-әдістемелік базасын құру, жарақтандыру және тиімді пайдалану;
      6) ұшу құрамының кәсіби даярлығының деңгейін бағалаудың құралдарын және әдістерін іздеу және тиімді қолдану;
      7) әуе кемелерін пайдалану, ұшу құрамын оқыту, ұшудың жаңа түрлеріне дайындау, сондай-ақ маусымдық ұшуға дайындық мәселелері бойынша ұшу-әдістемелік және ұшу-техникалық конференциялар өткізу.
      104. Ұшу-әдістемелік жұмыс:
      1) командалық-ұшу құрамының ұшу құрамымен бірге мақсаттылық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және тәрбиелік жұмыспен;
      2) командалық-ұшу құрамының оған бекітілген ұшу құрамының кәсіби даярлығы мен тәртіп жай-күйінің деңгейі не жеке жауапкершілігімен;
      3) командалық-ұшу, инспекторлық, инструкторлық және оқытушылар құрамының өздігінен оқу және біліктілігін арттыру курстарын өту жолымен үнемі біліктілігін арттыру және әдістемелік дайындығын жетілдірумен;
      4) осы Қағиданың және ұйымды реттейтін басқа да құжаттардың талаптарын орындай отырып, ұшу құрамының кәсіби даярлық деңгейін үнемі бақылау, ұшу-әдістемелік жұмысын қамтамасыз ету және өткізумен;
      5) уәкілетті органның оқу-әдістемелік ұйымдар мен авиациялық кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылын анық үйлестіруімен қамтамасыз етіледі.
      105. Ұшу-әдістемелік жұмысты азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес, перспективті және ағымдағы жоспарларға сәйкес азаматтық авиация ұйымдары ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      106. Азаматтық авиация ұйымдарында ұшу-әдістемелік жұмысын жоспарлау олардың нормативтік құжаттарын, оқытудың техникалық құралдарын және оқу көрнекілік құралдарын әзірлеу бойынша қызметін үйлестіру мақсатында жүргізіледі.
      107. Ұшу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру:
      1) ұшу оқыту мекемелерінде - бірінші басшылардың орынбасарларына және ұшу-әдістемелік бөлімдеріне;
      2) азаматтық авиация ұйымдарында — ұшу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі басшының бірінші орынбасарына, ол жоқ кезде ұшу қызметінің басшысына;
      3) ұшу қызметінде - ұшу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі ұшу қызметі басшысының орынбасарларына және ұшу бөлімшелерінің командирлеріне жүктеледі.
      108. Ұшу-штабтық құжаттамаларды жүргізу азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысы бекіткен және уәкілетті органмен келісілген ұшу-штабтық құжаттамаларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады