"2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 547 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы
ратификациялау туралы

      2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде жасалған 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
           Президенті

2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
      2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 15-бабына сәйкес,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Шарттың 6-бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Кеден одағының және оның органдарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Комиссия жекелеген мәселелер бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұсыныстарын қарау мен ұстанымдарын келісу, сондай-ақ Комиссияға тиісті ұсынымдар дайындау үшін үйлестіруші және консультативтік органдар құруға құқылы.».

2-бап

      Шарттың 8-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бап

      Комиссияның міндетті сипаты бар шешімдері ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді, ал жедел реттеуді талап ететін ерекше жағдайларда Комиссия шешімінде оның күшіне енуінің өзге, бірақ мұндай шешімнің ресми жарияланған күнінен бұрын емес мерзімі көрсетілуі мүмкін.».

3-бап

      Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері арқылы шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Тараптардың кез келгені дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беруге құқылы.

4-бап

      Осы Хаттама ратификациялауға жатады және қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
      Осы Хаттама депозитарий Тараптардың осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.

      2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.

      Беларусь                  Қазақстан                Ресей
    Республикасы              Республикасы            Федерациясы
       үшін                       үшін                    үшін

      Беларусь Президенті А.Г. Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведев қол қойған осы мәтіннің толық және «2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама туралы» 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 68 ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғарғы органы) шешімі түпнұсқасының көшірмесіне сай екендігін растаймын.
      Түпнұсқаның данасы Кеден одағы комиссиясында сақталады.

                                               Барлық 3 бет тігілген,
                                              қолтаңба мен мөртаңбасы
                                                      қойылған

      Кеден одағы комиссиясы Хатшылығы
      Құқық департаментінің Директоры            Н.Б. Слюсарь

      Мәскеуде 2010 жылғы 9 желтоқсанда жасалған 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бойынша ЕурАзЭҚ ИК Хатшылығы мәлімдемесінің орыс тіліндегі нұсқасы қазақ тіліне аударылған нұсқасына сай келетінін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігінің
      ТМД департаменті
      Директорының орынбасары                    С. Сейтімбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады