Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 728 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 728 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 29) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 609 қаулысымен 
бекітілген    

Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2001 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
      шағын көлемді кемелерге арналған тұрақ-база (құрылыс) - шекараларында шағын көлемді кемелер орналасатын құрылыстары және іргелес акваториясы бар жағалау аумағы.

2. Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау

      3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кемелерге техникалық қадағалау жүзеге асырылады.
      Техникалық қадағалауды ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі — аумақтық бөлімшелер) жүзеге асырады.
      4. Техникалық қадағалау бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландыру жүргізу, сондай-ақ арнайы және бақылап тексеруді жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
      5. Жеке жасалған шағын көлемді кемелер, сондай-ақ техникалық сипаттамалары техникалық формулярда (паспортта) көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмейтін, қайта жабдықталған кемелерге теңізде жүзу қасиетіне (жүзгіштігі, орнықтылығы мен батпайтындығы) қосымша сынақтар жүргізіледі. Куәландыру нәтижелері шағын көлемді кеменің жүзуге жарамдылығы туралы қорытындымен осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес техникалық куәландыру актісімен ресімделеді.
      6. Бастапқы техникалық куәландыру актісінде көрсетілген шарттар мен нормалар шағын көлемді кеменің кеме кітабына және кеме билетіне енгізіледі. Кеме билетінде куәландыруды жүргізген лауазымды адамның қолымен расталатын арнайы мөртабанмен техникалық куәландыру туралы белгі жасалады.
      7. Техникалық куәландыру шағын көлемді кеме тіркелген жердегі аумақтық бөлімшенің техникалық тексеру пунктінде немесе кеме билетін ұсына отырып, шағын көлемді кеме тікелей орналасқан жерде (тұрақта) жүргізіледі.
      Бұл ретте техникалық тексеру пункттері жұмысының орны, уақыты, ұйымдастырылуы және шағын көлемді кемелерге жыл сайын техникалық куәландыруды өткізу кестелері кеме иелері мен тұрақ-база иелерінің назарына жеткізіледі.
      8. Техникалық куәландыру жүргізу кезінде шағын көлемді кеменің жай- күйі корпус пен қондырмалар, құрылғылар, жабдықтар мен жарақтар, өртке қарсы қорғану; механикалық орнату мен электр жабдықтары бойынша жеке, ал жеке жасалған шағын көлемді кемелер үшін теңізде жүзу қасиеті бойынша анықталады.
      9. Техникалық куәландыру жүргізу кезінде шағын көлемді кеменің жүзуге жарамдылығы техникалық жай-күйі бойынша екі баға қою арқылы анықталады: «жарамды» немесе «жарамсыз». Шағын көлемді кеменің жалпы техникалық жай-күйін бағалау осы тармақта аталған элементтердің бірінің ең төменгі бағасы бойынша белгіленеді.
      10. Шағын көлемді кеме техникалық жай-күйі бойынша «жарамды» деген баға алған кезде кеме билетіне техникалық куәландыру туралы белгі жасалады.
      11. Техникалық жай-күйі бойынша «жарамды» деген баға алған шағын көлемді кеме мынадай:
      1) толқын режимі бойынша;
      2) жүзу ауданы мен жағадан алшақтығы бойынша;
      3) қозғалтқыштың рұқсат етілген қуаты бойынша;
      4) жүк көтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығы бойынша;
      5) желкендердің ауданы бойынша жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шектеулермен жүзуге жіберіледі.
      Шағын көлемді кеме «жарамды» деген баға алған кезде, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес техникалық куәландыру актісі жасалады, онда белгіленген шектеулер көрсетіледі.
      Теңіз ауданында серуендік кемелерді пайдалану үшін теңізде мынадай жүзу аудандары белгіленеді:
      1) 0- бірінші класты жүзу ауданы - шектеусіз, есептік толқын биіктігі 3% қамтамасыз өтілумен 11 метр болатын толқындануда мұхиттар мен теңіздерде жүзу;
      2) 1 - бірінші класты жүзу ауданы - шектелген, пана орнынан 200 мильден аспайтын арақашықтықта және пана орындарының арасы 400 мильден аспайтын рұқсат етілген арақашықтықта, барынша рұқсат етілген толқын биіктігі 3% қамтамасыз өтілумен 8,5 метр болатын толқындануда теңіз аудандарында жүзу;
      3) 2 - екінші класты жүзу ауданы - шектелген, пана орнынан 100 мильден аспайтын арақашықтықта және пана орындарының арасы 200 мильден аспайтын рұқсат етілген арақашықтықта, барынша рұқсат етілген толқын биіктігі 3% қамтылумен толқындану шамасы 7 метр болатын теңіз аудандарында жүзу;
      4) 3 - үшінші класты жүзу ауданы — шектелген, бассейндердің жел толқындық режимдеріне байланысты аудан және жүзу жағдайлары бойынша нақты шектеулерді ескере отырып, бұл ретте пана орнынан барынша рұқсат етілген 50 мильден аспауы тиіс арақашықтықты белгілей отырып, барынша рұқсат етілген толқын биіктігі 3% қамтамасыз етілумен шамасы 3,5 метр болатын толқындануда аралас (өзен-теңіз) жүзу.
      12. «Жарамсыз» деген баға алған шағын көлемді кемеге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес осы кемені пайдалануға тыйым салу туралы қорытындымен екі дана техникалық куәландыру актісі жасалады, бұл ретте актінің бір данасы кеме иесіне беріледі. Актіде көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін шағын көлемді кеме қайталама техникалық куәландырудан өтеді.
      13. Шағын көлемді кемелерді пайдалануға мынадай техникалық ақаулар болған кезде рұқсат етілмейді:
      1) корпусы бойынша (жинақ пен қаптамада жарықшақтардың, ойықтардың болуы, кеме конструкциясында көзделген герметикалық бөліктер мен ауа жәшіктерінің болмауы немесе герметикалығының бұзылуы);
      2) руль құрылғысы бойынша (рульдің ауыспалық бұрышын толық қамтамасыз етпеуі (бортқа 35 градус), руль штурвалын айналдырудың қиындауы, руль сабының немесе руль жетегі бөлшектерінің (бағыттаушы блоктары, тіректі мойынтіректері, тарту жабдықтары, штуртрос берілістерінің) зақымдануы, штуртрос каболоктарының үзілуі, руль жетегінің бөлшек құрылымында көзделген бекітулерінің (сомындары, шплинттер, қарсысомындар) болмауы;
      3) қозғалтқыш немесе аспалы мотор бойынша (бензобактерден, отын шлангісінен, қоректендіру жүйесінен отынның ағуы, біршама дірілдің болуы, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің зақымдануы, реверс-редуктордың оңай қосылмауы (ажырамауы), реверс тұтқаның «алға», «артқа», «бейтарап» қалыптарында (оның өздігінен еріксіз қосылуы мен ажырауы) бекітілмеуі, реверс қосылған кезде қозғалтқыштың (мотордың) конструкцияда көрсетілген іске қосу блоктауының зақымдануы);
      4) навигациялық оттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      5) кеменің жинақталуы мен жабдықтары кеме билетінде көрсетілген нормаларға сәйкес келмейді.
      Кеме билетінің «Ерекше белгілер мен қосымша мәліметтер» деген бөліміне кемені пайдалануға тыйым салу туралы жазу жазылады.
      14. Шағын көлемді кемелердің конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты типі мен санаты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықталады.
      Шағын көлемді кеменің типін анықтау үшін мидель бойынша оның ең үлкен ені негіз болып табылады.
      Шағын көлемді кеменің санатын анықтау үшін мидельдегі оның су өткізбейтін бортының биіктігі (қондырма биіктігін есептемегенде) негіз болып табылады.
      Шағын көлемді кеменің санаты толқын биіктігі мен жағадан алшақтығымен сипатталатын жүзу жағдайына сәйкес келуі тиіс.
      15. Шағын көлемді кеменің жүзу шарттары оның санатына байланысты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықталады.
      Шағын көлемді кеменің кестеде көрсетілген жағадан алшақтығы жасаушы зауыт берген паспортта көрсетілген жағадан алшақтықтан аспауға тиіс.
      Су айдынындағы толқын биіктігі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықталады.

3. Шағын көлемді кемелерді техникалық куәландыру қарап тексеру түрлері

      16. Техникалық куәландыру:
      1) бастапқы;
      2) жыл сайынғы;
      3) кезектен тыс болып бөлінеді.
      17. Тексеріп қарау:
      1) арнайы;
      2) бақылау болып бөлінеді.
      18. Бастапқы техникалық куәландыру кезінде кеменің техникалық құжаттамасы тексеріледі, кеменің сыйымдылығы, оның жүк көтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығы, рұқсат етілген қуаты мен қозғалтқыштар (аспалы моторлар) саны бойынша нормалар мен техникалық талаптары, желкендерінің рұқсат етілген ауқымы, жүзу аудандары (жағалаудан алшақтығы), су үстіндегі борттың ең төменгі биіктігі, кеме жүзе алатын толқын биіктігі, құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал беру оттарымен, навигациялық және басқа жабдықтармен жарақтандырылуы белгіленеді, кеменің басты өлшемдері (ұзындығы, ені, борт биіктігі), құрғақ борт көлемі, жүк көтергіштігі, жолаушы сыйымдылығы, шағын көлемді кеменің санаты нақтыланады. Шағын көлемді кеменің орнықтылық пен суда батпау талаптарына, жүзу жағдайына, қозғалтқыш қуатының шағын көлемді кеменің конструктивтік деректеріне сәйкестігі анықталады.
      19. Жыл сайынғы техникалық куәландыру шағын көлемді кемеге бастапқы куәландыру жүргізілген сәттен бастап бір жыл ішінде жүргізіледі.
      Жыл сайынғы техникалық куәландыру кезінде кеменің техникалық құжаттамасының болуы, шағын көлемді кеменің тіркелу деректерінің өзгермеуі, кеменің негізгі элементтерінің өзгермеуі, оның техникалық жай-күйі, оның жүзуге жарамдылығы, белгіленген нормаларға сәйкес жабдықтары мен жарақтарының болуы тексеріледі, пайдалану шарттары нақтыланады.
      Бұл ретте ағымдағы жылы бастапқы техникалық куәландырудан өткен шағын көлемді кемелер сол жылы жыл сайынғы техникалық куәландыруға ұсынылмайды.
      Корпустың айтарлықтай тозуы немесе оның деформациясы анықталған жағдайда, кеме иесі аумақтық бөлімше қызметкерінің талабы бойынша шағын көлемді кемені жағалауда көрсетеді.
      20. Бастапқы және жыл сайынғы куәландыру нәтижелері бойынша кеме билетіне кезекті куәландыру мерзімі көрсетілген техникалық тексеру өткізілгені туралы белгі қойылады немесе шағын көлемді кемені пайдалануға тыйым салу туралы акті жасалады.
      21. Кезектен тыс куәландыру иесінің ауысуына немесе жүзу ауданының өзгеруіне байланысты, сондай-ақ кеме билеті жоғалғанда, кемені қайта жабдықтау салдарынан шағын көлемді кеменің конструкциясы өзгерген кезде, шағын көлемді кемені қайта тіркегенде шағын көлемді кеме иесінің еркін нысандағы өтініші негізінде жүргізіледі.
      Шағын көлемді кемеге кезектен тыс куәландыру жүргізу нәтижесінде жаңа кеме құжаттары беріледі. Бұл ретте кезекті жыл сайынғы техникалық куәландыру мерзімдері сақталады.
      22. Арнайы тексеру шағын көлемді кеменің зақымдануына және жөндеуді талап етуіне әкеп соққан көлік оқиғасынан кейін, қуаты жоғары қозғалтқышты орнату кезінде, жарамсыз болған кемені есептен шығару кезінде жүргізіледі.
      23. Бақылап тексеру кеме конструкциясы мен класында көзделмеген жүзу жағдайларында біржолғы өтуге рұқсат ету үшін және кемені өткеннен соң тексеріп қарау үшін кеме иесінің өтініші бойынша жүргізіледі.
      24. Куәландыру жүргізілгеннен кейін шағын көлемді кеменің техникалық жай күйі туралы және анықталған ақаулар жойылғанда және жетпейтін жарақтар толықтырылғанда шағын көлемді кеменің жүзуіне рұқсат беру туралы, шағын көлемді кемеге жүзу жағдайлары бойынша шектеулермен, жүзуге рұқсат беру туралы, шағын көлемді кеменің жүзуіне тыйым салу туралы қорытындылар шығарылады.
      25. Шағын көлемді кемелерді куәландыру иелерінің немесе ие өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
      26. Кемелерді куәландыру корпусты жағалауда сырлағанға дейін екі жылға кемінде бір рет жүргізіледі.

Шағын көлемді кемені техникалық
қадағалау қағидаларына      
1-қосымша            

Шағын көлемді кемені (бастапқы, жыл сайынғы)
техникалық куәландыру
АКТІСІ

      Осы актіні 20___ жылғы «___»____________ ______________________
                                                  (Көліктік бақылау
_____________________________________________________________жасады
комитеті аумақтық бөлімшесінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
      Кеме иесі______________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты немесе мекеменің, ұйымның атауы)
Тұрғылықты мекенжайы (ұйымның немесе жеке тұлғаның тұрған жері)
және телефоны________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Куәландыруға ұсынылған кеменің типі____________________________
моделі_____________жасалған жылы___________жасалған орны
зауыттық №_____корпус материалы___________ұзындығы___м.ені________м.
борт биіктігі___м.су үсті бортының биіктігі___м. жүк көтергіштігі__т.
жолаушы сыйымдылығы________адам.
      Желкендер ауданы_____ш. м.
      Кеме жасау тәсілі _____________________________________________
қозғалтқыш (мотор) типі мен маркасы____________саны__________________
қуаты_______________зауыттық нөмірі__________________________________
      Техникалық куәландыру нәтижесінде мыналар анықталды:
      1. Кеменің басты өлшемдері_____________________________________
                                      (мәлімделгенге сәйкестігі)
      2. Кеме сыйымдылығы_________________т.
      3. Шөгу_____________________________м.
      4 Корпустың жай-күйі___________________________________________
                                     (жай-күйінің бағасы)
      Рульдік құрылғы________________________________________________
                                     (жай-күйінің бағасы)
      6. Зәкір және арқандап байлау құрылғысы________________________
                                              (болуы және жай-күйі)
      7. Құтқару құралдары___________________________________________
                                   (атауы, саны мен жай-күйі)
      8. Сигнал беру құрылғылары_____________________________________
                                      (атауы және жай-күйі)
      9. Жарақ заттарымен жинақтау___________________________________
                                     (талаптарға сәйкестігі)
      10. Жүк көтергіштігі және жолаушы сыйымдылығы_______тонна(адам)
      11. Орнықтылығы, суда батпауы, жүзгіштігі______________________
                                                (жай-күйін бағалау)
      12. Жүзгіштік қоры ____________________________________________
                           (қамтамасыз етілген, қамтамасыз етілмеген)
      13. Су үсті бортының ең аз биіктігі____________________________
      14. Өртке қарсы жүйе___________________________________________
                                    (түрі және жарамдылығы)
      15. Механикалық қондырғы_______________________________________
                                     (жай-күйінің бағасы)
      16. Ең жоғарғы рұқсат етілген қуаты____________________________
                                             (белгіленген)
      17. Желкендер мен такелаждың жай-күйі__________________________
                                                (жарамдылығы)
      18. Электр жабдығы_____________________________________________
                                     (жай-күйі)
      19. Р/байланыс және р/оқшаулаудың болуы _______________________
                                        (типі, маркасы және жай-күйі)

Қорытынды:

      Куәландыру жүргізу нәтижесінде осы кеменің жай-күйі____________
_______________________________________________________________
      (жарамды, жарамсыз)
      Белгіленген ауданы және жүзу жағдайы:
      рұқсат етілген толқын биіктігі__________м.
      жағалаудан алшақтығы_________________м.
      қозғалтқыштың рұқсат етілген қуаты____________а.к.
      рұқсат етілетін жүк көтергіштігі________т.
      Жүзу мерзімі________________________________________содан кейін
________________облысы, қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясына
техникалық тексеру үшін ұсынылуы тиіс.
      Тексеру кезінде қатысқан (дар)_________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                               (Т.А.Ә., лауазымы)
      Куәландыруды жүргізді _________________________________________
                                  (Т.А.Ә., лауазымы)

      М.О.

      20 ___ж.«____»_______________

Шағын көлемді кемені
техникалық қадағалау 
қағидаларына    
2-қосымша      

Р/с

Кеме түрі

Мотордың рұқсат етілетін қуаты (а/күші)

Басты өлшемдер

Кеме санаты

Жүк көтергіштігі, жолаушы сыйымдылығы

адам

кг

1

Ескекті қайық

-

2,0x1,1x0,4

1

1

100

2

Ескекті қайық

-

2,8x1,3x0,5

2

2

200

3

Ескекті қайық

-

3,3x1,4x0,5

2

3

300

4

Ескекті қайық

-

4,4x1,5x0,5

2

4

400

5

Ескекті қайық

-

6,0x1,6x0,6

3

6

1000

6

Моторлы қайық

15-ке дейін

3,4x1,5x0,6

2

3

300

7

Моторлы қайық

25-ке дейін

4,4x1,6x0,75

3

4

500

8

Моторлы қайық

-

6,0x1,7x0,95

3

6

800

9

Катер

40-қа дейін

6,0x1,8x0,9

3

6

800

10

Катер

50-ге дейін

8,5x2,5x1,2

3

6

1000

Шағын көлемді кемені 
техникалық қадағалау
қағидаларына      
3-қосымша        

Н мин.

Жүзу жағдайы

Жағалаудан кашықтығы
(км)

Толқын биіктігі (м)

Жел күші (балл)

0,2

0,5

0,2 дейін

2

0,3

1,0

0,3 дейін

2


3,0

0,4 дейін

3

Шағын көлемді кемені
техникалық қадағалау 
қағидаларына    
4-қосымша     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады