"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 612 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы  Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін
жаңғырту тұжырымдамасы туралы

      «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы бекітілсін.
      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті                          Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2011 жылғы «__» _______
№ ___ Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін
жаңғырту тұжырымдамасы Мазмұны

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін дамытуды пайымдау
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
3. Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін
дамытуды пайымдау

.... Қазақстан Республикасының ең
қымбат қазынасы - адам және
адамның өмiрi, құқықтары мен
бостандықтары.             

Қазақстан Республикасы 
Конституциясының 1-бабы

Кіріспе

      Осы заманғы тиімді мемлекеттік қызметті және мемлекеттік басқару құрылымын құру ел Президентінің «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында (бұдан әрі – 2020 Стратегиялық жоспар) шешуші міндет ретінде айқындалған.
      Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында:
      мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың бірыңғай саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
      мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігін және тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету;
      мемлекеттік органдардың қызметін халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер ұсынуға бағдарлау;
      мемлекеттік аппарат қызметінің айқындылғы мен ашықтығын қамтамасыз ету қажет.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру саласында қоғамның қажеттіліктерін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру деңгейін арттыруға бағытталған бірыңғай, сындарлы саясат жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Осы Тұжырымдамада тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанда жүргізілген мемлекеттік басқару реформаларының қорытындылары талданады, ағымдағы ахуалды талдау нәтижесінде түйінді проблемалар айқындалды, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі белгіленген.

Ағымдағы ахуалды талдау

      Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанда жүргізілген мемлекеттік басқару реформасын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады.
      Бастапқы кезеңде 1991 жылдан бастап 1994 жылға дейін әкімшілік реформа күрделi жағдайда жүзеге асырылды. Ел экономикасы ауыр жағдайда болды және қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық қатынастармен қатар, тұтастай алғанда, мемлекеттің рөлін және ұзақ мерзімді перспективада даму үлгісін айқындау қажет болды. Қазақстан басқарудың командалық-әкімшілік жүйесінен бас тартты да, нарықтық қағидаттарға және мемлекеттік құрылыс пен басқару негізіне батыл түрде бағытталды.
      1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін экономикалық реформаларды жүргізу қарқынын жеделдетуге және даму бағытын нақты айқындауға көмектескен мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық негізгі бағыттары бойынша заңнамалық актілер қабылданды. Ең алдымен, бұл заңдар экономиканы ырықтандыруға және монополиясыздандыруға, кәсіпкерліктің еркіндігі мен оны қолдауға, банк секторын реформалауға бағытталды.
      Бұдан әрі 1997 жылдан бастап 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанда әкімшілік реформаны жүргізу басталды, бұған 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» стратегиясы ықпалын тигізді. Негізгі функцияларға дейін шектелген тиімді мемлекет қалыптастыру елдің даму басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.
      2003 және 2006 жылдар кезеңі мемлекеттік басқару құрылымынынң, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктің аражігін ажырату реформаларымен белгілі болды.
      Экономиканы басқарудын бағдарламалық-мақсатты әдістерін енгізуі бастамалары көзделген. Қабылданған Бюджет кодексінің шеңберінде басқарудың төмен деңгейлеріне берілген мемлекеттік функциялардың қаржылық қамтамасыз етілу мәселелері реттелді.
      Мемлекеттік секторды реформалаудың ағымдағы кезеңі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығының қабылдануымен 2007 жылы басталды.
      Реформалардың осы кезеңінің негізгі міндеті мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеудің жаңа моделін енгізу, сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін реттеу, мемлекеттік қызметті жаңғырту, әкімшілік реформамен байланыстыра отырып, «электрондық үкіметті» құру және дамыту есебінен мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
      Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың және бюджеттеудің жаңа жүйесін енгізу маңызды бағыттардың бірі болды.
      «Шығындарды басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» кезең кезеңімен өту жұмысы 2008 жылы басталды. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексі күшіне енгізілді. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесін енгізу үшін нормативтік құқықтық база құрылды, негіз қалаушы жүйелік және әдіснамалық құжаттар қабылданып, стратегиялық және бағдармалық құжаттардың жаңа иерархиясы енгізілді.
      2010 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру басталды. Қазіргі уақытта ел дамуының стратегиялық мақсаттарының мониторингі және оларға қол жеткізуді бағалаудың кешенді жүйесі қалыптастырылуда.
      Бағалауға жататын мемлекеттік органдардың негізгі қағидаттары, жұмыс бағыттары, бағалауды жүргізу тәртібі айқындалған «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығы қабылданды.
      Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін заңнамалық негіз жасалды. Қызметтердің тізілімі мен осы тізілімге енгізілген қызмет көрсету стандарттары бекітілді, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызмет көрсету басталды. Жұртшылықпен кері байланыс орнату үшін көрсетілетін қызмет сапасын бағалау бойынша тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізу басталды.
      2008-2010 жылдарға арналған «электрондық үкіметті» дамыту бағдарламасы бекітілді. «Электрондық үкімет» шеңберінде жүргізілген жұмыс нәтижесінде қазіргі уақытта:
      1) электрондық қызметтердің дамуы транзакциялық кезеңді белсенді іске асыру кезеңінде тұр, ол азаматтарға мемлекеттен анықтамалар мен құжаттарды электрондық түрде алуға ғана емес, олар үшін төлемдер төлеуге де мүмкін береді;
      2) «электрондық үкіметі» инфрақұрылымының негізгі компоненттері құрылған және енгізілген;
      3) әр түрлі мемлекеттік органдар көрсететін аса маңызды мемлекеттік қызметтердің кешенін азаматтар алатын Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық желілері жұмыс істейді (ХҚКО).
      Әкімшілік кедергілерді азайту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдардың рұқсат беру жүйесі мен бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдады.
      Мемлекеттік органдардың бақылау қызметтерін ретке келтіру үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тексерудің кезеңділігін белгілеуге мүмкіндік беретін тетік заңды түрде енгізілді.
      Дүниежүзілік экономикалық форумның және «Doing Bussines» Дүниежүзілік банктің жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингтерінде Қазақстанның позициясын жақсарту жұмысы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің өмірлік іс-әрекетінің әр түрлі кезеңдерде (ашу, тіркеу, қызмет жасау және тарату) әкімшілік рәсімдерді жүргізу мерзімдерін оңайлатуға және қысқартуға бағытталған шаралар іске асырылды.
      Бизнестің уақыт және басқа шығындарын қысқарту үшін заңнамада рұқсат беру рәсімдердін оңайлату жөніндегі нормалар бекітілген:
      1) лицензия алу кезіңде мемлекеттік органдармен келісу рәсімдерінің барлығына «бірыңғай терезе» қағадатын қолдану.
      2) лицензиардың берілген құжаттар пакетінің тексеруді жүзеге асыру мен қандай да бір құжат жетіспеген жағдайда өтініш берушіге хабарлау міндеттемесін белгілеу. Бұдан әрі мемлекеттік орган бұл негіздеме бойынша лицензияны беруден бас тарту құқығынан айырылады.
      3) тапсырылатын құжаттардың міндетті түрде нотариалдық расталуын алып тастау. Өтініш берушіге нотариалды рассталған құжаттар көшірмесін не салыстыру үшін құжаттардың түп нұсқасын ұсынуды таңдау құқығы беріледі;
      4) барлық рұқсат беру рәсімдеріне «үндемегі - кейіскені» қағидатын қолдану. Егер мемлекеттік орган белгіленген мерзімде дәлелді бас тарту немесе рұқсат беру құжатын бермеген жағдайда, онда мұндай құжат берілген (рісңм мақұлданды) болып есептеледі. Бұл ретте, өтініш берушіден өз қызметін бастау туралы хабарлама тапсыру талап етілмейді;
      5) субъектінің санатына қарамастан, лицензиялар беру үшін бірыңғай мерзім – 15 жұмыс күнін белгілеу.
      Аталған шаралар лицензиялық-рұқсаттамалық құжат айналымының жылына 881 мың бірлігіне қысқартылуына әкелетіні болжанады, ал кәсіпкерлердің уақыт пен қаржылық шығындарын үнемдеу бастапқы есеп бойынша 27 млрд. теңгені құрайды.
      «Электрондық үкімет» бағдарламасын дамыту шеңберінде ««Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесін құру жобасы басталды. Оның негізгі мақсаты лицензиялау мен берілген лицензиялар бойынша деректер базасын жүргізу аясында халыққа электрондық қызметтер көрсету болып табылады.
      Квазимемлекеттік секторды басқару саласында мемлекеттік органдардың нақты құзыреті және жауапкершілігі, республикалық және коммуналдық мүлікті басқару деңгейлері анықталған, мемлекеттік кәсіпорындарды құру мақсаттары, қызмет салалары нақтыланған, кәсіпорындар басшыларының мемлекеттік мүлікті басқару нәтижелеріне жауапкершілігі күшейтілген, еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын құру мүмкіндігі алып тасталды.
      Мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты – оларды мемлекет бақылайтын және бақыламайтын сыныптамаға бөлу көзделген. Бұл мемлекет тарапынан оларды басқару ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
      Мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдардың корпоративтік басқару кодексі мен тәуелсіз директорлар институтын енгізуінің өсу үрдісі байқалады.
      Білім беру және денсаулық сақтау мемлекеттік кәсіпорындарда – акционерлік қоғамдарда директорлар кеңесі үлгісінде бақылау кеңесі – басқарудың жаңа органын енгізу көзделген.
      Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес ұлттық басқарушы холднигтер, ұлттық холдингттер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар он жылға арналған даму стратегияларын және осы стратегияларды іске асыру үшін бес жылға арналған даму жоспарларын әзірлейді.
      Жүргізілген реформаның қорытындыларын ескере отырып, Қазақстан Республикасында Мемлекет басшысы белгілеген мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін негіз қаланғанын атап өту қажет.
      Мемлекеттік аппарат құрылымының тиімділігін арттыру мақсатында заңнамалық түрде мемлекеттік функциялардың (стратегиялық, реттеуші, іске асыру, бақылау) жіктемесі енгізілді, ауқымды функционалдық талдау жүргізілді, оның негізінде экономиканың жекелеген салаларында мемлекеттік органдардың басқарудың тік және деңгейлес салалары бойынша функциялары мен жауапкершілігінің (министрліктер мен ведомстволар арасында, орталық пен өңірлер арасында) аражігі ажыратылды. Осыған байланысты орталық және өңірлік билік деңгейлерінде құрылымдық қайта құрулар жүргізілді және олардың штат саны оңтайландырылды. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін есепке ала отырып, жергілікті мемлекеттік басқару құрылымына икемділік берілді.
      Жалпы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығында көзделген барлық іс-шаралар орындалды, алайда халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, тұтынушыға және нәтижеге бағдарланған басқару жүйесін енгізу бір күндік мәселе емес.
      Әкімшілік реформаның жекелеген бағыттары орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада одан әрі іске асыруды және дамытуды талап етеді, ал кейбір басым бағыттар бойынша бірқатар проблемаларды шешу қажет.
      Негізгі проблемаларға мыналарды жатқызуға болады.
      1. Нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесіне өту процесінің аяқтамауы.
      1) экономикалық, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесінің арасында өзара байланысы жеткіліксіз, нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді (бұдан әрі - НББ) енгізу процестері толық аяқталмаған;
      2) стартегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген шаралар мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында сапалы көрсетілмеген;
      3) стратегиялық жоспарлардың жекелеген бағыттарын әзірлеу бөлімдермен асыра («Ведомствоаралық өзара іс-қимыл», «Функционалдық мүмкіндіктері», «Тәуекелдерді басқару» бөлімдері) көбіне формальды сипатқа ие;
      4) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау институтының қалыптасуы аяқталған жоқ;
      5) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ішкі қаржылық бақылаудың қолданыстағы жүйесі жол берілген бұзушылықтарды анықтау және жазалау орнына бұзушылықтардың алдын алу және профилактикасын көздейтін халықаралық практиканыңм талаптарына толық сәйкес емес. Бюджет қаражатының пайдалануын тексерумен айналысатын мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері бүгінгі күні іс жүзінде кейінгі бақылауды жүргізеді, қаржылық және басқа бұзушылықтарды анықтаумен шектеледі, осындай бұзушылықтарын алдын алу бойынша ұсыныстар бермейді.
      Бұдан басқа, бүгінгі күні бақылаудың әртүрлі субъектілері бұзушылықтарды әртүрлі түсіндіреді, ал бақылау объектілері оларды жазалау себептері және анықталған бұзушылықтар тарлы ақпараттандырылмайды.
      7) қолданыстағы бюджеттік сыныптама НББ-тің талаптарына сәйкес емес.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендігінің сақталуы.
      Тұтынушыға бағдарлануды ескере отырып, бизнеске де, халыққа да қызмет көрсету саласында бірқатар проблемалар шешу керек:
      1) мемлекет көрсететін қызметтер толық көлемде регламенттелмеген, көптеген мемлекеттік қызметтер бойынша стандарттар мен оларды оларды көрсету регламенттері жоқ;
      2) халықпен кері байланыс жоқ;
      3) мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған әрбір қызметкердің қызметін бағалаумен өзара байланысты көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау схемасы құрылмаған;
      4) ішкі бақылау қызметінің болмауынан (дамымауынан) қызметтердің ішкі мониторингі, сапасын бақылау және бағалау жүйесі дамымаған;
      5) мемлекеттік қызметшілердің бағдарлану (уәждеме) әлсіздігі және мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын қызметкерлерді арнайы даярлау жүйесінің болмауы;
      6) мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің аз ғана бөлігі автоматтандырылған;
      7) Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін және мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өзара іс-қимылдарын орталықтандырылған үйлестіруі жоқ;
      8) аутсорсинг әлсіз дамыған (мемлекет тарапынан жағдай жасалмау және ынталандырудың болмауы).
      Сондай-ақ, белгілі бір мемлекеттік қызмет түрлерін толық ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі бар Халыққа қызме көрсету орталықтарына ауыстыру, кадрлар құрамының біліктілік деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің бірыңғай құралын құру және жұмыс істеуі және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету мәселелері шешілмеген қалпында қалуда.
      Бұдан басқа, кешенді мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бүгінгі таңда зерделенбеген, яғни жекелеген және заңды тұлғалардың «өмір жағдайы» қағидаты бойынша жеке мемлекеттік органдардың біріккен бірнеше қызметтері, Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде (мысалы, туу, жоғары оқу орнына түсу, жұмысқа орналасу, бизнес ашу, қызмет түрін ауыстыру, бизнесті жабу).
      3. Лицензиялық рұқсат беру және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметі жүйесі
      Жүргізілген реформаларға қарамастан рұқсат беру жүйесінде мынадай проблемалар:
      1) экономикалық қызметтің шамадан тыс реттелуінің, мемлекеттік органдардың оларды ұлғайтуға тұрақты түрде ұмтылысы кезінде рұқсат берулердің елеулі санының сақталуы;
      2) мемлекеттік реттеу әдістерінің кәсіпкерлік қызметтің қауіпсіздік дәредесіне сәйкессіздігі;
      3) бизнеске қосымша әкімшілік тосқауыл жасайтын күрделі және ашық емес рұқсат беретін рәсімдері.
      Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметі саласында мынадай проблемаларда бар:
      1) мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларының бірталай саны және олардың өзара қайталануы арасында қосарланушылық;
      2) тексерулердің жалпы тәртіптен шығарылған бақылау және қадағалау салаларының көп мөлшер;
      3) мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметінің тиімділігі анықталған бұзушылық санымен және жазалау пұлдар сомамен бағаланады.
      Сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі екі сала үшін жалпы мәселе болып табылады.
      Осының салдары ретінде, аталған мәселелердің бролуы кәсіпкерлік белсенділіктен көрінетін және көлеңкелі экономиканың өсуіне қасақана әдейі жол ашатын бизнес жүргізу үшін жоғары операциялық шығындар мен кедершілеге алып келеді.
      4. Мемлекетік активтерді жеткілікті тиімді басқармау және квазимемлекеттік секторды оңтайландыру қажеттілігі
      Квазимемлекеттік секторында мынадай проблемалар орын алған:
      1) Бәсекелестік ортада кеңінен орын алған мемлекеттік кәсіпорындар, АҚ (ЖШС) санының басым болуы.
      2) функциялардың қайталануы, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың арасында қайталануы;
      3) мемлекеттік меншікті пайдалануды жоспарлау және бағалау жүйесінің жетілдірілмеуі, мемлекет активтерін есепке алудың бірыңғай жүйесінің болмауы;
      5. Мемлекеттік қызметінің кәсіби қажеттілігі.
      Мемлекеттік қызметті реформалау қажеттілігі бірқатар проблемалардың болуына негізделген:
      1) мемлекеттік қызметте адамның қоры басқарудың сапасы жетуспеушілік;
      2) кадрларды іріктеу мен бағалау жүйесі тиімділігінің жеткіліксіздігіне;
      3) қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесі қызметші жұмысының сапасымен және нәтижелерімен байланыстырылмаған;
      4) мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу деңгейі экономиканың мемлекеттік емес және квазимемлекеттік секторлары қызметкерлерінің жалақысымен салыстырғанда бәсекелі емес. Қаржы, сақтандыру, ғылым және техникалық қызметте жұмыс істейтін жеке сектор қызметкерлерінің орташа айлық еңбекақысы мемлекеттік қызметші жалақысының деңгейінен екі еседен асады (тиісінше, 148144 (бір жүз қырық сегіз мың жүз қырық төрт) және 73503 (жетпіс үш мың бес жүз үш) теңгені құрайды).
      5) мемлекеттік қызметшілерге сыйлық берудің, материалдық көмек көрсетудің және лауазымдық жалақыға үстемеақылар белгілеудің тәртібі қазіргі уақытта ынталандырудың нақты құралы болып табылмайды.
      Мемлекеттік органдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі көп жылдар бойы шешілмей тұр.
      Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленген, атап айтқанда мемлекеттік қызметшілердің нәтижелер бойынша еңбекақы төлеу жүйесін енгізу мақсатында үшдеңгейлі еңбекақы төлеу жүйесін енгізу ұсынылған. Нәтижесінде, бұл жүйе ішінара ғана енгізілді (А санатына ғана), бұл тұтастай алғанда мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің біртұтастығы қағидатына қайшы келеді.
      Техникалық қызмет көрсететін және мемлекеттік органның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін штаттан тыс қызметкерлер деп аталатын қызметкерлердің жұмысы реттелмеген болып табылады. Заңнама деңгейінде реттелмегендіктен, көрсетілген қызметкерлердің мәртебесі мен оларды жалдау тәртібі орталық атқарушы органдарда әртүрлі, ал саны және оларды ұстау шығыстары жыл сайын бақылаусыз түрде ұлғая түсуде. Соңғы 2 жылдың ішінде ғана (2008 жылдан бастап 2010 жыл бойы) осы санаттағы қызметкерлердің саны 12 %-ға, ал оларды ұстауға арналған шығыстар 55 %-ға ұлғайды.
      6. Мемлекеттік аппарат құрылымын үнемі оңтайландыру және әкімшілік реформаны басқаруды жақсарту қажеттілігі.
      Тиімді мемлекеттік аппарат құрылымын құру тұрақты үдеріс болып табылады және қазіргі уақытта мынадай мәселелермен бетпе-бет келіп отыр:
      1) мемлекеттік басқару құрылымының стратегиялық міндеттерді орындаумен, өңірлердің және басым салалардың дамуымен тікелей байланысының болмауы;
      2) мемлекеттік органдардағы әкімшілік және басқару үдерістерінің тиімсіз ұйымдастырылуы, бұл қызметкерлердің шамадан тыс жұмысбастылығына, қағазбастылыққа, төрешілдікке, мемлекеттік қызмет сапасының төмендігіне, бизнеске әкімшілік кедергілердің және сыбайлас жемқорлықтың туындауына әкеледі, бұл өз кезегінде жұртшылықтың мемлекеттік құрылымдарға теріс көзқарасын қалыптастырады.
      3) мемлекеттік секторды реформалаудың әр түрлі аспектілерін іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар функцияларының бытыраңқылығы мен өкілеттіктерінің қайталануына байланысты реформалардың ағымдағы жай-күйін үйлестіру мен мониторингілеудің пәрменді жүйесі жоқ.
      Мысалы, мемлекеттік қызметті жаңғырту тұрғысынан көзделген еңбекақы төлеу жүйесінің реформасы әкімшілік реформа шеңберінде іске асырылатын нәтижелілікті бағалау институтымен ажырағысыз байланыста болады, ал «электрондық үкімет» әкімшілік реформаның шешуші құралы болып табылады. Бір реформаның қарқынының баяулығы, тиімділігінің төмендігі екіншісінің нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
      Реформалау үдерістерін үйлестіру жүйесінің реттелмегендігі жүйесіз құрылымдық өзгерістерге, қысқартуларға және көбінесе мемлекеттік аппарат санының жеткілікті түрде негізделмеген ұлғаюына алып келеді.
      Мемлекеттік басқару құрылымындағы кейбір жүйелік қайта өзгертулер үйлестіруді және ведомствоаралық келісуді жақсарту үшін арнайы құрылған құрылым - Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның рұқсатынсыз жүргізіледі.
      Пәрменді шаралар, айқын пайым және мемлекеттік сектор реформаларын басқару үдерістерін кешенді қамту қажет.

Мемлекеттiк басқару жүйесін жаңғыртудың мақсаты мен міндеттері

      Мемлекеттiк басқаруды реформалаудың негізгі мақсаты 2015 жылға қарай корпоративтік басқару, нәтижелiлiк, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттары негізінде мемлекеттiк басқарудың жаңа сапалы моделін құру арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандығын барынша іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
      Бұл ретте, 2020 – Стратегиялық жоспарында көзделген мемлекеттiк секторды реформалаудың негізгі бес бағыты шеңберiнде көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді дәйекті шешу көзделеді:
      1) нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу бойынша реформаларды тереңдету;
      2) мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту;
      3) лицензиялық – рұқсат беру жүйесін және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру;
      4) мемлекеттік активтерді басқару тиімділін арттыру және квазимемлекеттік секторды оңтайландыру;
      5) мемлекеттік қызметті кәсібилендіру;
      6) мемлекеттік аппараттың тиімді құрылымын қалыптастыру және әкiмшiлiк реформаларды басқаруды жақсарту.

Тұжырымдаманы iске асыру кезеңі

      Тиiмдiлігі жоғары мемлекеттiк аппарат индустриялық-инновациялық экономикаға өту және тұтастай Қазақстанның 2020 жылға дейiнгі дамуының шешуші бағыттарын табысты іске асыру үшін негiз болу тиіс екендігін ескере отырып мемлекеттiк сектордағы негiзгi жүйелiк қайта құрулар 2011-2015 жылдар iшiнде жүргізілуі тиіс.
      Мемлекеттiк басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі міндеттерді iске асыру мерзiмдерi мынадай:
      2012 жылдың соңына дейiн - тиiстi нормативтiк құқықтық актілердi дайындау;
      2015 жылға қарай – осы Тұжырымдамада көзделген мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу.

Күтілетін нәтижелер

      Тұжырымдамада көзделген шараларды іске асыру нәтижесінде
2015 жылға қарай мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделі жасалатын болады.
      1. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесіне өту қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде:
      жоспарлау сапасы және әзірленетін саясатты іске асыру жақсарады;
      нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді одан әрі енгізу қамтамасыз етіледі.
      2. Қол жетімді және сапалы қызметтер көрсету қамтамасыз етілетін болады, атап айтқанда:
      мемлекеттік сектор мемлекеттік қызметерді алушылардың қажеттілігін қанағатандыруға бағдарланатын болады;
      мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдері, кедергілер және уақыты қысқартылатын болады.
      3. Бизнес-климат жақсарады, рұқсат беру құжаттарының санын, мемлекеттік органдардың тексеру және бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту есебінен кәсіпкерлікке әкімшілік қысым азаятын болады.
      4. Квазимемлекеттік секторды оңтайландыру және оның қызметінің ашықтығы мен тиімділігін, олар көрсететін қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
      5. Кәсіби мемлекеттік қызмет қалыптастырылатын болады:
      мемлекеттік қызметте адами ресурстарды басқару сапасы жақсартылады;
      мемлекеттік қызметшілер түпкі нәтижеге бағдарланатын болады;
      мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі артады;
      мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің қызметі реттеледі.
      6. Мемлекеттік секторды реформалаудың бірыңғай саясатын қалыптастыру мәселелерінде, реформаның қазіргі жай-күйін мониторингілеу және бағалау мәселелерінде үйлестірудің пәрменді жүйесі енгізілетін болады. Бұл ретте, шеңберінде мемлекеттік басқару саласындағы реформалардың ағымдағы жай-күйі мен нәтижелері туралы ел басшылығына да, сондай-ақ қатардағы азаматтарға да тұрақты есеп берілетін мониторингілеудің толыққанды жаңа жүйесі жұмыс істейтін болады.

Мемлекеттiк басқару жүйесін мен жаңғыртудың тиімді стратегиясын
әзірлеудің халықаралық тәжiрибесін шолу

      Іс жүзінде барлық мемлекеттердiң үкiметтерi құрылымы мен орындайтын функциялары бойынша оңтайлы, аса үлкен емес, сапалы шешiм қабылдауға қабiлеттi мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесін құруға ерекше назар аударады.
      Әлемдік тәжiрибенi талдау әлеуметтік байланыс жүйесінде және осы замандағы қоғамның технологиялық ұйымдастырылуы мемлекеттiк сектордың реформаларын жүргізудің негізгі себетері болып табылатының растап отыр.
      Технологиялық және әлеуметтік өілгерілу бәрінен бұрын мемлекеттік басқару құралдарының өзгеруімен байланысты. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде қоғамның күнделікті тәжірибесінде ақпараттық инфрақұрылымның қалыптасуы негізінде бүкіл әлемде мемлекеттердің Үкіметтері азаматтық қоғаммен байланыстың жаңа моделін құруға талпынуда.
      Көптеген дамыған елдерде мемлекеттік басқару реформаларының түпкілікті мақсаты қазіргі әлемде мемлекеттің функцияларын іске асыру тетіктерінің барынша өзгеруі болып табылады.
      ХХ ғасырдың 80 және 90 жылдары көптеген елдерде мемлекеттік басқару жүйесін реформалауда кең ауқымды және кешенді бағдарламаларды табысты іске асыруда мемлекеттік басқарудың жаңа (New Public Management) теориясы негізгі тренд болды.
      «Белсенді мемлекет» тұжырымдамасы бұл модель бойынша мемлекеттік басқаруды реформалау философиясының негізі болды. Бұл тұжырымдама мемлекет және азаматтар (қамқоршылықтан әріптестік қатынастарға көшу) арасындағы қатынастарда жаңаша анықтайды, яғни мемлекеттің міндеті қоғамдық пікірсайыста анықталады, қоғам мен мемлекет арасында ынтымақтастық дамиды және жауапкершілік бөлінеді.
      Мемлекет қоғамдық мәселелерді шешу үрдісіне бастамашылық жасайды және делдал рөлін атқарады, азаматтардың жауапкершілік аясын белгілейді. Осылайша, бастамашылық жасау, белсенділік және ынталандыру мемлекеттің аса маңызды функциясына айналады.
      Мемлекеттік басқару жаңа теориясы бойынша мемлекеттік қызметті реформалаудың мәні, бұрын мемлекет жүзеге асырған бірқатар функцияларды нарықтық құрылымдарға беру; коммерциялық қызметті мемлекеттік басқару саласына қолдануды болжайтын мемлекеттік басқарудың кең ауқымды маркетингеу болып табылады.
      Осылайша, осы модель бойынша мемлекеттік басқару жүйесін өзгерту мыналарды көздейді:
      мемлекеттік аппараттың жұмыс қағидаттарына нарықтық санатты (пайда, шығын, бәсекелестік, шығындарды есептеу және т.б.) енгізу;
      бұрын мемлекет атқарған функцияларды орындауға ынталы қоғамдық ұйымдарды тарту.
      Бұл модельге сәйкес мемлекеттік басқаруды реформалаудың мақсаты тиімділікті, икемділікті
      ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметті тұтынушы азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылды.
      Жаңа мемлекеттік басқарудың негізгі идеясы мемлекетті азаматтарға қызмет көрсетуге бағдарланған ұйым ретінде көрсететін сервистік тәсілді енгізу болып табылады. Яғни стратегиялық функциялар мемлекеттік аппаратта қалады, ал бұрын мемлекет жүзеге асырған қызмет көрсетуге байланысты басқа функциялар коммерциялық құрылымдарға беріледі.
      Жаңа мемлекеттік басқару теориясының практикада қолданылуының кемшіліктері болғанын атап көрсету керек.
      Халықаралық тәжірибені талдау нәтижесінде жаңа мемлекеттік басқарудың 2 әлсіп тұсын бөліп көрсетуге болады:
      - мемлекеттік қызметтің нарықтық емес табиғаты мен оны нарықтық негізде қайта ұйымдастыру арасындағы қарама-қайшылығы;
      - заңдылықтың әлсіреуі және жалпы мемлекеттік қызмет беделінің түсуі, мемлекеттік сектордан білікті кадрлардың кетуі.
      Соңғы уақытта жүргізілген зерттеулер мемлекеттік секторға қоғамдық сенім дәрежесі және оның нарықтық реформалау қағидаттарына бағытталуы Аргентина, Бразилия, Чили, Мексика, Бангладеш, Корея, Филиппины, Непал, Пәкістан, Үндістан, Шри Ланка сияқты елдерде өте төмен деңгейде екеніндігін көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет пен бизнестің этикалық қағидаттарының бір-біріне жақындауы мемлекеттік қызметшілердің моральдық сапасы мен ынтасына жақсы әсер етпейді. Көптеген адамдарға тән бизнесте емес, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мақтанышы мемлекеттік мекемелердің этикасы коммерциялық қағидаттармен кіруіне байланысты жойылып кетеді, нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлер «халық қызметшісі» деген қоғамдық пайдаға бағдарланған емес, пайда табуға бағдарланған бизнесмендерді еске түсіреді.
      Расында,мемлекеттік қызметтің мемлекеттік қызметкерлердің этикасына кері әсері индустриялық Австралия, Канада, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ сияқты дамыған елдерде байқалды.
      Көптеген бұрынғы социалистік елдердегі сияқты мемлекеттік басқару қазақстандық моделі көбіне төмен тұрған ұйымдардың міндеттемелерді орындап, жоғары тұрған ұйымдарға басқару үшін ақпарат беруге бағытталған модельдің қағидаттары бойынша тарихи түрде қалыптасқан. Осы күнге дейін Қазақстанда тұтынушыға байланыссыз мемлекеттік органда жұмыс істеудің өзіндік құндылығы басым түрде қарастырылатын, бұл мемлекеттік органдардың «мемлекеттік функцияларды іске асыру» сияқты мақсаттарының тұжырымдамасынан анық көрінеді.
      Соңғы уақытта Қазақстан тұтынушыға бағдарланған (Америка Құрама Штаты, Ұлыбритания, Нидерланды, Канада, Үндістан, Австралия және т.б) жаңа мемлекеттік басқаруды енгізуге өтуде, ол бойынша мемлекеттік органдардың негізгі мақсаты – құқықтар мен мүдделерді қамтамасыз ету, сондай-ақ халыққа және нарық субъектілеріне жағдай жасау.
      Тиісінше, негізгі трендті ұстану біздің еліміздің ұлттық экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, сондай-ақ жаңа мемлекеттік басқару қағидаттарын енгізген елдердің проблемаларын ескере отырып қажет болады.
      Қазақстанда мемлекеттік сектор қызметінің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу бағытталуын сақтай отырып, мемлекеттік қызметті тікелей алушылар ретінде азаматтардың қажеттілігіне бағдарлануының негізі қағидатын енгізу ұсынылады.
      Азаматтар мен бизнестің барынша жоғары қанағаттандыру кезінде мемлекеттің бәсеке қабілеттілігін арттыру және мемлекеттік қызметтің патриоттық құрымдас бөлігін сақтау қажет.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін
дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

      Мемлекеттік басқардың жаңа моделі мынадай қағидаттарға негізделетін болады:
      соңғы нәтижеге бағдарлау және мемлекеттiк аппарат қызметiнiң тиiмдiлiгiн және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру (аз ресурстар шығындармен берілген нәтижелерге қол жеткізу);
      басқару жүйесінде (әкімшілік рәсімдер ұйымдастыру және басқарушылық шешімдер қабылдаған кезде) барынша ікемділікті пайдалану және жаңа, оның ішінде, түлкі комуникациялық технологияларды енгізу;
      қызметте жоғарылауды байланыстыру, мақсаттарға қол жеткізу және тиімділікті көтеру жөніндегі нәтижелер деңгейелі бірге ресурстар мен сыйақыларды бөлумен;
      мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарын ескере отырып қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін мемлекеттік аппарат қызметiнiң ашықтығы (айқындылғы).

Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу бойынша
реформаларды тереңдету

      Мемлекеттік басқару әдістерінің, тәсілдерінің және рәсімдерінің сапалы өзгеруіне нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және келешекте бюджеттеу жүйелерін енгізу және дамыту ықпал ететін болады.
      Алға қойылған мақсаттарды сәтті іске асырудың негізгі факторы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің, мониторингілеу мен іске асыруды бағалаудың барабар нормативтік құқықтық негізі болып табылады.
      Осыған байланысты, басталған өзгерістерді іске асыру және әдіснамалық тәсілдерді жетілдіру бойынша жұмыстар мынадай бағыттар бойынша жалғастырылатын болады.
      Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының мақсаттарына, міндеттері мен индикаторларына талдау жүргізетін болады және мемлекеттік органдарға бекітін беру нақты нысаналы индикаторлар мен міндеттер көрсеткіштерін анықтау және оларды жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.
      Жекелеген мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеуінің орындылығы қаралатын болады.
      Стратегиялық құжаттардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының құрылымы мен баяндалу тәсілдері жетілдіріледі. Стратегиялық жоспарлар сыртқы пайдаланушыларға түсінікті форматта әзірленеді, шынайы және қолдануға ыңғайлы болады.
      Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың нақты өзара байланысын орнату, нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді енгізу үшін макроэкономикалық көрсеткіштері, бюджеттік параметрлері, ағымдағы шығыстары мен даму шығыстарының басым бағыттары бар салалар мен сфералар бойынша экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын байланыстыру қамтамасыз етілетін, уәкілетті органдардың мемлекеттік жоспарлау және жоспарлау, бюджетті орындау бойынша өзара іс қимылы күшейтілетін болады.
      Осыған байланысты бюджетті қалыптастыру әдіснамасы өзгертіледі.
      Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сүйене отырып, мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларын айқындау мақсатында Бірыңғай бюджеттік сыныптама жетілдірілетін болады.
      Бюджеттік өтінімнің форматы оның мазмұны өтінім жасалатын шығыстардың стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігіне нақты түсінік беретіндей түрде қайта қарастырылатын болады.
      Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында оларды қаржыландырудың оңтайлы нұсқаларын, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалану есебінен жобаларға алдын ала кезеңде салыстырмалы талдау және бағалау жүргізу негізінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау тәсілдері жетілдірілетін болады.
      Бұл қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін мемлекеттің қаржылық та, сондай-ақ еңбек және уақыт ресурстарын да тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
      Бюджетаралық қатынастар жүйесін одан әрі жетілдіру көзделіп отыр. Бюджеттік есепке алу мен қаржылық есептілікті одан әрі реформалау мақсатында:
      - 2013 жылдан бастап барлық мемлекеттік мекемелерде МСФООС сәйкес бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесі енгізілетін болады;
      - бюджеттің атқарылуы есебінің кассалық әдісінен ақы төлеу уақытына қоланастан жасалу фактілері бойынша операциялардың нәтижелерін тану қағидатына негізделген есептеуді есепке алу әдісіне көшкен елдердің тәжірибесі зерделенетін болады;
      - нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы бюджеттік есепке алу жүйесінде есептеу әдісін енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады.
      Тиісінше нәтижеге бағдарланған бюджетті бағалаудың қажетті және жеткілікті тетіктері мен құралдарын жасау мақсатында бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілікті, мониторинг пен бақылау жүйесін жетілдіру қажет болады.
      Ішкі бақылау органдарының жұмысында тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің көмегімен бақылау іс-шараларын жоспарлау жүйесі енгізілетін болады.
      Жергілікті бюджеттердің атқылуын бақылау күшейтілетін болады.
      Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру шеңберінде қызметкерлерді нәтижелер бойынша басқарудың жаңа тәсілдері мен әдістеріне оқыту, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлаудың белгіленген рәсімдерін қолдану қабілеттерін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
      Нәтижеге бағдарланған басқару жүйесін енгізу шеңберінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың елдің жалпы стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі өзара іс-қимылын жетілдірудің маңызы кем емес.
      2011 жылдың соңына дейін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің әдіснамалық базасын пысықтау аяқталатын болады.
      2011 жылдан бастап 26 орталық және барлық жергілікті атқарушы органның қызметіне бағалау жүргізіледі. Мемлекеттік органдар қызметін бағалау нәтижелерін есепке ала отырып, мемлекеттік органдар өз қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тиісті шаралар қабылдайтын болады.
      Экономика салаларының дамуына әсер ететін факторларға терең талдау жүргізу үшін тұрақты негізде экономика салаларына талдау мен зерделеу жүргізуде ғылыми зерттеулердің негізінде экономика салаларының дамуына әсер ететін нақты факторларды (іс-шараларды), сондай-ақ олардың әсер ету деңгейлерін (үлестерін) айқындауда мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты ғылыми және зерттеу ұйымдарын тарту мен бағдарлауды және модельдеу негізінде осы факторларды реттеу жүйесін енгізуді қамтамасыз ету қажет.
      Тұжырымдамада көзделген әкімшілік реформаның өзара байланысты шаралар кешенін сәтті іске асыру нәтижеге бағдарланған басқару жүйесіне толық өтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Тұтастай алғанда, нәтижеге бағдарланған басқару тәсілдері және барлық мемлекеттік секторды қамтуы және бюджет саласының барлық ұйымдарында бірдей енгізілуі тиіс.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мыналарға бағытталған шаралар кешені қабылданатын болады:
      мемлекеттік қызметтің толық тізбесін қалыптастыру;
      мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және жетілдіру арқылы, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, әкімшілік үдерістер мен рәсімдерді жаңғырту;
      азаматтар мен бизнестің электронды үкімет қызметіне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жобалау және жетілдіру, үдерістерін реттеуге және жүйелеуге бағытталған іс-шаралар кешені ретінде жаңа «электронды үкіметтің» архитектурасын дамыту;
      мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларды электронды түрде алу мүмкіндіктерін кеңейту;
      Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстарын жаңғырту;
      көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалаудың тиімді жүйесін енгізу;
      қызметтер көрсетуге тартылған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін және клиенттік бағдарының деңгейін арттыру.
      Мемлекеттік қызметтердің толық тізбесін қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар функцияларын түгендеу және талдау жүзеге асырылатын болады.
      Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінде ескерілмеген негізінен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызметтерді анықтау үшін мемлекеттік қызметтерді түгендеу заңнамалық актілердің тұрақты мониторингі арқылы жүргізілетін болады.
      Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен мекемелердің осы процестің формалдылығына және қолданыстағы бизнес-процестердің реинжинирингсіз автоматтандырылуына жол бермей оларды көрсету стандарттары жөніндегі жұмысқа көшуін жалғастыру қажет.
      Мемлекеттік органдар мен мекемелердегі Бизнес-үдерісті жақсарту үшін олар ақпараттық технологияларды кеңінен пайдаланатын болады, бұл мемлекеттік органдар басшыларының шешімдер қабылдаудағы субъективизмін болдырмауға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындалығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, шешімдер қабылдау және мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілік көрсеткіштерінің мәнін түзету кезінде алынған ақпаратты пайдалану үшін мемлекеттік қызметті тұтынушылармен кері байланыс жүйесін құру жұмысы жалғасатын болады.
      «Электронды үкіметті» дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі іс-шаралармен үйлестіру және келісу электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің санын ұлағайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде оларды көрсету мерзімдерін қысқартуға, қажетті құжаттардың тізбесін жеңілдетуге ықпал етеді.
      Осымен бір мезгілде ақпараттық жүйелерді біріктіру және жетілдіру үдерістерінің жүйелілік үйлестірілуі қамтамасыз етілетді және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру деңгейі мен ақпараттық жүйелерді енгізу нәтижесіндегі қызметтер сапасын айқындауға мүмкіндік беретін енгізілетін ақпараттық жүйелерді бағалаудың пәрменді тетігі енгізілетін болады. Бұл тетік «электронды үкіметті» енгізу жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі іс-шаралармен үйлестіруге және келісуге мүмкіндік береді.
      Осы кезеңде негізгі міндет қажетті ақпаратты берумен байланысты азаматтар мен бизнеске әкімшілік жүктемені азайту, азаматтардың мемлекеттік билік органдарына өтініштерінің санын төмендету және «бір терезе» қағидатын негізге ала отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қималының жеделдігін арттыру есебінен күту уақытын қысқарту болып табылады.
      Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жетілдіру бойынша кешенді шараларды әзірлеу және іске асыру, біріншіден, тұтынушылардың пікірі мен мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылатын болады, бұл халықтың қанағаттанушылығын арттыруға және әлеуметтік ширығуды төмендетуге мүмкіндік береді.
      Осыған байланысты, негізгі күш мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық нысанын қолдану, құжаттардың саны мен мемлкеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімдерін, сондай-ақ мемлекеттік органдарға жеке барудың сапардың санын қысқарту есебінен халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы деңгейін арттыруға бағытталады.
      Тұтастай көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалаудың тиімді жүйесін құруды екі бағытта жүзеге асыру қажет. Біріншіден, қызметтер көрсетуге қатысатын әрбір қызметкердің жұмысын бағалаумен байланысты мемлекеттік орган көрсететін қызметтің сапасын бағалаудың пәрменді тетіктерін әзірлеу. Екіншіден, қызметтер көрсетуге жауапты әрбір мемлекеттік органда ішкі бақылау қызметін құру және дамытуды қамтамасыз ету.
      Қызметшілер жұмысының бағдарын тұтынушылардың мұқтажына қарай қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыруға және көрсетуге жауапты қызметкерлерді арнайы даярлау, қайта даярлау жүйесі енгізілетін болады.
      Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер сапасын тұрақты арттыруға уәждеуді және ынталандыруды қамтамасыз ету үшін қызметтер көрсетудегі үздік жетістіктері үшін арнайы жалпыұлттық «Сапа белгісі» сыйлығын тағайындау мүмкіндігі қарастырылады, ол конкурстық негізде берілетін болады.
      Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды нормативтік қамтамасыз ету үшін «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік органдардың регламенттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
      Тұтастай алғанда, аталған шараларды іске асыру:
      мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, оларды азаматтар мен ұйымдар үшін қолжетімді етуге;
      атқарушы билік органдарының қызметін тұтынушылар мүддесіне бағыттауға;
      атқарушы билік органдарындағы әкімшілік-басқару үдерістерінің сапасы мен тиімділігін арттыруға;
      қандай да бір қызмет көрсетуге арналған бюджет шығыстарын оңтайландыруға;
      қызмет көрсету сапасына халық пен бизнес-құрылымдардың қанағаттанын арттыруға;
      сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Лицензиялық-рұқсат беру жүйесін және мемлекеттік органдардың
бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру

      Алдағы кезеңде лицензиялық-рұқсат беру жүйесін жетілдіру жұмысы жалғастырылады.
      Рұқсат беру жүйесін реформалау бойынша алдғы жұмысты бірнеше кезеңдермен жүзеге асыру болжанып отыр.
      Бірінші кезең. Лицензиялар мен рұқсаттарды 30%-ға қысқарту. Жекелеген рұқсат түрлерін хабарламалық тәртіпке көшіру.
      Жоғары қатерлерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидатына сәйкес келмейтін, сондай-ақ қайталанытын рұқсаттар алынып тасталатын болады, жекелеген рұқсат беру функцияларын өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен қоғамдық (жеке) институттарға беру мәселесі пысықталады.
      Рұқсат беру құжаттарын беру жөніндегі бизнес-процестерді оңтайландыру үшін анықтамаларды тапсыру, келістіру жойылатын болады, оны мемлекеттік органдар мемлекеттік ақпараттық жүйелер (деректер базасы), оның ішінде «электрондық үкімет» арқылы дербес алады.
      Бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша «Кейбір заңнамалық актілерге әкімшілік кедергілерді төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленетін болады.
      Екінші кезең. Қауіпсіздік деңгейі бойынша санаттарға бөле отырып бірыңғай заңда рұқсаттардың түпкілікті тізбесін анықтау.
      Бірінші санатқа лицензия алғаннан кейін ғана жүзеге асыру мүмкін болатын қауіпсіздік дәрежесі жоғары қызмет түрлері кіреді. Мысалы, бұл атом энергетикасы, есірткі айналымы, қару саласындағы қызмет.
      Екіншісіне лицензиялауға қарағанда жеңілірек реттеуіштер арқылы реттелетін қауіпсіздік дәрежесі орташа қызмет түрлері кіреді: рұқсаттар, аккредиттеу, аттестаттау, сертификаттау және басқалары. Бұл санат үшін «үндемегі – келіскені» қағидаты қолданылатын болады.
      Қызметтің басталғаны туралы хабарландырудан кейін жүзеге асыруға болатын қауіпсіздік дәрежесі елеусіз қызмет түрлері үшінші санатқа кіреді.
      Тиісінше, рұқсаттар беру шарттары мен тәртібі сараландырылады, атап айтқанда, талаптар, құжаттар тізбесі, беру мерзімі, бас тарту негізі, бизнес-үдерісті автоматтандыру деңгейі;
      Үшінші кезең. Барлық рұқсаттар беруді электронды форматқа, ал барынша кең тараған түрін - ХҚКО арқылы көрсетуге толығынан көшу.
      2012-2014 жылдары «Е-лицензиялау» функционалы кеңейтіліп, басқа да рұқсаттарға қолданылатын болады. Сонымен қатар «Е-терезе» әзірленеді және енгізіледі, ол да «Е-лицензиялаумен» біріктірілетін болады.
      Кейінгі жылдары барлық рұқсат беру рәсімдері электронды форматқа ауыстырылады.
      Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында кәсіпкерлерді тексеруді оңтайландыру, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуды жүзеге асыру көзделуде. Осымен қатар, бизнес пен мемлекеттің кері байланыс жүйесі құрылатын болады.
      Осы жұмыстың нәтижелері «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына өзгерістерді әзірлеу кезінде ескеріледі.
      Заң жобасын дайындаумен қатар жекелеген салаларда мемлекеттік бақылауды мынадай тетіктермен ауыстыру мәселесін пысықтауды бастау ұсынылады:
      кәсіпкерлік субъектілерінің тұтынушылар мен мемлекет алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
      кәсіпкерлердің тұтыншылар мен мемлекет алдындағы мүмкін міндеттемелерін орындауға кепілдік беруі қамтамасыз етілетін дербес қаржы кепілдіктері;
      әрбірін мемлекеттік бақылаудан өзін-өзі реттейтін ұйымдарды бақылауға көшіру мүмкін болатын салалардағы бизнестің өзін-өзі реттеуі.
      Жүргізілген реформалардың қорытындысы нарыққа шығу үшін артық әкімшілік кедергілерді алып тастайтын және қызметті жүзеге асыру процесінде бақылаушы органдардың қысымын барынша азайтатын бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының оңтайлы моделін құру болуы тиіс.

Мемлекеттік активтерді басқару тиімділін жоға арттыру және
квазимемлекеттік секторды оңтайландыру

      Квазимемлекеттік секторды оңтайландыру шеңберінде қызмет түрлері бәсекелестік ортаға берілуі тиіс мемлекеттік кәсіпорындарды анықтау жұмысы жалғасатын болады.
      Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар өз активтерін оңтайландыру жұмысын жалғастыратын болады. Халықтық ІРО ұлттық компаниялардың, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің құрамына енетін компаниялардың, олардың еншілес және тәуелді ұйымдарының акциялары қазақстандық және халықаралық бағалы қағаздар нарығында орналастырылатын болады, бұл компанияларды басқарудың ашықтығын, компаниялардың инвестициялық бағдарламаларын іске асыруға қосымша қаражат тартуды және бджеттік инвестицияларға тәуелділікті азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Квазимемлекеттік сектор компанияларының портфелін қайта құрылымдаудың мақсаты компанияларды бейінді қызмет түрлеріне шоғырландыру, тиімділікті арттыру және капиталды пайдалану ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
      Компаниялар акцияларының пакеттерін халықтық ІРО-ға шығару мақсатында кейбір заңнамалық актілерге ұлттық компаниялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленетін болады.
      Экономиканың квазимемлекеттік секторында корпоративтік басқару қағидат енгізу жалғасатын болады. Мемлекеттің бақылауындағы акционерлік қоғамдарды корпоративтік басқаруға бағалау жүргізіледі.
      Осылайша, квазимемлекеттік секторды дамытудың мемлекеттік саясаты бәсекелестікті дамытуға бағытталады, бұл ұсынылатын қызметтер сапасын жақсартуға; инвестицияларды ішкі және сол сияқты сыртқы капитал нарықтарына тарту мүмкіндігін беруге; оларды басқару үшін кәсіби менеджерлерді тарту есебінен мемлекеттік ұйымдардың қаржы-шаруашылық жай-күйіне мүмкіндік береді.
      Мемлекеттік активтердің ашықтығын, тиімді басқарылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мүлікті басқаруды жоспарлау, мониторингтеу, тиімділігін бағалау және бақылау жүйесі жетілдірілетін болады. Осы жүйе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес мемлекеттік активтерді есепке алудың бірыңғай базасы және мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттің қатысатын, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметін жоспарлаудың бірыңғай тәсілдері негізінде құрылатын болады. Барлық жүйенің негізі – кез келген мемлекеттік мүліктің болуы мен жағдайы туралы ақпаратты қамтитын Мемлекеттік мүліктің тізілімі болып табылады.
      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен жоспарларын әзірлеу тәртібі нақтыланады және мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеудің бірыңғай тәртібі, сондай-ақ оларды әзірлеудің әдістемелік ұсынымдары қабылданатын болады.
      Жыл сайын есептіліктің бекітілген нысандары негізінде мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму стратегиялары мен жоспарларын орындау мониторингі жүргізілетін болады және даму жоспарларын орындау туралы есептер негізінде мемлекеттік мүлікті, соның ішінде коммуналдық мүлікті басқарудың тиімділігіне бағалау мен талдау жүргізілетін болады.
      Жыл сайын мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің қорытындысы бойынша мемлекеттік мүліктің мақсатсыз пайдаланылғанын анықтауды және даму жоспарларын және есептілікті әзірлеудің дұрыстығын қамтамасыз ететін мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігіне бақылау жүзеге асырылатын болады.
      Мемлекеттік мүлік тізілімі екі жыл ішінде қалыптастырылатын болады. Мемлекеттік активтердің жағдайы туралы толық көрініс алу үшін мемлекеттік сектордағы есепке алу пен есептіліктің барлық жүйелеріне реформалар жүргізу, қолданыстағы бухгалтерлік есепті қоғамдық секторға арналған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚСҚЕХС) өтуді қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік мүлік тізілімін екі жыл ішінде қалыптастыру және мемлекеттік сектордың бірыңғай қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына осы кезеңнің ішінде толық өтуіне қарай мемлекеттік активтер мен пассивтер балансы қалыптасуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру және мемлекеттік органдардың
жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің жұмысын реттеу

      Мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге бағдарлай мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі кәсібилендіру қажет.
      Басқаша сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мемлекеттік қызметтердің тұтынушысы ретінде халыққа бағдарлауын болжайды.
      Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастыру мемлекеттік қызметте адами капиталды басқарудың қолданыстағы тетіктерін жаңғырту және жаңаларын құруға бағытталатын болады.
      Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін және мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру кадрлардың сапала жаңа деңгейге үздіксіз кәсіби өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың пәрменді құралы болады және жұмыс нәтижелері негізінде барынша кәсіби және құзыретті қызметкерлерді ынталандыруға мүмкіндік береді.
      Мемлекеттік қызметшілер тәртібінің этикалық нормалары әрбір мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігін ескеруге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға әкелетін жағдайлардың туындауын алдын алуға мүмкіндік бере отырып, анық және нақтыланған болады.
      Мемлекеттік қызмет құрылымында үш корпус белгіленетін болады:
      1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысатын және мемлекеттік дамудың стратегиялық бағыттарын айқындайтын саяси мемлекеттік қызметшілердің корпусы;
      2) мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін және саяси шешімдерді қабылдау мен олардың тікелей орындалуы арасында байланыстыратын буын болып табылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің «А» басқару корпусы;
      3) мемлекеттік саясатты іске асыратын және орындау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің «А» басқару корпусы.
      Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының жаңа тізілімі мен корпустарын, кадрлық резервті қалыптастыру тетіктері мен ротация, оның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу тетіктерін қалыптастыру тиісті нормативтік құқықтық актілерде анықталатын болады.
      Мемлекеттік қызметке орналасудың қолданыстағы конкурстық тәртібі едәуі жаңғыртылатын болады.
      Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру үшін қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың бірыңғай сатылас жүйесі құрылатын болады, нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқарудың қазіргі заманға білім технологиялары мен қағидатына негізделетін оқыту бағдарламаларының мазмұнды бөлімі сапалы жаңғыртылатын болады.
      Жаңа моделде түпкілікті нәтижеге бағдарланатын және уәждеу және/немесе бліктілікті арттыруға негіз болатын мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау енгізіледі.
      Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде сондай-ақ аттестаттау тетіктері, уәждеу жүйесі және мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлқы жетілдіріледі, мансаптық жоспарлау жүйесі қалыптастырылатын болады.
      Мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай сатылас жүйе құру және жаңа кадрлық саясатты тиімді жүргізу үшін мемлекеттік органдардың кадрлық қызметтері мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органдарға әдіснамалық бағынатын болады.
      Тұтастай, жоғарыда аталған бағыттарды іске асыру Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының мемлекеттік қызметті кәсібилендіру бөлігінде аталған нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
      Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері және іске асырудың шешуші тетіктері Қазақстан Республикасы Президентінің жеке актісімен, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілермен бекітілетін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделі тұжырымдамасында айқындалатын болады.
      Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлердің мәртебесі реттеледі, жолдау тәртібі жүйелендіріледі, тізбесі қайта қаралады және нормативтері әзірленетін болады.

Мемлекеттік аппараттың тиімді құрылымын қалыптастыру және
әкiмшiлiк реформаларды басқаруды жақсарту

      Мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың нақты өкілеттіктері мен жауапкершілігін белгілеуге ерекше назар аудару қажет.
      Осы жұмыстың негізгі мақсаты экономиканың секторларын дамытудағы мемлекеттің рөлін анықтау және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың дәйектілігін қамтамасыз ету болып табылады.
      Өкілеттіліктерді бөлу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) функцияларды оңтайландыру, оның ішінде:
      а) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері арасындағы, орталық мемлекеттік органдардың арасындағы, орталық және жергілікті органдар арасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің қайталанатын функцияларын алып тастау;
      б) артық функцияларды, мемлекеттік органдар негізсіз орындайтын функцияларды, ағымдағы экономикалық жағдайларға сәйкес келмейтін функцияларды алып тастау;
      в) жеткіліксіз функцияларды, ағымдағы экономикалық жағдайға бағдарланған функцияларды қосу;
      г) функцияларды бөлуде ұтымды ету:
      - мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту және үйлестіруді жеңілдету үшін ұқсас функцияларды біріктіру;
      - функцияларды бөлу кезінде мүдделер қайшылағын болдырмау;
      д) стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мен орталық және мемлекеттік органдардың миссияларын іске асыру үшін қажетті мемлекеттік функцияларды оңтайлы жинауды әзірлеу;
      2) мемлекеттік органдардың оңтайлы құрылымы мен санын айқындау.
      Бұл мәселе шешудің негізгі құралы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен жоспарларды есепке ала отырып, тұрақты және нақты әдіснамалық негізде функционалдық шолулар жүргізу болып табылады, ол жүргізілетін жұмысқа жүйелілік береді.
      Шолу жүргізу кезінде шешімдер қабылдаудың әкімшілік және басқарушылық үдерістері мен рәсімдерін ұйымдастыру егжей-тегжейлі қайта қаралады, мемлекеттік органдардың басқару аппараттарының қызметін оңтайландыру және тиімсіз іс-әрекеттерді жою мақсатында олардың қызметін реттейтін формальды қағидалар жүйесі зерделенетін болады.
      Саланы дамыту саясатын тиімді іске асыру, мемлекеттік органға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін оңтайлы штаттық бірліктер санын негізді айқындау функционалдық шолулар кезінде жүргізіледі және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу кезеңінде ғана ескерілетін болады, ол мемлекеттік аппарат санының жүйесіз ұлғаюын және артық құжат айналымын болдырмауға мүмкіндік береді.
      Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды шешу үшін функционалдық талдау жүргізудің әдіснамасы жетілдірілетін болады.
      Өкілеттілікті бөлу орталық мемлекеттік органдарда ғана емес, жергілікті атқарушы органдарда да жүзеге асырылатын болады.
      Бұл ретте, Елдi аумақтық-кеңiстiктiк дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдарды нығайтуды және өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, олардың санын айқындау мәселелері қаралатын болады.
      Өкілеттіліктердің аражігін ажырату қорытындылары бойынша әрбір нақты мемлекеттік органда өкілеттіктің оңтайлы көлемі, аппараттың оңтайлы саны, басқарушылық және атқарушылық буындар айқындалады, тиісті әкімшілік шешімдерді қабылдаудың рәсімдері оңтайландырылады, орталық және жергілікті басқару деңгейлеріндегі атқарушы билік органдарының тиімді құрылымы жасалатын болады.
      Жұмысты ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, функционалдық және құрылымдық оңтайландыру, экономиканың қандай да бір саласын дамытуда маңыздылығын белгілеу бойынша баяндалған тәсілдер қызметі егжей-тегжейлі талданатын билік органына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қатысты қолданылуы тиіс.
      Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау үдерісін үйлестіру және жүргізілетін саясаттың келісілгендігі тиімді және нәтижелі мемлекеттік аппарат құруда шешуші рөл атқарады.
      Әкімшілік реформаны жүргізуді реформалаудың барлық қатысушыларын үйлестіруді, қол жеткізілген нәтижелер мен мемлекеттік қызметті тікелей алушы ретінде халықтың мүдделігіне үнемі мониторинг жүргізуді жүзеге асырмайынша тиімді басқару мүмкін емес.
      Үйлестірудің, ақпаратқа қол жетімділіктің және реформалау үдерісінің қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылдың қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін үйлестіру функциясын реформалау үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың өкілеттіктерінің аражігін нақты ажыратып, жеткілікті өкілеттігі бар мемлекеттік органға бекітіп беру қажет.
      Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жанында реформалаудың әрбір бағыты бойынша бірыңғай саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жұмыс тобы құрылатын болады, олар:
      - әрбір мемлекеттік органның міндеттері мен функцияларын нақты қалыптастырады, олардың қайталануы мен әкімшілік реформаланы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың уәкілеттілігін барынша тиімді бөлетін болады;
      - әкімшілік реформа барысын мониторингтеу және бағалау, өзі қойған мақсатқа қол жеткізу, сондай-ақ елдегі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға және халықтың қажеттілігіне байланысты әкімшілік реформаның курс бағытын түзету тетігін енгізеді.
      Әкімшілік реформаларды іске асыруды басқару сапасының жақсаруы көп жағдайда оны іске асыру барысы туралы объективті ақпараттың болуына ғана байланысты емес, сондай-ақ әкімшілік реформаның мақсаттары мен міндеттерін азаматтар мен бизнестің түсінуіне және қолдауына, олардың реформаның нәтижелеріне деген мүдделігіне байланысты болады.
      Ол үшін әкімшілік реформаны іске асыру, азаматтардың, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың реформаның негізгі мақсаттары мен нәтижелеріне жария талқылау жүргізу, әкімшілік реформаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері және барысы туралы қоғамды толық, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында хабардар ету жолымен іске асыру барысында мүдделігін арттыру мәселелері бойынша жұртшылықпен өзара іс-қимылы жасауын қамтамасыз етілуі тиіс.
      Тұтастай мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саясаты біртұтас, түсінікті, дәйекті, нақты қағидаттар мен өлшемдерге негізделеді және бұлжытпай сақталатын болады, ал мониторинг пен бағалаудың құрылатын жүйесі мемлекетке және азаматтарға мемлекеттік басқарудың жүргізіліп отырған реформаларының барысы мен нәтижелер туралы толық бейнесін сипаттайды.

3. Тұжырымдаманы іске асыру болжанатын нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

      Осы Тұжырымдаманың іске асыру мынадай заңнамалық актілерге:
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне;
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне;
      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына;
      «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына;
      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 13 ақпандағы Заңына;
      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады