Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 73 бұйрығын қараңыз.
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 675 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі
қызмет жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі (бұдан әрі - кемелер) қызметті ұйымдастыру негіздерін анықтайды.
2. Осы Жарғы типіне, мақсатына және меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуді жүзеге асыратын және белгіленген тәртіппен тіркелген барлық теңіз кемелеріне қолданылады. Осы Жарғы Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз Күштерінің және шекаралық қызметтің теңіз бөлімдерінің туын көтеріп жүзетін кемелерге қолданылмайды.
3. Осы Жарғының талаптары кеме экипажы мүшелеріне олар кемеде болған кезде де, жағада қызметтік міндеттерді орындау кезінде де, сондай-ақ уақытша болған және кемеде қызметтік міндеттері мен жұмысын орындап жүрген тұлғаларға да міндетті болады.
4. Экипаж еңбегін кеме капитаны қолданыстағы еңбек заңнамасына, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Жарғыға сәйкес ұйымдастырады.
5. Осы Жарғыға кірмеген экипаж мүшелерінің лауазымдық міндеттері кеме капитанымен келісім бойынша кеме иесінің лауазымдық нұсқаулығында анықталады.
6. Кемелерде қызметтерді ұйымдастырудың негізі экипаждың барлық мүшелерінің, сондай-ақ жолаушы ретінде кемеде уақытша болатын тұлғалардың міндеттерін анықтайтын кеме кестесі болып табылады.
2. Мемлекеттік ту
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кемеде Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзу құқығына куәлік алғаннан кейін көтеріледі. Туды алғашқы көтеру күні кеме мерекесі болып есептеледі.
8. Кемеде көтерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кеменің Қазақстан Республикасына тиесілі екенін көрсетеді.
9. Мемлекеттік ту кеме жүзген кезде және ол тұрақта тұрған кезде күн сайын таңғы сағат 8-ден бастап көтеріледі және күн батысымен түсіріледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы таңғы сағат 8-ден ерте көтеріледі және күн батқаннан кейін, оның көріну жағдайында, мынадай жағдайларда түсірілмейді:
1) кеме портқа кірген кезде және ол порттан шыққан кезде;
2) теңізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзетін әскери кемелермен және сауда кемелерімен кездескен кезде, олардан қашықтағанға дейін.
10. Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін әскери кемемен немесе Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастағы мемлекеттің әскери кемесімен кездескен кезде кеме оған Мемлекеттік туды бір мәрте түсірумен жауап береді. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынаста емес әскери кемемен кездескен кезде жауап беру осы мемлекеттің аумақтық және ішкі суларында ғана жүргізіледі.
11. Шетелдік мемлекеттің аумақтық және ішкі суларында жүзу және тұраққа тұру кезінде фок-мачтада (сигналдық мачта) осы мемлекеттік туы көрсетілген сулардан шыққанға дейін тұрақты көтеріледі және алып жүріледі.
12. Фок-мачтада (сигналдық мачтада) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кемеде ресми тұлғалар ретінде:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
3) Қазақстан Республикасының Президентін немесе Қазақстан Республикасының Үкіметін білдіретін басқа тұлғалар болған кезде көтеріледі.
Кеме бортында шетелдік мемлекеттің жоғарғы билік орнының ресми тұлғасы болған кезде Қазақстан Республикасы портында кеме тұраққа тұрған кезде фок-мачтада (сигналдық мачтада) осы мемлекеттің Мемлекеттік туы көтеріледі.
13. Кеменің тұрағы порты елінің ерекше салтанатты және мерекелік күндері немесе ұлттық мерекесі күндері (Қазақстан Республикасы консулының келісімі бойынша) кеме Халықаралық Сигналдар Жиынтығы туларымен түрлендіріледі.
14. Қаралы күндері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мачтаның жартысына дейін түсіріліп тұрады. Қазақстан Республикасының порттарында ту порт капитанының тапсырмасы бойынша, ал шетелдікте Қазақстан Республикасының консулдың және порт билік орындарымен келісім бойынша түсіріледі.
15. Кемеде осы Жарғының 12-тармағында көрсетілген тұлғалар болған кезде кеме капитаны жеке өзі оларды кеме трапында күтіп алады және рапорт береді. Рапортта кеменің атауы, рейс, кеме экипажы туралы қысқаша мәліметтер көрсетіледі және кеме капитанының тегі хабарланады.
Кемеде шетелдік мемлекеттің ресми тұлғалары болған кезде Қазақстан Республикасының елшілігі немесе консулдығының келуімен капитан оларды қарсы алады және өзін таныстырады.
3. Кеме экипажы
16. Барлық техникалық құралдар, жабдықтау және жарақтау бұйымдары, сондай-ақ кеме үй-жайы, олардың сенімді жұмысын, техникалық қызмет көрсетуін, жұмыс істеуге дайындығын және сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кеме экипажының белгілі бір мүшелеріне бекітіледі.
Кеме экипажының мүшелерін және олардың қызметтерін бекіту осы Жарғыда, кеме кестесінде, лауазымдық нұсқаулықтарда анықталады және оны капитан бекітеді.
17. Экипаждың әрбір мүшесі:
1) мемлекеттің беделін, Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін теңізшінің ар-намысы мен абыройын қолдайды;
2) мемлекеттік құпияны сақтайды;
3) мемлекет меншігін қатаң қорғайды;
4) Қазақстан Республикасы заңдарының, осы Жарғының талаптарын, кеме иесі мен кеме капитанының бұйрықтары мен өкімдерін, сондай-ақ теңіз флоты кемелеріндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды орындайды;
5) теңіздегі қеме қатынасына қатысты халықаралық нормативтік құжаттар талаптарын сақтайды;
6) қызметтік міндеттерді орындайды, тәртіпті болады, командирлер өкімдерін мүлтіксіз және тез орындайды;
7) теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өз мамандығын, кеме құрылысын және оны меңгерімін білу, үнемі өз білімін жетілдіреді;
8) өз міндеттеріне сәйкес кеменің өміршеңдік техникалық құралдарын, авариялық-құтқару және өртке қарсы мүлікті және құрал-сайманды пайдалана отырып, кеме өміршеңдігі үшін күрес бойынша өз міндеттерін атқарады, жеке және ұйымдық құтқару құралдарын пайдалана біледі;
9) қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі қағидаларын және санитарлық қағиданы білу және қатаң сақтау, жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді біледі;
10) таза және ұқыпты киінеді, арнайы киімді кию қағидаларын сақтайды.
18. Кеменің техникалық құралдарын пайдаланатын тұлғалар және тұрмыстық қызмет көрсету құралдарын пайдаланушылар олар кімнің қарамағында болғанына қарамастан олардың дұрыс пайдаланылуына толық жауап береді. Кең орта пайдаланатын кеменің техникалық құралынан хабардар экипаж мүшелері осы құралдың пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың болуын қадағалап отыруы керек.
19. Экипаж мүшесі кеменің техникалық құралдарының дұрыс жұмыс істемеуін немесе қанағаттанарлықсыз жағдайын анықтаған кезде капитанның вахталық көмекшісіне (вахталық механикке), сондай-ақ тікелей командирге осы туралы дереу баяндайды, егер кеменің техникалық құралдарының жұмыс істеуін жалғастыру кеменің қауіпсіздігіне, экипаж мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса, онда оларды жою үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды.
20. Өз командирінің рұқсатынсыз және капитанның вахталық көмекшісіне ескертпей (вахталық механик) экипаж мүшелеріне техникалық құралдардың уақытша бұзылуымен байланысты жөндеу, профилактикалық немесе реттеу жұмыстарын жүргізуге жіберілмейді.
21. Әрбір экипаж мүшесі кеменің қауіпсіздігіне қамқорлық жасауға тиіс және тұлғаларға, кемеге, жүкке және техникалық құралдарға төніп тұрған қауіпті анықтаған кезде, бір мезгілде оны жою үшін барлық мүмкін шараларды қабылдап, капитанның вахталық көмекшісіне (вахталық механикке) осы туралы дереу баяндайды.
22. Экипаждың барлық мүшелері капитан жариялаған авариялық және авралды жұмыстарды орындайды. Авариялық жұмыстарға капитанның қарауы бойынша кеме бортындағы барлық тұлғалар тартылуы мүмкін.
23. Кеме экипажының мүшелері оларға сеніп тапсырылған құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етеді.
24. Кемедегі жұмыс түрі бойынша азық-түлікті сақтауға, пайдалануға әзірлеуге, таратуға немесе сатып алуға қатысты тұлғалар (аспазшы, стюард, буфетші, кеме артельшісі және басқалар) уақтылы дәрігерлік караудан өтейді.
Экипажда штаттық кеме артельші жоқ болған кезде кеме комитетінде алдын ала талқыланған кандидатура экипаждың жалпы отырысында сайланады және кейін капитан бұйрығымен азықты сақтау және есептеу міндетін орындауға тағайындалады.
25. Егер арнайы даярланған кадрлардың болуы экипаждың штат санын қысқартуға мүмкіндік берсе, еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен бір тұлғасының екі немесе бірнеше мамандықты (лауазымдарды) оның жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы шегінде қоса атқаруына жол беріледі.
Екі немесе бірнеше мамандықтарды (лауазымдарды) жұмыс істейтін адамдарда біліктілік құжаттары болады және осы Жарғыда және мамандықтарды (лауазымдарды) қоса атқару тәртібі мен кемелерде еңбекті ұйымдастырудың тиісті нысанын белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттер мен талаптарды орындайды.
26. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде өзара қарым-қатынас ресми болады. Командалық құрамдағы тұлғаның лауазымы бойынша төмен экипаж мүшесімен сөйлескен кезде соңғысы орнынан тұрады.
Қызметтегі тапсырмалар бұйрық түрінде беріледі. Бұйрық нақты әрі қысқа болуы тиіс. Бұйрық алушы оны қайталайды және орындағаннан кейін, сол сияқты орындау мүмкін болмаған кезде бұйрық берушіге баяндайды.
Біріншісін орындауға кедергі келтіретін командалық құрамның басқа тұлғасынан бұйрық алған жағдайда орындаушы екінші бұйрық берген тұлғаға осы туралы баяндауға, және бұдан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етуге тиіс.
27. Экипаж мүшесін кеме есебінен шығару кезінде ол жұмыстарын еркін жасалған қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес өзінің меңгергенін және оның атына есептелген мүлікті жаңадан тағайындалған тұлғаға немесе қызметінің тікелей бастығы атаған тұлғаға тапсырады.
28. Экипаж мүшелерін жағаға шығару кеме капитаның нұсқауы бойынша жүргізіледі.
Кеме экипажының мүшелері кемеден өздерінің тікелей бастықтарының рұқсатымен және капитанның вахталық көмекшісін ескертіп қана кете алады. Кемеге оралғаннан кейін олар капитанның вахталық көмекшісіне осы туралы хабарлайды. Кеме кететін күні бүкіл экипаж капитан бекіткен уақытта кеме бортына келеді.
29. Экипаж мүшелері жағаға шыққан кезде кеме бортында кеменің қауіпсіздігін және қажетті жұмыстарды орындауды қамтамасыз ете алатын экипаждың бір бөлігі қалады. Ашық рейдтерде кеме тұраққа тұрған кезде экипаждың 30 % - ынан көп емес, ал ішкі порттық рейдтерде және айлақтарда - экипаждың 50 %- ына дейін шығаруға рұқсат беріледі.
30. Кеме экипажын кеме портта тұраққа тұрған кезде де, кеме белгілі бір уақытқа жүзу мерзімінде де ауыспалы экипажбен ауыстыруға жол беріледі. Ауыспалы экипаждың саны экипаж ауыстырылатын кеменің түріне қарай белгіленген тәртіппен кеме иесі бекіткен штат кестесінде белгіленеді.
Өз қызметінде ауыспалы экипаж осы Жарғыны басшылыққа алады.
4. Кеменің командалық құрамы
31. Командалық құрам қол астындағыларының әрекеттерін басқарады және жеке өзі кемені басқаруға және оны пайдалануға қатысады.
32. Командалық құрамның тұлғалары кеме экипажының басқаларына еңбекте және тұрмыста үлгі болады, талапшылдықты қол астындағыларды күнделікті қорғаумен епті байланыстыра біледі, олардың бастамашылдығын дамытады, олардың біліктілігін көтеруге ықпал етеді, қол астындағылардың тапсырылған іске, техникалық құралдар мен кеме мүлкінің сақталуына жауапкершілік сезімін, Отанға, теңіз флотына және өз кемесіне деген патриоттық және сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді.
33. Командалық құрамның тұлғалары:
1) өзінің қол астындағыларының жұмыстарын ұйымдастырады және басқарады, олардың арнайы және жалпы дайындығын көтереді, еңбек өнімінің өсуіне әрекет етеді;
2) қол астындағылардан еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауды, осы Жарғыны, теңіз көлігінде қолданылатын бұйрықтарды, насихаттарды, нұсқаулықтарды білуді және орындауды талап етеді және қол астындағылардың өз қызметтік міндеттерін дәл орындауын тексереді;
3) кеменің құрылғысын, өндірістік және техникалық деректерін біледі, кеменің өміршеңдігі үшін күрес жөніндегі іс-шараларды, өз меңгеріміндегі техникалық құралдарды және осы құралдарды пайдалану қағидаларын біледі;
4) өз меңгеріміндегі техникалық құралдарды белгіленген мерзімде куәландыруға ұсынады және олардың ақаулары мен зақымдарын уақтылы жоюға тиісті шаралар қабылдайды;
5) өз меңгеріміндегі техникалық құралдарды рейске шығуға дайындайды, дайын болу жағдайы туралы өз командиріне баяндайды, теңіз дауылы жағдайларында өзінің меңгерімінің жүзуге дайындығын қамтамасыз етеді;
6) өз қол астындағыларын міндеттер, алдағы рейстің жағдайы және ерекшеліктері туралы хабардар етеді;
7) өзінің меңгерімі бойынша техникалық қызмет көрсету жоспар-кестесін жасайды және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
8) аға механикке өзінің меңгерімі бойынша материалдық-техникалық жабдықтауға және ауытылымды-қосалқы бөлшектерге өтінім жасайды және ұсынады, жабдықтарды алуды, оны сақтауды, тиімді пайдалануды және есепке алуды ұйымдастырады;
9) аға механикке өзінің меңгерімі бойынша жөндеу тізімдемесін (жөндеу тізімдемесі үшін материалдар) жасайды және ұсынады, жөндеу барысын және сапасын бақылайды.
34. Кемеге тағайындау немесе экипаж мүшелерін лауазымы бойынша ауыстыру кезінде, қол астына жаңадан тағайындалғандар келетін командалық құрамның тұлғасы оларды кемемен, дабыл және басқа да кемелік кестелер бойынша міндеттерімен, бүкіл кеме бойынша авариялық-құтқару және өртке қарсы мүліктердің, жабдықтардың және құрал-сайманның мақсатымен және орналастыруымен, меңгерімнің қызмет көрсету қағидаларымен және басқа да қызметтік міндеттермен, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және ішкі тәртіп қағидалармен таныстырады.
35. Кемеге жаңадан тағайындалған командалық құрамның тұлғасы өз алдында болған адамнан өзінің меңгерімі бойынша жабдықты, техникалық құралдарды, құрал-сайманның, материалдар мен құжаттаманы еркін жасалған қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес қабылдайды.
36. Командалық құрамның тұлғалары кеме кестесіне сәйкес жүру және тұрақтау вахталарын атқарады.
5. Капитан
§ 1. Жалпы ережелер
37. Капитан кеме экипажының басқарушысы, кеменің сақталуына, ондағы тұлғалардың өміріне және тасымалданатын жүкке жауап беретін кеме иесінің сенім білдірген тұлғасы болып табылады.
38. Капитан кемені дара басшылық негізінде басқарады және тікелей кеме исіне бағынады.
Кеменің қызметіне қатысты барлық нұсқаулар капитанға тапсырылады, ол олардың орындалуына жауап береді.
39. Кеме бортында жоғары лауазымды тұлғалардың болуы капитаннан оған жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілігін алып тастамайды.
40. Капитан:
1) экипаж мүшелерінің және кемедегі барлық тұлғалардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғауды;
2) кемеде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық конвенциялар мен келісімдерді сақтауды;
3) кемеде сыныптау қоғамының және басқа да қадағалау органдарының нормативтік құжаттарының, осы Жарғының, нұсқаулықтардың, насихаттардың, бұйрықтар мен кеменің, тұлғалардың, жүктердің қауіпсіздігін, кеменің өндірістік қызметін және оны техникалық пайдалануды қамтамасыз ету бойынша басқа да нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауды;
4) рейстік тапсырмаларды және кеменің рентабельді жұмыс істеуін орындауды;
5) еңбек тәртібін сақтауды және кеме қызметін ұйымдастыруды;
6) экипаждың тәрбиелік жұмысының және моральды-этикалық жай-күйінің жоғары деңгейін;
7) кемеде мемлекеттік құпияны сақтау жөніндегі қажетті шараларды сақтауды;
8) экипажды кеменің өміршеңдігі үшін күреске, теңізде адамды құтқару бойынша іс-қимылдарға дайындықты ұйымдастыруды және бақылауды;
9) кеме кестелерін тексеруді және бекітуді;
10) еңбек заңнамасына және қолданыстағы теңіз көлігі кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты және демалыс уақыты туралы ережеге сәйкес экипаждың еңбек және демалыс режимін;
11) жолаушыларды, жүктерді, багажды және поштаны тасымалдау қағидаларын және жолаушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейін сақтауды;
12) экипаждың экономикалық және техникалық оқуын ұйымдастыруды және бақылауды. Командалық құрам мен кеме командасы тұлғаларының біліктілігін арттыру бойынша үнемі қамқорлық көрсетуді. Командалық құрам тұлғаларының қызмет бойынша өсуіне ықпал етуге, оларға өзінің білімі мен тәжірибесін беруді;
13) кемеге жолданған курсанттардың, студенттердің және оқушылардың тәжірибесін жалпы басқаруды;
14) нақты кемеге техникалық қадағалауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамы қағидаларының талаптарына сәйкес кемені және техникалық құралдарды уақтылы куәландыруға ұсынуды;
15) кеме, машина, радиотелеграф журналдарын және басқа да құжаттамалардың дұрыс жүргізілуін бақылауды;
16) кемені басып алуға жол бермеуді және ондағы тұлғаларды, құжаттарды, жүктерді және басқа да мүліктерді сақталуды;
17) қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі қағидаларын және кеме бортындағы санитарлық қағидаларды сақтауды қамтамасыз етеді.
41. Кеменің және жүктің қауіпсіздігін, сондай-ақ рейстің барынша тиімді болуын қамтамасыз ету мақсатында капитан өзі қажет деп санайтын жүру жолын таңдайды.
42. Рейстік тапсырма алғаннан кейін капитан командалық құраммен алдағы рейсті пысықтайды және оның негізгі міндеттері мен ерекшеліктерін экипаждың барлық мүшелеріне жеткізеді.
43. Кемеге және ондағы адамдарға қауіп төну жағдайында, не болмаса басқа кемеге немесе адамдарға көмек көрсету үшін капитан басты қозғалтқыштардың немесе кеменің басқа техникалық құралдарының жұмыс режимін белгіленген нормалардан өзгерте отырып белгілейді. Берілген бұйрық туралы кеме, машина және электромеханикалық (электроходтарда) журналдарында тиісті жазба жасалады.
44. Кемеге және ондағы адамдарға немесе жүкке қауіп төну жағдайында, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда капитан кеме кеңесін шақырады. Кеме кеңесіне аға көмекші, аға механик, кеме қызметтерінің басқа да басшылары кіреді. Капитанға кеңес отырысына қатысуға экипаждың басқа да мүшелерін тартуға жол беріледі. Кеме кеңесі капитанның құқығын шектемейді. Соңғы шешімді капитан қабылдайды.
45. Капитан өз құзыреті шегінде кеме бойынша бұйрықтар және өкімдер шығарады, олар кемедегі барлық адамдардың мүлтіксіз орындалуына жатады.
Кемедегі кімде-кім осы Жарғының талаптары мен капитанның өкімдерін орындамаған жағдайда капитан осы адамдарға қатысты кеме экипажының осы адамын қызметтік міндеттерден шеттетуге және оны кемеден шығарып тастауға дейін шаралар қабылдайды.
Капитан құқыққа қарсы әрекет белгілері бар, кемеге немесе ондағы адамдарға және мүлікке қауіп төндіретін адамды ерекше үй-жайда оқшаулайды. Бұл үй-жайда аталған адам кеме бірінші қазақстандық портқа келгенге дейін ұсталады.
46. Жүзіп келе жатқан кемеде, кеменің тіркелу порты орналасқан, аумақта Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында белгіленген қылмыстық белгілері бар әрекеттер жасалған жағдайда, капитан оны жасаған адамның жауапкершіліктен жалтармауы үшін тиісті шаралар қабылдайды, анықтау жүргізеді, бұл ретте Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасын басшылыққа алады.
Капитан қылмыс жасаған деп күдіктенген адамды ұстайды. Ұсталған адам кеме кіретін бірінші қазақстандық портта тиісті билік орындарына тапсырылады. Қажет болған жағдайда капитан осы адамды анықтау материалдарымен бірге Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кез келген кемемен жібереді.
Егер Қазақстан Республикасының портындағы кемеде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қылмыстық белгілері бар әрекет жасалған жағдайда, капитан аталған әрекетті жасаған адамды тиісті жергілікті билік орындарына тапсырады.
47. Нәтижесінде кеме иесіне талаптар қойылатын, кемеде авариялар, бұзылу, ақаулар немесе тасымалданудағы жүктің немесе багаждың жоғалуы, адамдарға зақым келтіру жағдайларында және басқа да жағдайларда, капитан осы жағдайларды Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімдеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
48. Капитан кемеде экипаж мүшелерін таңдауды және орналастыруды жүзеге асырады. Экипаж мүшелерінің атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келмеуі анықталған кезде капитанның талабы бойынша оларды ауыстыруға рұқсат беріледі.
49. Капитан жұмыстың нақты жағдайларына немесе еңбекті ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізуге байланысты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жекелеген экипаж мүшелері арасында міндеттерді қажетті қайта бөлуді жүргізеді.
Барлық экипаждың немесе оның көпшілік бөлігінің қатысуын талап ететін жұмыстарды орындау қажет болған жағдайда капитан қауырт және авариялық жұмыстарды хабарлайды.
50. Кемеде бала туылған немесе қайтыс болған әрбір жағдай туралы капитан екі куәгердің және кеме дәрігерінің (фельдшердің) қатысуымен акт жасайды, сондай-ақ кеме журналында жазба жасайды. Капитан кемедегі адам жазған өсиетті куәландырады, оны сақтауға қабылдайды және Қазақстан Республикасының теңіз порты әкімшілігінің басшысына немесе шетел портындағы Қазақстан Республикасының консулына тапсырғанға дейін сақтайды.
51. Қайтыс болу туралы актіге қайтыс болған адамның кемедегі мүлкі туралы тізімдемесі қоса беріледі, оның сақталуына капитан қажетті шаралар қабылдайды. Қайтыс болған адамның мәйіті кемеде оқшауланады. Қазақстан Республикасының портына немесе Қазақстан Республикасының консулы бар шетел портына келген кезде капитан қайтыс болған адамның қазасы және оның мүлкі туралы кеме актісін және сондай-ақ оның тізілімдемесін Қазақстан Республикасының теңіз порты әкімшілігінің басшысына, ал шетел портында Қазақстаң Республикасының консулына тапсырады және Қазақстан Республикасының консулымен бірлесіп, жергілікті билік органдарын тарта отырып, қайтыс болу себептерін куәландыру мен қорытынды жасау жөнінде шаралар қабылдайды.
Егер қаза болу жағдайы теңізде болған болса, онда бұл рәсімдер кірген бірінші портта жүргізіледі. Жерлеу, қайтыс болған адамның денесін кремациялау немесе марқұмның мәйітін тіркелу орнына тапсыру мәселелерін Қазақстан Республикасының консулы халықаралық құқық нормаларына сәйкес кеме иесінің, марқұмның туғандарының келісімімен шешеді. Ерекше жағдайларда кеме ұзақ уақыт теңізде болса және марқұмның мәйітінің сақталуы мүмкін болмаған жағдайларда, капитан тиісті актіні жасау арқылы мәйітті теңіз дәстүрлеріне сәйкес теңізге жібереді.
§ 2. Капитанның кемені қабылдау және тапсыру кезіндегі
функциялары
52. Капитан ауысқан кезде кемені тапсыру және қабылдау кеме иесінің нұсқауы бойынша жүргізіледі. Кемені қабылдау мен тапсыруды капитан жеке өзі жүзеге асырады. Тапсырушы капитан болмаған жағдайда кемені қабылдау кеме иесі тағайындаған комиссияның қатысуымен жүргізіледі.
53. Кемені қабылдау және тапсыру кезінде капитан:
1) кемені белгіленген акт нысаны бойынша қабылдайды және тапсырады;
2) барлық кеме құжаттарын тізілім бойынша, ал ақшалай сомаларды, қаржылық құжаттарды және құнды қағаздарды - кассалық кітап бойынша қабылдайды немесе тапсырады;
3) артық немесе кем ақшалай сомалардың, қаржылық құжаттардың, құнды қағаздардың және кеме мүлкінің артығын немесе жетіспеушілігін тиісті актіде белгілейді.
Тапсырушы капитан және қабылдап алушы капитан кеменің командалық құрамынан олар сеніп тапсырылған меңгерімдердің және мүліктің жай-күйі туралы жазбаша рапортты талап етеді.
54. Кемені қабылдау кезінде капитан:
1) кеме экипажымен танысады;
2) кемені тапсырушы капитаннан кеменің конструктивтік ерекшеліктері және оның пайдалану, теңізде жүзу және маневрлік қасиеттері, кеменің алдағы рейске дайындығы туралы (жөндеу барысы туралы), орын алған авариялық жағдайлар және оның салдары туралы қажетті деректер алады;
3) кеменің рейстік тапсырмасымен және оны орындалу барысымен танысады;
4) кемені тапсырушы капитанмен бірлесіп және аға механиктің алып жүруімен аға көмекшінің қатысуымен кемені қарайды, қажетті түсіндірмелер мен мәліметтер алады;
5) кемені тапсыру және қабылдау аяқталғаннан кейін белгіленген нысаны бойынша қабылдау-тапсыру туралы акті жасайды және кеме иесіне жолдайды.
55. Тапсыру-қабылдау және тағайындалған капитанның кемені басқаруға кірісуі кеме журналында уақыты көрсетіле отырып тіркеледі, тапсырушы және қабылдаушы капитандардың қолы қойылады.
56. Ерекше жағдайларда кеме иесінің нұсқауымен тапсыру және қабылдау қысқа мерзімде жүргізілгенде жаңадан тағайындалған капитанның басқаруға кірісуі мынадай тәртіппен ресімделеді:
1) екі капитан кемені, ақшалай сомаларды, қаржылық құжаттарды және құнды қағаздарды кассалық кітап бойынша қабылдау-тапсыру туралы акті жасайды және қол қояды. Актіде - «Кеме қараусыз қабылданды» деп көрсетіледі;
2) кеме журналында тапсырушы капитанның кемені басқаруды тапсырғаны және жаңадан тағайындалған капитанның басқаруға кіріскені туралы жазба енгізіледі, оған екі капитан да қол қояды;
3) капитан басқаруға кіріскеннен кейін осы Жарғыда көзделген тәртіпке қатысты кемемен танысады, бұрын жасалған актіге аға көмекшінің және аға механиктің қолдары бар толықтыруды жасайды және кеме иесіне жолдайды.
§ 3. Капитанның кемені пайдалануға енгізген (пайдаланудан
шығарған) және жүзуге дайындаған кездегі функциялары
57. Кемені пайдалануға беру (пайдаланудан шығару) кеме иесінің бұйрығымен жарияланады.
58. Кемені пайдалануға енгізу немесе теңізге шығару алдында капитан кеменің жай-күйін белгіленген техникалық талаптарға және тиісті қағидаларға сәйкестігін және кеменің жүзуге дайындығын тексереді.
59. Капитан рейс басталғанға дейін алдын ала:
1) кеменің қауіпсіз жүзуге техникалық және навигациялық дайындығын қамтамасыз етеді;
2) кемені экипажбен және алдағы рейске қажетті жабдықтың барлық түрімен жинақталуын және осы рейске арналған жүкті тасымалдайтын кеменің барлық үй-жайларының, оның сақталып тасымалдануы үшін дайын болуын қамтамасыз етеді;
3) капитанның аға көмекшісіне және аға механикке кеменің кетуге дайын нақты уақытын белгілейді;
4) рейс үшін қажетті түзетілген навигациялық карталардың және жүзуге арналған нұсқаулықтың болуын тексереді;
5) штурман құраммен алдағы жүзу маршруты және рейстің навигациялық бөлігі бойынша навигациялық және гидрометеорологиялық жағдайларды пысықтауды жүзеге асырады;
6) меңгеруге жауапты адамдар арқылы кеменің отынмен, сумен, азық-түлік қорларымен және материалдық-техникалық жабдықтаумен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуін тексереді;
7) жүзу қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жүктердің кеме құжаттарында көрсетілген нормалардан артық тиелуіне жол бермей, кемеде жүктердің дұрыс орналастырылуын және қабылданған жолаушылар санын тексереді;
8) тіркеп сүйреу операцияларын жүзеге асыру кезінде жеке өзі немесе аға көмекші арқылы кеменің осы операцияларға дайындығын тексереді.
60. Жүктерді кемеге қабылдау алдында капитан алдын ала жүк жоспарын қарап шығады және белгіленген тиеу нұсқасы жүзу қауіпсіздігін, кеменің тиісті теңізде жүзу сапасын және сақталуын қамтамасыз ететініне сенімді болғаннан кейін оны бекітеді. Капитан, егер жүктерді тасымалдау қолданыстағы қағидаларға қайшы келсе немесе адамдардың, кеменің немесе жүктің қауіпсіздігіне қауіп төндірсе жекелеген жүктерді қабылдаудан бас тартады.
10) Жүк операциялары барысында капитан жүктерді трюмдерде және палубада дұрыс салуды және бекітуді, балласт пен бункердің орналасуын және басты және твиндті палубаларға жүктеменің рұқсат етілген нормалардан асып кетпеуін бақылауды қамтамасыз етеді. Капитан жүк операцияларын оларды жүргізу технологиясын бұзу анықталған немесе жүк жоспарынан ауытқуға жол берілген жағдайда тоқтатады.
62. Капитан аға көмекшіден және аға механиктен кету үшін белгіленген уақыттан 15 минут бұрын кеменің дайындығы туралы, бортта бүкіл экипаждың болуы туралы немесе кемеде бөгде адамдардың болмауы туралы рапорт қабылдайды.
63. Кемеде келе жатқан экипаж мүшелерінің немесе адамдардың біреуі кету үшін бекітілген уақытта келмеген жағдайда капитан бұл туралы келмеген адамдардың тегін, атын және әкесінің атын, сондай-ақ лауазымдары және кемеден кеткен уақыттарын көрсете отырып, кеме иесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының порттарында - порт капитанына, ал шетелде Қазақстан Республикасының консулына дереу хабарлайды. Бір мезгілде капитан осы адамдарды кемеге қайтаруға барлық мүмкін шараларды қабылдайды.
64. Капитан алдағы болатын рейстің ұзақтығын ескере отырып, кеме құжаттарының қолданылу мерзімдерін уақтылы тексереді.
§ 4. Капитанның жүзу кезеңіндегі функциялары
65. Капитан да көмекшілерінен кеменің орнын неғұрлым дәлдікті қамтамасыз ететін барлық қол жетімді тәсілдермен және құралдарымен анықтауды осы анықтамалардың сапалы және уақтылы болуын бақылауды жүзеге асыра отырып, талап етеді.
66. Бағытты және жылдамдықты, басқару тәсілін және негізгі қоғалтқыштың жұмыс режимін белгілеп немесе өзгерте отырып, капитан бұл туралы вахталық көмекшіні хабардар етеді. Капитанның рұқсатынсыз, кемеге, адамдарға және жүкке қауіп төну жағдайларында вахталық көмекшіден басқасына ол бекіткен курсты өзгертуге рұқсат етілмейді, ол өз әрекеттері туралы капитанға дереу хабарлайды.
67. Вахталық көмекшінің шақыруы бойынша капитан дереу көпіршеге шығады. Тар жерлерде, қарқынды кеме қатынасы аудандарында, мұз жағдайларында ұзақ жүзген (12 сағаттан артық) кезде капитан демалыс уақытында өз орнына аға көмекшіні қалдырады.
68. Капитан тұрақты түрде ауа райы болжамын алуды талап етіп, бұл үшін кемеде бар барлық құралдарды пайдаланып, дауыл жағдайында алдын ала барлық қажетті шараларды қабылдай отырып, гидрометеорологиялық жағдайдың барлық өзгерістерін бақылайды.
69. Капитан теңізде жүзушілердің навигациялық хабарламалар мен навигациялық ескертулерді және навигациялық жағдайлардың өзгерісі туралы басқа да ақпараттар алуын, жүзу үшін карталарды уақтылы түзетуді, лоциялар мен басқа да оқу құралдарын алуды бақылауды үнемі жүзеге асырады.
70. Портқа кірген және одан шыққан кезде капитан барлық қауіпсіздік шараларын қабылдай отырып, көпіршеде болады және кемені өзі басқарады.
71. Лоцмандық міндетті алып өту аудандарда жүзген кезде капитан лоцманды кемеге алады. Лоцмандық алып өту міндетті болмайтын аудандардан өту кезінде капитан, егер оны қажетті деп есептесе, лоцманды кемеге алады.
72. Капитан лоцманды кеме бортына қауіпсіз қабылдауды және оны кемеден қауіпсіз түсіруді қамтамасыз етеді. Лоцманды кеме бортына қабылдай отырып, капитан оған алып өту үшін үшін қажетті кеме туралы деректерді хабарлайды, кемені басқарудың ерекшеліктерімен таныстырады, руль басқарушыға команда беру тәртібі туралы келіседі. Лоцманға кемеде үй-жай бөлінеді және кеме есебінен тамақтану ұсынылады.
73. Кемеде лоцманның болуы кеме капитанының кемені басқару жауапкершілігін алып тастамайды. Лоцман ұсыныстарының дұрыстығына күдіктенуге жеткілікті негіздер болған кезде кеменің қауіпсіз жүзуі мақсатында осы лоцманның қызметтерінен кеме капитанының бас тартуына рұқсат етіледі. Кемені лоцмандық алып өту міндетті болған жағдайда кеме капитаны лоцманды ауыстыруды талап етеді.
Көпіршеден кетерде капитан лоцманға ол болмағанда кемені басқаруға жауапты адамды көрсетеді.
74. Мұз жағдайларында жүзу кезінде, әсіресе теңізде мұзды кездейсоқ кездестіру қаупі болғанда, капитан кеме корпусына, винттер мен рульге зақым келтірмеу үшін барынша абайлап әрекет етеді. Кемені мұзжарғышпен алып өту жағдайында кеме капитаны мұзжарғыш капитанының өкімдерін орындайды және мұз арқылы мұзжарғыштар алып өтетін кемелерге арналған қағидаларды басшылыққа алады.
75. Ашық теңізде кемеде өмірге қажетті қорлардың, оның ішінде азық- түліктің азайтылмайтын қоры таусылған жағдайда капитан ортақ бөліп беру мақсатында кемедегі адамдардың билік етуіндегі азық-түлік қорына реквизиция немесе тағам үшін пайдаланануға болатын кемедегі жүкке ревизиция жүргізеді. Реквизиция туралы акт жасалады. Теңізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемені кездестіргенде капитан одан көмек сұрай алады.
76. Капитан борт сыртына құлаған адамды құтқару үшін барлық шараларды қабылдайды, бұл ретте жақындағы құтқару үйлестіру орталығын ескертеді және іздестіру ауданынан іздестіру нәтижесіз екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана кетеді.
77. Капитан өзінің кемесіне, экипажына және жолаушыларға қауіпсіз түрде:
1) теңізде табылған, өлім қаупі төнген кез келген адамға көмек көрсетеді;
2) өлім аузындағыларға көмекке, егер оған оларға көмек керек деп хабарланған болса, егер мұндай әрекетке оның тарапынан орынды сенуге болатындай болса барынша мүмкін жылдамдықпен жүреді.
78. Апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсету кезінде капитан адамдарды құтқару үшін барлық шараларды қабылдайды. Капитан жүкті және басқа мүлікті құтқару шараларын апатқа ұшыраған кеме капитанының келісімімен ғана қабылдайды, ол құтқару туралы шартқа қол қоюы тиіс.
Апатқа ұшыраған кеменің капитаны табиғи немесе басқа да жағдайлар бойынша құтқару туралы шартқа қол қоя алмайтын болған жағдайда капитан алғашқы мүмкіндік кезінде шартқа қол қоюға оның келісімін алады, бұл туралы кеме журналында жазылады.
79. Теңізде экипажы тастап кеткен кемені кездестірген кезде бұл туралы капитан кеме иесіне дереу хабарлайды және бұдан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Капитан кеме журналында тастап кеткен кеменің табылған орнының координаттарын жазады, сондай-ақ ол туралы жақын портқа және басқа кемелерге хабарлайды.
Тастап кеткен кемені шетел портына тіркеп сүйреу туралы тапсырма алғаннан кейін капитан бұл туралы өзі бағыт алуға ниеттенген Қазақстан Республикасының консулына және тиісті порт биліктеріне хабарлайды.
80. Егер кемеге апат төніп тұрса және ол көмекке мұқтаж болса, капитан мүмкіндігінше Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін басқа кемеден көмек алу үшін барлық мүмкін болатын шараларды қабылдайды.
81. Басқа кемемен соқтығысқан жағдайда капитан соқтығысқан кеме капитанынан:
1) көмек керектігін сұрайды және қажет болған кезде оны көрсетеді, егер бұл өз кемесіне, экипажына және жолаушыларына елеулі қауіп төндірмейтін болса;
2) соқтығысқан кеме капитанынан кеме атауын, тіркелу пунктін, шыққан және межелі пункттерін, алынған зақымдар сипаттамасын сұрайды, сондай-ақ өзінің кемесі бойынша ұқсас мәліметтерді соқтығысқан кеме капитанына хабарлайды.
82. Егер капитанның пікірі бойынша кемеге апат болу қаупі анық төнген жағдайда, ол кемедегі адамдарды құтқару үшін барлық шараларды қабылдайды. Жолаушыларды құтқару жөніндегі барлық шаралар қабылдағаннан кейін капитан кеме экипажына кемені тастап шығуға бұйрық береді.
Адамдарды құтқару кезінде капитан ең бірінші кезекте балаларды, әйелдерді және қарттарды құтқаруды қамтамасыз етеді. Кеменің маневрлеуін көрсететін теңіз карталарын және басқа навигациялық құжаттарды, сондай-ақ кеме, машина, радиотелеграф журналдарын, кеме құжаттарын және құндылықтарын, сондай-ақ экипаждық дипломдар мен сертификаттарын құтқаруға барлық шараларды қабылдағаннан кейін капитан кемеден соңғы болып кетеді.
83. Кеме апат болған жағдайда, оның экипажы қайда жеткізілсе капитан құтқарылған адамдарға қатысты өзінің құқықтары мен міндеттерін толық сақтайды. Егер экипаж шетел портына жеткізілген болса, капитан оның тез арада Қазақстан Республикасына жеткізілуіне барлық мүмкін шараларды қабылдайды.
84. Егер кеменің экипажы мен жолаушыларын шетел кемесі құтқаратын болса, капитан Қазақстан Республикасының азаматтары шетел кемесі бортында болғанда осы кемеде белгіленген тәртібін сақтау үшін шаралар қабылдайды.
85. Капитан барлық авариялық және жазатайым оқиғалар туралы кеме иесіне баяндайды және адамдардың, кеменің және жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өзіне байланысты барлық шараларды қабылдайды.
Капитан белгіленген тәртіппен көрсетілген жағдайлар бойынша құжаттарды ресімдеуге шаралар қабылдайды.
Капитан кеменің маневрлеуін көрсететін теңіз карталары мен басқа да навигациялық құжаттардың рейс аяқталғанға және портқа кіргенге дейін, авариялық жағдайлар кезінде - оларды тексеру аяқталғанға дейін сақталуын және қол сұқпаушылығын қамтамасыз етеді.
86. Ауруға кемеде көрсетіле алмайтын жедел білікті медициналық көмек керек болған жағдайда капитан кеме иесіне ол жөнінде хабарлап, жақын портқа кіруі тиіс.
87. Капитан ауырған жағдайда кемені уақытша басқаруды аға көмекшіге тапсырады, ол жөнінде кеме иесіне дереу баяндайды, ал шетел портында Қазақстан Республикасының консулына хабарлайды. Кеме журналына басқару тапсырылған күні мен уақыты және кеменің тұрған жері жазылады.
§ 5. Капитанның порт тұрағында кеме тұрған кездегі функциялары
88. Кеме шет мемлекеттің аумақтық суларына немесе Қазақстан Респуликасының суларына, сондай-ақ кез келген портқа кіру кезінде капитан жергілікті порттық, кедендік, санитарлық және басқа да қағидаларды сақтайды.
Портқа жақындаған кезде капитан кемені және кемелік құжаттаманы порттық билік орындарына көрсету үшін дайындайды.
89. Кеме портқа келген кезде капитан кемедегі адамдардың ешқайсысы санитарлық, кедендік, шекаралық және порттық билік орындарының тиісті рұқсатын алғанға дейін жағамен қатынаста болмау үшін шаралар қабылдайды.
90. Капитан рейс аяқталғаннан кейін кеме иесіне рейстік хабарламаны ұсынады.
91. Кеме портта тұраққа тұрған кезде капитан порттық билік орындарының талабы бойынша портта немесе теңізде болып жатқан апаттық жағдайда өртті сөндіру үшін немесе көмек көрсету (кеме қауіпсіздігіне зиян келтірмей) үшін кемені, экипажды және кеме құралдарын ұсынады
92. Капитан жағаға шығарда, капитанның аға немесе вахта көмекшісіне кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті жұмыстарды жүргізу және шаралар қабылдау туралы ауызша немесе жазбаша тапсырма қалдырады, сондай-ақ жағада өзінің болатын жерін хабарлайды.
Капитан рейдте тұрған кемені, сондай-ақ бортында қауіпті жүгі бар кемені капитанның аға көмекшісіне қалдырады. Ерекше жағдайларда, кеме иесінің келісімі бойынша, капитан кемені ұзақ емес уақытқа капитанның екінші көмекшісінің жауапкершілігіне қалдырады.
93. Порттық, техникалық және қызметтік көмекші флоттардың капитандары кемелерді кеме иесі бекіткен тәртіпке сәйкес қалдырады.
§ 6. Капитанның кемені жасау және жөндеу кезіндегі функциялары
94. Кемені жасаушы зауыттан қабылдау кезінде капитан қысқа мерзім ішінде корпусты, тетіктерді, қондырғыларды, жүйелерді және техникалық құралдарды, сондай-ақ құжаттамалар мен мүліктерді ерекшеліктеріне сәйкес кеме мамандырының біліп тануын және қабылдауын ұйымдастырады.
95. Капитан аға механиктен кеме иесі бекіткен шектеу шеңберінде кемені жөндеуге қою үшін қажетті құжаттамаларды уақтылы жасауды талап етеді.
Жөндеу ведомстарын (жөндеу ведомстарына арналған материалдар) меңгерімдер бойынша аға механиктің басшылығымен кеме мамандары жасайды және аға механик пен капитан қол қояды.
96. Кемені жөндеуге қойған кезде және кеменің пайдаланудан шығуының басқа жағдайларында капитан кемені қорғауға және қауіпсіз тұрақта тұруға Шаралар қабылдайды.
97. Кемені докқа (слипке көтеру) қойған және оны доктан шығарған кезде (слиптен түсіру) капитан кемеде өзі болады және экипаж жұмысын басқарады. Докта тұрақта тұрған кезде капитан док әкімшілігіне жан-жақты жәрдем көрсетеді, сондай-ақ докта кемелердің тұрақта тұру ережелерін сақтайды.
98. Кемені докқа қойғаннан кейін капитан кеме жөндеу кәсіпорнының өкілдерімен және кеме мамандарымен бірлесіп, корпусты, түп-борттық арматураларын, қозғалу-рульдік кешенін сырттай қарауды жүргізеді және олардың жай-күйі туралы акт жасайды. Док әкімшілігі капитанға ұсынатын кемені суға түсіруге дайын болғандығы туралы актіге кеме комиссиясы түп-борттық арматураларын, бұрама-рульдік кешенін, эхолот пен лаганың вибраторларын және көрсеткіштерін және кеме корпусының су астындағы бөлігінің бүтіндігін тексергеннен кейін ғана қол қойылады. Тексеру нәтижелері кеме журналына жазылады.
99. Кемені жөндеу кезінде капитан жөндеу жұмыстары барысын үнемі қарауды және бақылауды ұйымдастырады.
6. Жалпы кеме қызметі
§1. Жалпы ережелер
100. Жалпы кеме қызметі кеме қауіпсіздігін (кеме жүргізуді қоса алғанда), жүк операцияларын, корпусқа қызмет көрсетуді, құтқару құралдарын, кемедегі адамдарға тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және оны капитанның аға көмекшісі басқарады.
101. Жалпы кеме қызметіне:
1) капитанның көмекшісі;
2) палуба команд асы:
боцман;
аға матрос;
1-класты матрос;
2-класты матрос;
матрос;
сүңгуірлер кіреді.
3) тұрмыстық командасына:
аспазшы;
буфетші (стюард);
камбуздық персонал адамдары;
басқа тұрмыстық қызмет көрсету адамдары кіреді.
§ 2. Капитанның аға көмекшісі
102. Капитанның аға көмекшісі капитанға бағынады, оның бірінші орынбасары және кемеде жалпы кеме қызметін ұйымдастыруға жауапты болып табылады. Қажет болған жағдайда капитанның орнын үнемі ауыстыруға және кемені өзі басқаруға үнемі дайын болады. Капитан жоқ кезде аға көмекші өз бетінше қайта арқандап байлауды және қажет болған жағдайда лоцман мен порттық сүйрегіштерді шақырта отырып, порт суларында кеменің жүрісін дербес жүргізе алады.
103. Аға кемекшіге әкімшілік жағынан бүкіл экипаж бағынышты және оның кеменің тәртіп ережелерін, қызметті және күн тәртібін ұйымдастыру бөлігіндегі өкімдері бүкіл экипаж мүшелеріне және кемедегі адамдарға міндетті болады.
104. Аға көмекші жалпы кеме қызметінің бастығы болып табылады, палуба командасын және тұрмыстық команданы, сондай-ақ барлық капитан көмекшілерінің жұмысын басқарады.
105. Аға көмекші жүкті, багажды және поштаны қабылдау мен тапсыруды басқарады, олардың дұрыс қабылдануын, орналастырылуын, сақталуын, жиналуын, бекітілуін, тасымалдануын, түсірілуін, тапсырылуын қамтамасыз етеді және құжаттарды ресімдеуге жауап береді.
106. Капитанның аға көмекшісі:
1) кеме кестесін жасайды және түзетеді;
2) экипаждың кеменің өміршеңдігі үшін күресу, құтқару құралдарын пайдалану және адамдарды, жүкті және кеме мүлкін құтқару бойынша дайындығын ұйымдастырады және өткізеді, авариялық партиялар мен топтар дайындығын бақылайды, кеменің өміршеңдігі үшін күрес бойынша экипаж дайындығын тікелей өзі басқарады;
3) құтқару құралдарының дереу пайлануға дайын болуын, олардың тиісті жабдықтармен жинақталуын қамтамасыз етеді;
4) бортта азық-түліктің азаймайтын қорының болуын және тиісті сақталуын қамтамасыз етеді;
5) балласты және ауыз су цистерналарындағы су көлемін, оның жұмсалуын бақылайды және есебін жүргізеді;
6) қызмет басшыларымен бірлесіп экипаж мүшелері мен кемеге уақытша келген адамдарды тұрғын үй-жайларға орналастырады;
7) мыналар:
корпустың, палубалардың, қондырмалардың, кеме бөлмелерінің және ауыз су танклері үй-жайларының, ұйымдық қорғау, медициналық көмек және провизионды қойма бөлмелерінің, дозиметрикалық құралдардың, жеке басты қорғау және қараңғылау құралдарының, рангоут пен такелаждың, жүктің, зәкір, арқандап байлау, сүйрету, өнідіріс құралдарын, кеменің құтқару құралдарының;
өртке қарсы, авариялық-құтқару жабдықтарының, мүлік пен құрал-сайманның, өлшеу, әуе және қабылдау құбырларының;
ауаны бұру және желдетпенің дәнекерленген арналарын, клинкеттік есіктердің және олардың тартпаларының (машина қазандық бөлімдерден басқа), басқыштардың, шторм-басқыштардың және кран қорғағыштың;
дұрыс техникалық пайдаланылуын және тиісті тәртіппен сақталуын қамтамасыз етеді;
8) аға механикпен бірлесіп, кеменің су өткізбейтін бөліктерінің және жабуларының жағдайларын тексереді;
9) кеме жұмыстарын жүргізілуін бақылауды жоспарлайды және жүзеге асырады, тамақты дайындау сапасын қарайды;
10) теңізшілерді қызметтер бойынша, практиканттарды кеме қызметтері бойынша (практика жетекшісімен бірлесіп) орналастырады;
11) авариялық-құтқару, өртке қарсы және арнайы мүлікті және құрал-сайманды, жалпы кеме қызметі бойынша жабдықтайды және шығыс материалдарын уақтылы алуды, сақтауды, шығыстарды және олардың есебін қамтамасыз етеді;
12) кеме конструкциясын, жүктің ерекшеліктері мен қасиеттерін рұқсат етілген шөгу мен талап етілетін диферентті ескере отырып, жүк жоспарын жасайды, кеменің орнықтылығын және беріктігін, түсіру порттарының жүйелілігін қамтамасыз етеді;
13) жүктерді тиісті орналастырды және орнықтыруды, қауіпті жүктерді тасымалдаудың теңіз ережелерін орындауды бақылайды;
14) кеменің жүк операцияларының дайындығы туралы уақтылы хабарлайды, жүк құжатын және есебін жүргізеді;
15) өз меңгерімінің техникалық жай-күйі туралы есебі бойынша құжаттама жүргізеді, жөндеу тізімдемесін дайындайды, сабақтар, оқулар, қарауларды, тексерулер жүргізу жоспарларын жүргізеді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді, бұйрықтардың кеме журналын жүргізеді.
107. Жүк операцияларының басталуы алдында және барысында капитанның аға көмекшісі:
1) жүктерді қабылдауға жүк құрылғыларын және үй-жайларды дайындауды қамтамасыз етеді. Аға механикпен, электро-механигімен (электрикпен) және өрт-техникалық бөліміне жауапты капитанның аға көмекшісімен бірлесіп олардың дайындығын тексереді;
2) үлкен габаритті және ауыр салмақты жүктерді тиеуді (түсіруді) және бекітуді, палуба жүктерін орналастыруды және бекітуді жеке өзі басқарады;
3) кеменің қауіпті жүктерді тасымалдауға дайындығын жеке өзі басқарады және оларды, сондай-ақ басқа да жүктерді, поштаны және багажды тасымалдау қағидаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
4) құю кемелерінде жүкті қабылдау құрылғысының техникалық жай- күйін, жүктердің сулануына, араласып кетуіне, төгіліп кетуіне және ағып кетуіне жол бермей жүк танкілерінің тазалығын бақылайды.
108. Рейске шығар алдында капитанның аға көмекшісі:
1) кемені дайындауды және палуба құрылғылары мен жүктерді тиісті бекітуді қамтамасыз етеді;
2) руль, зәкір, арқандап байлау, шлюпка құрылғыларының, сигналдық-айрықша оттардың, жарық, дыбыс және авариялық сигнализация құралдарының, кеме ішіндегі байланыстың, машина телеграфының және басты қозғалтқыштарды дистанциялық басқарудың дайын болуын тексереді. Палуба мен борттардың трюмдерінің, люктерінің, қылталарының, каптардың және басқа саңылауларының берік жабылғанына көз жеткізеді;
3) шығарға дейін 2 сағат бұрын капитанға қызметтердің рейске дайын болғандығы туралы және 15 минут бұрын кеменің шығуға дайын болғаны туралы баяндайды.
109. Рейсте капитанның аға көмекшісі:
1) палуба құралдарының және жүктердің тиісті бекітілгенін бақылайды;
2) корпусқа су өткізбеушілігін, кеменің сыртқы контурының герметикалығын ұйымдастырады және бақылау жүргізеді және оларды қамтамасыз етуге шаралар қолданады;
3) кеменің теңіз дауылдарында жүзуге және мұзданумен күресуге дайындығын басқарады;
4) кемені экипаж қалдырған кезде кеменің үй-жайларын тексеруді қамтамасыз етеді және кемеде адамдардың қалмағанына көз жеткізеді.
110. Аға көмекші сағат 04.00-ден 08.00-ге дейін және сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін вахталарды жүріп атқарады. Капитанның үшеуден көп көмекшісі бар кемелерде аға көмекші тәулігіне сағат 00.00-ден 08.00-ге дейін бір вахтаны жүріп атқарады және сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін төртінші көмекшінің вахтасын бақылайды. Қиын жағдайларда капитанның нүсқауы бойынша вахталарды жүріп атқарады.
111. Арқандап байлау операциялары кезінде капитанның аға көмекшісі көпіршеде немесе капитанның нұсқауы бойынша басқа жерде болады.
112. Өрт-техникалық бөлімі бойынша капитанның көмекшісі лауазымы көзделмеген кемелерде оның міндеттері капитанның аға көмекшісіне жүктеледі.
113. Кеме дәрігері (фельдшер) лауазымы көзделмеген кемелерде олардың міндеттері капитанның аға көмекшісіне жүктеледі.
§ 3. Капитанның екінші көмекшісі
114. Капитанның екінші көмекшісі қажетті жағдайларда аға көмекшіні ауыстырады.
115. Екінші көмекші:
1) жүк операцияларын, әсіресе тез тұтанғыш және жарылғыш жүктермен жүзеге асырған кезде, өрт қауіпсіздігі ережелерін, сондай-ақ улы және басқа да қауіпті заттарды тасымалдау ережелерін орындауды қамтамасыз етеді;
2) трюмдердің санитарлық жай-күйін және трюмдер мен жүк қоймалары рефрижераторларында температура режимінің сақталуын бақылайды;
3) льялдардың, құдықтардың, қылталардың, қабылдау торларының, желдетпе жүйесінің және жүк үй-жайларының басқа да құрылғыларының жай-күйін жүк қабылдау алдында кеме журналына жазба жасап, міндетті түрде жүйелі тексереді;
4) кеме құралдарының тиеу-түсіру жұмыстары механизацияларының және трюм ішіндегі механизацияның техникалық жарамды жай-күйін қамтамасыз етуді бақылайды;
5) трюмдердің, танкілердің және басқа да жүк үй-жайларының дұрыс ашылуы мен жабылуын бақылайды. Оларды жабу алдында ішінде адамдардың жоқ екендігіне көз жеткізеді, жүк үй-жайларына пломба салуға қатысады және пломбылардың сақталуын тексереді;
6) құю кемелерінде кемені балласттауды тікелей басқарады;
7) жүк үй-жайларындағы температура және газ режимдерін бақылайды;
8) трюмдердің өртке қарсы жабдықтарының жай-күйін бақылайды.
116. Екінші көмекші сағат 00.00-ден 04.00-ге дейін вахтаны жүріп және сағат 12.00-ден 16.00-ге дейін тұрақтау вахтасын атқарады (капитанның шешімімен жүк операциялары кезінде тұрақтау вахтасынан босатылуы мүмкін). Арқандап байлау операциялары кезінде капитанның нұсқауы бойынша кеменің артқы жағындағы немесе өзге жеріндегі жұмыстарды басқарады.
§ 4. Капитанның үшінші көмекшісі
117. Капитанның үшінші көмекшісі қажетті жағдайларда екінші көмекшіні ауыстырады.
118. Үшінші көмекші навигациялық карталардан және жүзуге арналған оқулықтардан, навигациялық және гидрометеорологиялық жабдықтар мен - аспаптардан, көретін және сигналдық мақсаттағы штурмандық кеме құралдарынан, дозиметрлік және химиялық аспаптардан, кеменің және шлюпка пиротехникасы жай-күйінен хабардар болады.
119. Үшінші көмекші:
1) навигациялық және кәсіпшілік карталарды, жүзуге арналған оқулықты және түзету құжаттамаларын уақтылы алады, сақтайды және олардың есебін жүргізеді, түзетуді жедел жүргізеді;
2) кемеге келіп түсетін навигациялық, гидрометеорологиялық және кәсіпшілік ақпараттарға есеп жүргізеді;
3) барлық рульдік радионавигациялық жабдығының және штурмандық рубкалардың өз меңгерімінің жабдықтары мен аспаптарының жарамды жағдайын, дұрыс пайдалануын және мезгілінде жөнделуін қамтамасыз етеді, техникалық құжаттама жүргізеді;
4) күн сайын хронометр түзетулерін анықтайды, кеме сағаттары көрсеткіштерін салыстырады;
5) кемедегі девиациондық жұмыстардың уақтылы жүргізілуін бақылайды;
6) пиротехникалық құралдарды тиісті түрде уақтылы алады, ауыстырады және сақтайды;
7) өз меңгерімінің жабдықтары мен аспаптарын пайдалану жөнінде теңізшілерге сабақтар мен жаттығулар өткізеді;
8) кеме штатында капитанның төртінші көмекшісі лауазымы болмаған кезде жағдайда оның міндеттерін орындайды.
120. Үшінші көмекші сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін және сағат 20.00-ден 24.00-ге дейін вахтаны жүріп атқарады. Арқандап байлау операциялары кезінде капитанның нұсқауы бойынша бактағы (жарты бакте) немесе өзге жердегі жұмыстарды басқарады.
§ 5. Капитанның төртінші көмекшісі
121. Капитанның төртінші көмекшісі қажетті жағдайларда үшінші көмекшіні ауыстырады. Төртінші көмекші капитанның аға көмекшісінің нұсқауы бойынша міндеттерді атқарады және кеме кеңсесін жүргізеді.
122. Төртінші көмекші:
1) кеме рөльдерін, кедендік декларацияларды, жолаушылар тізімін және басқа да жедел құжаттарды жасайды;
2) кеменің келгенін және кеткенін ресімдейді;
3) кеме, машина және басқа да журналдарды алады және тіркейді;
4) экипаждың тізімдік құрамының, жұмыс уақытының, қызметтік үй- жайлардың есебін жүргізеді және демалыс кестесін жасайды.
123. Төртінші көмекші аға көмекшінің басшылығымен сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін бір вахтаны жүріп атқарады, сондай-ақ кестесін және ұзақтығын капитан анықтайтын тұрақтау вахтасын атқарады, арқандап байлау операциялары кезінде ол капитанның нұсқауы бойынша іс-қимыл жасайды.
§ 6. Боцман
124. Боцман капитанның аға көмекшісіне бағынады және палуба командасының тікелей бастығы болып табылады.
125. Боцман:
1) антенна шаруашылығын қоса алғанда, басқыш конструкцияларын, кранцтық қорғанысын, клинкетті есіктерді және олардың жетектерін корпусқа, палубаға, жүк және кеме үй-жайларына, қондырмаларға, тұщы су танкілеріне, өлшеу, қабылдау және әуе құбырларына, рангоутқа, такелажға;
2) рульге, жүкке, зәкірге, арқандап байлау және тіркеп сүйреу құрылғыларына олардың техникалық құралдарымен бірге (механикасыз, гидравликасыз және электрсіз);
3) өз меңгеріміндегі құтқару құралдарына, өртке қарсы, авариялық-құтқару жабдықтарына, мүлік пен құрал-саймандарына және басқа да техникалық құралдарына, жабдықтар мен құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
126. Ауыстырылым-қосалқы бөлшектерден, материалды техникалық жабдықтардан, өз меңгерімінің қоймаларынан хабардар болады және кеме жұмыстарының тікелей басшысы болып табылады.
127. Боцман:
1) өз меңгерімінің техникалық құралдарын техникалық пайдалану және қызмет көрсету қағидаларын сақтайды, оларды басқара біледі;
2) кеме құрылғыларын және олардың бөлшектерін уақтылы тексеруді және сынауды қамтамасыз етеді, профилактика мен жөндеуді жүзеге асырады;
3) кеме жұмыстарының жоспарын құрады, қол астындағыларды орналастырады және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
4) құтқару құралдарының, жеке және ұжымдық пайдаланатын авариялық- құтқару және өртке қарсы құралдардың іс-қимылға дайындығын қамтамасыз етеді;
5) құтқару салдарының және шлюпкалардың үнемі дайын болуын, олардың жабдықталғанын, түсірмелі жабдықтың тиісті техникалық жай-күйін бақылайды;
6) жөндеу тізімдемелерін жасауға арналған материалдарды дайындайды, жөндеу жұмыстарының мерзімін және сапасын бақылайды;
7) авариялық-құтқару және өртке қарсы мүлікті, лак-бояу материалдары мен улы химикаттарды, құрал-сайманды, материалдық техникалық жабдықтауды алуды, сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етеді, белгіленген құжаттаманы жүргізеді;
8) трюмдер мен жүк кешенін жүк операцияларына дайындауды қамтамасыз етеді, ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді бекіту, тиеу және түсіру жұмыстарына жеке өзі қатысады;
9) тұрғын үй-жайлардың және асхана командасының тазалығы мен тәртібін бақылайды, кемені күнделікті тексеріп шығуды жүргізеді;
10) ағаштардың, күркелердің және биікте және борттың сыртындағы жұмыстарға арналған құралдардың дайын болуын, аса қауіпті жұмыстар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
11) кеменің кранцтық қорғанысын дайындайды және бекітеді;
12) су палуба магистралінің, дауыл портиктерінің, шпигаттардың, льялды трюм құдықтарының, су ағу саңылауларының жарамды жай-күйін бақылайды;
13) кеменің тұрмыстық қалдықтарының арнайы бөлінген жерлерде жинауын, жинақталуын, сақтауы мен тартуын бақылайды және қоқысты қабылдаушы жағалау станцияларына тапсыру қажеттілігі туралы аға көмекшіге алдын ала баяндайды;
14) өз меңгерімінің теңізге шығуға дайын болуын, ашық палубалардың тиісті дайындығын, жабдықтың қорғалуын, жүк және өзге де люктер мен қылталардың жабық болуын, палуба құрылғыларының, жүктердің және тағы басқалардың бекітілгенін тексереді;
15) кеменің палубалық тетіктері мен құрылғыларының, барлық рангоуты мен такелажының, жарық берушінің теңіз дауылына, мұзданумен күресуге дайындығын тексереді;
16) кеме тұрақта тұрған кезде арқандап байлау тростарынының, кранцтық қорғанысының бекітілуін, басқыштарды орнатуы мен құралдандыруды, баспалдақтар мен өтпелерді, ағызу және шпигат саңылауларында қалқандардың, егеуқұйрық қалқандарының бар болуын және тиісінше жарықтандыруды бақылайды;
17) кемелер тар жерлерден өткен кезде, портқа кірер және шығар кезде, зәкір тұрағынының орнына жақындағанда күрделі жүзу жағдайларында және арқандап байлау операциялары кезінде зәкірді қайтаруға дайындайды және бакта немесе аға (вахталық) көмекшінің нұсқауы бойынша басқа орында болады.
§ 7. Аға матрос
128. Аға матрос боцманға бағынады.
129. Аға матрос:
1) барлық палубалық техникалық құралдарды басқарады, зәкірлік құрылғылармен дербес жұмыс істейді, аса қауіпті кеме жұмыстарын орындайды;
2) ағаш шебері жұмыстарын және кеменің кранцтық қорғанысын орнату бойынша жұмыстар орындайды;
3) қажет болған жағдайда бакта немесе кеменің артқы жағында кемені арқандап байлауды басқарады;
4) барлық өрт сөндіру құралдарын пайдалана біледі;
5) ескекті, моторлы және желкенді қайықтарды басқарады және қайықтағы басшы міндеттерін орындайды;
6) жұмыстарды қауіпсіз орындауды қамтамасыз етеді;
7) ағаш шеберінің міндеттерін орындайды;
8) рульде және трапта кеме кестесі бойынша вахта жұмысын атқарады;
9) руль командаларын ағылшын тілінде біледі және түсінеді.
§ 8. l-кластағы матрос
130. 1-кластағы матрос боцманға бағынады.
131. 1-кластағы матрос:
1) магниттік компас пен гидрокомпас бойынша рульде тұрады және кемені автоматты басқарудан қолмен басқаруға және керісінше ауыстыруды біледі;
2) жүк үй-жайларының, балластты және тұщы су танкілердің, олардың өлшеу және әуе құбырларының орналасуы туралы біледі;
3) жүктерді салуды және есептеуді жүргізеді;
4) қауіпті жүктерді тиеу ерекшелігі туралы біледі;
5) мыналарды:
барлық ішкі байланыс және авариялық сигнализация құралдарын пайдалануды;
көзбен шолу және есту бойынша бақылау жүргізуді;
жүк, қайық, зәкір, арқандап байлау және палуба құрылғыларымен жұмыс істеуді;
жеке құтқару және кеме құралдарын пайдалануды;
кеменің кранцтық қорғанысын орналастыруды;
палубалық техникалық құралдарды басқаруды (жүкшығар, крандар және басқа да көтергіш құралдарды);
льялдар және құдықтарды өлшеуді жүргізуді;
сырлау, текелажды, желкенді және өзге кеме сыртындағы жұмыстарды қоса алғанда биіктікте және борт жұмыстарын жүргізуді біледі;
6) жүзгенде және тұрғанда вахта жұмысын атқарады, құю кемелерінде жүк және тазарту магистраль қондырғыларын және орналасуын біледі;
7) рульге ағылшын тіліндегі команданы біледі және түсінеді.
§ 9. 2-кластағы матрос
132. 2-кластағы матрос боцманға бағынады.
133. 2-кластағы матрос:
1) жүк үй-жайларының, балластты және тұщы су танкелерінің, олардың өлшеу және әуе құбырларының орналасуын біледі;
2) мыналарды:
барлық ішкі байланыс және авариялық сигнализация, жеке құтқару және кеме құралдарын пайдалануды;
көзбен шолу және есту бойынша бақылау жүргізуді;
палуба қондырғыларын, рангоут пен такелажды, палуба мен кеме үй-жайларын күтіп ұстауды жүзеге асыруды;
рульдегінің және алға қараушының міндеттерін орындауды;
жүк, қайық, зәкір, арқандап байлау және палуба құрылғылармен жұмыс істеуді;
кеменің кранцтық қорғанысын дайындауды;
текелажды, сырлау, желкенді және басқа да кеме жұмыстарын жүргізуді;
3) тұрақта және басқарумен жүзгенде вахта жұмысын атқарады;
4) құю кемелерінде жүк және тазарту магистраль құрылғысын және орналасуын біледі және басқарумен жетектермен жұмыс істеуді біледі.
§ 10. Матрос
134. Матрос боцманға бағынады. Ол өзінің меңгеріміндегі үй-жайларды жинауды жүргізеді және боцманның нұсқауы бойынша кеменің қосалқы жұмыстарына қатысады.
135. Бірнеше матросы бар кемелерде олардың әр қайсысының міндеттерін капитанның аға көмекшісі белгілейді.
§ 11. Сүңгуір
136. Сүңгуір капитанның аға көмекшісіне бағынады.
137. Сүңгуір:
1) сүңгуір жарақтары мен жабдықтарын жарамды техникалық жай-күйде күтіп ұстайды, оны тексеруді және сынауды уақтылы жүргізеді;
2) авариялық пластерлерді қою, кеменің тоттануға қарсы (анодтық) қорғанысын ауыстыру, бұранда рульдік кешендегі орамдарды жою, корпустың су астындағы бөлігін өсінділерден тазалау бойынша жұмыстарды орындайды;
3) корпустың су астындағы бөлігіне акті жасаумен білікті техникалық тексеру жүргізеді;
4) кеменің су астындағы арматурасына, қолданыстағы кеме корпусының су астындағы бөлігіндегі ақауларды жоюға байланысты жұмыстарды орындайды;
5) сүңгуір қобдишасын уақтылы ауыстырады, сүңгуір жарағын залалсыздандырады;
6) өз меңгерімінің есеп құжаттамасын жүргізеді.
138. Сүңгуір жұмыстары жоқ болған кезде аға матростың (1-класты) міндеттерін орындайды.
§ 12. Аспазшы
139. Аспазшы кеме экипажының мүшелеріне тамақ дайындауды қамтамасыз етеді, тікелей капитанның аға көмекшісіне бағынады.
140. Аспазшы:
1) мәзір жасайды және тамақ өнімдеріне тапсырыс жасауға қатысады;
2) тамақты сапалы дайындайды және оларды таратуды белгіленген тамақ қабылдау уақытында жүргізеді;
3) нанды жүзбелі дүкендерден немесе жағалаудан алу мүмкіндігі болмаған кезде пісіреді;
4) камбуздық ыдыстың сақталуын және үнемі таза болуын қамтамасыз етеді;
5) камбуздық жабдықтарды пайдалану қағидаларын сақтайды және оны тазалықта ұстайды;
6) камбуздық үй-жайлар мен тоңазытқыштарды, сондай-ақ өзінің арнайы киімін тазалықта ұстайды;
7) санитарлық қағиданы сақтайды.
§ 13. Буфетші (стюард)
141. Буфетші (стюард) асхана және буфет ыдыстарын, төсек орын және өзінің меңгерімі бойынша үй-жайлардың шаруашылық құрал-сайманын: кір жуатын орынды, асхана мен каюта-компанияларды сақтауды, толығымен күтіп ұстауды қамтамасыз етеді.
142. Буфетші (стюард):
1) кеме кестесіне сәйкес тағам қабылдау алдында экипаж үшін столдарды дайындайды;
2) асхана және буфет ыдыстарын тазалықта ұстайды;
3) аспазшыға тағам таратуға және салқын кесінділер жасауға көмектеседі;
4) өз меңгерімінің үй-жайларында күнделікті дымқыл тазалап жинауды жүргізеді және тиісті санитарлық жай-күйді сақтайды;
5) мәзір жасауға және тағам өнімдеріне тапсырыс жасауға қатысады;
6) экипаж үшін санитарлық қағидаларда анықталған мерзімде төсек орын жаймасын жуу мен оны ауыстыруды жүргізеді.
143. Буфетші (стюард) лазаретпен немесе осы мақсатқа арналған басқа санитарлық блокпен жабдықталған кемелерде күнде дымқыл тазалап жинауды жүргізеді.
7. Радиотехникалық қызметі
§ 1. Жалпы ережелер
144. 1974 жылғы Радиотехникалық қызмет Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенция (бұдан әрі - СОЛАС-74) талаптарына сәйкес ДТБАЖ аппаратурасынық үздіксіз жұмыс істеуін, кеменің теңізде қауіпсіз жүзуін, теңіз көлігі бойынша операторлық-диспетчерлік радиобайланысты қамтамасыз етеді. Радиотехникалық қызметке ДТБАЖ операторы ретінде кеменің барлық штурмандық құрамы кіреді.
Радиотехникалық қызметке ДТБАЖ операторы дипломы бар экипаждың басқа да мүшелері кіреді.
Радиотехникалық қызметті кеме капитаны басқарады.
§ 2. ДТБАЖ операторы
145. ДТБАЖ операторы кеме капитанына бағынады. Оған кемені барлық радиобайланыспен және радиобайланыс аппаратурасының, оның ішінде вахта атқару кезінде спутниктік, электррадионавигациялық, радиотехникалық құрылғылардың техникалық қызметін қамтамасыз ету жүктеледі.
146. Капитанның радиожабдық техникалық құралдарын пайдалану мәселелері жөніндегі-тапсырмалары ДТБАЖ әрбір операторы үшін міндетті болады. ДТБАЖ операторлары арасындағы радиотехникалық құралдарға қызмет көрсету (жөндеулер, өндірушінің регламентіне сәйкес профилактикалық шаралары, формулярларды жүргізу, тапсырыстар және қызмет көрсетудің басқа түрлері) бойынша міндеттерді бөлуді капитан белгілейді және кеме бойынша бұйрықпен жарияланады.
147. ДТБАЖ операторы:
1) радиобайланыс тәртібін регламенттейтін халықаралық, ұлттық және ведомстволық құжаттар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
2) ұйымдастырушылық және техникалық қағидаттары мен ДТБАЖ туралы білімі бар құралдары, құтқару-үйлестіру орталықтарының және СВ-, ПВ-, KB- жағалаулық және УКВ-радиостанцияларының орналасуын, жүзу ауданында цифрлы таңдау шақыру жүйесіндегі жүргізуші дыбыстық бақылауды біледі;
3) қызметтердің барлық құралдарының сенімді жұмысын қамтамасыз етеді және оларды тиісті техникалық жай-күйде күтіп ұстайды, оларды қадағалау органдарына уақтылы куәландыруға ұсынады;
4) кіріс және шығыс хат-хабарды бақылайды, кеме радиостанциясының журналын жүргізеді;
5) авариялық радиобайланыс, радиобуй және радиолокациялық транспондерлердің тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді;
6) метео- және навигациялық ақпараттарды қабылдауды қамтамасыз етеді;
7) ДТБАЖ жүйесінде цифрлы таңдау шақыруды халықаралық және ұлттық жиіліктерде бақылауды қамтамасыз етеді;
8) шақыру, жедел, қауіпсіздік және апаттар сигналдарының дыбыстық бақылауын қамтамасыз етеді;
9) апат сигналдары бойынша көпіршеге капитан келгенше радиоалмасуды жүзеге асырады және қамтамасыз етеді;
10) жеделдік санатына қарай дауыс құралдары бойынша кемеге келіп түскен хат-хабарлар мен ақпараттарды капитанға мерзімінде береді.
148. Кез келген шығыс хат-хабарлар әрдайым капитан атынан кетеді.
8. Кеменің механика қызметі
§ 1. Жалпы ережелер
149. Кеменің механика қызметі өзінің иелігіндегі техникалық құралдарды пайдалануды қамтамасыз етеді.
150. Қызметке:
1) кеме механиктері;
2) электр механиктері;
3) рефрижераторлық қондырғылар механиктері;
4) машина командасы:
мотористер (машинистер);
электриктер жатады.
§ 2. Аға механик
151. Аға механик капитанға бағынады және кеме механикасының бастығы болып табылады.
152. Аға механик энергетикалық қондырғыны, қосалқы тетіктерді, кеме жүйелерін, электр жабдықтарын, рефрижераторлық қондырғыларды, технологиялық жабдықтарды, палубалық тетіктер мен қондырғыларды, кеменің өміршеңдігі үшін күрестің техникалық құралдарын, теңіз (өз меңгеріміндегі) ластануын болдырмау құралдарын, автоматтау және трюм ішіндегі маханизация құралдарын, герметизация және машина үй-жайларының қараңғылануын, қызметтің үй-жайларын жүргізеді.
153. Техникалық құралдарды пайдалану бойынша аға механиктің нұсқаулары мен тапсырмалары экипаж мүшелерінің барлық мүшелеріне міндетті болады.
154. Аға механик энергетикалық қондырғылардың оларды пайдалану жөніндегі қағидаларына сәйкес жұмыс режимін белгілейді. Энергетикалық қондырғының белгіленген қысым шегін көпіршеден жүрісті жеделдету туралы бұйрық болмағанша көтеруге рұқсат етілмейді.
155. Аға механик қызметтің техникалық құралдарын пайдалану бөлігіндегі капитанның бұйрықтарын орындайды. Егер бұйрықтарды орындау техникалық құралдарды бұзылуына әкелетін болса, ол капитанды мүмкін болатын салдарлар туралы ескертеді және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді. Ондай тапсырмалар мен ескертулер туралы машина журналында тиісті жазба жүргізіледі.
156. Кемені қауіпсіз пайдалану режимінің бұзылуына әкелетін техникалық құралдардың істен шығаруы немесе жұмыс режимінің өзгерту капитанның рұқсаты бойынша жүргізіледі. Капитанның рұқсатын уақтылы алу мүмкіндігін болдырмайтын, шұғыл жағдайларда аға механик вахталық көмекшіні ол туралы ескертіп, өзінің қарауы бойынша әрекет етуге құқылы.
Егер қол астындағылардың бірінің іс-қимылы техникалық құралдардың істен шығуына қауіп төндірсе, ол туралы аға механик капитанға баяндап, оны міндеттер атқарудан босатады.
157. Аға механик:
1) қызмет мамандарының жұмысын басқарады;
2) қызметтің техникалық құралдарын дұрыс пайдалануды және оларды тиісті техникалық жай-күйде күтіп ұстауды қамтамасыз етеді;
3) кеменің өміршеңдігі үшін күрес барлық техникалық құралдарының үнемі дайындығын қамтамасыз етеді;
4) қолданылатын отынның, майлау материалдарының, сондай-ақ отын, майлар, қазандық және салқындатқыш су қоспаларының белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылайды;
5) отын, майлау материалдарының, судың, қызмет қажеттілігін қамтамасыз ету қорының болуын бақылайды;
6) профилактикалық және жөндеу жұмыстарын, техникалық құралдарға вахталық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жоспарлайды;
қадағалау органдарына техникалық құралдарды куәландыруға уақтылы ұсынуды бақылайды;
7) кеменің өміршеңдігі үшін күреске барлық экипаж мүшелерін ұйымдастыруды және дайындауды қамтамасыз етеді. Кеме дабылы уақыты кезінде қызмет үй-жайларында еміршеңдік үшін іс-қимылдарды тікелей жеке басқарады;
8) жөндеу ведомостарын уақтылы құруды, авариялық мүлікпен, құрал - сайманмен, материалдармен, ауыстырылым қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
9) кәсіпорындар мен кеме мамандары орындайтын техникалық құралдарының жөнделу сапасын бақылайды;
10) теңіз ортасы ластануының алдын алу бойынша конвенциялық талаптарды орындайды;
11) техникалық оқуды жүргізуді жоспарлайды;
12) қызметтің машина журналын, есеп құжаттамасын жүргізуді бақылайды;
13) сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін және 20.00-ден 24.00-ге дейін машина бөлімінде (МБ) немесе орталық басқару постында (ОБП) вахтаны, тұрақтағы вахтада, егер капитан бекіткен кеменің тұру ұзақтығы мен вахтаны атқару тұрақ кестесі өзгені көздемейтін болса, сол уақытта атқарады.
158. Істерді қабылдау кезінде аға механик:
1) қызметтің командалық құрамынан олардың меңгерімдерінің жай-күйі туралы жазбаша рапортты талап етеді;
2) қызмет меңгеріміндегі барлық техникалық құралдар мен үй-жайларды қабылдайды;
3) қызметтің құрамымен және жинақталуымен, техникалық құралдардың жай-күйімен, қосалқы бөлшектер мен басқа мүліктердің, отынның, майлардың, қазандық судың болуымен, жөндеу барысымен орын алған авариялық жағдайлармен және олардың салдарларымен танысады;
4) істі тапсырушымен бірлесіп және тиісті техникалық құралдар меңгеріміндегі адамдардың қатысуымен оларды қарап тексеру, қажет болған жағдайда ашуды және тексеруді талап ете отырып, кез келген механизм мен қондырғыны қозғалыс кезінде тексереді;
5) бұранда руль кешені (ВРК) және артқы жағындағы дейдвутты тығыздықтың техникалық жай-күйін тексеру үшін капитаннан сүңгуірлік қарап тексеруді талап етеді;
6) кеменің есеп және нормативтік техникалық құжаттамасының жинақтылығын тексереді;
7) қабылдау-тапсыруды тапсырушы мен қабылдаушы қол қойған машина журналында белгілейді.
Жаңадан тағайындалған аға механик машина журналына, қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған және кеме капитанына бір уақытта рапорт тапсырған сәттен бастап лауазымына кіріседі.
159. Пайдалану кезеңінде аға механик:
1) техникалық құралдарының жай-күйін және мамандармен жинақталуын қоса алғанда, қызметтің теңізге шығуын, қамтамасыз етеді. Шығуға 2 сағат бұрын капитанға қызметтің рейске дайындығын және 15 минут бұрын - жүзуге дайындығын баяндайды;
2) жүзу шарттарының барлық өзгерістерін қадағалайды және қызметі бойынша алдын алу шараларын қабылдайды;
3) жүзудің қиын жағдайларында (портқа кіру және шығу кезінде, тар жерлерге кіргенде, арнада, белсенді кеме қатынасы ауданында, жағаға немесе қауіпті жерлерге жақындағанда, мұз жағдайларында және арқандап байлау операцияларында және тағы да басқа) энергетикалық қондырғы басқару постында болады және машина вахтасын басқарады. Егер мұндай жүзу ұзақ уақытқа созылса, ол капитанның рұқсаты бойынша өзінің орнына екінші механикті қалдырып машина бөлімінен уақытша кетеді;
4) вахта механигінің шақыруы бойынша дереу орнына келеді және оны жағдай талап еткенше сол жерде болады;
5) авариялық жағдайларда машина бөлімінде басқару постында болады және қызмет іс-қимылдарын басқарады.
160. Кемені жасау және жөндеу кезінде аға механик:
1) жаңа кемені қабылдау кезінде жасау туралы шарт (келісімшарт) талаптарын, ерекшелікті, қабылдау комиссиясы мен сыныптау қоғамдарының және қадағалау органдарының материалдарын басшылыққа ала отырып, қызмет мамандарының меңгерімі бойынша техникалық құралдарды, құжаттамаларды, ауыстырылым қосалқы бөлшектерді, мүлікті, аспаптар мен құрал-сайманды қабылдауын қамтамасыз етеді;
2) кемені докқа қойғаннан кейін (слипке көтеру) және доктан шығару алдында (слипті түсіру) капитанмен және аға көмекшімен бірлесіп корпусты сыртынан, борт артындағы саңылауларға және арматураға, қозғалтқыштарды, дейдвутты тығыздағыштарға, рульдік қондырғыға, тоттанудан қорғау қондырғыларына тексеру жүргізеді;
3) өз қызметі бойынша кеменің өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайды; сапалы жұмысты және олардың жөндеу ведомстарына, жобаларға және сызбаларға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді; жөндеуді бақылау үшін қызмет мамандарын бөледі; кеме жөндеу кәсіпорнынан және мамандардан жұмысты қабылдауды қамтамасыз етеді;
4) жөндеуден кейін басты энергетикалық қондырғыны сынақ пайдалану кезінде жеке өзі қатысады, сондай-ақ қондырғыны айналдыру және кеменің барлық жүйелерін сынау кезеңінде қызмет мамандарын тиісті бақылауды қамтамасыз етеді;
5) кеменің өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
6) кеменің өртке қарсы қауіпсіздік жай-күйін және экипаждың өртке қарсы қағидаларды сақтауын бақылайды;
7) кемеде жөндеу жұмыстарын және ашық отпен жұмыс жүргізу кезінде өртке қарсы қорғаныс шараларын қамтамасыз етеді;
8) кемеде өрт қаупін тудыратын жабдықтарды, техникалық құралдар мен материалдарды пайдалануға жол бермейді;
9) тәулік бойы стационарлық және тасымалданатын өрт сөндіру құралдарын, түтіннен қорғайтын дербес пайдаланатын аспаптарын, олардың іс-қимылға дайындығын, өрт сигнализациясы мен өртке қарсы жабу жүйелерінің жарамдылығын тексереді;
10) экипажбен өрттің алдын алу және өртті сөндіру практикасы бойынша нұсқаулықтар, оқулар мен жаттығулар (оқу дабылы) өткізеді;
11) авариялық топтамалары (топтарды) тікелей өзі басқарады;
12) өрт қауіпті жүктерді қабылдау алдында кеменің жүк операцияларына дайындығын тексереді;
13) өртке қарсы мүлік пен құрал-сайман жай-күйін тексереді, оны жөндеу және белгіленген нормаға дейін толықтыру шараларын уақтылы қабылдайды.
§ 3. Екінші механик
161. Екінші механик қажетті жағдайларда аға механикті ауыстырады.
162. Екінші механик басты қозғалтқыштардың олардың қызмет көрсететін техникалық құралдарының, әуе компрессорларының, қысылған ауа жүйесі мен әуе салқындатқыш жүйелерінің, басты білік сымдары мен жұмсақ және жан-жақты муфталы электрлі емес редукторлардың, жылжытқыштардың, рульдік қондырғының механикалық және гидравликалық бөлімінің, руль астындағы қондырғының, құтқару шлюпкаларының қозғалтқыштарының, машина бөлімінде орналасқан өрт сөндіру жүйелерінің, авариялық жабдықтың, клинкетті есіктердің, олардың жетектерінің гидравликалық және механикалық бөлімінің сенімді жұмыс істеуін, дұрыс техникалық пайдалануын және тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етеді.
Оның меңгерімінде шлангілер мен жағу майларын қабылдауға арналған сүзгіштер, мұнай өнімдерін талдау зертханасы болады.
163. Екінші механик:
1) қол астындағыларды басқарады, оларды вахталар мен жұмыстары бойынша бөледі, жұмыс уақытының есебін жүргізеді, қауіпсіз жұмыстың ұйымдастырылуын және техникалық оқу өткізуді қамтамасыз етеді;
2) жағатын майларды қабылдауды (беруді) жүргізеді; су дайындығын және басты және барлық қозғалтқыштардың біріккен салқындату жүйесі кезінде сапасын бақылауды жүргізеді;
3) жөндеу тізімдемесін жасайды, жөндеу жұмыстарының мерзімі мен сапасын бақылайды. Машина бөлімінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ауыр салмақтыларды көтеруді жеке өзі басқарады, басты қозғалтқыштардың цилиндірін, редукторлар корпустарын жабу, реттелетін бұранда қадамын өзгерту механизмін жинау, ескек біліктерін және дейдвуд пен басқа да басты тетіктерді орнату кезінде, сондай-ақ жөндеуден кейін оларды айналдыру және сынаққа қосу кезінде өзі қатысады;
4) белгіленген техникалық және есеп құжаттамаларын жүргізеді.
164. Жабдықтарды жөндеу бойынша маханигі және рефрижератор механигі жоқ кемелерде екінші механик оның міндеттерін атқарады.
Тұрақты вахта кемелеріндегі МБ-де немесе ПБО-да екінші механик сағат 00.00-ден 04.00-ге дейін вахтаны жүріп атқарады және сағат 12.00-ден 16.00-ге дейін тұрақтау вахтасын атқарады. Автоматтандырылған кемелерде (тұрақты вахтасы жоқ) ол кестеге сәйкес вахтаны жүріп және тұрақтау вахтасын атқарады.
§ 4. Үшінші механик
165. Үшінші механик қажет болған жағдайларда екінші механикті ауыстырады.
166. Үшінші механик көмекші қондырғылардың, отын жүйесі мен сепараторлардың сенімді жұмысын, дұрыс техникалық пайдалану және тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етеді.
167. Үшінші механик:
1) қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ете отырып, қол астындағылардың жұмысын басқарады;
2) жөндеу тізімдемесін жасайды, өз меңгеріміндегі жөндеу жұмыстарының мерзімі мен сапасын бақылайды;
3) материалдық техникалық жабдыққа тапсырыс жасайды, ауыстыру қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар мен тетіктер есебін жүргізеді; отынды қабылдауды (беруді) жүргізеді;
4) белгіленген құжаттаманы жүргізеді.
168. Үшінші механик электрмеханигі және төртінші механик лауазымдары жоқ кемелерде олардың міндеттерін атқарады.
169. Тұрақ вахтасын өткізетін кемелерде МБ-де немесе ПБО-да екінші механик сағат 00.00-ден 04.00-ге дейін вахтаны жүріп атқарады және сағат 12,00-ден 16.00-ге дейін тұрақтау вахтасын атқарады. Автоматтандырылған кемелерде (тұрақ вахтасы жоқ) ол кестеге сәйкес вахтаны жүру және тұрақтау вахтасын атқарады.
§ 5. Төртінші механик
170. Төртінші механик қажет болған жағдайларда үшінші механикті ауыстырады.
171. Төртінші механик техникалық құралдары бар көмекші қазандық қондырғылардың, тұщыландырушы қондырғылардың, мұнайы бар суларды тазалау бойынша техникалық құралдардың, аталған электрлі (электронды емес) әрекетті емес жабдықтардың автоматизация құралдарының, палубалық бөлім механизмдерінің, механикалық машина телеграфының, өрт сөндіру, балласты кептіру, суландыру мен жуу, эжекторлармен, сорғыш және арматуралармен арнайы өңдеу жүйелерінің, камбуздың механикалық жабдығының, кір жуу және медицина пунктінің, құтқару щлюпкаларының қозғалтқыштарының, қатты қалдықтарды жою және тұрып қалған суларды залалсыздандыру қондырғыларының, аталған электрлі емес (электронды емес) әрекетті жабдықтардың автоматтау құралдарының сенімді жұмыс істеуін, дұрыс техникалық пайдалануын және техникалық жағдайын қамтамасыз етеді.
172. Төртінші механиктің иелігінде суды бақылау зертханасы, қазандыққа суды қабылдау шлангілері, арнайы құрал, тетіктер және қазандық қондырғысының ауыстырылым қосалқы бөлшектері болады.
173. Төртінші механик:
1) қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ете отырып, қол астындағылардың жұмысын басқарады;
2) өз меңгерімі бөлігінде жөндеу тізімдемесін жасайды, жөндеу жұмыстарының мерзімі мен сапасын бақылайды;
3) сүзгіш желдетпе қондырғылардың және жабық цикл бойынша герметизация режимінде жұмыс істейтін үй-жайлардың желдетпе жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді.
174. Төртінші механик кеме жүйелері бойынша механигі, технологиялық жабдық бойынша баптаушы механигі, кран шаруашылығы бойынша механигі жоқ кемелерде олардың міндеттерін атқарады.
175. Тұрақты вахта өткізетін кемелерде МБ-де немесе ПБО-да төртінші механик аға механиктің жауапкершілігімен сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін вахтаны жүріп атқаруға тартылуы мүмкін. Автоматтандырылған кемелерде (тұрақты вахтасыз) ол кестеге сәйкес вахтаны жүріп немесе тұрақтау вахтасын атқарады.
§ 6. Электр механигі
176. Электр механигі аға механикке бағынады және электр техникалық персоналдың бастығы болып табылады.
177. Оның иелігінде мыналар:
1) электр қуат көздері - негізгі (электр қозғалмалы кемелердегі басты және көмекші генераторлар, электр қозғалмалы емес кемелердегі жергілікті жетегі және валогенераторы бар генераторлар), жағадағы қордың авариялық станциясы, ескекті электрлі қондырғы, басты және көмекші бөлу қалқандары, басқа да бөлу қондырғылары;
2) посттардың және басқару пульттерінің электр жабдықтары, автоматика жүйесінің және қондырғысының электрлі (электронды), оның ішінде Қашықтан автоматты басқару (бұдан әрі - ҚАБ) және қашықтан басқару (бұдан әрі - ҚБ), барлық сигнал беру және қорғау жүйесінің бөліктері;
3) кабельді трассалар, магнитті ажыратқыш қондырғылар, машина қазандық бөлімінің іске қосуды реттеу және қорғау аспабы механизмдері бар электр жетектері, палуба механизмдерінің электр жабдықтары;
4) рульдік басқарудың электр бөлігі (авто рульдеуді қоса алғанда), машина телеграфы және аксиометрлер, телефония, оқтау қондырғылары бар аккумуляторлар, өз меңгерімінің көмекші дизельді генератор және электрлі өлшеу құралдары, жарықтандыру, тұрмыстық мақсаттағы электр жабдықтар, дәнекерлеу агрегаттары, жүру оттарының станциялары, авралды сигнал беру және дауыс зорайтқыш кеме ішілік байланыс, материалды-техникалық жабдықтау және есептілік жатады.
178. Электр механик:
1) қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруды, тетіктердің, қондырғылардың, жүйелердің, жабдықтардың тиімді жұмыс істеуін және тиісті техникалық жағдайын, электр жабдықтарын және автоматтау құралдарын дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді;
2) электр тетіктері жұмыстарының режимін бақылайды;
3) барлық электр жабдықтарының регламенттік профилактикалық жұмыстарын және көлемдегі оқшаулау кедергісін өлшеуді және Техникалық пайдалану ережесіне (ТПЕ) сәйкес мерзімін жүргізеді;
4) техникалық оқу жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) электр техникалық журнал мен формулярды жүргізуді бақылайды;
6) жұмыс уақыты есебін жүргізеді;
7) жүзудің қиын жағдайларында ПБО-да немесе басты бөлу қалқанында (ББҚ) болады және электр механикалық вахтаны басқарады. Автоматтау белгілері бар (А1, A3) кемелерде ПБО-да немесе көпіршеде пульт жанында болады. Егер мұндай жүзу ұзақ уақытқа созылса, ол қызмет бастығының рұқсаты бойынша өзінің орнына жауапты маманды тастап, посттан уақытша кете алады;
8) кеме рейске шығар-алдында кемінде 2 сағат бұрын қызмет-бастығына меңгерімінің дайындығы туралы баяндайды;
9) вахталықтардың (көмекшінің, механиктің, электриктің) шақыруы бойынша орнына келеді және жағдай талап еткенше сол жерде болады;
10) кемеге тағайындаған кезде тапсырушыдан электр жабдықты және автоматтау құралдарын, қосалқы - ауыстыру бөлшектерді, аспапты, құрал- саймандарды және өз меңгерімінің құжаттамаларын қабылдайды. Қабылдау- істерді тапсыру туралы акті жасалады және тапсыру электр техникалық журналда жазылады;
11) мұнай құю терминалына арқандап байлау кезінде (газ тасымалдаушы, химия тасымалдаушы, мұнай тасымалдаушы), сондай-ақ бункерлеу операциялары кезінде кеме және жаға арасын жерге қосуды қамтамасыз етеді;
12) кеме жөндеуде болған кезде жағалық электр қуатымен қамтамасыз ету кезінде электр қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
13) докқа немесе айлаққа қою кезінде зауыт кеме корпусын жерге қосқанына көз жеткізеді, жаға кернеуі және кеме жүйесінің параметрлерін бақылайды.
§ 7. Рефрижераторлы қондырғылар механигі
179. Рефрижераторлы қондырғылар механигі (РҚ) аға механикке бағынады.
180. Оның иелігінде өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы тоңазытқыш қондырғылар, мұз генераторлары, мұздатқыш аппараттарының және технологиялық жабдықтарының тоңазытқыш бөліктері, тетіктері, аппараттары, аспаптары, құбырлары, арматуралары, электрлі емес (электронды емес) әрекетті автоматтау жүйелері мен қондырғылары бар әуені салқындату жүйелері, өндірістік қорғау құралдары (басты және авариялық әуе алмастыру, суландыру, хладагенттің авариялық шығу, жеке басты қорғау және тағы басқа жүйелері), материалды техникалық қамтамасыз ету және есептілік бар.
181. РҚ механигі:
1) сенімді жұмысты, өз меңгерімінің дұрыс техникалық пайдалануын және тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз етеді;
2) тоңазытқыш қондырғыларының жұмыс режимін бақылайды;
3) салқындатылатын үй-жайлардағы, мұздатқыш аппаратындағы және басқа да салқындатқыш қондырғыларындағы белгіленген температура режимін қамтамасыз етеді;
4) тоңазытқыш қондырғылары жүйелерінің су өткізбеушілігін қамтамасыз етеді;
5) тоңазытқыш қондырғысы журналын жүргізуді бақылайды, құжаттаманы жүргізеді;
6) тоңазытқыш қондырғылары режимін ұстап тұру мүмкін емес болған кезде бұл туралы аға механикке баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
182. РҚ механигінің жұмыс уақытының режимі лауазымдық нұсқаулықпен белгіленеді.
§ 8. Моторшы (машинист)
183. Моторшы (машинист) екінші механикке бағынады.
184. Моторшы (машинист):
1) басты және көмекші тетіктерге, олардың жұмысын қамтамасыз ететін кеме жүйесіне және техникалық құралдарға, палуба механикалық бөліміне және рульдік қондырғыларға қызмет көрсетеді;
2) барлық техникалық құралдарға қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына қатысады;
3) кеме жүйелері құбырлары мен клапандарының орналасуын біледі және оларды басқарады;
4) энергетикалық қондырғылардың барлық механизмдерін және кеме жүйелерін басқарады;
5) слесарьлық-монтаж жұмыстарын орындайды;
6) кестеге сәйкес вахта атқарады.
185. Моторшы вахта механигінің басшылығымен вахтаны атқарады.
§ 9. Электрик
186. Электрик электр механигіне бағынады.
187. Электрик:
1) электр жабдықтары және автоматтау құралдарын пайдалану қағидаларын орындайды;
2) құралдарды біледі және генераторларға, электр қозғалтқыштарына, жүйенің бөлу қондырғыларына, қорғауды басқару және сигнализация жүйелеріне, телефонияға, оқтау қондырғысы бар аккумулятор шаруашылығына қызмет көрсетеді;
3) ескекті электр қозғалтқыштарын басқаруды біледі;
4) электр монтаждау жұмыстарын және электр жабдықтарды жөндеуді орындайды;
5) вахтаны кестеге сәйкес атқарады.
188. Электр механик лауазымы жоқ кемелерде электрик оның міндеттерін орындайды және екінші механикке бағынады.
9. Медициналық-санитарлық қызметі
§ 1. Жалпы ережелер
189. Медициналық-санитарлық қызмет экипаждың денсаулығын сақтауды және кеменің санитарлық жағдайын қамтамасыз етеді, жолаушыларға медициналық көмек көрсетеді және оны капитанға бағынатын кеме дәрігері (фельдшері) басқарады.
Кеменің штаттық кестесінде дәрігер (фельдшер) болмаған кезде, осы қызметті капитанның аға көмекшісі басқарады.
190. Кеме дәрігері (фельдшер) тиісті емдеу-профилактикалық мекемесі және санэпидстанция басшылығымен өз қызметін жүзеге асырады.
§ 2. Кеме дәрігері (фельдшер)
191. Кеме дәрігері (фельдшер) экипажды медициналық қамтамасыз етеді және кеменің санитарлық жағдайын қарайды. Оның меңгерімінде медициналық мақсаттағы үй-жайлар мен жабдықтар, медициналық аспаптар мен медикаменттер бар болады. Кеме дәрігерінің емдеу және санитарлық ережелер бөлігіндегі талаптар кемедегі барлық адамдар үшін міндетті болады.
192. Кеме дәрігері (фельдшер):
1) кемеде гигиеналық және санитарлық ережелерді сақтауды қамтамасыз етеді;
2) санитаралық-гигиеналық және эпидемиологияға қарсы іс-шараларды жүргізеді, капитанға жұқпалы және жаппай ауру жағдайлары туралы баяндайды;
3) кемедегі адамдарға және қажет болған жағдайда басқа кемелердің экипаж мүшелеріне емдеу-профилактикалық медициналық көмек көрсетеді.
Тексерудің және емдеудің қиын жағдайларында мамандардан радио арқылы кеңес алады;
4) кеменің санитарлық жағдайын, провизияны және төмендемейтін қорды сақтауды, ішетін су сапасын, құтқару құралдарының медициналық жинағын күнделікті бақылауды жүзеге асырады;
5) өз меңгерімінің тиісті тазалығын және дайындығын қамтамасыз етеді;
6) экипажға бірінші медициналық көмек әдістерін оқытуды жүзеге асырады;
7) экипаждың медициналық тексеруден және талап етілетін егуден уақтылы өтуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
8) дератизация мен залалсыздандыруды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді;
9) санитарлық ережелерді сақтауды бақылайды;
10) медициналық санитарлық жабдыққа тапсырыс береді, оны қабылдауды және жұмсауды, оның ішінде сақтау мен қатты әсер ететін дәрілер мен есірткелік құралдарды беруге бақылауды жүзеге асырады;
11) ас мәзірін жасауға қатысады, азық-түлік сапасын, олардың құнарлығын және астың дайындалуын бақылайды;
12) кеменің портқа келген кезде (кеткен) санитарлық формальдылық жағдайларды және карантин іс-шараларын орындауды жүзеге асырады;
13) капитанның аға көмекшісіне қызметтің рейске шығуға дайындығын баяндайды.
193. Дәрігер немесе фельдшер жоқ кемелерде оның міндеттерін капитанның аға көмекшісіне оның құзыреті және құқығы шеңберінде жүктеледі.
10. Вахта қызметі
§ 1. Жалпы ережелер
194. Кемелердегі вахта қызметі (вахта) постыда немесе жұмыс орнында міндетті болу мен назар аударуды талап ететін қызмет түрі болып табылады.
195. Вахтадағы кеме экипажының мүшелері вахталық деп аталады.
196. Пайдаланылатын барлық кемелерде тәулік бойы вахта қызметі бекітіледі.
197. Пайдаланудан шыққан кемелерде вахтаны атқару қызмет тәртібін кеме иесі белгілейді.
198. Вахта қызметі кемені басқаруды, оның қауіпсіздігін, өміршеңдігін, өндірістік қызметін және кемеге бөгде адамдардың келуін бақылауды қамтамасыз етеді.
199. Кеме капитаны вахта қызметін ұйымдастыруға жауапты болып табылады, ал вахта қызметін ұйымдастыру тікелей басқару капитанның аға көмекшісі мен аға механикке жүктеледі.
Вахтаны тиісті атқару жауапкершілігі вахтаны атқарушыларға жүктеледі.
Вахтаға тиісті демалыс алған адамдар тартылады.
200. Кеме вахталары жүріп атқаратын және тұрақтау вахтасы болып бөлінеді. Жүріп атқаратын немесе тұрақтау вахтасын капитан нақты жағдайларға байланысты белгілейді.
Бір вахтаның ұзақтығы 4 сағатты құрайды, бірақ 8 сағаттан аспайды.
Кеме тұраққа тұрған уақытта немесе рейдте экипаж мүшелері кемеде кеме капитанның тапсырмасы бойынша белгіленген уақыттан тыс (негізгі жұмысты атқармай) кеменің қауіпсіздігі үшін, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік үшін қалдыруға жол беріледі. Сондай-ақ кеме айлақтағы тұраққа тұрған кезде экипаж құрамының ең аз саны кемінде 30 %-ды, ал ашық рейдтерде кемінде 50 %-ды құрайды.
201. Вахта ауысымы вахта атқару орнына алдын ала келеді және вахтаға шыққанға дейін жүзу шарттары мен техникалық құралдар жұмысының режимімен танысады.
Командалық құрам адамдары вахта басталғанға дейін 10 минут бұрын келеді.
Вахтаға шығу туралы кезекті ауысым 15 минут бұрын ескертіледі. Ауысып жатқан вахта кіші вахта болып табылады және қажет болған жағдайда вахтаны уақытша күшейту немесе жекелеген вахталықтарды ауыстыру үшін пайдаланылады. Кеме тұраққа тұрған уақытта вахта тізімі трапта тақтайшада ілініп тұрады.
202. Вахталықтар осы қызмет түріне белгіленген киімде (формада) болады. Бұдан басқа кеме портқа тұраққа тұрған кезде капитанның вахталық көмекшісінің және вахталық матростың сол қолдарында үш жолақты қолға байланатын таңғышы болады. Таңғыштың жалпы ені 4,5 см, әр жолақ 1,5 см. Жолақтың түсі:
капитанның вахталық көмекшісінің таңғышы көк, ақ, көк;
вахталық матростың таңғышы қызыл, ақ, қызыл.
203. Вахта ауысымы бастығының рұқсатынсыз вахталықтардың постты қалдыруға немесе өз міндеттерін орындауға біреуге тапсыруға жол берілмейді.
204. Вахталықтар дабыл кезінде өз постысын дабыл кестесіне сәйкес вахтаға шығушы адамдарға тапсырғаннан кейін ғана дабыл бойынша кестеде көзделген өз орындарында болады.
205. Вахта кезінде капитанның вахталық көмекшісі, вахталық механик, вахталық электр механигі, вахталық радио операторы және вахта атқарушы командалық құрамның басқа да адамдары кемеде вахта қызметін көрсететін қажетті жазбалар жүргізеді, аяқталғаннан кейін осы жазбаларды тиісті журналдарға енгізеді.
206. Порттарда тұраққа тұрған кезде тиісті біліктілігі бар кеме экипажының кез келген адамы кеме капитанның тапсырмасы бойынша тиісті демалыстан немесе нұсқаулықтан кейін кемеде вахта атқаруға тартылады.
207. Вахтаға шығушылар вахта ауысымы бастығынан вахтаға шығу туралы рұқсат алады.
208. Кемені арқандап байлау операциясына дайындауды вахталық қызмет жүзеге асырады.
§ 2. Капитанның вахталық көмекшісі
209. Капитанның вахталық көмекшісі кеменің барлық вахталық қызметі бойынша жауапты болып табылады және тікелей капитанға, ал ол кемеде болмағанда капитанның аға көмекшісіне бағынады.
Капитанның вахталық көмекшісі өзіне жүктелген міндеттер шегінде кемеде вахталық қызметті тиісті атқаруға-және кеменің, адамдардың, кемедегі жүктердің және басқа мүліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ теңіз ортасы ластануын болдырмауға жауап береді.
Капитанның вахталық көмекшісінің тапсырмалары оның өкілеттігі шеңберіндегі кеме экипажының әр мүшесіне және кемедегі басқа да адамдарға міндетті болады.
Кеме капитанынан, ол болмаған жағдайда - капитанның аға көмекшісінен басқа, ешкімнің капитанның вахталық көмекшісінің тапсырмасын бұзбайды немесе өзгертпейді.
210. Капитанның вахталық көмекшісі кемені пайдалануға байланысты жұмыстарды орындау үшін, сондай-ақ кеменің тұрақта қауіпсіз тұруын қамтамасыз етуге аға механикті ескертіп, бірыңғай техникалық қызмет құрамынан тиісті мамандығы мен біліктілігі бар адамдарды шақыртады.
211. Капитанның вахталық көмекшісі кеме капитанның, ал ол болмаған кезде капитанның аға көмекшісінің рұқсатынсыз вахтадан кетіп қалмайды.
Вахтаға шыққан кезде капитанның вахталық көмекшісі вахта құрамымен танысады және вахта қызметін атқару бойынша нұсқау жүргізеді, вахтаны тапсырушыдан кеменің тұрағы, айналадағы жағдайы, тұрақ шарттары, жүк операцияларының барысы, жөндеу және басқа да жұмыстар, кемеде капитанның, командалық құрамның, команданың және экипаж құрамына кірмейтін басқа да адамдардың болуы туралы барлық қажетті мәліметтер, сондай-ақ кеменің қауіпсізідігін қамтамасыз етуге және пайдалану қызметіне байланысты басқа да мәліметтер алады, оның ішінде:
1) вахта ауысым бастығының тапсырмалары туралы;
2) кемені балласттау және кемедегі су, отын және май қорын танкілер мен цистерналарға бөлу туралы;
3) борт артындағы арматуралары бар ашық палубаларда ашық отты пайдалаңып жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аудара отырып, кеме және жөндеу жұмыстары туралы;
4) бортта және бакштовта жүзбелі құралдардың бар болуы туралы;
5) ашық люктер, мойыншалар және басқа борт артындағы саңылау туралы;
6) лас және тұрып қалған құдықтарды судың бар болуы туралы;
7) басты қозғалтқыштардың дайындығымен белгіленген кеменің рейдке шығуға дайын уақытын белгілеу және кеме жабдығының болуы туралы.
212. Вахта атқару кезінде капитанның вахталық көмекшісі:
1) порт бойынша қаулылар мен жергілікті ережелерді, Теңізде кемелердің соқтығысуын алдын алу үшін халықаралық ережелерді және қауіпсіз теңізде жүзуге, отты және басқа сигнализация құралдарын пайдалануға қатысты басқа да халықаралық талаптарды уақтылы және нақты орындауды қамтамасыз етеді;
2) вахталық қызметті тиісті атқаруды ұйымдастырады, кемеде тәртіп пен тазалықты, сондай-ақ бақылау мен байланысты тиісті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
3) кеменің жағдайына сенімді бақылауды жүргізеді, адамдар, кеме және жүк қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды, барлық өрт сөндіру құралдарын пайдалануды ұйымдастырады;
4) тиісті ережеге сәйкес келетін, кеменің жай-күйі мен айналысатын қызмет түріне тиісті ерекше сигнал оттарын уақтылы қосуды, белгілер мен сигналдарды қоюды қамтамасыз етеді, олардың дұрыс жұмыс істеуін бақылайды;
5) лас және тұрып қалған құдықтардағы суды өлшеуді қамтамасыз етеді және кеме журналына нәтижелерін жазады:
жүрген кезде - әр вахтада;
зәкірде және арқандап байлау кезінде - тәулігіне 2 реттен сирек емес;
суды, отын қабылдау кезінде, мұздарда жүзген кезде, дауылды жағдайларында жүзген және басқа ерекше жағдайларда, кемеге борт артына суы түсу мүмкіндігін жиі бақылау талап етілген жағдайда - 2 сағат сайын бір реттен сирек емес. Дауылды жағдайларда жүзу кезінде ластарда суды өлшеу мүмкін емес болған жағдайда оларда судың болуын бақылау капитанның вахталық көмекшісінің нұсқауы бойынша тартуды бақылау жолымен жүргізіледі.
Су деңгейі жоғарлаған жағдайда капитанға баяндайды;
6) кеменің кренін және дифферентін бақылауды жүргізеді;
7) трюмдердің температуралық режимі мен желдетуін бақылайды;
8) кезекші шлюпкалардың түсуге дайындығын қамтамасыз етеді және шлюпка командирлерінен түсуге және борттан кетуге дайындығы туралы баяндаманы қабылдайды. Олар кемеге оралғаннан кейін шлюпка командирлерінен баяндама қабылдайды;
9) кемеге жақындап келе жатқан және оның бортындағы жүзбелі құралдардың орнын бақылайды, оларға бортта тұраққа тұру орнын көрсетеді. Кеменің жүзбелі құралдарын суға түсірер кезде оларды бақылайды және оларды бортқа уақтылы көтеру үшін шаралар қабылдайды;
10) адамдарды бортқа қабылдау кезінде, адамдарды кемеден түсіру кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды.
11) кемеге төніп тұрған қауіпті (өрт, жарылыс, тесілу) байқаған кезде, сондай-ақ адам борттан құлаған кезде дербес дабыл жариялайды және қауіпсіздіктің алдын алу үшін немесе борттан құлаған адамды құтқару үшін барлық шараларды қабылдайды;
12) белгіленген тәртіп бойынша кеме журналында жазба жүргізеді.
213. Капитанның вахталық көмекшісі вахтаға шығушы капитан көмекшісі өз міндеттерін тиімді орындауға сенімді болмаса, вахтаны тапсырмайды. Мұндай жағдайда капитанға хабарлайды.
§ 3. Капитанның вахталық көмекшісінің жүріп атқаратын
вахтадағы қызметтері
214. Вахтаға түскен кезде капитанның вахталық көмекшісі:
1) компастық бағыт пен картаға түсірілген компастың жалпы түзетулерін тексереді;
2) карта бойынша жүзу ауданымен, навигациялық жағдаймен, сондай-ақ жүзу шарттарымен және жағдайларымен танысады;
3) вахтаны қабылдау кезінде картада есептелінген бойынша кеме орнын тексереді, оны лаг көрсеткіштерін соңғы обсервациямен салыстырады, мүмкін болған жағдайда - кеменің орнын өзі анықтайды;
4) алдыңғы тасқындар мен ағыстардың бағытқа және жылдамдыққа әсерін анықтайды;
5) кеме бағытын гирокомпас және магнит компас бойынша және оның түзетулерін тексереді, кеменің жылдамдығын тексереді, лага түзетулерін және басты қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимге сәйкестігін тексереді;
6) қашықтықтан басқарылатын кемелерде механикалық қондырылған басты қозғалтқыштар осы уақытта (көпіршеден немесе машина үй-жайында) қалай жұмыс істейтінін анықтайды;
7) көпіршеде басты қозғалтқыштарды басқару кезінде басқару пультінің жай-күйі жарамдылығына және бақылау параметрлерінің белгіленген нормаларға сәйкес екеніне көз жеткізеді;
8) кеме жүргізу техникалық құралдарының дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізеді;
9) курсограф лентасындағы уақыт белгісін тексереді;
10) көру қабілеті көру жағдайға үйреніскеніне көз жеткізеді;
11) капитанның вахталық көмекшісінің, вахтаны тапсырушының қатысуымен айналадағы жағдаймен (жаға, от, кемелер), ауа райы жағдайымен және көру мүмкіншілігімен, қабылданған ауа райы және дауыл ескертулерімен, сондай-ақ кеменің жүзуіне қатысты капитан берген барлық тапсырмалармен танысады;
12) жүріс оттарының дұрыс жұмыс істейтіне көз жеткізеді;
13) маневр атқару кезінде атқарылып жатқан іс-қимыл толығымен аяқталғанға дейін вахта тапсырылмайды.
215. Жүріп атқаратын вахта кезінде капитанның вахталық көмекшісі:
1) көпіршеде үнемі болады және айналадағы жағдайды бақылайды. Штурмандық рубкаға оның штурмандық міндеттерін орындау үшін ғана аз уақытқа жіберіледі, бірақ мүнын алдында ол бұл қауіпсіз екеніне және ол жоқ болған кезде тиісті бақылау қамтамасыз етілетініне сенімді болады;
2) кеме жүрісін есептейді. Кеменің орнын анықтау үшін кез келген навигациялық, астрономиялық және радиотехникалық мүмкіндікті пайдаланады, ішінен осы жағдайларға лайықтысын тандайды;
3) жүріс оттарының дұрыс жұмыс істейтінін бақылайды;
4) сағат сайын және бағытты әр өзгерткеннен кейін магниттік компас көрсеткіштерін гирокомпаспен салыстырады және белгіленген бағытта кеменің-дәл тұруын бақылайды;
5) кеме жүргізу техникалық құралдарының жұмысын бақылайды және оның түзетулерін анықтайды;
6) гидрометеорологиялық шарттар өзгерген кезде, белгіленген бағытты сақтау қауіпсіз емес болған кезде, есептелінген уақытта жаға, навигациялық белгі немесе болжамды тереңдік көрінбеген кезде, кенеттен жаға ашылған кезде, навигациялық белгі немесе тереңдік кенеттен өзгерген кезде, сондай-ақ басты қозғалтқыш, рульдік басқару немесе қандай да бір навигацилық жабдық бұзылған кезде, қандай да бір күдік пайда болған кезде дереу кеме капитанына баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді. Жоғарыда аталған барлық жағдайларда капитанның вахталық көмекшісі егер жағдай талап етсе, кешіктірмей кеменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды;
7) айыру үшін қажетті шараларды талап ететін жақындап келе жатқан басқа кемені анықтаған кезден бастап қарсы кеменің қозғалысын анықтау мақсатында пеленг және қашықтық өзгерістерін бақылайды, нәтижелерін кеме капитанына баяндайды, қауіп төнген жағдайда кеменің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды дереу қабылдайды;
8) өз кемесінің маневрлік мүмкіндіктерін жетік біледі;
9) тұман, жаңбыр, қар түсер алдында және көруді шектейтін басқа да атмосфералық құбылыстар алдында капитанға баяндайды, рульді қолмен басқаруға ауысады, радиолокациялық станция (бұдан әрі - РЛС) мен жүріс оттарын дереу жұмысқа дайындайды және қосады, дыбыс белгілерін беруге арналған қондырғыларды тексереді, алдын ала нұсқау беріп бақылаушыны қояды, вахталық механиктік мүмкін реверс туралы ескертеді, штурмандық рубка сағаты мен машина үй-жайындағы сағатты салыстырады, курсограммадағы уақытты белгілейді, мүмкіндігінше кеменің орнын анықтайды, бұдан әрі КСАХЕ-72 басшылыққа алады.
Көру қабілеті кенеттен нашарлаған кезде бір мезетте айтылған шараларды қабылдап капитан көпіршеге келгенге дейін КСАХЕ-72 басшылыққа алады;
10) жағаға, тар жерлерге, арналарға, суы аз жерлерге және қауіпті жерлерге жақындаған кезде капитанды және вахталық механикті алдын ала ескертеді, бакқа боцманды немесе I дәрежелі матросты шығарады, зәкірді түсіруге дайындайды, және осы аудандарда жүзу кезінде жүзу ауданын қамтитын және соңғы ақпарат ңегізінде (үнемі белгілі учаскелерде тар жерлер мен арналарда жұмыс істейтін порт, техникалық және қызметтік-көмекші флот кемелерінде, боцманды немесе I дәрежелі матросты бакқа шығару талап етілмейді) түзетілген ең үлкен масштабды картаны пайдаланады;
11) кездесетін барлық белгілерді және басқа да навигациялық қоршау құралдарын таниды;
12) дауыл жақындаған жағдайда дауыл жағдайларында кеменің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдайды;
13) қайықтар мен кемелердің, жүк садақтары мен крандардың, палуба жүктері мен палубадағы қозғалмалы заттардың мықты бекітілгенін, люк жабуларының жағдайын бақылайды;
14) адам борт сыртына құлаған жағдайда дабыл қағады, оны құтқару үшін дербес барлық қажетті шаралар қабылдайды және болған жағдайды және қабылданған шаралар туралы кеме капитанға баяндайды;
15) гидрометеорологиялық бақылауды белгіленген уақытта жүргізуді қамтамасыз етеді;
16) кеме бортына лоцманды қабылдау кезінде кеменің орнын және оның қозғалысын бақылауды жалғастырады, ал іс-қимылдардан немесе лоцманның ниетінен күмәнданған кезде кеме капитанға баяндайды және алдын алу шараларын қабылдайды;
17) жарық және жалау сигнализация көмегімен байланысты жүзеге асырады;
18) кемені зәкірге қойған кезде кеменің орнын анықтайды.
216. Жүріп атқаратын вахтада капитанның вахталық көмекшісіне басқа жұмыспен айналысуға немесе вахтаны атқаруға қатысы жоқ міндеттерді өзіне алуға тыйым салынады.
217. Капитанның вахталық көмекшісі көпіршеде кеме капитанның болуына қарамастан өзінің вахтасы уақытында кеме капитаны кемені басқаруды бұл туралы ресми хабарлап өзіне қабылдағанға дейін кеменің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз етеді.
218. Тұрақты вахтасы жоқ кемелерде машина үй-жайында және ПБО көпіршеде механикалық қондырғымен басқару кезінде капитанның вахталық көмекшісі көпіршеде механикалық қондырғымен басқару бойынша нұсқаулықты басшылыққа алады және механикалық қондырғы жұмысы туралы түсіп жатқан сигналдарды бақылауды жүргізеді; оның жұмысында бұзылу пайда болған кезде вахталық механикті шақырады. Қиын жағдайларда жүзу кезінде машина үй-жайына вахталық механикті шақырады.
219. Капитанның вахталық көмекшісі кемеге, адамдарға, жүктерге қауіп төну кезінде капитан белгілеген бағытты, жылдамдықты, басқару әдісін және басты қозғалтқыштың жұмыс режимін өзгертуге құқылы. Өндірістік өзгерістер туралы кеме капитанына дереу баяндайды.
§ 4. Капитанның вахталық көмекшісінің кеме зәкірде
тұраққа тұрған кездегі қызметтері
220. Кеме зәкірде тұраққа тұрған кезде капитанның вахталық көмекшісі:
1) ауа райы мен қоршаған орта жағдайын үнемі бақылауды қамтамасыз етеді, кеменің орнын барлық қолайлы әдістермен жүйелі түрде бақылайды, дрейфтің алдын алу үшін шаралар қабылдайды;
2) зәкір-шынжырды тартуды және орналасуын, түсірілген зәкір-шынжыр ұзындығының тұрақ шартына сәйкестігін бақылайды;
3) басқа кемелермен соқтығусудың немесе зәкірдегі кемені іздеу кезінде және жел мен ағыс бағытының өзгеруі кезінде навигациялық қауіпті алдын алады.
§ 5. Капитанның вахталық көмекшісінің кеме айлаққа
тұраққа тұрған кездегі қызметтері
221. Кеме айлаққа тұраққа тұрған кезде капитанның вахталық көмекшісі:
1) бортта кеменің тереңдік жағдайын, арқандап байлау тростарының және крандардың тиісті бекітілгенін және жағдайларын бақылайды, сондай-ақ жергілікті ережелер мен порт дәстүрлерін сақтайды;
2) ауа райы бұзылған кезде, сондай-ақ шторм есертулерін қабылдаған кезде қосымша арқандап байлайды және кеменің тұрақта қауіпсіз тұруын қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды;
3) трап немесе баспалдақтар берік бекітілігенін және сақтық торларымен жабдықталғанын, тұтқалар орнатылғанын, ал леерлер тартылғанын, трап немесе баспалдақтарда лақтыру ұшу бар құтқару дөңгелектері дайын болуын, сондай-ақ тиісті жарықтандыру қамтамасыз етілгенін бақылайды;
4) жүк операциялары кезінде кеме қисаюына жол бермейді, жүк жоспарына сәйкес тиеуді және кеменің жүк құралдарын дұрыс пайдалануды бақылайды, трюмарды ашу мен жабуды басқарады, жүк операциялары жүріп жатқан борттың арқандап байлау иллюминаторлары көтерілгенін бақылайды;
5) жүк люктерін, мойыншалар мен желдеткіштерді және палуба мен борттың басқа да саңылауларын уақтылы ашу мен жабуды қамтамасыз етеді;
6) корпустық бөлікте жұмыстар орындау кезінде өртке қарсы ережелерді сақтауды бақылайды;
7) кемеде капитан мен капитанның аға көмекшісі болмағанда кеменің өміршеңдігі үшін күресті басқарады. Жағада, кеменің қасында немесе жанында тұрған кеме қасына қауіп төну кезінде өз кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қажетті көмек көрсету үшін шаралар қабылдайды;
8) порттың құтқару және өрт құралдарын шақырту тәртібін біледі, ал қажет болған жағдайда оларды дереу шақыртады;
9) мөр басылған трюмалар мен үй-жайлардағы пломба пен мөрлер жағдайын бақылайды;
10) су есу бұранданы бұру кезінде үнемі бақылайды және кеменің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
11) кеменің арқандап байлау операцияларына (траптарды жинау, шлюпка бөренелерін, крандарды, садақтарды және т.с жинау), уақтылы дайын болуын, арқандап байлауды тез қабылдауды (беруді), крандық қорғауды дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді;
12) түнгі уақытта кеме үй-жайларын жүйелі түрде аралауды және тексеруді жүргізеді.
222. Капитан кемеден кетер кезде вахталық көмекші оны трапқа дейін шығарып салады.
Капитан қайтып келген кезде вахталық көмекші оны траптың алдынан күтіп алады және оған кеменің жай-күйі, жүргізіліп жатқан жұмыстар және орын алған жағдайлар туралы баяндайды.
223. Капитанның вахталық көмекшісінің рұқсатымен ғана кемеге бөгде адамдар кіре алады. Көпіршеде қызметтік лауазымдарын атқарып жүрген адамдар ғана бола алады. Капитанның немесе капитанның вахталық көмекшісінің рұқсатынсыз көпіршеге, штурмандық рубкаға және басқа да қызметтік үй-жайларға бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады.
224. Егер кемеде корпустық бөлік бойынша жұмыстарды кеме құрамы жүргізбеген болса, капитанның вахталық көмекшісі жеке өзі барлық жұмыс объектілерін қарап шығады және кеменің қауіпсіз жағдайда екеніне көз жеткізеді.
225. Капитанның вахталық көмекшісі қажет болған жағдайда жоғарғы палубаға кеме бортындағы экипаждың қалған бөлігін шақырады.
226. Капитанның вахталық көмекшісіне ДТБАЖ пайдалану жөніндегі регламентке сәйкес радиобайланысты қамтамасыз ету жүктеледі;
227. Кемені портта арқандап байлау уақытында капитанның вахталық көмекшісі жүк операциялары жоқ кезде түнгі уақытта өзінің каютасында киімін шешпей дем алады.
§ 6. Вахталық матрос
228. Вахталық матрос капитанның вахталық көмекшісіне бағынады.
229. Кеме зәкірге тұраққа тұрған кезде және арқандап байлау кезінде:
1) вахтаға түсу кезінде вахта бойынша тапсырмалармен танысады;
2) белгіленген орнында болады;
3) зәкір-шынжырдың, арқандап байлаудың, крандардың, траптардың жағдайы мен түсіруді бақылайды;
4) белгілерді көтеруді және зәкірлік жарықтарды қосуды жүзеге асырады;
5) жүзбелі құралдарды бортқа арқандап байлайды (арқанды шешеді);
6) тышқандарға қарсы қалқандардың бар екенін бақылайды;
7) өрт, басқа да авариялық жағдайдарда мүмкін шараларды қабылдайды, капитанның вахталық көмекшісіне баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді;
8) теңіз қоршаған ортасынының ластануы, айналадағы жағдайдың өзгеруі туралы баяндайды; жоғарғы палубада тазалық пен тәртіпті бақылайды.
230. Матрос жүріп атқаратын вахтада:
1) тапсырушыдан компас бойынша бағытты қабылдайды және оны дауыстап қайталайды;
2) кемені белгіленген бағытта ұстап тұрады;
3) бұйрықтарды орындау алдында дауыстап қайталайды;
4) автоматты түрдегі рульмен басқарудан қолмен басқаруға және керісінше, сондай-ақ авариялық басқаруға ауысады;
5) кемедегі жарықтар мен белгілердің неге арналғандығы туралы біледі;
6) компас пен руль құралдыраның бұзылғандығы туралы баяндайды;
7) капитанның вахталық көмекшісінің нұсқауы бойынша басқа да міндеттерді орындайды.
§ 7. Вахталық механик
231. Вахталық механик барлық кеме механикасы қызметінің бастығы болып табылады және кеменің қауіпсіздігі мен оның қалыпты пайдалануын қамтамасыз ететін техникалық құралдардың сенімді жұмыс істеп тұруына, теңізде адам өмірін қорғауға, теңіз қоршаған ортасын ластануын алдын алуды қарайды. Вахталық механик капитанның вахталық көмекшіге, ал техникалық құралдарды пайдалану бөлімінде аға механикке бағынады.
232. Вахталық механик:
1) вахтаны басқарады; қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етеді;
2) техникалық құралдардың жұмыс режимі мен кеменің өміршеңдігі үшін күрес бойынша құралдардың әрекетке үнемі дайын болуын, электр энергиясын, буды, суды тұтынушыларға беруді қамтамасыз етеді. Оларды сырттан алған кезде қосуды қамтамасыз етеді;
3) нұсқау бойынша көпіршеден балластты қабылдауды, айдап шығаруды және қайта айдауды, трюмды ластардан суды айдап шығаруды жүргізеді. Лас машина үй-жайларындағы су деңгейін бақылайды және вахталық көмекшінің рұқсаты бойынша теңіз ортасын ластандыруға жол бермей оларды айдап шығаруды жүргізеді; кемені дұрыс бункерлеуді жүргізуді қамтамасыз етеді;
4) өртке қарсы қажетті шараларды қабылдамай от және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол бермейді;
5) өртті немесе корпустың ішіне су кіргенін байқаған кезде, басқа да авариялық жағдайларда вахталық көмекшіге хабарлайды және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды;
6) механикалық қондырғының қауіпсіз жұмысына немесе жалпы алғанда кемеге қауіп-қатер туған жағдайда, авариялық жағдайға әкелетін техникалық құралдардың қалыпты жұмыс істеуінің бұзылу жағдайында, авариялық жағдайда, сондай-ақ вахта барысындағы кез келген күмәндік жағдайда аға механикті уақтылы хабарлап тұрады; Аға механикті ескерткенге қарамастан вахталық механик егер жағдай талап етсе, кеменің қауіпсіздігін, оның тетіктері мен экипажының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Машина үй-жайында аға механиктің болуы аға механик оған өзіне осы міндеттерді алатыны туралы арнайы хабарлағанға және бұны екі жақта түсінгенге дейін вахталық механиктен вахтаны атқару және техникалық құралдар жұмысы міндетін алмайды;
7) машина журналында жұмыс, техникалық қызмет көрсету және техникалық құралдарды жөндеу туралы жазбалар жазады. Машина үй-жайларында тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді;
8) вахтаны қабылдаушы механик өз міндеттірін тиімді орындайтын жағдайда емес деп санаса, вахтаны тапсырмайды және бұл туралы вахта қызметі бастығын ескертеді.
233. Вахтаға шығу кезінде вахталық механик:
1) техникалық құралдардың дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін машина бөліміне уақтылы келеді (кем дегенде вахтаның басталуына 10 минут қалғанға дейін) келеді және қажетті нұсқау беру жүргізеді;
2) машина журналындағы жазбалармен, дербес жазушылардың және басқа да тіркелетін құралдар жазбасын, сондай-ақ техникалық жұмыстар, жөндеу және алдын алу жұмыстары барысымен, вахта бойынша бұйрықтармен танысады;
3) басты энергетикалық қондырғыны басқару әдісіне, қызмет бастығының және вахталық көмекшінің жүйелер мен тетіктерді пайдалану және ластанған суды төгу туралы тапсырмаларына, техникалық құралдардың бұзылуына, балласттарда судың қалуына, құю және ағызу цистерналарына, оларды пайдалану немесе жою туралы нұсқаулықтарға, жабдықтың бұзылуынан немесе қолайсыз жүзу шарттарынан техникалық құралдарды пайдалану режиміне қатысты мәліметтерді алады;
4) жұмыс істеп тұрған техникалық құралдарды, рульдік машинаны, қазандық жабдықтарының жағдайын, олардың автоматты басқару және қорғауды қоса алғанда, бөлу, құю, тұндырғыш және резервтік цистерналардағы отын және май деңгейін, энергетикалық қондырғының басты және көмекші тетіктерінің жұмыс параметрлерін, авариялық техникалық құралдардың дайындығын тексереді;
5) техникалық құралдардың белгіленген жұмыс режимін қабылдайды;
6) вахтаға түсу туралы баяндаманы қабылдайды, вахтаны қабылдау туралы машина журналында жазба жасайды және көпіршеде баяндайды. Вахтаны тапсырушы мен қабылдаушы машина журналына қол қоюынан кейін вахта тапсырылды (қабылданды) деп саналады. Маневрлеу немесе авариялық жағдайлар кезінде вахтаны ауыстыру тек қана вахта қызмет бастығының рұқсатымен және оның қатысуымен рұқсат етіледі.
234. Жүріп атқаратын вахтада вахталық механик:
1) тұрақты вахта болатын кемелерде машина бөлімінде (МБ) немесе ПБО-да энергетикалық қондырғыны басқару постында болады және оның жұмыс режимін қамтамасыз етеді, үй-жайларды аралап шығу қажет болған жағдайда өзінің орнына постқа мотористі қалдырады;
2) көпіршеде энергетикалық қондырғыны басқару кезінде (МБ-де немесе ПБО-да тұрақты вахта болмайтын) авариялық-ескерту сигналы мен көпіршемен вахталық көмекшіге өзінің орнын хабарлайтын екі жақты байланыспен жабдықталған кез келген үй-жайда болады;
3) көпіршеде бұйрықтарды қайталайды және орындайды; егер бұйрықты орындау авариямен немесе адамдар үшін қауіпті қатермен байланысты болса, көпіршеге және қызмет бастығына хабарлайды; бұйрықты екінші рет қайталған кезде оны орындайды, машина журналында тиісті жазба жасайды; авария немесе адамдарға қауіпті кезде энергетикалық қондырғыны, кез келген техникалық құралды істен шығарады және бұл туралы дереу көпіршеге және қызмет бастығына баяндайды;
4) көпіршеден қиын жүзу шарттары туралы ескерту алғаннан кейін қызмет бастығына баяндайды, біржола қуат резервін қамтамасыз ететін энергетикалық қондырғыны, қажетті техникалық құралдардың дайын болуын дайындайды;
5) қашықтық басқару кезінде қондырғы мен машина журналында посттан постқа дейінгі әр аударымды белгілейді.
235. Тұрып атқаратын вахтада:
1) техникалық құралдармен бақылауды және басқаруды, кеменің, порттың және қоршаған ортаның өндірістік қызметі мен қауіпсіздігімен байланысты жабдықтардың сенімді жұмыс істеуін, кеменің өміршеңдігін қамтамасыз ету бойынша құралдардың дайындығын қамтамасыз етеді;
2) энергетикалық қондырғыны шұғыл қозғалысқа келтіруге дайын болады;
3) кемені қарап шығады; техникалық құралдардың бұзылғандығын жояды; жөндеу жұмыстары барысын бақылайды.
236. Энергетикалық қондырғыны қозғалысқа дайындау кезінде:
1) капитанның вахталық көмекшісінің (қызмет бастығы) дайындықтың уақыты мен тәртібі туралы нұсқауын алады;
2) көпіршемен және қондырғыны басқару посттарымен, авариялық жарықтандырумен, өртке қарсы және кептіру құралдарымен, байланыс құралдарын тексереді. Машина мен көпіршедегі сағатты тексереді;
3) ҚАБ жүйесінің іс-қимылын тексереді;
4) қондырғыны іс-қимылға дайындайды. Капитанның вахталық көмекшісінің рұқсатымен ғана қондырғыны ескек бұрандасына қосып қондырғыны бұрау және сынамалық іске қосуды жүргізеді;
5) машина журналында барлық командаларды, негізгі операцияларды орындау уақытын, тексеру және өлшеу қорытындыларын жазады;
6) қондырғының іс-қимылға дайындығы туралы қызмет бастығына баяндайды және оның рұқсаты бойынша капитанның вахталық көмекшісіне хабарлайды.
§ 8. Вахталық моторист
237. Вахталық моторист вахталық механикке бағынады.
238. Вахталық моторист:
1) вахтаны тапсырушыдан техникалық құралдар жұмысының режимі, бүзылуы және вахта бойынша тапсырмалар туралы мәліметтер алады;
2) техникалық құралдардың жарамдығын тексереді;
3) вахтаны қабылдау туралы баяндайды;
4) өз постында болады және тетіктердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
5) бұзылу мен ақаулар туралы баяндайды;
6) машина бөлімінде тәртіпті сақтайды.
11. Кеменің өміршеңдігі үшін күресті ұйымдастыру
239. Кеменің өміршеңдігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру Кемелердің өміршеңдігі үшін күрес бойынша тәлімдемеге (КӨКТ) және Халықаралық қауіпсізді басқару жөніндегі кодекске сәйкес кеме иесі әзірлеген және Сыныптау қоғамымен келісілген КБК талаптарын көрсететін болып табылатын Қауіпсіздікті басқару жүйесі (ҚБЖ), сондай-ақ кемедегі ұйымдастыру - техникалық іс-шараларды және ескерту іс-шараларын өткізу тәртібін, кеменің өміршеңдігі үшін экипаждың дайындығы мен іс-қимылын анықтайтын негізгі құжаттар болып табылатын ТЭЕ талаптары негізінде жүзеге асырылады.
240. Кеменің өміршеңдігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды көздейді:
1) кемені, оның құрылғыларын, техникалық құралдарын және жабдығын кеменің және оның теңізде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес үнемі қолдау;
2) кемені және айналадағы жағдайды тиісті бақылау;
3) кеменің өміршеңдігі үшін күрес құралдарының үнемі дайындығы;
4) өміршеңдік үшін күресті қамтамасыз етуге қабілетті бортта белгіленген экипаж санының үнемі болуы.
241. Авариялық-құтқару және өртке қарсы мүлік пен мүкәммал кеме экипажы адамдарының меңгерімдеріне тіркеледі, штатты орындарында сақталады және тізімі болады.
Аталған. мүлік пен мүкәммалды тікелей мақсатынсыз пайдалануға жол берілмейді.
242. Барлық кемелерде суға батпаушылық және беріктілік нормаларының талаптары қатаң сақталуы, кренді, корпустың дифферента мен су өткізбеушілігі үнемі бақылануы тиіс.
Балласты цистерналарды толтыру, кептіру және нығыздау, цистерналардан балласт пен отынды басқаларына қайта айдауға кеме капитанның рұқсаты және капитанның вахталық көмекшісін ескерту бойынша ғана рұқсат етіледі.
243. Кеменің өміршеңдігі үшін жалпы басшылықты кеме капитан жүзеге асырады, ал тікелей басқару капитанның аға көмекшісіне жүктеледі.
Өміршеңдік үшін күресті ұйымдастыру үшін кемеде үнемі авариялық партиялар (топтар) мен тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету партиялары (жолаушылар кемелерінде) құрылады.
Капитан авариялық партия (топ) құрамына медицина персоналдарынан басқа, барлық экипаж мүшелерін қосады, сондай-ақ кеменің өміршеңдігі үшін күреске экипаж құрамына кірмейтін адамдарды да тартады, бірақ кемедегілерді.
Аға механик машина үй-жайларында өміршеңдік күрес бойынша вахта іс-қимылын басқарады және өзінің меңгеріміндегі техникалық құралдардың дайындығын қамтамасыз етеді.
Кемеде капитан және капитанның аға көмекшісі болмаған жағдайда кеменің өміршеңдігі үшін күресті капитанның вахталық көмекшісі басқарады.
244. Кеменің өміршеңдігі үшін күресті ұйымдастырудың негізі дабыл бойынша кестелер болып табылады.
245. Дабыл бойынша кестелер экипаждың барлық мүшелерінің міндеттерін анықтайды, әр кемеде жасалады және капитан бекітеді.
Дабыл бойынша міндеттер әрбір экипаждың лауазымдар, мамандықтар, дайындығы, жеке қасиеттері мен физикалық қасиеттерін есепке ала отырып бөлінеді. Дабыл бойынша кестелерде экипаж мүшелерінің бір-бірін өзара алмасушылық көзделеді.
Дабылдар бойынша кестелерді жасау және оларды уақтылы түзеу капитанның аға көмекшісіне жүктеледі.
Дабылдар бойынша мынадай кестелер бекітіледі:
1) жалпы кемедегі дабыл бойынша кесте (оның ішінде өртпен/сумен, рефрижераторлық қондырғылардан аммиактың бөлінуімен күрес, рульмен авариялық басқаруға өту, қарақшылықпен күрес, мұнай өнімдерінің және т.б. төгілуін жою);
2) «Борт сыртында адам» дабылы бойынша кесте;
3) шлюпкалық дабыл бойынша кесте (кемені қалдыру кезінде).
246. Жалпы кемедегі дабыл бойынша кестеде барлық экипаждың міндеттері мен іс-қимылдары анықталады:
1) кемені теңізде басқару;
2) радиобайланыс және көру байланысы;
3) көкжиекті, ауа мен суды бақылау;
4) кеменің герметизациясы;
5) кеменің өміршеңдігі үшін күрес (су және отпен күрес);
6) кемеде орнатылған арнайы құралдарды пайдалану;
7) экипаж бен жолаушыларға медициналық көмек көрсету және санитарлық өңдеу;
8) тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау (жолаушылар кемелерінде).
247. Авариялық партиялардың (топтардың) командирлары жалпы кемедегі дабыл сигналы бойынша орындарға жетуі бойынша көпіршеде өміршеңдік үшін күреске дайындығы туралы, ал одан әрі өзінің іс-қимылдары мен жағдайдың өзгерістері туралы баяндайды.
248. «Борт сыртында адам» дабылы бойынша кестеде борт сыртындағы адамды құтқару, медициналық көмек көрсету бойынша экипаждың міндеттері анықталады.
«Борт сыртында адам» дабылы бойынша вахтаны ауыстыру жүргізілмейді.
249. Шлюпкалық дабыл бойынша кестеде мынадай бөлікте экипаж мүшелерінің міндеттері анықталады:
1) ұжымдық пайдаланатын құтқару құралдарын дайындау және түсіру және оларды қажетті мүлікпен және азық-түлікпен қамтамасыз ету;
2) шлюпкаларға жолаушылар мен экипажды отырғызу;
3) кеме және машина журналдарын, кем құжаттары мен құндылықтарды құтқару;
4) теңізде құтқару құралдарын басқару және олардың өзара, басқа кемелермен, жағамен, ұшақтармен және тікұшақтармен байланысын ұйымдастыру.
250. Жалпы кемедегі дабылды капитанның вахталық көмекшісі хабарлайды:
1) қажет болған жағдайда кемені оған төніп тұрған қандай да бір қауіпті алдын алу үшін алдын ала дайындау кезінде;
2) борттың сыртынан су келгенін немесе оның кеме ішіне жайылуын байқаған кезде;
3) жарылыс кезінде, өрт шыққанда не болмаса оның бірінші түтін белгілерін мен күйік иісін байқаған кезде;
4) кеме мен экипажға қауіп төндіретін басқа авариялық жағдайларда. «Борт сыртында адам» дабылын адам борт сыртына құлаған кезде немесе борт сыртынан адамды (адамдарды) байқаған кезде капитанның вахталық көмекшісі хабарлайды. Шлюпкалық дабылды (кемені қалдырған кезде) экипаж және жолаушылар кемені қалдыру қажет болған жағдайда осы Жарғының 86-тармағында қарастырылған жағдайларда капитан немесе капитанның нұсқауы бойынша басқа адам хабарлайды.
Кемені қалдырған кезде капитанның аға көмекшісі кеме үй-жайларын тексереді, ал аға механик машина үй-жайларын тексереді және онда адамдардың қалмағанына көз жеткізеді.
Экипаждың паспорттары, кеме, машина, электр механикалық және радиотелеграфты журналдары, оқиға алдындағы кеменің жолдары көрсетілген жол карталары, кеме кассасы мен қатаң есептілік құжаттары бар адамдар кемені қалдыру кезінде аталған құжаттар мен құндылықтарды құтқару үшін шаралар қабылдайды.
251. Мынадай дабыл сигналдары белгіленеді:
1) жалпы кемедегі дабыл - жеті немесе одан да көп қысқа дыбыс және соңынан ұзақ дыбыстық сигнал. Одан кейін дауыс зорайтқыш байланысы бойынша «Әскери»/ «Оқу» фразаларын бере отырып, дауыспен қайталанады, дабыл түрін атайды (Өрт, оқпен тесу, рульмен авариялық басқаруға өту, мұнай өнімдерінің төгілуі, таяз жерге отыру, қарақшылар шабуылы және тағы сол сияқты). Өрт кезінде тұраққа тұру уақытында портта жалпы кемедегі дабыл сигналы қосымша кеме қоңырауына жиі соққылаумен жалғасады;
2) «Борт сыртында адам» дабылы - қатты соғу қоңырауымен үш оң сигнал (сигналдың ұзақтығы - 5-6 секунд), сигнал 3-4 рет қайталанады;
3) шлюпкалық дабыл - қатты соғу қоңырауымен жеті қысқа және бір ұзақ сигнал, сигнал 3-4 рет қайталанады;
4) «Радиациялық қауіп» - бір қысқа және екі ұзақ дыбыс. 2 секунд аралықпен 3 рет қайталанады және дауыс зорайтқыш байланыс жүйесі бойынша жалғасады;
5) «Химиялық дабыл» төрт қысқа және бір ұзақ дыбыс. 2 секунд аралықта 3 рет қайталанады және дауыс зорайтқыш байланыс жүйесі бойынша жалғасады.
Қатты соғу қоңырауы істен шыққан кезде сигналдар бу ысқырығымен, тифонмен немесе сиренамен беріледі.
252. Барлық дабылдардың сигналдары кеменің трансляциялық желісі бойынша дабыл түрін атап, дауыспен қайталанады, өрт немесе оқпен тесілген жағдайда олардың орындары көрсетіледі. Трансляция болмаған жағдайда дабыл түрі, өрт пен оқпен тесілген орындар кез келген құралдармен хабарланады. Барлық дабылдарды тоқтату дауыспен хабарланады және трансляция бойынша командамен жалғасады. Жаттықтыру оқуларын (оқу дабылдарын) жүргізген кезде осы бапта белгіленген сигналдан кейін дауыспен немесе трансляция бойынша «оқу» деген сөз беріледі.
Экипаждың барлық мүшелері кеме дабылдарын хабарлағаннан кейін кесте бойынша жылдам өз орындарында тұрады, өздерімен бірге құтқару желеттері болады (кеудешелер) және шлюпкалық дабылды немесе «Борт сыртында адам» дабылын хабарлағаннан кейін киеді.
253. Дабылдар бойынша кестелер кеменің көпшілікке қолжетімді үй- жайларында көрнекі жерге ілінеді.
Экипаждың әрбір мүшесінің койкасының үстінде олардың дабыл кезіндегі міндеттері көрсетілген карточка болады.
254. Жолаушылардың жатын орындарында мынадай нұсқаулар болады:
1) кеме дабылдарының сигналдары;
2) кеме дабылдары бойынша жинау орны;
3) ұжымдық пайдаланатын құтқару құралдарының (шлюпкалардың, қайықтардың және тағы сол сияқты) нөмірлері мен орындары;
4) жеке құтқару құралдарын кию тәсілдері мен әдістері бойынша суретті нұсқаулық.
Каютадағы карточкалар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады.
255. КӨКТ бойынша іс-қимылдарды іс жүзінде орындау үшін кемеде үнемі КӨКТ-ға сәйкес дабылдардың барлық түрлері бойынша жаттығу оқулары жүргізіледі. Әрбір оқу-жаттығудан кейін оны талқылау жүргізіледі.
Жолаушылар оқу дабылдары және оларды өткізу қағидалары туралы алдын ала ескертіледі.
Кеме дабылдары бойынша оқулар СОЛАС-74 және КӨКТ жазылғаннан кем жүргізілмеуі тиіс.
12. Кеме ережелері
256. Кемеде темекі шегуге осыған арналған орындарда ғана рұқсат етіледі.
257. Экипаж мүшелері:
1) капитанның рұқсатынсыз бөгде адамдарды, олардың жүктері мен багаждарын, сондай-ақ экипаж мүшелеріне тиесілі жүкті тасымалдамайды;
2) борт сыртына қоқыс, күл, тамақ қалдықтарын тастамайды және мұнай өнімдері мен олар ластаған суды айдап шығармайды;
3) капитанның вахталық көмекшісінің рұқсатынсыз борт сыртында суға шомылмайды.
258. Кеме экипажы мүшелеріне спирт ішімдіктерін ішуге және мас күйінде кемеде болуға жол берілмейді.
259. Спорттық іс-шаралар (жүзу, шлюпкада жүру және т.б.) капитанның немесе капитанның аға көмекшісінің рұқсаты бойынша ғана өткізіледі.
260. Көрсетілген іс-шараларды қауіпсіз өткізуді бақылау капитан көмекшілерінің біріне жүктеледі.