Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды) экспорттау мен импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 689 қаулысымен
мақұлданған
жоба
1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды
(жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама
салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің
қолданысын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі,
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кедендік одақты қалыптастыру туралы шартты,
2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімді басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар 1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды) экспорттау мен импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтатады.
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасы дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
3-бап
Осы Хаттама 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімнің күшіне енген күнінен бастап уақытша қолданылады.
2011 жылғы _______________ ________________қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрі барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін