2011 - 2015 жылдары экономиканың жеті пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын мақұлдау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы N 699 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 414 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.06.2015 № 414 қаулысымен.

      2011 - 2015 жылдары экономиканың жылына орташа алғанда жеті пайызға өсуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2011 - 2015 жылдары экономиканың жеті пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мақұлдансын.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын 2011 - 2015 жылдары экономиканың жеті пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың мақұлданған негізгі бағыттарына сәйкес келтірсін.
      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігін тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күніне 2011 - 2015 жылдары экономиканың жеті пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөнінде қабылданып отырған шаралар туралы хабардар етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күніне 2011 - 2015 жылдары экономиканың жеті пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөнінде қабылданып отырған шаралар туралы жиынтық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 699 қаулысымен   
мақұлданған     

2011 – 2015 жылдары экономиканың жеті пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары

      Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкіметтің алдына кіріс деңгейі жоғары елдер тобына кіру міндеті қойылды, бұл үшін экономиканың жыл сайын кемінде 7 % өсу қарқынын қамтамасыз ету қажет. Үкімет және әкімдер экономиканың жыл сайынғы өсімін экономиканың барлық секторының дамуы есебінен қамтамасыз етуі тиіс.
      Елдің орта мерзімді кезеңге арналған даму болжамын қалыптастыру кезінде қойылған міндеттерді қамтамасыз ету үшін дамудың ішкі, сондай-ақ сыртқы жағдайлары да ескерілді.
      Экономиканың жылына 7%-ға теңгерімді өсуі бюджет міндеттемелерінің оның теңгерімсізденбей орындалуы үшін экономика ресурстарының жеткілікті өсімін жасауы тиіс. Бұл ретте энергетика, еңбек ресурстары және инфрақұрылым салалары тарапынан ресурстық шектеулер ескерілуі тиіс.
      Бұдан басқа, экономиканың 2015 жылға дейінгі дамуының болжамды параметрлері еңбек өнімділігін арттыру, жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) энергияны қажетсінуін төмендету, экономиканы жаңғырту және негізгі капиталды жедел жаңалау жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асырумен байланыстырылған.
      Экономикалық өсудің берілген қарқыны жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні 2015 жылы 15 мың АҚШ долларына дейін жеткізуге және Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) кіріс деңгейі жоғары елдер қатарына кіруіне ықпалын тигізетін болады.

1. Дамудың ішкі және сыртқы факторлары

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 617 Қаулысымен.

      Жаһандық экономикалық дағдарыс кезеңінен кейін келген 2010 жылы Қазақстан экономикасының өсуі 7% құрады. Әлемдік экономиканың жандануы, сыртқы сұраныстың қалпына келтіруі және Қазақстан экспортының өсуін қамтамасыз еткен энергия ресурстарына және металға сыртқы баға конъюнктурасының тұрақтануы дағдарыстан жылдам шығуға және экономиканың өсуіне ықпалын тигізген негізгі сыртқы факторлар болды.
      2011 жылдың басынын бері өсу үрдісі жалғасуда.
      Орта мерзімді кезеңде экономиканың даму қарқыны әлемдік экономикадағы және әлемдік шикізат нарықтарындағы жағдайлармен айқындалатын болады.
      2011 – 2012 жылдардағы әлемдік экономиканың перспективалары мен өсу қарқыны 4,4-4,5% шегінде, орташа алғанда 2015 жылға дейін 4,0% болжануда.
      Сонымен қатар, әлемде дамыған және дамушы елдердің дамуында әлемдік өндірістің өсуіне пен энергия ресурстарының құнына теріс әсерін тигізуі мүмкін белгілі бір теңгерімсіздіктер қалыптасты.
      Экономикасы дамыған елдерде даму қарқыны әлі күнге дейін төмен қалпында қалып отыр, жұмыссыздық жоғары болып отыр, евроның шет аймақтарындағы ширығу өсу қарқынының төмендеу тәуекелінің күшейе түсуіне ықпалын тигізуде. Нарығы қалыптасып келе жатқан көптеген елдерде белсенділік деңгейі жоғары болып отыр, алайда инфляциялық қысым туындауда және ішінара капиталдың елеулі ағынынан туындаған қызып кетудің кейбір белгілері байқалуда.
      Әлемнің ірі дамыған және дамушы экономикалары өсуінің ағымдағы үрдістері мен перспективаларға сүйене отырып, біз әлемдік экономика үшін мынадай келесі негізгі қатерлер бар деп болжаймыз:
      1) евроның шет аймағындағы елдер проблемаларының Еуропаның негізгі елдеріне таралу мүмкіндігі ЕО елдері экономикасының даму қарқынын баяулатуы мүмкін. ҚР экспортының 52%-ы және импортының 24,3%-ы ЕО елдеріне келетіндіктен, бұл бағаның және осы елдерге негізгі экспорттық тауарлар көлемінің төмендеуіне алып келуі мүмкін:
      2) экономикасы дамыған негізгі елдердегі бюджеттік шоғырландырудың орта мерзімді жоспарларын әзірлеудегі прогрестің жеткіліксіздігі және АҚШ-тың жылжымайтын мүлік нарығының сақталып отырған әлсіздігі.
      Жаһандық экономика үшін басқа тәуекел экономикасы дамыған ірі елдердегі бюджеттік шоғырландырудың орта мерзімді жоспарларын әзірлеудегі прогрестің жеткіліксіздігіне негізделген. Жуырда АҚШ-та және Жапонияда қабылданған ынталандыру шаралары бюджеттің орта мерзімді орнықтылығына қол жеткізуді қиындата түседі. АҚШ-тың ФРЖ сандық жұмсарту бағдарламасы QE 1 және QE 2 (QE 1 - 1,7 трлн. долл., QE 2 – 600 млрд. долл.) барынша жұмсақ ақша-кредит саясаты аясында (ФРЖ ставкасы 0-0,25%) жүргізілді. Сондықтан қауіпсіз салымдардың стандартты объектілерінің (қайта қаржыландыру ставкаларына байланыстырылған депозиттер, қысқа мерзімді қазынашылық облигациялары және т.б.) кірістілігі азайды. Осындай жағдайларда инвесторлар ақшаларын акциялар, шикізат және азық-түлік нарықтарына шығарады, бұл нарықтардың тұрақсыздығын және жаһандық инфляцияның өсу қатерін арттырады;
      3) нарығы қалыптасып жатқан елдерге алыпсатарлық капитал ағынының салдарынан биржа тауарларына бағаның жоғары болуы және қызып кету.
      Қазіргі уақытта әлемдік тұтынудың 40 % дерлік және әлемдік өсудің үштен екісінен астамы нарығы қалыптасып келе жатқан елдердің үлесіне келеді, осы елдердегі өсу қарқынының төмендеуі әлемдік өсуге елеулі зиянын тигізген болар еді. Осы елдерде барынша елеулі тәуекелдер қызып кетумен, инфляциялық қысымның жылдам өсуімен және қиындық туындау мүмкіндігімен байланысты болып отыр. Нарығы қалыптасып келе жатқан елдердің арасында Қытай өсудің негізгі локомотиві болып табылады. ҚХР қызып кетумен және инфляциялық қысымның өсе түсуімен ақша кредит саясатын қатаңдату жолымен күресті қазірдің өзінде бастап отыр, бұл әлемдік экономиканың дамуын баяулатуы мүмкін.
      Әлемдік экономикадағы дағдарыстан кейінгі кезең бағаның жаһандық өсуімен сипатталады. Энергия тасығыштарға бағалар әлемдегі жоғары сұраныстың және капиталдың биржа тауарлары нарығына алыпсатарлық ағынның ықпалымен өсті.
      Бұдан басқа, мұнайдың әлемдік нарықтары өсе түскен тапшылық кезеңін бастан өткеруде. Мұнай ұсыныстарын қосымша шектеу әлемде геосаяси қатерлерді туындатады. Осы факторлардың әсерінен, халықаралық ұйымдардың бағалау бойынша мұнай бағасы болжамды кезеңде жоғары қалпында (шамамен 100 доллар баррелі) қалуы ықтимал.
      Бағаларды өсіре түсетін қысым 2011 жылы да жалғасатын болады. Жаһандық инфляцияның және бағаның тұрақсыздығының өсуі осы кезеңнің сипатты ерекшелігі болады, бұл әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында жаһандық теңгерімсіздіктермен және бағалардың биржа тауарлары мен азық-түлік нарығындағы күйзелісті ауытқуларымен шартты байланысы бар.
      Нарығы қалыптасып келе жатқан елдер бағалардың өсуі мен олардың тұрақсыздығының ерекше қатеріне бейім болады.

Мұнайдың әлемдік бағасының болжамдары жылына орта есеппен баррелі үшін/АҚШ доллары

Компания

2011

2012

2013

2014

2015

Күн

ANZ

110.7

117.6

119.8

109.6

102.1

07.10.11

BNP Paribas

112.0

116.0







18.11.11

Barclays Capital

112.0

115.0

125.0

130.0

135.0

25.11.11

Citigroup Investment Research

111.4

110.0

120

86.95

89.0

12.11.11

Commerzbank

110.0

106.0







11.11.11

Deutsche Bank

111.15

115.0

120.0

123.0

125.0

02.12.11

Еconomist intelligence Unit

111.0

95.0

97.5

100.0

104.0

14.12.11

HSBC

110.0

90.0

90.0

79.0

80.0

31.05.11

ING

107.5

100.0

95.0

90.0

85.0

01.04.11

JP Morgan

111.93

112.24

109.89

106.73



03.06.11

Lloyds TSB

111.4

106.8







05.10.11

Morgan Stanley





100.0

100.0



29.11.11

Raiffeisen RESEARCH

111.0

98.0

110.0

125.0

130.0

13.10.11

Royal Bank of Scotland

107.0

95.0

90.0

86.0

84.0

15.09.11

Rye, Man & Gor Securities

112.0

100.0

103.0

106.0

108.0

12.12.11

Scotia Capital

111.0

108.0

110.0





01.12.11

Societe Generate

107.8

110.0

115.0

120.0

126.0

22.11.11

Standard Bank

108.0

110.0

115.0

110.0



10.11.11

TD Securities

110.0

105.0

115.0

115.0



16.12.11

ВТБ Капитал

112.0

100.0

95.0

95.0

95.0

05.10.11

ЮниКредит Секьюритиз

115.0

120.0







12.12.11

Консенсус-болжам

110.22

105.22

106.35

103.94

102.29



      Ішкі жағдайлар инвестициялық белсенділік пен мемлекеттік және жеке секторлардың тұтынуын ынталандыру есебінен экономикалық өсудің мақсатты параметрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін 2011 – 2015 жылдары макроэкономикалық теңгерімді қолдау мақсатында ақша және салық-бюджет саясатының құралдарын тиімді пайдалануды көздейтін жиынтық сұраныс пен ұсынысты мемлекеттік реттеу тетігі қолданылатын болады.
      Экономиканың орта мерзімді кезеңінде орнықты және ілгері дамуы үшін макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет.
      ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкінің күш-жігері инфляцияны бір таңбалы сан шегінде ұстап қалуға бағытталатын болады. Бұл үшін қажет болған жағдайда ақша-кредит саясатын қатаңдату бойынша шаралар қолданылатын болады.
      Инвестициялар саласындағы заңнамада инвесторларды тарту үшін ынталандыру пакеттері көзделетін болады, ынталандырулардың базалық пакеті Қазақстанның барлық резиденттеріне, оның ішінде экономикалық қызметтің басым түрлерінде қызметін жүзеге асыратын инвесторлар үшін қолданылатын болады. Барынша маңызды инвестициялық жобалар үшін арнайы режимдер жасалатын болады; шетел инвесторларымен және Қазақстанның инвестициялық имиджін ілгерілету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілетін болады.
      Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама, сондай-ақ инвестициялық және бизнес-ахуалды жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және экономиканы жаңғыртуға бағытталған бірқатар салалық бағдарламалар экономиканы әртараптандыруды қамтамасыз етудің шешуші құралы болады.
      Шағын және орта бизнес субъектілері үшін кредит ресурстарының құнын төмендету, оның ішінде халықаралық қаржы институттарының кредит ресурстарын тарту шараларын қабылдау жолымен, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары басқа да қаржылық және қаржылық емес жолымен экономиканың шикізат емес секторында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтауға және жаңаларын құруға бағытталған "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы оны іске асыру тетіктерінің біріне айналады.
      Экономиканың салаларында еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды ауқымды жаңғырту бойынша "Өнімділік 2020" бағдарламасы іске асырылатын болады.
      Бизнес үшін қосылған құны жоғары өндірістерді, жаңа технологиялар трансфертін, отандық инновациялық шешімдерді әзірлеуді, өнім экспортын ілгерілетуді, өнім шығаруға арналған ұзақ мерзімді тапсырысты қамтамасыз етуді қолдаудың жүйелі шараларының тұтастай жиыны өрістетілетін болады.
      Инвесторлар үшін экономиканың шикізат емес секторларында, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтарды дамыту есебінен қосымша ынталандырулар жасалатын болады.
      Сауда кедергілерін азайту мен КО және БЭК шеңберінде экономикалық интеграцияны кеңейту өткізу нарығын кеңейту бөлігінде қосымша мүмкіндіктер ашады.
      Экономиканың өсу көздерін сұраныс пен ұсыныстың ішкі факторларына қайта бағдарлау, ішкі сұранысқа бағдарланған шикізаттық емес салалардың дамуы экономиканың орнықтылығын қамтамасыз етеді.
      Әлеуметтік секторды жаңғырту мақсатында білім беру және денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын жақсарту, жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін төмендету бойынша шаралар қолданылатын болады.
      Білім беру, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту саларында шешуші бағдарламалық құжаттарды іске асыру:
      - табиғи өсім және ұтымды көші-қон саясатын жүргізу есебінен халықтың санын ұлғайтуды;
      - балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен 70% қамтуды қамтамасыз етуді;
      - өмір сүру жасының ұзақтығын 70 жасқа дейін ұлғайтуды;
      - ана мен баланың өлімін 1,5 есе төмендетуді;
      - жұмыссыздық деңгейін 5,5% дейін төмендетуді;
      - табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін 8% дейін төмендетуді қамтамасыз етуі тиіс.

2. Жеті пайыздық экономикалық өсудің индикативті көрсеткіштері

      Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 617 Қаулысымен.

      Экономиканың 7% өсуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі салаларда әр жылға арналған өсудің индикативті көрсеткіштері түріндегі ЖІӨ құрылымындағы салалардың даму жоспарын әзірледі.
      ЖІӨ құрылымындағы салалардың өсуі бойынша индикативті көрсеткіштер іске асырылуы инвестициялық жобалардың көзделген бағдарламалары есебінен ұйғарысып отырған 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаларда айқындалған салалар дамуының индикаторлары негізінде айқындалды.
      Бұл ретте салалық бағдарламалардың индикаторлары өзектендірілген Индустрияландыру картасына (439 жоба) және жаңа өндірістерді енгізуге сәйкес қосымша инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отырғаны ескеріле отырып ұлғаю жағына қарай түзетілді.
      Жоспарланған параметрлер шегінде салалардың дамуы Brent мұнайы бағасының бір баррелі үшін 70-80 АҚШ долларынан төмен емес деңгейі кезінде болуы мүмкін. Мұнайдың барынша жоғары бағасы салаларда өсу қарқының ұлғаюына ықпалын тигізуі мүмкін. Бағаның 14 %-ға артуының әсері нақты ЖІӨ-нің қосымша өсімі 0,3 пайыздық тармақта (п.т.) бағаланады.

 

      Экономиканың салаларында нақты өсімнің көрсетілген өсу қарқынын қамтамасыз ету үшін салалық экономикалық саясатты мынадай салаларда іске асыру қажет.

Экономиканың салаларында НКИ бойынша өнім, қызметтер көрсету жоспары, алдыңғы жылға қарағанда %-бен


2011

2012

2013

2014

2015

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

126,7

87,0

104,6

105,0

104,9

Өнеркәсіп

103,3

103,9

104,2

104,9

107,1

Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игepу

101,3

101,7

101,6

101,7

107,4

Өңдеу өнеркәсібі

106,2

107,1

108,0

109,1

107,1

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау

107,4

104,4

103,8

104,4

105,6

Құрылыс

102,7

102,9

103,5

103,3

103,6

Қызметтер өндірісі






Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

114,5

112,7

111,7

111,3

111,5

Көлік және қоймаға қою

106,8

107,9

107,2

107,1

107,9

Ақпарат және байланыс

118,7

108,2

108,3

108,7

110,4

ЖІӨ

107,5

106,0

106,3

106,5

107,7

      Салалар дамуының мемлекеттік органдарға бекітілген индикативті көрсеткіштері қосымшада келтірілген.

Ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 617 Қаулысымен.

      Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің жылдық орташа өсімі 2011 — 2015 жылдары саланы техникалық-технологиялық жаңғыртуды көздейтін үдемелі аграрлық-индустриялық саясат есебінен 5,0 - 6,0 %-ды, тамақ өңімдерін өндіру өсімі жыл сайын шамамен - 10% құрауы тиіс.
      Өсімдік шаруашылығы саласындағы саясат елдің ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері бойынша өзін өзі толық қамтуға қол жеткізуге бағытталатын болады. Ылғал үнемдейтін технологияларды және тамшылатып суаруды белсенді пайдалана отырып егіс алқаптарын кеңейту өнімділікті арттыру мен ауыл шаруашылығы өндірісін жеделдетудің негізгі факторлары болады.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді егіншілік мәдениетін арттыруға ынталандыру мақсатында субсидиялардың ынталандыру рөлі бойынша мемлекеттік қолдау тетігі қайта қаралатын болады.
      Қазіргі заманғы технологияларды, еңбектің прогресті әдістерін қолданатын, өндірісті жаңғыртуды іске асыратын және кооперативтерге бірігетін кәсіпорындар субсидияларды көтеріңкі нормативтер бойынша алатын болады.
      Мал шаруашылығы саласында негізгі салмақ асыл тұқым базасын дамыту және генетикалық әлеуетті арттыру негізінде мал шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін ұлғайтуға түсірілетін болады.
      Бұл мал шаруашылығында кең ауқымды селекцияны жүзеге асыру шеңберінде ғылыми сүйемелдеудің сапасын арттыруды, сондай-ақ одан әрі репродукциялау үшін асыл тұқымды мал импортын талап етеді.
      Бұл сабақтас салаларға мультипликативті әсерін тигізеді: ветеринариялық препараттарды өндірудің, диагностикумдардың, құрама жемазықтың, қайта өңдеу саласында шикізат жеткізудің қосымша көлемдері талап етіледі; құс шаруашылығы өнімдерін, ветеринариялық биологиялық препараттарды сатудан және құрама жемазық өндіруден салықтық түсімдер, сондай-ақ биязы жүн экспорты есебінен бюджетке түсетін түсімдер ұлғаяды.
      Тұтастай алғанда 2015 жылға қарай ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында айтылған негізгі индикаторларға қол жеткізу межелі нәтижелер болады: АӨК жалпы қосылған құнды кемінде 16%-ға, ұлғайту, ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін кемінде 2 есе арттыру, азық-түлік тауарларының ішкі нарығының 80%-ын отандық тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету, саланың шикізат емес экспорттың жалпы көлеміндегі экспорттық әлеуетін 8 % дейін ұлғайта түсу.
      Агроөнеркәсіп саласы бойынша 173 жоба, олардың 159-ы Индустрияландыру картасы шеңберінде, ал 14-і салалық бағдарлама бойынша жоспарланған. Инвестициялардың жоспарланған жалпы көлемі 244,7 млрд. теңгені құрайды. Саланың ЖҚҚ-сы 2011 - 2015 жылдары 7 345,3 млрд. теңгені құрайды. Бүкіл кезең бойы сала бойынша ЖҚҚ нақты өсімі 27,1 % құрайды.

Өнеркәсіп

      Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 617 Қаулысымен.

      2011 — 2015 жылдары өнеркәсіп өнімінің көлемі жыл сайын орташа алғанда 4,7% өсетін болады.
      Өнеркәсіп өндірісі көлемінің 2011 жылы 3,3 % және 2012-2015 жылдары 5,0% жылдық орташа өсуі өңдеу секторында өндіріс көлемінің озық өсуі қарқыны есебінен қамтамасыз етілетін болады.
      Металлургия өнеркәсібінің жылдық орташа өсу қарқыны 8,3% құрайды. Металлургияның дамуы экономиканың сабақтас салаларының (машина жасау, химия өнеркәсібі және т.б.) әлеуетің ынталандыруға, сыртқы сауданы ұлғайта түсуге және әртараптандыруға мүмкіндік береді.
      Өңдеу өнеркәсібіне инвестициялардың өсуінің жылдық орташа қарқыны 15,2 пайыздық тармаққа өседі.
      Тау-кен-металлургия саласындағы өсу ел ішінде шикізатты қайта өңдеуді барынша ұлғайту, базалық металдарға шығу және өнеркәсіптің машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика және т.б. сияқты басқа салаларын дамытуды қамтамасыз ететін қайта бөлінісі жоғары өнімдер өндіру есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.
      Тау-кен-металлургия саласында 2015 жылдың соңына дейін 94 жоба, оның ішінде 57 жоба салалық бағдарлама бойынша, 37 жоба Индустрияландыру картасы бойынша жоспарланған.
      Тау-кен-металлургия саласының жобаларына 2011 жылдан бастап 2015 жыл аралығында инвестициялардың көлемі 3 019,6 млрд. теңге көлемінде жоспарланып отыр. Саланың ЖҚҚ-сы 2011 - 2015 жылдары 11 046,8 млрд. теңгені құрайды. Сала бойынша барлық кезеңде ЖҚҚ өсімі 98,9 % құрайды.

      Химия өнеркәсібінде өндірістің 2011 жылы 21,5 % және 2012 - 2015 жылдары орташа 12,9 % өсуі бәсекеге қабілетті жаңа химия өндірістерін көру жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.
      Химия өнеркәсібі бойынша 2011 жылдан бастап 2015 жылдар кезеңінде 39 жоба белгіленген, оның ішінде 18 жобаны салалық бағдарлама шеңберінде, 21-ін Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асыру жоспарланған. Химия саласының жобаларына инвестициялардың жоспарланып отырған жалпы көлемі 900,8 млрд. теңгені құрайды. Саланың ЖҚҚ-сы 2011 - 2015 жылдары 990,3 млрд. теңгені құрайды. Сала бойынша ЖҚҚ өсімі бүкіл кезеңде 95,5 % құрайды.

      Мұнай және газ конденсатын ендіру көлемі болжам бойынша 2010 жылғы 79,5 млн. тоннадан 2015 жылы 95 млн. тоннаға дейін ұлғайды.
      Қазақстанда көмірсутегі қорлары ұлғаюының нақты перспективалары бар. Сондықтан геологиялық барлау жұмыстарына көп көңіл бөлу керек, өйткені Қазақстанның жер қойнауының әлеуеті бұрынғысынша жоғары қалпында қалуда.
      Қазақстан Республикасында көмірсутегі шикізатының жалпы болжамды шығарылатын ресурстары 17 млрд. тоннаны құрайды, оның 8 млрд. тоннасы Каспий теңізінің қазақстандық секторына тиесілі.
      Осыған байланысты саясаттың негізгі бағыты Каспий және Арал теңіздерінің акваториясындағы жер қойнауы учаскелерін кең ауқымды зерттеу болып табылады.
      Сонымен қатар, индикаторларға және, тиісінше, мақсаттарға, «Теңіз», «Қарашығанақ» кен орындары сияқты ірі жобалар арқылы, сондай-ақ Қашаған жаңа кен орының игеру есебінен қол жеткізу жоспарланып отыр.
      Бұдан басқа, мынадай теңіз жобаларында іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілуде: Құрманғазы, Түпқараған, Аташ, Жамбай Оңтүстік-Оңтүстік Забурунье, Жемчужина.
      Мұнай-газ секторын дамыту шеңберінде 2015 жылдың аяғына дейін 22 ірі жоба жоспарланған, оның ішінде 9-ы салалық бағдарлама шеңберінде, 13-і Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асырылатын болады. Осы жобалар бойынша инвестициялардың жоспарланып отырған жалпы көлемі 1379,6 млрд. теңгені құрайды. Саланын ЖҚҚ-сы 2011 - 2015 жылдары 25 311 млрд. теңгені құрайды. Сала бойынша ЖҚҚ өсімі бүкіл кезеңде 64,4 % құрайды.

Геологияны дамыту

      Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 617 Қаулысымен.

      Өнеркәсіп салаларын белсенді дамыту үшін минералдық ресурстарды ұтымды және кешенді пайдалану мен жаңғыртуды қамтамасыз ету экономикалық саясаттың басым мақсаты болып табылады.
      Жер қойнауын пайдалану саласына инвестициялар тарту үшін геологиялық барлау жұмыстарының көлемін айтарлықтай ұлғайту қажет. Бұл мемлекеттің осындай жұмыстарды жүргізу жөніндегі компания құру туралы шешім қабылдауын талап етеді.
      2007 жылдан бері елде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізуге мораторий жарияланған. Жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялық ахуалды дамыту заңнамалық базаның одан әрі пысықталуын талап етеді.
      Машина жасау өнеркәсібі өндірісінің 2011 жылы 16,8 % және 2012 — 2015 жылдары орташа жыл сайын 9,6 % өсуі жұмыс істеп тұрған кәсіпорыңдарды жаңғырту, шығарылатын ассортиментті кеңейтетін икемді өндірістер көру және машина жасау өнімінің жаңа түрлерін игеру есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.
      Машина жасау саласында 2015 жылдың аяғына дейін 59 жоба, оның ішінде, 17-сі салалық бағдарлама бойынша, 42-сі Индустрияландыру картасы бойынша жоспарланған.
      2011 жылдан 2015 жыл аралығында саланың жобаларына 189,3 млрд. теңге көлемінде жалпы инвестициялар жоспарланған. Саланың ЖҚҚ-сы 2011 - 2015 жылдары 2 501,2 млрд. теңгені құрайды. Саланың ЖҚҚ-сының бүкіл кезеңдегі өсімі 68,3 % құрайды.

      Фармацевтика өнеркәсібінің 2011 - 2015 жылдары орташа жыл сайын 2,3% өсуі еңбек өнімділігін арттыру, ассортиментті анағұрлым кеңейту, кәсіпорындардың жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту және жаңаларын салу есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.
      Фармацевтика саласында 2015 жылдың аяғына дейін 34 жоба, оның ішінде 13-і салалық бағдарлама бойынша, 21-і Индустрияландыру картасы бойынша жоспарланған.
      2011 жылдан 2015 жылдар аралығында саланың жобаларына жалпы инвестициялар 36,8 млрд. теңге көлемінде жоспарланып отыр. Саланың ЖҚҚ-сы 2011 - 2015 жылдары 78,5 млрд. теңгені құрайды. Саланың ЖҚК-сының бүкіл кезеңдегі өсімі 11,5 % құрайды.

      Жеңіл өнеркәсіптің 2012 - 2015 жылдары орташа 3,1 % өсуі әртараптандыру және ұзақ мерзімді кезеңде оның әлеуметтік тиімділігінің күшейте отырып, жеңіл өнеркәсіп өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің арта түсуі есебінен қамтамасыз етілетін болады.
      Жеңіл өнеркәсіпте 2015 жылдың соңына дейін Индустрияландыру картасы бойынша 7 жоба жоспарланған.
      Саланың жобаларына жалпы инвестициялар 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейін 6,9 млрд. теңге көлемінде жоспарлануда. Саланың 2011 - 2015 жылдардағы ЖҚҚ-сы 172,0 млрд. теңгені құрайды. Саланың ЖҚҚ-сының бүкіл кезеңдегі өсімі 54,3 % құрайды.

      Құрылыс материалдары өндірісін ұлғайту бәсекеге қабілетті, энергия үнемдейтін, ресурс үнемдейтін құрылыс материалдары, индустриялық-инновациялық негізде қосылған құны жоғары бұйымдар мен конструкциялар өндірісін дамыту; құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісін индустриялық-инновациялық дамытуды кешенді ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.
      Құрылыс саласы бойынша 98 жоба жоспарланды. Инвестициялардың жалпы жоспарланған көлемі 223,1 млрд. теңгені құрайды.

      Саланың ЖҚҚ-сы 2011 - 2015 жылдары 1 188,5 млрд. теңгені құрайды. Сала бойынша ЖҚҚ өсімі бүкіл кезеңде 82,1 % құрайды.
      Электр энергетикасындағы экономикалық саясаттың мақсаты экономиканың электр энергиясына мұқтаждығың қамтамасыз ету және елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу болып табылады.
      Саладағы өндірістің 2011 жылы 2,7% және 2012 - 2015 жылдары орташа жылына 3,3% өсуі 2015 жылдың соңына дейін 10 жобаны іске асыру есебінен қамтамасыз етілетін болады, олардың арасында:
      1) Шардара ГЭС-ін жаңғырту (2010-2015 жылдар);
      2) Екібастұз ГРЭС-2 (№ 3 блоктың құрылысы). Жобаны іске асыру құны - 118,3 млрд. теңге. Қуаты 525 МВт. (2010 - 2014 жылдар);
      3) Балқаш ЖЭС құрылысы. Жобаны іске асыру құны 360,7 млрд. теңге. I модульдің қуаты 1320 МВт (2009 - 2017 жылдар);
      4) Мойнақ ГЭС. Жобаны іске асыру құны 54,1 млрд. теңге. Қуаты 300 МВт, (2010 - 2012 жылдар);
      5) 500 кВ «Алма» ҚС құрылысы, кернеуі 500, 220 кВ желілермен Қазақстан ҰЭЖ-не қосу (2010 - 2014 жылдар).

      Саланың жобаларына жалпы инвестициялар 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейін 799,3 млрд. теңге көлемінде жоспарлануда. Саланың ЖҚҚ 3 313,0 млрд. теңгені құрайды. Сала бойынша ЖҚҚ өсімі барлық кезеңде 28,3 % құрайды.

Құрылыс

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 617 Қаулысымен.

      Құрылыс көлемінің 2011 жылы 2,7 %-ға және 2012 - 2015 жылдары орташа 3,3 %-ға өсуі құрылыс секторын реттеуді жетілдіруге ықпал ететін болады.
      Өсудің берілген өлшемдеріне қол жеткізу үшін мыналарды қамтамасыз ету міндеттерін шешу қажет:
      Индустрияландыру картасында көзделген барлық объектілердің құрылысы (инвестициялардың жалпы көлемі – 2 588,5 млрд.теңге);
      2011-2014 жылдары Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жалпы көлемі 24300 мың шаршы метрді пайдалануға беру (инвестициялардың жалпы көлемі – 479,2 млрд.теңге);
      тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын іске асыру (инвестициялардың жалпы көлемі – 422,1 млрд.теңге);
      РБ-ден бөлінген жалпы қаражатының көлемі 493,4 млрд. теңге әлеуметтік сала, (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет), 2 394,5 млрд.теңге көлік, инфрақұрылым объектілері жобаларын уақытында пайдалануға беру.
      Құрылыс материалдар өндірісі мен тұрғын үй құрылысы салаларында 2015 жылдың соңына дейін 98 жоба жоспарланған.
      Әлеуметтік салада республикалық бюджет қаражаты есебінен 2015 жылдың соңына дейін 824 объект, соның ішінде денсаулық сақтау саласында 350 объект, білім беруде 472 объект және 2 мәдениет объектісі салынатын болады.
      Құрылысқа жалпы инвестициялар 2011 жылдан 2015 жылға дейін 10 051,7 млрд. теңге көлемінде жоспарлануда. Саланың ЖКҚ-сы 2011 -2015 жылдары 12 063,6 млрд. теңгені құрайды.

Байланыс

      Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 617 Қаулысымен.

      Байланыс және ақпарат қызметтерінің 2011 жылы 18,7 %-ға және 2012 - 2015 жылдары орташа жылына 8,9 %-ға өсуі инфокоммуникациялық технологиялардың бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған ұлттық секторын құру есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Сауда

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 617 Қаулысымен.

      Экономиканы дамытудың нысаналы индикаторын қамтамасыз ету үшін сауданың жыл сайынғы өсуі 2011 жылы 14,5 % және 2012 - 2015 жылдары орташа 11,8 % деңгейінде қамтамасыз етілуі тиіс. Экономикалық саясат сауданың инфрақұрылымын жетілдіру арқылы ішкі сауданың тиімділігін арттыруға, сауда саласындағы еңбек өнімділігін ұлғайтуға бағытталатын болады.
      Бұл:
      - ішкі сауданы мемлекеттік қолдау жүйесін қалыптастыру;
      - биржалық сауданы жедел дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
      - көтерме сауда жүйесін халықаралық транзит желісіне біріктіру;
      - ішкі саудаға қатысушыларды сервистік қолдауды ұйымдастыру (ақпараттық, талдамалық және өзге) арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында 2010 – 2014 жылдарға арналған Сауданы дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде мынадай іс-шараларды жүргізу болжанады:
      қазіргі заманғы сауда форматтары алаңдарының санын және олардың жалпы бөлшек сауда айналымындағы үлесін ұлғайтуға ынталандыру;
      электронды сауданы дамыту, алыстағы өндірушілерді (әсіресе ауылдық жерлердегі) тауардың негізгі жылжу арналарына жақындату, сауданың ашықтығын және нарыққа қатысушылардың хабардар болуын арттыру, сондай-ақ оған қатысушылардың кәсіби шеберлік деңгейлерін арттыру.
      Сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі- ӘКК) өңірлерді жеміс-көкөніс өнімдерімен толықтыру процесіне тарту жұмысы жалғасатын болады.
      Бұдан басқа, белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін инвестициялар тарту және тұтастай Қазақстаның сауда жүйесін дамыту үшін қолайлы жағдай жасай отырып, бәсекеге қабілетті көлік-логистикалық жүйесін дамыту және құру қажет.
      ҚР шекаралас аумақтарындағы жұмыс істеп тұрған ірі базарлардың мүмкіндіктерін пайдалануға бағытталған іс-шараларды іске асыру және ҚР, ӨР, ҚХР шекаралары мен Ақтау Теңіз порты аумағында сауда-логистикалық орталықтар (бұдан әрі- СЛО) құру болжануда, яғни:
      - техникалық тұрақты және технологиялық жаңартылған сауда-логистикалық торабын немесе Жамбыл облысының Қордай ауылындағы (Қырғызстанмен шекаралас) "Барыс-2" сауда кешені базасында жүктердің жақсы сақталуын және оларды тұтынушыларға жедел жіберуді қамтамасыз ететін қойма терминалдары мен қажетті инфрақұрылымы бар Азиялық ірі сауда нарығын құру;
      - Оңтүстік Қазақстанда (Шымкент қаласы) және Ақтау Теңіз портында (Маңғыстау облысы) СЛО құру бойынша әзірленген техникалық экономикалық негіздемесін (бұдан әрі- ТЭН) одан әрі іске асыруды жүргізу;
      "Семей" СЛО мен ШҚО "Шемонаиха" көтерме-бөлшек сауда кешенінің ТЭН әзірлеу және іске асыру.
      Сауда биржаларының қызметін жеделдетіп дамыту, сауданы стратегиялық маңызы бар тауарлармен реттеу, споттық фьючерлік биржалық саудаға көшу үшін қазіргі заманғы байланыс құралдары мен ақпараттарды есептеу мен өңдеудің ақпараттық құралдарын пайдаланудың негізінде биржалық сауданың жаңа тәсілдерін енгізу; Қазақстанда тауар биржаларын тұрақты дамыту және қазіргі заманғы фьючерлік сауда жүйесіне көшу үшін жағдай жасау қажет.
      Елдің қолайлы аумақтық орналасуы мен экономикааралық байланыстары алдағы уақытта Орталық Азиядағы басты биржалық орталыққа айналып қазақстандық тауар биржасын халықаралық деңгейге алып келуі мүмкін.

3. Нысаналы индикаторларды қамтамасыз ету үшін қажетті инвестициялар көлемі

      Экономикада бірқатар жылдардан бері негізгі құралдардың жоғары барынша тозуы сақталып отыр, ол 37,9% құрайды. Бұл үрдістер экономиканың бәсекеге қабілеттілінің төмендеуі тәуекелдерін жасауда және жыл сайын 7% тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу міндетін қиындатып отыр.
      Экономикалық өсудің нысаналы параметрлеріне қол жеткізу үшін экономикадағы күрделі салымдар көлемі 2011 – 2015 жылдары 2010 жылға қарағанда 58,5%-ға өсуі тиіс, бұл мақұлданған болжамдағы қажеттілікпен салыстырғанда 12,7 пайыздық тармаққа көп.
      Экономикадағы күрделі салымдардың қосымша көлемі 2012 – 2015 жылдары 2,8 трлн. теңгеге бағалануда.

      Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялар өсімінің орташа жылдық қарқыны базалық нұсқамен салыстырғанда 15,2 пайыздық тармаққа өседі және 24,6% жетеді.
      Инвестициялар тарту саласында елді үдемелі индустриялдық дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы құрылымдық саясат пен экономиканы әртараптандырудың шешуші құралы болып қалады.
      Негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру көздері
      Экономиканың өсуі үшін талап етілетін қолда бар ресурстарды ескере отырып, 2011 – 2015 жылдарға арналған жалпы инвестициялар көлемі 81,1% қамтамасыз етілген. Бұл кәсіпорындардың тұтынылған негізгі капиталдың құнын, даму бюджетінің жоспарланған қаражатын, мемлекеттік емес қаражат есебінен бағдарламалық құжаттарда көзделген инвестицияларды қалпына келтіруге, сондай-ақ жыл сайын 6 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестициялар тартуға арналған амортизациялық аударымдарын ескереді.

Қаржыландыру көздерінің негізгі капиталға инвестициялардың қажетті көлемімен қамтамасыз етілуі, млрд. теңге



2011

2012

2013

2014

2015

2011-2015 жж.

Негізгі капиталға қажетті инвестициялардың жалпы көлемі

5 763,3

6 112,6

6 398,5

6 989,2

7 565,2

32 828,8

Соның ішінде қолданыстағы көздер бойынша:

5 627,7

5 313,0

5 132,5

5 259,4

5 289,2

26 621,8

Кәсіпорындардың тұтынылған негізгі капиталдың құнын қалпына келтіруге арналған өз қаражатты (амортизация)

2 572,6

2 530,4

2 680,1

2 467,1

2 665,4

12 915,6

Даму бюджеті (РБ жоспары)

1229,6

1054,9

852,7

1258,1

1280,0

5 675,3

Индустрияландыру картасы жобаларын іске асыруға арналған өз қаражаты есебінен көзделген инвестициялар көлемі (474 жоба)

896,9

796,1

661,4

592,6

398,9

3 345,9

2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасын іске асыруға арналған жеке қаражат

28,6

31,6

38,3

41,6

44,9

185,0

Тікелей шетелдік инвестициялар

900,0

900,0

900,0

900,0

900,0

4 500,0

Инвестицияларға деген қосымша қажеттілік

135,6

799,6

1 266,0

1 729,8

2 276,0

6 207,0

      ЭДСМ, ИЖТМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ экономикаға шетел капиталын тарту бойынша іс-қимылдар жоспарын пысықтаулары қажет.
      Көздермен қамтамасыз етілмеген инвестициялар көлемін жабу үшін қаржы ресурстары мемлекеттік қаражат есебінен де банктік кредиттеуді қоса алғанда жеке қаражат есебінен де жинақталуы тиіс.
      Инвестициялар тарту арналарын жеке инвестициялар, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, мемлекеттік бюджет, шетелдік инвестицияларды тарту арқылы кеңейту ұсынылады.
      Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін пайдаланумен іске асырылатын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың негізгі көздері: жеке инвесторлардың, халықаралық қаржы институттарының қаражаттары, мемлекет тарапынан қоса қаржыландыру болып табылады.
      Концессионерлер қызметін қолдау мақсатында қолданыстағы концессия заңнамасы мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлерін қарастырады:
      мемлекеттің концессия шарттары шеңберіндегі инфрақұрылымдық облигациялар бойынша кепілдемелері;
      концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылған қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;
      концессионерге мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік нысандарына ерекше құқықтар беру;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар ұсыну;
      концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;
      концессионер өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) негізгі тұтынушысы мемлекет болып табылған жағдайдағы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдіктері, концессия шарттарында белгіленген мерзімдерде және концессия шартын қолдану кезеңіндегі белгіленген көлемдерде концессионердің инвестициялық шығындарының белгілі бір көлемінің өтемақысы.
      Шетелдік инвестицияларды тарту GLOBAL 2000 компаниялар тізімінен 18 нысаналы инвесторды тарту және шетел мемлекеттерімен инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімдер жасау арқылы жоспарлануда.

4. Фискалдық саясат

      Экономиканың орташа алғанда 7 %-ға өсуін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын фискалдық саясат орта мерзімді кезеңде ішкі сұраныстың қажетті деңгейін мемлекеттің қолдауына бағытталуы тиіс.
      Экономиканың базалық сценарий бойынша болжамдалған сыртқы даму жағдайларын және экономика салаларының 2011 – 2015 жылдары индикативті параметрлері шегіндегі даму қарқынын ескере отырып, мемлекеттік бюджетке түсетін жалпы түсімдер ЖІӨ-нің 18-20% деңгейінде болады деп болжануда.
      Мемлекеттік кірістерді ұлғайту экономикалық белсенділікті қолдау, экономиканың өсуі мен оны әртараптандыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік бюджет шығыстарын арттыруға мүмкіндік береді.

      Шығыстарды түсімдермен жабу тұрғысынан алғанда ЖІӨ-нен 3,0 %-дан жоғары емес деңгейдегі бюджет тапшылығын оны кейіннен 2014 жылы ЖІӨ-нен 1,3 %-ға дейін азайтумен фискалдық саясатты қалыптастыру оңтайлы болып табылады.
      Мемлекеттік шығыстарды ЖІӨ-нің 20-23% деңгейінде ұстау экономиканың тұрақты өсуі үшін қажетті, бір жағынан ішкі сұраныстың өсуін және екінші жағынан мемлекеттік инвестициялар есебінен негізгі капиталдың жинақталу өсімін қамтамасыз ететін болады.
      Республикалық бюджетте ағымдағы шығыстар көлемінің өсу болжамы мұнай емес сектордан болжанатын кірістермен және бюджет тапшылығымен жабылмайды. Осыған байланысты, кепілдік берілген трансферттің бөлігі ағымдағы шығындарды қаржыландыру мақсатында да пайдаланылады. Мұны кепілденген трансферттің даму бюджетінен асып түсуі көрсетіп отыр.
      Ағымдағы шығыстардың жоғарғы өсімі Ұлттық қор қаражатын инвестициялық шығындарды қаржыландыру және негізгі капитал жинақтау үшін кепілдік трансферт көлемінде пайдалану мүмкіндігін шектейді.

Республикалық бюджет параметрлері, млрд. теңге



2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Ағымдағы шығындар

3715,5

4185,6

4493,0

4494,8

өсу қарқыны, %

22,2

12,7

7,3

0,0

Даму бюджеті

1229,6

1054,9

852,7

1258,1

өсу қарқыны, %

-1,2

-14,2

-19,2

47,5

Кірістер (трансферттерді есепке алмағанда)

2884,8

3233,0

3541,0

3960,7

Бюджет тапшылығы

-695,8

-676,9

-453,0

-441,4

ЖІӨ-ге, %-бен

-2,8

-2,5

-1,5

-1,3

Кірістер (трансферттерді есепке алмағанда) + тапшылық

3540,6

3909,9

3994,0

4402,1

Ұлттық қордан кепілдік берілген трансферт

1 200,0

1 200,0

1 200,0

1200,0

Ағымдағы шығыстардың мұнай емес кірістер мен бюджет тапшылығы сомасынан асып түсуі

-174,9

-275,7

-499,0

-92,7

Ағымдағы тапшылық

-666,2

-822,0

-800,3

-378,4

ЖІӨ-ге, %-бен

-2,7

-3,0

-2,7

-1,1

Бюджеттің мұнай емес тапшылығы

-1 895,8

-1 876,9

-1 653,0

-1 641,4

ЖІӨ-ге, %-бен

-7,7

-6,9

-5,5

-4,8

      Мемлекеттік шығыстар саясаты экономиканың "қызып кетуіне" және макроэкономикалық теңгерімсіздіктердің туындауына жол бермеу үшін циклге қарсы сипатта болуға тиіс. Бюджеттік саясат сонымен қатар бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз етуі керек. Осыны ескере отырып, фискалдық саясат орта мерзімді перспективада мынадай фискалдық Ережелер негізінде қалыптасуы тиіс:
      1) бюджет тапшылығының төмен деңгейі;
      2) ағымдағы шығыстарды негізінен бюджетке түсетін мұнай емес түсімдер есебінен қаржыландыру;
      3) кепілдік берілген трансфертті толығымен даму бюджетін қаржыландыруға бағыттау;
      4) бюджеттің мұнай емес тапшылығын қысқарту.
      Орта мерзімді перспективада ағымдағы шығыстар өсімін 2014 жылдан бастап оларды негізінен мұнай емес сектордан түсетін кірістер есебінен қаржыландыруға шығатындай деңгейде шектеу қажет.
      Теңгерімділіктің маңызды талабы мұнай емес тапшылықты біртіндеп қысқаруы болып табылады, ол осы онжылдықтың соңына қарай ЖІӨ-ге 3%-дан аспайтын пайызды құрауы тиіс. 2015 жылға қарай мұнай емес тапшылық ЖІӨ-ден 4,8% -ға дейін азаюы керек.
      Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру мен оны пайдалану саясаты Қор қаражатының, оның ең көп мөлшерін шектеместен, жинақталуын жалғастыруға; Қор қаражатын даму бюджетінің мөлшерінде тартуға бағытталуы тиіс.
      Осы фискалдық ережелердің сақталуы Қор қаражатын 2014 жылға қарай 66,2 млрд. АҚШ долларына дейін (ЖІӨ-нің 29,0%-ға) ұлғайтуға және оның тұрақтандыру және жинақтау функцияларын орындауына ықпал ететін болады.

5. Экономикалық өсуінің болжамдық параметрлерін отын-энергетикалық ресурстармен және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету

      Ескерту. 5-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 617 Қаулысымен.

      ЖІӨ-нің 7 %-ға жоспарланатын жыл сайынғы өсімі елде 2015 жылға қарай электр энергиясын 2010 жылғы болжамға қатысты 18,76 млрд. кВт/сағаттан астам қосымша өндіруді талап етеді.

      Экономикалық өсудің нысаналы параметрлеріне қол жеткізу 2015 жылға дейін 3,4 млрд.текше метр табиғи газды тұтынудың қосымша көлемін талап етеді.
      Жыл сайынғы табиғи газға қосымша қажеттілік 648 млн.текше метрді құрайды.
      Міндеттер: Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі қажет көлемде электр энергиясы мен газ өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеуі тиіс.

6. Әлеуметтік жаңғырту

      Табысты технологиялық жаңғыртуды іске асыру экономикалық өсу міндеттері әлеуметтік жаңғыртумен байланыста шешілетін елдерде ең көп экономикалық өсімге жетеді.
      Қазіргі жоғары дамыған елдің басты бәсекелі артықшылығы адами капиталмен және адамдардың тыныс тіршілігін тікелей қамтамасыз ететін факторлардың сапасымен байланысты.
      Мемлекет басшысы өзінің "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз" атты 2011 жылғы 28 қаңтардағы Жолдауында әлеуметтік жаңғырту, оның ішінде маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл қойды.
      Әлеуметтік жаңғыртудың негізі орта топты қалыптастыру болып табылады. Кірістің жоғары саралануы орта топтың өсуі жолындағы басты кедергі болып табылады.
      Басымдықтарды білім берудің және біліктіліктің анағұрлым жоғары деңгейі жағына қосумен көлденең және тiкелей еңбек ұтқырлығының, кәсіби және әлеуметік сатымен көтерілу үшін тең мүмкіндіктер құру және тұрақты әлеуметтік "лифтер" құру рөлі артады.
      Қазақстанда әлеуметтік жаңғырту мақсаты халықтың тыныс-тіршілігінің жоғары деңгейін және сапасын қамтамасыз ету, әлеуметтік процестің әртүрлі қатысушылары – мемлекет, нарық, мамандандырылған әлеуметтік институттар, отбасылар мен әлеуметтік желілер арасында функцияларды оңтайлы бөле отырып, оның экономикалық белсенділігі мен еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады.
      Қойылған мақсаттарға сәйкес мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
      білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету жолымен адами капиталды дамыту;
      елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту;
      тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету жолымен халықтың табысын арттыру.

Әлеуметтік саясаттың негізгі нысаналы көрсеткіштері

р/с №

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1.

Халық саны

мың адам

16 417

16 511

16 758

17 010

17 248

2.

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы

жыл

69,1

69,2

69,5

69,8

70,1

3.

Экономикалық белсенді халық

мың адам

8 615,9

8 642,3

8 768,5

8 878,3

8 986,0

4.

Экономикада жұмыспен қамтылғандар саны

мың адам

8 070,9

8 102,3

8 238,5

8 358,3

8 491,0

5.

Жұмыссыздар саны

мың адам

545,0

540,0

530,0

520,0

495,0

6.

Экономикалық белсенді халыққа жұмыссыздық деңгейі

%

6,3

6,2

6,0

5,9

5,5

7.

Орта техникалық, жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі кадрлардың бітіруі барлығы

мың адам

261,0

256,8

271,7

282,7

281,6

Білім беру

      Білім беру саласындағы маңызды бағдарламалық құжат Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) болып табылады, оның іске асырылуы балабақшадан бастап жоғарғы білім берудің барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуды қамтамасыз ету тиіс.
      Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қазіргі уақытта 446,4 мың баланы қамтитын 6446 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.
      Ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға қажеттілік барлық өңірлерде 1 жастан 6 жасқа дейінгі 296,7 мың баладан көп болып тұр.
      Осыған байланысты 2010 жылы "2010 – 2014 жылдарға арналған Балапан" бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарламма) қабылданды, оны іске асыру мектепке дейінгі білім берудің сапалы қызметтеріне халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2015 жылға қарай мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қосымша ашылған орындар санын - 300 628 орынмен қамтамасыз ету, мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен - 70 % қамту, 5-6 жастағы балаларды мектеп алдындағы даярлықпен - 100% қамту, педагогикалық қызметкерлердің бірінші және жоғары біліктілік санаттарының үлесін - 25 % қамту.
      Сонымен бірге Бағдарламаны іске асыру барысында мақсатқа жетуге кедергі келтіретін демографиялық процестерге байланысты тәуекелдердің туындауы мүмкін.
      Тәуекел деңгейін төмендету үшін балаларды қамту көрсеткіштерін жыл сайын нақтылау және мектепке дейінгі ұйымдар ашуды қаржыландыру кезінде бағдарламадағы мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырыстарын және мемекеттік-жеке меншік әріптестікті орналастыру тетіктерін жандандыру қажет.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі негізгі көрсеткіштер

р/с №

атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, %

55,6

60,8

65

70

73,5

      Жалпы орта білім беру жүйесінде негізгі күш білім беру сапасын арттыруға және зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азамат қалыптастыру үшін барынша жағдай жасауға бағытталатын болады.
      Бейінді мектепті енгізумен 12 жылдық оқыту моделіне көшу, педагогоктың мәртебесін арттыру, білім беруді қаржыландыру жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математика бағыттағы зиткерлік мектептерде дамыту негізгі міндеттер болып табылады.
      2015 жылға қарай мектептегі білім беру саласында мынадай көрсеткіштерге жету жоспарланып отыр:

Орта білім берудің негізгі көрсеткіштері

р/с №

Көрсеткіштердің атауы

2015 дейінгі көрсеткіштердің мәні

1

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" жобасы шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мектептердің саны

20

2

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беретін оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі

60 %

3

Қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының PISA (50-55 орын), TIMSS (10-15 орын) халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелері

PISA (50–55 орын) TIMSS (10–15 орын)

4

Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған мектептердің үлесі олардың жалпы санынан ұлғайған

30 %

      Бүгінгі күні республикада 2 486 449 бала оқитын 7 516 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді.
      2010 жылдың қорытындысы бойынша оқушы орындарының тапшылығы 99 870 орынды құрайды, авариялық мектептердің саны 254 бірлікті құрады.
      Мектептердің үш ауысымдығы мен апаттылығын жою мәселесі 2011 – 2015 жылдар кезеңінде республикалық және де жергілікті бюджет есебінен де 500-ден астам мектеп салу және қайта жаңғырту жолымен шешілетін болады.
      Техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) жүйесін реформалауға көп көңіл бөлінеді.
      Экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұранысын ескере отырып, ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту көзделеді.
      Осы кезеңде елде 603,8 мың адамды қамтитын 894 оқу орны жұмыс істейді. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму (бұдан әрі – ҮИИДМБ) жобалары үшін кадрлар даярлауға республиканың 543 ТжКБ оқу орындары жұмыс істеуде.
      Сонымен бірге, мамандарды даярлау сапасы, олардың төмен бәсекеге қабілеттілігі және біліктіліктің қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмеуі мәселесі қалып отыр.
      Бизнес-қауымдастықтар мен ірі жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен ТжКБ жұмыс істеуінің қағидатты жаңа моделін құру қажет. Бұл ел ауқымында кадрларды даярлаудың маңызды мәселелерін шешуге, басқарудың орталық және жергілікті органдарымен, еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы нарығымен ТжКБ жүйесінің өзара іс-қимылын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
      Осыған байланысты, Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ТжКБ оқу бағдарламаларын, стандарттарын жаңартуға, жұмыс берушілермен әріптестік қатынас орнату арқылы практика базасын кеңейтуге, инфрақұрылымды дамытуға және ТжКБ-да оқыту беделін арттыруға бағытталған шаралар кешені іске асырылады.
      4 өңіраралық кәсіптік орталықтар салынады: Атырау қаласында мұнайгаз саласы үшін, Екібастұз қаласында отын-энергетикалық саласы үшін, Өскемен қаласында машина жасау саласы үшін, Шымкент қаласында өңдеу саласы үшін салынады.
      Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру 2015 жылға қарай мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
      жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен ТжКБ түлектерінің қатысушылардың жалпы санынан үлесі - 60%-ды құрайды;
      ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектердің оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен қамтылғандардың және жұмысқа орналасқандардың үлесі 78%-ға ұлғаяды;
      ұлттық институционалды аккредиттеу рәсімінен өткен колледждердің үлесі 10%-ға дейін ұлғаяды.
      ТжКБ оқу орындарының түлектерінің саны, оның ішінде, мамандықтар (салалар) бойынша (адам)


2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

10 200

10 500

10 700

10 800

10 800

Өнеркәсіп

30 505

32 240

32 740

33 840

34 150

Құрылыс

12 500

13 000

13 500

14 000

14 000

Көлік

12 650

12 650

12 650

12 650

12 650

Тұру және тамақтану жөніндегі қызметтер

4 850

4 850

4 850

4 850

4 850

Ақпарат және байланыс

17 000

17 000

17 000

17 000

17 000

Қаржы және сақтандыру қызметі

22 000

22 000

22 000

22 000

22 000

Білім беру

18 500

18 000

18 500

18 500

18 500

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

12 000

12 000

12 000

12 000

12 000

Өнер

4 000

4 000

4 000

4 000

4 000

Өзге де

42 500

40 500

40 500

40 500

40 500

ЖИЫНЫ

186 705

186 740

188 590

190 140

190 450

      2011 – 2015 жылдары экономикаға орта техникалық білімі бар 942,6 мың кадр қосылады (2011 жылы 186,7 мың адамды, 2012 жылы – 186,7 мың адамды, 2013 жылы – 188,6 мың адамды, 2014 жылы – 190,1 мың адамды, 2015 жылы – 190,5 мың адамды құрайды).
      Жоғары білім беру саласында мынадай міндеттер қойылған:
      елдің индустриялық-инновациялық дамуының қажеттіліктеріне сәйкес келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету;
      жоғары білім берудің еуропа аймағына кірігуді қамтамасыз ету;
      білім, ғылым және өндірісті біріктіруді қамтамасыз ету, зияткерлік меншік өнімдері мен технологияларды коммерцияландыру үшін жағдай жасау.
      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу елдің жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының қажеттілігіне икемді назар аудару тетігін енгізу, корпоративтік басқару принциптерін енгізе отырып академиялық еркіндікті кеңейтуге, тұғырнамалық қолданабалы ғылыми зерттеулер мен өзге де ғылыми-техникалық, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысатын зерттеу университеттерін құру есебінен, сондай-ақ Назарбаев университетінің қабырғасында жоғары кәсіби мамандар мен жас ғалымдарды даярлау арқылы қамтамасыз етілетін болады.
      2015 жылға жоғары білім беру саласындағы негізгі көрсеткіштер мыналар болып табылады:
      жоғары оқу орындарының мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, жоғары оқу орнын аяқтаған соң бірінші жылы мамандығы бойынша 78%-ға дейін еңбекке орналастырылған түлектерінің үлесін ұлғайту;
      халықаралық стандарттар бойынша 50%-ға дейін тәуелсіз ұлттық институционалдық аккрдитациядан өткен жоғары оқу орындарының үлесін ұлғайту;
      отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін 2%-ға дейін өндіріске енгізу негізінде білім мен ғылымды интеграциялау жолымен инновациялық қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесін ұлғайту.

Денсаулық сақтау

      Халықтың табиғи өсімі 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойыша 1000 адамға шаққанда 13,50 (01.1.2010 ж. – 13,49), туу – 22,49 (22,48), өлім-жетім – 8,94 (8,99) құрады.
      2010 жылдың қорытындылары бойынша ана өлімі 2009 жылғы 36,8-ге қарағанда (133 әйел) 100 мың тірі туылғандарға 22,7 (84 әйел) құрады.
      Бала өлімінің көрсеткіші 2009 жылғы 18,23-ке қарағанда 1000 тірі туғанға 16,57 құрады.
      Туберкулезден өлу көрсеткіші азайды және 2009 жылғы 12,9-ға қарағанда 100 мың халыққа 10,3 құрады.
      Қатерлі ісіктермен ауыратындар деңгейі азайды және 2009 жылғы 182,6 қарағанда 100 мың халыққа 181,2 құрады.

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Болжанатын өмір сүру ұзақтығы, жас

69,1

69,2

69,5

69,8

70,1

Халықтың жалпы санының кем дегенде 30% скринингтік тексерумен қамтуды қамтамасыз ету

36,4

41,0

39,8

39,7

40,4

Еңбекке орналасқан медициналық ЖОО бітірушілердің үлесі, %

90,0

91,0

92,0

92,0

92,0

      Ел азаматтарының денсаулығын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
      Осы құжаттың шеңберінде 2015 жылға халықтың болжанатын өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа дейін жеткізу, ана өлімін - 100 мың тірі туылғандарға 24,5-ке дейін азайту, бала өлімін – 1000 тірі туғанға 12,3-ке дейін азайту, жалпы өлімді-жетімді - 1000 халыққа 7,62-ге дейін азайту жоспарлануда.

Жұмыспен қамту

      Экономикалық белсенді халықтың саны 2010 жылдың қорытындылары бойынша 8610,7 мың адамды, жұмыссыздар саны 496,6 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,8% құрады.
      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2011 – 2015 жылдарға арналған демографиялық жағдай экономикалық өсудің 7%-дық нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жеткілікті еңбекпен қамтылғандар санын қамтамасыз етеді.
      Елде қазіргі әлеуметтік-демографиялық жағдай сақталған кезде Қазақстан халқының саны 2015 жылға 17,2 млн. адамды, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 9 млн. адамды, жұмыссыздық деңгейі - 5,5% құрайды.
      Болжамды деректер бойынша экономикада жұмыс істейтіндер саны 2015 жылы 2011 жылға қарағанда 420,1 мың адамға ұлғайып, 8 491,0 мың адамды құрайтын болады.

Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерінің болжамы

р/с №

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

Экономикада жұмыс істейтіндер саны

мың адам

8 070,9

8 102,3

8 238,5

8 358,3

8 491,0

оның ішінде:

мың адам

5 400

5 500

5 650

5 800

6 200

Жалдамалы жұмысшылар

Өз бетінше жұмыспен айналысушылар

мың адам

2 670,9

2 602,3

2 588,5

2 558,3

2 291,0

2

Жұмыссыздар саны

мың адам

545,0

540,0

530,0

520,0

495,0

3

Экономикалық белсенді халыққа шаққанда жұмыссыздық деңгейі

%

6,3

6,2

6,0

5,9

5,5

      2011 жылы Үкімет жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын қабылдады, оның негізгі бағыттарының бірі өз бетінше жұмыспен айналысатын халықтың санын 2011 жылғы 33,3%-дан 2015 жылы 26%-ға дейін азайту.
      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде оқыту мен еңбекке орналастыруға көмектесу, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға көмектесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жоспарлануда.

ҮИИДМБ шеңберінде 2015 жылға дейін Қазақстандағы еңбек ресурстарының болжамды қажеттілігі

р/с №

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

ҮИИДМБ шеңберінде еңбек ресурстарының қосымша қажеттілігі (472 жоба)

мың адам

33,3

15,5

79,7

8,7

26,2

      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараты бойынша 2011-2015 жылдарға арналған Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру барысында экономикада 163 424 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр (2011 жылы - 33 257 жұмыс орнын, 2012 жылы – 15 531, 2013 жылы – 79 713, 2014 жылы – 8 739, 2015 жылы – 26 184).
      Сонымен бірге, бүгінгі таңда салалық және аумақтық аспектілерде еңбек нарығының ағымдағы және перспективалық қажеттіліктеріне жалпы мониторингі жүргізуге мүмкіндік беретін еңбек нарығындағы ахуалды мониторингілеу мен болжамдаудың нақты жүйесі жоқ.
      Осыған байланысты қабылданған "Жұмыспен қамту – 2020", "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламалардың және әзірленіп жатқан "2011 – 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасының, сондай-ақ басқа да бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын ескере отырып Экономикалық даму және сауда министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктерімен бірлесіп, орта мерзімді сонымен бірге, ұзақ мерзімді перспективаға Еңбек ресурстарының балансын жүйелі жоспарлаудың бірыңғай тетігін әзірлеуі қажет.

Әлеуметтік қамтамасыз ету

      2011 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерін 30%-ға көтеру жүргізілді.
      Ең аз зейнетақы төлемдерінің мөлшері бүгінгі күні 16047 теңгені, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері – 28205 теңгені құрайды.
      Ең төменгі күнкөріс деңгейі 15999 теңгені, кірісі ЕТКД-ден төмен халықтың үлесі 10,0%-ды құрайды.
      Орташа айлық жалақы 80219 теңгені құрайды.

Әлеуметтік қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Орташа айлық номиналды жалақы, теңге

80 219

86 638

93 568

107 699

116 204

Ең төменгі деңгейінен төмен халықтың үлесі

10,0

9,0

8,0

7,0

6,0

Ең төменгі деңгейінен, теңге

15 999

17 119

18 317

19 599

20 971

Орташа зейнетақы мөлшері, теңге

28 205

31 770

33 709

36 743

40 050

7. Көлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу

      Көлік инфрақұрылымын дамыту ұлттық шаруашылықтың күшті барометрі болады. Сонымен бірге, көліктің, энергия тасығыш, құрылыс құралдарының және басқа да материалдардың ірі тұтынушысы бола тұрып, ол ЖІӨ-нің қалыптасуына айрықша әсер етіп, өндірістік қуаттардың жүктемесін айқындайды.
      Экономикалық өсу қарқынының ұлғаюы, тиісінше, жүк пен жолаушылар тасымалының үлкен көлемін талап етеді.
      2010 жылы жүк тасымалдау көлемі 2430,1 млн. т., жүк айналымы 381024,8 млн. т, шақырымды, жолаушылар айналымының көлемі 148465,2. Пкм-ны құрады.
      Жоспарланатын 7%-дық экономикалық өсуді қамтамасыз ететін жүк айналымының қажетті көлемін анықтау үшін ЖІӨ-нің 1 бірлігіне жүк айналымының қалыптасқан көрсеткіші қабылданды. 7%-дық экономикалық өсудің нысаналы параметрлеріне қол жеткізу үшін 2015 жылға қарай жүк айналымының көлемі 398,1 млрд.т. км құрауы тиіс. Жоспарланатын 7%-дық экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін қажетті жолаушылар айналымының көлемі 2015 жылға қарай 196,4 млрд. пкм-ны құрайды.

ЖІӨ-нің 7%-дық өсуін қамтамасыз ету үшін жүк және жолаушылар айналымының есебі


Жүк айналымы, млрд. ткм. (ЖІӨ-нің 1 бірлігіне жүк айналымы = 1,3113 болғанда)

Жолаушылар айналымы, млрд. пкм. (ЖІӨ-нің 1 бірлігіне жолаушылар айналымы = 0,6467)

7%-дық экономикалық өсуді ескере отырып, болжамды есептеу көрсеткіштері

2011 жыл

303,7

149,8

2012 жыл

325,0

160,3

2013 жыл

347,7

171,5

2014 жыл

372,1

183,5

2015

398,1

196,4

      Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлімінің 2011 жылы 7,0%-ға өсуі және 2012 – 2015 жылдары 7,5%-ға өсуі республикалық және жергілікті автожолдар желісі жай-күйінің жақсаруына ықпал етуі тиіс.
      Осы салада 2015 жылдың соңына дейін салалық бағдарламалар бойынша 60 жобаны іске асыру жоспарланған.
      Сала жобаларындағы жалпы инвестициялар 2011 жыл мен 2015 жылдар аралығында 2 132 278,7 млн. теңге көлемінде жоспарланып отыр.
      Міндеттер: Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан темір жолы және басқа да көлік компаниялары көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу бөлігіндегі (көлік желісінің мүмкіндігі, вагондармен жабдықталуы және т.б.) өсім бойынша мүмкіндіктерді бағалауы тиіс.

8. Энергия тиімділік

      Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында 2015 жылға қарай ЖІӨ-нің энергияны қажетсіну сыйымдылығын кемінде 10 пайызға төмендету мақсаты қойылған.
      Бұл бастапқы энергия тұтыну 7 078 млн.т.н.э. аспауы тиіс және 2015 жылға қарай 14 млн. т.н.э. кем емес мөлшерде бастапқы энергияның жылдық үнемін қамтамасыз етуі тиіс (0,13%) екендігін білдіреді.
      Қазақстан экономикасының энергия тиімділігін арттыру мынадай параметрлерге қол жеткізуді талап етеді:
      өнеркәсіпте бастапқы энергияның жылдық үнемі 2015 жылға қарай кемінде 6 млн. тнэ.;
      көлікте бастапқы энергияның жылдық үнемі 2015 жылға қарай кемінде 3 млн. тнэ.;
      басқа секторларда (тұрғын үй секторы, бюджет және қызмет көрсету секторы, ауыл шаруашылығы секторы) энергияның жылдық үнемдеу 2015 жылға қарай кемінде 8 млн. т.н.э. болуы тиіс.
      бюджет секторы мен қызмет көрсету ұйымдарында секторларында бастапқы энергияның жылдық үнемдеу 2015 жылға қарай кемінде 159 мың т.н.э. болуы тиіс.
      Энергия үнемдеу саласындағы экономикалық саясат бағалар мен тарифтерді қалыптастыру тетігін өзгерту жолымен оның ырықтандырылуы арқылы энергия ресурстары нарығын құруға бағытталған.
      Қойылған міндеттерді шешу үшін:
      көтермелеу және айыппұл жүйесін енгізуге (экологиялық ластағаны үшін айыппұлды қоса алғанда);
      түпкі энергия тұтыну тиімділігін арттыруда инвестицияларды ынталандыруға бағытталған энергияға тариф белгілеу жүйесін құруға;
      жаңа амортизациялық саясатқа бағытталған Қазақстан экономикасының энергия тиімділігінің кешенді жоспарын әзірлеу қажет.
      Экономиканың энергия тиімділігін арттыру үшін тікелей және жанама көздер есебінен энергия үнемдеу бойынша бюджеттен тыс қор құру қажет.
      Міндет: ЭДСМ, ИЖТМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан экономикасының энергия тиімділігі жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етуі тиіс.

9. Еңбек өнімділігі

      Өндірістік қуаттардың толық жүктелмеуі, негізгі қордың жоғары ескіруі менеджменттің қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу және қолдануға қабілетсіздігі Қазақстандағы еңбек өнімділігі өсуінің төмен қарқынын түсіндіреді.
      7%-дық экономикалық өсудің нысаналы параметрлерін қамтамасыз ету үшін еңбек өнімділігі 2015 жылға дейін 34%-ға өсуі тиіс. Бұл өсім Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, "Өнімділік 2020" бағдарламасын іске асыру есебінен қамтамасыз етілуі тиіс, оларда 2015 жылға дейінгі мынадай индикаторлар айқындалған:
      агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту;
      өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту;
      Бағдарламаға қатысушылар қуаттарының орташа жүктемесін 70%-ға дейін ұлғайту;
      басқару технологияларын енгізу.
      Жоғарыда аталған бағдарламалардың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу және 7%-дық экономикалық өсуді қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, салалар бойынша еңбек өнімділігінің нысаналы көрсеткіштері келтірілген.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбек өнімділігі


мың.теңге/адам




Салалар

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Ауыл шаруашылығы, аңшылық, орман шаруашылығы; балық шаруашылығы, балық өсіру

500

500

500

600

600

Өнеркәсіп

7900

8400

8700

9300

9700

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

22100

23100

23500

24500

26900

Өңдеуші өнеркәсіп

4800

5400

5800

6500

6500

Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату

2600

2800

3000

3300

3600

Құрылыс

3300

3600

3800

4000

4100

Автомобильдер мен үй шаруашылығында пайдаланылатын бұйымдар саудасы жөндеу

2500

2600

2700

2900

3100

Көлік және байланыс

4200

4400

5000

5400

5800

Жалпы экономика бойынша

2800

3000

3200

3400

3700

      2015 жылға дейін еңбек өнімділігінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу экономика салалары бойынша тиімді жұмыспен қамтуды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

10. Экономикалық өсудің нысаналы параметрлерін іске асырудың қажетті шарттары

Ақша-кредит саясаты

      Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірінші кезекті міндет елде инфляцияның едәуір өсуін болдырмау болып табылады.
      Ұлттық Банк пен ЭДСМ монетарлық және монетарлық емес факторлардың инфляцияға әсеріне талдау жүргізу қажет.
      Бағалардың өсуінің бір мәнді цифрдан асуын болдырмау үшін (9%) ағымдағы жылдың соңына дейін азық-түлік тауарларының бағаларын 9,5-10% шамасында ұстауды, табиғи монополиялар мен коммуналдық сектордағы реттеуші нарықтың субъектілері үшін газ, ЖЖМ, көмір және мазуттың бағаларын ұстауды қамтамасыз ету қажет.
      Азық-түлік тауарларына бағалардың инфляцияға едәуір үлесін ескере отырып, ішкі нарықтағы бағалардың, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажет. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды процеске тарта отырып, нарықты жеміс-көкөніс өнімдерімен толтыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
      Тұрақтандыру, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын болжамдау және бағалардың алдын ала болжанатын дәлізін айқындау үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәнін және оларға шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.
      Әрбір жергілікті атқарушы органға инфляцияның шекті мәні, бірінші кезекте азық-түлік тауарларына бағаның өсуі бекітілетін болады.
      Инфляцияның едәуір өсуін болдырмау үшін жыл сайын инфляцияға реттелетін қызметтерге тарифтер үлесінің шекті деңгейін айқындау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Сыртқы сауда саясаты

      Сыртқы сауда саясаты әлемдік сауда жүйесіне кірігу жолымен республиканың экономикалық мүдделерін жылжыту және қорғаудың тиімді және жедел жүйесін құруға бағытталған.
      ДСҰ-ға кіру шарттарын үйлестіру ДСҰ шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі үшін қажет, өйткені әртүрлі тарифтік міндеттемелермен ДСҰ-ға кіру үшінші елдерге қатысты сауда саясатының негізі және интеграциялық бірлестік ретінде Кеден одағын құрудың негізгі элементі болып табылатын Бірыңғай кедендік тариф белгілеуге мүмкіндік бермейді.
      Жалпы халықаралық сауда, субсидиялау және т.б. ережелеріне сәйкестік қазақстандық өндірушілерге ДСҰ-ға мүше елдермен, олардың сыртқы экономикалық саясатының транспаренттілігін қоса алғанда, сауда қатынастарын дамытудың алдыңғы болжамы мен тұрақтылы негізінде тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығына енуі үшін қолайлы жағлдай жасайды.
      Қазақстан, Белорусь және Ресей арасында бірыңғай кеден аумағын құру бірыңғай тауар нарығын құрды, оның шеңберінде тарифтік кедергілер жоқ және кәсіпкерлер Кеден одағының біртұтас 170 миллиондық нарығы шеңберінде өз тауарларын еркін орналастыра алады.
      Кеден одағының құрылуы шекарадағы уақытша шығасыларды, транзакциялық шығасыларды төмендету және енді бизнеске бағытталуы мүмкін айналымдағы едәуір ақша қаражатының босауы бөлігінде бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер берді.
      КО мен БЭК жұмыс істеуі шеңберінде экономикалық саясат өткізу нарығының кеңеюі, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалуы бөлігінде қосымша мүкіндіктерді барынша қолдануға бағытталатын болады. Сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағын қалыптастыруды аяқтау сияқты экономикаға ықтимал теріс әсерді азайту бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізу қажет.

Бизнес-климатты жақсарту

      2015 жылға қарай:
      - Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің "Бизнес жүргізудегі жеңілдік" ("Doing Business") рейтингі бойынша көрсеткіштері 2011 жылмен салыстырғанда жеті позицияға жақсарады;
      - уақыт пен шығындарды қоса алғанда, бизнесті тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығындар (рұқсат алу, лицензия алу, сертификат алу, аккредитация, консультация алу) 2011 жылмен салыстырғанда 30%-ға төмендейді.
      Бизнес климатты жақсарту жөніндегі жүйелі жұмыс рұқсат беру жүйесін реформалау, бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру сияқты бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
      2009 – 2010 жылдары Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Анықталған 1015 рұқсаттың 348-ін жоятын және рұқсат беру рәсімдерін оңайлататын заң жобасы әзірленді.
      Халықаралық сарапшылар мен бизнес-қоғамдастықтардың ұсынымдарын ескере отырып, алдыңғы кезеңде рұқсат беруді жүйесін одан әрі реформалауды екі кезеңде жүргізу болжанады.
      Бірінші кезеңде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес лицензиялар мен рұқсат берулерді 30%-ға қысқарту жүзеге асырылады. Сондай-ақ қауіптілік дәрежесі шамалы рұқсат беруді жекелеген түрлерін хабардар ету тәртібіне ауыстыру жүзеге асырылады.
      Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша Мемлекет басшысының нақты ұсыныстар дайындалатын болады, олар мақұлданғаннан кейін ағымдағы жылдың 3-тоқсанында Парламентке енгізілетін тиісті заң жобасы әзірленетін болады.
      Екінші кезеңде, 2012 жылдың ішінде қауіптілік дәрежесі бойынша санатталған және оларды беру рәсімдеріне бірыңғай талаптарды белгілей отырып, бір Заңда рұқсат берудің нақты тізбесі айқындалатын болады.
      Мемлекеттік реттеудің қатал әдісінің өзі лицензиялауға қызметтің барынша қауіпті түрлері жатқызылады, қалған барлық қызмет түрлері анағұрлым жұмсақ әдістермен реттеуге ауысады (рұқсат беру, аттестаттау, сертификаттау және т.б.), азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірмейтін қызмет түрлері хабардар ету тәртібіне жатқызылады.
      Осы жұмыспен қатар Электрондық үкімет шеңберінде барлық рұқсат беруді электрондық форматқа ауыстыру жүзеге асырылатын болады.
      Әкімшілік кедергілерді және бизнеске жүктемені төмендету мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру және бизнес субъектілерін тексеруді оңтайландыру жолымен жүзеге асырылады.
      2011 жылдың ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексеруді оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.
      Мәселен, тексеру жүргізудің жалпы белгіленген тәртібі қолданылмайтын бақылау салаларын (20 саланың 6-ы) қысқарту жолымен кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін оңтайландыру көзделеді.
      Сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруді оңтайландыру үшін жазалау жүйесін ырықтандыру ұсынылады.
      Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту олардың заңнамада қайталануын болдырмау есебінен жүзеге асыралады.
      Жүргізілген реформаның қорытындысы кәсіпкерлік қызметін реттеудің оңтайлы жүйесін әзірлеу және енгізу болады. Әзірленген ұсынымдар 2011 жылы әзірленген заң жобасына енгізілетін болады.
      Үшінші, бизнес-климатты жақсарту жөніндегі жұмыстың нүктелік бағыты Дүниежүзілік банктің "Doing Business" рейтингісінің нақты индикаторы бойынша реформа жүргізу болып табылады.
      Қазақстан 2010 жылы әлемнің 183 елінің ішінде 59-орынды иеленді (2009 жылмен салыстырғанда 15 позицияға артқан) және жеке кәсіпкерлікті реттеу саласында реформа жүргізу бойынша жетекші реформаторлардың ондығында бірінші рет көшбасшы болды.
      Осы рейтингтің индикаторларын одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар жыл сайынғы Кешенді жоспарда көрсетіледі, ол бизнес үшін (кәсіпорындарды ашу және тарату, меншікті тіркеу, құрылысқа кредит және рұқсат алу) әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді көздейді.
      Жүргізілген реформалар елдегі бизнес-климаттың жақсаруына және Қазақстан экономикасының инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететін болады.

Тариф саясаты

      Тариф саясаты экономикалық өсуге жәрдемдесу міндетін шешуі тиіс:
      - инфрақұрылымдық салаларға инвестицияларды ұлғайту;
      - ресурс үнемдеуді қамтамасыз ету.
      Инвестициялық тарифтер инфрақұрылымдық салалардың активтерін жаңғырту мен жаңартуды, олар көрсететін қызметтердің сапасын арттыруды ынталандырады.
      2014 жылға қарай 80-нен аса табиғи монополия субъектісі (ТМС) орта мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтерді қолдануға көшуі тиіс (2010 жылы – 27 субъекті).
      Экономика секторларының және салалық бағдарламаларда берілген даму бағыттарының жай-күйін ескере отырып, бүгінгі таңда электр энергиясын өткізу бағаларының 2014 жылы 10,14 теңге/кВтч-дан 14,65 тенге/кВтч-ға ұлғаюы болжанып отыр. Энергия өндіруші ұйымдардың 13 тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтер бекітілген. Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау тарифінің жыл сайын 15 %-ға ұлғаюы жоспарланған.
      Ресурс үнемдеу саясатын жүргізу шеңберінде:
      - 2014 жылға дейін нормативтен тыс ысыраптарды толық жоюмен қатар ТМС-ның базалық нормативтік техникалық ысыраптарын төмендету;
      - тиімділік факторын қолдану және тариф қалыптастыру үшін бенчмаркингі белгілеуі пайдалану негізінде тариф белгілеу әдіснамасын дамыту.
      Бұл міндетті шешуге ТМС қызметтеріне тарифтердің дифференциация саласы мен деңгейін кеңейту ықпал етеді.
      Жоспар шеңберінде бекітілген тарифтер ТМРА мен мемлекеттік органдарға жеткізіледі

Қосымша

Экономиканың 7 % өсуін қамтамасыз ету үшін салалар дамуының
индикативтік көрсеткіштері, алдыңғы жылға %-бен НКИ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 617 Қаулысымен.


2011

2012

2013

2014

2015

Мемлекеттік орган

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

126,7

87,0

104,6

105,0

104,9

АШМ

Өнеркәсіп







Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру







Көмір және лигнит өндіру

106,0

103,6

101,7

102,6

102,5

ИЖТМ

Шикі мұнай өндіру

100,6

101,3

101,2

101,2

108,4

МГМ

Табиғи газ өндіру

104,3

101,6

101,3

101,2

109,8

МГМ

Темір кенін өндіру

101,7

100,2

100,0

100,0

100,0

ИЖТМ

Түсті металдар кенін өндіру

99,9

100,8

100,0

100,0

100,0

ИЖТМ

Өңдеу өнеркәсібі







Тамақ өнімдерін өндіру

100,3

104,4

104,0

106,1

108,2

АШМ

Сусындар ендіру

97,5

105,1

104,3

104,3

104,3

АШМ

Жеңіл енеркәсіп

90,8

105,2

105,9

101,2

100,0

ИЖТМ

Мұнай өңдеу өнімдерін ендіру

100,0

103,9

106,3

106,1

109,5

МГМ

Химия өнеркәсібінің өңімдерін өндіру

121,5

117,4

119,0

114,0

101,0

ИЖТМ

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндіру

94,9

99,6

105,0

107,0

105,0

ИЖТМ

Резина және пластмасса бұйымдарын өндіру

108,9

105,2

105,0

105,0

106,0

ИЖТМ

Өзге металл емес минералдық өнімдер ендіру

112,5

110,3

111,0

115,0

115,0

ИЖТМ

Металлургия өнеркәсібі

106,5

108,3

110,0

112,0

104,9

ИЖТМ

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау

112,2

108,1

105,0

106,0

105.0

ИЖТМ

Машина жасау

116,8

109,3

110,0

108,0

111,0

ИЖТМ

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

107,4

104,4

103,8

104,4

105,6

ИЖТМ

Құрылыс

102,7

102,9

103,5

103,3

103,6

ҚТКШІА

Қызметтер өндірісі







Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

114,5

112,7

111,7

111,3

111,5

ЭДСМ

Көлік және қоймаға қою

106,8

107,9

107,2

107,1

107,9

ККМ

Ақпарат және байланыс

118,7

108,2

108,3

108,7

110,4

БАМ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады