Жобалау-сметалық құжаттамаларды республикалық меншіктен Астана және Алматы қалаларының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 724 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің теңгерімінен жалпы теңгерімдік құны 103200000 (бір жүз үш миллион екі жүз мың) теңге, оның ішінде Астана қаласы бойынша теңгерімдік құны 34400000 (отыз төрт миллион төрт жүз мың) теңге, Алматы қаласы бойынша теңгерімдік құны 68800000 (алпыс сегіз миллион сегіз жүз мың) теңге 6 мектептің құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттама республикалық меншіктен осы қаулыға қосымшаға сәйкес Астана және Алматы қалаларының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 28 маусымдағы
№ 724 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің теңгерімінен республикалық меншіктен Астана және Алматы қалаларының коммуналдық меншігіне берілетін жобалау-сметалық құжаттаманың тізбесі

р/с

Атауы

Теңгерімдік құні, теңге

Астана қаласы

1

Астана қаласындағы «Оңтүстік-Шығыс» шағын ауданында (Мақтымқұлы көшесінің сол жағында) орналасқан 1200 орынға арналған мектеп

17 200 000

2

Астана қаласындағы «Степной» гараж кооперативі ауданында орналасқан 1200 орынға арналған орта мектеп

17 200 000


Астана қаласының 2 мектебі бойынша барлығы

34 400 000

Алматы қаласы

1

Алматы қаласының «Әйгерім» шағын ауданындағы 1200 оқушыға арналған орта мектеп

17 200 000

2

Алматы қаласының «Ұлжан» шағын ауданындағы 1200 оқушыға арналған орта мектеп (түзету)

17 200 000

3

Алматы қаласының «Пятилетка Түрксиба» шағын ауданындағы 1200 оқушыға арналған орта мектеп

17 200 000

4

Алматы қаласының «Қалқаман» шағын ауданындағы 1200 оқушыға арналған орта мектеп салу

17 200 000


Алматы қаласының 4 мектебі бойынша барлығы

68 800 000


Астана мен Алматының 6 мектебі бойынша ЖИЫНЫ

103 200 000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады