Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлікқоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 мамырдағы № 707 және "Тұрғын үй құрылысы объектілерін салуды аяқтаудың кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1163 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 772 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 707 қаулысында:
      4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Астана қаласы мен Ақмола облысында - 96000 теңгені;»;
      2) «Тұрғын үй құрылысы объектілерін салуды аяқтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1163 қаулысында:
      2-тармақта:
      30) тармақшадағы «теңгеден аспайды.» деген сөздер «теңгеден аспайды;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
      «31) «Лесная поляна» тұрғын үй алабы (4, 5-кезектер), құрылыс салушы - «Альянсстройинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 81600 (сексен бір мың алты жүз) теңге есебінен 1976025600 (бір миллиард тоғыз жүз жетпіс алты миллион жиырма бес мың алты жүз) теңгеден аспайды.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады