Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 15 шілдедегі
№ 808 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 292-4-жол алып тасталсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
4. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 202-құжат):
4-тармақ алып тасталсын.