Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Тәжікстан Республикасының үкіметтері арасындағы Дүлей апаттарға ден қою және қауіп-қатерді азайту жөніндегі Орталық Азия орталығын құру туралы келісімге қол қою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 809 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 491 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.05.2013 № 491 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Тәжікстан Республикасының үкіметтері арасындағы Дүлей апаттарға ден қою және қауіп-қатерді азайту жөніндегі Орталық Азия орталығын құру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Владимир Карпович Божкоға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Тәжікстан Республикасының үкіметтері арасындағы Дүлей апаттарға ден қою және қауіп-қатерді азайту жөніндегі Орталық Азия орталығын құру туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2011 жылғы 15 шілдедегі  
№ 809 қаулысымен     
мақұлданған       

Жоба  

Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының
және Тәжікстан Республикасының үкіметтері арасындағы Дүлей
апаттарға ден қою және қауіп-қатерді азайту жөніндегі
Орталық Азия орталығын құру туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының үкіметтері,
      төтенше жағдайларға әкеп соғатын қауіпті сезіне отырып,
      Орталық Азия мемлекеттерінің экологиялық жүйелерінің өзара тәуелділігін және төтенше жағдайлардың салдарларының алдын алу мен жоюда келісілген өзара іс-қимылды жүзеге асыруды қажет ететін олардың трансшекаралық ықпал ету ықтималдығын ескере отырып,
      төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық Орталық Азия мемлекеттерінің әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне жәрдемдесетінін мойындай отырып,
      төтенше жағдай кезінде көмекке өңірлік ынтымақтастық қағидаттарын қолдануға ниет ете отырып және зардап шеккен халыққа тиімді және үйлестірілген көмекті қамтамасыз етуге бірлескен күш-жігер жұмсай отырып,
      1997 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарттың және 1998 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардабын жою саласында көмек көрсету туралы келісімнің мақсаттарын басшылыққа ала отырып,
      Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың төтенше жағдайларда халықаралық көмек көрсету жөніндегі күш-жігерін қолдай отырып,
      2005-2015 жылдарға арналған Хиог Шекті Іс-қимыл бағдарламасының қағидаттарын негізге ала отырып: Мемлекеттер мен қауымдар деңгейінде апаттарға қарсы іс-қимыл әлеуетін құру,
      төмендегілер туралы келісті: 

І. Жалпы ережелер 1-бап. Анықтамалар

      Осы Келісім мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      «Орталық» – Дүлей апаттарға ден қою және қауіп-қатерді азайту жөніндегі Орталық Азия орталығы;
      «төтенше жағдай» – сұрау салушы Тарап мемлекетінің белгілі бір аумағында адамдардың қаза табуына, адамдардың денсаулығына немесе табиғи қоршаған ортаға залал келтіруге, елеулі шығындарға және адамдардың тіршілік жағдайының бұзылуына әкеп соққан немесе соғуы мүмкін авария, қауіпті табиғи құбылыс, апат, дүлей немесе өзге де зілзала нәтижесінде қалыптасқан жағдай;
      «Құзыретті орган» – әрбір Тарап осы Келісімді іске асыруға байланысты жұмыстарды басшылыққа алу мен үйлестіру үшін тағайындайтын орган;
      «төтенше жағдайлардың алдын алу» – алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың туындау қаупін мүмкіндігінше барынша азайтуға, сондай-ақ мұндай жағдайлар туындаған кезде адамдардың денсаулығын сақтауға, қоршаған табиғи ортаға залал мен олар туындаған жағдайдағы материалдық залал мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені;
      «төтенше жағдай аймағы» – төтенше жағдай қалыптасқан сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағы;
      «болу мемлекеті» – Орталық орналасқан аумақтағы Тарап;
      «жіберуші мемлекет» – Орталықта жұмыс істеуі үшін өзінің өкілін жіберетін Тарап;
      «жедел ақпарат» – осы Келісімнің ережелерінде көзделген мәселелерді шешу шеңберінде дереу ден қоюды талап ететін ақпарат;
      «жасырын ақпарат» – Тараптардың заңнамасына сәйкес ақпаратты алуға рұқсат етілуі шектелген ақпарат;
      «өзге ақпарат» – осы Келісім ережелерінің шеңберінде Орталық қызметін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын (анықтамалық, талдау, статистикалық) ақпарат;
      «сұрау салушы Тарап» – көмек көрсету туралы өтінішпен басқа Тарапқа өтінетін Тарап;
      «Көмек көрсетуші тарап» – сұрау салушы Тараптың көмек жіберу туралы өтінішін қанағаттандыратын Тарап;
      «алушы Тарап» – Көмек көрсетуші тарап ұсынған көмекті қабылдайтын Тарап;
      «көмек көрсету жөніндегі топ» – сұрау салушы Тараптың келісімі бойынша әскери персонал қосылуы мүмкін көмек көрсетуге арналған және қажетті жарақтармен қамтамасыз етілген жәрдемдесуші Тарап мамандарының ұйымдасқан тобы;
      «төтенше жағдайларды жою» – төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін құтқаруға және денсаулығын сақтауға, қоршаған табиғи ортаға келтірілген залал мен материалдық шығынның мөлшерін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағын оқшаулауға, оған тән қауіпті факторлардың әрекетін тоқтатуға бағытталған авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар;
      «жарақтандыру» – кез келген қару мен оқ-дәрі түрлерін қоспағанда, көмек көрсету жөніндегі топтың материалдары, техникалық және көлік құралдары және төтенше жағдайды жоюға қажетті топ мүшелерінің жеке жарақтары;
      «қамтамасыз ету материалдары» – төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен халық арасында бөліп беруге арналған материалдық құралдар;
      «транзит мемлекетi» – үкiметi осы Келiсiмге қатысушы болып табылатын, көмек көрсетуші және сұрау салушы мемлекеттердi қоспағанда, әуе кеңістігін және/немесе аумақтық суларды қоса алғандағы аумағы арқылы көмек көрсету жөнiндегi топтарды, көмек көрсетуге қажетті жарақтар мен қамтамасыз ету материалдарын алып өтетiн мемлекет;
      «Орталық басшылығы» – Орталық директоры, Директордың орынбасары;
      «лауазымды адам» – Орталықта жұмыс істеу үшін Тарап жіберген және тиісті штаттық лауазымға тағайындалған құзыретті органның өкілі;
      «Орталық қызметкері» – Орталықтың қызметін әкімшілік және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Орталықтың штаттық қызметкері;
      «Орталық персоналы» – Орталықтың лауазымды адамдары мен қызметкерлері;
      «байқаушы» – осы Келісімнің Тарапы болып табылмайтын, Орталықтың жанындағы байқаушы мәртебесі берілген мемлекет, құзыретті халықаралық ұйым;
      «үшінші тарап» – Келісімнің Тарапы болып табылмайтын және Орталықтың жанындағы бақылаушы мәртебесі жоқ мемлекет, құзыретті халықаралық ұйым;
      «ақпарат алмасу» – Тараптардың, Орталықтың және үшінші тараптардың ақпарат алуы және беруі;
      «Орталықтың үй-жайлары» – меншік нысанына және құқығының тиесілілігіне қарамастан, осы ғимараттарды немесе ғимараттардың бір бөлігіне қызмет көрсететін жер учаскесін қоса алғанда, Орталықтың мақсаттары үшін пайдаланылатын ғимараттар немесе ғимараттардың бір бөлігі;
      «ұлттық дағдарыс орталығы» – Орталық және Тараптардың ұлттық құзыретті және басқа да мемлекеттік органдары арасында өзара іс-қимылды үйлестіру және ақпаратпен алмасу үшін Тарап тағайындаған орган.

2-бап. Мақсаттар

      Осы Келісімнің мақсаты төтенше жағдайлар қаупін жеңілдетудің және олардың салдарын азайтудың, келісілген мемлекетаралық іс-шаралар жолымен бірлесіп ден қоюдың, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты ынталандырудың тиімді тетіктерін құру болып табылады.

3-бап. Орталықтың құрылуы

      Осымен Тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы өңірлік мемлекеттердің ұлттық деңгейінде қабылданатын күш-жігерді қолдау мақсатында дүлей зілзалаларға ден қою және қауіп-қатерді азайту жөніндегі Орталық Азия орталығына құрылтайшы болады.
      Орталық Қазақстан Республикасының Алматы қаласында құрылады және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнінде келісілген бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруда, жүргізуде, үйлестіруде жәрдем көрсету, сондай-ақ Тараптардың құзыретті органдарының өзара іс-қимыл жасау бойынша тұрақты жұмыс істейтін мемлекетаралық орган болып табылады.
      Орталық өз қызметінде осы Келісімнің ережелері мен Тараптардың шешімін басшылыққа алады.
      Орталықтың міндеттері мен функциялары осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Дүлей апаттарға ден қою және қауіп-қатерді азайту жөніндегі Орталық Азия орталығы туралы Ережеде айқындалады.

4-бап. Қағидаттары

      Осы Келісімді орындау кезінде Тараптар мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      Тараптар жалпы танылған нормалар мен халықаралық құқықтағы қағидаттарды сақтай отырып, осы Келісімге сәйкес, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюда кезек күттірмейтін көмек ұсыну мақсатында Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес ынтымақтастық жасайды.
      Тараптар өзінің қызметін ынтымақтастық пен әріптестік рухында және осы Келісімнің мақсаттарына жету үшін ынтымақтастыққа және үйлестіруге ықпал ететін өзінің қажеттіліктеріне, мүмкіндіктері мен жағдайына сәйкес жүзеге асырады.
      Тараптар өзінің тұрақты даму саясатында, жоспарлары мен бағдарламаларында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелеріне басымдылық танытуы тиіс.
      Тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы өзінің қызметінде белгіленген тәртіппен жергілікті органдарды қоса алғанда, барлық ықтимал қатысушыларды, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке секторларды тартады.
      Тараптар осы Келісім бойынша өзінің міндеттемелерін дұрыс орындамағаны үшін жауапқа тартылады.

5-бап. Орталықтың мәртебесі және оның қызметін қаржыландыру

      Орталық Тараптардың қайсысы әуелден өз бетінше төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы іс-шараларды өткізуге міндеттенеді деген қағидат негізінде жұмыс істейді. Егер Тарап жағдайды өз күштері мен құралдары арқылы шеше алмаса, онда ол Орталықтан көмек сұрай алады.
      Орталық заңды тұлға мәртебесiне ие және бұл ретте Орталықтың артықшылықтары мен иммунитеттерiне зиян келтiрмей осы Келiсiмге және болу мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес құқықтар мен мiндеттемелерді пайдаланады.
      Орталық қызметін қаржылық қамтамасыз ету: халық санына барабар Тарап мемлекеттерінің салымы, донорлар қаражаттары, халықаралық ұйымдардың өтеусіз көмегі, заңды және жеке тұлғалардың ерікті көмектері, Тараптар заңнамасына қайшы келмейтін басқа да көздер есебінен қалыптасқан қаражаттар арқылы жүзеге асырылады.
      Орталықтың бюджетiн атқару, бюджет бойынша есептілік және қаржы аудитi тәртiбiн Дүлей апаттарға ден қою және қауіп-қатерді азайту жөніндегі Орталық Азия орталығы туралы ереже айқындайды. 

6-бап. Орталықтың міндеттері

      Орталықтың негізгі міндеттері:
      Орталық Азия елдері құзыретті органдарының өзара іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асыру;
      Орталық Азия мемлекеттерінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың ұлттық жүйесін дамытуға көмек көрсету;
      төтенше жағдайларға ден қою операцияларын жүргізуде төтенше жоспарлау және көмек көрсету;
      төтенше жағдайлар туралы мониторинг жүргізу, алдын алу және алдын ала хабардар ету мақсатында нақты уақыт режимінде ақпаратты жинау, пысықтау мен талдаудың тиімді ақпараттық-коммуникациялық жүйелерін әзірлеу және дамыту;
      халыққа, инфрақұрылымға, аумаққа деген табиғи және техногендік қауіптілігін бағалау бойынша міндеттерді шешу үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті (көпдеңгейлі деректер банкін және геоақпараттық жүйелер) құру;
      табиғи және техногендік жаһандық және трансшекаралық апаттар, оның ішінде Орталық Азия аумағының сейсмикалық қауіптілігін бағалау бойынша халықаралық мониторингтік жүйелерге және желілерге қатысу;
      Орталық Азия елдерінде және басқа да шет елдерде халықаралық оқу-жаттығуларды, құтқару және ізгілік операцияларды дайындау мен өткізуге қатысу, онда Тараптардың күштері мен құралдарының қатысуын қамтамасыз етуге көмектесу;
      Сыртқы әріптестермен серіктестік, халықаралық семинарлар, тренингтер, оқу-жаттығулар, конференциялар өткізу.

7-бап. Ынтымақтастық нысаны

      Тараптар төтенше жағдай туындаған жағдайда бірлескен іс-қимылды жоспарлау, қоршаған ортаның мониторингін жүргізу, бағалау және ерте алдын алу жүйесін дамыту, ақпаратпен және заманауи технологиялармен алмасу, мамандарды даярлау жолымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен іске асыруда ынтымақтасады.
      Тараптар осы Келісім бойынша міндеттерді орындауға қажетті заңнамалық, әкімшілік және өзге де шараларды қабылдайды.
      Тараптардың біреуінің мемлекетінің аумағында төтенше жағдай туындаған немесе оның туындау қаупі пайда болған жағдайда бұл Тарап басқа Тарапқа немесе Тараптарға көмек көрсету туралы сұрау сала алады.
      Тараптар төтенше жағдайлар салдарын азайту мақсатында жедел өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
      Тараптар өздерінің мүмкіндіктеріне сәйкес және ерікті негізде бір біріне көмек көрсетеді.
      Көмек көрсету шарттары Тараптардың уағдаластығы бойынша белгіленеді.
      Сұрау салушы Тарап қамтамасыз ету материалдарын зардап шеккен халық арасында нәсілдік, діни, тілдік, саяси немесе басқа да белгілері бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз әділ және ұтымды бөліп беруді қамтамасыз етеді.
      Сұрау салушы Тарап ұсынушы Тарапқа көмек ретінде алынған қамтамасыз ету материалдарын мақсатты пайдаланғаны туралы ақпарат береді.

ІІ. Төтенше жағдайларды болдырмау және оларға ден қоюдағы даярлық 8-бап. Ерте қамдану

      Тараптар белгіленген тәртіппен төтенше жағдайлар қаупін бағалаудың тұрақты жүйесін, ертерек хабардар етудің ақпараттық жүйесін, жедел ақпаратпен алмасу үшін байланыс жүйесін құруы, қоғамдық хабардарлықты ұйымдастыруы тиіс.
      Тараптар жағымсыз, оның ішінде трансшекаралық сипаттағы факторларды қадағалауда өзара іс-қимыл жасайды, жедел ақпаратпен алмасады және ықтимал төтенше жағдай қаупі туралы алдын ала ақпараттандыруды қамтамасыз етеді.
      Тараптардың әрбіреуі ұлттық дағдарыс орталығы тұрақты келісілген мерзімде Орталықты ақпараттандыратынына кепілдік береді.

9-бап. Алдын алу

      Тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қоюдың ұлттық стратегиясын әзірлейді.
      Тараптардың әрбіреуі төтенше жағдайлардың алдын алу және олар келтіретін шығынды азайту, мыналарды қоса алғанда:
      ұлттық саясатты, жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу;
      заңнамалық базаны қалыптастыру және түзету;
      төтенше жағдайлар басқармасының жергілікті және ұлттық мүмкіндіктерін нығайту;
      білімін жетілдіру және қолдану бойынша шаралар қабылдайды. 

10-бап. Әзірлігі

      Тараптар төтен жағдайларға ден қою, онымен қоса үйлестіру және бірлескен көмек, ден қою операцияларын жүргізу, өңірлік резервтік мүмкіндіктерді, әскери және азаматтық күштерді, техникаларды, жабдықтарды, байланыс құралдарын, трансшекаралық жылжу үшін тауарлар мен қызметтерді пайдалану жөніндегі өңірлік үлгілік әдістеме әзірлейді.
      Тараптар өздерінің ұлттық мүмкіндіктерін арттырады, оның ішінде өңірлік резервтік құралдарды қолдау үшін ұлттық ресурстарды жұмылдыруға ықпал етеді, ден қою жөніндегі үлгілік әдістемеге сәйкес курстар мен тренингтер өткізеді.
      Тараптардың әрбіреуі төтенше жағдайлар және оларға ден қою кезінде қол жетімді резервтік көмек көрсету құралдарының ресурстары туралы Орталыққа хабарлайды.
      Орталық әлсін-әлсін төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі өңірлік үлгілік әдістемені түзетеді. 

11-бап. Төтенше жағдайлар кезінде бірлескен іс-қимылға
арналған Орталықтың резервтік активтері

      Тараптардың әрбіреуі еркін түрде төтенше жағдайлар кезінде Орталықтың резервтік мүмкіндіктері ретінде пайдалануы мүмкін әскери және азаматтық күштер мен құралдарды, материалдық запастарды, тәжірибе мен технологияларды, әдіснамалық құжаттарды резервке алады.
      Көрсетілген резервтік активтер мен құралдар әр Тарапқа, сондай-ақ Орталыққа хабарланады және мүдделі Тараптың қажеттілік шаралары бойынша жаңартылады.
      Орталық резервтік активтер мен құралдар бойынша ақпаратты біріктіреді, жаңартады және ұсынады, сондай-ақ Тараптарға оларды пайдалану туралы хабарлайды. 

ІІІ-бөлім. Төтенше жағдайларға ден қою 12-бап. Ақпараттық алмасуды ұйымдастыру

      Ақпаратпен алмасу:
      Тараптар мен Орталық;
      Орталық пен бақылаушылар;
      Орталық пен үшінші тұлға арасындағы Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ақпаратты ұсынатын Тарап оның дәлдігіне, ақпарат көзінің сенімділігі мен шынайылық дәрежесі жағынан жіктелуіне жауап береді.
      Ақпаратпен алмасу шеңберінде Орталық:
      келіп түскен ақпаратты жинауды, өңдеуді, жүйелеуді, сақтауды және қорғауды;
      анықтамалық, талдау, статистикалық материалдарды дайындауды;
      келіп түскен сұрау салулар бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады.
      Ақпарат беру туралы сұрау салу, сол ақпарат сияқты техникалық немесе өзге байланыс құралдарын пайдаланумен арналар арқылы жіберіледі. 

13-бап. Көмек көрсету арқылы бірлесіп шұғыл ден қою

      Тараптардың әрқайсысы өз аумағында туындаған төтенше жағдайдың басқа Тараптар мемлекеттерінің аумағына таралып кетуінің алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Мұндай таралу қаупі туындаған жағдайда және өз күштерімен және құралдарымен оның алдын алу мүмкін болмаған жағдайда, бұл Тарап басқа мүдделі Тараптарды бұл туралы дереу хабардар етеді және осы Келісімге сәйкес көмек көрсету туралы сұрау жібере алады.
      Егер Тарапқа, оның аумағында төтенше жағдай болғанда қолдау қажет болса, онда ол Орталық арқылы басқа Тарапқа өтініш білдіре алады.
      Көмек сұрау салу негізінде көрсетіледі, онда сұратушы Тарап ағымдағы сәттегі төтенше жағдайдың орнын, уақытын, сипатын, ауқымын және жай-күйін, сондай-ақ сұратылған көмектің басымдылығын көрсетеді.
      Осы баптың алдыңғы абзацында аталған деректер төтенше жағдай аймағындағы соңғы оқиғалары мен ондағы жедел ахуалдың өзгерістерін бейнелеу үшін ұдайы жаңартылып отырылады.
      Сұрау салушы Тарап талап етілетін көмектің ауқымы мен түрін көрсетеді және ұсынушы Тарапқа хабарлайды.
      Көмек көрсетуші Тарап сұрау салушы Тараптың өтінішін барынша қысқа мерзімде қарайды және Орталық арқылы көмек көрсетудің мүмкін дәрежелері (түрлері мен көлемі), шарттары мен мерзімдері туралы хабардар етеді.
      Көмек туралы өтінген жағдайда немесе, егер алушы тараптың келісімімен басқа тарап көмек ұсынса ғана көмек көрсетілуі мүмкін.
      Тараптар, өзінің мүмкіндіктері шегінде, Орталықты ауқымды төтенше жағдайларда басқа Тараптарға көмек көрсете алатын әскери және азаматтық персонал, сарапшылар, жабдықтар, құралдар мен материалдар туралы, сондай-ақ осындай көмек көрсетілетін шарттар (қаржылық) туралы айқындайды және ақпараттандырады.
      Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес жариялауға жатпайтын ақпаратты қоспағанда, осы Келісім шеңберінде жүргізілетін қызметтің нәтижесінде алынған ақпарат жарияланады және егер өзгесі Тараптардың құзыретті органдарымен жазбаша түрде келісілмесе әдеттегі практика негізінде пайдаланылады. 

14-бап. Көмекті басқару және бақылау

      Көмек көрсету жөніндегі топтарға жалпы басшылықты осы топтардың басшылары арқылы, сондай-ақ Орталықтың қолдауымен Сұрау салушы тараптың құзыретті органы жүзеге асырады.
      Орталық көмек көрсету жөніндегі топтың, көмек көрсетуге қажетті жарақтар мен материалдардың транзиттік өтуіне ықпал етеді. 

15-бап. Оңалту

      Тараптар бірлесіп және жекелей төтенше жағдайлардан кейін оңалту бағдарламаларын әзірлейді және олардың іске асуын қамтамасыз етеді. Тараптар белгіленген тәртіпте, екіжақты, өңірлік және халықаралық ынтымақтастыққа, төтенше жағдайлардан кейін оңалту бөлігінде ықпал етеді.

ІV. Техникалық ынтымақтастық және ғылыми зерттеулер 16-бап. Техникалық ынтымақтастық

      Төтенше жағдайларға дайындықты арттыру және олардың қауіп-қатерін азайту мақсатында Тараптар техникалық ынтымақтастықты, мына:
      Тараптардың аумағында, сол сияқты оның шегінен тыс тиісті ресурстарды жұмылдыруға ықпал етуді;
      есептілікті ұсыну, қажетті ақпаратпен, тәжірибемен, технологиямен алмасу нысанын стандарттауға ықпал етуді:
      курстар, тренингтер ұйымдастыруды, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында қоғамның хабардар болуы мен білімділігіне ықпал етуді;
      жергілікті және өңірлік деңгейлерде ауқымды төтенше жағдайлар кезінде жұмылдырылған ұйымдастырушылар, сарапшылар мен персонал үшін оқыту бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруды;
      осы Келісімді орындауға байланысты Тараптың техникалық мүмкіндіктерін жетілдіруді жүзеге асырады.
      Орталық осы Баптың алдыңғы абзацында баяндалған қағидаларға сәйкес техникалық ынтымақтастық бойынша іс-шараларды өткізеді. 

17-бап. Ғылыми техникалық зерттеулер

      Тараптар жекелей немесе бірлесіп, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта уағдаластықтан шыға отырып, тиісті әдістерді, әдістемелер мен жабдықтарды пайдалана отырып, төтенше жағдайлардың себептері мен салдарын зерттеу бойынша ғылыми техникалық зерттеу бағдарламаларын қолдайды және оларға себепші болады, осыған байланысты Тараптардың зияткерлік меншік құқықтарын қорғау сақталады.
      Орталық осы Баптың алдыңғы абзацында баяндалған ережелерге сәйкес ғылыми техникалық және зерттеу ынтымақтастығы бойынша іс-шаралар жүргізеді. 

V. Ұйымдастыру іс-шаралары 18-бап. Орталық пен Тараптардың өзара іс-қимылы

      Орталық Тараптардың құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, онымен қоса үнемі ақпаратпен алмасады.
      Орталықтың қызметі шеңберінде ақпаратпен жедел алмасу үшін Тараптар Тараптардың уәкілетті органдары бөлген байланыс арналарын ұйымдастырады.
      Әрбір Тарап Орталықпен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыратын Ұлттық үйлестіруші органды айқындайды, бұл туралы осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаннан кейін 30 күн ішінде депозитарийге жазбаша хабарлайды. Тараптардың бірінің құзыретті органдарының тізбесі өзгерген жағдайда ол бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлайды.
      Тараптар ұлттық үйлестіруші органдарға өздерінің міндеттерін, әсіресе тиісті ақпаратқа қол жеткізу бөлігінде, орындауға мүмкіндік беретін жағдайларды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      Орталық қажеттілігіне қарай өңірлік біріктіруді ынталандыру үшін БҰҰ жүйесімен, тиісті халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. 

19-бап. Орталық кеңесі

      Тараптар Орталықтың қызметін бақылауды Кеңес арқылы жүзеге асырады. Кеңес құрамына әр мемлекеттен үйлестіруші құзыретті органның басшысы кіреді. Кеңес Орталық қызметінің стратегиялық бағыттарын белгілейді.
      Кеңестің функцияларына мына:
      - Орталық қызметінің негізгі бағыттарын айқындау және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюмен байланысты мәселелерді шешу кезінде көмек көрсету;
      - Орталық басшылығы лауазымына тағайындау үшін кандидатураларды қарау және келісу, мемлекет басшыларына оларды бекітуге ұсыну;
      - Орталықтың құрылымы мен штаттық кестесін бекіту;
      - Орталықтың қызметін бақылау;
      - Орталықтың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті ресурстарды айқындау;
      - бюджетті қалыптастыру, бекіту және оның атқарылуын бақылау;
      - Орталықтың қызметі бойынша қаржы және аудиторлық есеп беруді зерделеу;
      - Орталық пен Тараптардың құзыретті органдары арасындағы даулы мәселелерді қарау;
      - Орталықтың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерден туындайтын басқа да функциялар жатады.
      Кеңес отырыстары қажеттілікке қарай, бірақ жылына кем дегенде екі рет уағдаластық бойынша Тараптардың бірінің аумағында өткізіледі. Кеңес отырысында, әдеттегідей отырысты өткізетін мемлекеттің өкілі төрағалық етеді. Кеңестің отырыстарында шешімдер консенсус негізінде қабылданады. 

20-бап. Орталық персоналының қызметі

      Лауазымды адамдардың жұмыс істеуі үшін Орталыққа жіберу тәртібі жіберуші мемлекеттің ұлттық заңнамасымен белгіленеді.
      Орталық персоналының жұмыс мерзімдері, шарттары мен тәртібі, сондай-ақ атқаратын лауазымдары мен орындайтын міндеттерінің сипаттарына қойылатын біліктілік талаптары Орталық туралы ережемен белгіленеді.
      Орталықтың персоналын ақшалай ұстау жіберуші мемлекет бюджетінен және/немесе демеушілік қолдау қаражатынан қамтамасыз етіледі.
      Орталықтың лауазымды адамдары халықаралық қызметшілер болып табылады.
      Қызметтік міндеттерін орындау кезінде олар қандай да болмасын Тарапқа және/немесе үкіметке, ұйымға немесе жеке адамға сұрау салмауы немесе нұсқау алмауы тиіс.
      Әрбір Тарап Орталықтың лауазымды адамдары функцияларының халықаралық сипатын мүлтіксіз құрметтеуге және олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде оларға ықпал етпеуге міндеттенеді. 

21-бап. Бақылаушылар 

      Осы Келісімнің Тарапы болып табылмайтын мемлекетке құзыретті халықаралық ұйым белгілеген тәртіппен бақылаушы мәртебесі берілуі мүмкін.
      Бақылаушы мәртебесін беру шарты, бақылаушылар өкілдерінің міндеттері мен функциялары Орталық туралы ережемен белгіленеді. 

22-бап. Артықшылықтар мен иммунитеттер

      Орталықтың лауазымды адамдары және олардың отбасы мүшелері осы Келісімде көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді баратын жеріне келе жатқанда болатын мемлекеттің аумағына кірген сәттен бастап немесе, егер олар сол аумақта болса, лауазымды адамдар өздерінің міндеттерін орындауға кіріскен сәттен бастап пайдаланады.
      Лауазымды адам функциясын аяқтаған кезде оның артықшылықтары мен иммунитеттері, сондай-ақ болатын мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын оның отбасы мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері бұл адам болатын мемлекеттен кеткен сәттен 30 күн өткеннен кейін тоқтатылады. Отбасы мүшелері болуды тоқтатса, отбасы мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері қысқартылады, бірақ түсініктемеде, егер мұндай адамдар болатын мемлекеттен 30 күннің ішінде кетуге ниет білдірсе, онда олардың артықшылықтары мен иммунитеттері олардың кету сәтіне дейін сақталады.
      Лауазымды адам қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелері олардың болатын мемлекеттен кету сәтіне дейін немесе 30 күн өткенге дейін оларға берілген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдалануды жалғастыра береді.
      Орталықтың лауазымды тұлғаларының ғылыми, педагогикалық және творчестволық қызметінен басқа жеке пайдасы немесе өзге де тұлғалардың пайдасы үшін коммерциялық немесе кез келген басқа да қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
      Осы Келісімге сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын барлық тұлғалар олардың артықшылықтары мен иммунитеттеріне зиян келтірмей, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасын құрметтеуге және олардың ішкі істеріне араласпауға міндетті.
      Орталықтың лауазымды адамдарына олардың өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде, сондай-ақ қатысушы мемлекеттерде Орталық ұйымдастыратын іс-шаралар өткізу орнына бару және қайту уақытында мынадай артықшылықтар мен иммунитеттер:
      1) жеке өзін қамауға алудан немесе ұстаудан және жеке қол жүгіне тыйым салудан иммунитет, сондай-ақ олардың айтқаны немесе жазғаны, сондай-ақ олардың өкілдер ретінде жасаған барлық іс-әрекеттері үшін қылмыстық, азаматтық және әкімшілік жауапкершіліктен босату;
      2) барлық қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылық;
      3) уақытша қызметтік іссапарлардағы шетел үкіметтерінің өкілдеріне ақша немесе валюта айырбастауға қатысты қандай жеңілдіктер берілсе, дәл сондай жеңілдіктер;
      4) дипломатиялық өкілдерге олардың жеке қол жүгіне қатысты қандай иммунитеттер мен жеңілдіктер берілсе, дәл сондай иммунитеттер мен жеңілдіктер;
      5) әкелінетін тауарларға (олардың жеке қол жүгінің бір бөлігін құрамайтын) кеден алымдарынан немесе акциздік алымдардан немесе сату алымдарынан босатуды талап ету құқығын қоспағанда, дипломатиялық өкілдер пайдаланатын өзге де артықшылықтар, иммунитеттер мен жеңілдіктер беріледі.
      Осы баптың алдыңғы абзацының 1) және 2) тармақшалары ережелері азаматтығында тұрған немесе өзі өкілі болып табылатын немесе болып табылған мемлекеттің өкілдері мен биліктері арасындағы өзара қарым-қатынасқа қолданылмайды.
      Артықшылықтар мен иммунитеттер мына:
      1) Орталыққа немесе лауазымды адамға, не оның басқаруындағы көлік құралынан болған жол-көлік оқиғасына байланысты зиянды өтеу туралы талап-арыздарға;
      2) лауазымды адамның тарапынан болған әрекеттен өлімге немесе дене жарақатына байланысты зиянды өтеу туралы талап-арыздарға қатысты қолданылмайды.
      Сөз бостандығын және өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін Тараптардың өкілдері өздері айтқанға немесе жазғанға қатысты, сондай-ақ олардың рұқсаты жасырын ақпаратты жариялау жағдайларын қоспағанда, олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған барлық іс-әрекеттеріне қатысты қылмыстық, азаматтық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Осы ереже Тараптардың өкілдері тиісті тұлға болып табылуы тоқтағаннан кейін де қолданысын жалғастыра береді.
      Егер салықтардың қандай да бір нысанын салу тұру уақытына тәуелді болған жағдайда,Тараптар өкілдері өздерінің міндеттерін орындау үшін қандай да бір қатысушы мемлекетте болған кезең тұру мерзіміне есептелмейді.
      Осы баптың ережелері мемлекет аумағының азаматтары болып табылатын Орталықтың лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелеріне қолданылмайды.
      Осы баптың ережелері Директордың, оның орынбасарының (орынбасарларының), лауазымды адамдардың, өкілдердің, қызметкерлердің, сондай-ақ олармен бірге тұрып жатқан олардың отбасы мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттерін айқындайтын Орталықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы мәселелерді реттейтін жекелеген шарттар күшіне енген күнінен қолданылады. 

23-бап. Персоналдың мәртебесі

      Орталықтың персоналы Тараптар аумағында еркін қозғалысты, егер бұл мемлекеттік қауіпсіздік бойынша кіруге тыйым салынатын немесе реттелетін аймақтар туралы Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, өздерінің ресми функцияларын орындау үшін қандай мөлшерде қажет болса, соншалықты деңгейде пайдаланады.
      Орталықтың персоналы Тараптар мемлекеттерінің аумағында осы тұлғалардың мәртебесін куәландыратын құжаттар ретінде Тараптардың билік органдары мойындайтын қызметтік куәліктерді пайдаланады.
      Лауазымды адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері үшін ақшалай ұстау, тұрғын үйді броньдау, медициналық қызмет көрсету жағдайларын, атағын, еңбек сіңірген жылдарын, сондай-ақ оларға Орталыққа жібергенге дейін атқарған лауазымынан төмен емес лауазым ұсынуды қоса алғанда, болатын мемлекетте болу кезеңіне және одан өз мемлекетіне қайтып оралғаннан кейін жіберуші мемлекеттің заңдарымен және өзге нормативтік құқықтық актілермен белгіленген барлық жеңілдіктер, кепілдер және төлемақылар сақталады.
      Орталық персоналын зейнетақымен қамтамасыз ету Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасы бойынша жүзеге асырылады.
      Орталық персоналының жұмыс уақыты, сондай-ақ олардың жұбайларының (осы мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын) болатын мемлекеттің аумағында болу уақыты Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес олардың еңбек өтіліне есептеледі. 

24-бап. Орталық мүлкі мен активтері 

      Орталықтың үй-жайы мен көлік құралдары, сондай-ақ оның мұрағаттары мен құжаттары, оның ішінде қызметтік хат-хабарлары, олардың қай жерде екеніне қарамастан, тінтуге, реквизициялауға, тәркілеуге және Орталықтың қызметіне бөгет болатын кез келген басқа нысандағы қол сұғушылыққа жатпайды.
      Орталықтың үй-жайының және көлік құралдарының қол сұғылмаушылығы Орталықтың міндеттерімен және функцияларымен үйлеспейтін немесе Тараптардың қауіпсіздігіне, олардың жеке және заңды тұлғаларының мүдделеріне зиян келтіретін мақсатта оларды пайдалануға құқық бермейді.
      Орталық, оның активтері және басқа меншігі барлық тікелей салықтар мен алымдардан, қосымша құн салығынан (оның ішінде болатын мемлекеттің заңдары мен ережелеріне сәйкес қайтару нысанында), болатын мемлекеттің аумағынан алынатын, сондай-ақ қызмет көрсетудің (қызметтердің) нақты түрлері үшін төлемдер болып табылатындарды қоспағанда, Орталықтың үй-жайы үшін бөлінген жалға алу төлемінен босатылады.
      Орталық болатын мемлекеттің аумағында алынатын, Орталықтың үй-жайы үшін бөлінген жалға алғаны үшін төлемақыны қоса алғанда, барлық тікелей салықтардан, алымдардан, баждардан және басқа төлемдерден босатылады.
      Орталық келген мемлекетте белгіленген өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен санитарлық нормаларды орындауын қамтамасыз етеді.
      Орталықтың ресми түрде пайдалануына арналған мүлік пен заттар Тараптардың аумағында кедендік төлемдерді, кедендік баж салығын, салықтарды және осыған байланысты алымдар мен төлемдерді төлеуден босатылады, тасымалдағаны, сақтағаны, осы орындар үшін белгіленгеннен тыс немесе тиісті кедендік органның жұмыс уақытынан тыс кедендік ресімдеу үшін алымдарды қоспағанда, сондай-ақ кедендік ресімдегені үшін қызметтердің және осы тәрізді қызметтердің төлемінен халықаралық ұйымдар үшін көзделген тәртіппен босатылады. 

25-бап. Орталықтың рәміздері мен жұмыс тілі

      Орталықтың Кеңес бекіткен рәміздері бар және оны өздері орналасқан Орталықтың үй-жайлары мен автокөлік құралдарында орната алады.
      Тараптар Орталықтың ресми құжаттарын, мөрлерін, мөртабандары мен рәміздерін мойындайды.
      Орыс тілі Орталықтың ресми және жұмыс тілі болып табылады. 

26-бап. Орталық қоры

      Тараптар осы Келісімді орындау үшін Орталық Қорын құрады.
      Қорды Орталық Кеңес басқарады.
      Қор жинағы халық санына барабар есептелетін Тараптардың, донор-мемлекеттердің салымы, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес бірлестіктердің көмегі есебінен қалыптасады. 

VІ. Қорытынды ережелер 27-бап. Дауларды шешу, толықтырулар, күшіне ену, депозитарийлер

      Осы Келісім қатысушысы Тараптардың мемлекеті болып табылатын Тараптардың басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.
      Осы Келісімнің мәтініне барлық Тараптардың келісімімен Хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады.
      Осы Келісім Келісімнің мәні болып табылатын және оның мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін мәселелер бойынша Тараптардың басқа халықаралық шарттар жасау құқықтарын шектемейді.
      Осы Келісімді түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын мәселелер мүдделі Тараптар арасында консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
      Қазақстан Республикасы осы Келісімнің депозитарийі болып табылады. Осы Келісімнің ресми көшірмелерін оған қол қойылған күнінен бастап 15 күн ішінде депозитарий басқа Тараптарға жібереді.
      Осы Келісім ратификациялауға жатады және үшінші ратификациялау грамотасы депозитарийге сақтауға тапсырылған күнінен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
      Осы Келісім басқа да мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Тараптар Келісімге қосылу туралы шешімді консенсус негізінде қабылдайды. Қосылған мемлекет үшін осы Келісім депозитарий оның қосылған туралы құжатты алған күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
      Кез-келген Тарап осы Келісімнен болжамды шығу күніне дейінгі 3 айдан кешіктірмей бұл туралы дипломатиялық арналар бойынша депозитарийге жазбаша хабарлама жібере отырып, шыға алады. Депозитарий осы ниеті туралы басқа Тараптарды шығу туралы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап 15 күн ішінде хабарлайды.

      20__ «__»_________ __________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.

      Қазақстан Республикасының
      Үкіметі үшін                         _____________________

      Қырғыз Республикасының
      Үкіметі үшін                         _____________________

      Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін                         _____________________

Қазақстан Республикасының, Қырғыз  
Республикасының және Тәжікстан   
Республикасының үкіметтері арасындағы
Дүлей апаттарға ден қою және    
қауіп-қатерді азайту жөніндегі Орталық
Азия орталығын құру туралы    
2011 жылғы «__» ________ келісімге
қосымша              

Дүлей апаттарға ден қою және қауіп-қатерді азайту
жөніндегі Орталық Азия орталығын құру туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      Дүлей апаттарға ден қою және қауіп-қатерлерді азайту жөніндегі Орталық Азия орталығы (бұдан әрі – Орталық):
      төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту;
      төтенше жағдайларды болдырмауды ықпалдасу тұрғысынан қамтамасыз ету;
      төтенше жағдайлар қауіп-қатерлері факторларын жұмсарту, бірдейлендіру, төтенше жағдайлар қауіптілігіне баға беру және мониторинг жасау, және оларды болжау;
      төтенше жағдайлар туралы ертерек хабардар ету және өзара   хабарлаудың жүйесін құру;
      төтенше жағдайларға тиімді және уақытылы ден қою үшін бірлескен күшті үйлестіру және әзірлікті нығайту;
      тұрақты өзара жедел ақпарат алмасу мақсатында құрылады.
      Орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мәңгілік достық туралы 1997 жылғы 10 қаңтардағы шарттың мақсаттары мен қағидаттарын, 1998 жылғы 17 шілдедегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы келісімді және осы Ережені басшылыққа алады, сондай-ақ қатысушысы Тараптар мемлекеттері болып табылатын халықаралық шарттарды ескереді.
      Тараптардың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік органдары Орталықпен ресми байланысты жүзеге асырушы құзыретті органдар болып табылады.
      Орталық өз қызметін:
      Тараптардың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелеріне жауапты мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – құзыретті органдар) мүмкіндіктерін, ресурстары мен дерекқорын пайдалана отырып;
      халықаралық, үкіметтік, және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
      Орталық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы келісілген бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және үйлестіруге көмек көрсету үшін Тараптардың тұрақты жұмыс істейтін мамандандырылған мемлекетаралық органы болып табылады және жыл сайын өз қызметі туралы Тараптардың құзыретті органдарына ақпарат беріп отырады.
      Орталыққа жалпы басшылықты төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы Тараптардың құзыретті органдары басшыларының кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) жүзеге асырады.

2. Негізгі функциялар

      Орталықтың негізгі функциялары болып:
      Тараптардың құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл, басқа елдердің халықаралық құрылымдары мен үкіметтік ұйымдарымен ынтымақтастық;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ақпаратты қабылдауды, жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды және талдауды уақытында жүргізу, Тараптардың құзыретті органдары мен басқа мүдделі құрылымдары арасында өзара жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
      тиісті ұсынымдардың жай-күйі және әзірленуі туралы келіп түскен ақпаратты талдау;
      ақпаратты жүйелі жинақтау, қалыптастыру және Орталықтың дерекқорын толықтыру бойынша рәсімдерді әзірлеу;
      ақпараттық жүйелерді, соның ішінде Тараптардың құзыретті органдары дерекқорын біріздендіру бойынша шараларды іске асыруға көмектесу;
      ақпарат алмасудың стандартталған нысаны мен жүйесін енгізу, ақпарат талдау бағдарламаларын ендіру және жетілдіру;
      төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы Тараптардың ұлттық заңнамалық үйлесімдігіне қол жеткізуге көмектесу;
      Тараптардың бірыңғай ақпараттық жүйесін және күштер мен құралдарды басқару жүйесін құру;
      Тараптардың құзыретті органдарының сұрауы бойынша ақпаратты қамтамасыз ету және үздіксіз ұсыну;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекетаралық және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      төтенше жағдайлар саласындағы деректермен тұрақты өзара алмасу үшін халықаралық, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс байланысын орнату және ұстау;
      өңір елдерінде және өзге де шетелдерде халықаралық оқу-жаттығулар, ізгілік және құтқару операцияларын даярлауға және өткізуге қатысу, оларға Тараптардың күштері мен құралдарының қатысуын қамтамасыз етуге ықпал ету.

3. Құқықтар

      Орталық өз функцияларын іске асыру үшін:
      құзыретті органдардан осы Ережеде көзделген қызметті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты уақытында сұратуға және оларға ұсынуға, жеке сұрату бойынша деректер базасын құруға;
      белгіленген тәртіппен Кеңеске өз қызметін қаржыландыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
      өз құзыреті шегінде Орталық қызметіне қатысты ұсыныстарды, ұсынымдарды және құжаттар жобасын әзірлеуге;
      халықаралық және өңірлік іс-шараларға, оның ішінде өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша отырыстарға қатысуға құқылы. 

4. Қызметті ұйымдастыру

      Орталықты басқаруды Кеңес шешімімен тағайындалатын және босатылатын Орталық директоры жүзеге асырады.
      Орталық қызметін ұйымдастыру жөніндегі жұмысты Кеңес шешімімен бекітілген штат персоналы жүзеге асырады.
      Орталықтың жұмыс тілі орыс тілі болып табылады.

5. Персоналды іріктеу, жіберу және кері шақыру тәртібі

      Орталыққа лауазымды адамға жұмысқа жолдама беру Тараптардың құзыретті органдары өкілдерінің есебінен және Тараптардың қолданыстағы ұлттық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      Орталық персоналы қызметкерлері лауазымына (штаттан тыс) іріктеу кезінде үміткерлері мынадай талаптарға жауап беруі қажет:
      Тараптардың азаматы болуы;
      басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің қолданыстағы біліктілік мінездемелерімен белгіленген (тиісті білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі) біліктілік талаптарына сай келуі керек.
      Лауазымды адамдар Тараптардың ұсынымы бойынша үш жылдық мерзімге жұмысқа қабылданады. Жұмыс мерзімі тағы да үш жылға ұзартылуы мүмкін. 

6. Персонал

      Орталық персоналы тұрақты құрамды қамтиды және Орталық директоры мен техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлерді қоса алғанда Тараптардың құзыретті органдарының қызметкерлерінен тұрады.
      Орталық директоры:
      Орталықтың жұмысын ұйымдастырады;
      Орталыққа жалпы басшылықты жүзеге асырады және Орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікте болады;
      Кеңеске Орталықтың құрылымы мен штат кестесін бекітуді ұсынады және Орталық штатын қалыптастыруға қатысады;
      Орталық қызметкерлерінің функцияларын, құқықтары мен міндеттерін белгілейді және олардың атқарылуын бақылайды;
      Орталыққа мемлекеттік билік органдарымен, Тараптардың және өзге де мемлекеттердің басқармаларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынаста өкілдік етеді;
      Тараптар мемлекеттерінің шегінде өткізілетін іс-шараларға, сондай-ақ Орталық құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өңірлік отырыстарға қатысады;
      Орталықты ұстауға шығыстар сметасының жобасын және оның орындалуы туралы есепті Кеңестің қарауына ұсынады;
      Орталық бюджетінің қаражатына билік жасайды, жыл сайын Кеңес алдында шығыстар дәйектілігі бойынша есеп береді;
      жыл сайын Кеңеске Орталық атқарған жұмыс туралы есеп ұсынады.
      Тараптардың әрқайсысына, Қазақстан Республикасына 5 бірлік, Қырғыз Республикасына 3 бірлік және Тәжікстан Республикасына 3 бірлік көлемінде штаттық лауазымдар квотасы бекітіледі. Орталықтың штаттық лауазымына тағайындалған қызметкерлер өз мемлекетінің тиісті құзыретті органдары кадрларында қалдыру арқылы жіберетін мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес Орталыққа қызметке жіберіледі.
      Орталық лауазымына тағайындауды, Орталыққа жұмысқа қабылдауды Кеңестің және Орталықта жұмыс істеу үшін өкілдерін жіберіп отырған құзыретті органдармен келісуі бойынша Орталық директоры жүзеге асырады.
      Орталыққа жұмысқа іссапарға жіберу кезеңінде штат лауазымына тағайындалған қызметкерлерде және олардың отбасы мүшелерінде тиісті құзыретті органдар қызметкерлері үшін жіберуші мемлекеттің ұлттық заңнамасымен бекітілген құқықтары, жеңілдіктері, кепілдіктері мен өтемақылары сақталады.
      Орталық штатын жинақтау, Орталық қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету тәртібі Кеңес бекіткен ережеге сәйкес белгіленеді.
      Орталық қызметкерлері заттай мүлікпен болатын мемлекеттің тиісті құзыретті органында қолданыстағы нормаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.
      Орталықтың лауазымды адамдарының:
      өзінің жеке пайдасы және өзге адамдардың пайдасы мүддесінде коммерциялық қызметпен және басқа да қызметпен (ғылыми, шығармашылық, оқытушылықтан басқа) айналысуға;
      халықаралық қызметшілер мәртебесіне сай келмейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
      Орталық персоналы Орталыққа немесе Тараптардың ұлттық мүдделеріне зиян тигізуі мүмкін жазбаша және ауызша іс-қимылдарға, көпшілік алдында сөйлеуге жол бермеуі тиіс.
      Орталық қызметкерлеріне жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
      Орталық персоналына белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.

7. Бақылаушы

      Орталықтағы бақылаушы мәртебесі үшінші жаққа тиесілі бола алады. Бақылаушы мәртебесін ұсыну және тоқтату немесе жою туралы шешімді Кеңес қабылдайды.
      Орталық жанындағы бақылаушы мәртебесін ұсыну рәсімі:
      құзыретті халықаралық ұйым мемлекетінің Орталық директорына жазбаша дәлелді өтінішін;
      Орталық директорының осы өтінішті Кеңес қарауына шығаруын;
      Кеңестің өтінішті қарауын және консенсус негізінде бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылдауды ұйғарады.
      Орталық жанындағы бақылаушы мәртебесін алған мемлекет, халықаралық ұйым Орталықтағы өз өкілдері арқылы Орталықпен байланысты жүзеге асырады.
      Орталыққа жіберілген мемлекет өкілі – бақылаушы ұлттық құзыретті органдарда қызметте тұруы керек;
      Мемлекет өкілі өз қызметінде мемлекет өкілі – бақылаушы Орталық және жіберуші мемлекеттің құзыретті органы, халықаралық ұйым арасындағы өзара мүддені көрсететін ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді.
      Мемлекет өкілі – бақылаушының болатын мемлекетке келу шарты болатын мемлекет үкіметі мен Орталық арасындағы Тұру шарттары туралы келісіммен реттеледі. 

8. Қызметті қаржылық және мүліктік қамтамасыз ету

      Орталық қызметін қаржылық қамтамасыз ету:
      халықтың бара-бар санына Тараптар мемлекеттерінің салымы;
      донорлар қаражаттары;
      халықаралық ұйымдардың өтеусіз көмегі;
      заңды және жеке тұлғалардың ерікті көмектері;
      тараптар заңнамасына қайшы келмейтін басқа да көздер есебінен қалыптасқан қаражаттар арқылы жүзеге асырылады.
      Қаражаттарды бөлу Тараптардың ұлттық валютасында, сонымен қоса еркін айырбасталатын валютада жүргізілуі мүмкін.
      Тараптардың әрқайсысынан орталыққа өтеусіз негізде жабдық, басқа да мүлік, интеллектуалдық және өзгеде меншігін беруі мүмкін.
      Орталық бюджетінен қаражаттар пайдалану Кеңес бекіткен кірістер мен шығыстар сметасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Орталық қызметін қамтамасыз етуге арналған қаражаттар Қазақстан Республикасында қабылданған жеке есеп-шоттар жүргізу тәртібіне сәйкес жеке есеп-шоттарда болады.
      Орталыққа өз қызметін тиімді қамтамасыз ету мақсатында уақытша негізде үй-жай, жабдық, байланыс құралдары және өзге де материалдық құралдар берілуі мүмкін.
      Орталықтың мүлкі мен активтері әкімшілік және сот араласудың кез-келген нысанының иммунитетін пайдаланады.
      Орталықтың үй-жайлары мен көлік құралдары, сондай-ақ оның мұрағаттар мен құжаттары, оның ішінде орналасқан жеріне қарамай-ақ қызметтік хат-хабарлар тінтуге, реквизицияға және тәркілеуге немесе оның дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіретін араласудың басқа да түрлеріне жатпайды. Болатын мемлекеттің өкіметі мен басқармасының тиісті органдары өкілдері Орталық үй-жайына кіре алмайды, немесе Директордың немесе оның міндетін атқарушы адамның келісімімен және олар мақұлдаған жағдайда ғана кіре алады.
      Болатын мемлекеттің өкіметі мен басқармасының тиісті органдардың шешімі бойынша кез-келген іс-қимыл жасау Орталық үй-жайларында тек Директордың немесе оның міндетін атқарушы адамның келісімімен ғана орын алуы мүмкін.
      Болатын мемлекет Орталық үй-жайын қандай да бір басып кіруден немесе залал келтіруден қорғау үшін тиісті шаралар қолданады.
      Орталық үй-жайы кез-келген Тараптан заңмен қудаланған немесе Тараптардың кез-келгенінен немесе үшінші мемлекетке тапсыруға жататын адамға пана бола алмайды.
      Орталық үй-жайына қол сұқпаушылық оларды функцияларына немесе міндеттеріне сай келмейтін мақсаттарға пайдалануға құқық бермейді.
      Орталықтың бөлінген қорғалған байланыс арналары арқылы қызметтік хат-хабарларды алуға және жіберуге құқығы бар. 

9. Бюджет, аудит және қаржылық басқару

      Барлық міндеттер мен шығыстарды төлеуді, сондай-ақ түсімді жинауды аудиторлар бақылайды.
      Әр жарты жылда Орталық директоры Кеңеске, сонымен қатар Орталықты қаржыландыруды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар мен донор мемлекеттерге қаржылық есеп береді.
      Әр тексеріс бойынша есептер директорға, Кеңеске, сонымен қатар Орталықты қаржыландыруды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар мен донор мемлекеттерге ұсынылады. Директор Кеңеске, сонымен қатар Орталықты қаржыландыруды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар мен донор мемлекеттерге әр есептің нәтижесі бойынша қабылданған шаралар туралы қабылдайды. 

10. Қорытынды ережелер

      Орталық заңды тұлға болып табылады, болу мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес өз қызметіне қажетті реквизиттері болады.
      Орталықтың орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады