"Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 836 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ҰИҚ" АҚ) мыналарға:
      1) "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Агенттік) "Қазсат" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Қазсат" АҚ) акциялары пакетінің 100%-ын қоспағанда, "ҰИҚ" АҚ-ның мүлкін жарғылық капиталына салым ретінде бере отырып;
      2) "Қазсат" басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Басқарушы компания) "Қазсат" акционерлік қоғамының акциялар пакетінің 100 %-ы түріндегі мүлікті жарғылық капиталына салым ретінде бере отырып, бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қызметтің негізгі мәні болып мыналар айқындалсын:
      1) Агенттіктікі - инновациялық даму және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      2) Басқарушы компаниянікі - "Қазсат" АҚ акцияларының пакетіне қатысты меншік иесі құқығын жүзеге асыру.
      3. Агенттіктің функциялары болып мыналар айқындалсын:
      1) Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің, технологиялық салалық кеңестердің жұмысын қамтамасыз етуді қоса алғанда, инновациялық жүйені дамыту, инновациялық даму үдерістерін ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу;
      2) технологиялық болжау және жоспарлау, Салалық кеңестерге қарауға берілетін технологиялық бағдарламалардың тақырыптарын үйлестіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ жобаларды орындауға конкурстар өткізу, қаржыландыруды ұйымдастыру-операциялық сүйемелдеу және өткізілетін жобалар нәтижелерінің мониторингін жүргізу, инновациялық жобалар бойынша ақпараттық деректер банкін құру және коммерцияландыру жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру, инновациялық инфрақұрылымды басқару, олардың ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мәніне халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық;
      3) инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестік қатысу арқылы инновациялар енгізуді қаржыландыру, сондай-ақ инновациялық гранттар беру;
      4) технологиялық бизнес-инкубаторлар, венчурлық капитал, шетелдік озық технологиялар трансферті арқылы өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуға жәрдемдесу.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналардың акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын:
      1) Агенттіктің - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне;
      2) Басқарушы компанияның - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне берсін.
      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-3-тармақтарынан туындайтын шараларды қабылдасын.
      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1 және 2-тармақтарынан туындайтын шараларды қабылдасын.
      7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының      
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 21 шілдедегі
№ 836 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

       1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
    көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-127, 21-128-жолдармен толықтырылсын:
      "21-127. "Технологиялық даму ұлттық агенттігі" АҚ
      21-128. "Қазсат" басқарушы компаниясы" АҚ".
      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 237-42-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-48-жолмен толықтырылсын:
      "237-48. "Технологиялық даму ұлттық агенттігі" АҚ";
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне" деген бөлімде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 282-3-жолмен толықтырылсын:
      "282-3. "Қазсат" басқарушы компаниясы" АҚ".
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      6. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының  сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 50-жол алынып тасталсын;
      "Ғарыш саласының объектілері" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 8-жол алынып тасталсын.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады