Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 843 Қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Астана қаласының халықаралық әуежайы аумағы, 40-үй мекенжайында орналасқан сыртқы инженерлік желілер (бұдан әрі — сыртқы желілер) республикалық меншіктен «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулыға қосымшада көрсетілген сыртқы желілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 22 шілдедегі
№ 843 қаулысына   
қосымша      

Сыртқы инженерлік желілердің тізбесі

р/с

Атауы

Теңгерімдік құны, теңге

1.

Алаңнан тыс су құбыры мен кәріз желілері

34 640 698,00

2.

Алаңнан тыс жылу желілері

22 073 511,00

3.

КЛ-10 кВ, КЛ-0,4 кВ алаңнан тыс желілері

47 343 214,00


Жиыны:

104 057 423,00

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады