Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспары туралы" 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1467 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 шілдедегі № 853 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «Институционалдық қайта құру» деген 3-бөлімде:
      «Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру» деген 3.1-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 37-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «2011 жылғы 3-тоқсан»;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарын, 2011 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1467 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 9-1, 9-2-жолдармен толықтырылсын:
«9-1  Индустриялық-             ИЖТМ Наурыз Шілде Қыркүйек   Н.Қ.
      инновациялық қызметті                                Әбдібеков
      мемлекеттік қолдау туралы
9-2   Қазақстан Республикасының ИЖТМ Наурыз Шілде Қыркүйек   Н.Қ.
      кейбір заңнамалық актілеріне                         Әбдібеков
      индустриялық-инновациялық
      қызметті мемлекеттік қолдау
      мәселелері бойынша
      өзгерістер мен толықтырулар
      енгізу туралы                                                ».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады