Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитетін құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 шілдедегі № 854 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 206 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.04.2017 № 206 қаулысымен.

      ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күресу үшін Жаһандық қормен жұмысты үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті (бұдан әрі - Елдік үйлестіру комитеті) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Елдік үйлестіру комитетінің құрамы;

      2) Елдік үйлестіру комитеті туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 шілдедегі
№ 854 қаулысымен
бекітілген

Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі
елдік үйлестіру комитетінің
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі, төраға

      Қазақстандағы және Түрікменстандағы АИТВ/ЖИТС бойынша БҰҰ Бірлескен Бағдарламасының үйлестірушісі, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі

      "АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың қазақстандық одағы" қоғамдық қорының президенті, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

      "Балақай Шымкент" қоғамдық қорының президенті, "Балаларды ЖИТС-тен қорғау" қайырымдылық қоғамдық қорының құрылтайшысы (келісім бойынша)

      "Құқықтық бастама" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Теңбе-тең" республикалық қауымдастығының президенті (келісім бойынша)

      "Жолдас" ЖИТС-сервистік ұйымдары қауымдастығының президенті (келісім бойынша)

      "Сен жалғыз емессің" қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша)

      "Шапағат" қоғамдық қайырымдылық қорының директоры (келісім бойынша)

      Қазақстандағы Population Services International коммерциялық емес халықаралық ұйымының директоры (келісім бойынша)

      СиДиСи-дің Орталық Азиядағы өңірлік кеңсесінің жетекші эпидемиологы (келісім бойынша)

      Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі маманы (келісім бойынша)

      Әлеуметтік мәні бар аурумен ауырған азамат (келісім бойынша)

      Әлеуметгтк мәні бар аурумен ауырған азамат (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 шілдедегі
№ 854 қаулысымен
бекітілген

Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті (бұдан әрі - ЕҮК) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ұйымдармен жұмысты үйлестіру мәселелерін шешуде мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

      2. ЕҮК Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы денсаулық сақтау саласындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      3. ЕҮК құрамына Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдардың, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен әлеуметтік мәні бар аурулармен ауырған азаматтар кіреді.

      4. ЕҮК өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Негізгі функциялар

      5. ЕҮК негізгі функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы бойынша;

      2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жобаларға бөлінген қаражатты тиімді пайдалануын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру бойынша;

      3) Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға АИТВ инфекциясының, туберкулездің профилактикасы және онымен күрес жөніндегі жобаларды қаржыландыруға арналған өтінімдерді бекіту бойынша;

      4) жобаларды іске асыруға жауапты халықаралық ұйымдарға бөлінген қаражатты негізгі алушыларды анықтау бойынша;

      5) халықаралық және басқа да ұйымдар қаржыландыратын денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыруды бағалауға қатысты;

      6) АИТВ инфекциясымен, туберкулезбен күрес саласындағы бағдарламалардың шеңберінде келісілген іс-шараларды әзірлеу үшін жобалар арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету, ақпарат алмасу бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

      6. Жүктелген міндеттерді іске асыру және ЕҮК функцияларын жүзеге асыру мақсатында:

      1) негізгі алушылардан және мемлекеттік органдардан денсаулық сақтау саласындағы жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат сұратуға және алуға;

      2) ЕҮК отырыстарында денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру және жобаларға бөлінген қаражатты пайдалану барысы туралы негізгі алушыларды тыңдауға құқылы.

3. ЕҮК қызметін ұйымдастыру

      7. ЕҮК-дегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес секторынан өкілдерінің құрамы ЕҮК мүшелерінің жалпы санынан кемінде 40 пайыз болуы тиіс.

      8. ЕҮК-ні Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, ЕҮК шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды, сонда-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функциясын орынбасар орындайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

       9. ЕҮК отырысы өткізілгеннен кейін ЕҮК хатшысы хаттама ресімдейді, Хатшы ЕҮК мүшесі болып табылмайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

       10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      11. ЕҮК шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға ЕҮК мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру ЕҮК отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      ЕҮК мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген ЕҮК отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.

      ЕҮК отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, ЕҮК хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын ЕҮК мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      ЕҮК мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

       12. ЕҮК отырысы жылына кемінде екі рет өткізіледі.

      13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ЕҮК-нің жұмыс органы болып табылады.

      Жұмыс органы ЕҮК жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде ЕҮК отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар ЕҮК отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса ЕҮК мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

       14. Дауыс беру парақтарымен қоса, ЕҮК материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды ЕҮК жұмыс органы жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады