"Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Уақытша өкілдігін құруға қатысты келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 863 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Уақытша өкілдігін құруға қатысты келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. 

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба    

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Уақытша өкілдігін құру
туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының
Үкіметі арасындағы келісімді ратификациялау туралы

      Нью-Йоркте 1992 жылғы 5 қазанда қол қойылған Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Уақытша өкілдігін құру туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
           Президенті                            Н. Назарбаев

Ағылшын тілінен бейресми аударма    

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі
арасындағы Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Уақытша
өкілдігін құруға қатысты келісім Кіріспе

      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы экономикалық дамудың барынша маңызды проблемаларын шешуді қолдау және қосымша күш-жiгер жұмсау әрі әлеуметтiк прогресс пен өмір сүру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу мақсатында Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Алматыдағы Уақытша Өкiлдiгін ашуға өзара мүдделiлік танытқанын негізге ала отырып;
      Басты мақсатты жүзеге асыру: Қазақстан Республикасының Үкіметімен және халқымен ынтымақтастық пен өзара түсiнiстiктi нығайту үшiн жұмыс жағдайларын және осыған байланысты басқа әрекеттерді қоса алғанда, БҰҰ өкiлдiгiнiң толық әрi тиiмдi жұмыс iстеуiне жағдай жасау үшiн қолда бар мүмкiндiктердің барлығын пайдалануға Қазақстан Республикасының Үкiметi келіскенін негізге ала отырып;
      БҰҰ-ның ұйымдасқан құрылымы ретiнде Өкiлдiкті ашуға және БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенциясына сәйкес оның өкiлдерiн қабылдауға Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiскенін назарға ала отырып;
      Алматыда БҰҰ-ның Уақытша Өкiлдiгiн ашуға байланысты мәселелердi реттеу мақсатында келісім жасасуға ниет білдіре отырып;
      Достық ынтымақтастық рухында төмендегiлер туралы уағдаласты:

1-бап
Анықтамалар

      Осы Келiсiмде мынадай анықтамалар пайдаланылады:
      a) «Офис» – ұйымдық құрылым ретіндегі БҰҰ-ның Өкiлдiгiн бiлдiредi, ол арқылы Бiрiккен Ұлттар Ұйымы бiрлескен бағдарламаларды орындаудағы көмегі мен ынтымақтастығын жүзеге асырады;
      б) «Yкiмет» – Қазақстан Республикасының Үкiметiн білдiредi;
      в) «Басшы органдар» – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс iстейтiн ұйымның республикалық, өңірлік және басқа құзыретті органдарын бiлдiредi;
      г) «Келiсiм» (Конвенция) – БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1946 жылғы 13 ақпанда бекiткен БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы конвенцияны бiлдiредi;
      д) «Тараптар» – БҰҰ мен Қазақстан Республикасының Yкiметiн бiлдiредi;
      е) «Офистiң басшысы» – БҰҰ атынан өкілдік ететін ресми тұлғаны бiлдiредi;
      ж) «Өкiлдіктің қызметкерлері» – жергілікті жерде жалданған және БҰҰ БА-ның 1946 жылғы 7 желтоқсандағы 76(I) Қарарына сәйкес сағат бойынша ақы төлеу шарттарымен ақы төленетін адамдарды қоспағанда, ұлтына қарамастан, БҰҰ-ға қабылданған, штат кестесi мен қағидаларға сәйкес жұмыс iстейтiн ресми өкiлді және оның штатының барлық қызметкерлерiн білдіреді;
      з) «Өкілдiктің сарапшылары» – ресми қызметкерлерден ерекшеленетін тұлғаларды немесе БҰҰ атынан келiсім бойынша жұмыс істейтiн, миссия жалдаған және Конвенцияның 6 және 7-баптарының ережелерi негiзiнде ынтымақтасатын адамдарды бiлдiредi;
      и) «БҰҰ атынан жұмыс iстейтiн адамдар» – өкiлдiктiң тұрақты қызметкерлерiне қарағанда келісімшарт бойынша жалданған және бағдарламаларды немесе басқа өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын немесе іске асыруға көмектесетiн адамдарды бiлдiредi;
      к) «БҰҰДБ» – БҰҰ-ның Даму бағдарламасын бiлдiредi;
      л) «БЖКБ» – БҰҰ БА-ның 1946 жылғы 3 желтоқсандағы 319(IV) қарарына сәйкес тағайындалған Біріккен Ұлттар Ұйымының эмиграция iстерi жөнiндегi Жоғарғы комиссарын бiлдiредi;
      м) «ЮНИСЕФ» – БҰҰ БА-ның 1946 жылғы 11 желтоқсандағы 57(1) қарарына сәйкес құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорын білдіреді;
      н) «ЮНЕП» – БҰҰ БА-ның 1977 жылғы 15 желтоқсандағы 2997 (ХХVII) қарарына сәйкес құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөнiндегi бағдарламасын білдіреді;
      о) «Өкiлдiктің үй-жайы» – Қазақстан Республикасындағы БҰҰ пайдаланатын қызмет көрсету мен байланыс құралдарын қоса алғанда, офиске арналған барлық ғимараттар мен оның филиалдарын және үкіметке солар ретінде мәлімделгендерді білдiредi;
      п) «Ұйым» – Бірiккен Ұлттар Ұйымын бiлдiредi;
      р) «Тарап» – Қазақстан Республикасын бiлдіредi.

2-бап
Қызметтiң мақсаттары мен салалары

      Өкiлдiк:
      1. Үкiметпен экономикалық және әлеуметтiк зерттеулердi өзара жүзеге асыру, техникалық ынтымақтастық, персоналды даярлау және ақпарат тарату арқылы экономикалық даму мен әлеуметтiк прогреске ықпал ететін бағдарламалар бойынша ынтымақтасады.
      2. БҰҰ-ның тиiстi қарарларына, шешiмдерiне, нормативтерiне, қағидалары мен саясатына сәйкес елде БҰҰДБ-ның, БЖКБ-ның, ЮНИСЕФ-тің, ЮНЕП-тің және БҰҰ-ның басқа да органдарының жұмысын үйлестіреді.
      3. БҰҰ-ның Бас хатшысы Өкiлдiкке тапсыруы мүмкiн басқа да қызметтi жүзеге асырады.
      4. Қажет болған жағдайда БҰҰ өз органдары мен бағдарламалары арқылы Қазақстан Yкіметiмен осы Келісімнің 18-бабына сәйкес көмек бағдарламаларына қатысты қосымша келісiмдер жасаса алады. 

3-бап
3аңды тұлғалар және олардың заңды мүмкiндіктері 

      Біріккен Ұлттар өз Өкілдігі арқылы әрекет ете отырып,
      а) келісімшарттар жасасу;
      б) жылжымалы және жылжымайтын меншікті сатып алу және оған иелік ету;
      в) құқықтық рәсімдерді жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болуға тиіс. 

4-бап
Конвенцияны қолдану

      Конвенция қабылдайтын елдегі Өкiлдiктің қызметiне, оның меншiгіне, қорларына, қызметкерлерi мен сарапшыларына қатысты болуға тиiс. 

5-бап
Өкiлдiктің мәртебесі

      1. Бiрiккен Ұлттар осы Келiсiмге немесе төмендегi 18-бапта ескертілген басқа қосымша шартқа сәйкес өзiне алынған мiндеттемелердi орындау мақсатында елде өзiнiң Өкiлдiгiн ашады және ұстайды.
      2. Бiрiккен Ұлттар, олардың мүлкi мен активтерi қай жерде және кiмнiң иелігінде болғанына қарамастан, БҰҰ-ның өзi қандай да бір жекелеген жағдайда иммунитеттен бас тартқан жағдайлардан басқа, сот араласуының кез келген нормасына қарсы иммунитетті пайдаланады. Алайда, иммунитеттен ешқандай бас тарту сот-орындау шараларына қолданылмайды деп ұйғарылады.
      3. а) Өкілдіктің үй-жайына қол сұғылмайды. Өкілдіктің мүлкі мен активтерi қай жерде және кiмнiң иелігінде болғанына қарамастан, оларды тiнтуге, реквизициялауға, тәркiлеуге, экспроприациялауға және атқару, сот, заңнамалық немесе өзге де іс-қимылдар жолымен араласудың қандай да бір басқа нысанына жол берілмейді.
      б) Өкiлдiк басшысының келiсiмі болған және онымен келiсілген мән-жайлар кезіндегі жағдайларды қоспағанда, лауазымды адамдар өздерiнің ресми мiндеттерiн орындау үшін Өкiлдiк ғимаратына кiрмеуге тиiс.
      4. Лауазымды адамдар Өкiлдiктiң қауiпсiздiгi мен қорғалуын қамтамасыз ету, Өкiлдiктің тыныштығы мен ғимарат iшінде де, сондай-ақ оның сыртында немесе оған тікелей жақын жерлерде жекелеген адамдардың немесе адамдар топтарының тыныштықты бұзбауы үшін жағдайларды қамтамасыз етуге барлық күш-жігерін жұмсауға тиiс.
      5. Өкiлдiктiң мұрағатына қай жерде және кiмнiң қолында болғанына қарамастан, оған тиесiлi барлық құжаттарға қол сұғылмауға тиiс. 

6-бап
Өкілдiктiң қорлары, мүлкi және басқа да меншiгi

      1. Өкiлдiктiң қызметi қандай да бір қаржылық бақылаумен, реттеумен немесе тыйым салумен шектелмейдi. Ол:
      а) шоттарды кез келген валютада ұстай алады, пайдалана алады және оны айырбастай алады;
      б) өзiнiң қорларын, алтын қорын немесе валютасын бiр елден басқа ұйымдарға немесе БҰҰ жүйесiнiң агенттiктерiне еркiн аудара алады;
      в) өзiнiң қаржылық операциялары үшiн айырбастың неғұрлым қолайлы заңды шарттарын пайдалана алады.
      2. Өкілдік, оның мүлкі, табысы және басқа да меншігі:
      а) барлық тікелей және жанама салықтардан, жарналардан, баждардан немесе міндеттемелерден босатылады; Өкілдік коммуналдық қызметтер үшін шығыстар болып табылатын, тармақтар бойынша айқындалуы, сипатталуы және санамалануы мүмкін белгілі бір мөлшерлерде үкімет немесе тиісті органдар алатын төлемдерден босатуды талап етпейді;
      б) Өкiлдiк қызметкерлерi үшін қажеттi заттардың барлығын әкелу және әкету кезінде дәстүрлi баждардан, тыйым салулардан және шектеулерден босатылады. Осы елдің Үкiметімен келiсiлген жағдайларды қоспағанда, осындай шарттарда әкелiнген заттарды әкелінген елде сатуға болмайды;
      в) өзiнiң баспа индустриясы бөлігінде импорт пен экспорттың дәстүрлi баждарынан, тыйым салуларынан және шектеулерінен босатылады.

7-бап
Өкiлдiктің қызметкерлерi

      1. Өкiлдiктiң қызметкерлерi:
      а) өздері айтқан немесе жазған сөздерi үшiн және лауазымды адамдар ретінде өздері жасаған барлық іс-қимылы үшiн сот жауапкершiлiгiне тартылмайды. Мұндай иммунитет Өкiлдiкпен жасалған келісімшарт бұзылғаннан кейiн де сақталады;
      б) өздеріне Өкiлдiк төлейтiн жалақылар мен сыйақыларғыға салынатын салықтардан босатылады;
      в) мемлекеттiк қызмет міндеткерлiгiнен босатылады.
      2. Бұған қоса Өкілдіктің халықаралық тәртіппен қабылданған қызметкерлері:
      а) жұбайыларымен және өздерінің асырауындағы туыстарымен бірге иммиграция жөніндегі шектеулерден және шетелдіктер ретінде тіркеуден босатылады;
      б) валютаны айырбастауға қатысты Үкiмет жанындағы аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың құрамына кіретiн тиiстi шендегi лауазымды адамдарға берiлетiн артықшылықтарды пайдаланады;
      в) жұбайыларымен және олардың асырауындағы туыстарымен бiрге халықаралық дағдарыс кезiнде дипломатиялық өкiлдер пайдаланатындай репатриация жөнiндегi жеңiлдiктердi пайдаланады;
      г) қабылдаушы елде лауазымға алғашқы тағайындалған кезде өзiнiң жиһазын, мүлкiн бажсыз әкелуге құқылы.
      3. БҰҰ мен ел Үкiметi арасында келiсу мүмкiн болса, Өкiлдiктiң басшысы мен басқа да лауазымды адамдары сол шендегі дипломатиялық қызметкерге Үкiмет берген артықшылықтар мен жеңiлдiктердi пайдалануға тиіс. Осы мақсатта Өкiлдiк басшысының аты-жөнi дипломатиялық тiзiмге енгiзiлуге тиіс.
      4. Өкiлдiкке халықаралық тәртіппен алынған қызметкерлерге мынадай:
      а) үкiметтiң қолданыстағы ұйғарымдарына сәйкес жеке пайдаланатын заттарын шектеулi мөлшерде кедендік тексеріссіз және бажсыз еркiн әкелу;
      б) Үкiметтiң қолданыстағы және сол шендегі дипломатиялық қызметкерге қолданылатын ережелеріне сәйкес көлік құралдарын жанама салықтарды қоса алғанда, кедендік тексеріссіз және бажсыз еркін әкелу жеңiлдiктері қолданылады.

8-бап
Өкілдік сарапшылары

      1. Өкiлдiк сарапшылары Конвенцияның VI бабының 22 және 23-параграфтарында және VII бабының 26-параграфында егжей-тегжейлі көрсетiлген артықшылықтарға, иммунитеттер мен кепiлдiктерге ие болуға тиiс.
      2. Егер уағдаласушы Тараптар келiскен және мақұлдаған болса, Өкiлдiк сарапшылары қосымша артықшылықтарды, иммунитеттер мен жеңілдіктерді пайдалана алады. 

9-бап
Өкiлдiктiң қосалқы құрамы

      1. Өкiлдiктiң қосалқы құрамы:
      а) айтқан немесе жазған сөздерi үшiн және лауазымды адам ретiнде өздері жасаған барлық iс-қимылы үшiн сот жауапкершiлiгiне тартылмайды. Мұндай иммунитет Өкiлдiкпен жасалған келісімшарт бұзылғаннан кейiн де сақталады;
      б) жұбайыларымен және олардың асырауындағы туыстарымен бiрге халықаралық дағдарыс кезiнде дипломатиялық өкiлдер пайдаланатындай репатриация жөнiндегi жеңiлдiктердi пайдаланады;
      2. Өз міндеттерін тиімдi орындау мақсатында Өкiлдiктiң қосалқы персоналы уағдаласушы Тараптар арасында келісілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, 7 және 8-баптарда егжей-тегжейлі баяндалған жеңілдіктерді, артықшылықтарды және кепілдіктерді пайдалана алады. 

10-бап
Мемлекеттің сағат бойынша ақы төлеу шарттарымен жұмыс iстейтін азаматтары

      Болу мемлекетінің азаматтары өздерiнiң БҰҰ қызметкерлерi ретіндегі функционалдық міндеттерін орындау үшін қажеттi жеңiлдiктердiң барлығын пайдаланады. Жергiлiктi жерде жалданған және сағат бойынша ақы төлеу шарттарында ақы төленетін персоналға арналған жұмыс шарттары мен жағдайлары БҰҰ қарарларына, БҰҰ-ның құзыретті органдарының шешiмдерiне, нұсқаулықтарына, қағидаларына және саясатына сәйкес болуға тиiс. 

11-бап
Артықшылықтар мен иммунитеттерден бас тарту

      Осы Келiсiмге сәйкес көзделетін артықшылықтар мен иммунитеттер персоналдың жеке мүддесi үшiн емес БҰҰ-ның мүддесi үшiн берiледi. БҰҰ-ның Бас хатшысы өз пiкiрi бойынша иммунитет сот төрелігін орнатуға кедергi келтiретiн және одан Бiрiккен Ұлттардың мүддесiне нұқсан келтiрмей бас тартуға болатын жағдайларда 7, 8, 9-баптарға сәйкес кез келген лауазымды адамға берiлген иммунитеттен бас тартуға құқылы әрi мiндеттi. 

12-бап
Жеңілдіктерге қол жеткізу

      1. Өкiлдiк қызметкерлерiнің, сарапшылардың және қосалқы персоналдың:
      а) қажет болған жағдайда тез қызмет көрсетiлуiне және визалардың, лицензиялар мен рұқсаттарды тез ресімделуіне, төлемдерден босатылуға;
      б) еркiн түрде елге келiп, кетуге және ел iшiнде жүрiп-тұруға, ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыру тұрғысынан өзара iс-қимыл жасаудың барлық түрлерi бостандығына құқығы бар. 

13-бап
Үкiметтiң жәрдемi 

      1. Үкiмет БҰҰ-ның миссиясын бұрын келісiлгенiндей және мүмкiндiгiне қарай:
      а) Өкiлдiкке арналған тиiстi үй-жаймен;
      б) қызмет мақсаттары үшiн жергiлiктi телекоммуникация желiсiне ақы төлеуді;
      в) коммуналдық және тұрмыстық қызметтерге ақы төлеуді, оның ішінде жабдық орнатуды және офис үй-жайын ұстауды;
      г) болу елінде өздерiнiң функционалдық мiндеттерiн орындап жүрген Өкiлдiк қызметкерлерiне, миссия сарапшыларына және қосалқы персоналға қызмет көрсетуге арналған көлiк құралдарымен қамтамасыз етедi.
      2. Үкiмет БҰҰ-ға:
      а) орналасуға немесе Өкiлдiктiң ғимараты үшін су, электр, өрт қауiпсіздiгi қызметi сияқты және тағы басқа коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi. 

14-бап
Байланыс және қатынас құралдарын пайдаланудағы мүмкіндіктер

      1. БҰҰ ресми байланыс құралдарын кез келген дипломатиялық миссия үшін Үкiмет бекіткендей шарттарда: почтаны, телеграфты, телепринтерді, көбейткiш техниканы, телефонды және тағы басқа байланыс құралдарын орнату мен пайдалану тарифтері сияқты пайдаланады, сондай-ақ баспасөз бен радиоға ақпарат бергенi үшiн сыйақыларды пайдаланады.
      2. БҰҰ-ның ресми хат жазысуына немесе басқа байланысына цензура жасауға болмайды. Осындай кепілдік баспасөз өнiмiне, фотографиялық және электрондық ақпаратқа, басқа байланыс нысандарына қолданылады, бұл Тараптар арасында келісілуге тиіс. Бiрiккен Ұлттар Ұйымына хат-хабар жөнелту және алу кезінде кодтарды, сондай-ақ мөрлер мен пломбаларды пайдалануға рұқсат берiлуге тиiс, олар да тексерілмеуге тиіс.
      3. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының ел iшiнде және одан тыс офистері арасында, әсіресе Нью-Йорктегi БҰҰ-ның штаб-пәтерiмен байланыс жасау үшін БҰҰ-ға тiркелген жиілікте, сондай-ақ Yкiмет ұсынған жиiлiктерде радио және басқа телекоммуникациялық жабдықты пайдалануға құқығы бар.

15-бап
Біріккен Ұлттар Ұйымының жалауы, эмблемасы және атрибутикасы

      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Yкiметпен келiсім бойынша Өкiлдiктiң ғимаратында, көлiк құралдарында және басқаларда өз жалауын немесе эмблемасын қоя алады. Бiрiккен Ұлттардың құрлықтағы қатынас құралдарында, кемелерінде, авиалайнерлерінде БҰҰ-ның айрықша белгісi немесе эмблемасы болуға тиiс, бұл туралы Үкіметке хабарлануға тиіс. 

16-бап
Хабарламалар

      Өкілдiк өз қызметкерлерінiң, миссия сарапшыларының және шетелдiк, сондай-ақ болу мемлекетінің азаматтары қатарынан қосалқы персоналдың аты-жөндерi мен лауазымдары туралы және олардың жағдайларының кез келген өзгерiстері туралы Үкiметтi хабардар етiп отырады. 

17-бап
Сәйкестендіру

      1. Үкiмет Өкiлдiк басшысының өтініші бойынша Өкiлдіктiң әр қызметкерiне, миссия сарапшысына, шетелдiк және Республика азаматтары қатарынан қосалқы персонал адамдарына (сағат бойынша ақы төлеу шарттарымен жұмыс iстейтiн адамдардан басқа) жеке куәлiк бередi.
      2. Yкiметтiң ресми өкiлiнiң талабы бойынша қызметкерлер 1-параграфқа сәйкес өзiнiң жеке куәлiгiн көрсетеді, бiрақ бермеуге тиiс.
      3. Персонал жұмысы аяқталған немесе қайта тағайындалған соң, Өкiлдiк жеке куәлiктердiң барлығын мiндеттi түрде Үкiметке қайтарып бередi. 

18-бап
Қосымша келiсiмдер

      1. ПРООН, ЮНИСЕФ, УВКБ, ЮНЕП және БҰҰ-ның басқа да органдары мен бағдарламалары Үкiметпен қосымша Келiсiмдер жасаса алады, олар Үкiмет тиiстi жобаларды жүзеге асыратын шарттарда осы Келiсiмнiң құрамдас бөлiгiне айналады.
      2. БҰҰ мен Үкiмет екi Тараптың қалауы бойынша кез келген қосымша келісімдер жасаса алады. 

19-бап
БҰҰ-ға қарсы мәлiмдемелер

      1. Осы Келiсiмге сәйкес БҰҰ бағдарламаларымен ынтымақтастық немесе кез келген басқа да қосымша келiсiмдер елдiң Үкiметi мен халқының мүддесiнде жүзеге асырылады және сондықтан ол өзінің осы Келiсiмде айқындалған іс-қимылдарды жүргізудің жауапкершiлiгi мен тәуекелін бөлісуге тиіс.
      2. Үкiмет пен БҰҰ нақты талаптарын салақтықтан немесе қызмет бабында қасақана жасалған қылмыстан туындаған деп келiсiмге келген жағдайлардан басқа, Үкiмет осы Келiсiмдi орындауға жанама немесе тiкелей байланысты, БҰҰ-ға, оның қызметкерлерiне, сарапшыларға немесе БҰҰ-ның мүддесiнде жұмыс iстейтiн қосалқы персонал адамдарына қарсы үшінші тарап көтеруi мүмкiн iс-қимыл мен салдар үшiн ерекше жауапты болады, олардың қауiпсiздiгiне кепiлдiк бередi және оны қамтамасыз етедi. 

20-бап
Дауларды шешу тәртiбi

      Осы Келiсiмдi немесе келiссөздер немесе келісудің қандай да бір басқаша түрі жүргiзiлмеген кез келген басқа қосымша Келiсiмдi түсiндiруге, түсіндірмеге және қолдануға қатысты БҰҰ мен Үкiмет арасындағы кез келген келiспеушiлiкті Тараптардың кез келгенiнiң талап етуi бойынша төрелік сот қаралуы тиіс. Әрбiр Тарап бір-бiр төрешіден тағайындайды, олар төраға ретiнде үшiншiсін сайлайды. Егер төрелікке сұрау берілген күннен бастап 30 күн iшiнде Тараптардың бiрi төрешіні тағайындамаса немесе егер, төрешілер тағайындалған күннен бастап 15 күн iшінде төрағалық ететiн төреші сайланбаса, кез келген Тараптың Халықаралық соттың президентiне төреші тағайындау өтiнiшімен жүгінуге құқығы бар. Төрелік сот рәсімін төрешілер айқындайды және төрелікке байланысты шығыстардың барлығын төрешілердің бұл шығыстарды бағалауына сәйкес екi Тарап өтейдi. Төрелік соттың шешiмiнде оны шығарудың негiздемесі қамтылуға және Тараптар оны түпкiлiктi шешiм ретiнде қабылдауға тиiс. 

21-бап
Күшiне енуi

      Осы Келiсiм БҰҰ мен Yкiмет өкiлеттiк берген адамдар оған қол қойған сәттен бастап күшiне енедi. 

22-бап
Мерзiмнiң аяқталуы

      Осы Келiсiм Тараптардың бiрi екіншісіне өзінің осы Келiсiмдi бұзу ниеті туралы жазбаша нысанда хабарлағаннан кейiн алты ай өткен соң өз күшiн тоқтатады, дегенмен ол БҰҰ-ның функцияларын кезең-кезеңмен тоқтату мақсатында, сондай-ақ Тараптар арасындағы дауларды шешу үшiн осы қосымша кезеңге өз күшiнде қалады.
      Осыны растау үшін, Үкiметтiң және БҰҰ өкiлiнiң атынан өкiлеттік алғандар ағылшын және қазақ (бейресми аударма) тiлдерiндегі Келiсiмге қол қойды.
      Аударған немесе шиеленістер туған жағдайда ағылшынша мәтінге артықшылық берiледi.

      Нью-Йоркте жасалды.

      Біріккен Ұлттар Ұйымы                    Қазақстан Республикасы
            үшін                                        үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады