Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу
жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы
Астана экономикалық форумын жыл сайын өткізуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы ереже;
2) Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы «___» _______
№ __ Жарлығымен
бекітілген
Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу
жөніндегі ұйымдастыру комитетінің
ҚҰРАМЫ
Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы көмекшісі, «Ғалымдардың Еуразиялық
экономикалық клубы» қауымдастығы» заңды
тұлғалар бірлестігінің үйлестіру
кеңесінің төрағасы, төрағаның орынбасары
Келімбетов - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы даму және сауда министрі, төрағаның
орынбасары
ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы
Астана қаласының әкімі
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің Басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы органының төрағасы (келісім бойынша)
«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Ұлттық инновациялық қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Парасат» ұлттық ғылыми-техникалық холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы «___» _______
№ __ Жарлығымен
бекітілген
Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитеті туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға, сондай-ақ осымен байланысты міндеттерді шешуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылатын консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
2. Ұйымдастыру комитеті өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
3. Ұйымдастыру комитетінің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып табылады.
2. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері
1. Ұйымдастыру комитетінің негізгі міндеттері:
1) Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың мазмұнды бағдарламалары мен жоспарын қалыптастыру;
2) Астана экономикалық форумын дайындаумен және өткізумен байланысты мәселелерді жедел шешу жөніндегі іс-шараларды орындауға қатысатын орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіруді және іс-қимылын қамтамасыз ету;
3) кезекті Астана экономикалық форумын өткізу күні туралы ұсыныстар дайындау және оларды Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу;
4) Астана экономикалық форумын өткізу шығыстарының көлемі және оларды қаржыландыру көздері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
5) Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары
1. Ұйымдастыру комитетінің өзінің алдында тұрған міндеттерді іске асыру мақсатында:
1) Ұйымдастыру комитетінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан ақпараттық материалдарды сұратуға және алуға;
2) Ұйымдастыру комитетінің құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін белгіленген тәртіппен жұмыс топтарын құруға;
3) өзінің отырыстарына мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың басшыларын шақыруға;
4) Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу үшін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды тартуға;
5) Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін бюджеттен тыс көздерден қаржы тартуға құқығы бар.
4. Ұйымдастыру комитетінің қызметін ұйымдастыру
1. Ұйымдастыру комитетінің отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі. Қажет болған жағдайда Ұйымдастыру комитетінің кезектен тыс отырыстары өткізілуі мүмкін.
2. Ұйымдастыру комитетінің отырыстарын Ұйымдастыру комитетінің төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша Ұйымдастыру комитетінің төрағасы орынбасарларының бірі жүргізеді.
3. Ұйымдастыру комитеті отырыстарының күн тәртібін Ұйымдастыру комитетінің жұмыс органы қалыптастырады және ол отырыс басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне жіберіледі.
4. Ұйымдастыру комитетінің отырысы егер оған Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болып саналады.
5. Ұйымдастыру комитетінің шешімдері, әдетте оның мүшелерінің жалпы келісімімен қабылданады. Ұйымдастыру комитеті төрағасының шешімі бойынша дауыс беру өткізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда шешім Ұйымдастыру комитетінің отырысына қатысып отырған мүшелердің көпшілік даусымен қабылданады. Ұйымдастыру комитетінің мүшесі отырыста болмаған жағдайда, ол Ұйымдастыру комитеті отырысының хаттамасына міндетті түрде қосуға жататын, қаралатын мәселелер бойынша өз пікірін жазбаша түрде баяндауға құқылы.
6. Ұйымдастыру комитетінің отырысында мәселелерді қараудың нәтижелері бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.
7. Ұйымдастыру комитеті отырысының хаттамасына төрағалық етуші қол қояды.
8. Ұйымдастыру комитеті қабылдайтын шешімдер Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға қатысатын мүдделі мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және өзге де ұйымдарға хаттамадан үзінді көшірме түрінде жеткiзiледi.