Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 2 шілдедегі № 3578 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 30, 268-құжат; 2001 ж., № 23, 282-құжат; 2002 ж., № 42, 415-құжат; 2003 ж., № 35, 347-құжат; 2005 ж., № 22, 267-құжат; 2007 ж., № 9, 100-құжат):
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «нышандар», «нышандарды» деген сөздер тиісінше «рәміздер», «рәміздерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі қызметті жандандыру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес оларды қолдану тәжірибесін реттеу мақсатында»,
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Мемлекеттік нышандар, жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «нышандар», «нышандары», «нышандарды», «нышандарға», «нышандарының», «нышандарын» деген сөздер тиісінше «рәміздер», «рәміздері», «рәміздерді», «рәміздерге», «рәміздерінің», «рәміздерін» деген сөздермен ауыстырылсын,
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына сәйкес Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды»;
11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі болып табылады.»;
2) «Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 шілдедегі № 58 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 282-құжат; 2002 ж., № 42, 415-құжат; 2003 ж., № 35, 347-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; 2005 ж., № 22, 267-құжат, 2007 ж., № 9, 100-құжат; № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат, № 37, 399-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның құрамы осы өкімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы «__» ______
№ __ өкіміне
ҚОСЫМША
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның
құрамы
(лауазымы бойынша)
Қазақстан Республикасының - төраға
Мемлекеттік хатшысы
Қазақстан Республикасының - төрағаның орынбасары
Мәдениет министрі
Қазақстан Республикасының - хатшы
Мәдениет вице-министрі
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (төрайымы) (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (төрайымы) (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
Еркімбеков - сазгер, Қазақстанның еңбек сіңген
Серік Жексембекұлы қайраткері
Мәлібеков - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Жандарбек Мәлібекұлы елтаңбасының авторы
Ниязбеков - суретші, Қазақстан Республикасы
Шәкен Оңалсынұлы Мемлекеттік туының авторы
Өмірбеков - Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы
Байтұрсын Есжанұлы
Сүлейменов - Қазақстан Дизайнерлер одағының төрағасы
Тимур Бимашұлы
Уәлиханов - сәулетші, Қазақстан Республикасы
Шота Ыдырысұлы Мемлекеттік елтаңбасының авторы