Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Амангелді Жұмабайұлы Жұмабаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 16 тамыздағы
№ 927 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер
Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің
арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және
Украинаның Қазақстан Республикасындағы
дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы
келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинеті,
2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 2-бабының 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан тарапы Украина тарапына өзінің дипломатиялық өкілдігін орналастыру үшін Астана қаласындағы Арғанаты көшесі, 20 мекенжайы бойынша орналасқан, алаңы 0,9187 га жер учаскесін жылына 1 теңге жалгерлік ақыға 49 жылға өзаралық шарттармен жалға береді.».
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама өз қолданысын Келісім қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.
2011 жылғы «___»___________ ______________ қаласында әрқайсысы қазақ, украин және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Украинаның Министрлер
Үкіметі үшін Кабинеті үшін