Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті» деген бөлімдегі реттік нөмірі 57-жол алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және аппарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті
42. «Жалын» журналы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100%».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов