«Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1516 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 955 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1516 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Сейдахметқызы Айтжанованы «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады