«2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 959 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 25-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 15-1, 15-2 және 26-жолдармен толықтырылсын:
      «

15-1.

Халықаралық сарапшыларды тарта отырып денсаулық сақтау саласының моделін құру

Денсаулық сақтауды қаржыландырудың нақты моделін таңдап және енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеп, елдің денсаулық сақтау саласының болашақ моделін таңдау бойынша толық ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі қызметтерді ұсыну

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы ұлттық талдау орталығы» АҚ

001 «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бағдарламасы 101 «Денсаулық сақтау жүйесінде жетілдіру саласындағы зерттеулер» кіші бағдарламасы

25 000

15-2.

Қазақстанның медициналық ұйымдарын рейтингтік бағалау және халықаралық сарапшыларды тарта отырып пациенттердің хабардар болуын арттыру, денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестік ортаны, транспаренттілік қағидаларын және медициналық ұйымды еркін таңдауды дамыту мақсатында пилоттық рейтингтік бағалауды жүргізу

Медициналық ұйымдардың рейтингтік бағасын әзірлеу және нәтижелерді талдаумен медициналық ұйымдарды пилоттық бағалау бойынша қызметтерді ұсыну

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы ұлттық талдау орталығы» АҚ

001 «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бағдарламасы 101 «Денсаулық сақтау жүйесінде жетілдіру саласындағы зерттеулер» кіші бағдарламасы

31 000

26.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша негізгі бағыттарды, нақты және айқын шараларды қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Талдамалық зерттеулер жүргізу

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы ұлттық талдау орталығы» АҚ

007 «Экономика, сауда және мемлекеттік басқару саласындағы қолданбалы зерттеулер жүргізу»

70 00

                                                             ».
      2. Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады