Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 965 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мынадай мемлекеттік мекемелері:
      1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті» және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен;
      2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті» және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен;
      3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша Кедендік бақылау департаменті» - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мынадай мемлекеттік мекемелері:
      1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қаржы-шаруашылық кедені»;
      2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Байқоңыр» кедені»;
      3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Көкшетау» кедені»;
      4) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Қызылорда» кедені» таратылсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.12.2015 № 1049 қаулысымен.
      4. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж. № 22, 205-құжат) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      5-1-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 355 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша)

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.

2. Кедендер

      17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Достық» кедені.
      18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Қорғас» кедені.
      19. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Қордай» кедені.

3. Мамандандырылған кеден мекемелері

      20. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Кинологиялық орталығы».
      21. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Орталық кеден зертханасы».
      22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығы.
      23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Атырау қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады