"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 972 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 502 қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 972 қаулысына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 27 маусымдағы № 444-IV Заңын іске асыру мақсатында "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі (бұдан әрі - Жоба).

      Жобамен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру, Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту бөлігінде өзгерістер енгізу көзделген.

      Жобаны қабылдау Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру және оларға нысаналы топ қатарына жатқызылған азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындауға мүмкіндік береді.

      Жоба 2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларын іске асыру" 128 бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады.

      Жоба Қаржыминімен (Министр – Жәмішев Б.Б.), Әділетминімен (Министрдің міндетін атқарушы – Құсдәулетов Д.Р.), Білім және ғылым министрлігімен (Министр – Жұмағұлов Б.Т.) келісілген.

      Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Қазақстан Республикасының


Еңбек және халықты әлеуметтік


қорғау министрлігі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз