"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 990 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «59. Бюджет комиссиясының шешiмi негiзiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджет қаражатының қалдықтары есебiнен тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын арттыру жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қаулысының жобасын әзiрлейдi және оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне енгiзедi.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын ұлғайту жөніндегі қаулысының жобасында ағымдағы нысаналы трансферттер бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде, нысаналы даму бағдарламалары – инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі.»;
      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «143. Бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi органдар өздері әкiмшiлiк ететiн түсiмдердiң мониторингiн жүзеге асыру үшiн жазбаша өтініштің негізінде аумақтық қазынашылық бөлiмшелерінен төлеушiлер бөлінісінде түсiмдер туралы ақпаратты бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасының коды бойынша алады.
      Уәкілетті органдардың тиісті есепке алуды, бақылау мен мониторингті, сондай-ақ артық төленген, қате немесе дұрыс түспеген түсімдердің сомасын қайтаруды немесе оларды бюджетке берешекті өтеу есебіне есептеуді жүзеге асыруы үшін бюджет түсімдері сыныптамасының коды бойынша әкімшілік айыппұлдар түсімдері туралы ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі ай сайын, есептіден кейінгі айдың бірінші күніне осы Ереженің 116, 117-қосымшаларына сәйкес 2-14 «Бір айдағы түсімдерді жинау жөніндегі есеп», 2-43 «Бюджет сыныптамасының коды бойынша түсімдер» деген нысандар бойынша қалыптастырады, кейіннен өздерінің аумақтық және/немесе құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізуі үшін есептіден кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
      Көрсетілген ақпаратты бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган осы Ереженің 59-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдерді тіркеу журналына жазады.»;
      150-тармақтың төртінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тауарларды сатып алған, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайларда, орындалған жұмыстардың шот-фактурасының, хабарлама шотының, шотының, актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың;»;
      190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «190. Мемлекеттiк мекеме:
      мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсету кестесiнiң сақталуын;
      төлеуге берiлетiн шотты ұсыну заңдылығы мен негiздiлiгiн;
      төлеуге берiлетiн шотта көрсетiлген деректемелердiң дұрыстығын;
      ақша алушылардың пайдасына төлемдердi жүзеге асыру бойынша мiндеттемелердiң дер кезінде және толық орындалуын;
      жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетiлген қызметтердiң жеткiзiлуiн растаудың дұрыстығын;
      аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде – шот-фактураның, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмесін, актілер жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, жұмыстарды немесе қызметтерді орындау кезінде – орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін немесе тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша аванстық төлемнiң сомасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге құжат түрiн берудi;
      ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және олар бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы даярлау құны шарт құнына енген басқа да объектілерді жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстан кейiнгi төлемдi жүргiзу кезiнде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етедi және Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Мемлекеттiк мекеме негiзгi құралдарды және материалдық емес активтердi сатып алу үшiн республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру бойынша төлем жүргiзу кезiнде, аванстық төлем сомасын қоспағанда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне шот-фактураның, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмесін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеге берген өзге құжат түрінің көшірмесін бередi. Бұл ретте көрсетiлген құжаттардың әрбiр парағы мемлекеттiк мекеменiң түпнұсқалық мөрiнің бедерiмен расталады және әр парағына орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi белгiленген тәртiппен өзіне жүктелген лауазымды адамның), ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттiк мекеме басшысының немесе ол уәкiлеттiк берген адамның қолы қойылады.
      Бұрын мемлекеттiк кәсiпорындар жасасқан, аяқталып келе жатқан ұзақ мерзiмдi шарттар бойынша ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың құрылыстарын, ғимараттарын қалпына келтіру және күрделі жөндеу жүргізу үшiн, республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру бойынша аванстық төлем сомасын қоспағанда, төлем жүргiзу кезiнде мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін не Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеге берген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады.
      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеменің түпнұсқалық мөрінің бедерімен расталады және әр парағына орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкiлеттiктерi белгiленген тәртiппен өзіне жүктелген лауазымды адамның), ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттiк мекеме басшысының немесе ол уәкiлеттiк берген адамның қолы қойылады»;
      199-тармақтың бірінші бөлігінің отыз сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Төлемнің мақсаты» ашық жолағында: төлемнің мақсаты, құжаттың атауы, нөмірі мен күні (шот фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа құжат) және қосымша:»;
      211-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «211. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарт талаптарына сәйкес төлемдердi жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме қағаз тасығышта төлеуге берілетін шоттардың тізілімін, төлеуге берілетін шоттарды және:
      тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде – шот-фактураның, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелерін, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде – акт жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге құжат түрінің (бұдан әрі – растаушы құжаттар) көшірмесін, сондай-ақ шарт құнына ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайлардың, ғимараттардың, құрылыстардың, жолдардың және басқа да объектілердің күрделі жөнделуіне байланысты жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын даярлау құны енген шығыстар бойынша аванстық төлемнен кейiнгi төлемдi жүргiзу кезiнде қосымша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін;
      шетел валютасында төлемдер жүргiзу кезінде шетел валютасын сатып алу үшiн төлеуге берiлетiн шоттарды ұсыну кезінде шетел валютасын айырбастауға өтiнiмді;
      осы Ереженiң 81-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысқан гранттарды жұмсаған кезде үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысқан гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға өтiнiмді ұсынады.
      Төлем жүргізу кезінде «Қазынашылық - клиент» АЖ тіркелген шарт талаптарына сәйкес мемлекеттік мекеме осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған, мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің цифрлық қолтаңбасы қойылған сканерленген құжаттарды қамтитын файлдарды қоса бере отырып, төлеуге берілетін шоттың электрондық үлгісін толтырады.
      Шетел валютасында төлемдер жүргізген кезде «Қазынашылық - клиент» АЖ тіркелген шарт талаптарына сәйкес мемлекеттік мекеме Ереженің осы тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шетел валютасына айырбастауға арналған өтініммен төлеуге берілетін шоттың электрондық үлгісін қалыптастырады.»;
      215-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде – шот-фактуралардың, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелері, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде – акт жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге құжат түрі (бұдан әрі – растаушы құжаттар);»;
      241-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «241. Инкассолық өкiмдi орындау мыналардың:
      оны мемлекеттік мекеменің кодына қойған жағдайда, ағымдағы қаржы жылының қабылданбаған міндеттемелері бойынша жоспарлы тағайындау сомасы. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуді қоса алғанда, бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының қолда бар үнемі инкассолық өкімді орындауға жіберіледі;
      оны мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын тауарларды сатуынан түсетін ақшаны есептеуге және олардың есебінен шығыстар жүргізуіне байланысты операцияларды есептеу үшін арналған ҚБШ-ға шығарған жағдайда, қабылданбаған міндеттемелер бойынша жоспарлы тағайындау сомасының және мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен алатын ақшаны есепке жатқызумен және жұмсаумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ-ға қойылған жағдайда, демеушілік, қайырымдылық көмек ақшасының қалдығы есебінен жүргізіледі.»;
      245-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «245. Мемлекеттік мекеме хабарлама хатты алып, инкассолық өкім түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей инкассолық өкім деректері негізінде төлеуге берілетін шотты қалыптастыру және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну жолымен инкассолық өкімнің орындалуын қамтамасыз етеді.
      Мемлекеттік мекеме мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуді қоса алғанда, қабылданбаған міндеттемелер мен бюджеттік бағдарлама шығыстарын үнемдеу бойынша жоспарлы тағайындау сомасы жетіспеген немесе болмаған жағдайда бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiн инкассолық өкім қойылғаны туралы хабардар етеді және инкассолық өкiмдi орындауды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде инкассолық өкім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні iшiнде жүзеге асырады.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Ережеде белгіленген тәртіппен басқа ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің пайдаланылмаған жоспарлы тағайындауларын азайту есебінен инкассолық өкім шығарылған мемлекеттік мекеменің жоспарлы тағайындауларын арттыру рәсімдерін жүзеге асырады.
      Инкассолық өкімді орындау 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қамтамасыз етілмеген жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі осы Ереженің 242-тармағы 2) тармақшасының екінші – сегізінші абзацтарында көзделген шығыстар БСК және жеке тұлғаларға трансферттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, барлық бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асырады.»;
      246-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «246. Инкассолық өкiмдi алған және мемлекеттiк мекемеде мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуді қоса алғанда, қабылданбаған міндеттемелер мен бюджеттік бағдарлама шығыстарын үнемдеу бойынша жоспарлы жұмсалым сомасы болмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi, егер заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, алынған инкассолық өкiмдердi алуға және ағымдағы қаржы жылы ішінде сақтауға мiндеттi.»;
      247-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «247. Ағымдағы қаржы жылының міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына инкассолық өкімді орындау және төлемге берілген шоттарды рәсімдеу үшін жеткілікті сомаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша операцияларды қайтадан жаңартуды жүзеге асырады.
      Инкассолық өкімді қайтарып алынған жағдайда да мемлекеттік мекеме бойынша операцияларды қайта жаңарту жүргізіледі.
      Операцияларды қайта жаңарту аумақтық қазынашылық бөлімшесінің мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары есебінен мемлекеттік мекеменің құжаттарын қабылдауды және орындауды қайта жаңартуды көздейді.
      Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі өндіріп алушының инкассолық өкімді кері қайтарып алу туралы өтініші болған не «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 59-бабында белгіленген өзге жағдайларды көрсеткен кезде инкассолық өкімді қайтарады.»;
      252-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «252. Ақылы қызметтер ҚБШ не демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша операцияларды қайта жаңарту инкассолық өкім орындалғаннан не инкассолық өкім кері қайтарып алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі өндіріп алушының инкассолық өкімді кері қайтарып алу туралы өтініші болған не «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 59-бабында белгіленген өзге жағдайларды көрсеткен кезде инкассолық өкімді қайтарады.»;
      256-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «256. Аумақтық қазынашылық органына инкассолық өкім ұсынылғанға дейін мемлекеттік мекеменің атқарушы құжатты өздiгiнен орындауы ол белгілеген мерзімдерде төлеуге берілген шоттың негiзiнде 155 «Атқарушы құжаттарды, сот актiлерiн орындау» бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша жүзеге асырылады.
      Атқарушы құжатты өздiгiнен орындау кезінде тартылатын заңгерлердің, консультанттардың қызметтеріне ақы төлеу, мемлекеттік баж төлеу Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша жүзеге асырылады.»;
      257-бапта:
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жергiлiктi атқарушы органдарға жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу өңірлік және жаһандық сипаттағы табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жоюға байланысты жағдайларды қоспағанда, бiр бюджеттiк бағдарлама шегiнде жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерiнiң есебiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың сомасын бюджеттiк инвестициялық жобаның сметалық құнын арттырумен байланысты шығыстарға, сондай-ақ жаңа бюджеттiк инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қайта бөлуге тыйым салынады.»;
      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ағымдағы қаржы жылында бiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) шеңберiнде және бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, бір ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда жергiлiктi атқарушы органдарға осы тармақтың төртiншi бөлiгiн қоспағанда, аталған соманы үш жылдық бюджеттің жоспарлы кезеңінде көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағыттауға, сондай-ақ:
      Республикалық бюджет комиссиясының қарауынсыз республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының;
      тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының соманы ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында көшіруді жүзеге асыруына рұқсат беріледі.»;
      осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес 116 және 117-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 31 тамыздағы
№ 990 қаулысына  
1-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет  
көрсету ережесіне   
116-қосымша      

2-14-нысан

Есеп жүргізілді: XX XX ХХХХ
Беті Х-тан X    

Бір айда түскен түсімдерді жинау жөнінде есеп
Ағымдағы кезең: XX XXX   Ағымдағы күн: XX XX ХХХХ

Валютасы: KZT
Ерекшелік:

Ерекшелік

Бюджетке түсімдер

Бюджеттен қайтарылымдар

Ауыстырылымдар

Бюджетке бөлінді

Мемлекеттік

Республикалық

Жергілікті

Мемлекеттік

Республикалық

Жергілікті

Мемлекеттік

Республикалық

Жергілікті

Мемлекеттік

Республикалық

Жергілікті








































Республика бойынша жиыны:

Жауапты орындаушы__________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 31 тамыздағы
№ 990 қаулысына  
2-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет 
көрсету ережесіне  
117-қосымша     

2-43-нысан

Есеп жүргізілді: XX XX ХХХХ
Беті Х-тан X   

Бюджет сыныптамасының коды бойынша түсетін түсімдер

Өңір:
Кезең:
Өлшем бірлігі:
Түсімдер коды:                             Кіріс қалдық:

Төлемнің
тағайындалуы

Төлем
тапсырмас ның
нөмірі

Төлем
тапсырмасының
күні

Салық төлеушінің СТН

Салық
төлеуші банктің коды

ЖСК

БСК

Сомасы

















































Шығыс қалдық:

Жауапты орындаушы_______________

М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады