«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 1000 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1085 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1085 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 99 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 5, 48-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама), «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 -2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысын іске асыру мақсатында»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің құрамы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
      «Жалпы ережелер» деген 1-бөлімде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі - Бағдарлама) көзделген азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды өткізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.»;
      «Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары» деген 2-бөлімде:
      6-тармақта:
      2) тармақша мынандай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «орталық мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары арасында жауапкершілікті шектеу жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;»;
      «бизнес-құрылымдардың әлеуметтік жауапкершілігін дамытуды және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды тартуды қоса алғанда, жергілікті деңгейде өзара іс-қимыл тетігін әзірлеу;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік, салалық бағдарламалардың аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуының аралық қорытындыларын қарау;»;
      5) тармақша мынадай реакцияда жазылсын:
      «орталық және жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі, оның ішінде АИТВ/ЖИТС-пен, туберкулезбен, диабетпен, жүрек-қан тамыры ауруларымен сырқаттанушылықты төмендету және басқа да әлеуметтік мәні бар және айналадағылар үшін қауіп төндіретін ауруларды, сондай-ақ халық арасындағы суицидті мінез-құлықтың алдын алу мен профилактикасы жөніндегі іс-шараларды орындау мәселелерін қарау;»;
      «Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру» деген 4-бөлімде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үйлестіру кеңесін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды және Үйлестіру кеңесінің шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Үйлестіру кеңесі жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомоствоаралық үйлестіруге және Үйлестіру кеңесі әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады, ол Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізуге қажетті материалдар дайындауды жүзеге асырады, бұл ретте барлық қажетті материалдарды оның отырысына дейін кемінде күнтізбелік 3 күн бұрын Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне жібереді.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2011 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 1000 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық
үйлестіру кеңесінің құрамы

Орынбаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы          Министрінің орынбасары, төрағасы

Қайырбекова              - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы          министрі, төрағаның орынбасары

Төкежанов                - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Болат Тұрғанұлы            министрлігінің Стратегиялық даму
                           департаментінің директоры, хатшы

Аяғанов                  - Қазақстан Республикасының Парламенті
Серік Әкпенұлы             Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Жалмағамбетова           - Қазақстан Республикасының Парламенті
Светлана Жақияқызы         Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Сейітмағанбетова         - Қазақстан Республикасының Парламенті
Гүлнар Сүлейменқызы        Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Мыңбай                   - Қазақстан Республикасы Президенті
Дархан Қамзабекұлы         Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
                           меңгерушісі (келісім бойынша)

Аманбаев                 - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
Әмірхан Тапашұлы           орынбасары

Ахметов                  - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Әбжалиұлы            халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Әбдібеков                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Нұрмұхамбет Қанапияұлы     және жаңа технологиялар вице-министрі

Байжүнісов               - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Ерік Әбенұлы               вице-министрі

Бектұров                 - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы             коммуникация вице-министрі

Ескендіров               - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы              даму және сауда вице-министрі

Құрманғалиев             - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Әсет Қабиұлы               министрінің орынбасары

Құрманғалиева            - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Аида Дәденқызы             вице-министрі

Күреңбеков               - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Амантай Жанкеұлы           министрінің орынбасары

Омаров                   - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы            министрінің орынбасары

Омаров                   - Қазақстан Республикасының Туризм және
Мұрат Ескелдіұлы           спорт вице-министрі

Оразов                   - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Нұрай Нұрғожаұлы           ақпарат вице-министрі

Сарыбеков                - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Махметқали Нұрғалиұлы      вице-министрі

Телебаев                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы          вице-министрі

Толымбаев                - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Берік Зиябекұлы            вице-министрі

Тұрмағамбетов            - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Мәжит Әбдіқалықұлы         қорғау вице-министрі

Хасенов                  - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Сақташ Сатыбалдыұлы        вице-министрі

Шолпанқұлов              - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы         вице-министрі

Оқасов                   - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Сейітқажы Қажыкенұлы       министрлігінің аппарат басшысы

Бутина                   - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Мереке Сағымбайқызы        қызметкерлері кәсіподағының төрайымы
                           (келісім бойынша)

Гайлевич                 - ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы үйлестірушісі
Роман Евгеньевич           (келісім бойынша)

Глинская                 - Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы
Елена Евгеньевна           өкілдігінің Орталық Азия елдеріндегі адами
                           даму секторының бас үйлестірушісі (келісім
                           бойынша)

Қадырова                 - БҰҰ-ның (ЮНИСЭФ) Қазақстан
Айгүл Шәріпқызы            Республикасындағы Балалар Қоры Өкілдігінің
                           денсаулық сақтау, АИТВ және жастар
                           жөніндегі бағдарламаларының үйлестірушісі
                           (келісім бойынша)

Мелита                   - ДДҰ-ның Қазақстандағы Елдік офисінің
Вуйнович                   басшысы (келісім бойынша)

Раганин                  - «Атамекен» Қазақстан ұлттық экономикалық
Мейрам Уахитұлы            палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің
                           басқарма мүшесі (келісім бойынша)

Садықова                 - «Ұлттық медицина қауымдастығы»
Айжан Бегайдарқызы         республикалық қоғамдық бірлестігінің
                           президенті (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады