Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясы арасындағы 2011 жылғы 21 - 23 қыркүйекте Астана қаласында министрлердің "Еуропа үшін қоршаған орта" Жетінші Конференциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша хат алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1053 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясы арасындағы 2011 жылғы 21 - 23 қыркүйекте Астана қаласында министрлердің «Еуропа үшін қоршаған орта» Жетінші Конференциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша хат алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Сәдуақасұлы Әшімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясы арасындағы 2011 жылғы 21 - 23 қыркүйекте Астана қаласында министрлердің «Еуропа үшін қоршаған орта» Жетінші Конференциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша хат алмасу нысанындағы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 14 қыркүйектегі  
№ 1053 қаулысымен       
мақұлданған          

Біріккен Ұлттар Ұйымы    
Бас хатшысының орынбасары, 
БҰҰ Еуропалық Экономикалық 
Комиссиясының атқарушы хатшысы
Ян Кубишке         

      Жоғары мәртебелі,
      Сіздің 2011 жылғы 16 тамыздағы № ECE/EHLM/397/2011/L «Сізге 2011 жылғы 21 - 23 қыркүйегінде Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) жоспарланған министрлердің «Еуропа үшін қоршаған орта» Жетінші конференциясын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты және 2011 жылғы 20 қыркүйекте тиісті дайындық кездесу туралы хабарлауды мәртебе санаймын» деген мазмұндағы хатыңызды алғанымызды растауды мәртебе санаймын.
      Осы хатпен Қазақстан Республикасы Үкіметінің (әрі қарай - Үкімет) келесі уағдаластықтарға келісім беретінін білдіруге рұқсат етіңіз:
      1. Конференцияға қатысушыларды Үкімет шақыратын болады. Шақырылған тұлғалар тізімі Үкімет және Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссия (бұдан әрі - БҰҰ ЕЭК) Хатшылығы арасында үйлестірілетін болады.
      2. 1992 жылғы 22 желтоқсанда Бас Ассамблея қабылдаған Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 47/202 шешімінің А бөлімінің 17-параграфына сәйкес Үкімет Конференцияның өтуіне тікелей немесе жанама қатысы бар нақты қосымша шығындарды өтейтін болады. Үкімет Конференция өткізуге қатысты шығыстарды А Қосымшасында жазылған жиналыстарға арналған үй-жайды, кеңселік үй-жайды, персоналды, кеңсе керек-жарағы мен жабдықтарын, телефон, факс байланысы мен интернетті қоса алғанда Біріккен Ұлттар Ұйымының жабдықтары мен тиісті қызметтерін қайтарымсыз өтеуді қамтамасыз ететін болады. Соның ішінде Үкімет Б қосымшада келтірілген бағалар бойынша шығыстар мен шығындарды өтейтін болады, оның ішінде:
      a) Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидасы мен ережелеріне және оларға қатысты жүк тасымалдау және жол жүру стандарттарына қатысты әкімшілік тәжірибеге сәйкес кездесуді жоспарлауға немесе қызмет көрсетуге қажетті Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметкерлеріне билеттер алу;
      б) Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидасы мен ережелеріне және Конференция уақытында қолданыстағы ресми тәуліктік мөлшерге сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметтік тұлғаларына Астанаға келу кезінде тәуліктік және терминалды шығындарын өтеу.
      3. В қосымшада көрсетілгендей БҰҰ ЕЭК конференцияны ұйымдастыруға көмек көрсетеді.
      4. Қазақстан бір тарабы болып табылатын 1946 жылғы 13 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының артықшылығы мен иммунитеті туралы БҰҰ Конвенциясы осы конференцияға қолданылатын болады, атап айтқанда:
      a) Мемлекеттердің өкілдері Конвенцияның IV-бабында көрсетілген артықшылықтар мен иммунитеттерге құқылы;
      б) Конференцияға байланысты Конференцияға қатысушылар немесе қызмет атқарушы БҰҰ лауазымды тұлғалары Конвенцияның VI және VII-баптарына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.
      в) Қатысушылар, Біріккен Ұлттар Ұйымынан шақырылғандар Конвенцияның VI және VII-баптарына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы жұмыстары бойынша қызметтік жол жүрулерде сарапшыларға берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.
      5. Біріккен Ұлттар Ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенцияның ережесіне зиян келтірмей, Конференциямен байланысты қызметті жүзеге асыратын барлық қатысушылар мен тұлғалар Конференцияға байланысты олармен өз қызметтерін тәуелсіз жүзеге асыруға қажетті артықшылықтар мен иммунитеттерді, жағдайларымен және ықыласты пайдаланады.
      6. Осы хатқа сәйкес Үкімет ұсынған персонал Конференцияға байланысты лауазымды тұлға ретінде олармен жасалған қандай да бір іс-әрекетке қатысты айтылған немесе жазылған сот қудалауынан иммунитетті қолданады.
      7. Конференция өткізу үшін Үкіметпен ұсынылған мәжіліс залдары, кеңселер және тиісті үй-жайлар, сонымен қатар нысандар 1946 жылғы 13 ақпандағы Конвенцияның 3-бөлімі II-тармағына сәйкес дайындық және аяқтау кезеңін қоса алғанда, Конференцияның барлық мерзімінде Біріккен Ұлттар Ұйымының үй-жай қызметін атқарады.
      8. Үкімет Конференцияны өткізуге арналған залда немесе үй-жайда адамға келтірілген зиян немесе мүліктің бүлінуінен туындайтын БҰҰ қатысты барлық іс-әрекетті, дауды немесе басқа да талаптарды реттеуге; Үкіметпен қамтамасыз етілген тасымалдауларға жауапты болады; Үкімет БҰҰ және оның персоналын осындай барлық процессуалды іс-әрекеттерден, даулар немесе басқа да талаптардан қорғайды.
      9. Үкімет жергілікті билік органдарына Конференция өткізу жөнінде хабарлауы тиіс.
      10. Үкімет Конференция қызметінің тиімді атқаруын қамтамасыз ету үшін қажетті полиция күзетімен және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету секілді қызметтерді өз есебінен қамтамасыз етеді. Аталған Келісімге сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының үй-жайы болып саналатын үй-жайлардың қауіпсіздік мәселесі БҰҰ штаб-пәтерінен тыс конференция үшін БҰҰ қауіпсіздік стандарттарын орындауды қамтамасыз етуге арналған Хатшылықтың бақылауына алынады.
      11. Осы шараларды түсіндіру немесе қолдануға қатысты әрбір пікірталас, Біріккен Ұлттар Ұйымының артықшылығы мен иммунитеті туралы БҰҰ Конвенциясының ережесіне тиісті даулардан басқа, немесе басқа да қолданылатын келісім, егер тараптар басқаша келіспеген жағдайда құрамында үш төрешісі бар соттың қарауына ұсынылуы тиіс, олардың біреуі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас директорымен тағайындалады, екіншісі – Үкіметпен, ал төраға болатын үшіншісі екі төрешімен тағайындалады. Егер тараптың бірі үш айдың ішінде төрешіні тағайындамаса, ал екінші жақ өз төрешісінің атын хабарлаған болса, немесе егер бастапқы екі төреші тағайындалғаннан кейін үш ай ішінде немесе олардың екіншісі тағайындалғанда төрағаны сайламайды, бірақ мұндай төреші дауласушы тараптың қайсы бірінің болмасын талабы бойынша БҰҰ Халықаралық сотының президентімен тағайындалады.
      Егер тараптармен басқаша келісім болмаса, сот өз процедурасының тәртібін қолданады, өз мүшелерінің шығыстарын өтеуді және тараптар арасында шығыстарды бөлуді, және барлық шешімді үштен екі көпшілік дауыспен қабылдайды. Барлық мәселелер бойынша шешім, егер ол әрбір тараптың біреуінің қатыспаған кезінде шығарылса да соңғы болып табылады, олардың екеуі үшін де міндетті болып табылады».
      Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жоғарыда айтылған келiсiмдi растауды мәртебе санаймын, осы жауап хат және Сіздерді 2011 жыл 16 тамыздағы № ECE/EHLM/397/2011/L хаттарыңыз Астана қаласында 2011 жылғы 21 - 23 қыркүйекте өтетін министрлердің «Еуропа үшін қоршаған орта» Жетінші Конференциясын ұйымдастыру және өткiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ-ның Еуропа Экономикалық комиссиясы арасындағы хат алмасу нысанындағы келісім ретінде саналады.

      Қазақстан Республикасының
  Қоршаған ортаны қорғау министрі                Н. Әшім

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен  
Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық    
Экономикалық Комиссиясы арасындағы    
2011 жылғы 21-23 қыркүйекте Астана қаласында
министрлердің «Еуропа үшін қоршаған орта»
Жетінші Конференциясын ұйымдастыру және өткізу
бойынша хат алмасу нысанындағы келісімнің
А қосымшасы              

2011 жылғы 21-23 қыркүйекте Астана қаласында өтетін
министрлердің «Еуропа үшін қоршаған орта» Жетінші
Конференциясын ұйымдастыруға қажетті Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін қызмет, персоналмен және
құралдармен ақысыз қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру және
қаржылық міндеттемелері 1. Қатысу

      1. «Еуропа үшін қоршаған орта» конференциясына мемлекеттер мен Еуропалық комиссиядан 650 шақты ресми делегаттар, БҰҰ 100 делегат (БҰҰ ЕЭК хатшылығын қоса алғанда), басқа да мемлекетаралық ұйымдардан 150 делегат және үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың 200 өкiлдері қатысады деп жоспарлануда. Сонымен қатар 2009 жылы қабылданған «Еуропа үшін қоршаған орта» реформаларының жоспарына сәйкес Астанадағы Министрлiк конференциясына қатысу үшiн жеке секторлардан 100 делегат шақырылатын болады. Осылайша орналастыру қажет болатын адамдардың жалпы саны 1200 жуық адамды құрайды. 200 дейінгі қосымша қатысушылар конференциямен байланысты қатарлас болатын іс-шараларға, көрмелерге қатыса алады.
      2. Қаржылық қолдау алуға құқығы бар әр мемлекеттен 2 делегатқа дейін iссапар шығындарын, соның iшiнде жолақы және тәулiктiк (DSA) шығындарды (Экологиялық саясат жөніндегі комитеттiң 16 сессиясындағы шешiмiне сәйкес, осы қосымшадағы 1-қосымшаға қараңыз) Үкiмет қамтамасыз етедi. 

2. Қонақ үйлер және конференция өтетін жер мен әуежайға
дейінгі/кейінгі көлік 

      3. Тиімді бағалар бойынша жақсы деңгейдегі қонақ үй нөмiрлерiнiң жеткiлiктi санын беру Үкiметпен қамтамасыз етіледi. Қонақ үйлерден конференция болатын жерге жету оңай. Бұл нөмiрлерді конференцияның басталуына кем дегенде үш ай қалғанда брондауға болады, кем дегенде конференцияның басталуына үш апта қалғанға дейін қонақ үйлердiң бiреуiн брондауға болады.
      4. Конференцияға қатысушылардың қажеттіліктерін және әртүрлі қаржы ресурстарын есепке ала отырып, конференцияға қатысушыларға арналған орналастырудың бірнеше варианттары беріледі Жеке алғанда, тәулігіне 100 USD эквивалентін арттырмайтын, кем дегенде 200 нөмірлерді Конференцияның барлық мерзiмінде брондауға мүмкіндігі болады.
      5. Конференцияның қатысушыларына тұрғынжай үшін ұсынылған тарифтер алдын ала төлемдердi талап етпейдi. Әртүрлі тарифтер туралы ақпарат Конференцияның барлық тілдерінде арнайы веб сайтта орналастырылатын болады.
      6. Номерлердің құны және қонақ үйлердің қысқаша сипаттамасы бар, конференцияның қатысушылары үшін қонақ үйлердің алдын ала тізімі қабылдаушы елмен дайындалады және БҰҰ ЕЭК Хатшылығына түпкілікті бекітуге ұсынылады.
      7. БҰҰ ЕЭК қонақ үйлердің соңғы тізімі келісілгеннен кейін, осы тізім тұрғынжай тарифтерімен және қонақ үйлер туралы барлық тиісті ақпараттар және қабылдаушы тараптың брондауға жауапты қызметкер туралы ақпаратымен конференцияға дейін 3 ай қалғанда конференцияның барлық ресми тілдерінде арнайы веб сайтта орналастырылады.
      8. Конференцияға қатысушылар өз өтінімдерін бергеннен кейiн бір апта ішінде электронды пошта немесе факс бойынша брондаудың расталғаны туралы ақпарат алады.
      9. Конференцияға қатысушыларды қонақ үйлерге апаруды қамтамасыз ету үшін Астана қаласының әуежайында таныстыру/ақпараттық мәтіні бар баған қою ұйымдастырылады. 19 қыркүйектен бастап қонақ үйлер және әуежайдың арасында жүйелi автобус қатынасы ұйымдастырылады. Бұл қызмет ұшып келу кестелерімен сәйкес жасалуы қажет. Мұндай шаралар конференцияға қатысушыларды кететін кезде әуежайға апару үшін ұйымдастырылуы қажет. Бұл қызмет 25 қыркүйекке дейін қолжетімді болады.
      10. Конференция қатысушылар үшін жүйелi және жеткілікті автобус қатынасы ресми бекітілген қонақ үйлердің және конференцияның өтетін орыны арасында тегін беріледі. Автобустардың кестесі алдын ала қабылдаушы тараптың Үкіметімен құрылып және БҰҰ ЕЭК Хатшылығымен келісіледі. Көлік қызметтері қосымша шараларға қатысушылар үшін қолжетімді болуы қажет және көлік қызметінің кестесі осындай шараларды өткізу уақытына орайластырылуы қажет. Кесте әр қонақ үйде тұратын қатысушылардың санын есепке ала отырып, оларды конференцияны өткізу орнына жеткізу және алып кетуді тасымалдау үшiн автобустарды жеткiлiктi санмен қамтамасыз етеді. Кесте конференцияға қатысушы пакетінің бiр бөлiгі болады. Бұдан басқа кесте қонақ үйлерде және Конференция өтетін орындарда орналастырылады. Үкіметпен және мүдделі делегацияның арасындағы алдын ала келiсiмнiң талабына сәйкес белгілі бір делегацияның немесе конференцияға қатысушылардың тобын тасымалдау үшiн қолданылатын автобустарға алдын ала тапсырыс беруге болады.
      11. Қатысушылар Астана қаласында жұмыс істейтін, ағылшын тілін білетін операторлары мен жүргiзушiлері, телефон номерлері мен болжамды бағалары бар, сенiмдi таксомоторлық кәсіпорын туралы ақпарат алады. Такси тұрағы конференцияны өткізетін орынның қасында ұйымдастырылады. 

3. Отырыстарды өткiзу үшiн үй-жайлар 

      12. Барлық конференц-залдар мен кеңсе үй-жайлары жақсы дыбыс өткізбеушілікпен қамтамасыз етіледі.
      13. Отырыстарды өткізетін үй-жайға мыналар енгізіледі:
      Бас конференц-зал:
      a) ағылшын, француз және орыс тілдерінде синхронды аударумен жабдықталған, 1000 делегатты сыйдыру мүмкіндігі;
      б) барлық делегация өкілдері өз орындарында отырып пікірталасқа түсуге мүмкіндігі бар, кемінде 3 тілде синхронды аударатын микрофондармен және құлаққаппен тиісі көлемде жабдықталуы;
      в) делегаттарға бас конференц-залда өз компьютерлері мен басқа да электронды жабдықтарды қосуға мүмкіндігі бар ең кемінде бір үстелге бір электр нүктесінің бар болуы;
      г) конференц-залдың жанына немесе артына бақылаушылар мен тілшілерге арналған 100 орындық беріледі. Зал БҰҰ ЕЭК Хатшылығына және басқа да уәкілетті қызметкерлерге 2011 жылғы 21 қыркүйектен 23 қыркүйек арасында тәулігіне 24 сағат қолжетімді болады;
      д) Конференция жұмысының уақытында бас конференц-залда өтетін барлық талқылаулар, олардың аудармасымен қоса жазылатын болады. Әр күннің соңында БҰҰ Хатшылығына аудиобасылым көшірмесі берілетін болады.
      14. 22 мен 23 қыркүйекте қатарлас дөңгелек столдар өткізу үшін сыйымдылығы 350 делегатқа дейінгі үш конференц-зал:
      a) әр залда 50 адамнан қатарлас сектораралық пікірталасқа ыңғайлы болу үшін үстелдер мен орындықтар орналастырылады. Сонымен қатар әр залда басқа қатысушыларға арналған 300 орын ұсынылады. 2011 жылғы 22 қыркүйектен 23 қыркүйек аралығында конференция жұмысы кезінде бөлмелер қолжетімді болады;
      б) Конференция жұмысының уақытында қатарлас дөңгелек үстелдерге арналған залда өтетін барлық талқылаулар, олардың аудармасымен қоса жазылатын болады. Әр күннің соңында БҰҰ Секретариатына аудиобасылым көшірмесі берілетін болады;
      15. 20 қыркүйекте Экологиялық саясат жөніндегі комитеттің дайындық жиналысына арналған 200 орындық зал. 2011 жылғы 19 қыркүйектен 21 қыркүйек аралығында бұл зал БҰҰ ЕЭК Хатшылығына және басқа уәкілетті қызметкерлерге 2011 жылғы 21 қыркүйектен 23 қыркүйек аралығында тәулігіне 24 сағат қолжетімді болады.
      16. Қатарлас дөңгелек үстелдер мен Экологиялық саясат жөніндегі комитеттің отырыстарына арналған конференц-залдар барлық делегация өкілдері өз орындарында отырып пікірталасқа түсуге мүмкіндігі бар, кемінде 3 тілде синхронды аударатын микрофондармен және құлаққаппен тиісі көлемде жабдықталады. Бұл үшін ең кемінде әр делегация мен үстелге бір микрофон қажет. Синхронды аударуға арналған кабиналар дыбыстан жақсы оқшауланған болады.
      17. 2011 жылғы 21 қыркүйектен 23 қыркүйегі аралығында БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысына кеңсе, 2011 жылғы 18 қыркүйектен 23 қыркүйек аралығында БҰҰ ЕЭК Қоршаған орта қорғау мәселесі бойынша директорына кеңсе және 2011 жылғы 19 қыркүйектен 23 қыркүйек аралығында БҰҰ басқа жоғары лауазымды тұлғаларына 3 кеңсе қажет. БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысының кеңсесі мынадай жабдықтармен қамтамасыз етіледі: екіжақты кездесуді өткізу үшін министрлер мен жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғаларды қабылдау үшін сәйкесінше жиһаздау, 2003 версиялы Microsoft Office бар 1 ҚК, ағылшын интерфэйсты пернетақта және жоғары жылдамдықты Интернет, қосымша картриджі бар бір принтер, қосымша картриджі және кеңсе жабдықтары (қағаз, қыстырғыш) бар бір көшіру машинасы (принтер және көшіргіш аппарат ретінде қызмет атқаратын көпфункциялы жабдық). Жергілікті және халықаралық байланыс бойынша қоңырау шалулар тегін болады.
      18. БҰҰ ЕЭК Хатшылығының жұмыс орыны ретінде берілетін 2011 жылғы 17 қыркүйектен 24 қыркүйек аралығында тәулігіне 24 сағат қолжетімді 15 орындық 5 орташа бөлме. Көшіру машиналарына, принтерлерге, факстарға, құжаттар мен қызметкерлерге арналған бір үлкен бөлме. Барлық бөлмелер жеткілікті үстелдермен және тиісті кеңселік жабдықтармен қамтылады (8 тарауды қараңыз).
      19. Баспасөз-конференциясына арналған залы және тілшілерге арналған жұмыс үй-жайы бар баспасөз орталығы (жабдық туралы толық мәлiмет тілшілер мен Үкiмет арасындағы шарт бойынша анықталады).
      20. ЕС тің Төралқасы үшін кеңселер 19 қыркүйектен 23 қыркүйекке дейiн 24 сағат бойы қолжетімді. ЕС-тің Төралқасының кеңселері мынадай жабдықпен жабдықталады: 2003 версиялы Microsoft Office бар 2 компьютер, ағылшын интерфэйсты пернетақта және жоғары жылдамдықты Интернет, қосымша картриджі бар бір принтер, қосымша картриджі және кеңсе жабдықтары (қағаз қыстырғыш) бар бір көшіру машинасы (принтер және көшіргіш аппарат ретінде қызмет атқаратын көпфункциялы жабдық). Басқа да қызметтік үй-жайлар мен жабдықтар бойынша талаптар ЕС пен Үкімет арасындағы келiсiмдермен анықталады.
      21. ЕС-тiң үйлестіру кеңесін өткiзу үшiн шамамен 80 адамға шақталған зал. Бұл зал 19 қыркүйектен 23 қыркүйек аралығында тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады. Залда кемiнде 35 делегатты сыйғыза алатын микрофондары бар дөңгелек үстел болады. Залға орналастыру жоспары тиiстi ЕС Төралқасының үйлестірушісімен алдын ала келiсіледi.
      22. Келiссөздер немесе бейресми консультацияларды өткiзу үшiн 40 орындық бiр зал. Бұл зал 2011 жылғы 19 қыркүйектен 23 қыркүйек аралығында тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады.
      23. ҮЕҰ Хатшылығына арналған үстелдері және жабдықтары бар кеңсе (өткізілу уақыты, үй-жайлар мен жабдықтар бойынша талаптар Еуропалық ЭКО форум мен Үкімет арасындағы келісімде анықталады).
      24. ҮЕҰ үйлестіру жиналысын өткiзу үшiн шамамен 200 адамға арналған зал. Бұл зал тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады (өткізілу уақыты, үй-жайлар мен жабдықтар бойынша талаптар Еуропалық ЭКО форум мен Үкімет арасындағы келісімде анықталады).
      25. «Еуропа үшін қоршаған орта» үдерісін және конференцияны түсіндіруге қатысты мәселелері бойынша журналистер үшін семинар өткізуге арналған бөлме. Зал 20 және 21 қыркүйекте қолжетімді болады (конференцияның ресми басталуына дейiн). Бұл бiр мультимедиялық проектормен және экранмен жабдықталған 50 шақты адам сыятын зал.
      26. Делегацияның сұранымы бойынша конференцияға қатысушы делегациялардың кеңселері ретiнде ұсынылатын жеткілікті сандағы орташа бөлмелер. Бұл залдар 2011 жылғы 19 қыркүйектен 23 қыркүйек аралығында тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады. (үй-жайлар мен жабдықтарды ұсыну Үкімет пен делегациялар арасындағы келісімде анықталады).
      27. Егер жоғарыда 22-26-шы тармақтардағы айтылған барлық бөлмелер мен кеңселерді орналастыру үшiн конференция өткiзiлетін негізгі орындағы бөлмелердің саны жеткiлiксіз болатын болса, қосымша үй-жайлар Үкiмет тарапынан берiлетін болады. Бұл үй-жайлар конференция өткізілетін негiзгi орынға тiкелей жақын орналастырылатын болады. Бұл конференцияның картасында айқын белгiленедi. Егер қосымша үй-жай мен конференция өтетін негiзгi орынның арақашықтығы бiр километрден асса, конференция өтетін негiзгi орынмен қосымша үй-жай арасында жүйелi түрде автобус қатынасы ұйымдастырылады.
      28. 13-18-тармақта көрcетiлген залдар мен бөлмелердің нақты орналасуы конференцияның басталуына дейiн, 3 айдан кешiктiрмей БҰҰ ЕЭК Хатшылығымен келiсілетін болады. 

4. Конференция барысында қосымша және қатарлас шараларды
ұйымдастыру және өткiзу

      29. Үкiмет бас конференц-залдың шегінен тыс жерден көрме өткiзу үшiн жеткiлiктi кең орын берудi қамтамасыз етедi. Бұл үй-жайлар мен қажетті жабдықтар ҮЕҰ және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының құрылымдық бөлiмшелерiне Үкiмет тарапынан қайтарымсыз негiзде берiледi. Өзге мүдделі тараптар үшiн көрме үй-жайын жалдау құны Үкiметпен анықталады.
      30. Үкiмет тарапынан тiркелген қосымша іс-шараларды өткiзу үшiн жеткiлiкті бөлмелер берiледi. Бұл үй-жайлар мен қажетті жабдықтар үкіметтік емес ұйымдарға  және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының құрылымдық бөлiмшелерiне Үкiмет тарапынан қайтарымсыз негiзде берiледi. Егер барлық тиісті қосымша іс-шараларды орналастыру үшiн конференция өткiзiлетін негізгі орындағы бөлмелердің саны жеткiлiксіз болатын болса, қосымша үй-жайлар Үкiмет тарапынан берiлетін болады. Бұл үй-жайлар конференция өткізілетін негiзгi орынға тiкелей жақын орналастырылатын болады. Бұл конференцияның картасында айқын белгiленедi. Егер қосымша үй-жай мен конференция өтетін негiзгi орыннан арақашықтығы бiр километрден асса, конференция өтетін негiзгi орынмен қосымша үй-жай арасында жүйелi түрде автобус қатынасы ұйымдастырылады. Қосымша шараларды ұйымдастырушылар қажеттi жабдықтармен қамтамасыз етіледi. Үй-жайлардың тiзбесі, жабдықтар мен жалға беру тарифтері қабылдаушы елдің конференциясы веб-сайтында конференцияның басталуына дейiн 3 айдан кешiктiрмей қолжетімді болады. 

5. Конференция өткізілетін орынды дайындау

      31. Конференцияның өткізетін орын барлық тіркелген қатысушылар үшін мынадай объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етілетін болады:
      a) Конференция болатын үй-жайдың кіреберісінде ақпараттар/тіркеу тақтайша;
      б) құжаттарды және хат хабарламаларды (мысалы, хат-хабарларға арналған жәшік түрінде) таратуға арналған құжаттама орталығы;
      в) делегаттар пайдалану үшін көшірме жасау орталығы (пайдаланғаны үшін төлемақы Үкіметпен анықталады);
      г) делегация үшін қолжетімді интернетке қосылған және басқа да стандарттық бағдарламалармен қамтамасыз етілген компьютерлік орталық (пайдаланғаны үшін төлемақы Үкіметпен анықталады);
      д) шет елдік валютаны айырбастау пункттері, сондай-ақ қолма-қол ақша алуға арналған банкоматтар;
      е) Конференция өткізілетін жақын жерде немесе ішінде банктік мекеме (жол жүру чектерін қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша қызметтер);
      ж) тіркеу және визалық мәселелерді ресімдеуге уәкілетті ағылшын және орыс тілдерін білетін қызметкерлермен қызмет көрсететін миграциялық қызмет орыны;
      з) Экологиялық саясат жөніндегі комитетінің дайындық жиналысы кезінде және Конференция өткізу барысында Конференция өткізілетін барлық үй-жайда жоғары жылдамдықты Wi-Fi интернетіне тегін қолжетімділік. ІІІ бөлімде айтылғандай кем дегенде бір Wi-Fi роутер (рұқсат нүктесі) әрбір бөлмеде орнатылатын болады. Бас конференц-залда кем дегенде 4 роутер орнатылмақ. Бас конференц-залда орнатылған жабдықтар бір уақытта кем дегенде 150 пайдаланушыдан асатын қосылуды қамтамасыз етуге мүмкіндігі болады. Конференция өткізілетін орында қызмет көрсететін қосылу желісінің жалпы жылдамдығы, секундына 50 Мб кем болмауы қажет.
      и) Кафетерийде қосымша Wi-Fi роутерлер (рұқсат нүктесі) орнатылатын болады. Жабдық бір уақытта кем дегенде 20 пайдаланушыларды қосу мүмкіндігіне ие болмақ.
      32. Конференция өткізілетін негізгі үй-жайдан тыс көрмелер және қосымша іс-шаралар өткізілген жағдайда, ұқсас қызметтер аталған үй-жайда ұсынылатын болады.
      33. Конференция кезінде Wi-Fi байланысына рұқсат алу тәртібі рұқсат кодын алу үшін қандай да бір қосымша жабдықтар, мысалы, ұялы телефондарды қолдануды қажет етпейді. Егер рұқсат кодтары Wi-Fi желісіне рұқсат алу үшін қажет болса, онда олар қатысушыларды тіркеу уақытында таратылатын алдын ала конференция материалдарында, ақпараттық анықтамаларда нақты көрсетілетін болады. Wi-Fi белсенді қолдану күтілетін басқа жерлерде және конференц-залдың ақпараттық таблосында тиісті көлемдегі ақпараттық парақтар орнатылатын болады. 

6. Конференцияның бас залын дайындау

      34. Үкіметпен мынадай жабдықтар:
      а) Электронды тұсаукесер үшін екі проектор; (баяндамашының бейнесін көрсететін екі экран және бір уақытта тұсаукесерді көрсететін видео-камералар);
      б) 10 адамға арналған орындықтар мен үстелді орнату үшін және сессияда қызмет көрсететін БҰҰ ЕЭК Хатшылығының қызметшілері үшін қосымша орындықтар мен үстелдердің жеткілікті подиум өлшемі;
      в) Мінбеде тұрған сессия төрағасы мен басқа да қатысушыларға тұсаукесерді көрсету үшін мінбенің қасында мониторлар орнатылуы тиіс.
      г) подиумдағы хатшылықтың үстеліне принтер қосылған, жоғары жылдамдықты интернетке мүмкіндігі бар және ағылшын интерфейсімен пернетақта, Microsoft Office 2003 нұсқасы немесе одан ескі екі персоналды компьютер орнатылатын болады.
      д) Конференц-залдың үстелдеріне лауазымды тұлғалар мен делегациялар үшін аты-жөні жазылған кувертка және тақтайшалар (БҰҰ ЕЭК Хатшылығының ұсынған ақпараты негізінде Үкіметпен ұсынылады);
      е) БҰҰ туының өлшемінен аспайтын Үкіметтер туының өлшемі бірдей болады, сондай-ақ БҰҰ-ның туы үшін және қабылдайтын елдің туларына стендтер. БҰҰ үй-жайдан сырт жерде қолдану үшін (1,83 х 2,75м) бір ту және үй-жайдың ішінде қолдану үшін БҰҰ-ның екі туын (1,22 х 1,83 м) ұсынады;
      ж) Отырыс залы үшін гүлдер және басқа да элементтер, оның ішінде «Еуропа үшін қоршаған орта» үдерісінің атрибутикасымен материалдар (мысалы: плакаттар, баннерлер) ұсынылатын болады. 

7. Қатарлас дөңгелек үстелдер өткізу үшін үй-жайды дайындау
(бөлме бойынша)

      35. Үкіметпен мынадай жабдықтар:
      а) Электронды тұсаукесер үшін бір проектор; тұсаукесерді көрсету үшін бір экран, видео-камералар;
      б) Хатшылықтың үстеліне принтер қосылған, жоғары жылдамдықты Интернетке мүмкіндігі бар және ағылшын интерфейсімен пернетақта, Microsoft Office 2003 нұсқасы немесе одан ескі бір персоналды компьютер орнатылатын болады.
      в) Лауазымды тұлғалар және делегациялар үшін аты-жөні жазылған кувертка және тақтайшалар.
      г) Отырыс залы үшін гүлдер және басқа да элементтер, оның ішінде «Еуропа үшін қоршаған орта» үдерісінің атрибутикасымен материалдар (мысалы: плакаттар, баннерлер) ұсынылатын болады. 

8. БҰҰ ЕЭК Хатшылығына арналған кеңселерді дайындау

      36. БҰҰ ЕЭК Хатшылығына арналған кеңселер мынадай жабдықтармен қамтамасыз етіледі:
      а) жоғары жылдамдықты Интернетке мүмкіндігі бар және пернетақта, ағылшын интерфейсімен, Microsoft Office 2003 нұсқасы немесе одан да бұрынғы ПК; және орнатылған жүйелік принтер (5 ПК және БҰҰ ЕЭК Хатшылығы кеңсесінде 2 жүйелік принтер) Екі жүйелік принтер екі жақты басып шығаратын опциясымен минутына кем дегенде 10 көшірме басып шығаратын жылдамдығы болуы қажет. Кем дегенде бір принтер лазерлік принтер стандарты сапасында түрлі-түсті қылып басып шығару үшін жарамды болу керек. Екі принтер үшін қосалқы картридждер ұсынылады және БҰҰ ЕЭК Хатшылығының кеңсесінде сақталатын болады.
      б) екіжақты басып шығару опциясымен минутына 15 көшірмеден кем емес басып шығаратын жылдамдығы, өңделген қағаздарды сұрыптау мен тігу қызметімен, істен шығып қалған жағдайда резервті тетігімен үш жоғары жылдамдықты фото көшіргіш машиналар.
      в) стационарлық халықаралық телефондар және факстік аппарат, БҰҰ ЕЭК хатшылығы кеңсесінде жұмыс істейтін БҰҰ ЕЭК 2 қызметшісіне бір стационарлық телефон. Телефон ішкі және сыртқы қоңырау шалу үшін жарамды болуы қажет. Бір уақытта қолдану үшін сыртқы байланыс желісі 3-тем кем болмауы керек.
      г) SIM-картасымен, жергілікті нөмірлерімен және шотында жеткілікті балансы бар ең аз дегенде 15 ұялы телефонмен Конференцияда қызмет көрсететін және жұмыста жергілікті байланыс желісін пайдалатын БҰҰ ЕЭК қызметкерлеріне, БҰҰ басқа мекемелеріне берілуі қажет. Мұндай қызметкерлердің тізімі 2011 жылғы 1 қыркүйекке дейін БҰҰ ЕЭК жіберілетін болады.
      д) Конференция ғимаратында қосымша сақтау орыны болып белгіленген Хатшылықтың кеңсесіне кеңселік құрал-жабдықтар (қағаз, қыстырғыштар және т.б.) ұсынылатын болады. 

9. Қабылдаушы тараптың хатшылығы  Персонал

      37. Қабылдаушы елден барлық ұйымдастыру іс-шараларын үйлестіру үшін жауапты Конференция Менеджері осы Келісімге қол қойылғаннан кейін бір апта ішінде Үкіметпен белгіленеді. Бұл адамның халықаралық кездесулер ұйымдастыру бойынша құжат түрінде расталған тәжірибесі болуы тиіс және ағылшын, орыс тілдерінде еркін сөйлеуі керек. Ол барлық дайындық кезеңінде, тым болмағанда Конференция соңынан кейінгі екі айда қолжетімді болады.
      38. Визалық мәселелер бойынша жауапты қызметкер осы Келісімге қол қойылғаннан кейін бір апта ішінде белгіленеді. Мүдделі қатысушылардың ағылшын және орыс тілдерін білетін осындай лауазымды тұлғадан байланыс мәліметтерін алуларына мүмкіндігі болады, нақтылап айтқанда конференция сайтынан. Визалық қолдау жөніндегі қызметкер Қазақстанға келу визаларын алуы тиіс Конференцияға қатысушылармен байланыс үшін жауап береді. Сондай-ақ, ол Қазақстанға келгеннен кейінгі визаны рәсімдеуге (мысалы, тіркеу) байланысты барлық формалдылыққа жауапты болады.
      39. Ағылшын және орыс тілдерінде еркін сөйлейтін, қаржылық дайындыққа жауапты, оның ішінде қатысушылар мен БҰҰ ЕЭК қызметшілері және Конференцияда қызмет көрсететін БҰҰ басқа құрылымдарына тәуліктік шығындарын бөліп тарататын қызметкер осы Келісімге қол қойылғаннан кейін екі апта ішінде белгіленеді.
      40. Қосымша іс-шаралар үшін жауапты үйлестіруші осы Келісімге қол қойылғаннан кейін бір аптадан кешіктірілмей Үкіметпен белгіленеді. Бұл үйлестіруші ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеруі тиіс.
      41. БҰҰ ЕЭК жабдықтары және материалдарын тасымалдауға қатысты барлық операцияларды үйлестіру бойынша жауапты тұлға БҰҰ басқа бөлімдерімен және конференция қатысушыларымен осы Келісімге қол қойылғаннан кейін бір аптадан кешіктірілмей Үкіметпен белгіленеді.
      42. Қатысушылар үшін қонақ үйлерді брондауды ұйымдастыру мен қонақ үйлер тізімін жасауды қоса алғанда, қатысушыларды орналастыруға қатысты барлық дайындық жұмыстарын үйлестіру бойынша жауапты тұлға осы Келісімге қол қойылғаннан кейін бір аптадан кешіктірілмей Үкіметпен белгіленеді. Бұл адам ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеруі тиіс.
      43. Ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгерген сегіз адам конференция қатысушыларын тіркеуді қамтамасыз ету үшін конференция жұмысының бірінші күнінде тіркеу/ақпарат орнында қызмет көрсетеді. Конференцияның екінші және үшінші күндері тіркеу орнында 8.30-дан 19.30-ға дейін қалай болғанда да, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгерген екі қызметкермен қызмет көрсетілуі тиіс.
      44. 16 қыркүйектен 24 қыркүйек аралығында Астана қаласына алдын ала сапары кезінде БҰҰ Қауіпсіздік қызметінің тобына көмектесу үшін ағылшын және/немесе француз тілдерінің бір аудармашысы болады.
      45. БҰҰ ЕЭК Хатшылығымен жұмыс үшін залдарда көмек көрсету, көшірме дайындау, құжаттар тарату және барлық кеңселік тапсырмаларды шешу үшін он адам, қалай болғанда да олардың бесеуі ағылшын тілін және бір адам француз тілін білуі тиіс.
      46. Техникалық жабдықтар, оның ішінде ПК, видео, аудио, коммуникация, оның ішінде дыбыс пен жарық бойынша мамандардың жұмыс істеуіне жауапты персонал, қалай болғанда да ағылшын тілін еркін меңгерген бір қызметші болады.
      47. Жауапты аймағы және ұялы телефондарымен бірге жеке мәліметтері енетін жауапты қызметшілер аты-жөндерінің тізімі БҰҰ ЕЭК хатшылығына, қалай болғанда да Конференцияның басталуына 4 күн қалғанда ұсынылады.
      48. Қабылдаушы ел ірі халықаралық кездесулер мен іс-шаралар ұйымастыруда дәлелденген тәжірибесі мен беделді бар компаниямен кейбір ұйымдастырушылық және логистикалық дайындықтарды жүзеге асыру үшін келісімшарт жасаса алады. Бұл талап осы Келісімде көрсетілген мәселелер үшін қабылдаушы елдің жауапкершілігін өзгертпейді және жоймайды. 

Басқа дайындықтар

      49. Қабылдаушы елдің хатшылығы БАҚ аккредитациясы үшін жауапты.
      50. Қабылдаушы елдің хатшылығы веб-сайтты материалдық-техникалық іс-шаралар жайлы ақпаратпен, оның ішінде жекелей алғанда ел туралы туристік ақпарат, конференция өткізу орыны, қосымша іс-шаралар туралы ақпарат, бұқаралық ақпарат құралдарының аккредитациясы туралы және қонақ үйлер туралы ақпаратпен қолдап отырады. Сайтта БҰҰ ЕЭК Хатшылығының веб-сайтына сілтеме жасалады.
      51. Қабылдаушы елдің хатшылығы Конференция аяқталғаннан кейін бір ай ішінде Конференция және қосымша іс-шаралар кезінде қатысушылармен қолданылған материалдар мен жабдықтардың сақталуын қайта тасымалдау үшін қамтамасыз етеді. 

10. Коммуникация бойынша жалпы қажеттіліктер 

      52. Конференция делегаттар мен олардың елдері, сондай-ақ Хатшылық пен делегаттар арасында қалыптасқан байланысты талап етеді. БАҚ осындай ұқсас қажеттіліктер бар. Бұл мақсаттар үшін мыналар ұсынылады:
      а) Жалпы қолданыстағы таксофондардың шектелген санын орнату;
      б) Ұялы телефондар үшін шотты толтыру мүмкіндігімен SIM-карталар алуға болатын дүңгіршектер/тақтайшалар орнату;
      в) Делегаттар үшін факстық аппараттар (пайдаланғаны үшін төлемақы Үкіметпен белгіленеді). 

11. Фото көшірме бойынша жалпы қажеттіліктер 

      53. БҰҰ ЕЭК ұсынылатын, барлық талаптарға сәйкес Конференцияға дейін барлық ресми құжаттардың жеткілікті данасын Үкімет басып шығарады. Сондай-ақ, Конференция кезінде басқа да қажетті құжаттарды жылдам көшірмеден шығару мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет.
      54. Фото көшіру және басып шығару бойынша делегаттардың қажеттілігі Хатшылық кеңсесінен бөлек фото көшірме бөлмесінде жүзеге асырылмақ. (пайдалану үшін төлем Үкіметпен анықталады). 

12. Аударма және жабдықтар бойынша талаптар

      55. Үкімет БҰҰ ЕЭК барлық үш ресми тілде, яғни ағылшын, орыс, француз тілдерінде синхронды аудармамен қамтамасыз етеді. Бұл үшін білікті аудармашылар тобының жеткілікті саны, отырыс залында, дөңгелек үстелге арналған үй-жайда, Экологиялық саясат жөніндегі комитеттің дайындық жиналысына арналған залдарда аудармашылар үшін жабдықтар мен үй-жай қажет болады. Жұмыс сағаты әрі қарай консультацияларда анықталатын болады. Аудармашылар жұмыс істеуге және ресми жұмыс сағатынан асатын жұмысқа дайын болулары қажет.
      56. Үкіметке көмек көрсету үшін БҰҰ ЕЭК 20 қыркүйектен 23 қыркүйек аралығындағы отырыс уақытында, Экологиялық саясат жөніндегі комитеттің барлық сессияларын қоса алғанда, конференцияның пленарлық отырыстары мен үш қатарлас дөңгелек үстелдерде аударма жасау үшін 9 жоғары білікті аудармашыны ұсынады (конференцияның ресми тілдерінің әрқайсысынан 3 адамнан). Бұл аудармашылар БҰҰ аудармашыларға арналған ереже мен қағида стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін болады. Олардың жолақысы, тәуліктік және терминалдық шығындары Б қосымшада ұсынылған.
      57. БҰҰ ЕЭК Үкіметке 21 қыркүйектен 23 қыркүйек аралығында 2 және 3 қатарлас дөңгелек үстелдер мен қосымша іс-шаралар үшін қосымша ағылшын/орыс тілді екі білікті аудармашымен қамтамасыз етуге көмек көрсетеді. Бұл аудармашылар БҰҰ аудармашыларға арналған ереже мен қағида стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін болады. Олардың жолақысы, тәуліктік және терминалдық шығындары Б қосымшада ұсынылған. Бұл аудармашылардың қызметі БҰҰ ЕЭК Хатшылығымен қабылдаушы ел Үкіметінің арасындағы алдын ала уағдаластыққа сәйкес кейбір қосымша іс-шаралар үшін ұсынылуы мүмкін.
      58. Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Еуропа үшін қоршаған орта» арнайы мақсаттық есеп шотына қаржылық қаражат мынадай деректемелерге аударылатын болады:
      Swiss Francs Deposit, Bank information:
      Account name: UN Geneva General Fund
      Account currency: CHF
      Account number: 240C0590160.0
      IBAN: CH92 0024 0240 C059 0160 0
      Bank name: UBS AG
      Bank address: Rue de Rhone 8, Case Postale 2600, CH-1211 Geneva 2
      Bank number: 240
      Bank Swift Code: UBSW CH ZH 80A
      Reference: EIA - Environment for Europe Trust Fund
      59. Бұдан басқа, Үкімет ілеспе аударманы өз ұлттық тілінде қамтамасыз ете алады.
      60. Үкіметпен ілеспе аударма үшін арналған кабиналарда ISO 2603 Халықаралық стандартының талаптары сақталуы тиіс. Бұл талаптардың көшірмесі БҰҰ ЕЭК Хатшылығымен ұсынылатын болады.
      61. Үкімет қосымша шаралар ұйымдастырушылардың аудармашылар қызметіне қол жеткізуіне және аудару үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуіне жәрдемдеседі. Қосымша шаралар ұйымдастырушылар үшін осы көрсетілген қызмет пен жабдықтардың ақысын төлеу туралы шешімді Үкімет қабылдауы мүмкін. 

13. Жүкті тасымалдау

      62. Үкімет көрмелер мен қатарлас шараларды қоса алғанда, ресми жиналыстарда пайдалану үшін елге жіберілген барлық басылым және электрондық материалдардың (мысалы, CD-ROM, USB және т.б.) Конференция өтетін орынға уақытылы жеткізілуіне кепілдеме береді.

14. Басқа да іс жүзіндегі нақты дайындықтар

      63. Кофе, шай, су, салқындатқыш сусындар мен суық жеңіл тамақтар барлық қатысушылар үшін кофе-брейк уақытында ұсынылуға, сондай-ақ, келіссөз жүргізушілер мен Хатшылық үшін кешірек мезгілде де қолжетімді болуға тиісті.
      64. Түскі ас бағасы, толық түскі ас үшін 15 АҚШ долларынан аспайтын, конференцияның барлық күнінде Конференция өтетін жерлерде қолжетімді болады.
      65. Конференцияға қатысушылар үшін қонымды бағамен кофе, шай, су, алкоголсіз ішімдіктер мен жеңіл тамақтар ұсынатын кафетерий, конференция өтетін барлық күндері ашық болады. Кафетерийдің жұмыс уақыты Конференцияның ресми жұмыс сағаттарымен тура келуге тиісті. Кафетерийде кемінде 20 адам отыратын орын болады.
      66. Ақысыз тегін бөтелкелеген су, Конференцияның ресми сағаттары бойы залдардың артқы жағында және подиумдарда қатысушылар үшін қолжетімді болады.
      67. Ресми кешкі ас немесе қабылдау Үкіметпен ұйымдастырылуы мүмкін (Үкімет шешімімен анықталады).
      68. Үкіметпен ұсынылған фотограф, конференция кезінде, оның ішінде барлық министрлер мен делегация басшыларының «жанұялық суреттерін» түсіретін болады. 

15. Конференцияға қызмет көрсетуші БҰҰ ЕЭК қызметкерлері мен
БҰҰ басқа да қызметкерлері үшін дайындық

      69. Үкімет Конференцияға қызмет көрсетуші (аудармашылар, қауіпсіздік қызметі), БҰҰ ЕЭК қызметкерлері мен БҰҰ басқа қызметкерлері үшін БҰҰ ережелеріне сәйкес және Астана үшін тәуліктік қолданыстағы мөлшерге сәйкес, АҚШ долларындағы тәуліктік және терминалдық шығындардың 50%, Астанаға кіру мен шығу бойынша барлық шығындарды жабатын болады. Әр категория үшін қызметкерлердің нақты саны Б қосымшасында көрсетілген. Конференцияға қызмет көрсетуші БҰҰ ЕЭК қызметкерлері мен БҰҰ басқа қызметкерлерінің тізімі қабылдайтын елдің Хатшылығына күні бұрын ұсынылады.
      70. Сонымен бірге, қауіпсіздік мәселелеріне жауапты БҰҰ қызметкерлерінің сапарына қарастырылған, көліктік және тәуліктік шығындар «Еуропа үшін қоршаған орта» ЕЭК арнайы мақсатты есеп шотына мынадай деректемелерге аударылатын болады:
      Swiss Francs Deposit, Bank information:
      Account name: UN Geneva General Fund
      Account currency: CHF
      Account number: 240C0590160.0
      IBAN: CH92 0024 0240 C059 0160 0
      Bank name: UBS AG
      Bank address: Rue de Rhone 8, Case Postale 2600, CH-1211 Geneva 2
      Bank number: 240
      Bank Swift Code: UBSW CH ZH 80A
      Reference: EIA - Environment for Europe Trust Fund
      71. Үкімет Конференцияға қызмет көрсетуші БҰҰ ЕЭК қызметкерлері мен БҰҰ басқа қызметкерлері үшін қонақ үйлерде орын ұсынады және тұрғынжай шығындарын өтейді. Орналастыру Конференция өтетін орыннан қолайлы қашықтықта, тиісті сападағы қонақ үйлерде бір бөлмелі орындардың жеткілікті санын ұсынуды қамтиды. БҰҰ ЕЭК барлық қызметкерлері, Конференция басталардан қалай болғанда да екі ай бұрын, БҰҰ ЕЭК мен қабылдаушы ел Хатшылығының келісімі бойынша анықталған, бір қонақ үйде орналастырылады.
      72. Үкімет Еуропалық ЭКО-Форумның үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ) 20 өкілінің тәуліктік шығындарының 50% мен көліктік (ауе/ұшу) шығындарын жабады. Еуропалық ЭКО-Форумның ҮЕҰ өкілдерінің тізімі Тараптар арасында алдын ала келісілетін болады.
      73. Сұраным бойынша Үкімет Конференцияға қызмет көрсетуші БҰҰ ЕЭК қызметкерлері мен БҰҰ басқа қызметкерлері үшін ресми күн тәртібі мен одан тыс уақыттағы, қонақ үй мен конференция өтетін орын арасындағы көліктік қатынасты ақысыз ұсынатын болады. 

16. Қауіпсіздік 

      74. Үкімет қауіпсіздік мәселелері бойынша аға қызметкерді тағайындайды, ол БҰҰ-ның қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Аға үйлестірушімен барлық қажетті дайындықтардың тексеру жұмыстарын үйлестіреді. Қауіпсіздік мәселелер жөніндегі Аға қызметкер Конференция басталардан кем дегенде 6 ай бұрын тағайындалады. Осы екі лауазымдық тұлға БҰҰ қауіпсіздік қызметімен жүзеге асыратын қауіпсіздіктің тәуекелділігін бағалау негізінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарын дайындауда бірігіп қызмет етеді.
      75. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспары, ең кем дегенде мыналарды қамтитын болады:
      a) Қабылдаушы елдердің қызметкерлері сияқты, Хатшылық қызметкерлерінің, VIP, ресми делегациялардың, баспасөздің, үкіметтік емес ұйымдардың, арнайы шақырылған тұлғалардың және т.б. қатысушылардың әртүрлі санаттары үшін ерекше бейджей-рұқсаттамаларын ескере отырып, аккредитациялау жоспарын дайындау, тіркеу және бейджейлер тапсыру.
      б) Хатшылық қызметкерлерінің және өкілетті қатысушылардың, үй-жай ішінде жеткілікті қауіпсіздік деңгейін сақтай отырып, кедергісіз еркін жүруі үшін еркін кіру бақылауының БҰҰ стандартталған стратегиясын құру.
      в) Конференцияға кіру кезінде делегаттардың кідіріп қалуын болдырмас үшін өтетін жерге екі аға офицердің үйлестірілген әрекетімен бақыланған, оған қоса, кем дегенде төрт портативті металл іздегіш пен төрт металл детекторлары бар, екі рентген аппаратымен жабдықталған, екі қадағалау орыны бар, рұқсаттамаларды тексеру орындарының жұмысы үшін жеткілікті адамдарды және техникалық ресурстарды ұсыну.
      г) Өртке қарсы және жалпы қауіпсіздік ережелердің сақталуын қамтамасыз ету үшін өрт кезінде және төтенше жағдайлар кезіндегі Эвакуация жоспарын дайындау мен құру. Жеке алғанда кабельдер мен өзге де жалғастырушы сымдар, дұрыс жапсырылған және маркирленген болуға тиісті.
      д) Қабылдаушы тарап өрт қауіпсіздігі бойынша барлық қажетті талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      76. Жұмыс кезінде, сонымен бірге конференцияға дайындық жасау күндерінде және демонтаж бен жүк тиеу күндерінде медициналық қызметпен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметінің төтенше медициналық эвакуация мүмкіндігімен қамтамасыз ету.
      77. Құжаттары тексерілгеннен кейін БҰҰ ЕЭК Хатшылығының қызметкерлеріне кеңес өтетін үй-жайларға кіріп-шығу үшін шек қойылмайды.
      78. Конференцияның қалыпты дамуына әсер етуі мүмкін іс-шаралардың толық немесе жекелей көшірілуі сияқты маңызды шешімдер, тек БҰҰ тағайындалған, сонымен қатар Хатшылықтың кеңесшісі болып табылатын қауіпсіздік мәселелері жөніндегі аға қызметкерінің үйлестіруімен және келісімі бойынша қабылдануы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен   
Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық     
Экономикалық Комиссиясы арасындағы     
2011 жылғы 21-23 қыркүйекте Астана қаласында
министрлердің «Еуропа үшін қоршаған орта»
Жетінші Конференциясын ұйымдастыру және 
өткізу бойынша хат алмасу нысанындағы  
келісімнің А қосымшасына         
1-қосымша               

      Қаржылық қолдауға құқығы бар (А қосымшасының 2-бабында көрсетілгендей) елдер

      Көліктік және тәуліктік шығындарды жабуға құқығы бар елдер:
      1. Армения
      2. Грузия
      3. Тәжікстан
      4. Қырғызстан
      5. Молдова Республикасы
      6. Украина
      7. Өзбекстан

      Тек тәуліктік шығындарды жабуға құқығы бар елдер:
      1. Түркіменстан
      2. Албания
      3. Босния мен Герцеговина

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен  
Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық    
Экономикалық Комиссиясы арасындағы    
2011 жылғы 21-23 қыркүйекте Астана қаласында
министрлердің «Еуропа үшін қоршаған орта»
Жетінші Конференциясын ұйымдастыру және өткізу
бойынша хат алмасу нысанындағы келісімнің
Б қосымшасы              

Министрлердің «Еуропа үшін қоршаған орта» Жетінші Конференциясын өткізуге байланысты болатын, шамамен алынған шығындары (1)

ЕЭК берген бюджетінде, Астанадағы тұрғынжай мен көлік А қосымшасына сәйкес қабылдаушы елмен ұсынылып, төленетін болады деп есептеліп отыр.

1 бірл. үшін Саны Жалпы сомасы
(US$)
A

ЕЭК қызметкерлері (15 адам)




(i)

Авиаұшу,





Билеттің құны (Женева-Астана-Женева)

2 150

12

25 800

(ii)

Авиаұшу,





Билеттің құны (Женева-Астана-Женева)

8 200

3

24 600

(iii)

Тәуліктік шығын (US$ 146 x 7 күн) (2)

1 022

15

15 330

(iv)

 Әуежайға жету шығыны: (US$ 38 x 2 + US$11*2) (3)

98

15

1 470


A cомасына қарасты

   

67 200

Б

БҰҰ қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері
(5 адам + 1 алдын ала сапар)




(i)

Авиаұшу ,





Билеттің құны (Женева-Астана-Женева)

2 150

5

10 750

(ii)

Тәуліктік шығын (US$ 146 x 8 күн) (2)

1 168

5

5 840

(iii)

 Әуежайға жету шығыны: (US$ 38 x 2 + US$11*2) (3)

98

5

490

(iv)

Авиаұшу,





Билеттің құны (Женева-Астана-Женева)

2 150

1

2 150

(v)

Тәуліктік шығын – алдын ала сапарға (US$ 292 x 4 days) (4)

1 168

1

1 168

(vi)

Әуежайға жету шығыны: (US$ 38 x 2+ US$11*2) (3)

98

1

98


Б cомасына қарасты

   

20 496

В

БҰҰ аудармашылары (9адам, ЕЭК ресми тіліне, орыс/ағыл/фр. 3 аудармашыдан)


 

(i)

Авиаұшу,





Билеттің құны (Женева-Астана-Женева)

2 150

9

19 350

(ii)

Тәуліктік шығын (US$ 146  x 5 күн) (2)

730

9

6 570

(iii)

Әуежайға жету шығыны: (US$ 38 x 2+ US$11*2) (3)

98

9

882


В cомасына қарасты



26 802


Барлығы: (A+Б+В)



114 498

Г

БҰҰ қосымша аудармашылары, қабылдаушы елмен келісім бойынша (6 адам, 2 тілге орыс/ағыл. 3-тен.)


 

(i)

Авиаұшу,





Билеттің құны (Женева-Астана-Женева)

2 150

6

12 900

(ii)

Тәуліктік шығын (US$ 146 x 4 күн) (2)

584

6

3 504

(iii)

Әуежайға жету шығыны: (US$ 38 x 2+ US$11*2) (3)

98

6

588

(iv)

Аудармашылар қызметіне (бір күнге 1,100 USD, 3 жұмыс күніне)

3 300

6

19 800


Г сомасына қарасты



36 792


Барлығы: (A+Б+В+Г)



151 290

(1) Сапар құнының есебі - қызметтік сапар мәселелері бойынша БҰҰ ережелері мен стандарттары негізінде жасалды.

(2) Төленетін тәуліктік шығынның жиынтық мөлшері, конференция өтетін уақытта Астана үшін қолданыстағы белгіленген тәуліктік шығын мөлшерінен алынып анықталады. Тәуліктіктің шығынның толық мөлшері 2011ж.1.08. – күніне 292 USD. Есептеген кезде, ЕЭК қабылдаушы тарап тұрғынжай ұсынып, ақысын төлейтін болады деп алынып отыр. Бұл жағдайда, берілетін тәуліктік шығын мөлшері 50% қысқартылады. ЕЭК қызметкерлерінің Астанада болатын күні орта есеппен көрсетілген.

(3) Әуежайға жету шығыны - Астанада көлікті қабылдаушы тарап ұсынатын болады деген есеппен алынды.

(4) Қауіпсіздік жөніндегі БҰҰ үйлестірушісі өзінің алдын ала келген сапарында тәуліктіктің шығынның толық сомасын алады, тұрғынжай ұсынылмайды.

Ақшалай қаражатты аудару үшін банк деректемелері:

Swiss Francs Deposit

Bank information

Account name: UN Geneva General Fund

Account currency: CHF

Account number: 240C0590160.0

 IBAN: CH92 0024 0240 C059 0160 0

 Bank name: UBS AG

 Bank address: Rue de Rhone 8, Case Postale 2600

CH-1211 Geneva 2

 Bank number: 240

 Bank Swift Code: UBSW CH ZH 80A

Reference: EIA - Environment for Europe Trust Fund

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен  
Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық    
Экономикалық Комиссиясы арасындағы    
2011 жылғы 21-23 қыркүйекте Астана қаласында
министрлердің «Еуропа үшін қоршаған орта»
Жетінші Конференциясын ұйымдастыру және өткізу
бойынша хат алмасу нысанындағы келісімнің
В қосымшасы              

Астана, 2011 жылғы 21-23 қыркүйекте министрлердің «Еуропа үшін
қоршаған орта» Жетінші Конференциясы ұйымына Біріккен Ұлттар
Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясы
қосқан үлесі  1. Персонал

      1. Конференцияға қызмет көрсету үшін БҰҰ ЕЭК Хатшылығының 25 адамы Женевадан келеді.

2. Жауапкершілігі

      2. БҰҰ ЕЭК Хатшылығы дайындық жасау рәсіміне, Конференцияны өткізу мен қорытынды шаралар үшін негізгі және материалдық-техникалық көмек көрсететін болады.
      3. Қабылдаушы елдің Хатшылығымен ынтымақтастықта, тіркеу нысандарын әзірлеу және тіркеу үдерісін жүргізеді.
      4. Конференцияға және барлық онымен байланысты дайындық жиналыстарына қызмет көрсетеді.
      5. Қажеттілігіне орай конференцияға дайындалған ресми құжаттардың аудармасын қамтамасыз етеді; қабылдаушы елдің Хатшылығын Конференция басталғанға дейін электрондық көшірмелермен қамтамасыз етеді; Конференция басталғанға дейін делегацияларға барлық ресми құжаттарды таратып береді; қатысушылардың арасында құқығы барларға, тәуліктік шығынды (DSA) таратуға жәрдем береді.
      6. А қосымшасының 55-бабында көрсетілген жағдайлар бойынша конференцияға қызмет көрсету үшін аудармашылардың бір командасын ұсынады.
      7. Конференция барысында сессиондық құжаттарды дайындап, олардың аударылуы мен таратылуын қамтамасыз етеді.
      8. Конференция баяндамаларын және Конференция өткеннен кейінгі барлық ресми құжаттарды дайындап, аударып және басып шығарады.
      9. Қатысу мен тіркелу хаттамасы туралы және барлық кеңестер туралы ақпараттармен, құжаттармен сайтты қолдап отырады. Сайт қабылдаушы ел Хатшылығының веб-сайтына сілтеме жасайтын болады.
      10. Іс-шаралар туралы хабар беру мақсатында халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қолдап отырады.
      11. БҰҰ-ның жалауларымен қамтамасыз етеді.

      РҚАО-ның ескертпесі: Бұдан әрі Келісімнің мәтіні ағылшын тілінде берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады